«Дебат» авторлық бағдарламасына

Пікір

Ұсынылып отырған бағдарлама 9-11сыныптарға Қазақстан тарих сабағына  қосымша материал. Ұстаз «Дебат»бағдарламасы бойынша оқушыларға алған білімдерін практикада қолдана білуге,заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне тоқталған. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Ұстаздың да алдына қойған мақсаты – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті  сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп танып отыр. Бұл ретте ұстаз сабақ беретін тарих пәнінде оқытудың көптеген әдістерінен соның ішінде дебат әдісін тиімді қолданады. Бұл бағдарлама оқушылардың өз бетінше ізденпаздық,шығармашылық қабілеттерін оятады. Осы авторлық бағдарлама сабақта қолдануға болады деген ойдамын.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, жан-жақты дамыған, өз еркімен, өз бетінше өмірге бейімделе алатын білімді, білікті, жоғары, мәдениетті, еркін, интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қоса алатын бағдарлама аясында жасалған. Тарих пәні мұғалімдеріне қосымша көмекші құрал ретінде  қолдануға болады.

Жоспар

  1. Дебат сөзіне түсініктеме……………………………..
  2. Дебат технологиясының ережесі………………….
  3. Әістемелік көмек…………………………………………                                                        

            Дебат – (француз тілінде «debats»  – талқылау) – қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыс сөз, айтысу деген мағынада. Парламенттік дебатта – заң шығару және үкімет іс жөніндегі дебаттар арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі.

Қазіргі кезеңде заман талабына сай білім беру өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология міндетті түрде қажет. Оқушының қабілетін дамыту оқытудың негізгі шарты.

Сабақ-біртұтас күрделі жүйе. Әр мұғалімнің міндеті -сабаққа мақсат қоя отырып, мақсатқа жету үшін  тиімді әдістерді таңдап алуы тиіс.

Басты мақсаттар:

  • Жаңа білімді қабылдауға даярлау
  • Жаңа білімді қабылдау
  • Жаңа білімді тиянақтау
  • Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру
  • Тексеруге
  • Өзін-өзі бағалауға
  • Өз ойын толық жетілдіруге
  • Шапшаңдыққа
  • Есте сақтауға.

Сабақтың түрлері:

  • Пікірталас сабақ
  • Аралас абақ
  • Іздену-зерттеу сабағы
  • Жаңа сабақ
  • Сайыс сабақ
  • Білімді пысықтау сабағы
  • Панорамалық сабақ
  • Дебат сабақ және т.б.

Білім беру технологияларының басты мақсаты- білім беру сапасын арттырып, оқушылардың  білім, білік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде пікір-сайыс технологиясы тарих пәні үшін ең тиімді әдістердің бірі.

Дебат технологиясы 1996 ж. Қазақстанға «Сорос» қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген семинарлармен келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Айтбай ауылы, С.Тұрсабек атындағы орта мектебінің ұстазы Қасымжанов Қанат Қабдоллаұлы дебатты үйреткеннен бастап ұнататынмын және дебатқа қатысатынмын. Қазіргі уақытта өзімде тарих пәнінің мұғалімі болғандықтан дебат технологиясы оқушыларға сөздік қорларын көбейтуге, жан -жақты ізденуге, мәдениетті пікірлерін жеткізуге тиімді  деп санаймын.

«Сағат орта мектебі» КММ-де 2010 жылдан бері «Жігер» дебат клубын алғаш құрып, жетекшілік етемін. Мектепте білім алушыларға Карл Поппер форматымен сабақтар өткізіп жүрмін.

Дебат технологиясы тарих пәні үшін өте тиімді және білім берудегі сапаға сүйенетін тәсілдердің бірі.  Сабақта дебат технологиясын пайдалану білім алушылардың тарихи оқиғаларға өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, сабаққа қызығушылықтарын арттырады. Сабақта оқушылар  өтілетін тақырыпқа байланысты дайындап келген қосымша деректерін  дәлел ретінде, аргумент ретінде пайдаланады.

Өз бетімен ізденуі
Ойдың жүйелігі
Өзгенің пікірін сыйлай алуы
Білім сапасы
Сөздік қорының молдығы
Еркін сөйлеуі, сөз қоры

 

Өз ойын жүйелей алуы
Пікірін дәлелдеп қорғай алуы
Білімге құштарлығы

Дебат тиімді әдіс

Бүгінде пікір-сайыс жаңашыл педагогикалық технология ретінде оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістері, оқыту моделі сипатында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік құралдарда қаралып жүр. Сондықтан пікірсайыс оқыту мен тәрбиелеу әдісі ретінде анағұрлым кең дидактикалық санатқа, яғни, педагогикалық технологияға жатады. Пікір-сайыста тақырыпты оқушыларға алдын-ала хабарлап білдіру, білдірмеу тақырыптың ауқымдылығына, көлеміне байланысты. Егер тақырып ауқымды болса, мұғалім оны алдын ала хабарлап, пайдаланатын әдебиеттерді, қосымша материалдардың тізімін, бетіне дейін көрсетіп береді. Сонымен бірге, қандай мәселеге баса назар аудару керектігін де айтып, жөн сілтейді.

Барлығымызға белгілі пікір-сайыс қарама-қайшы көзқарастың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. Мұнда тақырыбы бар 3 адамнан 2 топ қатысады. Әуелі қатысушыларға жеребе бойынша немесе келісім бойынша ұстанымдар белгіленеді: жақтайды немесе даттайды. Бір топ берілген тақырыпты қорғап, дәлелдеуі тиіс, яғни оны жақтаушы топ деп атайды. Ал, екінші топ жақтаушыларға қарсы шығып, олардың пікіріне кереғар тұжырым айтуы тиіс. Сонан соң пікір-сайыс белгіленген уақыт (регламент) бойынша өтеді. Ең негізгісі – әр топ өздері тақырыпқа сай критерийін құрып, оны қорғайды. Тек сөзбен емес, түрлі дәлел-фактілер келтіре отырып, оларды қай әдебиет, қай ақпараттық құралдан алғаны айтылуы тиіс. Әр топтың спикерлері бейтарап төрешіні өздерінің көзқарасының мейлінше дұрыс екендігін көндіруге тырысады. Бұл жерде олар тек сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдерін таластырып, өз ұстанымдарын қарсыластар көзқарасымен салыстырады. Раунд барысында сөз сөйлеген спикерлерге қарама-қарсы сұрақ-жауап өткізіледі. Қарама-қарсы сұрақ қарсыластар дәйектеріне анықтық енгізу, олардың пікірлеріндегі олқылықты анықтау мақсатында қойылады. Пікір-сайыс кезеңі ойынды талдау және төрелік шешім қабылдау, яғни жеңімпаз топты анықтаумен аяқталады.

Қазіргі таңда, мектеп қабырғасында әдебиет пәні бойынша, көркем шығарма кейіпкерлеріне дебат әдісі арқылы баға беруге болады. Әсіресе, жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасағанда, жақтаушы, даттаушы бола отырып, ол бейненің жағымды жақтарын да анықтауға болады. Мысалы: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай, «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы Көкенай, Махамбет Өтемісұлының өмірінде орын алған Жәңгір хан, т. б. Оқушы өз пікірін дәлелдеу үшін көркем шығарманы, деректерді майда деталь-штрихтарына дейін қалдырмай оқиды. Баспасөз материалдарынан, басқа көркем әдебиеттерден көбірек іздене отырып, зерттеулер, салыстырулар жүргізеді. Тарих пәні бойынша да ауқымы кең тақырыптарды ала отырып дебат жүргізуге болады.  Бұл оқушының өз бетінше ізденуіне, өз бетінше өз пікірін қалыптастыра алуына жәрдем етеді.

Дебат әдісін әр сабақ сайын болмаса да жиі қолданған жөн. Бірақ, үнемі көрініп жүретін белсенді оқушылармен шектеліп қалмау керек. Яғни, сыныптағы барлық оқушы түгел қатысқаны жөн. Дебат білімділікті, шешендікті, тіл байлығын, тапқырлықты қажет ететін әдіс болғандықтан, сыныптағы білім деңгейі төмен оқушыларды пікірсайысқа түсіру көп қиындық келтіреді. Олар өз-өздеріне сенімсіздіктің, сөзге шорқақтығының әсерінен бұл әдісті тез игере қоймауы мүмкін.

Қалалық мектептерде жастардың көбісі өзге тілдерде емес, өз тілінде шорқақтап жатады. Өз тілінде жетік білмей, өзге тілдерде сөйлеу, әрине, туған тілімізге, өз тіліне келтірілген зиян. Сондықтан мектеп қабырғасында ұстаздар, жас мамандар тілімізді, жастардың тілін байыту үшін оқушыларымызды жүйелі сөйлеуге, өз көзқарасын ашық айтуға, білімін жетілдіруге, қоғамда болып жатқан мәселелерге сын көзбен қарауға үлкен септігін тигізетін осындай  әдіс-тәсілдерді әрдайым қолданып отырса, құба-құп болар еді.

 Дебат сабағының құндылығын мына тірек сызбасынан көруге болады:

Дебат сабағының құндылығы
Шығармашылық белсенділігін арттыру
Материял жинақтап үйренеді
Зерттеу жұмысын жүргізеді
Сөйлеу мәдениетін үйренеді
Ізденеді
Өзіндік көзқарас қалыптастырады

Дебат сабағының құндылығы:

1.Шығармашылық белсенділігін арттыру
2. Материял жинақтап үйренеді

3.Ізденеді
4.Зерттейді
5.Сөйлеу мәдениеті қалыптасады
6.Өзіндік көзқарасы қалыптасады.

Нәтижесі: Оқушы кез келген тарихи оқиғаның, қоғамдық мәселелердің оң және теріс ықпалдарына анализ жасай отырып, өзіндік пікірі бар тұлғаға айналады. Сонымен бірге оқу, сөйлеу,  жазу белсенділігі артады.  Пікір-талас әдіс-тәсілдерді пайдалану: тарихи оқиға, құбылыс, фактілерді таңдауға, ізденуге, дәлелдеуге үйрету: қайшылықты, проблеманы шешу; оқушының ой-пікір дербестігі мен еркіндігін барынша кеңейту; сабақта проблемалық жағдай жасау; тың деректермен жаңа білімді ала білу, пайдалану, іздену; материалды есте қаларлықтай әсерлі баяндау және басқалар жатады.

 «Жігер» дебат клубында өткізілген ашық сабақтың үлгісі:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» дұрыс немесе бұрыс.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Қазақтың жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» дұрыс немесе бұрыс атты «Жігер» дебат клубының мүшелері  арасындағы пікір-таласта бас қосып отырсыздар.

Келесі бір үлкен мәселе болып отырған жастар арасындағы жыныстық қатынастардың сауатсыз болуының салдарынан жетімдердің санының көбеюі болып отыр. Осы жетімдер мәселесінің түп тамырында жастарға қателікке ұрынбау, ұрынған күннің өзінде осындай мәселелер туындайтынына  көз жеткізу, хабардар ету.

Сабақтың мақсаты:  1. Пікір-талас технологиясы арқылы оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтылау бір жүйеге  келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.

  1. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу
  2. Оқушылардың толық ойлау, тапқырлық, іздемпаздық, әр істеген ісіне жауапты қарау қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

 Сабақтың түрі:  Дебат   /пікір – талас/

Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі:
 Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар, арнайы фильмдер /

Таныс болыңыздар бүгін қазақ балаларының шетелге асыранды болуы дұрыс деп сіздерге жақтаушы «Шын мен шың» тобы сөз қозғайды. Яғни жақтаушылар құрамында Қамажанова Диана, Сатуова Назерке, Сүттібаева Еркежан.
Қазақ балаларының шетелге асыранды болуы бұрыс деп «Парасат» тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар
Сарыбаева Айқыз, Көшкінбаева Толқынай, Ерғалиқызы Әділет.

Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.

  1. Әр топ өздерін таныстырады; Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырады.
  2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады регламинт 5-6 минутты сақтау)
  3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
  4. Ашық дауыс беру (әділ қазылар)
  5. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз

ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстыра неше бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл
– демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

Сарапшыларымыз: 1. Заманбекова Менуар Ахметовна- орыс тілі пәнінің мұғалімі.

