Тақырыбы: «Кәрі жіліктің құпиясы»

Кіріспе………………………………………………………………………. 3
Негізгі бөлім………………………………………………………………. 3
1. Теориялық бөлім………………………………………………………. 3
1.1  .Кәрі жілік мал сүйегі,оның қызметі 4
 1.2. Кәрі жіліктің  киесі.

Аңыз астарында – ақиқат

 

4

 

2. Практикалық бөлім……………………………………………………….. 6
2.1 Қазақтың жілік дәстүрі ……………………………………………. 6
2.2 Кәрі жілік сүйегінің  адам өміріндегі маңызы…………………………………… 7
2.3 Адамның күнделікті өмірінде кәрі жілік сүйегін қолдану мүмкіндігі 8
Қорытынды……………………………………………………………………. 9
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………. 9

 Аннотация 

Бабаларымыз төрт түлік мал бағып және малдың өнімдеріне  аса қадырмен қараған. Ертеректе ас- ауқаты,әрі көлігі, әрі киімі болған қазақ үшін, мал аса қымбат.Етін,сүтін, терісін пайдаланып қана қоймай, сүйегіне дейін пайдаланған. Малды тек пайдаланып қана қоймай,олардың бабын тауып бағып- күтудің де жай жапсарын, қасиетін,ерекшелігін өте жақсы білген.Осы ұсынылып отырған  жобамда қойдың кәрі жілігі туралы тереңінен қарастырылып, біз біле бермейтін ырымдар,нанымдар айтылады. Кәрі жіліктің  киесі жайлы түрлі аңыз әңгімелер топтастырылды.

Аннотация

Наши предки держали скотину  иценили продукты животного происхождения. Для казахов скотина была и едой,и транспортом, и одеждой. Они использовали  не только мясо, молоко,шкуру, но и кости.  Каэахи  с  большим уважением относились  животноводству и его продукций. Они знали не только как  использовать скотину, но и как заботиться о них.  В предлагаемом  проекте подробно рассматриваются суеверия и верования связанные с  животными.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қой сүйегі – кәрі жілік жайлы айтып, оның киелігі, ерекшелігі, қасиеті  туралы түсінікті жаңғырту

Мақсаты: Кәрі жілік малдың  сүйектерінің бірі екендігі, оның өзіндік

ерекше қасиетке  ие екенін ашу, түрлі аңыз- әңгімелер арқылы

оның маңыздылығын  түсіндіру ,дәлелдеу.

Міндеті: Бүгінде ұмыт болған бұл наным, ата-бабамыз қастерлі санаған

жілік  туралы  келешек ұрпаққа, көпшілікке ата-дәстүрдің бұл

түрін қайта жаңғыртып, оны ұрпақтар сабақтастығында кеңінен

қолдануды ұсыну

  1. Негізгі бөлім.

Теориялық бөлім.

1.2  .Кәрі жілік мал сүйегі,оның қызметі

 

Кәрі жілік «Қаржілік» деп те аталады. Малдың қолындағы ең төменгі, жерге тік шаншылған, тоқбас жілікке тұтасатын жілік. Ол малдың алдыңғы кеуде бөлігін көтеріп, жерге табан тіреп таянақтау, кәрі жілік бұлшық еттері арқылы қолдың бүгіліп, жазылуына қозғаушы күш қалыптастырады. Әрі оның «Қаржілік» деп аталуы қолдың, білектің қарына ұқсатудан болса керек. Кәрі жіліктің сыртқы тұрқы бүкірейген ақсақалды кісінің тұрқына ұқсаса, айдар басымен иіліп келген көрінісі бейне адырналы садаққа ұқсайды. Ол мал жіліктерінің ішіндегі ең қатты, шағылмайтын сүйек. Ондағы бұлшық еттер сіңірлі көрінгенімен, жегенде тым жұмсақ келеді. Тарихи-архелогиялық зерттеулерге негізделгенде, ертедегі тайпалар садақтың жебе ұшын ірі малдың тісі мен осы кәрі жіліктің сүйегінен де жасаған.

 

Қазақ дастарқанындағы кәрі жілік малдың қол жіліктерінің ішіндегі ең кәделісі есептеледі. Жолы бас, жамбастан кейінгі үшінші орында тұрады. Табаққа дербес аталы жілік есебінде түсе алады. Қырғыз халқы жілікті «Ер жігітті қырық жолдан қағады» деп, кәделі есептемейді. Қазақ дәстүрінде көбінде ақсақалды қарттарға ұсынылады. Бойжеткен қыздарға, үйленбеген жас жігіттерге ұсынылмайды.

