Ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ:

Өскемен қаласының әртүрлі бөліктерінің топырағының құрамы

АБСТРАКТ

Ғылыми жобаның  тақырыбын таңдауға ұйытқы болған ең басты себеп, ол Өскемен қаласының әр түрлі бөліктерінде топырақтары неге әр түрлі деген мәселе. Осы орайда қаланың 3 ауданының: әуежай аумағының, Ахмер кентінің және «Самал» ықшамауданының топырақтарының үлгілері  алынып, салыстырылып зерттелді.  Зерттеу барысында топырақтың құрамындағы заттарды, оның физикалық қасиеттерін тәжірибе арқылы анықтау топырақтың қырымен сырын әлі білмейтін біздерге бұл өте қызықты көрінді. Жасаған тәжірибемнің қорытындысын көріп, бұл тәжірибелердің қаншалықты қызық екеніне көз жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы, ең алдымен топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау, оны халыққа насихаттау. Осы орайда жүргізілген ғылыми тәжірибенің, сауалнама жұмысының практикаға маңызы зор.

       Зерттеудің  мақсаты: топырақтың үлгілеріне талдау жасап, сипаттап, қандай шаруашылық түрлеріне пайдалануға тиімді екеніне ұсыныс жасау.

Зерттеудің міндеттері:

– Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру;

– Ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, топырақтың түрлі қасиеттерін сипаттау;

– Топырақтың адам шаруашылығына қаншалықты пайдалы екенін танып білу;

– Топырақтың физикалық қасиеттері жайлы толық мағлұмат алу, қолданысқа енгізу;

– Ғылыми зерттеу жұмысының дағдыларын игеру.

     Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазіргі таңдағы күн тәртібінде тұрған  маңызы зор мәселенің бірі – топырақтың шаруашылықта пайдаланылуы. Топырақтың пайдасы туралы мәліметтерді жинақтап, толық зерттеп, оны басқаларға жеткізу басты мәселе.

      Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:

1.Теориялық ( қолда бар әдебиеттерден тақырып бойынша зерттеу жасау);

  1. Сауалнама жүргізу;
  2.   Тәжірибе жасау.

      Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер топырақтың физикалық қасиеттерін танып білсе, бір қаланың өзінде барлық топырақ біркелкі емес екенін және қандай топырақ қандай шаруашылық түрімен айналысуға тиімді екенін анықтауға болады.

     Зерттеу нысаны: топырақ.

     Зерттеу заты: топырақтың физика-химиялық қасиеттері.

     Зерттеудің практикалық мәні:

Жұмыс барысында Өскемен қаласының әртүрлі аумақтарының топырақтарының

физика-химиялық қасиеттерін анықтап, топырақтың бір түрі бақша өнімдерін өндіруге, ал басқасы құрылыста пайдалануға болатыны жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

      Күтілетін нәтиже:

Егер, біз топырақтың құрамындағы заттарды нақты дәлелдеп айта білсек, адамдар топырақты шаруашылықта пайдаланып, оның тиімділігін түсінетін болады. Топырақтың құрамында кездесетін заттарды білсек, оны шаруашылықтың қажеттілігіне қарай пайдалансақ, онда шаруашылықтың жақсаруына ықпал жасаймыз.

Зерттеу кезеңдері:

І кезең – тақырыпты таңдау, жұмыс жоспарын құру;

ІІ кезең – әдебиеттерді талдау;

ІІІ кезең – тәжірибе өткізу;

ІV кезең – қорытындылау, ұсыныстар жасау.

       Зерттеудің жаңашылдығы:

Өскемен қаласының әртүрлі бөліктерінің топырақтарына сипаттама берілді;

топырақтың қасиеттерінің №27 орта мектебінің оқушыларына тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

АБСТРАКТ

Причиной моего исследования стало то, что в разных частях Усть-Каменогорска почва не одинакова. Поэтому для сравнительных исследований были взяты образцы почв из трех частей города – район аэропорта, микрорайон «Прохладная» и поселка Ахмирово. В ходе исследования были проведены интересные опыты по выявлению составных частей почвы. В этом можно убедиться посмотрев на результаты моих экспериментов.