  1. Нұргалиева Гүлшат Газизовна – оқу ісінің меңгерушісі, физика пәнінің мұғалімі,
    3 . Райымбекова Раушан Жанатаевна- қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
  2. Сарыбаева Күмісай Жібекована- математика пәнінің мұғалімі

Сөз кезегі ойыншыларға  беріледі. 
1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни  қазақ балаларының шетелге асыранды болуы дұрыс деп «Шын мен шың» тобы сөз қозғайды.
 Яғни жақтаушылар құрамындағы бірінші спикер Қамажанова Дианаға сөз беріледі, регламинт 6 минут.

Диана: Армызыдар құрметті көрермендер, аділ-қазы алқасы, оппанеттеріміз және таймкипер!

Біздің тобымыздың атауы «Шын мен шың». Ұранымыз: « шындық пен шыңға жетеміз». Енди өз тобымды таныстыра кетсем 3- спикері Еркежан ханым, 2 спикер Назерке ханым және  мен 1 спикер Диана ханым боламын.

Резолюция: «Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» дұрыс деп ойлаймыз.

Критеррий: «Жетім көрсең жебей жүр» деген мақалды ұстанамыз

  1. Аргумент: Шетелге қазақ жетімдерінің асыранды болуын құзырлы органдар заң жүзінде орындайды, қадағалайды.
  2. Аргумент: Балалар үйінен шетел асқан балалардың 80 пайызы денсаулықтарында ақаулары бар балалар.

Дефинициямыз:       

Қазақ– халық атауы қаз-ақ қаздардың тізіліп ұшуы мен теңеген, яғни көшпелі қазақ  15 ғасырда этникалық атауға ие болған.

Жетім– ата-анасының екеуі де немесе жалғыз шешесі қайтыс болған 18 жасқа толмаған бала.

Балалар– кәмілеттік жасқа толмаған, өз-ісіне толық жауап бере алмайтын адамды айтамыз.

Шетел– өз елінен бөлек өзге елдерді білдіреді. Мысалы Испания, Америка, Ресей т.б. елдер

Асыранды– өз үйінде емес бөтен, бөлек ортаның өз бауырына басуын айтады.

Болып– яғни кетуі сонда болуы, өткен шақты білдіреді.

Кетуі – бұл сөз адамның басқа жерге баруы,  кетуі.

Дұрыс – бір көз қарастын нақты дәлелмен дәлелденген, жақтау, мақұлдау дегенді білдіреді.

   «Жетім көрсең, жебей жүр» деген өнегелі сөз қалдырған атам қазақ қашанда жетімді жылатпаған, жылату былай тұрсын, қайта ағайын-туыс, ауыл-аймақ болып бауырына басып, қанатын қатайтып, ел қатарына қосып отырған. Одан қоғам жақсара түспесе, жаман болып қалған жоқ. Бүгінде заман басқа, заң басқа. Өкінішке орай, қазақтың бұл дәстүрі де келмеске кетіп бара жатқандай…

Статистика мәліметке сүйенсек, қазір әрбір бесінші отбасы бедеулік сынды сынаққа тап болуда. Бауырына шаранасын баса алмай жүрген отбасы
қарасы көбейіп бара жатса да, жетімдер үйінен асырап әкетіп жатқан жетімдер  азайып жатқанға ұқсамайды. Әрине, тастанды баланы бауырына басуға белгілі бір дайындық, отбасында өзара келісім болуы керек, бірақ бұндай қадамға барудың жалғыз мәселесі бұл емес.

Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі дұрыс деп ойлағандағы мақсатымыз осындай қиындыққа тап болған балалардың тағдыры жөнінде бірнеше сұрақтарымызға жауап табу еді… Олар біріншіден заң жүзінде қадағалау бойынша шетелге асып жатса. Екіншіден, денсаулықтарының туабіткен ақаулықтарына қарамастан шетел азаматтары қазақ балаларын асырап, жатыр.

«Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» демекші, дүниеге келген әр нәресте өз ырыздығымен туып, өз несібесін ала келеді екен. Басы артық жан да, жәндік те, зат та Алланың қалауынсыз жаратылмаған.  Олай болса, тағдыр тәлкегіне түскен сәбилердің де ортамыздан ойып алар орны бар болса керек-ті. Елімізде бір шақалаққа зар болып, бала сүйе алмағандықтан ажырасып жатқан отбасылар қаншама. Немесе әл-ауқатты азаматтардың өз балаларынан өзге бір немесе бірнеше балаға қамқор бола алатын жағдайлары бар емес пе? Тегін беріп, өз атына жаздырмаса да, отбасы жылулығын сезіндіріп, ұядан балапандай баптап ұшырса, қайырымдылық деген осы болмай ма? Осындай қайрымдылық өз отанымызда бола бермеген сон, өзге отананда қайрымдылық берушілер табылып жатса, өз орындарын тапқандары да дұрыс емес пе?

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, елімізде ата-ана махаббатына зәру 36  мың 777 жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар екен. Ал, бала асырап алуға ниеттеніп жүрген 1 мың 380 қазақстандық ата-ана тіркеуде тұр. Бұл, әрине, көлге тамған тамшыдай болса да, болашақта осынша сәби мен ата-ана бақытқа бөленеді деген сөз. Былтырғы жылға дейін кей шетелдіктер елімізден тікелей өздері келіп бала асырап алып кетіп жатса, үстіміздегі жылдың 17-қаңтарынан бастап тек заңды тұлғалар, агенттіктер, Қазақстан Республикасы аумағындағы филиалдары өкілдері арқылы ғана бала асырауға құқылы.
Мен балалардың бақыты үшін, ата-ана мейіріне бөленеді деген сеніммен бұған қарсы болмас едім. Өйткені Қазақстан бойынша отыз мыңнан астам жетім бала болса, соларды асырап алатын тұрмысы оңды деген отыз мыңнан астам жанұя табылмай тұр емес пе? «Еліміздегі балаларды шетелге жібермей, өзім-ақ асырап аламын» деген ата-аналар аз. Бүгінде баланы сырттай асырап алу деген ұғым бар. Яғни, шетелдік бай-қуатты отбасы еліміздегі жетім балалардың бірі немесе бірнешесін дистанциялық түрде асырап алады. Жылына бірнеше рет балаға деп қаражат пен қажетті заттарды салып жіберіп отырады. Баланың ұстаздарына, күтушілеріне т.б. жалақы төлеп тұрады. Бұл біздегі садақаға ұқсас. Нақты кімге, не үшін беріп жатқандарын біледі. Сондықтан да өз азаматтарымызға бұл да үлгі боларлық дүние.

Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет!

  1. «Парасат» тобының мүшесі Айқыз ханым сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:

 Айқыз:      Амандасқанның артығы жоқ демекші армысыздар дебат сүйер қауым. Менің әр минутымды, әр секундымды санап отыратын тайм-кипер. Әділдікті әділ бағалайтын төрешілер және оппоненттерім.

Мен өз тобымды таныстыра кетсем «Прасат» тобының 3 спикері Әділет  ханым, 2 спикер Толқынай ханым және  мен 1 спикер Айқыз ханым боламын.

Резолюция: «Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» дұрыс немесе бұрыс.

Критеррий: «Қазақ жетімдері шетелге сатылуда»

Аргумент                                                                                                                                                                                                                     1) Шетелдегі қазақ жетім балаларының асыранды болуы ұлтымыздың дәрежесін түсірмей ме?

2) Қазақ жетімдері қызу саудаға түскендей.

Қолданған материялдар:

  1. //Дала мен қала 25-ақпан, 2014 ж. Бас прокуратура мәліметтері.
  2. //Егемен Қазақстан 06.07.2013ж
  3. Интернет желілері.

Жер бетінде бала асырау ұғымы ежелгі Римде пайда болған. Ұрпақ сүйе алмаған адамдар өздерінің тегін, лауазымын қалдыру үшін өз туыстарынан тек ұл баланы бауырына басқан. Мұсылман әлемінде баланы тек өз тәрбиесіне алу ұғымы болған. Бұл жаратушының разылығы үшін жасалған. Ресейде бірінші рет бала асырау жағдайлары ежелгі орыс шіркеулеріндегі жазбаларда кездеседі. Кейіннен бұл императордың үкімімен заң бойынша бекітілген.  Иран, Армения өз ұлтындағы басқа елде тұратын адамға берген.  1999 ж. Бастап тастанды балалар мұхит, құрлық аса бастады. 30 елде қазақ жетім балалары бар. (8806 бала, 618 бала 18 жасқа толды.)

Біз «Жетім көрсең, жебей жүр» дейтін бабалардың ұрпағы едік. Бірақ бүгінгі таңда сол бабалар аманатына қиянат жасап жүрген елге айналып бара жатырмыз. Соңғы он жылдан бері жетімдеріміз шетелдіктерге кетіп жатыр. Бізде қазір шетелдіктерге бала берумен айналысатын 40-тан астам агенттік бар. Агенттіктің бір баланы өткізгенде табатын табысы 30-35 мың долларды құрайды. Дерек көздеріне сүйенсек, 2009 жылдың қортындысымен 6014 бала шет ел асыпта, соның 5308 АҚШ-та. Бұл ресми деректер, заңсыз кетіп жатқандары қаншама. Олардың көпшілігінің бүгінгі тағдыры не болып жатқаны да белгісіз.

Шетелге мұнай шығарудан әлем бойынша төртінші орын алсақ, бала сатудан үшінші орынға табан тіреппіз. Басқасын айтпағанда, қаншама қаракөз бауырларымыз бен қарындастарымыз бөтеннің бауырына басылда. Шынымен оларды бауырына басты ма, әлде басқа мақсатта пайдаланды ма? Осы жағы бүгінге деін жұмбақ болып келген еді.

Жақында ғана жаға ұстатар жағымсыз жаңалық жарқ етті. АҚШ-тың Массачусетс штатына қарасты. Вустер қаласының алқа билер соты асырап алған қазақстандық балаларды зорлаған Мэйотттар отбасына қатысты үкім шығарды. 50 жастағы Джозеф Мэйотт «7 жасар асырап алған қазақстандық қызын зорлады, ұрып соқты, балаларға кері әсер ететін фильмдер таратты және заңсыз қару сақталды», деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Ал оның әйелі 49 жастағы Линда Мэйотт «асыранды ұлын зорлады, ұрып-соқты, куәгерлерді қорқытты және полицияға қарсылық көрсетті», деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды.

Петропавл қаласындағы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері АҚШ  полициясына өздерін асырап алған ата-аналары зорлағанын айтып, 2009 жылы шағымданған. Алайда, ол кезде ерлі-зайыптылардың кінәлары дәлелденбеген екен. Арада 4 жыл өткенде оқиға тағы қайталанып, бұл жолы Мэйоттардың кінәлары толық дәлелденді. Аймақтық прокурордың көмекшісі Шэрил Риддлдің айтуынша, бұл балалар Қазақстаннан 2004 жылдың тамызында әкелінген. Ол кезде қыздың жасы 8-де, ал ұл бала 13-те болған. 2007 жылы 11жасқа толған қыз әкесінің арам ниеті туралы көршісіне хабар береді. Алайда, басында жағдайды полицейлерге айтуға бата алмай жүреді, өйткені өгей шешесі оларды қорқытып отырған.

Не деген сұмдық десеңізші… Бұл бір ғана әшкереленіп, дәлелденген оқиға. Жоғарыдағы статистикалық мәліметтер бойынша шетел асқан бейкүнә сәбилердің қандый зорлық көріп жүргенін ешкім дөп басып айта алмайды.

Бірлі-жарым баланың ғана емес, қазақ мемлекетінің намысын аяққа таптағанмен бірдей емес пе! Қазақ балаларын айдаладағы шетелдіктерге зорлау үшін сатып отырмыз ба сонда. Бұл мәселеде балаларды шетелге сатқан өз азаматтарымыз да жауапқа тартылуы тиіс.

Бүгін сатқан баланың ертең өзінің қас жауың болып оралмасына кім кепіл… Тастанды тас жүрек, бере салған без бүйрек, кеудесін кек кернеген пендеден жақсы адам шықпайтынын айтпаса да түсінікті.

Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.

  1. «Шын мен шың» тобының мүшесі Назерке ханым сөз кезегі өзіңізде.

Назерке: Салеметсіздерме көрермендер, ұсаздар, оппаненттер және таймкипер!

Мен «Шын мен шың» тобының 2-ши спикері  Назерке ханым. Біздің резолюциямыз: «Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» дұрыс деп ойлаймыз.

