Оқу және емдік мекемелерде алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру принциптері

«5- дәріс» 

Бұл тақырып бойынша алдағы дәрістерде кейбір жағдайларға тоқталғанымыз –бен бұл жолы емдік мекемелердегі алдын алужәне басқада мәселелерге еңірек тоқталамыз.

Емдеу мекемелерінде алдын алуды ұйымдастыру принциптері:

-әлеуметтік –экономикалық шаралар ең алдымен аурудың алдын алуға және оны тудыратын себептерін жоюға бағытталуы тиіс

-денсаулық сақтау органдары гигиеналық талаптар мен санитарлық заңдылық -тардың орындалуын бақылауды ұстануы қажет

-санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу,салауатты өмір салтын насихаттау медицина мекемелерінің қызметкерлерінің міндеті

-алдын алу бағыты –диспансерлік бақылау мен денсаулық сақтау мекемелерінің учаскелік принцип бойынша қызмет етуіне негізделген

-денсаулық сақтау қызметін атқару барысында азаматтардың конституциялық құқығын сақтау

 Емдеу мекемелерінің бақылауында 30000 астам тұрғындар болса,онда құрамын -да профилактикалық бөлімін ашуға болады.

Оның құрамына  мынадай кабинеттер кіреді:

– Дәрігерге дейін қабылдау кабинеті

– әйелдерді қабылдау кабинеті

-ауру қаупі жоғары адамдарды сұрыптау кабинеті

-диспансерлік бақылау жүргізу құжатарын сақтау кабинеті

-санитарлық ағарту және гигиеналық тәрбие беру кабинеті

-міндетті түрде диспансерлік ауруларды қабылдау кабинеті

Профилактикалық бөлімнің негізі міндеттері:

-ауыру қауіпі жоғары ауруларды тіркеуге алу

– кезекті және алдын алу профилактикалық қарауды ұйымдастыру және білікті емдеу жүргізу

-диспансерлік қарауды жүргізу,ұйымдастыру және бақылау орнату

-ересек адамдарға және жасөспірімдерге профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастыру және бақылау

-аурулардың алдын алу үшін алғашқы  және кезекті профилактикалық шараларды жүргізу

-халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді насихаттау және зиянды дағдыларға қарсы жұмыс жүргізу

Сонымен қатар еңбекшілердің әл-ауқатын,денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін ұзақ жылдар бойы сақтау үшін өндірістік мекемелерде емдеу және  медициналық-санитарлық бөлімдер жұмыс жасайды.

Медициналық санитарлық бөлім –бұл кәсіпорындар құрамында емхана, аурухана және цехтік денсаушылық бөлімшелері  кіретін кешенді емдеу , ал -дын алу мекемесі.

Оның атқаратын қызмет түрлері:

-емхана немесе стационар жағдайында білікті және мамандырылған емдеу,ал-

дын алу шараларын жүргізу

-жұмысшылардың белгілі топтарына диспансерлік бақылау жасау

-жұмысқа орналастырудан бұрын алдын ала байқаудан өткізу

-уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу

-аурушаңдық, жарақат алу,кәсіби аурулар себептерін талдау және мекеме әкімшілігімен бірге науқастар арасында қайта қалпына келтіру,айықтыру жұмыстарын жүргізу

-санаторлық-курорттық ем алуға мұқтаж еңбекшілер тобын іріктеу,

-кешенді санитарлық сауықтыру шараларын жүргізу

-санитарлық белсенді топ құру

-жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін сақтауды ұйым

ДДҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер»

  • дың ақпанынан бастап, СӨСҚО-ның «ДНЫҚ» бағдарламасы Жастар денсаулық орталығына берілген болатын. Қазіргі таңда аталмыш жобалардың үйлестірушілері психологиялық және педагогикалық білім алған мамандар атқаруда. Соның нәтижесінде келесідей міндеттер алға қойылған:
  • берілген аудиторияның жас ерекшеліктеріне сай әр азаматқа өз денсаулы

ғына деген жауапкершілік қағидатын қалыптастыруда көмекке келу;

  • оқу орындарында оқитындарға психологиялық көмек көрсету;
  • «мектеп-отбасы» жүйесінде салауатты өмір салтын насихаттауға назар аудару.

Жүріс-тұрыс ауытқушылықтарының алдын алу үшін бала қолайлы психология -лық және педагогикалық ортада тәрбиеленуі қажет. Сондықтан баламен дұрыс қарым-қатынас орнату қажет. Ол үшін баланың, ата-ананың және мұғалімдер- дің тарапынан психоэмоционалдық жүктеменің неғұрлым аз деңгейімен реттеле -тін әрі оқушының дарыны, іскерлігі мен ептілігіне сәйкес орта қалыптастыру керек.

