Секциясы: Биология

Тақырыбы: Сабын жасайтын өсімдіктердің түрлері құрылысы мен географиялық таралу жолдары.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында Өзен өңіріңдегі Алабота өсімдігімен теректің маңызын сипаттады. Алабота мен терек  өсімдігін зерттеу кезеңінде алты түрін және сонымен қатар дала зонасында және таста  кездесетін түрі анықталды.Біздің жұмыс Өзен өңірінде осы бағытта жүргізілген ғылыми зертеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы Өзен ауылында өткізілді,нәтежесінде бәйшешек гүлінің емдік қасиетін анықтадық. Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы алабота мен теректің маңызы қасиеті жайлы мәлімет жинаудан басталды. Осы мақсатта мектеп кітапханаларынан сонымен қатар осы жұмысты іздеу арқылы кітаптар сатып алып, алабота терек туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар,ауылдың дәрілік өсімдіктерді көп қолданатын апаларымыздан сурау арқылы жүргізілген сұқбаттар оң нәтиже бере бастады.Зерттеу барысында Өзен өңірінде өсетін бәйшешек гүлінің түрлерін жинақтау, теру,өңдеу. Жұмыстарымен қатар кеппе шөп жасау.

І.Кіріспе
2 тарау.Негізгі бөлім

1.Әдеби деректерге шолу.

1.1.Қазақстанда эндемикалы өсімдіктердің таралуы мен биологиялық ерекшеліктері………………………………………………………..
1.2. Ақмола обылысының  эколого-географиялық жағдайы

Ақмола обылысының физикалық географиялық жағдайы.

………………………………………………………………………………….

2.1. Сабын жасайтын өсімдіктердің түрі құрылысы мен географиялық таралу жолдарын анықтау…………………………………………………………..

2.2. Сабын жасау әдісі………………………………………………………

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты

Ақмола облысы Зеренді ауданы Өзен ауылында кездесетін бәйшешектің биологиялық ерекшеліктерін анықтап, қорғау шараларына ұсныстар беру болып табылады. Қазіргі кезде тері аурулары, аллергияның көп болуы, адамдарда байқала бастауына байланысты және нарықтық экономиканың болуы, отбасының қаржысын үнемдеу мақсатында өсімдіктердің маңызын білу өте зор. Осы өсімдіктердің маңызын әсіресе ата әжелеріміз жақсы біледі.Табиғатта кездесетін өсімдіктердің барлығында ерекше қасиеттері болады.Сол өсімдіктердің қасиеттерін терең түсіне білу мақсатында осы тақырыпты таңдауыма тура келді. Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: Қазақстанның барлық жерінде кездесетін алабота мен теректің  популяциясын анықтап, зерттеп және оны насихаттау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді қойдық. 

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазақстанда барлық жерінде кездесетін алабота мен теректің құрылысын биологиялық, экологиялық сипаттама жасау.
  2. Алабота мен теректің маңыздылығына талдау жасау.

3.Дәрілік шипалық өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік мәнін ұсыну.
4.Адам өміріне маңызды қасиеттерін анықтап, тәжірибе жасау және насихаттау;

5.жазғы демалыста кеппешөптер дайындау;

Зерттеу нысаны  
1.Зерттеу жұмысының нысаны ретінде  өсімдіктер пайдасы туралы еңбектер, зерттеу мақалалары;

2.Ауылда жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер,олардың түрлерін құрылысы мен жағдайы

Зерттеуәдістері: бақылау,жобалау,ақпараттар,жинау,сараптама

Зерттеу болжамы: Өте көп кездесседе оның пайдасын маңызын дәріптеу.

Қорытынды мен нәтижелер: Өзен өңірінде жабайы дәрілік өсімдіктер кездеседі, олар әлі зерттеулерді қажет етеді және оларды пайдалану және қорғау,керек.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Өлкемізде арам шөп, ағашты  ретінде кездесетін өсімдіктердің маңызын, пайдасын таралу жолдарын, түрлерін зерттеп, анықтадық. Осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз жұмысты мынандай бағытта жасауды ұйғардық:

а) Ақмола облысының климаттық жағдайы.ә) Ақмола облысында  кездесетін алабота өсімдігі мен теректің адам үшін маңыздылығын зеттеу тәжірибе жасау

б) Өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік маңызы.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы. Көп кездесетін өсімдіктердің экологиясын, биологиялық ерекшеліктерін, нәсілдік информациясын зерттеу барысындағы мәліметтер