  1. Аргументіміз: Шетелге қазақ жетімдерінің асыранды болуын құзырлы органдар заң жүзінде орындайды, бақылайды.
  2. Аргументміз: Балалар үйінен шетел асқан балалардың 80% денсаулықтарында ақаулары бар балалар.

«АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жанынан Қазақстандық балалардың құқығын қорғайтын арнайы топ құрылатын болды. Сондай- ақ олар енді американдықтар асырап алған 6609 баланың қазіргі тұрмысы, денсаулығы туралы толық ақпарат беріп отырады»-дейді Жұмажан ЖҮКЕНОВ, Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Бүгінде елімізде 36 мыңнан астам бүлдіршің жақының жылуын сезінбей жат бауыр болып жетімдер уйінде өсіп келеді. Мемлектіміздің аса құндылығы адам болса одан аскан кұндылық ол бала.

Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, көптеген бастамаларды іске асыруымыз керек. Елімізде баланы асы­рап алуда алдымен оның туыстарына, со­сын барып Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Ал жетім бала ауру болса және оның ешқандай асырап алу­шысы болмаса, оны сот арқылы шетел азаматтарының асырап алуына мүмкін­дігі бар. Бұл «Неке және отбасы» Кодексі жобасының 77-78 баптарында көрсетіл­ген. Бүгінгі күні біздегі жетім балалардың 80 пайыздан астамы ауру балалар. Шет­елдіктерге бала асырауға берген кезде олар­дың барлық құжаттары мұқият тек­се­­ріледі. Тиісті органдар олардың қаржы­лық ахуалы, денсаулығы, қысқасы, бар­лық жағ­­­­дайын жан-жақты зерттейді. Ба­ла­лар­ды асырап алудың да өзіндік құ­пия­­сы  бар. Оны заң жүзінде барлығы біледі.

«Ауру балаларды ел азаматтарының қан­шасы асырап алғандығы туралы біз зерт­теу жүргізген жоқпыз. Өйткені «сен қан­дай бала асырап алдың» деп еш­кім­нен сұрай алмаймыз. Оны соттың ше­­шімі белгілейді» дейді Жұмажан ЖҮКЕНОВ, Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Шындыққа қара­сақ, біздің азаматтар көбінесе ауруы жоқ, түрі өздеріне ұқсайтын, және жасы бір­ге толмаған бала асырап алғысы ке­ле­ді. Шындығында, жетімдер үйіне бар­ған балалардың көбінің денсаулығы дұ­рыс емес. Ал шетелдіктер ондай ауру бала­лар­­ды алған соң, емдеп көмектеседі. Олар­дың жүре алмай қалған баланы жүр­гіз­генінде видеолардан көріп, таңқалдым. Опе­рация жасап, сүйектерінің арасына плас­ти­к қойып емдепті. Оны бала өскен сайын ауыстырып тұрамыз дейді. Сосын біз шетелге жетімдерді мыңдап беріп жат­қан жоқпыз ғой. Былтыр 700 ге жуығы өткен шетелге. Жылдан-жылға ол санды азай­ту­ға ұмтылып келеді. Құжаттары қат­ты қадағаланып отырады. Кейбір дұрыс бол­ма­ған жағдайларға байланысты ше­тел­дік ата-аналардың 130-дан астам құ­жа­тты кері қайтарып жіберген. Менің ойым­ша, барлығы заң-тәртіпке сай келіп тұр­са, шетелдіктерге бала беруді дұрыс деп ойлаймын. Келешекте бұл жағдай ба­ла­ның жазылуына себепші болып, ден­саулығының түзелуіне көмегі тисе, несі жаман?! Балалар құқын қорғайтын кон­вен­цияға қосылдық. Халықаралық заң бар­лық заңдардан жоғары тұратынын ес­кер­сек, біз балаларымыздың шетелге кет­кен­нен кейінгі тағдырын біліп, жағдайын жіті бақылап отыруға әбден мүмкіндігіміз бар деген сөз. Біз өз азаматтарымызға бала беруде де олармен жан-жақты жұ­мыс істеліп жатыр. Себебі кей аза­мат­тар «денсаулығы жарамайды» деп ал­ған балаларды қайтарып беретін оқи­ға­лар кездеседі. Бұл ата-ананың дайын­дық­сыз­дығын көрсетіп отыр. Және олардың басы­на түс­кен қиыншылыққа төзе алмағаны­ның дәлелі. Неге десеңіз, өз баласы болса, қандай жағдай болса да, жақсылық жа­сауға тырысады ғой. Сондықтан әрбір ба­ла отбасында тәрбиеленсе, асырап алған әке-шешесі болса да, «айналайын» деп ба­сынан сипап, мейірлене қарағанын кө­ріп өссе, ол балалар үйінде өмір сүрген­нен гөрі басқаша болмай ма?! Сондықтан ше­тел­ге кеткен баланың да жағдайы жаман деу­ге болмайды. Ол 18-ге толғанша Қазақ­стан азаматы болып есептеледі. Және жыл сайын жіберілген бейне таспаларын алып, баланың қалай өсіп жатқанын біліп оты­рамыз.

1993 жылдың 10 мамырында Гаагада қабылданған «Балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуын қолдау туралы» Конвенция бойынша жетімдерімізді өз азаматтарымызға тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда өзге елдің азаматтарының қамқорлығына беруге рұқсат етілген. Осы заң негізінде шетелдіктер Қазақстаннан 8 806 жетім бала асырап алған. Олардың 6 мыңға жуығы – АҚШ-та, 725-і Испанияда, 426-сы Бельгияда тұрады. «Қазақстанда шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алуы ең көп талқыланған тақырып.  Шетелдегі қазақ балаларының мүддесін назарда ұстау арқылы ұлттық арна өз ұстанымына берік екенін тағы бір дәлелдеді. «Қазақтың балалары тағдырдың жазуымен қай елдің азаматтығын алса да, ол біздің қандасымыз болып қала береді. Шетелдегі әрбір қазақ баласы өзінің «Қазақстан» деген отаны бар екенін біліп өсуі керек. Сонымен назарларыңызға Испаниядағы қазақ балаларының қалай өмір сүріп жүргені туралы видеоны ұсынсам деймін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

4.«Парасат» тобының 2 спикері  Толқынай  ханым сіздің ойыңыз.

Толқынай:  Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар әділқазы алқалары таймкипер және қарсылас топ. Бүгінгі дебат ойынының тақырыбы: «Қазақтың жетім балалары шет елде асыралғаны дұрыс па, бұрыс па?»  Парасат тобының 2спикері мен Толқынай ханым бұл мәселенің бұрыстығын аргумент арқылы баяндаймын.

Резолюция: «Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» бұрыс.

Аргументтеріміз:                                                                                                                                                                                                                   1)  Шетелдегі қазақ жетім балаларының асыранды болуы ұлтымыздың дәрежесін түсірмей ме?

2)Қазақ жетімдері қызу саудаға түскендей.

Бұл күнде ешкімге де жасырын емес, қазақ жетімдері сырт елдерге саудаланады. Анығырақ айтсақ, кез-келген шетелдік отбасы қажетті құжаттарды рәсімдеп, белгіленген соманы төлеу арқылы Қазақстаннан қалаған жетім баланы өз қамқорлығына алуына мүмкіншілік бар. Бүгінге дейін қаншама қаракөздеріміз шетел асып кетті. Әрине, олардың барлығының бақтары ашылып кетті дей алмаймыз. Кейде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шетел асқан жетімдеріміздің кейбірінің тағдырларының тәлкекке түсіп жатқанын естіп қалып жатамыз. Алайда, министрлік мұндай ақпараттарды жасырын ұстауға тырысады немесе шетелге кеткен жетімдердің жағдайынан бейхабар.

Қазір АҚШ пен Еуропа елдерінің демографиялық ауыр ахуалды бастан кешіріп жатқаны ғылыми түрде дәлелденіп қойған. Онда дүниеге келетін сәбилердің санына қарағанда, қартаю кезеңіне өткен адамдар саны артық. Яғни, халықтың өсімі кеміп келеді. Онда да өсімді негізінен сырттан келген мұсылман өкілдерінің арқасында ғана сақтап отыр. Демек, бірнеше жылдардан кейін Батыс елдерінің демографиялық тоқырауға ұшырайтыны анық. Қазір ондағы ерлер мен әйелдер арасындағы бедеулік саны артуда. Сондықтан ондағы отбасылар шетелдерден жетім балаларды асырап алуға құлықты. Әсіресе бұл жағдай АҚШ-та көбірек байқалады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, АҚШ көбіне балаларды Эфиопия, Қытай және Ресейден асырап алады екен. Бұл — асырап алынған балалар санымен есептегенде. Егер пайызға шағар болсақ, алғашқы орында Қазақстанның тұруы да ғажап емес. Өйткені, Қытайда 1,5 миллиард халық бар, Ресейде 150 миллионға жуық. Қазақстанда болса 16 миллион шамасында ғана. Бұған қоса Эфиопиядағы кедейшілікті, Ресейдегі менталитетті, Қытайдағы бала тууға деген шектеулерді де ескере кеткен ләзім.

Біздің Қазақстанда қанша дегенмен жағдай басқаша ғой. Қазақ жетімін жылатпай келген халық. Оның үстіне бүгінгі «Хабаршалап” айтсақ (”Хабар” агенттігінің жаңалықтары ұсап айтсақ), ел экономикасы қарқынды дамып, толағай табыстарға кенелудеміз. Жеріміз кең, халқымыздың аз екенін де бұған қосыңыз. Демек, мемлекет жетімдерді жеке отбасылардың асырап алуына жақсы мүмкіндіктер жасай білсе, қаракөздеріміз шетел аспай-ақ, туған жердің төсінде төсегіне аунап жатар еді.

Жуырда Ресейде мынадай жағдай орын алды: Артем Савельев есімді ресейлік жеті жасар баланы осыдан бір жыл бұрын АҚШ азаматшасы, 26 жасар медбике Тори Энн Хансен асырап алып, оған Джастин деп ат қойған. Биылғы жылдың 7-сәуірінде асырап алған шешесі баланың жалғыз өзін Ресейге бара жатқан ұшаққа салып жіберген. Тори Энн мұның себебін баланың бойында психологиялық ауытқушылықтың барымен түсіндіреді.

Алайда, Ресей жағы бұл жағдайға ашуланып, АҚШ азаматтарының Ресейден бала асырап алуына тыйым салды. Егер АҚШ азаматтары Ресейден жылына 2 мыңға жуық бала асырап алатынын есепке алсақ, демек аталмыш тыйымнан кейін ондағы отбасылардың назары бізге ауа бастайтыны белгілі. Сөйтіп, Қазақстандағы жетімдердің АҚШ-қа саудалану оқиғасы жиілейтіні анық. Әрине, кейбір мамандар жетімдер үшін жылы мейірімнің керектігін, сондықтан оларға шетелдік болса да, әйтеуір бір ата-аналардың табылғанының жөн екенін айтады. Десек те, мына жәйттерді де ескермей кетуге болмайды:

  1. Өткен жылы АҚШ-тағы «Стар тэлигрэм” газеті жазғандай, Ақтөбелік Мақсат Айтбаев есімді жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Оны Қазақстаннан Ребекка Мартин есімді азаматша асырап алған болатын. Мақсат Айтбаев АҚШ-та жүріп христиан дінін қабылдайды, содан бастап көңіл-күйі бұзылып, оның соңы асылып қайтыс болуына соқтырған. Мақсаттың өліміне екі жағдайдың себеп болуы ықтимал: бірінші — туған жерге сағыныш, екіншісі — өзге дінге өтуі. Мұндай жағдайдың шетел асқан басқа балалардың да басында қайталануына ешкім кепілдік бере алмас.
  2. Жетім балалар интернат үйінде 16 жасқа дейін ғана тәрбиеленеді және 23 жасқа дейін егер мүмкіндік болса, жасөспірімдер үйінде, яғни бейімдеу орталықтарында өмір сүреді. Одан ары қарай жетім балалар өз күндерін өздері көруге тиіс. Дегенмен, қоғамда жетімдерге қолдау аз. Олардың оқуға түсуі де, жұмысқа орналасуы да қиын. Баспана мәселесін айтпай-ақ қояйық. Осының барлығын жастайынан сезініп, түсініп өскен балалар он жастан асқан соң-ақ шетелдік ата-аналардың өздерін асырап алуларын өтініп хат жаза бастайды.
    Бұған қоса, елімізде бала асырап алушыларға арналған ашық ақпараттар жоқтың қасы. Ата-аналар бала асырап алу үшін қандай құжат керектігін, мемлекеттен қандай жеңілдіктер қарастырылатынын білмек түгілі, интернат үйлерінің қайда орналасқанынан да хабарсыз болып жатады. Сондықтан, ынталандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Интернат үйлеріндегі жағдай да қатаң бақылауға алынып, жетім балаларға мемлекет тарапынан кең көлемді қамқорлық қажет. Балалар үйінен кәмелеттік жасқа жетіп, шыққандарды қоғамдық ортаға бейімдеу орталықтары көбейтіліп, оларға түрлі жеңілдіктер қарастырылса және олардың жоғарғы оқу орындарына түсуге, жұмысқа орналасуына қолдау көрсетілсе, жағдай өзгеріп салар еді-ау. Бұған мемлекетіміздің толық мүмкіншілігі бар. Осыған керісінше, шетелдік асырап алушыларға қатаң бақылау болғаны жөн. Егер шетелдіктер үшін Қазақстаннан асырап алынған бала 18-ге жеткенше оның аты-жөнін, дінін, ұлтын өзгертіп жазуға да тыйым салса, тіптен дұрыс болар еді.
    Қазір Қазақстанда 50 мыңға жуық жетім бала бар. Бұл көп, 320 адамға бір жетімнен келеді деген сөз. Сондықтан, ең бастысы мемлекетіміз салдармен күресе білу қажет.