Значимость исследования заключается в первую очередь в определении физических свойств почв, и представления его обществу.

В этом плане проведение анкетирвания и  экспериментов с почвой имеет большое практическое значение.

       Цель исследования: проаналазировать различные типы почв и рекомендовать для использования в хозяйстве.

Задачи исследования:

  1. Изучить литературу по теме;
  2. Изучить полезные свойства почвы для деятельности человека;
  3. Выявить качественный состав почвы для практической деятельности;
  4. Научиться проводить исследование.

      Актуальность:    

В настоящее время использование почв – одно из важнейших проблем. Исследовать полезные свойства почв и выступить перед аудиторией с результатами своего исследования.

      Методы исследования:

1.Изучение литературы;

  1. Анкетирование;
  2.   Эксперимент.

      Гипотеза:

Если люди будут знать о различных свойствах почв в разных частях города, то они будут знать, какими видами хозяйственной деятельности эффективнее заниматься.

     Объект исследования: почва.

     Предмет исследования: физико-химические свойства почвы.

     Практическое значение исследования :

Исследовав физико-химические свойства почв можно определить,  что в одной части города почвы плодородны и приемлемы для огородничества, а в другой части почвы эффективны для использования в строительных работах.

      Ожидаемые результаты:

Если мы исследуем полезные свойства почв, их состав, доведем это до аудитории учащихся, они будут знать о практичности эффективности различных видов почвы в различных видах деятельности человека.

Этапы исследования:

І этап – определение темы и цели исследования;

ІІ этап – изучение литературы;

ІІІ этап – эксперимент;

ІV этап – выводы и рекомендации.

    Новизна исследования:

Исследованы свойства почв разных частей города и учащимся 27 школы указаны эффективные пути их использования.

ABSTRACT

The reason for my research was that in different parts of Ust-Kamenogorsk the soil is not the same. Therefore, for comparative studies, soil samples were taken from three parts of the city – the airport area, the Prokhladnaya microdistrict and the village of Akhmirovo. During the study, interesting experiments were carried out to identify the components of the soil. This can be seen by looking at the results of my experiments.

The significance of the study lies primarily in determining the physical properties of soils, and presenting it to society.

In this regard, conducting questionnaires and soil experiments is of great practical importance.

Research objective: analyze different types of soils and recommend for farm use

 Research problems:

  1. To study the literature on the topic;
  2. To study the beneficial properties of soil for human activities;
  3. To identify the qualitative composition of the soil for practical activities;
  4. Learn to conduct research.

Relevance:

Soil use is one of the most important problems. Investigate the beneficial properties of soils and speak to your audience with the results of your research.

Research methods:

  1. The study of literature;
  2. Questioning;
  3. The experiment.

Hypothesis:

If people know about the various properties of soils in different parts of the city, they will know what types of economic activities are more efficiently engaged.

Research object: the soil.

Object of research: physical and chemical properties of the soil.

     Practical value of a research:

Having studied the physicochemical properties of soils, it can be determined that in one part of the city the soils are fertile and acceptable for gardening, and in the other part of the soil they are effective for use in construction work.

The expected results:

If we study the beneficial properties of soils, their composition, bring it to the audience of students, they will know about the practicality of the effectiveness of various types of soil in various types of human activities.

Investigation phases:

І a stage – definition of a subject and research objective;

ІІ a stage – studying of literature;

ІІІ a stage – an experiment;

ІV a stage – conclusions and recommendations.

Novelty of a research:

The properties of soils of different parts of the city are studied, and students of 27 schools are shown the ways of their effective use.

