Сюжет: Қызынақтың емдік қасиеті.

КСМ: Жаз мезгілінде сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қызанақ. Ағзаға пайдасы зор бұл көкөністің   құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Оны жиі пайдаланып отырсаңыз ағзадағы иммундық жүйе нығайып, жүрек, ас қорыту қызметін ретейді және  холестеринді азайтады.

Қызанақтың емдік қасиеті мол.

Мамандардың айтуынша түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде біреуін жеу ұсынылады. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады. Қызанақ түрлі маскалар жасауға да тиімді екен.Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай күніне 3 рет тамақтан кейін ішіңз.  Емдеу курсы екі аптаға созылады.Қызанақтың құрамында серотонин, яғни бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам күйзелістік күйге тез түседі. Сондықтан қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.

Қызанақ катарактаның алдын алады .

Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жастың ұлғаюымен пайда болатын катарактадан қорғалады. Өйткені қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Қызанақтың құрамында бета-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады. Күнделікті тағам ретінде қолданып жүрген қызанақтың пайдасы мол екенін енді біліп жүресіз.

You May Also Like

Жылдың төрт мезгілі, шығарма

Жылдың төрт мезгілі Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгіл  үш айдан…

Компютерлік желі дегеніміз не?

Компютерлік желі деп әр-түрлі ресурстарды, мысалы, программаларды, құжаттарды, және принтерларды бірігіп пайдаланатындай…

Понятие об иммунитете

Иммунитет-способ защиты организма от генетически чужеродных веществ, белков и клеток, попавших в…

Емдік туризмдегі СПА технологиялар

Мазмұны: Кіріспе SPA технология туралы жалпы түсінік SPA пайда болу тарихы SPA…