Бұлар:
1. Ерлі-зайыптылардың ажырасуларын кеміту үшін отбасыларға моральдық-материалдық жағынан қолдау көрсетілу. Ата-анасының ажырасуы баланың жетім қалуына әкеліп соқтырып жатады. Отбасыны тату ұстау үшін арнайы идеология жүргізіліп отырса.

  1. Көп әйел алуға рұқсат беру. Жалғызбасты әйелдер не кәрі қыздар ерлермен көңілдестік қатынаста болады да, содан некесіз сәби туылып жатады және некесіз сәбиді асырауға құлықты болмаған аналар оны балалар үйіне өткізуге мәжбүр болып жатқаны.
    3. Адам денсаулығына көңіл бөлу, жүкті аналарды тұрақты түрде тегін медициналық тексеруден өткізіп отыру. Себебі, балалары мүгедек, аурушаң болып туылған жағдайда, ата-аналар одан бас тартып жататын жағдайлар аз емес.
    Бұған қоса, жоғарыда айтып өткеніміздей, бала асырап алушыларға жеңілдіктер жасалуы тиіс. Осы сияқты мәселелер мемлекеттің басты назарында болса, жетімдеріміздің де саны азаяр еді. Шыны керек, ірі кәсіпкерлер болсын, тіпті биліктегілердің өзі болсын, жетімдерді тек 1-ші маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні ғана есіне алып жатады. Бұл дұрыс емес. Жетімдеріміздің басынан әрдайым сипап отырсақ, Құдайдың да бізге деген көзі тура болады. Тоқсан ауыз сөзіміздің тобықтай түйіндер болсақ, балаларымызды жетім қалдырмайық, жетім қалған екен, онда жылатпайық. Өзге елге жіберіп жатбауыр еткенше, өз бауырымызға салып әлдилейік. Балаларға деген мейірім сарқылмасыншы. Рахмет!
  2. «Шын мен Шың» тобының мүшесі Еркежан ханымға сөз  кезегі өзіңізде.Естеріңізге сала кетейін регламинт 6 минут.

Еркежан: Жақсылық амандықтан басталады демекші, армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар,  әділ-қазы алқасы, опанеттерімізбен, уақыт өлшеуші мырза!

Мен «Шын мен шың» тобының 3-ши спикері Еркежан ханым. Біздің резолюциямыз: «Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі» дұрыс деп ойлаймыз.

  1. Аргументіміз: Шетелге қазақ жетімдерінің асыранды болуын құзырлы органдар заң жүзінде орындайды, бақылайды.
  2. Аргументміз: Балалар үйінен шетел асқан балалардың 80% денсаулықтарында ақаулары бар балалар.

«Жетімін жаутаңдатбаған ел едік…» деген мақалмен өз сөзімді бастағым келеді. Жетім балаларды шетелдіктерге асырауға беру мәселесін қарастырып отырмыз.  Бүгінгі таңда елімізде 36 мыңнан астам бала жетім деп танылса, 2000 жылдан бері қарай, яғни 14 жылдың ішінде 10 мыңға жуығы шетелдіктерге берілгені жөнінде статистикалық дерек бар. Ал шет елге жөнелтілмей елімізде бағылып, өсіріліп жатқан жетімдердің жағдайы қандай? Статистикалық деректерге жүгінсек 36 мыңнан астам жетім балалардың 11 мыңға жуығы интернаттық мекемелердегі 196 ұйымда, нақты айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау мекемелерінде тәрбиелеуге алынған. Ал кейбір деректерге қарағанда 2 мың жетім бала патронаттық тәрбиеде екен. Ал қалғаны қайда? Бұл жөнінде деректер жоқ. Демек 36 мыңнан астам баланың басым көпшілігі көрінгеннің босағасын сығалып күн көріп жүр деуге болады. Сондай-ақ түрлі діни ұйымдар ашқан мекемелерде де жетім балалар бағылып тәрбиеленіп жатыр. Олар қандай тәлім-тәрбие алады? Болашақта қандай азамат болады? Бұл мәселе де ешкімді ойландырмайтынға ұқсайды. Осындай деректерге ой жүгіртсек елімізде жетім балалар қамқорлықтан тыс қалғанын ұғыну қиын емес. Сондықтан менің оппанентеріме қойайын деген сұрағым: өзіміздің азаматтар жетімдерді асырап алмаса,  Шетел азаматтары біздің балалаларды асырағысы келсе неге қамқорлықтарына бермеске?

Өмір деген де қызық. Біреу ғұмыр бойы сәби сүйе алмай зар. Ал, енді біреулер нәрестесінен безіп әлек. Мұнымен айтайын дегенім әр адам өз ісіне жауапты қараса, қателік жасамаса деймін. Әр қателіктің өз жауабы бар демекші, осындай қателік қылықтар үшін бейкүнә сәбилер қиналмаса екен деймін.

Тастанды бала мемлекеттің қамқорлығына зәру. Алайда, аталған балалар санатында қаракөз балалардың болуы әсіресе, қазақ үшін тым ұят. Өйткені, кей елдердегілер жетім, тастанды бала деген ұғымды мүлде түсінбейді екен. Мысалы, тіпті, мүгедек балалардың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдайтын Бельгияда жетімдер үйі мүлде жоқ көрінеді. Ал біздің елде жетімдер үйінің саны жылдан жылға көбейіп жатыр. Республикамызда 44 балалар үйі мен 22 мектеп интернат бар. Мұндағы жәутеңкөздердің 80 пайызы тірі жетімдер. Яғни, әке-шешелері түрлі себептермен бас тартқан балалар.

Менің алдымдағы  жақтастарымның Диана ханым  мен Назерке ханымның айтылған пікірлеріне толықтай қосыламын, жақтаймын.

Менің алдымда қарсыласымыз Айқыз ханым келтіріп кеткен Петропавл психоневрологиялық интернаттың екі жақсы жағын атап өттіңіз. Ал, енді менің оғанда қосатыным бар. Жуырда ғана Петропавлдағы психоневрологиялық интернат ғимаратында VIP саунаның жұмыс істеп келгені анықталды. Интернат директоры саунаны өзі аштырған және оны сол жердегі қызметкерлер ғана пайдалана алған. Тәрбиеленушілердің жуынып-шайынуына мүлде тыйым салынған. Осы бір факті арқылы-ақ еліміздегі интернаттардағы жағдайлардың керемет еместігін түйсінесіз. Мұның алдында да БАҚ-тарда тәрбиеленушілерді ұрып-соғатын, жәбірлейтін және ауыр жұмыстарға салып, тамақтан, киімнен қысатын жағдайлардың кездескенін естіп-көріп жүрдік.

Бала асырап алудың қиындықтары:

Кейінгі жылдары елімізде бала асырап алушылардың саны артқаны байқалады. Мәселен, соңғы он жылда Қазақстанда 28 мыңнан астам бала жылы ұясын тауып, қамқоршылардың қолына өткен. Дей тұрғанмен, Қазақстанда бала асырап алудың қиындықтары әлі де сезіліп отыр. Біріншіден, біздегі жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің дені – денсаулығында ақауы бар балалар. Олардың арасында тіпті жазылмайтын дерті барлары да кездеседі.

Әрине, мұндай жетімектерді асырап алуға ата-аналардың құлқы болмайды. Екіншіден, біздің заңымыз бойынша, егер жетім баланың бірге туған бауырлары бар болса, оны бөлек асырап алуға рұқсат жоқ. Ал ата-аналардың көбі тек бір баланы қолына алғысы келеді. Үшіншіден, қағазбастылық мәселесі. Бала асырап алғысы келетін адам, одан талап етілетін құжаттарды көргенде, бастапқы ойынан айнып кетеді немесе құжаттарға қол жеткізе алмай діңкесі құриды. Төртіншіден, ата-ана жетімдер үйінде қандай бала бар екенін, олар туралы толық ақпаратты алдын ала біле алмайды. Яғни бізде оны ақпарат құралдары арқылы көрсетуге рұқсат жоқ. Тағы бір қоса кеткіміз келгені, бізде бойдақтардың да бала асырап алуына шектеу қойылған. Ал Қазақстанда, әсіресе, тұрмысқа шыға алмай, жасы келіп қалған қыздар бала асырап алуға мүдделі. Міне, осындай қиындықтардан кейін елімізде бала асырап алу шарасы баяу жүріп келеді.

Ойымды қортындыласам,  балалардың, әсiресе тастанды балалардың тағдырын осы бiр дебатымызда толық қамту мүмкін емес. Кез келген баланың ата-анасы жүрек жылуымен, ыстық алақанының мейiрiмiмен өскенiн қалайтын болсақ, жетім бүлдіршіндердің өміріне де жайбарақат қарауға болмайды. Денi сау бала өмiрге келсiн десек, денi сау ұрпақ өсiп жетiлсiн десек, белең алып бара жатқан бұл мәселенiң түйiнiн шешкенiмiз абзал.Тастанды балалардың арасында қаракөздердiң жыл сайын көбейiп бара жатқаны да кеудесінде намысы бар кісінің жүрегiн қынжылтады. Ендеше, қазақтың қара домалақ баласының тағдырына немқұрайлы қарамайық ағайын.

Назарларыңызға рахмет!

6.«Парасат» тобының 3-ші спикері Әділет ханым қортынды сөз сіздің еншіңізде.

Әділет: Армысыздар көрермендер мен ұстаздар!

Мен «Прасат» тобының 3 спикері Әділет  ханым боламын.

Резолюциямыз: «Қазақ жетім балалары шетелге асыранды болып кетуі дұрыс емес.

Аргумент                                                                                                                                                                                                                     1) Шетелдегі қазақ жетім балаларының асыранды болуы ұлтымыздың дәрежесін түсірмей ме?

2) Қазақ жетімдері қызу саудаға түскендей.

Қазақ жерінде «Жетімдер үйі» деген атау болмаған. Деректерге сүйенсек, мұндай мекемелер біздің елде кеңестік қоғам кезінде пайда бола бастады. Ал ондағы жетімдер саны, әсіресе, Тәуелсіздік алған жылдардан кейін көбейе түсті. Күнде естіп жүргендіктен бе, жоқ, әлде санамыздың өзгергендігі себеп болды ма, қазіргі уақытта біз «жетім» деген сөздің қаншалықты қасіретті, ұлт үшін ұят екенін сезінбей жүргендейміз. Еркежан ханым «Жетімді жаутандатпаған ел едік» деген мақалды келтіре кеттіңіз. Сондықтан шетелдің азаматтарына жетімдерімізді неліктен жаутаңдатып қоябереміз?