«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер » бағдарламасының іске асырылуы келесі алғы шарттарды қамтығанда сәтті болуы тиіс:

– жүріс-тұрыс ауытқушылықтарының қауіпті жағдайларының алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу (бір реттік бірлікте өткізілетін шаралармен салыстырғанда);

– ауруларға шалдығудың психологиялық факторын ескеру;

– бағдарламаны іске асыруға қатысты ұсыныстарды енгізу.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін жүйеге өзгеріс енгізу қажеттілігі аса маңызды. Бұл әрекет оқу үдерісінің қосымша ауыртпалықтарын азайту, білім сапасын төмендетіп алмай, денсаулықты сақтап қалу мақсатында қолға алынған. Ол үшін оқыту үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, медиктік-санитарлық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру аса қажет.

Денсаулықты сақтап қалатын технологиялардың болжамды артықшылықтары – балаларда өзіне-өзі жауап беретін жауапкершілікті қалыптастыру, өз денсаулығын нығайтуға қатысты дұрыс әрекеттер жасау. Сонымен қатар аталмыш жұмысты іске асыру мен өзгерістер енгізу мақсатында ата-аналар мен оқушыларды қамтитын әлеуметтің сауалнамалар жүргізу арқылы бағдарлама сәттілігінің мониторингін анықтау.

Астана қаласының бірнеше мектептерінде өткізілген семинар-тренингтер барысында ДДҰ-ның «ДНЫМ» бағдарламасы үйлестірушілерінің жұмысын белсенді ету қажеттілігі артқаны байқалды. Бұл жұмыс жоспар бойынша іс-шаралар өткізу, жүріс-тұрыс ауытқушылықтарының қауіпті жағдайларының алдын алуға қатысты семинарлар өткізу, денсаулықты сақтап қалатын технологияларды дамыту, мұғалім, психолог және әлеуметтік педагогтардың кәсіби шеберлігінің психологиялық қырының алдын алу сияқты іс-шаралардың басын қоспақ.

Науқастардың қажеттілігін  бағалау-  ауырып келген науқастарды емхана -ларда, немесе кез келген емдеу мекемелерінде  мұқият қарап, барлық диагнос -тикалық зерттеулерді жүргізеді,олар- рентгендік, лабораториялық, функцио -налдық (УЗИ,фиброэндоскопиялық, компьютерлік т.б.) тексеруді жүргіз -геннен кейін науқастардың ауруына баға бере отырып,қайда ем алуы керектігін анықтайды және де ол науқастар жоспарлы немесе жедел жәрдем медицина қызметкерлерінің жолдамасымен шұғыл түрде тиісті емдеу мекемелеріне жатқызылады.Науқастарауруханаға қабылдау бөлімшесі арқылы түседі.Оны қабылдау бөлімшесінің кезекті дәрігері тексеріп, қай бөлімшеге жатқызылатынын анықтайды.Ал медбике науқастың дене қызуын, қан қысымын өлшейді, одан кейін медициналық карта толтырып дәрігерге береді.Одан кейін бөлімшеде науқасқа қажетті тексеру,зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қажет болса басқа да мамандардан кеңес алып боланнан кейін, тиісті емдер тағайындайды.

Оқу мекемелерінде профилактика іс шараларын ұйымдастыру принциптері

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі-«Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулы- ғы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағыт талған Елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағы -на апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет.

Егеменді елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттілік -терін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткін -шектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбие -леу мәселесін алғашқы орынға қойған. Сондықтан, педагогтар өз кезегінде әрбір оқушының денінің сау болуы үшін  тәрбие бере білуге тиіс. Білім алу -шыны сауықтыруда дене шынықтыру пәні жетекші орынға ие болатын болса, басқа пәндердің өз үлесі болуы керек екені сөзсіз. Мектептегі әрбір мұғалім өзіне бекітілген бағдарламаны оқытумен қатар, оқушының тәрбиесіне, оның ішінде профилактиканы қалыптастыруына да көңіл бөлуі қажет.Әр педагог өз сабағында жасөспірімдердің назарын өздері үнемі сүйіп жейтін тәтті тағамдардағы құнарлылыққа аударғаны жөн. Мәселен, тіске залалды конфет, печенье,консерв банкасындағы және бауырға қатерлі пепсикола мен кокакола сыртындағы жазуларды оқытуға болады. Сонымен қатар, калория дегеніміз ненің өлшеуі дегенде, латынның «жылу» мағынасын беретін, жылу мөлшерінің жүйеден тыс өлшем бірлігі екенін түсіндіруі тиіс. Осы ретте, мұғалім әркімнің денсаулығына ұқыпты қарап, ішкен асының шектен тыс аз немесе көп ақуызды, майлы, көмірсутекті болмауы үшін «Тағамдар нәрлілігі» кестесінен хабардар болуы керек екенін ескерткені дұрыс.

