Жоба тақырыбы: Шығыс Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу

Кіріспе 

Жобамыздың мақсаты Шығыс Қазақстан аумағындағы электр желілер кешеніне, энергетикалық нысандарға цифрлық трансформациялауды жүргізу.

Жобаның өзектілігі заманауи цифрлы технологияға негізделген цифрлық трансформациялауға басымдық беру. Жүйе электр энергиясымен қамту сапасын арттыруға айтарлықтай әсер етеді. Бұл техноло­гия­ларды жүзеге асыру электр торабының негізінде Шығыс Қазақстан Облысының интеллектуалды энергожүйесіне сай келетін платформаны құруға мүмкіндік береді.

Цифрландыру – сәнге айналған үр­діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі­леттілігін арттырудың негізгі құралы. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді өнім өндіруді арттыру, міне, осы мақсат.

Цифрландырудың маңызын осылай түсіндірді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет. Осы тұста, электр энергия саласын цифрландыруға басымдық беріле бастады.

Экологиялық негіздемесі

Экологиялық жағынан қоршаған ортаға көп зиян келтірмейді. Айта кететін жағдай ПВХ материалынан жасалған QR кодты жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін арнайы белгіленген жерге өткізу керек. Себебі пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. ПВХ материалы жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. QR кодтың жарамдылық мерзімі 5 жыл.

Экономикалық негіздемесі

Жобамызды іске асыруда қанша қаражат жұмсалатыны есептелінді.  Есептеу жұмыстарын жүргізу үшін «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-на қарасты Пригород аудандық электр желісі (АЭЖ) таңдалынып алынды.

1-кесте. Пригород АЭЖ-нің жалпы деректері

Электр қондырғылары, электр желілері Саны, дана Ұзындығы, км
1 Қосалқы станция саны 13
2 Жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция (КТП), трансформаторлық қосалқы станция (ТП) 163
3 ӘЖ – 10 кВ 8771 656,079
4 ӘЖ – 6 кВ 207 11,727
5 ӘЖ – 0,4 кВ 6201 251,214
Барлығы: 15 355 919,02

Анықталғандай  Пригород АЭЖ-не жалпы 15 355 дана QR-код жасаймыз.

QR-кодтың мөлшері 5х5 см – ауданы 25 см2

ПВХ өлшемі 60х90 см – ауданы 5400 см2

ПВХ 60х90 см өлшемінен шығатын QR-код саны: 5400 : 25 = 216 дана

ПВХ 60х90 см өлшемінде басып шығаратын ПВХ саны: 15355 : 216 = 71

2-кесте. Негізгі құралдар

Құралдардың

атауы

Саны Бағасы

(теңге)

Сумма

(теңге)

Сипаттамасы
1 QR-код, басып шығару

ПВХ өлшемі 60 х 90 см

 

71 5500 390 500 ПВХ материалының негізгі ерекшеліктері:

1.  Жоғары беріктігі мен тығызығы;

2.  Коррозияға қарсы тұра алады, су өткізбейді және ылғалға жол бермейді;

3.  -30 0С және +70 0С температурада материал сапасын жоғалтпайды.

2 20 1750 35 000 Негізгі артықшылығы көрінбейтін тігіс, тез орнату және аязға төзімділік.
Барлығы   7 250 425 500  

QR-кодты жасауға  425 500 теңге қаражат жұмсалады. 

Негізгі бөлім

Электр желілік кешенін цифрлық трансформациялау бағдарламасы шеңберінде энергия объектілері, электр қоңдырғылары, электр желілері туралы ақпаратты QR-кодтау бойынша жоба ұсынылады.

QR  «Quick Response – Шұғыл жауап» – бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код [1]. QR-кодтың көмегімен энергетика саласындағы ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, кестелер,  суреттер, сызбалар, сайттың сілтемелерін немесе кәсіпорынның визиттық карточкасын.

Пайдаланылуы: камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз.

Қолданылуы: QR-кодтарды қолдану ретінде мыналарды атауға болады: интернетке  электр желілері және электр қондырғылары туралы мағлұматтарды, сызбаларды, кестелерді орналастыру және түсіру.

Орналасуы: орналастыру орнына да мән берген жөн. Код адам көзінің мөлшерінде орналасқаны дұрыс. QR-кодпен жұмыс істеу барысында бірнеше техникалық ережелерді естен шығармау керек. Кодты басып шығарған кезде оның мөлшері тым кішкентай болмауы қажет. Себебі камера оны көрмей қалады.

Жобамыздағы QR-кодтың мөлшері 5х5 см етіп алынды.

Бағдарламаны смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта телефонындағы App Store, Play Маркеттен  «QR-код» қосымшасын жүктеп алып қолдануға мүмкіндік бар.

Электр қондырғыларының, электр желілерінің техникалық сипаттамалары, паспорты, қосылу схемалары, өндірістік нұсқаулықтар және өзге де нормативтік құжаттары туралы ақпараттарды бағдарламаға енгіземіз.

Осы жобада қолданылған негізі бағдарлама STOR деп аталады.

Бұл бағдарлама өте күрделі функцияларымен жабдықталған. Жобада динамикалық кодтау түрі қолданылды (2-сурет).   