Қаншама қарадомалақ балалар жатбауыр тартып барады. Мұның бәріне кінәлі кім? Қоғам ба, қоғамды қолымен жасап отырған адамдар ма? Шырылдаған сәбиін балалар үйінде қалдырған көкек аналар мен жетесіз әкелердің жауапкершілігі жоқтығы осыған әкеліп тіреп отыр. Бұл дегеніміз тәрбиені жастардан бастау керекпіз деп ойлаймын.  Заман азды ма, адам азды ма, әйтеуір, соңғы кездері жанарлары жәутеңдеген көптеген сәбилеріміз бөгденің бауырында тәрбиеленуде. Мұхит асты, Еуропаның түкпір-түкпірінде жүр. Күні ертең олардың ұлтын да, тілін де білмей, жат болып өсетініне шек келтіре аламыз ба? Мұхит асқан балалардың шырылына бір сәт құлақ түріп көрдік пе? Еуропада өсіп жатқан қазақтың қаракөздері қалай күн көруде? Шетелдіктер асырап алған балалардың өміріне жауапты білдей комитет: «ол уақытта республикада айқын жүйе, балаларды бақылайтын заңдылықтар болған жоқ», – дейді. Айқын жүйе, тегеурінді заң болмаса, 1999 жылдан бері қазақстандық жетім балалар қалай қыр асып кеткен деген сауал туындайды еріксіз…

Жауапты мекемелер бұған әртүрлі түсініктеме береді. Балалардың құқығын қорғау комитетінің жауабы – сол кезде қадағалау әлсіз, заң осал болды дегенге саяды.  Қазақстанның шетелдегі консулдары: «Барлық баланы бірдей бақылай алмаймыз, оларды түгел аралап шығатын болсақ, негізгі жұмысымыз жайына қалады, уақытымыз да жетпейді», – дейді. Бұған мен келісемін, өйткені бір ғана Испанияның өзінде қазақстандық балғындардың барлығы бір жерге шоғырланбаған, елдің әр түкпіріне шашырап кеткен. Олай болса, Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалардың тағдырын бақылайтын арнайы орын құрылуы тиіс. Ал, агенттіктерге сену абырой әпермейтін сияқты, өйткені бұл – халықаралық бала асыраумен айналысатын мекемелердің бизнесі, олар «қазақстандық баланың құқығы тапталды» деген ақпаратты өз имиджі үшін бәрібір бермейді. Мәселен, АҚШ-та орыс балаларына қатысты озбырлық тірліктер көбейіп кеткен соң, Ресей Америкаға осы елдегі балаларды көзден таса қылмайтын өзінің арнайы мекемесін ашуға талап қойды, бірақ АҚШ адам құқығын алға тартып, бұған келіспеді, нәтижесінде Ресей американдықтарға бала беруді тоқтатты. Бұның астарында басқа да мәселелер болуы мүмкін, дегенмен, бұл құрметтеуге лайық іс-әрекет. Осы тұста айта кетейін, АҚШ азаматтары тарапынан «ресейлік балалар азап шегіп жатыр» деген ақпаратты жиі тарататын көршіміз Еуропа елдері азаматтарының асырауына берілген ұрпағын іздемейді де екен. Кәрі құрлықта біз осыған қанықтық. Тағы бір мәселе, 1999 жылдан бері сыртқа ағылған қазақстандық балалардың барлығы бірдей консулдық есепке тұрмаған. 1999 жылдан бастап, 2001-2002 ж. ж. шетелдіктер балаларды біздің ішкі заңнамаға сәйкес, тек соттың шешімімен ғана асырап алған, онсыз бірде бір бала сыртқа шыққан емес. Сондықтан соттың шешімімен шетелдіктер ҚР ІІМ барып, баланың құжатын алып, баланы елімізге келген соң тіркеуге қоямыз деп уәделерін берген, алайда олардың барлығы бірдей сөзінде тұрмаған. Бұл ҚР Консулдық қызмет департаментінің мәліметі. Осыдан кейін ғана ҚР Сыртқы істер министрлігі 2003 жылы бұйрық шығарып, шетелдік отбасыларға бала сыртқа шықпай тұрып, өздеріне қатысты барлық мәліметтерді Консулдық қызмет департаментінде қалдыру туралы талап қойған. Ал, бұл кезге дейін қанша бала сұраусыз кетті, ол бір Жаратқанға ғана аян.

Мәселен, «Дала мен қала» газетінің биылғы 25 ақпандағы санында Бас прокуратураның мынандай дерегі келтіріліпті: Баланы қамқорлыққа алушыларға үкімет әр балаға 17 мың теңге, патронат тәрбиелеушілерге 27 мың теңге, ал интернаттың бір тәрбиленушісіне 70 мың теңге қаржы шығындалады екен. Сөйтіп, небәрі 11 мың баланы интернатта тәрбиелеу үшін үкімет жылына 8133 млн. теңге жұмсайды екен. Демек, мұның өзі мемлекет үшін аса қомақты қаржы деп дәлелдейтіндер де бар. Бұл Қазақстан үшін көп пе, аз ба? Арине аз. Менің жақтастарым Меруерт ханым мен Лаура ханым атап айтқандай    «Жебе» газеті, 22 тамыз 2013 жыл санында 2012 жылы 72,6 млрд. теңге игерілмей қалыпты. («Егемен Қазақстан» газеті 07.06.2013 ж.) Ал осынша қаржының жартысы 40 мыңдай жетімекті тәрбиелейтін балалар үйлерін ұстауға бағытталса да жетіп артылар еді. Алайда Парламент депутаттары мен шенеуніктер өзге салаларға қаржы бөлуде көңілдері көл болып жатса да жетімектерге келгенде көңілдері шөл болып, шық бермес Шығайбайдың күйін кешетінін түсіну қиын. Жалпы жетімектер ғана емес, мүгедектер мен жалғызбасты аналардың, тұрмысы ауыр, табысы аз отбасылардың балаларының әр біріне бір жастан асқаннан кейін бір жарым мың теңге ғана көмек тағайындалатыны да естір құлаққа, айтар ауызға ұят емес пе?

Сондықтан, шетелге бала беру мәселесін ұлттық тұрғыдан, мемлекетшілдік тұрғыдан ойланып, оңтайлы шешімін шығаруымыз қажет. Шетелге кеткен балаларымыз жайлы бірлі-жарым жағымсыз оқиғаларды естіп жатамыз. Бұл белгілісі ғана. Ал, қаншама баланың тағдыры не болып жатқанын ешкім де білмейді. Ішіндегі тәуірлерін ғана көрсетіп, ол жақтағы жағдайлары керемет деп есеп үшін өтірік көрсете салу оңай болып тұр. Газеттен оқыдым. Біз сені Қазақстаннан асырап алғанбыз, сен өз еліңді білуің керек дейтіндері болатын көрінеді. Бірақ барлығы бірдей дәл солай қамқорлық жасайды дегенге сену қиын ғой. Баланың тағдыры біздің қоғамымыздың тағдыры, бүгінгі баланың тағдыры ертеңгі келешегіміздің тағдыры. Егер бұған қалай болса солай қарасақ, онда өзіміз келешегімізге қалай болса          солай қарағанымыз       деп есептеймін.

Біз осы іс-шара өткізуде таңдаған тақырыбымыздың мақсаты, мүмкін, перзентін тастап кетуге ыңғайланып жүрген бір бойжеткен дебатымызды көріп, өмір бойы өксіп өтер қателіктен аяғын тартар. Жігіттеріміздің жауапкершілігі артар. Ата-аналар ұл-қызына жаста­йынан «баланың кез келген жерге тастап кететін ойыншық еместігін» айтып, еліміздің болашағы екенін түсіндіріп өсірер. Қанша нәубетті басынан өткерсе де, қазақ елі баласын жатқа телміртпеген. Сол құндылығымызбен қайта қауышсақ дейміз. Қазақ елінде жетім бала деген түсінік жоғалып, балалар тек өзінің туған ата-анасының мейіріміне бөленіп өссе екен. Екіншіден, шетелге әкетілген тағдыр иелері әлі де Қазақстан азаматтары, олардың бойында қазақтың қаны бар. Сондықтан да шетелдіктер асырап алған бүлдіршіндермен Қазақстан арасындағы байланыстың үзілмеуіне күш салғымыз келеді. Әзірге олар бала, Қазақстанды жақсы көреді, бір келуді армандайды. Отанымыз деп қабылдайды. Есейген кезде оларда «өз еліме неге керексіз боп қалдым?» деген ой тумауы үшін, біз шетелдегі қазақстандық жетім балалардан бас тартпауымыз керек.

Ұсынысым:

  1. Қазақстан азаматтарына бала асырап алуда жеңілдіктер, қағаз бастылықты қайта қарау.
  2. Бала асырап алушыларға мейлінше көмек көрсету.
  3. Шетелге бала беруді тоқтату.
  4. Сұрақ – жауап
    Осы тақырыпта байланысты өз ойларын сұрақтар арқылы толықтатар деген ниетпен екі топқа сұрақ алмасуға рұқсат беріңіздер.

ІІІ Қорытынды.

Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.

  1. Жюридің пікір – таласқа деген көз қарасы.

Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Осындай іс-шараның ұйымдасып, жиналып, пікірлерімізді білдіріп отыруымыз тиіттейде болсын жастардың санасына ой тоқтау салсақ деген едік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!

ДЕБАТ

Қазақстан тарихы пәнінен: Жәңгір хан трихта жағымды немесе жағымсыз тұлға

Мақсаты:

                  1.Білімділік. Бөкей ордасының құрылуы, оның мұрагері Жәңгірдің    

                  кезіндегі халықтың жағдайы, Исатай мен Махамбет  көтерілісінің     

                  шығуы және Жәңгір ханның өз заманында білімді – білікті тұлға

                  екендігіне сипаттама беріп, талдау жасап зерттеу.

  1. Тәрбиелік. Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа

            жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық

            сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.

  1. Дамытушылық. Тақырыпқа байланысты құжаттар, әдеби – мұралармен

            жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге   

            қызығушылығын қалыптастыру.

  • Кіріспе.

   Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі орны бар қазақтың біртуар хандар Бөкей хан мен Жәңгір ханның есімдерін құрметтеу былай тұрсын елеуден, ескеруден де қалған еді. Тарихи деректерде пайдалана отырып Жәңгір қандай саясат ұстады, халқына қайыр – шапағаты тиді ме? – деген сауалға жауап іздестіріп, оқушылар пікір-таластырып, талдау жасайды.

Бөкей хан – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ  хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы  Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған.

Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,1801 – 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында  орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

Жәңгір – шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп, 1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді. Еділ мен Жайық арасында Бөкей ордасының құрылуы, Бөкейдің ұстаған саясатының дұрыстығын немесе бұрыстығын кезінде әркім әрсаққа жүгіртті. Бірі – орысқа берілгендіктен, екіншісі – мансап құмарлықтан, үшіншісі – алдына қойған мақсатына, ұстаған саясатына байланысты деді. Бөкейдің ішкі сырын ешкім түсінбеді. Тарихи деректерге сүйенсек 1737 жылдан бастап Жайықтың Самар жақ Бетіне қазақтардың көшіп – қонуына шек қойылған делінген. Отарлаушылардың қазақтардың арасында арандату саясаты бірімен – бірін араздастыруға, бір – бірімен жауласуға әкеліп соқты. Отаршылдық туғызған мұндай әрекеттер ел басына ауыртпалық әкелді. Ел тозды, ашықты, күйзелді. Береке, бірлік кетті. Елде көтеріліс шықты.

Махамбет – ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 -1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824 – 1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайын қасында болды.  1834 жылы Исатай батырмен тізе қосады. Алайда көтеріліс жеңіліс табады. 1838 жылы Исатай қаза болған шайқастан Махамбет аз ғана серіктерімен қашып құтылады. Ол Хиуа хандығына барып тағыда жасақ жинауға күш салады. Бұдан нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп ел ішін паналайды. Мұны естіген Жәңгір 40 адамнан қаралған жасақ жібереді. Махамбетті ұстап екі апта түрмеде ұстап Орынборға айдатады. Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді. Жәңгір хан қайтыс болған соң елге сұлтан болған Баймағамбет Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басы үшін 1000 сом сыйақы тікті. Махамбет хорунжий Ықылас Төлеевтің қолынан қаза тапты. Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай «, » Ұлы арман «, » Жайықтың бойы көк шалғын», » Атадан туған ардақты ер «, тағы басқа жырларында болашаққа зор сеніммен қарайды, жақсылыққа, бақытты, бостандықты күреспен ғана жеңіп алуға болады дейді.

Сөз кезегі Асхат мырзада: Қайырлы күн құрметті көрермендер, құрметті менің опаненттерім және құрметті әділ-қазы алқасы, таймкипер!

