Фармакокинетика элементтері. Дәрінің ағзада тасымалдануы

Жоспар:

 І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Фармакокинетика
2.2.  Дәрілердің сіңірілуі
2.3. Дәрлердің ағзада таралуы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фармакокинетика – дәрінің ағзада жылжуын зерттейтін ғылым, яғни биофармацияның бір саласы болып табылады. “Дәрілердің тасымалдануы” немесе “Дәрілердің жылжуы” деген түсінік келесі сатыларды қамтиды, атап айтқанда: дәрілік препараттың ағзаға абсорбциялану (сіңірілу) процесі, оның мүшелер мен  ұлпаларда таралуы, биотрансформациялануы (метаболизмге ұшырауы) және дәрілік заттың (және/немесе оның метаболиттерінің) ағзадан бөлініп шығуы (элиминация).

Фармакокинетиканың негізгі мақсаты – дәрілік заттың немесе оның метаболиттерінің қанда, ағзаның басқа биологиялық сұйықтықтарында, ұлпаларда және мүшелердегі сандық және сапалық өзгерістерін зерттеу.

 Дәрілердің сіңірілуі

Дәрілердің сіңірілуі (абсорбция) – дәрілік заттардың бір қатар биологиялық жасуша мембранасынан өтіп, қан арасына түсуі.

Дәрілердің сіңуінің негізгі механизмдері ол:

белсенді емес диффузия,

сүзілу,

белсенді тасымалдану,

пиноцитоз

Белсенді емес диффузия жолымен липофильді, көбінесе иондалмаған (полярлы емес) заттар өтсе, ал сүзілу арқылы су, кейбір иондар, ұсақ гидрофилді молекулалар өтеді. Белсенді тасымалдау механизмімен гидрофилді полярлы молекулалар, органикалық иондар, қышқылдар, қанттар, пиримидиндер АТФ-ны жұмсау арқылы сіңеді. Жеңілдетілген тасымалдау немесе диффузия кез келген заттың құнарлығы жоғары жақтан құнарлығы төмен жаққа жылжитын табиғи бағытталуына негізделген. Пиноцитоз арқылы қарапайым жолмен сіңірілмейтін ірі молекулалық қосындылар тасымалданады.

 Дәрілердің таралуы

Дәрілердің ағзада таралуы олардың қажетті орынына жеткеннен кейін басталады және нысана мүшелерден өтіп, ерекше рецепторлармен, тіндердің ақуыздарымен байланысады, бос күйіндегі түрде, биотрансформацияға ұшырауы және өзгермеген түрде шығарылуы мүмкін.

Бұл кезде дәрілік заттар келесі мүшелер мен жүйелердің тосқауылдарынан өтеді:

капилляр тамырлары,

жасуша мембранасы,

плацентарлы,

 гематоэнцефалиттік

Дәрілердің өзгеруі

Препараттар сіңіріліп және таралғаннан кейін:

1) барабар ферменттердің әсерінен метаболизмге ұшырайды;

2) ферменттердің әсерісіз шұғыл басқа заттарға айналады;

3) немесе ағзадан өзгертілмеген (немесе экскреттелінеді) күйінде шығарылады.

Кейбір дәрі-дәрмектер (эмбихин) ағзаның қышқылдық орталығының өзгеруінен шұғыл басқа заттарға айналады. Сонымен, тірі ағзада дәрі-дәрмектер белгілі бір өзгерістерге немесе биотрансфомацияға ұшырайды.

Биотрансформация дегеніміз (басқа затқа айналу немесе метаболизм) дәрі-дәрмектердің анағұрлым қарапайым, иондалған, полярлы және суда еритін құрылымға ауысатын, ағзадан жеңіл шығарылатын физико-химиялық және биохимиялық өзгеріс жиынтығы.

Дәрі-дәрмектердің метаболизмі келесі тіндерде және мүшелерде (маңызды мүшелерден бастап, төмендеу кезегімен берілген) жүреді:

– бауырдың эпителиалды жасушаларында (90%) – микросомалды аппарат

– бүйректе

– қан сары суында

– асқазан ішек жолдарының тіндерінде (ішек қабырғаларында)

– өкпеде

– теріде ж.т.б.