Мазмұны 

  1. Кіріспе…………………………………………………………..…..9
  2. I. Теориялық бөлім.
  3. 1. шығу тарихы. ……………………………………9
  4. 1.2 туралы қызықты мәлімет. …………………………..9
  5. 1.3 химиялық, биологиялық құрамы. ……………10
  6. 1.4 пайдасы. ……………………….………………. 10
  7. 1.5 қасиеті ………………………………………11
  8. ІІ.Зерттеу бөлімі.
  9. 2.1 Сауалнама…………………………………………………………..12
  10. 2.2 бактерияларға қарсы қасиеттері. ……………….12
  11. 2.3 басқа ауруларға емдік қасиеттері……………..13
  12. ІІІ. Қорытынды …………………………………………………….14
  13. Ұсыныстар……………….………………………………………………….. 15

Кіріспе

Топырақтың құрамындағы әр түрлі химиялық қосылыстардың оның  құнарлылылығына әсерін зерттеу. Зерттеу барысында топырақтың қыры мен сырын әлі білмейтін біздерге бұл өте қызықты көрінді. Жасаған тәжірибемнің қорытындысын көріп, біз жасаған тәжірибелердің қаншалықты қызық екеніне көз жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы, ең алдымен топырақтың құрамындағы заттарды анықтау, оны халыққа насихаттау. Осы орайда жүргізілген ғылыми тәжірибенің, сауалнама жұмысының практикаға маңызы зор.

       Сондықтан топырақтың құрамындағы заттардың шаруашылық үшін тигізер пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білуді мақсат етіп,

– ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру;

-ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, топырақтың құрамындағы заттардың қасиеттерін сипаттау;

– топырақтың шаруашылық үшін қаншалықты маңызды екенін танып білу;

-топырақтың физика-химиялық қасиеттері жайлы толық мағлұмат алу, қолданысқа енгізу;

– ғылыми зерттеу жұмысының дағдыларын игеру міндеттерін анықтадым.

     Зерттеу жұмысында өзекті болып табылатын басты мәселе:

Қазіргі таңдағы күн тәртібінде тұрған  маңызы зор мәселенің бірі – бір қаланың әртүрлі бөліктерінде топырақтардың әртүрлілгі. Топырақтың қасиеттері туралы мәліметтерді жинақтап, толық зерттеп, оны басқаларға жеткізу.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Табиғаттың ғаламат туындысы топырақ.

Ол жер кабығының ең үстін алып жатқан кұнарлы қабаты. Топырақтың ерекше қасиеттерінің әсері осы ортада өсімдік өніп, тамыр жүйесі дамып, өсіп жетіліп, фотосинтез арқылы органикалык заттар түзіп халыкқа азык-түлік, өндіріске шикізат беруін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге топырак табиғи экологиялық жүйелердің басты құрамды бөлігі болып келеді.

Топырақтың құрылысын, құрамын, қасиеттерін, пайда болуымен дамуының зандылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған ортамен байланысын, табиғаттағы маңызын, топырақты жақсарту жөне құнарсызданудан қорғау, халык шаруашылығында тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін зерттейтін – топырақтану ғылымы.

Топырақтану ғылымының негізін XIX ғасырдың аяғында орыстың ұлы ғалымы Василий Васильевич Докучаев (1846-1903) қалады. Өткен ғасырдың басында топырақтану жаратылыстану ғылымының жеке жаңа саласы болып қалыптасты.

Топырақ туралы ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінік В.В. Докучаевтың жемісті еңбегінің нәтижесінде пайда болып, дами түсті. Ол 1879 жылы Санкт-Петербургте жаратылыстану қоғамында жасаған баяндамасында- «топырақ дегеніміз жердің үстіңгі, қабатында жатқан, қарашіріндімен азды-көпті мөлшерде боялған, тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің өзара қарым-қатынасы әсерінен пайда болған минералды-органикалық жаралынды зат» – деп керсеткен.