 

 

1.2. Кәрі жіліктің  киесі.

Аңыз астарында – ақиқат

Ел арасында кәрі жілік туралы аңыз да бар. Оны  Білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері Нұриден Есмағамбетов  әлеуметтік желіде (инстаграмм) айтып берді.

«Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдапты. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен. Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол байға жолаушы кейпінде келіп сыр тартады. Байдың жалғыз ұлы мен бәйбішесінен өзге ешкімі жоқ екен.

Тыңшы қайта келіп:

– Байдың малын күзететін не жалшы, не күзетшісі жоқ. Бәрін барладым. Көршілерінен де сұрадым. Ешбір жасағы жоқ. Бізге елестеген болуы керек, – дейді. Ұрылардың басшысы:

– Ендеше, бүгін шабамыз, – деп атқа қонады.

Бұл жолы да ұрылар қораға тақап келгенде қарулы жасаққа кезігеді. Ұрылардың бірнешеуі жараланып, кейін шегінеді. Ертесіне ұрының басшысы байға өзі барып:

– Байеке, мен ұры едім. Он күн болды сіздің малыңызды торып жүргеніме. Бірақ, қораңызды күзеткен қалың әскер алдырмайды. Күндіз көзден ғайып болады. Не сыр, не киеңіз бар, айтыңызшы? – деп ағынан жарылыпты. Бай ұрыны ертіп алып, қорасында ілулі тұрған кәрі жілікті көрсетеді:

– Әкем марқұм дүниеден өтерінде: «Кәрі жілік көрсең, қораңа байла. Малыңа қорған болады» – деуші еді. Өсиетін орындап, кәрі жілік іліп қойдым. Содан бері малға қасқыр да шаппады, ұры да түспеді, бірде-бір малым жоғалмады, қайта мыңғырып өсіп келеді. Соның шарапаты болмаса, менде басқа кие жоқ, – дейді. Құдіретке бас иген ұрылар баймен дос болыпты. Ниетінен қайтып, адал кәсіпке көшіпті деседі» дейді ардагер атамыз.

Кәрі жілік малдың сүйектерінің бірі болғанымен, оның өзіндік қасиетіне ерекше маңыз берген жөн. Бүгінде ұмыт болған бұл наным, сенімге көпшіліктің бейжай қарайтыны рас. Бұл ретте ата-бабамыз қастерлі санаған жілік туралы тағы  мына бір аңызды да ұмытпаған жөн. Түсінікті болуы үшін оны да айтып бергенді жөн көрдім.

Ер жігітті қырық қауіптен қорғайды

«Ертеде байдың жалғыз ұлы болыпты. Ол керуен тартып, қалаға саудаға аттанады. Сапарға шығар кезде әкесі:

– Балам, мына кәрі сүйекті қойныңа салып ал. Қауіп-қатерден аман боласың, – дейді.

– Әй, әке-ай, сенің-ақ ырымың таусылмайды екен, – деп ұлы селсоқ қарайды. Бірақ, әке көңілін қимай, көп қапшықтың біріне лақтыра салады.

Межелі жеріне аман-есен жетіп, саудасын жасап елге қайтады. Жолда керуенге қарақшылар шабуылдайды. Бала не істерін білмей, қатты сасады. Сол кезде артқы жағынан қарулы жасақ пайда болып, қарақшыларға қарсы ұмтылады. Тонаушылар сескеніп, кейін шегінеді. Қапылыста бір қарақшының қаңғыған оғы баланың аяғына тиіп, жараланып қалады. Ғайыптан пайда болған жасақ керуенді аман-есен елге жеткізеді. Бірақ, ел шеті көрінгенде көзден ғайып болады. Бала үйіне келіп, әкесіне болған жайды баяндайды. Сонда әкесі:

– Ұлым, ырымның сырын енді түсінген боларсың. Кәрі жілікке Құдай осындай қасиет дарытқан. Сен балалық қылып, кәрі жілікті көп қапшықтың біріне салып алдың. Сонда да керуенің Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің шылауында болды. Егер ықыласың күшті болғанда жебе де дарымас еді, – деген екен. Міне, осыдан бастап ел аузында «Кәрі жілік ер жігітті қырық қауіптен құтқарады» деген сөз қалса керек.

Тізе берсек, кәрі жіліктің қасиеті туралы біраз мысал келтіруге болады. Ал, ел аузындағы аңыздардың астарында бір шындық жатқаны ақиқат. Олай болса, бүгінде ұмыт болып бара жатқан ата-дәстүрдің бұл түрін қайта жаңғыртып, оны ұрпақтар сабақтастығында кеңінен қолдана білсек игі.