Оқушы болашағы оның денсаулығына байланысты. Оқу, білім алу, үйрену немесе біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек. Жеке тұлғаның денсаулығын сақтауға деген құндылық бағдары әрдайым әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы. Оқушылардың дені сау болу үшін ұстаздар оған жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет.

Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, балалардың денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың осы бағытта өз үлестерін қосуы  қажет.

ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Елбасымыз Н.Назарбаев өз жолдауында -салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығы турасында көптеген жәйттер аталып өтілген болатын. Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстанның басты капиталы – адами ресурстар болса, бірінші кезекте болашақ жастардың қолында екендігін ұмытпауымыз керек. Жастар мәселесі және жастар денсаулығы ешқа­шанда екінші кезекке қойылмайтындығы мәлім. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі басымдықта – салауатты өмір салтын бірінші кезекте балалар мен жастар үшін насихаттау, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың стандарттарын әзірлеу және енгізу, спорттық – сауықтыру ғимараттары­ның желісін кеңейту және бұқаралық спортты дамыту, зиянды әдеттерге қарсы күрес жөнінде жұмыстар жүргізіліп келеді.

ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №113 қаулысымен бекітілген ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 19 қазандағы №491  «Жастарға достық қарым-қатынас қызметін ендіру туралы» бұйрығын облыс көлемінде жүзеге асыру мақсатында жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару бүгінгі күннің басты талабы. Жастар денсаулығын қорғау, олардың толық жағдайда медициналық және психо-әлеуметтік көмек алуын қамтамасыз ету, жастардың денсаулығын қорғау жөнінде өңірлік салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары жанында немесе қалалық емханаларда арнайы «жастар денсаулығы орталығын» ашу келелі мәселелердің бірі болып келсе, соңғы жылдары осы мәселелер орындала бастады,қазіргі уақыттат республика көлемінде 100-ге тарта жастар денсаулық орталықтары ашылып жұмыс істеуде. Бізде де облыс әкімінің қолдауымен 3 миллионнан аса қаралған қаржыға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жанынан «Жастар денсаулық орталығы» ашылды. Облыстық бюджет­тен бөлінген қаржыдан жаңадан 15 жұмыс орны ашылды. Ең бастысы – облысымыз­дағы 205 мың студент жастар мен өзге де жастар өз денсаулығына мұқият қарап қана қоймайды, жастардың пікір алысар орны болуда. Сонымен қатар жастар-

дың мұқтаждарына сай болатын, өз денсаулығын сақтауды реттеу бойынша шешім қабыл­дауға белсене қатысуды көздейтін медици­на­лық көмекті ұйымдастыру орталығы. «Жастар денсаулығы орталығына» келушілердің жас ерекшеліктерін ескере  отырып, денсаулықты сақтау проблемалары бойынша кешенді медициналық, психо­логиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді. Соның ішінде, жанұя жоспарлау, ВИЧ инфекциясының алдын алу, ішімдік пен нашақорлық және басқа да жағдай­лардың алдын алумен қатар құқықтық кеңес береді.

Айта кететіні, жастар денсаулығы қазіргі уақытта көкейкесті мәселе болып табы­лады. Оның есебінен болашақта ұлт денсаулығы ауыр зардап шегуі  мүмкін. Сонымен қатар, қауіпті ықпалдардан бүгінгі жасөспірім  жастардың репродукциялық әлеуетін төмендетудің қауіп қатерлі ықпалдарына апа­рып соғатын қауіпті мінез-құлық салалары жөнінде ақпараттандырудың төменгі деңгейде, ұрпақ жаңғырту мекемелеріндегі медициналық-санитариялық сүйемелдеу кемшіліктері жатады.Сондықтан қазіргі күні Қазақстанның денсау лық сақтау жүйесінің алдындағы бірінші кезектегі міндеті – жасөспірімдер мен жастар денсаулығын сақтау бойынша жас ұрпақ денсаулығының бүгінгі күн жағдайын бара-бар көрсететін, олардың мұқтаждарына сай болатын, сондай-ақ өз денсаулығын сақтауды реттеу бойынша шешім  қабыл­дауға белсене қатысуды көздейтін меди­циналық көмекті ұйымдастыру