Топырақ профилі (кескіні). Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В.В.Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А -қара шірікті қабат. В- өтпелі қабат. С-топырақтүзуші аналық тау жыныс қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты әрқайсысы бірнешеге болінуі мүмкін. Оларды А1А2, В1В2, С1С2 т.б. деп белгілейді (қосымша 1).

Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырак аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар: тоқта

1.Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоныр түс береді.

2.Темір және марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.

  1. Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері — ақ.
  2. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.

1.2 Топырақтың физикалық құрамы.

Егер жер бетіндегі табиғи денелерді тірі ағзаларға (жан-жануарлар, өсімдіктер) және жансыз денелерге (тау жыныстары, минералдар) бөлетін болсақ, онда топырактың осы екі топтағы денелердің аралығынан орын алатын ерекше дене екенін байқаймыз. Өйткені академик В.И.Вернадскийдің (1863-1945) аныктауы бойынша әрі тірі, әрі өлі денеден құралған.

Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарауымызға бірінші себеп оның құрамында әрі минералды, әрі органикалык заттардың және айрықша органикалык, органикалык-минералдық заттар тобының қарашіріндінің болуы. Ал, екінші себеп оның құрамында тірі ағзалар өсімдіктердің тамыр жүйесі, топырақта қоныстанған жәндіктердің және неше түрлі орасан көп микроорганизмдердің болуы, сөйтіп оның тірі бөлігін құрауы. Сонымен бірге, топырак көп бөлікті күрделі жүйе екенімен де ерекшеленеді. Топырақ қатты, сүйық, газ және тірі бөліктерден құралған. Топырақтың негізгі ерекше қасиеті оның құнарлылығы болып саналады.

Топырақ қүнарлылығы дегеніміз, оның өсімдіктерді қажетті мөлшерде минералды элементтермен, сумен, оның тамырларын ауа және жылумен қамтамасыз етіп, өсімдіктің өсіп, өнім беруіне мүмкіндік бере алатын касиеті.

Осы қасиетімен топырақ тау жыныстарынан, табиғаттың басқа туындыларынан ерекшеленеді.

Топырақтың қасиеттері негізгі (көлемді және үлес салмағы, кеуектілігі,  икемділігі, жабысқақтығы, байланыстылығы, қаттылығы) және функционалды (ылғалды, ауа және жылу) деп бөлінеді. 

  1. 3 Топырақтың химиялық құрамы.

Топырақтың химиялық затттармен ластануы топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады. 1м³ топырақта 6кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрде тазалауының өзі мүмкін емес. Қорғасын, сынап, кадмий,  хлор, органикалық заттар, песицидтер мен басқа да адам өміріне қауіпті заттардың көбісі өсімдітерден және жануарлар шаруашылығында түрлі арам шөптер мен жәндіктерге қарсы гербицидтер мен пестицидтердің шамадан тыс қолдануылынан топырақ химиялық заттармен ластанады.

Ауыл шаруашылығында үлы химиялық заттардың шамадан тыс қолдану адам денсаулығына зиянды заттардың топырақта жиналуына себепші болады. Ірі өнеркәсіптердің айналасындағы топырақта адам денсаулығын зиянды қорғасын, сынап, фтор, марганец және т.б заттардың өте көп мөлшерде кездесетіні анықталған. Топырақ түрлі зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын ДДТ-мен (дихлордифенилтрихлорэтан) ластанған. Бұл зат судың, желдің әсеріне төзімді, сондықтан топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. Кейінгі кезде бұл химиялық затты қолдануға тыйым салынған.

1.4 Топырақтың маңызы

Адамзат топырактың кұнарлығын пайдаланып оны ауыл және орман шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде қолданады. Әртүрлі өсімдіктер егіп, мал жайып өнім алады. Топырақты қолданғанда олар топырактың түзілу процесіне әсер етеді, онын құрамының, құрылымының және физикалық-химиялық касиеттерінің өзгеруіне ыкпалын тигізеді. Сондықтан топырақ адамзат еңбегінің туындысы, жемісі ретінде де саналады. Сөйтіп, топыраққа адамзаттың қатынасы үш жакты больш келеді. Біріншіден – топырақ табиғи ерекше дене, екіншіден-ол негізгі өндіріс кұралы, үшіншіден-ол адамзат еңбегінің туындысы, жемісі.