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның флорасында 5700-ге жуық түр бар, оның  арасында  1000-ға  жуығы сирек кездесетін өсімдіктер. Соңғы-лардың біразы реликті (көне қалдық) өсімдіктер. Реликті өсімдіктер жасыл  әлемнің тарихы мен эвлоциясының куәсі. Сондықтан сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау және көбейтуге үлкен мән беріледі. Олар біздің кең байтақ республикамызда да кездеседі. Осы өте  сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға аса мән берілмей келеді. Бұлардың түрінің жоғалуы адамзат үшін орны толмас ағаттық. Өсімдіктерді қорғау жұмыстары, бірінші кезеңде, тізім жасаудан басталады [1]. Қазақстанның ғылыми-зерттеу Ботаника институты және Бас ботаника бағы «Қызыл кітап» [2] баспадан шығарған еңбектерінде 306 өсімдік енгізілген. Бірақ тұқымы, түрі жойылып бара жатырған өсімдіктерді қорғау өз деңгейінде емес. Бұлай дейтініміз, соңғы жылдары қорғалатын өсімдіктердің тағы 100-ден асатын түрлері белгіленіп отыр.

Жерімізде өсетін жабайы өсімдіктер генофондында мәдени дәнді дақылдарға туыстас арпа, қара бидай кездессе, бағалы тағамдық жемістерден сирвес алмасы, өрік, қарақат, таңқурай, қой бүлдірген, жабайы жүзім секілді өсімдіктер де өседі. Ал шипалы өсімдіктердің түрлері болса, олар 500-ге таяу. Қазіргі медицинада соның тек 30-дан астамы ғана пайдаланылады. Шырғанақ, дәрмене, қырықбуын, қылша, қара андыз,бәйшешек сияқты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс жылдан жылға артып отыр [3].Сирек кездесетін өсімдіктердің жоғалуына көптеген факторлар кері әсерін тигізуде. Сондықтан реликті өсімдіктерді тек «Қызыл кітап»-қа енгізіп қоймай, қорықтар ұйымдастырудың маңызы бар. Алабота тұқымдасы – басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500-ге жуық түрлері бар.Терек Қазақстанның барлық айиағында кездеседі.Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі бар.(Ак терек, көктерек, қара терек, бәйтерек, т.б) кездеседі.

1 ӘДЕБИ-ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Қазақстанда эндемикалы өсімдіктердің таралуы мен биологиялық ерекшеліктері 

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер [4].

Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын – Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36-58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26-35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13-25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан [5].

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – респуб-лика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, Өскеменнен жоғары Көкшетау мен Петропавл қаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi – қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған [6].

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i – эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн – бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем – күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ – жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 – 2800 түр бар, олардың iшiнде 200-215 түрi – эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстан-ның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi – эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiм-дiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер – аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән [7].

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4-5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шама-ланады. Оның iшiнде 540-570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165-170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктер-дiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiру-шiлiк 700 – 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар [8].Бірқатар  өсімдіктердің  түрлерінің  жойылуына  ауа  мен  су  ластануы, топырақтың өз құнарлығы жоғалуы, биологиялық жүйесінің тұрақтылығы бұзылуы жол ашады. 

1.2 Ақмола обылысының эколого-географиялық жағдайы

Ақмола обылысының физикалық географиялық жағдайы. 

Орта ғасырдағы  Қазақстандағы  мәдениет ерекше сұлулығымен тәнті ететін

Қазақстанның қақ ортасында Астанадан солтүстік – батыс жақта 160 км қашықтықта Көкшетау тауларынан қазақ шөл далаларынан бөлейтін, жарты шөл және шөлдің қиылысында Қорғалжын – Теңіз құрамына Қорғалжын ұлттық қоры орналастырылған.Қордың жалпы көлемі 237 100  га. Аймағында Қорғалжын өзені және Теңіз өзені бірігуінен екі өзенінің шөл даласының тікенектермен тіректерге толы, ағаштары аз елді мекен болып табылады.

1968 жыл су – батпақты жерлер болып есептелетін қызғылт фламинго, бірқазан және басқа құстар қоныстанатын жерді қорғау мақсатында қорық құрылған еді. Фламингоның популяциясы Орталық Азияда ірі болып келеді.

Астана мен Көкшетау екі қаласының расында орналасқан Бурабай өзенін «Қазақстандық Швейцария» деп атайды.

