Шығарма
Қыс келбеті
Қазір қаңтар айы. Далада аяз көтеріліп, күн суытып тұр. Айнала тегіс ақ көрпеге оранып алғандай , аппақ. Қарды бассаң, табаныңның астынан сықыр-сықыр еткен дыбыс естіледі. Ал қардың беті жып-жылтыр, бейне бір күміс тәрізді. Мына бір жапырағынан жалаңаштанған ағаштарды ақ шәлісін киген әжелерге ұқсаттым . Аспанға көз жүгіртіп қарасам, ашық көгілдір түсті. Адамның көңіл-күйін көтереді. Көңіл-күй демекші, қыс мезгілінің ауа-райыда адамның мінезі сияқы екен. Кейде ашуланған адамдай бораны көтерілсе, кейде толасыз жауған қары мамық жастықты шашып ойнаған көңілді балалардай .
Осы бір аязды күндері терезеден ұзақ қарап, қыстың келбетін тамашалап отырмын. Мен білмейтін әлі талай қызық бар секілді. Сондықтан болар әр жыл сайын қыс мезгілін асыға күтетінім …