. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті бар күрделі жүйе болып табылады. Осының әсерінен ағзада таралатын ток негізінен активті (Омдық) кедергісі аз жасуша аралық кеңестікпен, қан және лимфа тамырлары, нерв талшықтары мен бұлшық еттер арқылы таралады(АИ.Орлов,1977). Сондықтан ток электродтар орналасқан аймақтан басқа жерлерге де әсер етеді. Тұрақты токқа адам терісі үлкен кедергі   жасайды,   сондықтан ол   негізінен тер шығару(пот) каналдары мен май бездері арқылы тарайды(И Г Гурин, 1963). Ішкі мүшелер мен ұлпапардың электрлік кедергілері негізінен 1000 Ом айналысында болатындығын 1977 жылы АРЛивенсон анықтады. Бірақ олардың кедергілері сыртқы факторлардың әсерлерінен үлкен өзгерістерге ұшырауы мүмкін, мысалы, биологиялық жүйенің су-электролиттік алмасуына әсер ету арқылы, ісінген немесе сұйықпен қанықтырылған ұлпаның электрлік кедергісі оның қалыпты физиологиялық күйіндегіден әлде қайда аз, сонымен қатар ұлпаның электрлік өткізгіштігіне оның нервтік және гормоналдық жүйесінің функционалды белсенділігіне де байланысты болады.

а) Тұрақты токтың бірінші реттік әсерінен ағзадағы иондардың концентрациясы мен олардың ара қатынасы өзгеріске ұшырайды, бұл ұлпаның физиологиялық белсенділігін арттырады, өз кезегінде мұндай факторлар жалпы ағзада емдік әсер тудырады.Осындай құбылыстардың бір көрінісі ретінде гальванизация кезінде катодта бір валенттік катондардың (К+, Nа+), ал анодта екі валенті ( Са2+ , Мg2+) зарядталған бөлшектерінің        шоғырлануы     салдарынан,     катод     электродының «қоздырушы»,   ал    анод    электродының       «тезеуші»       әсерлерінің байқалатынын айтуға болады(16,47б),

Тірі ұлпа арқылы тұрақты ток өткенде оның шамасы басында кемиді, соңынан тұрақтанады. Ток шамасының басында кемуін биологиялық ортадағы поляризация құбылысының орын алуымен түсіндіреміз, яғни жасушалар сыртқы электр өрісі әсерінен орналасуы нәтижесінде ортада сыртқы ток көзіне қарсы эқ.к. пайда болады, ол өз кезегінде сыртқы эқ.к, кемітеді. Мұндай құбылыстың әсерінен протоплазманың дисперсиялық күйі мен мембрананың өткізгіштігі өзгереді, диффузия мен осмос процесттеріне ықпал етеді және тб. құбылыстар байқалады. Осындай құбылыстар ұлпаның физиологиялық күйіне, оның құрылымы мен құрамына байланысты, сондықтан тұрақты токтың әсері де әртүрлі болады.

б) Жиілігі төмен ток шамасы ағзадаға жасуша аралық кеңесістіктегі иондар концентрациясы мен оның түрлеріне байланысты болады, ал оның емдік әсері иондардың қозғалу жылдамдығы мен үдеуіне тікелей тәуелді және ол ағзаға тітіркендіргіш түрінде әсер етеді, бірақ ағзада жылу бөлінбейді(44,150 б). Осы мақсатта негізінен төменгі жиілікті, әр түрлі пішіндегі импульсті токтар қолданылады және оларды адамның тірек-қимыл аппаратын бұлшық еттерді, нерв жүйесін, миды,ток ішекті, жатырды, қуықты және тб.емдеуде пайдаланады.