«Алла әлемді құрағанда – аңызда айтылғандай – бір халыққа қалың ормандар мен өзендер, жазық даланы берсе, басқаларға биік таулар және теңіздер берген еді. Қазақ болса тек жазық даланы алған болатын. Бұл қазаққа өкінішті болып, Құрушыдан сұлу табиғаттың бір бөлігін сұрайды. Одан кейін Алла өзінің қоржынынан (сөмкесінен) жазық далаға таулы, мөлдірдей – таза суымен, гүлденген гүлдерді, сұлу табиғаттың бөліктерін жайып салған болатын. Тауларды түрлі образды ағаштар және тікенектермен, құстармен, өнеді – балықпен, даланы – құрт – құмырсқамен толтырған болатын. Осылай Бурабай құрылған еді».

Географиялық орны. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батыста – Қостанай, солтүстікте – Солтүстік Қазақстан, шығысында – Павлодар және оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Облыс Ресейдің Орал, Түмен, Томск, Омбы, Новосибирск сияқты дамыған  өлкелеріне  жақын орналасқан, олармен ұзақ  мерзімдік экономикалық байланыс орнатылған. Облыстың аумағы 146,2 мың шаршы шақырым, ол Республиканың аумағының 5,4 пайызын құрайды. Облыс тұрғындары 2012 жылда  —  731 398  мың адам (4,8%), ұлттық құрам – қазақтар – 49,21% ,орыстар – 34,36%, украиндақтар  – 4,73%, немістер – 3,58%, басқалар – 6,2 %. Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы, іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыстың құрамында Көкшетау және Степногорск сияқты облыстық маңызы бар 2 қала, 17 аудан, 8 аудандық маңызы бар қала, 14 кент және 244 ауылдық округ кіреді.

Тарихы. Ақмола облысының құрылуы мен дамуының тарихы және оның қазіргі кездегі әкімшілік шекараларындағы қалыптасуы қазақ халқының өзінің тәуелсіздігі жолындағы жігерлі күресімен, дербестігімен және гүлденуімен, яғни мемлекетіміздің өткен тарихи кезеңімен тығыз байланысты.

Қазақ хандығының 18 – ғасырдың соңындағы және 19 – ғасырдың басындағы сыртқы аяси жағдайы айтарлықтай күрделі болды. Көрші елдердің тарапынан басқыншылықтан қорғануды іздестірген кіші және орта жүз өкілдері сүйемелдеу жөнінде Ресей мемлекетіне өтініш білдірді. 1740 жылға қарай екі жүз де Ресей адалдығы туралы ант берді.

Жер бедері. Облыс аумағының рельефі әртүрлі: басым көпшілік жерлерін жазықтық, ұсақшоқылық, осал бөлшектелген өзен алқаптары, орманмен көмкерілген таулар алып жатыр. Таулы теректі орман базасында бірнеше курорттар, санаторилер, демалыс үйлері, Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылықтары құрылған. Онд өндірістік бағыттағы жұмыстармен қатар, жануарлар мен құстардың түрлерін өсірумен және бейімдеуден айналысады. Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (ең биік шыңы – Көкше тауы – 947 м), Жақсыжанғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Имантау (661 м), Зеренді (587 м) тауларымен қоса Көкшетау дөңестерінің телімдері алып жатыр. Облыстың оңтүстік бөлігі абсолюттік биіктігі 300 м құрайтын дөңесті – адырлы жазықтық алып жатыр. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары, оңтүстік – шығысында көрікті Ерейментау таулары (ең биік шыңы Ақдын – 899 м), солтүстік – шығысында   Сілеті жазықтығы, орталық бөлігінде – Атбасар жазығы, оңтүстік батысында Теңіз – Қорғалжын ойпаты орналасқан.

Сулары. Облыс аумағында бірнеше өзендер ағады, олардың ішінен біршама ірілеулері : Есіл, Шағалалы өзендері. Тұрғындарды сумен қамтамасыздандыру мақсатында Есіл өзенінің бойында Вячеславское су қоймасы (410 млн. м3), Сілеті өзенінің бойында Сілеті су қоймасы (230 млн.м3) салынды. Щучье-Бурабай аймағы көлдерге өте бай. Олардағы су құрамы негізінен тұщы, әрі аз тұзды, ағыссыз көлдер болып келеді. Сонымен қатар, Майбалық және Балпашсор сияқты емдік қасиеті бар көлдер де кездеседі.