Атап өтерлік бір жәйт, жастарға қамқор клиникалары – бұл денсаулық сақтау мәселелері бойынша жасөспірім жасының ерекшеліктерін алдын ала ескере келе еріктілік, ыңғайлылық, тілектестік пен сенім негізінде кешенді медициналық, психоло­гиялық, әлеуметтік көмек көрсететін мекеме. Жасөспірім мен жастарға олардың мәсе­лелерін түсіну арқылы, мінез-құлықтарын өзгерту жолын қоса іздестіру арқылы денсаулық сақтауға бағдарланған ЖҚК көмегі басқа медициналық ұйымдардан ерекшеленеді.

Келесі кезең жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау орталығының қызметін ұйымдастыру болып табылады Сонымен қатар, бұл орталық идеологияны қалып­тастыруға зер салып отыр. Дәрігердің жәй қабылдағаны емес, дәрігер, психолог, психотерапевт немесе арнайы даярлықтан өткен маманның кеңесі ретінде көрсетілетін көмек жастарға пайдалы. Бұл жастар басынан кешетін күрделі мәселелермен нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Жасөсіпірім мен жастардың репродук­циялық денсаулық сақтау мәселелерін шешу тәсілдерінің әдеттегі медициналық мекеме мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау орталығы арасындағы айырмашылығы да бар.

Сонымен қатар, ЖҚК-ң келесі қағи­далары іске асырылады, бірінші ыңғай­лылық – жас адам қызмет алуға нақты мүмкіндігі бар: қаралу жосығының оңайлы­ғы, тегін медициналық көмек кепілдігінің орындалуы, көрсетілген көмек құзырлылығы, кез келген қажет ақпаратты білу мүмкіндігі, қаралған күннен бастап көмек алуы. Екінші – тілектестік  қызметкерлер тарапынан жасөспірім ерекшелігін түсініп, қабылдауға негізделген, сыйлау, құпиялық сақтау және олардың өзіндік пікірін білдіруін қолдауда барынша тілектестік қарым-қатынаста болу, қызметкерлер жастардың тұрмыс қалпын түсініп, қабылдауға тырысуы. Үшіншіден  – сенім қызметкерлердің тілектестік қарым-қатынасынан, жасөспірім мен жастарды тұлға ретінде сыйлау және құпиялық сақтау қағидаларынан құралады. Еріктілік, бұл төртінші – жас адамның ауруға ғана бай­ланысты емес, аурудың алдын алу мақса­тында өздігінен, жете түсіне дәрігерге қаралу уәждемесі, сондай-ақ, қызмет талғауда әрі ЖҚК қызметкерінің ұсынысын қолдануда еркіндік білдіруі болып табылады.

Негізінде, Жастар денсаулық орталығы жасөспірімдер мен жас адамдар үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, барлық қажетті қызмет түрлерін тегін әрі құпия ала алатын орын болып табылады.

Жастар мұнда мынадай мәселелер бойынша консультациялар ала алады:

– Маскүнемдіктің, нашақорлықтың және шылым шегудің алдын алу

– Стресті және құлазу жағдайларының алдын алу

– Репродуктивті және сексуалды денсаулық

– Отбасын жоспарлау

– Жыныстық жолдармен берілетін АИТВ/ЖҚТБ жұқпаларының алдын алу

– Дұрыс тамақтану

– Психикалық денсаулық

– Жазатайым жағдайлар мен жарақаттанудың алдын алу

– Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу

– Құқықтық консультациялар алу

Денсаулық мектебі

«Денсаулық» мектебі қысқаша айтқанда, аурудың туындауы мен даму себептерін жоюға, емделушілерге кешенді медициналық кеңес беру түрі. Бұл орталықтың негізгі міндеті, жасөспірімдердің денсаулығын қорғап, олардың жалпы ортаға психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу. Бүгінгі таңда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық мектептері ашылу қарқыны үдей түсуде. Оның дәлелі денсаулық мектебі біздің облысымызда да  ашылып, өз жұмысын бастап кетті.
– Денсаулық мектебінің арқасында сырқатты дер кезінде анықтап, оның алдын-алуға мүмкіндік туады. Көбіне ауру-сырқау мен өлім-жітімнің негізгі себепшісі созылмалы жұқпалы емес аурулар. Көптеген қауіп-қатер факторлары адамның мінез-құлқынан, өмір сүру салтынан пайда боп жатады. Ауру-сырқау деңгейін тек дәрілік емдер ғана төмендетпейді, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, өзіндік әрекет ету де зор ықпал ете алады.