Біздің тобымыздың аты «ЖАС ҚАЗАҚ»

3-ші спикер Оспанова Еркежан

2-ші спикер Маукшева Мерей

1-ші спикер мен Байжалғасов Асхат

Біздің резалюциямыз: Жәңгір хан тарихта жағымсыз тұлға.

Дифиненциямыз:

Жәңгір-адам атауы. Бөкей ханның ұлы. (1801-1854 ж.)

Хан-хаған, қаған, қаһан (ескі түркі сөзі-монар биеуші)түрікше әрі монғолша лауазым. Қазақ тарихында Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Абылай хандар сияқты хандар болған.

Тарихта– өткен бабалардың ізі жазылған оқиғалардың жиынтығы.

Жағымсыз– белгілі бір іс-әректіменен елге немесе халыққа жақпай қалуы.

Тұлға– жеке дара мақсаты бар өз ісіне жауап бере алатын адам.Адам.Қоғам.Құқық.9-сынып

Критериіміз:

Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы, шаруалар көтерілісін тудырды.

1.Аргументіміз-Жәңгір қазақтың көп хандарының бірі

  1. Аргументіміз-Жәңгір отарлау саясатын жүзеге асырушы

Менің опаненттім Фархад мырза бізде мынандай дерек бар. Жәңгір хан ешқашан сабақ бермеген. Тек ғана Константин Петрович Ольденко мырза хат арқылы мектеп жағдайын біліп отырған деген және де 1404 сом ақша төлеп отырған (Школьный альбом Букеевский Орды Астрахан 1838 году).

1836-1838 жылдардағы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық тарихының даңқты беттері десек те болады. Бұл көтерілістің себептері де белгілі-Ресей патшасының отаршылдық езгісінің күшеюі, қазақ даласына айналдыра әскери бекіністер салуы; ел басқарудың қатал тәртібін орналастыруы; халықты аяусыз қанау; қазақтың өз арасынан билеушілері шаруаларды қорғаудың орнына патша әкімдігімен сыбайлас болып қарапайым халықты бірлесіп қасқырша талауы. (9-сынып Қазақстан тарихы оқулығы).

Біріншіден, Бөкейдің-ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындығын түсінді.

Екіншіден, Ресей императоры мен ордадағы оның мирасқорларын орыс үкіметі сойылын соғатын қолшоқпары ретінде ғана таныды. Бұрын қазақтың бар байлығы мал болатын. Бөкей-ордасының ханы Жәңгір қарапайым шаруаны алдыменен жерден қысты. Нарын өлкесінің ең шұрайлы жерлерін өзі алды қалғанын туыстары мен жекжаттарына берді. Шаруа бұрынғы түтін салығынын үстіне хан салығын төлейтін болды. Бұл салықтар әсіресе қалт-құлт етіп жүрген шаруаларға ауыр тиеді. Салық жинау шектен асты. 1836-1838 жылдары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының басшылығымен патша өкіметі мен қазақтың хан-сұлтандарына, басқа да шонжарлардың езгісіне қарсы көтерілісті басуға басшылық етті. Ресей патшасының жазалаушы әскерлерінің көмегіменен көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалады, ал көтерілісті қолдаушыларды қуғын-сүргінге ұшыратты десекте болады.

Бөкей хандығы құрылғанның алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы жерлерді хан өзінің жақындарына, сарайдағы ақсүйектерге бөліп берді. Осының салдарынан басқару жүйесін өзгерту, хандық билеп-төстеу саясатының күшеюі, алым-салықтың жылдан жылға ұлғаюы, қазақтардың өміріндегі дәстүрлі құқыларының әлсіреуіне алып келді. Жыл сайын хан сарайына Ноғай руы-40000 сом, Қызылқұрт-30000 сом, Жетісу-20000 сом, Серкеш-60000 сом ақшалай салық төлеуге тиісті болды. Сонымен қатар күзде әрбір шаңырақ хан сарайы мұқтаждығына құны кем дегенде 70 сомнан кем түспейтін бір жылқыдан беруге міндеттенді. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын  Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларын билеуші етіп тағайындалуы түрткі болды. Жәңгір ханның әділетсіздігі мен қазақ шаруаларына рақымсыздығы да халықтың наразыығына әсер етпей қоймады. Әбден зығырлары қайнаған шаруалардың әділетті талаптарын орындатудың бір ғана жолы- отаршылдыққа қарсы қарулы күрес еді. Кіші Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінді.

1833-1836 жылдар көтерілістің басты алғы шарттарының қалыптасуы; 1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін көтерілістің етек алған кезеңі; патша жазалаушы әскерлерімен, ханды қолдаған адамдармен қақтығыстар; 1837 жылғы шілде айына дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреуі яғни жеңілу кезеңі десекте болады.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-қазақ шаруалары. Хан алдына қойылған шарттар туралы сөйлеспек ниеттегі батырлардың қасына ерген 17 адамның қарасын жол-жөнекей көбейіп, кәдімгідей қолға айналып кетеді. Ханға көтерілісшілер қалың қолмен келіп қалды деген хабар жеткізіледі. Хан елші жіберіп талаптарын жазбаша білдіруін сұрап, сұрауларын дұрыс тексеріп, қанағаттандыруға уәде етеді. Хан іле-шала Орынбор генерал-губернаторына хат жолдап, әскери күш көмек сұрайды. 1837 жылы қараша айында- Исатай Жәңгір ханға он күн мұрсат береді. Сол аралықта Орынбордан подполковник Геке бастаған әскер, Астраханов, Қ.Бабажанов бастаған өз жасақтары бас құрап үлгереді. Махамбет пен Исатай Бекетай құмына шегінеді. 1838 жылдың шілде айында 12 күн екі жақтың қарулы күштері ақбұлақ деген жерде ақырғы шайқаста кездеседі.

Абайдан кейінгі елін сүйетін патриот ақынымыз Махамбеттің «Жәңгірге айтқан» атты өлеңімен мен өз сөзімді аяқтағым келіп отыр.

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сенің басқа ұрсын.

Хан емессің ылансың,

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің айырсың,

Айыр құйрық шаянсың.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Азамат мырза: Қайырлы күн құрметті көрермендер, опаненттерім, әділқазылар!

Біздің тобымыздың аты: «ЖАС ҚАНАТ»

Біздің 3-ші спикер Азамат мырза

1-ші спикер: Фархад мырза және мен 2-спикер Мадина ханыммын.

Біздің резалюциямыз: Жәңгір хан тарихта жағымды тұлға

Дифиненциямыз:

Жәңгір-адам атауы. Бөкей ордасының ханы. (1801-1845 ж.)

Хан-хаған, қаған, қаһан (ескі түркі сөзі-монар биеуші)түрікше әрі монғолша лауазым. 7-кл.Қазақстан тарихы оқулығы.

Тарихта– тарих «араб сөзі»-әңгімелеу, баяндау.Қысқаша тарих -3 бет

Жағымды– белгілі бір іс-әректіменен елге немесе халыққа ұнауы, белгілі болуы.

Тұлға– жеке дара мақсаты бар өз ісіне жауап бере алатын адам. Зат есім синонимі болғандықтан баламалары:түр, тип, бейне, пішін түрлері бар.Қайнар көзі (қазақша-орысша сөздік)308 бет

Критерийміз:Жәңгір қазақ мемлекеттілігінің дәстүрін жалғастырушы.

1.Аргумент: Жәңгір заманынан озып туған тарихи тұлға

2.аргумент: Жәңгір өркениетті білім негізін салушы.

Деректер: 1.//Жас Алаш 15-қараша 2003ж.65 бет

  1. Қазақ энциклопедиясы.
  2. 5-9 сынып Қазақстан тарихы оқулықтары

Асхат мырза сіз Исатай мен Махамбет көтерілісі Жәңгір ханның ықпалынан өршіді деп отырсыз. Орданы көтеріліс жалыны шарпыған кезде Жәңгір хан Исатайды мәмілеге шақырумен сөз жазды: Құрметті Исатай Тайманұлы старшын! Сізді әркімдерден халықты қобалжытып, ендігі бір қатары сіздің үгітіңізбен бүлікшілік жолында дегенді естідім. Өзіңізді қылмысты ету үшін шақырып отыр демеңіз, ақ-қараны ажырату, жеке түсінісу үшін сіздің шұғыл келуіңізді күтем. Мен сенің адал қызыметіңе бола хат жазып отырмын. Өзіңнің тілеуқорың Жәңгір хан. Алған дерегіміз //ЖАС АЛАШ 5-наурыз 1836-жыл-деп жазған хатынан. Жәңгірдің Исатайға деген ықыласы әкесі Бөкейден дарыса керек.

Шұрайлы жерлерді Жәңгір хан туыстарына бөліп берді деп отырсыз Жәңгір ханның Астраханмен айтысып жүріп, қазақ қоныстанғанға дейін орыс князьдарының меншігі болған теңіз кемеріндегі құнарлы жерлерді хан ордалықтардың пайдалануына алды. Әрине, ондай даулы мекендердің қайтадан қолды болмауын ойлаған. Ал, Махамбет пен Жәңгір хан бір кездегі араларында қыл өтпейтін дос болған. Сонымен қатар Махамбет Ішкі Бөкей ордасында дүниеге келген, Жәңгір хан жанында кеңесшісі болған. Махамбет Жәңгір ханның баласы Зұлқырнаймен Орынборда 5 жыл бойы бірге болып, жан –жақты білім алды. Осыдан-ақ өзіңіз қараңызшы Махамбеттің жан-жақты білім алуының өзі Жәңгір ханның ықпалы емес пе?

Бірақ Махамбет Орынбордағы сапардан оралған соң тарихи әлеуметтік мәселелерге байланысты Махамбет пен Жәңгір хан арасы суи бастады да, ол Исатай Тайманұлының тобына қосылды, яғни Жәңгірдің немере туысы Қайыпқаш хандыққа ұмтылып, Ордада бүлік шығарды да, оған Махамбетте араласты. Осыдан кейін екеуінің арасында алауыздып пайда болған еді.

Жәңгір ханның қазақ даласына жасаған еңбектерін және оның қазақ жастарына, яғни, алғаш мектеп ашқанын менің әріптесім Фархад мырза айтып өтті. Жәңгір Бөкей Ордасын көгалдандырудың Бас жоспарын жасаған. «Бас жоспарға» тоқталып өтсем: ол осы жоспар бойынша солтүстік-шығыс тұсты орағытып жатқан құмшағылдардың сусымалы топырағы тоқтатылған. Ол үшін осы өлкені суландыру, ол төңірекке қарағай, терек, тал, шілік, жидек, мойыл, итмұрын т.б. шөлге төзімді, сусымалы топырақты тоқтататын ағаш, шөп, өсімдіктерін көптеп отырғызып, егу жұмысын қызу бастаған. Бұл жұмыстар хан қайтыс болғаннан кейін де Бас жоспар бойынша жүргізіле берген. Осыдан өзіңіз қараңызшы қазақта қай хан қазақ даласын көгалдандыру, табиғатты қорғау салаларында «Бас жоспар» жасағанын айтыңызшы? Сонымен қатар Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасы сауда-саттықтың да орталығына айналған. Апта сайын өтетін базар күнінен басқа жылына бірнеше рет «хан жәрмеңкесі» болып тұрған. Бұған тек Қазақстанның ғана емес, көрші елдерден де көп халық жиналатын. Ұлттық ойындар ойнатылатын: балуан күресі, ат жарыс, шешендік сөз жарыстыру, ақындар айтысы тағыда басқа ойындар ұйымдастырылған. Сондықтан да бұл жәрмеңкеге халық көп жиналатын.Осы сияқты қазақ даласына жасаған ұмытылмас жақсылықтары Жәңгірдің тарихта жағымды тұлға екенінің айғағы.

Кейбір деректерге қарасақ: » Жәңгір 400 мың десятина жер иеленді»,-деген сөз В.А.Перовскийден тараған жалған сөз болуы ғажап емес. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Ал Исатаймен қарым – қатынасына келсек, Жәңгір Исатайды қатты құрметтеген, ерлігін бағалаған. Петербургке  императорға кетіп бара жатқан Хиуа елшісін Сарайшық бекінісінде күтіп алу жауапкершілігін Исатайға тапсыруы осының бірден – бір дәлелі. Ал көтерілістің тууына халықтан алынатын салықтың көп болуының ықпалы болғандығы шындық.