Ақмола облысы өзендерге, тұзды және тұщы сулы көлдерге бай. Айтарлықтай үлкен өзендері:тармақтарымен қоса Есілқ өзені (жалпы  ұзындығы – 2450 км, Қазақстан Республикасының аумағында – 1719 км), Нұра (978 км),Сілеті (407 км), Құланөтпес (364 км), Өлеңті (273 км), Шағалалы (234 км). Тұщы сулы ірі көлдерге Қорғалжын (330 км2), Қожакөл (60 км 2), Итемген (57,4 км2), Майбалық (21,1 км2), Шортанды (18,6 км2)Қопа(14 км2), тұзды көлдерге : Теңіз (1162 км2), Қыпшақ (64,7 км2), Керей (63 км2), Қияқты (51,6 км 2), Үлкеншабақты (26км2), Кішішабақты (21,4 км 2) және т.б. жатады. Салынған су қоймалары : Вячеславск (аумағы 60,7 кмсыйымдылығы 410,9 млн. м3),Сілеті (аумағы 36,3 км 2 сыйымдылығы 221,8 млн.м3),Шағалалы (аумағы 6,6 кмсыйымдылығы 280 млн. м3).

Климаты. Ауа –райы жазы ыстық шұғыл – континентальды, қысы суық, қары аз және ұзақ, қатты желді, тәулік бойы температурасының тез өзгеруімен ерекшеленеді. Қазақ ұсақшоқылық ауа – райына барынша әсер етеді. Қаңтардағы орташа температура – 16 – 18 С, шілдедегі орташа температура +19 + 21С. Жауын – шашынның жылдық саны – 250- 400 мм. Жаз кезінде болатын жауын – шашынның басым көпшілігі маусым – шілдеде, қыс мезгілінде қараша – желтоқсан айларына тиесілі. Жаз.ы кездегі жауын – шашын найзағаймен қосарланып келетін нөсерлі сипатта болады. Жауын – шашынсыз кезең орташа есеппен 30 күнге дейін созылады. Ауа – райы тез континентальды, әрі тым құрғақ. Жаз кезеңі қысқа, жылы, ал қысы ұзақ, аязды, қатты желдер мен бұрқасындар жиі болып тұрады. Негізгі ауа – райын құрастырушы фактор – көп жағдайда маусым – шілде айларына сай келетін күн нұрының шуағы. Ауаның ең төменгі көрсеткіші – 400 С, ал ең жоғарғы +44 0  С. Атмосфералық жауын – шашынның жылдық орташа көрсеткіші 265 мм. Желдің жылдық орташа қуаттылығы секундына – 5,3 м 

Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі. Өсімдік жазықтық жерлерге тән түрлі өсімдіктермен және тиісінше ландшафтпен, әсіресе облыстың солтүстік бөлігінде теректі – қайынды орман, тау беткейлерін көмкеріп тұратын түрлі шөптесін өсімдіктермен ұсынылған.

Облыстың жануарлар әлемі өзінің байлығымен және түрлілігімен ерекшеленеді.Ұсақ жәндікті қоректенушілердің 55 түрі, құстардың 180 түрі, балықтардың 30 түрі және басқа да жанаурлардың түрлері мекен етеді. Облыс аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, халықаралық маңызы бар Қорғалжын Мемлекеттік қорығы бар. Жануарлар мен құстардың сирек кездесетін түрлерін сақтап қалу үшін, Атбасар, Бұланды, Ерейментау және Восточный қорықшалары жұмыс атқарады. Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі өсімдікті – қызыл бетегелі және қайың – қылқан жапырақты орман алқаптарымен (Бурабай, Зеренді және т.б.) қоса қарапайым, оңтүстікте карбонатты қара топырақ басым. Таулы теректі орман алқаптарының базасында курорттар, санаторилер, демалыс үйлері құрылған. Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді, онда өндірістік бағыттағы жұмыстармен қатар жануарлар мен құстардың алуан түрлі өсірумен және бейімдеумен шұғылданады.

Жер қойнауы. Облыстың аймақтарында зерттелген сирек кездесетін құрамды және алтын қорлар, күміс,уран,молибден,техникалық алмастар, ақ балшық және мусковиттер сонымен қатар бірге темірлі кен, тас көмір, кең тарл,ан минералды сулар және емдік пайдалы кең қазбалар, көмбе доломиттер көптеп кездеседі. Баланстық қорлардың өлшелетін құндылығы АҚШ долларымен есептегенде 20миллиардты  құрайды,болжамдық қорлар – 100 миллиард АҚШ долларынан асады.

