Ең үздік ғылыми жоба «Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы» Орындаған: Омирзакова А.

Алматы облысы ,Ескелді ауданы «Ескелді ауданы әкімдігінің Қоңыр орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің  5 сынып оқушысы Омирзакова Аминаның «Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы»-атты  зерттеу жұмысына

   Пікір

Оқушы  алынған тақырып бойынша өзіндік зерттеу жұмысын жүргізген.Зерттеу жұмысында  бізге белгілі материалдар  қамтылған,сонымен қатар,тың деректерде жоқ емес.

Қобызшы Молықбай туралы көптеген деректер кездеседі.Оның өмірде кім болғаны,қандай күй кешкені  туралы ақпарат құралдарынан оқып біліп,көруге болады. «Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы» атты зерттеу жұмысы  оқушының ізденісінің қаншалықты маңызды екенін  білдіреді.Көптеген дерек көздерін зерттеу жұмысына пайдалана отырып Молықбайға,Ілиясқа олардың қоғамдағы алатын орындарына тоқталған.

Қобызшы Молықбай туралы тақырып осы күнге дейін толықтырылып,талданып болып қалған секілді болғанымен, ұсынылып отырған жұмыстың  да өз айтары бар екенін білуге болады.Тақырыптың өміршеңдігі  Молықбайдың жерлестеріне ғана немесе туыстарына ғана емес,бүкіл қазақ қоғамына тән құнды дүние..Молықбайдың артында ұрпақ қалмады деген  нүктеге, «жоқ» деген жауап беретін зерттеу.Оқушының жұмысы     Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай алынған  тың тақырып ретінде қарастыруға тұрарлық.Уақыт өте әлі де болса зерттеуге тура келетін жәйттар көрініс беретін  күнде алыс емес екендігі белгілі.Молықбайдың тікелей ұрпағы болып саналатын адамның айтқаны шындық.Зерттеу жұмысы барысында осы мәселеге талдау жаслған.Тақырыптың өзіндік айтар дәйектері бар.

Аннотация

Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз  ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір  саланың өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін белгілі болатыны  анық.Осындай нар тұлғалар  біздің бабаларымыз. Сондай үлгі тұтар  бабаларымыздың бірі Молықбай. Өз айналасына қобызшы Молықбайдың орны айрықша. Атап айтқанда, Ілияс пен Молықбайды, соның ішінде Ілиястың ақындық өсу жолын Молықбайдың ықпалынан бөліп қарауға болмайды.

«Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы »атты зерттеу жұмысы тың мәселені қозғауға арналған жұмыс.

Жұмыстың негізгі мақсаты – қасиетті қобыз иесінің  ұрпақтары туралы білу және зерттеу. Аға буын әдебиет, қоғам өкілдерінің, соның ішінде Молықбайдың рөлін көрсете отырып, Ілияс  екеуін байланыстырған сәттер мен оқиғаларға тоқталу.

– Молықбай қобызшымен Ілияс  арасындағы қарым – қатынас пен әдебиетке қосқан үлесін ашу;

«Ілиястың кіндік әкесі», «Ілиястың Молықбаймен қарым – қатынасы»,ауылымыздың тұрғыны ,Молықбайдың ұрпағы туралы  мәлімет беру арқылы  дәлелдеу.Молықбайдың жалғыз ұлынан туған Қантай анамыздың   бір тал  ұлы  Нүсіпбеков Ерсайын   біздің ауылдың тұрғыны екенін біреулер білсе ,біреулер білмейтіні анық.Зерттеу жұмысында осы мәселені  халыққа жеткізу мәселесі талданған.

Аннотация 

Духовно-богатые  личиности  дают  воздействие  на окружающих .Таким образом,ясно что после  достижения  определенной  высоты, воздействуют для роста творческих представителей оперделенной  сферы. Такие  особые личиности  наши  предки. Один из подрожателей  наш  предок Молыкбай. Место Молкыбая занимает особое место среди своих окружающих.Если взять Ильяса и Молкыбая, то нельзя разделить творческий рост Ильяса от воздействия Молыкбая.