Топырақты негізгі өндіріс құралы ретінде пайдаланғанда оның келесідей ерекшеліктері бар екені анғарылады: топырактың орнына басқа табиғи денені ауыстырып колдануға болмайды; топырақтың межесі бар; көп көлемде орнынан козғап баска жаққа ауыстыру болмайды;

ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.   

2.1 Сауалнама.

Біздің қаламыздың топырақтарының біркелкі емес екендігі айқын. Сол себепті өзімнің сыныптастарымнан тұратын мекенжайларының топырақтарының қандай екені туралы сауалнама алдым.

Сауалнамаға 25 адам қатысты. Олардың 24-і оқушы біреуі сынып жетекшім. Нәтижесі келесідей болды.

  • Топырақтардың құрамында әртүрлі заттар бар екендігін білесіздерме, олар қандай? – иә 100% (1 қосымша, 1сурет)
  • Топырақты қандай шаруашылық түрлеріне пайдаланады деген сұраққа баубақшалық – 68 % , басқа жұмыстарғада пайдалануға болады -32%  (1 қосымша, 2сурет)

–   Өзіміз тұратын қаланың топырақтары барлығы бірдейме? – жоқ деп 100% жауап берді.

2.2. Өскемен қаласының топырақтарының қасиеттері

Әрине, Өскемен қаласының ауданы үлкен болғандықтан, оның топырақтарыда сан-алуан, бірақ мен осы зерттеуді жүргізу үшін қаланың 3 ауданының: аэропорт аумағы, «Самал» ықшамауданы және Ахмер кентінің топырақ үлгілері алынды (2,3,4 суреттер).

Қосымша 2

Топырақ үлгісінің номері Алынған орны Сипаттамасы
№1 Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақ Тығыз, кесек бөлшектері кесек саңылаулар түзейді, құрамында саз, құм бар
№2 Ахмер кентінде бақшадан алған топырақ Құрамында құм, органикалық тыңайтқыш қосылыстары, тұз бар
№3 Мектеп ауласынан алынған топырақ Ұсақ-түйіршікті құрылымды, қосындылары көп, борпылдақ.

Топырақтың құрамындағы физикалық қасиеттерін сипаттайтын заттарды анықтау үшін бірнеше тәжірибелер жүргізілді.

Тәжірибе №1.

Топырақтағы ауа. Топырақ құрамында ауа бар екендігін анықтау үшін үш стаканның түбіне әртүрлі топырақ үлгілерінен мөлшерлеп салынды, үстіне су құйылды. Әр стаканда көпіршіктер пайда болды. Тәжірибенің нәтижесін кестеге түсірдік(қосымша 3)(4,5,6 сурет). 

Тәжірибе №2 Топырақтың үлгілерін алып фарфор ыдысқа салып, астына спирт жағып, қыздырдық. №1 топырақ үлгісінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. №2,3 үлгілерді қыздырғанда, қоңырсыған иіс шықты. Бұл топырақтың құрамында органикалық қосындылар бар екендігінің белгісі (қосымша 4) (7,8 сурет). Ол тірі ағзалардың қалдықтары. 

Тәжірибе №3 Жылы топырақтың бетін, мөлдір қақпақпен жаптық.  Қақпақтың бетінде су буының тамшылары байқалды. Яғни топырақтың құрамында су бар дегені(сурет 9). 