2-Тарау

2.1. Сабын жасайтын өсімдіктердің түрі құрылысы мен географиялық таралу жолдарын анықтау.«Дененің қуаты – өсімдік шырынында» деп көне қытайлар айтқандай, кез-келген дәрі-дәрмектің түп негізі өсімдіктерде жатқанын білеміз. Мысалы, құрамындар эфир майы және басқа да емдік заттар бар кәдімгі мойыл, жапырқтары мен емістері жүйке жүйесін сауықтыратын дәрілер жасауға пайдаланатын долана, антибактериалды препараттарға пайдаланатын –шайқурай,халық еміне қан тоқтатуға кеңінен қолданатын –мысықтабан ,құрамында аскарбин қышқылы ,каротин ,тағы басқа емдік заттары бар қалақай,тері ауруларына көмектесетін алабота секілді пайдалы өсімдіктер өсетінін айтып өтуіміз керек.Түрлі сырқаттарға емі бар мұндай өсімдіктер таулы да далалы жерлерде өседі.Тау алабына кірсең  иісі кеңсірігіңді ашатын қасиетті өсімдіктер  түрі қаншама .Соның ішінде алаблота тұқымдастары кез-келген жерде өсе береті ғажайып.Көне өсімдік зерттеушілердің айтуынша, алабота тұқымдастары жойылып кетуі мүмкін еді.Жер бедері бірде сораң, бірді тасты, далалы, енді берде қара топырақты болып келетінін білеміз.Алабота тұқымдастары жер таңдамай өседі. Осы уақытқа дейін,көп адамдар емдік қасиеті бар алабота тұқымдасы туралы білмеген. Арамшөп өсімдіктерінің ішінде көп таралған түрлеріне  марь және алабота (лебеда) т.б. жатады, Марь белая немесе лебеда алабота  (Chenopodium альбомы) жас жапырақтарға тамақ ретінде қолданылады. Бір жылдық екіұшты шөптесін өсімдік. Әр түрлі формада болады.  Бір-біріне ұқсас. Ол өсімдіктер бақшаларында және егістіктерде көптеген тұқымдардың көмегімен таралатын және зиянды арамшөпті жерлердегі тұрғын үйлердің жанында өседі. Оның айрықша белгілері: түзу және тармақталған сабақтарымен жапырақтары түбінде күлгін дақтар бар.Жапырақтары сопақша-сопақша-ромб тәрізді, түбінде үлкен тісті, сына тәрізді, жемісті гүлденумен жабылған, яғни шырынға толы ұсақ түктермен. Өсімдікті ақшыл етеді,шумақ тәрізді, сонымен қатар мамырда гүлдейді.Әр шумақта пистилла, бес стамен және периантаның бес жасыл жапырағынан тұратын бірнеше қос жынысты гүлдер болады, соңғысы жемістерімен бірге қалады.Дәндері жылтыр, қара, дәнді тазалау кезінде сұрыптауға көп мөлшерде шығады, ұнтақталған формадағы тұқымдарды малға беруге болады. Маридің көптеген түрлері бар, Алаота оған ұқсас  (Alppe patula), бір жылдық, арамшөп, барлық жерде (бос жерлерде, көкөніс бақтарында және т.б.) шөптер кездеседі.

Алабота тұқымдасы – басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500-ге жуық түрлері бар.

Алабота тұқымдастар – кіндік тамырлы көріксіз өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігнде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ көзге бірден байқалмайды түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдерәі жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпырқы тәрізді гүл шоғырына жиналған.Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағанша жапырақшасы – 5, кейде -3, кейде -4 болады. Жемісі құрғақ, қақырмайды. Желмен, бнақденелермен айқас тозанданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, смексеуіл, бұйырғандар жатады. Қазақстанда көп тарлаған ақ алабота.

Алаботаның ең көп таралған түрлері.

  1. Лебеда раскидистая  ( латын Atriplex patula)
  2. Әр түрлі пішіндегі алғашқы жапырақтары тұқымы ұзындығы 20.30 мм.
  3. Лебеда лоснящаяся ( латын Atriplex nitens)

Алғашқы жапырақтары үшбұрышты-ланцет тәрізді.Тұқымыі 20..30 мм LL., ені 3,0..1 мм., көшеттердің жапырақтары әлсіз – ұзындығы 2 және 20,25 мм., ені 4 … мм., жапырақ жиектері  тісті.

  1. Лебеда копьевидная ( латын Atriplex hastata) Найза тәрізді тұқымы ұзындығы 20-25мм ұзындығы 3,5-4мм,жапырақтарының жиектері түзу және өткір тісті
  2. Лебеда веероплодная ( латын Atriplex flabellum) Желдеткіш тәрізді.

Бірінші жапырағы ұзынша сопақша Ұзындығы 20,25 мм  ұзынша сопақша тәрізді.

  1. Лебеда разносемянная( латын Atriplex micrantha).Әртұрлі тұқымды.

Алғашқы жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 10 мм-ге дейін, ені 8 мм.

  1. Лебеда татарская( латын Atriplex tatarica).

Алғашқы жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 10 мм-ге дейін, ені 8 мм.

