Абайтанудың алғашқы баспалдағы

Сонау 19ғасыр мен 20 ғасырдың ең үлкен мәселесі бола білген Абай өлеңдері мен шығармашылығын саралап,халқының жаңашыры екенің білген ұлт зиялылары Ахмет,Міржақып,Әлихан т.б ақындар Абайдың шығармасы мен өмірін талдап,саралап құндылық пен білім нәрінің көзін ашқан.Сол заманның ауыртпалығы мен  зорлық-зомбылығын сонымен бірге елінің халқының жағдайын ойлаған Абайдыңда арман тілегінің орындалғаны. Әр ұлт пен ұлыстың өз мақтынышы, белгілі бір дәрежедегі ойшыл тұлғасы болуы шарт. Халықтың рухани деңгейі, озық ойлы  адамдардың арасында пайымдап,руханиятымызды кеңейткен міне осы зиялы қауым. Алаш жұртының данышпан кім данасы кім дейтін болсақ сөз жоқ кез-келген қазақтың санасына ауызына ең бірінші оралатын адам Абай. Себебі Абай қазақ халқының ақылы, ары, білігі,білімдісі мен халық жанашыры десек артық етпес. Ойшыл бабадан қалған мұра шексіз. Зерттеуші ғалымдар ақының құпиясын, ақындық қуатын, сырын тәлпіштеп зерттегендей болады бірақ жұмбағы шешіліп сырын алғызатын Абай жоқ. Абай тағылымына бой жүгіртпеген қазақ жоқтың қасы,талай ғалым мейлі зерттеуші зерттеседе сыры ашыла қоймады.Абайдың әрбір айтқан сөзі құдды бір сыр сияқты. Артында қалған екі – ақ кітап. Бірақ өзімізге өзіміз сұрақ қойсақ,оның жауабын Абайдың кітабынан жауап аламыз. Абайтанудың алғашқы баспалдағы қалай танылды? Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақ» əдебиетіміздің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарды. Көрікті де көркем жырдың шебері Абай шығармаларына айырықша назар аударуы осының бір айғағы. Əрине, газеттегі қайбір мəселе болмасын іргелі ойға қозғау салушы — бас жазушы Ахмет Байтұрсынов екендігі белгілі. Оған біз «Қазақ» газетінің бетін парақтай отырып көз жеткіздік.Қай мақаласын қарасақ та,ой қозғауы мен сол тақырыпқа деген назары адамды қызықтырмай қоймайды.Абай баспалдағы 19 ғасырдан бері белең алып келе жатыр.Сол мезетте Ахмет Байтұрсынұлының жазған мақаласының бір айғағы «Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ əдебиетінің өткені мен бүгінгі жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала осы қазақ газетінің редакторының қарымды қаламынан шыққан болатын.Абайды тану,өзіңді өзін танумен тең, автор мақаласында өзі пір тұтып, талантын, дарындылық қасиетін ерекше бағалаған Абай ақынды сол заманның ақындарынан даралап көрсетеді, оның артық екенін дəлелдейді. Жалпы Ахмет Байтұрсынов қалың жұртқа Абайды таныстыру мақсатында оның шығармаларын газет бетіне жиі жариялап тұрған. Ол «Қазақ» газетін екінші Абай мектебіне айналдырды.Абайдың таңқаларлық өлеңдерін газетке басып шығарып отырған,өзінің пірі тұтқан.
Өзінің ұлтының өрнегін өсіру мақсатында ұрпағым білімді болса,елінің ері болса деген үмітпен талай өлеңді біздей ұрпаққа аманат етті.Абайтанудың да ел жадынан ұмтылмауының бірден-бір себебі:»Қазақ газеті» ұлы кемеңгерлер Абайдың озық үлгісін даярлай білді.19 ғасырдың ең өткір тілі,білім нәрін,дәнін диханшы етіп себуші-Абай.Сондай-ақ Абайтанудың алғашқы баспалдағы да сол кезеңдерде бас көтеріп,таныла бастады.Қанша  отты өлеңдері мен Абайдың тағылымын зерттей білген тұлғалардың еңбегі еш кетпеді.Талай жыл өтседе»жақсының аты,ғалымның аты өлмейді»,-дегенде осы шығар-ау сірә!Біздің заманымызға дейін,белең алып,өзіндік сыры мен табиғаты ашылып келе жатқан сынайлы.Абайтанудың шығар тауы мен шыңы жоғары болмақ! Абай шөлдегенге – бұлақ, адасқанға – шырақ. Абай адамзатқа жол көрсетіп тұрған адастырмас тәлімгер.Жас буын өкіл Абайдай алып тұлғаны кемеңгер санап, әр өлең жолдары мен қара сөздеріндегі түйдек – түйдек ойды түйсініп, өздерін рухани дамытуы керек деп ойлаймын. Абайтанудың  баспалдағы халықтың дамуы мен тоқтауын,бүгініміз бен келешегімізді суреттейтін ақиқат жолы. Абай, біз үшін – қазақ халқының ажырамас бір бөлігі,білімнің қайнар бұлағы іспеттес! Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін.Абайтанудың да алғашқы баспалдағы осы болмақ!

You May Also Like

Тiк iшек түсiп қалуы

Ұйғарым Тiк iшек түсiп қалу – тiк iшектiң сыртқа барлық қабаттарын шығу…

Тұрақты жане айнымалы токтардың тірі ағзаға тигізетін емдік әсері

. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті…

Шығыс Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу

Жоба тақырыбы: Шығыс Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу Кіріспе  Жобамыздың…

Жылқы терісі

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…