«Денсаулық» мектебін ұйымдастырудағы негізгі мақсат- халыққа салауатты өмір салты дағдыларын үйрету. Денсаулық мектебінің бағдарламасы жеті сабақтан тұрады. Бір дәрістің ұзақтығы бір сағат қырық минут. Дәрігер мамандардың көмегіне жүгінген адамдар өздерін мазалаған сұрақтар бойынша жауап ала алады. Атап өтер бір жәйт, осы орталықтың көмегіне жүгінген әр адамның сұрақ-жауаптары құпия жағдайда сақталады. Қазірдің өзінде келушілердің қатары көбейіп отыр. Қазіргі таңда жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру баршамызға міндетті жұмыс. Темекі шегу, алкогольді ішімдіктерге әуес болу, дұрыс тамақтанбау тұрғындар арасында белең алып барады. Бұл скринингтік тексерулер нәтижесінде анықталған нақты дерек.

Енді әрбір адам денсаулық мектебіне келіп, медициналық, психологиялық көмекті тегін алатын болды. Осы орайда ұрпақ саулығы – ұлт саулығы екендігін ұмытпаған жөн.

Науқастарды ақпараттандыру

Науқастарды ақпараттандыру дегеніміз,ол қандай бір ауру   болмасын  науқас -тарға немесе туған туыстарына  жеткізу.Бұл медицина қызметкерлері, оның ішінде дәрігерлер  үшін өте қиын жағдай , өйткені олар этикені сақтай отырып науқасқа ауруы туралы жеткізу керек,әрине бұл үлкен искусствоны қажет етеді.Өйткені қандай бір ауру болмасын адамға Сізде осындай ауру бар десе бәрібір біразға дейін теріс әсерін береді. Өздеріңіз қараңдаршы егер Сізде инфаркт,немесе инсульт,немесе қант диабеті,немесе туберкулез тағы да басқада аурудың атын айтса кез келген адам қуанбайды, бәрібір белгілі бір уақыт өткенше ол адам қайғыланады, жылайды,көңіл күйі бұзылады.Адамға Сізде рак немесе психикалық-шизофрения ауруы бар деп айту, керек десе тәжірибелі дәрігерлердің өзіне қиын,өйткені адамның шындықты  қабылдау деңгейіде әртүрлі.Кеңестер одағы кезінде ауруға барлық шындықты айтпау керек деген ұғым болушы еді,ал қазіргі заманда ше ,оны білу қиын емес, бұқаралық ақпараттық құралдары,  ең бастысы интернет арқылы нені де білуге болады, сондықтан ауруды қазақша айтқанда, әдемілеп жеткізудің қажеттілігі барма?  Ең қиынның да қиыны ол ата аналарына баласының ауыр науқаспен ауыратындығын жеткізу, бұл олар үшін үлкен қасірет.Сондай қиындықтың бірі

ол аурудың туған туыстарына да науқастың ауруы туралы жеткізу. Өмірде бәрі болады, осындай ауру дегеннен кейін ата анасын, күйеуін,немесе әйелін,немесе баласын тастап кетіп жатқандар азба, кейбір жағдайда тіптен сотқа дейін дәрігердің баруы мүмкін,өйткені осы жағдайға келтіруге оның бір ауыз сөзі себеп болды.

Ал енді тағы бір нақастарды ақпараттандырудың бір түрі, ол СМС арқылы науқастың дәрігерге келуі немесе түрлі зерттеулерден өтуі туралы хабарлама жіберу. Бұл әрине сол клиниканың немесе емхананың үлкен биіктікке жеткен дәрежесі деп қарау керек..

You May Also Like

Медициналық этика және командада тиімді жұмыс істеу 

Медициналық этика және командада тиімді жұмыс істеу  Медициналық этика түсінігі. Медициналық этиканың…

Шаттық салаты

Қажетті өнімдер: – 2 тал тауық саны; – 4 жұмыртқа; -15 тал…

Дебат, авторлық бағдарлама

— «Дебат» авторлық бағдарламасына Пікір Ұсынылып отырған бағдарлама 9-11сыныптарға Қазақстан тарих сабағына …

Баптау панелінің көмегімен желі кемшіліктерін жою, Дәріс

11 Дәріс. Баптау панелінің көмегімен желі кемшіліктерін жою 11.1 TCP/IP мен DNS-ті…