  1. n1ten s Schkuhr.-L. жылтыр. Тұқымдарының бір бөлігі қалыңдатылған, ұзындығы 20-30 мм, ені 1,25-1,5 мм, жалаңаш. Cotyledons ұзын, ұзындығы 20 …. 30 мм-ге дейін., (3) 4,5 мм.,  доғал, негізге қарай қысқа сабақтарда біртіндеп жіңішкеріп, бір (көбірек байқалатын) ортаңғы, жасыл түсті.  Алдымен жапырақтары ұзынша-жұмыртқа тәрізді, төбесінде доғал, төменгі жағында сына тәрізді, екі үлкен тістері бүйірлерінде және одан әрі жоғары, ұсақ және біркелкі емес.  Жапырақтардағы жүйкелер ақшыл ортасында анық бүйір жүйкесі одан да жұқа, олардың екеуі жапырақ тақташасының ортасынан шығып, екіге бөлінеді. Жапырақтар қарама-қарсы, үшбұрышты,Осковашия сәл жүрек тәрізді, шеті бойымен толқынды тістері бар, өткір дентикулалары бар.  Бесінші және алтыншы жапырақтары қарама-қарсы, жұмыртқа тәрізді, түбінде жебе тәрізді.  Костиледонды дозаның ұзындығы 10 мм-ге дейін,жетеді. Көкөніс дақылдарын, бақтар мен шөптесін өсімдіктерді зақымдайтын түрі  Ародей бөлігі (Қиыр Солтүстік аймақтарын қоспағанда), Кавказ, Алия Сібір, Орталық Азия.
  2. ratula L.

Тұқым беретінбөлігі, қызыл-қоңыр, қоюланған-цилиндр тәрізді.  Сұр түсті, ұзындығы 15,25 мм, ені 34 мм, отырықшы, ортаңғы венасы бар.  Ең жақын жапырақтары қарама-қарсы, ұзынша-жұмыртқа тәрізді, жұп қарама-қарсы тістері бар, Котеледон үсті аралық жапырақшасы дамыған,үшбұрышты бір жылдық өсімдік,арамшөп ретінде бақша дақылдарында кездеседі. Еуропалық бөлігі (Қиыр Солтүстікті қоспағанда), Кавказ, Батыс. Сібір (оңтүстік облыстар), Шығыс Сібір (оңтүстік облыстар), Орталық Азияда өседі.

  1. hastata L. L. найза тәрізді. 

Тұқымжарнақ бөлігі – жақсы бөлінген  ақшыл-жасыл немесе қызғылт түсті қалың түтішелі.әдетте азды-көпті қатты (2,3) 3,5,4 (4,5) ММ тип.) Ponti endichie. Бірінші жапырағы үшбұрышты екі жағыда жасыл түсті, бір біріне жақын соңғы жапырақтары үлкен болады.Одан әрі жапырақтары үшбұрышты найза тәрізді, жоғары жағы доғал.Тұқымжарнақтың арасы ұзын емес. Біржылдық шөптесін өсімдік арам шөп ретінде егістіктерде,бақшада өседі. Еуропалық бөлігі (Қиыр Солтүстікті қоспағанда), Кавказ, Батыс. Сібір (оңтүстік облыстар), Шығыс Сібір (оңтүстік облыстар), Орталық Азияда кездеседі.

 Лебеда разносемянная( латын Atriplex micrantha).Әртұрлі тұқымды.

micrantаL тұқымжарнақ, ұзындығы 40 … 50 мм, р-ге жақын, қызғылт күлгін.Тұқымы ұзынша пішінді ұзындығы 15 ..  мм ені 3мм, бүйір-қысқа, төбесі доғал. Бірінші жапырақтары ұзынша-жұмыртқа тәрізді,  ұзындығы 20,25 мм., ені 10-12 мм. (Ортаңғы бөлігінде). және ұзын (шамамен 10 мм) жапырақтардың ортаңғы жіңішкесі қалыңдатылған.Жапыпрақтары ортаңғы бқлігі жуандаған шеті жұқа.Бір-біріне жақын жапырақтары қарама-қарсы, үшбұрышты найза тәрізді соңғы жапырақтарының барылығында тісше пішінді болады. Бесінші және алтыншы жапырақтары қарама-қарсы, найза тәрізді, түбі жүрек тәрізді жеті жіңішке тісшеленген.  Бір жылдық, бау-бақшаларда, қоршаулар, ғимараттар жанында кездеседі.  Төменгі Еділ аймағының Волгабөлігі), Кавказ, Батыс БҚО (Орталық Азияның оңтүстік аймақтарында) кездеседі.

tatagisa L. – L. Tatar

Сабақтың гүлшоғыры бөлігі етті, цилиндр тәрізді, көбінесе қызғылт-күлгін түсті, ұзындығы 10,15 мм.  (кейде одан да көп).  Тұқымдары созылыңқы түрде төмен қарай созылған және олардың негіздерінде кішкене қабықшаға біріктірілген, үстінде сұрғылт-жасыл, әдетте төменде қызғылт-күлгін, ұзындығы 15 … 18 (20) мм., Ені 2,5..3,5 мм. Алғашқы жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 10 мм-ге дейін, ені 8 мм.  және одан да көп, жиегі бойынша айқын емес толқынды және дерлік тісшелері бар.