Бағдарламаның артықшылығы жабыстырылған QR-кодты ауыстырмай-ақ, STOR бағдарламасына кіріп, енгізілген мәліметтерге түзету жасауға болады

Электр желілеріне, қондырғыларына жасалатын тексеру жұмыстарын енгізіп отыруға өте тиімді

Ұсынылып отырған жоба кәсіпорын үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Жоба арқылы келесі мәселелерді шешуге болады:

– Қарапайым механизм (QR-кодтау) арқылы қызметкерлердің уақытын үнемдеу және жұмыстарын жеңілдету;

– Кәсіпорынның жоспарлы – сақтық жұмыстарын жасау кезінде қаражат шығыны айтарлықтай азайады (электр желелілерін және электр қондырғыларын нөмірлеу, атауын жазу жұмыстары жасалмайды);

– Тексеріс жұмыстары кезінде STOR бағдарламасы арқылы оң байланыс орнатуға мүмкіндік беру;

– QR-кодтың көмегімен электр объектілері жайлы ақпаратты және жүктеуге арналған сілтемені де енгізуге мүмкіндік бар;

– Кәсіпорынды таныстырудың жақсы әдісі болып табылады.

Жобамыз бойынша күтілетін  нәтиже мен пайдасы бірқатар артықшылықтарға ие:

Біріншіден, ол кез-келген электр жүйелерін оңай, тез және дәл анықтауға мүмкіндік береді;

Екіншіден, орналастырудың қарапайымдылығымен сипатталады – негізгі деректер әрқашан қолында, кез-келген мобильді құрылғылармен оқылады;

Үшіншіден, электр жүйелеріне тексеру жұмыстарын жүргізу барысында QR-кодтау өте тиімді.

Себебі ұялы байланыс телефонына ақпараттарды сақтауға және STOR  бағдарламасы арқылы түзету енгізуге болады.

Жобамызды «Біріккен ЭнергоСервистік компаниясы»  АҚ-ның оқу -жаттығу полигонында зерттеу тәжірибесінен өткіздік (6-сурет).

QR-коды бар тақтайшалар электр желілеріне, қосалқы станцияларға, трансформаторлық қосалқы станцияға, қоңдырғыларға орналастырылды.

Әуе желісінің 1-опорына QR-коды бар тақтайшаны жабыстырамыз .

Мобильді құрылғымен сканерлеп, сілтемеге өтеміз.

QR-кодқа әуе желісінің паспорты, принципиалдық сызбасы енгізілген (9-сурет).

Күрделі және ағымдағы жөндеу туралы мәліметтер, әуе желісі ақаулары, зақымдануы және авариялары туралы мәліметтерді, мерзімін, жауапты тұлғаны енгізетін арнайы кесте STOR бағдарламасында жасалған. Осы бағдарлама арқылы соңғы мәліметтерді енгізіп отырамыз.

Келесі QR-коды бар тақтайшаны  жиынтықты трансформаторлық станцияға жабыстырамыз

Мобильді құрылғымен сканерлеу кезінде кіргізілген мәліметтерді арнайы web-порталға сілтеме бойынша өтіп көреміз. Бұл жерден техникалық сипаттамалары, паспорты, бірсызықты сызба туралы ақпараттарды аламыз. Айта кететін жағдай, трансформаторды сыртқы тексеру нәтижелерін, ағымдағы жөндеулер және профилактикалық сынақтар туралы мәліметтерді бағдарламада арнайы сызылған кестеге жазып отырамыз (11-сурет).

Біз жобамызды энергетика саласында жұмыс жасайтын компанияларға, кәсіпорындарға ұсындық. Қазіргі уақытта жоба «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы»  АҚ-мен  бірге қолға алынып, жұмыстар жасалуда.

«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы»  АҚ-мы электр энергиясын  0,4–110 кВ тарату желілері арқылы беруді және жаңа тұтынушыларды қосуды қамтамасыз етеді. Шығыс Қазақстан Облысының электр желілік кешенінде қатысу үлесі 90%-дан асады [2].

Бұл дегеніміз тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасының қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін тиімді цифрлық трансформациялауды жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қорытынды

 «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы»  АҚ-мен бірігіп Шығыс Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу жұмыстары бірігіп атқарылуда. Зерттеу жұмыстары өз нәтижесін беруде.

Цифрландыру кәсіпорындар үшін маңызды нәрсе екенін айтқымыз келеді. Бұл уақыт өте келе энергетика мен өнеркәсіптің көп бөлігін қамтитын маңызды процесс.

You May Also Like

Қытайдағы қазақ әдебиеті туралы

Ховда бетіндегі Қазақтар блогы Қытай қазақтарының әдебиеті Әдебиет деген алып байтеректің сандаған…

Жүсіпбек Аймауытов туралы мағлұматтар

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып…

Адамның табиғи ырғақтары. Биоритмология

Адамның табиғи ырғақтары. Биоритмология Биологиялық жүйелерде тіршіліктің барлық деңгейінде кездесетін оралымды құбылыстар…

Қараөрік қосылған борщ

Қараөрік қосылған борщ Қажетті өнімдер: 4 ас қасық грек жаңғағы, 300 г…