Тәжірибе №4 Топырақтың  суды өткізу қасиетін анықтау үшін. Суды сазбен кәдімгі топырақ арқылы сүздік. №1 үлгідегі саз арқылы су ақырын өтеді, бірақ стаканның ішінде мөлдір, таза су болды. Ал жұмсақ №2,3 топырақ арқылы су жақсы өткенімен стакандағы суда топырақ түйіршіктері болды(Қосымша 5). Бұдан шығатын қорытынды: су топырақ арқылы жақсы өитеді, ал сазды топырақ арқылы нашар өтеді, бірақ саз табиғи сүзгі деп айтуға болады.

Тәжірибе №5 Сүзгіден өткізген судың 1-2 тамшысын мөлдір ыдысқа біраз уақытқа жылы жерге қойып қойдық. Су бұланып кетті, ал ыдыста ақ нүктелер көрдік, . Ол минералды тұздар. Яғни топырақтың құрамында минералды тұздар болады.

Жасалған тәжірибелердің нәтижесінде әртүрлі топырақтардың құрамы бірдей емес екені анықталды:

Топырақ үлгісі Алынған орны Құрамының сипаттамасы Ұсынылатын шаруашылық түрі
№1 Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақ Ауа бар – аз мөлшерде, су бар, минералды тұздар бар – аз мөлшерде, қарашірік жоқ.  Тығыздығы жоғары, құрамында саз, құм бар. Құрылыс
№2 Ахмер кентінде бақшадан алған топырақ Ауа бар – көп мөлшерде, су бар, минералды тұздар бар – орташа мөлшерде, қарашірік бар, органикалық қосылыстар бар (органикалық тыңайтқыштар).  Тығыздығы төмен. Үгтілгіш. Бау бақшалық
№3 Мектеп ауласынан алынған топырақ Ауа бар – көп мөлшерде, су бар, минералды тұздар бар – аз мөлшерде, қарашірік бар.  Тығыздығы төмен. Борпылдақ. Бау бақшалық, гүлзарларға

 Қорытынды.

Зерттеу жұмысының барысында Өскемен қаласының топырақтарының әртүрлі екенін дәлелдеп, және шаруашылықтың қандай түріне пайдалануға болатынын анықтадым. Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақтың құрамында саз бен құм бар, қарашірік жоқ. Сол себепті оны құрылыс жұмыстарында пайдалануға болады. Ал Ахмер кентінде бақшадан алған топырақтың үгітілгіш болғанымен, құрамында тұздар бар екен. Сол себепті шаруашылықта пайдалану үшін тыңайтқыштар қолдану керек. Келесі «Самал» микроауданындағы мектеп ауласынан ағаштардың түбінен алынған топырақтың құрамында қарашірік мол, ылғалды, борпылдақ болғандықтан бау бақшалық шаруашылықта және гүлзарларда пайдалануға болады.

Адамдар топырақты күтсе, оның құнарлылығын жоғарылатуға болады. Егер жерді

Әйгілі топырақтанушы ғалым В.В. Докучаев былай деген екен: «Біз жерді ата-бабамыздан алғанжоқпыз, оны келешектен қарызға алдық».

Зерттеу жұмысы барысында:

-топырақты зерттеу тарихы, оның құрамымен пайдасы туралы толық мәліметке ие болдым;

-топырақ туралы оқушыларға түсінік беріп, сауалнама жұмыстарын жүргіздім;

– топырақты пайдаланып тәжірибе жасадым;

-болашақта топырақтарды терең зерттегім келеді.

Пайдалы кеңестер мен ұсыныстар:

  1. Көкөністердің қалдықтарын қоқысқа тастамай, бір жерге жинақтап, топырақпен араластырып, құнды қарашірік алуға болады;
  2. Ағаштан түскен топырақтарды, қураған шөпті өртемей, көлеңкелі жерге жинап компост жасауға болады. Олда қарашірік алудың бір әдісі. Органикалық тыңайтқыш.
  3. Топыраққа минералды тыңайтқыштарды біртіндеп енгізу керек;

4.Топырақты қатты қоқыстармен (шыны, металл, пластик) ластамау, олар жүздеген жылдар бойы шірімейді.