төменгі жағынан байқалады.Тұқымжарнағы үстіңгі аралықта жақсы дамыған, ақшыл.  Көкөніс дақылдарын, бақшаларды және оңтүстіктегі барлық суармалы дақылдарды зақымдайтын бір жылдық өсімдік.  Еуропалық бөлігі (Қиыр Солтүстік аймақтарын қоспағанда), Кавказ, Батыс Сібір (оңтүстік облыстар), Орталық Азияда кездеседі.

  1. FIabellum Bge.- Л. Желдеткіш

Гүлшоғыры бөлігі ұзынша, ұзындығы 20,25 мм., Ені 4 … 5 мм.,Гүлшоғыр жапырақшалары, жапырақ тақтасыннан қысқа.  Алғашқы жапырақтары үшбұрышты найза тәрізді ұзын жапырақшадан тұрады. Жапырақтары бір біріне жақын орналасқан.  Жапырақ жиектері ара тісті. Жапрақ жүйкеленуі торлы.Бір жылдық шөптесін өсімдік.Арамшөп ретінде егістіктерде өседі.Орта азияда кездеседі.

Теректің қасиеті.

Қандай да бір себептермен ол бұрыннан қалыптасқан қағида: кейбір өсімдіктер жалпыға ортақ құрметке ие болды, ал кейбір өсімдіктерге адамдар селқос қарайды. Мысалы, терекке. Дегенмен, бұл өсімдіктің жақсы жақтары өте көп. Мысалы,бұл өсімдік жылдам өседі.Кейбір теректер күнінде 6см өседі.Біздің елде елу шақты терек бар, қара терек жиі кездеседі. Көбінесе  өзендер мен көлдердің жағасында кездеседі. Терек ылғалды жерлерде, өзін жақсы сезінеді. Таңқаларлық емес, адамдар оны құмдардан желден сақтану үшін өсірген.Желден құмннан сақтану үшін, жас теректер отырғызады. Олар біздің құнарлы жерлерімізді сыртқы ортаның әсерінен қорғап тұрады. Теректер тіпті құмда да жақсы өседі. Терек сонымен қатар құнарлы жердің жоғалып  кетуімен күреседі. Терек тез өседі, одан жаңа ұрпақтар тарайды. Олар жартастың түбіне өсіп, одан кейін басқа беткейге көшеді.Бір сөзбен айтқанда, олар жартасты қоршап, жартастың мүжілуін тоқтатады. Қара теректің қабығынан ұзақ уақыт бойы сары бояу мен парфюмерияда қолданылатын жағымды иістер алынады. Жалпы теректің зияндылығы да бар.Көктем мен жазда адамдарды мазалайтын мамық, теректен пайда болады! Ал мамықпен –күресуге болады.Терек екі үйлі өсімдік: бір өсімдіктер аталық гүлдері, екіншісінде-аналық гүлдері болады.Мамық тек аналық гүлдері бар теректерде пайда болады. Егер сіз көшелерде, саябақтар мен бақшаларда аталық гүлдері бар теректі отырғызсаңыз, мамық болмайды. Терек ағашы кішкентай бұтақтан, үлкен болып тез өседі. 

2.2. Сабын жасау әдісі.

Қазақ халқы ерте кезден бастап-ақ өсімдіктердің қыр сырын білген. Дәрілік өсімдіктермен қатар табиғатта жабайы өсетін өсімдіктердің маңызын біліп, тұрмыс қажеттіліктеріне қолданып отырған. Соның бірі халық арасында көп тараған алабата,сексеуіл және терек ағаштарының күлінен сабын жасайды. Сабынды көктем кезінде жасайды. Қыста қурап қалған ағаштың бұтақтарын жыйнап алады да көктемде өртеп, күлінен келесі көктемге дейін жететіндей сабын жасайды. Менің жетекшімнің айтуы бойынша шешесі сабын жасау үшін оған керекті дайындықты қыста жасап қоятын болған дейді. Ол үшін қыста сойған соғымдарының майын турап ерітіп содан тоң май жасап сақтап қояды немесе көктемде қыста сойған соғымның жілік сүйектерін қайнатып, соның майын сабынға қосатын болған деді.