Исследовательская работа  посвящена кобызшы Молыкбаю и его наследникам. Основная цель работа-знать и исследовать наследшиков кобызшы. Ведется работа связь между выдающихся старейлин литературы, общественных деятелей и особенно роль Молыкбая,сравнивая связь между Ильясом. Взаимо связь между кобызшы Молыкбаем  Ильясом их вклод в литературе. Доказательство велось опираясь на труды  такие как. «Крестный отец Ильяса», «Отношение Молыкбая и Ильяса».

В работа исследовано  наследник  Нусипбеков Ерсайын, который живет в нашем ауле. Задача работы досвети до народа эти проблемы.

 Annotation

From the moment of the developing the spiritual world, influential individuals from their own surroundings. Therefore , it is clear that  tendencies that contribute to the creative growth of a representative of a particular sphere will be known after reaching the perfection on that person. There remarkable  individuals are our ancestors. One of the great models is Molykbai. The kobyzshy (who plays kazakh musical instrument kobyz) Molykbai was respectable for his surroundings. It’s clearly to say that ,we can’t aport  Iliyas and  Molykbai’s way of growth. The research work «Kobyzshy Molykbai and his descendants” is aimed at the study of news issues.

The main purpose of the work is to study and learn about the descendants of the master of a holy kobyz. The older generation, demonstrating the role of literature, the public, including Molykbai’s role, to focus on the paints and events, which connect Iliyas with Molykbai.

Explain the relationship between Molykbai kobyzshy and Iliyas and reveal their contribution “Iliyas’s godfather”, “Relationship of  Iliyas  with  Molykbai”  proving the fact’s about president of our village Molykbai’s descendant. Someone does not know that one of  the sons of  Molykbai   and mother Kantai, Nusipbekov Yersayin is a resident of our village. The research work analyzes the reporting  of the problem to the population.

      Relevance of the topic. Providing the information about kobyzshy  Molykbai’s descendant. Quoting through  an interview with a descendants.

    Purpose and objective of the research work. To focus on the paints and events associated with Iliyas ,show  the role of  Molykbai. To achieve this goal, the following tasks where set in the scientific work:

-Iliyas’s godfather , “Relationship of  Iliyas with Molykbai,” “Influence of Molykbai ”.

-To  discover the art of the poet surrounding Iliyas’s  godfather holding the research of  Molykbai’s life and creative way.

-To work with a data of  Molykbai’s  descendants.

Scientific novelty of the research work. Citing and proving the unknown descendants of  Molykbai.

                      Зерттеу жұмысының жоспары 

І.Кіріспе.

Қобызшы Молықбай шал Матайдағы…

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Ілияс Жансүгіров және  Молықбай

2.2 Көп көңілінен шыққан конференция

  1. 3 Жан тебіренткен қойылым

2.4 Қобызшылар байқауы

2.5 Молықбайдың жиені Ерсайынның естелігі 

ІІІ.Қорытынды

 Зерттеу жұмысы маған және сізге қандай мәлімет береді

Кіріспе

 Қобызшы Молықбай шал Матайдағы…

Молықбай Байсақұлы 1857 жылы қазіргі Алматы облысының Ақсу ауданында қобызшы Байсақ Бұғыбайұлының отбасында өмірге келген. Үлкен атасы Жетібай да қобызшы болыпты. Ұлы бабасы – ер Тоқпанбет. Сүйегі Түркістанда жерленген. Қазақ тарихында белгілі адам. Ақын Сара Тастанбекқызы осы Молықбаймен туысқан.