Қосымша 1

Топырақтың профилі

Қосымша 2

Топырақ үлгісінің номері Алынған орны Сипаттамасы
№1 Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақ Тығыз, кесек бөлшектері кесек саңылаулар түзейді, құрамында саз, құм бар
№2 Ахмер кентінде бақшадан алған топырақ Құрамында құм, органикалық тыңайтқыш қосылыстары, тұз бар
№3 Мектеп ауласынан алынған топырақ Ұсақ-түйіршікті құрылымды, қосындылары көп, борпылдақ.

Қосымша 3

Топырақ үлгісінің номері Алынған орны №1 тәжірибенің – топырақтың құрамында ауа бар екенін анықтау нәтижесі
№1 Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақ Ауа көпіршіктері аз, кішкекнтай.
№2 Ахмер кентінде бақшадан алған топырақ Ауа көпіршіктері орташа жылдам қозғалады, үлкендігіде орташа
№3 Мектеп ауласынан алынған топырақ Ауа көпіршіктері көп, жылдам қозғалады, үлкен.

Қосымша 4

Топырақ үлгісінің номері Алынған орны №2 тәжірибенің – топырақтың құрамында органикалық қосындылар бар екенін анықтау нәтижесі
№1 Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақ Топырақ қызыды, бірақ ешқандай айтарлықтай өзгерістер байқалғанжоқ.

Органикалық заттаржоқ.

№2 Ахмер кентінде бақшадан алған топырақ Топырақ қызыды, қоңырсыған иіс шықты, ыдыстың түбінде сұр күл пайда болды. Органикалық заттар бар.
№3 Мектеп ауласынан алынған топырақ Топырақ қызыды, қоңырсыған иіс шықты, ыдыстың түбінде сұр күл пайда болды. Органикалық заттар бар.

Қосымша 5

Топырақ үлгісінің номері Алынған орны №2 тәжірибенің – топырақтың су өткізу қасиетін анықтау.
№1 Әуежай аумағында жолдың шетінен алынған топырақ Су баяу өтеді, сүзіліп өткен су мөлдір.
№2 Ахмер кентінде бақшадан алған топырақ Су жақсы өтеді, бірақ суға топырақ араласып кетті.
№3 Мектеп ауласынан алынған топырақ Су жақсы өтеді, бірақ суға топырақ араласып кетті.

Рецензия

Зерттеу жұмысының тақырыбы «Өскемен қаласының әртүрлі бөліктерінің

топырағының құрамы» жеткілікті көлемді және оқушыларға топырақ, оны зерттейтін «Топырақтану»  ғылымының даму тарихы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұл еңбектің авторы тақырыпқа байланысты теориялық материалдарды терең зерттеп, алған білімін тәжірибелік түрде қолданып, үлкен жұмыс жүргізген.

Жұмыстың оң қасиеттерінің бірі – топырақтың шаруашылықта пайдалану маңызды,  пайдалы зат екенін, оның сырларын ашып, бақылап, материалды жүйелеп, қорытынды жасалуы. Оқушыға осы жұмысын ары ғарай жалғастырып, осы саладағы қызықты зерттеулерін кеңейту ұсынылады.

You May Also Like

Скандинавиялық жүрістің ерекшелігі, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе ……………………………………………………………………………………………2 Теориялық бөлім …………………………..……………………………………………3         ІІ.Тәжірибелік бөлім………………………………………………………………………..5  Қорытынды ……………………………………………………………………………………7  Қосымша…

Менің өмірімдегі ағылшын тілінің рөлі, ғылыми жоба

Тақырыбы:                 «Менің өмірімдегі ағылшын тілінің рөлі» Бағыты:                       Ағылшын тілі Аnnotation The aim…

Пияз—құнды өсімдік, ғылыми жоба слайд

Адам өміріндегі проценттің қолданылуы, ғылыми жоба

Адам өміріндегі проценттің қолданылуы 1 Бөлім . Мектеп математика курсындағы процент 1.1.…