в) Жиілігі жоғары токтардың (ЖЖТ) биологиялық ортаның құрамындағы зарядталған бөлшектерге электрондар, атом мен молекулалар) тигізетін бірінші реттік әсері нәтижесінде жылу бөлінеді және ерекше әсерлер деп аталынатын құбылыстар орын алады. ЖЖТ әсерінен денеде бөлінетін жылудың пайда болу механизмі ағзаға жылу берудің басқа әдістеріне салыстырғанда (инфрақызыл сәуле, грелка арқылы; денені қымтап орау және т.б.) өзгеше сипатта болады, атап

айтқанда ЖЖТ әсерінен жылу ағзаның жеке мүшелері мен ұлпаларында тікелей бөлінеді және оның шамасы ЖЖК жиілігі мен ағза мүшелернің электрлік параметрлеріне тікелей байланысты болады, сондықтан ЖЖК шамасын өзгерте отырып қалаған ағзаны қыздыруға болады[15Д48б]. Ал ЖЖТ «ерекше» әсерлері деп ағзадағы эритроциттердің, лейкоцитердің және басқа да жасушалар мен бөлшектердің электр өрісі бойымен орналасуын, сонымен қатар жасушының макромолекулаларының поляризацияланған бүйір шыбықтарының өріске сәйкес орналасуын және тб. атайды, бірақ, бұл құбылыстың механизмі әлі толық  зерттелмеген.

ЖЖТ биологиялық жүйеге(ұлпаға) әсерін толық қарастыру үшін оны сипаттайтын электрлік параметрлерді білу қажет. Барльқ денелер тәрізді биологиялық ұлпада диэлектрлік және электрлік өткізгіштік  деп аталатын шамалармен сипатталынады, ал ұлпаның магниттік қасиетіне ЖЖТ әсері өте төмен сондықтан есепке алмайды.

Ұлпаның айнымалы тоққа кедергісі тұрақты токқа салыстырғанда төмен болады және бұл құбылыс ток жилігі жоғарылаған сайын күшейе береді, соның салдарынан биологиялық жүйенің кедергісі төмендейді, яғни   электр өткізгіштігі артады[16,35 б].

Биологиялық ұлпадағы ток негізінен жасушылардың злектрлік өткізгіштігін  қамтамасыз ететін жасушы аралық сұйықтықтағы иондардың қозғалысы нәтижесінде пайда болады. Егер ЖЖТ жиілігі ондаған кило Герц аймағында жатса, онда иондар жасушы аралық кеңістікте қозғалып, ұлпаның жалпы өткізгіштігін қамтамасыз етеді және жасушы мембранасының диэлектрлік өткізгіштігін едәуір шама дейін жетуін қамтамасыз етеді, злектрлік сиымдылығына сәйкес оны зарияттайды. Мұндай шараларға ЖЖТ энергиясының біраз бөлігі жұмсалады және оның шамасы ұлпаның диэлектрлік және электрлік өткізгіштіктіктеріне тәуелді болады, осы құбылыстың әсерінен ұлпа жылыйды. ЖЖТ жилігінің одан ары артуы (мысалы 100 МГц дейін) жасушы мембранасының сиымдылық кедергісінің кемуіне алып келеді, ол , өз кезегінде ұлпаның электр өткізгіштігін арттырады. Жиілік жоғарылағанда дененің полярлы молекуласының бұрылуы электр өрісінің өзгеруінен көп артта қалып қояды, мұндай құбылыс жасуша мембранасының (юнденсатор тәрізді) толығымен зарядталуына мүмкіндік бермейді, бұл ұлпаның диэлектрлік өткізгіштігі  кемуіне алып келеді, соның әсерінен электр өрісінің энергиясының жылуға айналуы жоғарылайды. Сондықтан мұндай ЖЖТ әсерінен май, сүйек еттері, тб. тығыздығы жоғары, құрамында    су молекулалары аз  орталар  қызады.