Ағзада дәрі-дәрмектердің метаболизм реакцияларын екі типке бөледі: синтетикалық емес және синтетикалық.

Синтетикалық емес реакцияларға тотығу тотықсыздану және гидролиз жатады. Барлық синтетикалық емес реакция метаболизмін немесе дәрі-дәрмектердің метаболиттік трансформациясы деп аталатын реакцияны, орналасуына байланысты 2 негізгі биотрансформациялаушы жүйеден тұратын 2 топқа бөледі:

а) негізгі реакция топтары, бұл реакция, гепатоциттердің эндоплазматикалық ретикулум ферменттерімен катализденеді немесе микросомалды реакция;

б) басқа жерде орналасқан ферменттермен катализденетін реакциялар, микросомалды емес.

Ең басты бауырда жүретін микросомалды биотрансформация үрдісін бөліп айтқан дұрыс. Гепатоциттерде оңтайлы ферменттер жиынтығы бар, олар науқас ағзасы үшін бөгде заттарды, сонымен қатар дәрі-дәрмектердің тотығуына қатысады. Оның ішіндегі ең маңыздысы цитохром жүйесі Р450 (мәрелі тотығу жиынтығы) және оксидаз-редуктазды жүйе ферменттері (арадағы тотығу жиынтығы).

Бауырдың микросомалды ферменттеріне қатысты дәрі-дәрмектер келесі топтарға бөлінеді:

Метаболизмді баяулатқыштар – микросомалды ферменттердің белсенділігін төмендететіндер (хлорпромазин, циметидин, амидарон, индометацин, левомицетин, тетрациклин, эритромицин ж.т.б.).

Метаболизм демегіштері – микросомалды ферменттердің белсенділігін жоғарылатады (үш циклді антидепрессанттар, барбитураттар, нейролептиктер, бутадион, димедрол, дифенин, карбамазепин, кофеин, рифампицин, этанол ж.т.б.).

Синтетикалық реакция негіздеріне дәрі-дәрмектердің күкірт, сірке қышқылдарымен сонымен қатар глицин және глутатиондармен қосылып эфир буларын түзеуі жатады, ол жоғары полярлы, суда жақсы еритін, майларда нашар еритін, тіндерге нашар сіңетін және көп мөлшерде фармакологиялық белсенді емес қосылыстар түзеуге көмектеседі. Әрине, бұл метаболиттер ағзадан жақсы шығарлады

Сонымен қатар, фармакокинетикада биоқолжетімділік деген ұғым бар. Бұл термин дәрі- дәрмектердің бауыр арқылы өткеннен кейін өзгеріссіз күйде қанға түскен мөлшерін белгілейді. Пайызбен беріледі. Заттардың биоқолжетімділігі көк тамыр арқылы егу кезінде 100%-ға тең. Осылайша, биоқолжетімділік—ішкі енудің парентралдық емес тәсілінде қанға түскен дәрі- дәрмектер үлесі. Мысалы: амоксициллинанің биоқолжетімділігі 90% қүрайды, яғни ішке енгізу және бауыр арқылы өту кезінде 90% дәрі-дәрмектер қанға араласып, нәтиже береді салыстыру үшін, ампициллин таблеткаларын алсақ: оның биоқолжетімділігі 35-40%-ды құрайды.

Пайдаланған әдебиеттер

Л.Г. Макалкина м.ғ.к.., PhD, MD, Дәрілік орталық басшысы Г.К. Жусупова, клиникалық фармаколог, жоғары санатты дәрігер, MD, ДО ДЗДҚ бөлім бастығы Г.Е. Жетимкаринова, MD, ДО ДЗДҚ бөлімінің жетекші маманы Л.М. Есбатырова, клиникалық фармаколог, MD, ДЗДҚ бөлімінің бас маманы.

You May Also Like

Сәкен Сейфуллин, презентация

Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ата-ананың рөлі, слайд

Жүктіліктен соң құрсақ терісі созылса

Сіз бұл бетке енді келіп тұрған болсаңыз, осыны басыңыз! 1 стакан суға…

Химия в жизни человека

Химия в жизни человека Содержание  Введение Роль химии в жизни человека Химия…