Жасалу әдісі:

Теректің бұтағын жағып күлін қазанға салып нәрі шыққанша қайнатады. Содан кейін сүзедіде, алған сұйық бөлігін құрғақ ақ ұнтақ болғанша қайнатады. Бұны  сахар деп атайды. Сахарға қыста сақтап қойған малдың майын қосып араластырап,сабын аламыз. Алған сабанды әр түрлі мақсатта қолданып, соған қарай ат қойған. Кішкене сабын жасап, оны бызаушық деп атаған оған арнайы жіп тапққан іліп қою үшін. Бұл сабынды беті қолды жуу үшін қолданған. Әсіресе бетке безеу және денеге қотыр шыққанда осымен жуған. Ал үлкен сабынды кір жуу үшін қолданған. Қазақ өте ырымшыл халық. Менің жетекшімнің әжесі сабын жасағанда үйге бөтен адам кіргізбеген дейді. Себебі сабын бірікпейді деп ырымдаған. Ал егер сабын бірікпесе жылқының қиын суға езіп соны қосатын болған. Сабын жасаудың өзі қазақ үшін той болған егер сабыны жақсы шықса ырымдап ауыл үйдің балаларына бызаушық беретін болған.

3тарау. Қорытынды бөлімі

Жалпы алғанда біздің өңірде өсетін өсімдіктердің түрлері өте көп. Олар әлі зерттеуді қажет етеді. Бірақ осы анықталған алабаота мен теректен көп адамдарсабын алу мақсаты әлі басталған жоқ. Жалпы дәрілік өсімдіктерді мен қатар жабайы өсімдіктерді қорғау жұмыстары да дұрыс жолға қойыл- маған. Олар малдың тұяғымен, машина мен тракторлардың табанымен өртпен, ауа райының өзгеруімен мен айнала қоршаған ортаның ластануынан және адамдардың іс-әрекетерінің әсерінен жойылып, сандары азайып бара жатыр. Осы өңірдегі өсімдіктерді зерттеп, оларға қандай экологиялық факторлар әсер ететінін, олардың неліктен азайып бара жатқанынна көңіл бөлейік. Өсімдіктердің маңызын пайдасын білу,біріншіден, денсаулығымыз-ды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаржатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын аса ысырапшылдық пен қолданбауымыз керек. Қорытындылай келе, біздің «Өзен» ауылы дәрілік өсімдікке бай. Оның ағаш, бұта, арамшөп түрінде де кездесетінін білдік. Адамға қажетті ең басты байлық – денсаулық пен өмір. Ал,адам өмірінде өсімдіктің маңызы өте зор.Сонымен алабота тұқымдасының түрлерімен теректі зерттеу барысында бұл өсімдіктердің климат жағдайына байланысты дала, орман зонасында көбінде тасты дала жерлерде өсетінін байқадым. Сонымен қатар биыл үйде сабынды өзім жасап ауыл адамдарымен бөлісем деп ойлаймын.

1.Өзен өңірінде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктердің популяциялар өте көп, олар әлі зерттеулерді қажет етеді;

2. Өсімдіктерден дәрі алу мақсаты келешекте қолға алынса;

3. Осы өңірдегі өсімдіктерді зерттеп, оларға қандай экологиялық факторлар әсер ететін, олардың неліктен азайып бара жатқанын анықтау қажет;
4. Алабота тұқымдасының түрлерімен теректі зерттеу туралы және емдік қасиеттері туралы ғылыми мәліметтер жинақталды;
5. Кеппе шоп жасадық. Мектепте оқушылар зертханалық жұмыс барысына қолдану үшін.
7. Жазғы демалыста тек қана алабота емес басқада дәрілік өсімдіктер және жабайы өсімдіктерден кеппешөптер дайындалынды, мектептің биология кабинетіне көрнекі құрал ретінде тапсырылған.

You May Also Like

Тегісшілдік ауылы маңындағы «Қособа қорымы», ғылыми жоба

Тақырыбы: Тегісшілдік ауылы маңындағы «Қособа қорымы» ПІКІР «Қособа қорымы» тақырыбында жазылған ғылыми…

Құрт–қазақтың ұлттық тағамы және оның пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Құрт – қазақтың ұлттық тағамы  және оның пайдасы Орындаушы: Дәулет  Зарина  3…

Ұсақ жануарлардың гельминттерін капрологиялық әдіспен зерттеу, ғылыми жоба слайд

Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі   Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашық дамуы…