Бірақ сол алым – салықтың бәрі дерлік халықтың экономикасы мен мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеру үшін жұмсағанын ешкім жоққа шығармайды. Оны тарих та өшіре алмайды. Оның үстіне Бөкей Ордасындағы қызмет еткен Сыртқы істер министрінің өкілін, әртүрлі лауазымды шенеуніктер, саяхатшылар, хан кеңесіне жиналатын ел басшыларын күту, хан ордасында мектеп, дәріхана, аурухана, тұрғын үй құрылысы тағы басқа шығындардың халықтың мойнына түскені шындық. Мұндай шығынға арнайы қаржы бөлінбеген. Сондықтан халықтан жиналатын алым – салықпен толықтырылып отырған. Жәңгірдің түпкі мақсатын көтерілісшілер де, оның басшылары да кезінде түсінбеген, түсінгісі келмеген де болу керек.

Асхат мырза сіздің жаңағы сөзіңізді хан емессің, қасқырсың, өлеңімен аяқтадыңыз. «Хан емессің, қасқырсың» жілігі татымайтын көк жасық дүниеге Жәңгірді ғана емес, Махамбеттің өзін де қашанға қия береміз? Егер осы өлеңді ақынның шығармалары қатарына қоспай-ақ қойсақ, оның жақұт жырлары, шаң-тозаңнан арылғандай, бұрынғысынан да жарқырай түсер еді. Махамбет танушы Сатыбалды Даумовтың осы сөзімен өз сөзімді аяқтаймын. Жәңгір мен Исатай қарым – қатынасы.Тыңдағандарыңызға рахмет! Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Мадина ханым: Салеметсіздер ме?!

Біздің тобымыз «ЖАС ҚАНАТ»

Мен 3-ші спикер Мадина ханым

Бүгінгі өзекті мәселе – Жәңгір хан

Біздің резалюциямыз: Жәңгір хан тарихта жағымды тұлға.

Енді дифиницияға келмек болсам, менің жақтастарымның дифинициясын қолдаймын.

Критерийміз:Жәңгір қазақ мемлекеттілігінің дәстүрін жалғастырушы.

1.Аргумент: Жәңгір заманынан озып туған тарихи тұлға

2.аргумент: Жәңгір өркениетті білім негізін салушы.

Сіздердің 1-ші аргументтеріңізде Жәңгір қазақтың көп ханының бірі деп отырсыздар. Жәңгірдің сол көп хандардан айырмашылығы, яғни, ерекшелігі қазақ даласында оқу-ағарту ісін, денсаулық сақтау, табиғатты қорғау салаларында жұмыс жүргізді. Бұл салаларды менің жақтастарым Фархад мырза мен Азамат мырза тереңінен айтып, толығымен ашып өтті. Сонымен қоса Нарынқұм даласында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын станционарлы ұлттық мектеп ашылды. Сирек кездесетін экспонаттардан далалық музей «Қару-жарақ бөлмесі» ұйымдастырылды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарға арналған дәрігерлік пункті мен дәріхана салынған. Бөкей Ордасында өкімет билігін орталықтандыру және білімдендірілген монархия үгісі бойынша басқару формасы өріс алды, хан сарайынан тысқары билік апараты ұйымдастырылды. Жәңгірдің ашқан мектебі мыңдаған жастарды білім бұлағымен, білім нәрімен сусындатты, яғни Жәңгірдің мектебі қазақ даласына білім сәулесін шашып келді. Осы мектептің үздік бітіргендерін Ресейдің Саратов, Петербург, Мәскеу тағы басқа қалаларына жіберіп оқытқандығын жақтастарым айтып өтті. Енді оларға арнайы степендич төлегенінде айтып өтейін. Жәңгірдің өзі Астрахань қаласында оқып, өз заманына лайықты жақсы білім алған екен. Оның білімділігі мен бекзаттығына таңдай қаққан Орынбор ерекше корпусының полковнигі Бергтің Ресей сыртқы істер министірлігінің басқарушысы граф Нессельродеге француз тілінде жазған хатында «Monsieur le Conte!» (Граф мырза) Тым жастығына қарамастан, жаңа сайланған ханның сөзі тіпті ақсақалдар алдында да өтімді, бәріне сыйлы, өйткені ол өз халқының салт-дәстүрін аса құрмет тұтады. Астраханда алған озық білімін дәреже санайтынымен ол туған тілінің, әдебиетінің асқан білгірі, орыс тілінде біршама жақсы сөйлеп, жазады-деп Жәңгірдің өз заманының озық білімпаз екенін және жеке бас қасиеттерін француз тілінің байлығымен баяндаған. Жәңгірді шен-шекпенімен ұлықтар болсақ, қазақ елінің Еуропа құрлығындағы әкімшілік бөлігі Бөкей Ордасының билеушісі, ұлтымыздан шыққан тұңғыш генерал, Қазан университетінің құрметті мүшесі, зерделі, оқымысты, бірнеше тіл білген, қазақ халқын оқу-білімге, имандылыққа, еуропалық өркениетке бастаған. Өресі мен тәрбиесі арқасында Ресей патшасымен тең сөйлесіп, Ордасын әкімшілік, сот, діни және экономикалық іргелендіруді білгірлікпен, саясатпен жүзеге асырды. Осыған қарап-ақ Жәңгір ханның білімпаздығы заманынан озып туған тұлға екеніне көз жеткіземіз.

Енді 2-ші аргументтеріңіз Жәңгір отарлау саясатын жүзеге асырушы және критерийларыңызда Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы шаруалар көтерілісін тудырды деп Исатай мен Махамбеттің көтерілісін алға қойып отырсыздар. Махамбетке тоқталсақ: ол өзі сол Бөкей Ордасында дүниеге келген. Менің жақтастарым Фархад мырза мен Азамат мырза айтып өткендей ол Жәңгірдің өзіне жақын адамы болған, айнымас достықтарына қандай сабеп сызат түсіргенінде айтып кеттік. Өздеріңіз айтып өткендей Махамбет пен Исатайға 1000 сом бәйге тікті дейсіздер. Оған Жәңгірдің мүлде қатысы жоқ. Губернатор Перовскийдің бірден-бір қатысы екенін естен шығармаңыздар. Исатай мен Махамбетті ұстауға Кіші жүздің басқа да сұлтандары өршелене қатысты. Баймағамбет отряды жанталаса іздестірді. Полковник Даниловский де Махамбетті қудалауды тездетті. Полковник Гекенің Астрахань казак әскерлерінің подполковнигі Алеевке хатын айта кетейін: Онда Геке Исатайды қудалап жүргенін айтады. Қараңыздаршы Махамбет пен Исатайды қудалауына себепкер болған Геке, яғни «тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар» демекші Жәңгір мен Махамбет арасына сызат түсіуінің ең негізгісі-сыртқы езгі яғни Астрахань тарапынан орыс помещиктері мен Орал жағынан казачествоның жат пиғылы, хан мен старшындар арасына іріткі салуы. Адамзат тарихындағы талай қанды көтерілістер шүріппенің кездейсоқ басылуынан, екеудің егесінен, екеуді үшінші біреудің айдап салуынан басталатын сияқты, Бөкей Ордасында да тосын оқиғадан ушыққан әлеуметтік тартыс саяси қайшылықты туғызды.

ХІХ ғасырда «Дала уәлиаты» газетінде жазғандай, Жәңгір халықтың өз арасындағы жетпеген дау қызметтерін бітіріп тұрғанына арыз иелері де, жауаптылар да разы болып бітісіп кететін- деп жазған екен. Осыдан қарап Жәңгір ешқандай отарлау саясатын жүзеге асырушы және әділетсіздігі рақымсыздығы шаруалар көтерілісін көтерген жоқ екені айқында анық көрінеді. Асхат мырза сіздің «Хан емессің қасқырсың» деген Махамбеттің өлең жолдары хан мен ақынның арасындағы тартыс қанша болса да, қазақтың үлгісі ретінде-Жәңгір қалады. Жәңгір ханның өз басы болса ресейлік биліктің қазақ қоғамына біраз уақытқа келгенін жақсы түсініп, оған беріле қызымет жасауды өзінің стратегиялық ұстанымына айналдырған саяси элитаның өкілі және птшалық Ресейдің экспансиялық саясатын қазақ қоғамы арасында жүргізуші әрі өткізуші тұлға. Жәңгірдің жер мәселесі туралы шағымдары.

Жәңгір хан казактардың қысымы, жер мәселесіне  қатысты әділетсіздік жөнінде 1828 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігіне, 1829 жылы 10 желтоқсан Астрахань генерал – губернаторы А.С.Осиповке, 1834 жылы 19 сәуірде Орынбор шегаралық комиссиясына, 1839 жылы 19 шілдеде Мемлекеттік мүлік министрі П.Д.Кисилевке, 1843 жылы 31 қаңтарда Орынбор әскери губернаторы В.А.Обручевке шағымданды. Жәңгір халқының ауыр тағдырын император I Николайға да жеткізді, көмек сұрады. Амал не, ешқандай шешім болмады. Қайта Жәңгірдің Хиуа, Бұқар, Түрікмен хандықтарымен байланыс жасауына да тыйым салынды. 1829жылы 29 тамызда Орынбор шегаралық комиссиясы «Жас құста» Жәңгір ұйымдастырған жәрмеңкені жабуға бұйрық берді.

Сөйтіп, Ішкі Орданың басқа елмен қатынас жасауының жолы кесілді. 1834 жылы  3 наурызда Азия департаментінің директоры К.К.Родофиникин №611 қатынаспен Жәңгірдің Хиуаға баруына, олармен қатынас жасауына рұқсат бермеді.

( Орынбор ОММ. 6 қор. 10 тізімдеме. 4118 іс)

Жәңгір туралы отарлаушылардың пікірі. Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақталмағандығын анықтайды. Отарлаушыларға халқын Жәңгір сатпады. Ол ойымызды А.А.Перовскийдің Ресей мүлік министрі П.Д.Кисилевке:

» Управление его  ( Джангира) – Росии принесло не пользу, а огромный вред,»- деп жазған сөзі нақтылайды. Әрі » Джангир действовал не как подданный императора, не как правитель поставленный от русского царя… хан так умен, так ловок, с таким искусством умел он обделывать свои дела, «- деуі Ресей отарлаушыларының сойылын соқпағандығын дәлелдейді.

( Ресей ҒАМ. Петербург филиалы 157 қор. 79 іс)

  Жәңгірдің көтеріліспен байланыстылығы.

Коммунистік партияның ызғарлы желі Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы қалай күрескені, ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды, халықтан бүркемеленді.

Жәңгір хан елдің экономикасын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруге зор еңбек етті. Жәңгір 22 жыл хандық құрған кезде басқа хандар істемеген істерді қазақ тарихында игі – мұраларды өмірге келтірді. Ал Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің шығуының түп тамыры отарлау саясатында жатыр. Оны Жәңгірдің туысқандары да көрді. Мысалы: Заңсыз жерге үй салды деген желеумен Шығайдың үйін бұздырғандығы, Жәңгір хан ордасына қолайлы жер таппай Нарын құмының ортасына салғандығы және 1841 жылы

1 желтоқсанда министр В.М.Корнеевке Жәңгір «Я сам не имею ни одной десятины земли,»-деген тарихи құжаттар мұрағатта сақталған. Өзінде жер болмаса да Исатайға 1825 жылы қолайлы қоныс » Күйген арал » мен » Қара қамысты » деген жерді иелігіне берген. ( ҚРОММ. 4 қор. 1 тізімдеме. 197 іс)

Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Еркежан ханым: Армысыздар құрметті көрермендер, құрметті менің опаненттерім, құрметті әділқазылар алқасы және құрметті таймкипер!

Біздің тобымыздың атауы «ЖАС ҚАЗАҚ»

Мен 3-ші спикер Оспанова Еркежан

Біздің резалюциямыз:  Жәңгір хан тарихта жағымсыз тұлға.

Дифиненциямыз:

Жәңгір-адам атауы. Бөкей ханның ұлы. (1823-1845 жылдар) аралығында билік еткен.

Хан-хаған, қаған, қаһан (ескі түркі сөзі-монар биеуші) түрікше әрі монғолша- лауазым. Қазақ қауымын хан билеген.

Тарихта- өткен бабалардың ізі жазылған оқиғалардың жиынтығы.

Жағымсыз– белгілі бір іс-әректіменен елге немесе халыққа жақпай қалуы.