Бірақ 100 МГц және одан да жоғары жиіліктерде жасуша мембранасының мұндай қасиеті төмендеп, ұлпаның электрлік қасиетіне тигізетін әсері жоғалады. Ендігі жерде ұлпаның злектрлік қасиетінің өзгеруі тек судың диполдық молекулаларына байланысты болады, яғни өте жоғары жиілікте ток өрісінің энергиясы судың диполдық молекулаларын   тербелтуге   жұмсайды, бұл құбылыс денеде   жылудың бөлуне алып келеді. Сондықтан 100 МГц жоғары жиіліктерде қан, ішкі мүшелердің ұлпасы және тб. Көп мөлшерде жылудың бөлінуі байқалады. Емдік мақсатта тұрақты және айнымалы магнит өрістерін(МӨ) қолдану, олардың (МӨ)   электр өткізгіштігі жоғары ұлпаларда жұтылуы нәтижесінде      жылудың      бөлінуіне   негізделген,   ал      биологиялық объектілерде бөлінетін    жылу   олардағы   биофизикалық және физика-химилық  процестердін;     жүруне     әсер   етеді. МӨ     емдік мақсатта қолдануды, магнит өрісінің физикалық сипатта (Тесла,эрстедт,вебер,тб.) мен оның    кеңістікте таралу ерекшеліктерін талдаудан бастаған дұрыс.  Магнит өрісін емдік мақсатта пайдалануды зерттеген Н М Ливенцевпен А Р Ливенсондардың     жүргізген   тәжрибелері (1974 ж.) МӨ ұлпаларда жұтылуымен таралуы оны тудыратын катушка мен пациент арасындағы саңлауға(қашықтыққа) байланысты болатындығын    дәлелдеді, олардың зерттеулері бойынша саңлау 1 см   аспауы тиіс, осындай жағдайда МӨ кеңістікке бір қалыпты тарайды, яғни оның әсеріде бір текті болады[16,41 б]. Магнит өрісінің адам ағзасына тигізетін әсерінің механизмі әлі толық зерттелмегендігін ескеру қажет.

  1. Медицинада, емдік мақсатта радиоактивті изотоптар, ренттен сәулесі, үлкен энергиялы зарядталған бөлшектерді және тб. қолдану олардың тірі жасушаларға, ұлпаларға тигізетін биологиялық әсеріне негізделген. Мұндай сәулелер мен бөлшектердің бірінші реттік әсерінен биологиялық жүйенің құрлысымен құрамында өзгерістер орын алады, яғни фотондардың энергиясы биологаиялық жүйелерін құрайтын атомдарда, молекулаларда жұтылып нәтижесінде атом немесе молеқула қозған күйге көшеді. Мұндай бөлшектер химиялық тұрғыдан өте белсенді болып өзін қоршаған „ортадағы липидтер мен ферменттердің молекуласының, нуклейн қышқылының және тб. химиялық байланыстарын бұзады. Осы тәрәзді процесттер адам ағзасында су молекулаларының қатысуымен де жүреді, су молекуласы диссоциаланып, нәтижесінде Н және ОН тәрізді еркін радикалдар мен асқын тотықтар пайда болады. Мұндай белсенді заттар мен әрекеттерді нәтижесінде бірінші реттік радиация-химиялық реакциялар жүреді Сонымен қатар радиоактивті изотоптар, рентген сәулесі, үлкен знергиялы зарядталған бөлшектер белок молекуласымен әрекеттесіп. онда өзгерістер тудырады. Осы тәрізді құбылыстар мен пайда болған жаңа қосылыстар , заттар адам ағзасындағы патологиялық өзгерістердің ошағына әсер етіп, процесті тежейді немесе жасушаларын зақымдайды. Адам ағзасындағы немесе оның белгілі бір мүшесіндегі осындай құбылыстар радиоактивті изотоптар, рентген сәулесі, үлкен энергиялы зарадталған бөлшектедің емдік қабілетінің көріністері болып табылады.
You May Also Like

Фармакокинетика элементтері. Дәрінің ағзада тасымалдануы

Фармакокинетика элементтері. Дәрінің ағзада тасымалдануы Жоспар:  І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Фармакокинетика…

Қыс келбеті тақырыбында шығарма

Шығарма Қыс келбеті Қазір қаңтар айы. Далада аяз көтеріліп, күн суытып тұр.…

Азықтық минералды қосындылар

Минералды азық – малға қосымша азық ретінде берілетін табиғи және қолдан жасалынатын…

Мен әлемді  үнсіз қалпында  елестете алмаймын!

Мен әлемді  үнсіз қалпында  елестете алмаймын!  Сіз өміріңізде тыныштықты сезіп көрдіңіз  бе?…