Қызылорда қаласынан шығатын “Жаңа әдебиет” журналында Ілияс Жансүгіровтің “Күй” поэмасы жарық көреді. Онда Ілияс ақын: “Қазақта қобызшының қалғаны сол”, деп ашық айтады. Ілияс біледі. Ол кезде қазақтың атақты қобызшысы Ықылас Дүкенұлы өмірден өткен кез еді. Кеңес заманына жеткен қобызшы Молықбай Байсақұлы болатын.

Жалғыз қобызшы, Қорқыт күйлерін елге жеткізуші, ірі талант иесі Молықбайдың жазықсыз түрмеге қамалып өлгені Ілиясқа өте ауыр тиіпті. Ілияс ұлттық тұрғыда ойлайтын адам ғой. “Күйші”, “Құлагер” поэмаларымен бірге “Исатай – Махамбет” пьесасын, Құрманғазы туралы “Көбік шашқан” дастанын, Молықбай туралы “Күй” поэмасын жазды.

– Қажыған көңіл қамын, жүрек жанын

Қозғаған қобыздағы қоңыр сарын.

Әлемнің әуеніне бермес ем-ау,

мұңын тартқан күйші шалын, – деп Ілияс жүрегімен жырлайды. 

Тақырыптың өзектілігі. Қобызшы Молықбайдың ұрпақтары туралы  мәлімет беру.Ұрпағымен сұхбат жүргізу арқылы дәйектер келтіру.

Жетібай – бабасы – күйші 

Бұғыбай – атасы – күйші 

Байсақ – Молықбайдың  әкесі «Дәупірім» деп аталған

Молықбай (1857-1930ж.ж.)

Ырысай әйелі

Тілеубек – баласы

Адасқан – келіні

                                             Балалары

Қанабек                                     Қанатбек                             Қантай

Ұрпақ жоқ                                 11 жасында                         (1930-1987ж)

                                                  қайтыс болған

   Ерсайын 1966ж.туған

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қобызшы Молықбай Жетісудағы жер аттарын жақсы білген,Әсеттің әндерін нақышына келтіріп орындағаған . Аталған  жағдайларға жұмысты жазуда талдау жасау.Молықбайдың рөлін көрсете отырып, Ілияс пен байланыстырған сәттер мен оқиғаларға тоқталу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:

– Ілиястың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралап, Молықбай қобызшымен арасындағы қарым – қатынас пен әдебиетке қосқан үлесін ашу;

– Ілиястың кіндік әкесі Молықбайдың өмірі мен шығармашылық жолын зерттеу нысанына алып, ақын айналасындағы өнердің өзіндік сыр-сипатын ашу;

-Молықбай ұрпағы туралы деректермен жұмыс

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы; Молықбайдың көпке мәлім емес ұрпақтары туралы дәйек келтіру,дәлелдеу

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген «Әнші» өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы «Күй» мен «Құлагер» сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі – өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы

Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, –

деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған   шабыттың екпіні сезіледі. Осы «жарықшақ үні тозған қаңсыған», «еңкейіп екіндідей күні кеткен» шалыңыз кім десеңіз:

Қобызшы ол «Ақ көбікті» аңыратқан

Боздатып «бозінгенді» күңіренткен.

Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған «Бозінген» күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып  қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.

Ілияс Жансүгіров және  Молықбай

Қобызшы  Молықбайды Ілиястың терең білуінің сыры бар. Молықбайдың ата тегі қобызшы болған екен. Әкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібай атақты күйшілер еді. Ал Ілиястың әкесі Жансүгір, атасы Берсүгір, бабасы Өтеш ақын адамдар болған. Ілияс туғанда Құмдағы Қайнар баба ауылына Молықбай барады. Жансүгірдің әйелі екінші ұлына босанады. Меккеден қажы атанып келген Берсүгір қария:

– Балам! Атыңды Молықбай деп қойған екен. Елге молшылық әкелсін деп ниет білдірген ғой. Әкең Байсақ пен атаң Бұғыбайды танимын. Ақын Сара қарындасың. Текті әулеттің түлегісің. Ұлы бабаң – ер Тоқтанбет. Елің Сақай. Біз де тегін емеспіз. Смағұл қажының өзі неге тұрады. Жаңа өмірге келген немеремнің есімін өзің қой! – депті.