Тұлға– жеке дара мақсаты бар өз ісіне жауап бере алатын адам.Адам.Қоғам.Құқық.9-сынып

Критериіміз:

Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы, шаруалар көтерілісін тудырды.

1.Аргументіміз-Жәңгір қазақтың көп хандарының бірі

  1. Аргументіміз-Жәңгір отарлау саясатын жүзеге асырушы.

Ендігі мәселе осы күнге дейін Махамбет ақынның «Хан емессің қасқырсың» деген бір ауыз өлеңімен бағаланып келген Жәңгір Бөкейұлы (1801-1845 ж.ж.) кім еді, азаматтық сапасы, ұстанған саясаты, елге тигізген қайыр шапағаты қандай дегенге саяды.

Исатай Тайманұлы бастаған азаттық қозғалыстың сырт қалуы, әрине, мүмкін емес. Бұл туралы «История Букейского ханства 1801-1852 годов» атты көлемді құжаттар жинағы баспадан шықты.

Сондай-ақ ресейлік әкімшілікке сүйеніп Жәңгір хан орнатқан әділетсіз тәртіпке қарсы бағытталған қарапайым халықтың жанайқайы ендігі тайға таңба басқандай анық.

Жәңгір хан тарихта жағымсыз тұлға болып қалады. 1823 жылы Бөкей ордасындағы жайылымға жарамды деген 6.500 000 десятина жердің 400 000 десятинасын иемденіп, қалған жерді қарыны жуандарға бөліп берген.

Менің опанентімнің критериіне келсек: «Жәңгір қазақ мемлекетілігінің дәстүрін жалғастырушы». Егер қазақ дәстүрін жалғастырушы болса неге сол кезеңде қазақ балаларына қазақша дәріс бермеске? Неге дәріс беруші орыс Константин Петрович Ольденко болған? Мысалы: 1881 жылы орыс қаласында Ыбырай Алтынсаринде мектеп ашқан. Ыбырай қазақ халқын сүген, оның болашағына үлкен сеніммен қараған. Мүмкін Жәңгірдің мектеп ашқаны атақ үшін шығар. Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?-деген сұрақтың жауабы мынау:

Тарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.

Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның  балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан – жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал – губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен – шекпеннен, атақ – абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шегаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазатқары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды. Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал – губернаторы А.С.Осиповке: «Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы…»- деп хабарлап – казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. (Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс )

Біздің критериіміз: «Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы, шаруалар көтерілісін тудырды». Патша билігінің сеніміне кіріп алған Жәңгір хан қазақ қоғамында қалыптасқан жер игеру дәстүрін келмеске жіберді. Шаруаларға алым-салықты да көбейтті. Халық екі қыспаққа шыдамай «ереулі атқа ер салды». Осы жерде: «Ақылсызға лауазым берсең, ел бөлінеді. Ақылдыға лауазым берсең, ел көбейеді» – деген мақалдың мағынасынан көруге болады.

Ал енді опанентімнің 1-ші аргументі: «Жәңгір заманынан озып туған тұлға». Исатай батырымыз бен Махамбет ақынымыздың арқасында тарихта Жәңгір, Жәңгір болып отырған жоқ па? Азамат мырза сіз қалайша Махамбетті Жәңгірмен салыстырасыз?

Махамбет-халықтың еркіндігін, теңдігін, жақсы тұрмысын аңсаған, арманын көкке көтерген ақын.

Біздің 1-ші аргументіміз: «Жәңгір қазақтың көп ханының бірі». Менің опанентімнің 1-ші спикері Фархад мырзаға «Керей, Бұйдаш деген хандарды білесіз бе?»-дегенімде білмеді. Менің айтайын дегенім егер 1836-1838 жылдары көтеріліс болмаса Жәңгір ханды көпшілік қауым білмес едік ағайын.1836-1837 ж.ж. қазақ тарихында терең із қалдырған айқын әлеуметтік бағыттағы азаматтық қозғалыстың орыс пен қазақ қауымы мойндаған «ханның бір туын қайтарған» биік тұлғалы көсемі Махамбет ақынның ұлылығын айта отырып, Исатай Тайманұлының ерең еңбегін көлеңкеде қалтырмайық. Әр нәрсенің өз жөні бар.

Ал опанентіміздің 2-ші аргументіне келсек «Жәңгір өркениетті білім негізін салушы» дейді, жоқ «Жәңгір хан отарлау саясатын жүзеге асырушы». Мен сіздерге құжат материялды оқып берсем.

Ақпанның 22-сі, 1838 жылы

Орынбор әскери губернаторы

В.А.Петровский мырзаға

Ішкі орда старшын билерінің

Құрметті қырғыздарынан (қазақтарынан).

ШАҒЫМ

…Көп жылдар бойы біз император ағзамның қорғауымен тыныш өмір сүрдік. Ендігі хан Жәңгір Бөкейұлының әділетсіз сотынан хәліміз ауырлап кетті. Ешбір заң бізді қорғамайды. Қысым көрсетуде, бұдан әрі төзу мүмкін емес. Сұлтандар, билер малымызды тартып алып, дүние-мүлкімізді талауда. Қарапайым халыққа менсінбей қарайды. Ұрып, соғады, тіпті жаралайды. Сұлтандар ойына келгенін істейді. Билер оларға жазылған шағымды қабылдамайды. Кім өзіне қамқорлық сұраса, оны басқа қылмыскерлер сияқты жазалайды.

Қазақстан мемлекеттік орталық архиві,

4-ші тізім, 1-ші іс, 1982 жылы, 14-15 беттер.

Жәңгір ханның өз халқының тарихи мүдделеріне кереғар келетін іс-әрекеттер жасағанын жасырып-жаппауға тиіспіз. Мұны Махамбет ақынымыздың аруағы алдындағы адалдықты талап етеді. Махамбеттіде қудалаған Жәңгір.

Махамбет ақынымыздың өлеңінің үзіндісімен сөзімді аяқтағым келіп тұр:

Аспанда ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған,

Лашын құстың екпіні.

Мені елден айырған,

Хан Жәңгірдің тепкіні.

Айтып-айтпай не керек,

Қызбалықпен өтті ғой.

                                         Махамбеттің көп күні. . Назарларыңызға РАХМЕТ!!!

Қорытынды: Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істерімен келтірген залалдарын жақтаушы және даттаушы топ айтып өтті.

Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде – бір хан істемеген істерді халқы үшін істеген. Ең алдымен Ішкі Ордада халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постында орыс көпестерінің астық қоймаларын ұйымдастырды. » Жас құста » жәрмеңке ашты 1832 жылы. Халықтың мұң – мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін 50 тұрғын үй салды. Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп ( 1841 ж), дәріхана, аурухана ашты  және хандықтың картасы жасалған, хан қаржысымен Ресей оқу орындарына қазақ балаларын жіберіп оқытты. Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару – жарақ мұражайын ұйымдастырды. Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап, Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады. Өз мойнындағы жауапкершіліктің көптігіне қарамастан мектеп оқушыларының, молдалардың білімін тексеруге уақыт бөліп отырды. Емтихандарға қатысып, олардың қабілеттерін анықтады. Жәңгір өзі бас болып мұсылман дінін насихаттады. Хан Жәңгірдің бұл әрекеті отарлаушыларға жақпады.

Мінеки, балалар, Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығы, қамқорлығы кез – келген ханның қолынан келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне келген шағында жұмбақ өлімнен күз жұмды. Әйелі мен екі баласының өлімі де құпия болды. Әңгіменің қысқасы, отарлаушылар оның отбасын тоз – тозын шығарды. Қазақстанда хандық билік жою жөнідегі жоба жүзеге асты. Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер дәлелдейді.

Жәңгір хан – өз заманының  білікті тұлғасы болды десек қателеспейміз.

Мен 9-сыныптан бері мектепшілік дебат турнирлеріне қатысып келемін. Менің өмірімде дебаттың алар орны ерекше. Себебі, пікірсайыстарға қатысу арқылы  бойыма көптеген жақсы қасиеттерді жинадым. Өз ойымды еркін жеткізу, көпшіліктің алдында жасқанбай сөйлеу, кез келген тақырыпта пікір айта білу, тез аралықта ойымды жинақтау, өз пікірімде тұра білу – осының бәрі пікірсайыстың арқасында.  Дебат маған көптеген достар, таныстар табуға өз септігін тигізді. Әр пікірсайыс «Ойында қарсылас болсаңдар да, өмірде дос болыңдар!» деген сөйлеммен аяқталады. Шынында да солай, дебаттық ойын біткеннен кейін бәріміз бір ананың баласындай достасып, жақсы араласып кетеміз. Бұл дебаттың тек қана логикалық, жан-жақты ойлауға ғана емес, бірлікке, бауырмашылдыққа шақыратынының айғағы. Әсіресе, М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің түлегі Айгерім Советбекқызына мың алғыс. Ол кісінің ақыл-кеңесінің, қажырлы еңбегінің нәтижесінде біз дебат ойындарының ережесін жақсы меңгердік. Дебатқа қатысқаныма өте қатты қуаныштымын. Әр оқушының патриот болуына, өз тілін жетік меңгеруіне, елінің адал азаматы, берік тірегі болып қалыптасуына дебаттың қосатын үлесі зор. Қазақ пікірсайысы жасай берсін!

«Дебат-көшбасшылық қасиетті қалыптастырады»

Дебат  деген  сөздің  өзі- пікір таласу  деген  мағынаны  білдіреді. Дебат  арқылы  адам  өзінің  ойын, идеяларын қоғамдық орынға, жас саяси партияларға  жеткізе  алады. Бұл  ойынның  өзі  адамға  өзіне  деген  сенімділік , алға  деген ұмтылыс,  кез  келген  қиындықты  бірнеше  жолмен  шеше  білу  қабілетімен  қоса, адам бойына   көшбасшы  қасиетін  дарыту  қабілетіне  ие.

Адам  баласының  қиыншылық   дегенде басын  сауғалап,  одан  қашып, оған  жолықпауға  тырысатыны бәрімізге  мәлім. Әрине, бұл  бір  жағынан  дұрыс та шығар, бірақ  өмірде сен  қаламасаң да  алдыңнан  қиындық міндетті  түрде  шығатыны  белгілі. Мінеки,  дәл  осы  қиындықты жеңу,  тек  шынайы көшбасшыға ғана тән. Алайда  дебат  адам  бойына  тек  жақсы қасиеттерді  ғана  дамытып  қоймай,  ел  басына  түсіп жатқан  мәселелерді де  шешуге  мүмкіндік  береді. Бұл дегеніміз – саяси-қоғамдық, әлеуметтік  өмірге араласа  алу  және пікіріңді  жеткізе алу қабілеті.

Кей дебатер  үшін  жай  шешім  ғана  емес, сол  мәселеге  деген  көзқарас, жақсы  өмірге,  жоғарғы  деңгейге   деген  ұмтылыс. Оны  білдіріп қана қоймай қорғай ала білу  қабілеті. Дебатта  жеңудің 3 басты міндеті бар:

  1. Өз идеяңды  дұрыс  жеткізу
  2. Қарсы топтың (оппоненттердің) идеяларын құлату
  3. Бар  жағдайды өз пайдаңа  шешілетіндей қорытынды  жасау

Білесіз бе?  Қоршаған  ортаны  өзгерту  үшін, адам  ең алдымен  өзінен  бастауы тиіс. Егер  жастайыңнан  бойыңа  игі  қасиеттерді дамыта  білсең, өскенде  өз  еліңді мідетті  түрде дамыта  аласың.

Дебаттың адамға  берері  көп. Достық, күлкі, қызық  оқиғалар, әр  нәрсеге  деген сан  түрлі  көзқарас, ұйымшылдық, бір  топ  басшыларының бірін  бірі сөзсіз  түсіну, логикаңыздың өсуі барлығы  дебаттың  зор  пайдасы.

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай түйіні дебат – адамды дұрыс  жолға  тәрбиелейді.

You May Also Like

Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

 Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған  Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын…

Жидек қосылған пісірме

Қажетті өнімдер: – 2,5-3 стақан ұн; – 2 ас қасық сарымай; –…

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері. Экономиканың кез келген түрінде ұлғаймалы ұдайы…

Гүлді қалай жасауға болады?

Қызыл, сары, жасыл -кез келген түстен гүл жасауға болады. Бастысы, қағаз майлығыңыз…