2. Практикалық бөлім

2.1 .Қазақтың жілік дәстүрі

Әжем қазанға ет саларда үнемі  кәрі жілікке аса мән береді.. Алдымен, «бісміллә» деп осы жіліктен бастап салады.

– Еттің барлығын ұстап тұратын қасиеті бар- деп, құда табаққа салмайды,қонаққа, бөтен адамға бермейді,  үй ішіндегілерге немесе ағайынға асып береді. Мұның себебі «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды.

Осы және өзге де сауалдар аясында үлкендермен сөйлестік. Олар кәрі жілікті шаңырақтағы құт пен берекенің иесі екенін айтты.

Оны жастарға жеуге болмайды» деп өзіндік орны мен тәрбиелік мәнін қалыс қалдырмады. Мен  осынау пікірді естіп өсіп келемін.

2.2. Кәрі жілік сүйегінің адам өміріндегі  маңызы

Оның нақты себебі мен салдарын білгім келіп, « Кәрі жілікті босағаға ілудің сыры неде?», деген сұрағы төнірегінде мәліметтер  жинадым.

Көпті көрген әжемнің айтуынша, бұрын мал сойылып, ет асылғанда кәрі жілікті үйдің үлкені мүжіп, тазалап қояды екен.

«Мал-жанымның амандығы үшін» деп босағаның оң жағына байлайды. Бұл ­– береке мен ынтымақ, құт пен ырыс өз шаңырағында мәңгі тұрақтайды деген ырым.

Етті, өте мығым, оңайлықпен шағылмайтын қатты сүйек болғандықтан оны тұрмыстық дүниелерге пайдаланады және оған қатысты түрлі наным бар.

Пәле-жаладан сақтаушы

Этнографтардың сөзіне сүйенсек, қазақта оң босағаға ілінген кәрі жілік тіл тиюден, көз сұғынан, ит-құстан сақтайды деген наным бар. Сондай-ақ, босанатын әйелдің айналасына үйдің төбесінде ілініп тұрған кәрі жіліктерді әкеліп қоятын болған. Сүйектерді санаған аяғы ауыр әйелдің толғағы жиілейді деген сенім психологиялық амал ретінде қолданылса керек.

«Бұдан басқа, кәрі жілікті асып жеген күні түнде оны далаға тастамайды. Халқымыздың ескілікті ұғымынша кәрі жілік құрық ұстаған күзетшіге ұқсайды, мал-жанды бәле-жаладан аман сақтаушы, ел қорғаушы батырдың бейнесі деп түсінген.

Ауыл көшкен күні қариялар керегеге ілінген кәрі жіліктерді қой қораның төріне, қора төңірегіндегі жартас қуысына, тал-теректердің бұтағына арнайы іліп кетеді. Ердің алдыңғы қасына да іліп қоятын болған. Мұндағы басты себеп – ағаш, шөп қыстырылған кәрі жілік түн ішінде бейне құрық ұстаған күзетші секілденіп, малды, ер-тұрманды ұры-қарыдан, жаудан, қасқырдан қорғайды деп сенгендіктен», – деп жазады этнограф Болат Бопай өзінің «Қазақ кәдесі» кітабында.

2.3. Адамның күнделікті өмірінде   кәрі жілік сүйегін  қолдану мүмкіндігі .

Осы сүйектің «жанама сүйегінен»  тоқитын ілмек біз жасайды.

Ісмерлер, тоқымашылар шұлық, мойынорағыш, қолғап т.б. әдемі киім түрлерін  тоқып жүр.

Қорытынды.

 

Міне, бұл кәрі жіліктің қасиеті  ертедегі ата-бабалардың сана-сезімінен туындаған.

Соғымның кәрі жілігін күні бүгінге дейін халқымыз әр жылы келетін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арнап, сақтауы, Наурыз күні данагөй қариялар наурыз батасын жасап, жас етпен қосып ауыз тиюі де осы түсініктен қалған.

You May Also Like

Кентауым гүл бағым, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Кентауым гүл бағым» Орындаған: Қошан Лаура Пікір Білім…

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»  Орындаған: Әшрібек Әсел Тақырыбы:…

Қарбыз және қарбыздың пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қарбыз және қарбыздың пайдасы» Орындаған: Жарылқасын Анель Кіріспе: …

Қыстың қымызы-құрт көже, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қыстың қымызы-құрт көже» Орындаған: Мұрат Ділнәз Тақырыбы: »…