Оқушысы: Тельман Малика Данияровна

Тaқырыбы: «Жер –сенікі, менікі»

Aвторы: Тельман Малика Даниярқызы

Мaзмұны

І. Aңдaтпa  –                                                                                                                                          ІІ.Кіріспe                                                                                     3-4- бeт
ІІ.Нeгізгі бөлім
1) Жер – ананы қорғаудың басты мәселелері                        5- 6- бeт
2) Табиғат – біздің анамыз, біз табиғатқа панамыз              7 -бeт

ІІІ.Қорытынды                                                                            8 – бeт

Aңдaтпa

Жер-анамыздың мейірбандығы барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды, қорек береді, өсіреді, көркейтеді. Жер – біздің асыраушымыз.  Сондықтан қоршаған ортаның  ластануының зиянды жақтарын жан-жақты талдауы мен ластанудан табиғатты қорғау жолдарын қарастыруы оқушының іздeнімпaздығын  байқатады.

Кіріспе

Мен, Тельман Малика Данияровна Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 4 «Б» сынып оқушысымын. Жасым 10-да.  Мен «Жаратылыстану» сабағын жақсы көремін. Онда біз зерттеу жүргіземіз, тәжірибе жасаймыз, бақылаймыз. Қазір біз өсімдіктер туралы жаңа зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Табиғат, өсімдіктер әлемі мені қатты қызықтырады. Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына.    Халқымыз өмірдегі ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға «Ана» сөзін қосып айтады. «Жер-Ана», «Табиғат-Ана», «Отан-Ана». Қазақ табиғатты анаға теңеген.  Өйткені табиғатта, жерде  тіршілік өсіп-өнеді.  Табиғат-Ана біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені берді.  Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған  анаңдай  түсініп, туған ұлындай қорғауың кажет! Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Жердің сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады.  Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн – жосықсыз жыртылып, топырақта ауру пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Жер-анамыздың мейірбандығы сонда, барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды,қорек береді, өсіреді, көркейтеді. Жер – біздің асыраушымыз. Біздің тамағымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы  Жер –ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан –жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар. Олай болса, Жер-анамызды күтіп, баптай білейік.

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі күні  өмір сүрумен қатар болашақта адамның өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қазіргі ұрпақ экологиялық білімді  игеріп, қоршаған ортамен  қарым-қатынасты сәйкес құра алмауы

Зерттеудің мақсаты: Жер – ананы, өз туған жерімнің тамаша табиғатын сүю, қорғау, қастерлеу  біздің  борышымыз  екенін білу, туған жеріміздің табиғаты біздің  денсаулығымызға тигізер әсерін зерттеу

Зерттеудің міндеттері:

  • Адамның қоршаған ортамен жан – жақты байланысын құру;
  • Интернеттен дерек көздерін қарастыру;
  • Жинаған ақпаратты сараптау, нақтылау;
  • Әрбір адамға туған жер табиғатының тағдырын ойлап, қадірлеуін ұғындыру
  • Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;

Зерттеудің әдістері:

  1. Ақпаратты жинау және өңдеу
  2. Зерттеу жүргізу
  3. Нақты материалды қорытындылау арқылы жұмыс жасау

Зерттеу жұмысының маңызы: Аталған жұмыс адамдарға жердің, табиғаттың  пайдасы туралы кеңінен білуге көмегін тигзеді. Адамдар бұл жұмыстың көмегімен өздеріне қажетті мәліметтерді алады. 

Зерттеу болжамы:

Кейінгі кездерде балалардың қоршаған ортаға, жер – анаға  ден қоймауы, табиғатты  қызмет көрсете алмауы өзекті проблеманың бірі болып саналады.

Егер, бұл жұмыс тыңдаушысын табар болса, әр адамның  экологиялық білімдері молайып,  балалар мен ересек адамдардың табиғатқа деген көзқарастары  дұрыс болар еді.

Жер-ананы қорғаудың басты мәселелері

Жер–Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі, жасыл желек адамдардың және  жан – жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Көмірқышқыл газын  жұтып, пайдалы оттегін бөліп тұрады.  Мысалы белгілі аймақтың 15 % көгалдандырса, шаң – тозаңның 20 %- ға кемір еді, 35 % жер көлемге көшет отырғызылса, шаң – тозаң 50 %-ға азаяды деп ойлаймын. Осыдан төрт жыл бұрын  1- сыныпқа барған жылы мектептің жанына шырша көшетін отырғызған едік. Ол кезде осындай пайдасы болатынын, ауаны тазартады   деп ойламаппын.

Ал қазір  ойлап отырсам, көгалдандырудың, жасыл желектің өте көп пайдасы бар екеніне көзім жетті. Атам мен әжем көшет отырғызсаң – балаңның балаларына жететін ғұмырлық азық балады деп үнемі айтып отырады.  Жасыл желек адамдарға келтіретін осындай пайдасы арқылы зор маңызға ие екен.

Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпқа келтіру үшін айналамыздағы қоқыстарды жинап, пайдаға қайта жарату дұрыс қолға алынса деп ойлаймын. Біздің қала бойынша «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранмен қаламызды қоқыстан тазалау жұмыстарына белсене қатысамыз

Қаланы қоқыстан тазалаумен бірге, теориялық білімімізді де қатар алып жүрміз. Адам жаны сау болып, салауатты өмір сүру үшін жұмыстар жүргіземіз.

Бүгінгі таңда біз жасыл түсті эмблемаларды тағып, табиғатқа қамқорлығымызды жасап жатырмыз.  Жасыл эмблема – біздің табиғатқа деген жауапкершілігімізді білдіреді. Өйткені, табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі. Әлі де болса, біздің елімізде қоқысты шығару және оны жою мәселелері дұрыс жолға қойылмаған.  Күнделікті өмірдегі қоқысты бөлек жинауды бірнеше рет енгізбек болды. Бір уақытта әртүрлі қалдықтар түрлеріне арналған бактар қойылды. Бірақ қала тұрғындары оларға барлығын қатарынан лақтыруды қоймады. Сондықтан мұндай  жұмыстан  нәтиже байқалмады.

Табиғат–біздің анамыз, біз табиғатқа панамыз

Табиғат адамның  баға жетпес байлығы. Сондықтан халқымыз  «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің бәрі содан табылар» деп бекер айтпаған.  Міне сондықтан біздің заманымызда табиғатты қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын өте ұқыптылықпен, жаңашырлықпен орынды пайдалану керекпіз. Жерді – Ана деп атайтын себебіміз, жерде біз өмiр сүремiз. Яғни жерде аяғымызды басып жүрміз, жалпы айтқанда екiншi үйіміз. Барлық адамзатқа қажеттілiктер жерде өсіп-өнеді.

Адам ауамен дем алмаса өмір сүре алмайды, ал сол оттекті бөлетін жерде тамырларын жая өскен талдың жапырағы бізге таза ауа  бөледі. Сол үшінде Жер – Ана деп адамзат құрметтеген. Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетіндегі  бүкіл адамға ортақ қазына.

Қорыта айтқанда,  Жер – Ананы, Туған жердің табиғатын кіршіксіз сақтау үшін не істей аламыз?
1. Жерімізді таза ұстауымыз керек.
2. Көгалдандыруымыз керек.
3. Жер – Ананы сүйе білу, оны аялай білуіміз керек.
4. Жер – Ананың байлығын орнымен пайдалануымыз керек!
5. Ауаны ластанудан сақтауымыз керек.

Ендеше, ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, келешекте сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет» – деген Ыбырай Жақаевтың сөзімен қорытындылаймын!   Қорыта  айтқанда жерді,қоршаған ортаны және жер  қойнауларын  қорғау-зиянды заттардан   ластанудан, экологиялық апаттардан, жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық және басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғауымыз керек.

Жер-анамыздың мейірбандығы сонда, барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды, қорек береді, өсіреді, көркейтеді. Жер – біздің асыраушымыз. Біздің тамағымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы  Жер –ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан –жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін осы Маликаның осы  тақырып бойынша ізденісі баланың жер – ана  үшін өте пайдалы. Іздeнушінің ой – орaлымдaры ғылыми дәлдіккe нeгіздeлгeн, көңілгe қонымды. Зeрттeу ғылыми жұмыстaрдың тaлaбынa сaй жaзылғaн. Маликаның ғылыми жобaсы кeлeшeктe іздeнулeрімeн толықтырылaды дeп сeнeмін.

Ғылыми жұмыс барлық талаптарға сәйкес келеді.

Зерттеу жұмысы өз деңгейінде орындалған.

You May Also Like

Оригами және математика, ғылыми жоба

Тақырыбы: Оригами және  математика. Орындаған: Баяхметов Нұрдәулет Ерболұлы Мақсаты: Оригамидің математикамен байланысы арқылы ми…

Математика өмірде, ғылыми жоба

Ғылыми Жоба  МАТЕМАТИКА ӨМІРДЕ Бағыты: Жаратылыстану-Математика Секциясы: математика Мазмұны: І.Кіріспе  ———————————————————————— ІІ.Негізгі…

Құқық бұзушылық, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе ………………………………………………………………………………………………………….3  Негізгі болім …………………………………………………………………………………………………5  І. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕБІН…

Қағаз, ғылыми жоба

                     Мазмұны: Кіріспе ………………………………………………………………………..1 Негізгі бөлім ……………………………………………………………….2-3 Қағаздың түрлері………………………………………………………….4-5 4.Қағаздың пайдасы…………………………………………………………6-8 5.Қағаздың…