Көкшіл көзді, өңі нұрлы, ер мінезді Молықбай сөзге келмей жас нәрестеге Ілияс пайғамбардың есімін беріпті. «Саған менің азапты жолымды бермесін.Қасиетті қара қобызымның үнін берсін.Алдың айдын көлдей ашық,даладай кең,талабың таудай биік болсын.Аяз бидей әділ бол,Қабанбайдай батыр бол,Абайдай ақын,Қыдыр Ілияс пірің болсын. Сенің атың –Ілияс,Ілияс,Ілияс «-деп Ілияс Жансүгіровтың атын қойып,бата берген екен.

Бұл әңгімені жазушы ағамыз Серік Жанабіл Ілиястың туған інісі Қызырбек Жансүгіров атайдың өз аузынан өз аузынан хазып алған екен. Серік ағаның айтуы бойынша, бұл әңгімеге Ілиястың ағасы Бимағзұмның баласы Кәппай куә болыпты. Ферману жеңгей шай құйып беріп отырды. Үйде Қосан, Айт, Нығымет, Қалиасқар, Бөрібек, Сейітжан, Байғоржын, Жұматай есімді ауыл адамдары болған екен.

Бұл аты аталған кісілердің барлығының да Молықбай мен Ілияс атамызға тікелей қатысы бар жандар. Бірі аталас туыс болса, енді бірі ауылдас, сол ауылдың ықпалды адамдары болған.

Молықбай атамыздың көзін көрген кісілердің сөзі бойынша, Молықбай-келбетті, сүйегі сұлу, бойлы, бітімі тік, сақалды, қысқа мұртты, беті сары-шұбар сепкілді, өңі сары, екі көзінің ақшылы бар, бүркіт мұрын, оң жақ шекесінде алақандай қалы бар, жар қабақ, арсақай, дауысы жуан, қалқы құлақ, өзің мұқият таза ұстаған, кірпияз жан болған. Басына зер тақия мен бөрік, жас кезінде бөркіне үкі таққан, үстіне желбегей шәйіден шапан, аяғына саптама етік киген екен.

Құлагер ақын Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, «Қызыр Ілияс» деп есімін қойып, кіндік әкесі саналған, қобызшы Байсақұлы Молықбай, Жетісудің жорғасы маймаңдаған бақайшағы, заманының ықылым өнерпазы, бармағынан бал тамған қобызшы, күйші, ақын, өлеңші, бақсы-балгер, құмалақшы, сал-сері Молықбай Байсақұлы 1857 жылы туған. Абзал халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанады.

Бақ қонып, қасиет дарыған Байсақ «Желді қарағай» деген асуда өсіп тұрған қос қарағайдың жоғарылау тұрғаны жел соққанында үн шығаратынын тыңдап біліп, қобыз жасатуға сол қарағайды әкесі Бұғыбайға кестіртіп алады. Қобызды туысы Бектөлеге шаптырып жасатады. Қобызды күміспен күптеп, алтынмен аптаған, аталас туысы, зергер шебері Естібай Мырзағұлұлы. Қобыздың ішегі мен шанағына әмісе жүйрік аттың қылын қолданып отырған. Байсақ қобызын арғын елінде ат бәйгесіне қосып, кие кісілері арқылы аламанда бірінші келтіріпті. Соған байланысты ел-жұрты Байсақты «Дәупірім» деп атапты.

«Оңтүстік Қазақсатан» газетіне шыққан, «Азамат ақын» атаулы естелігінде Орал Мекембаева: «Молықбай қартты біздің Үлгілі ауылының бар баласы жақсы білген. Оның қара қобызы сәл желдің лебінен дем алғандай өз-өзінен сыңсып тұратын. Менің ойымша, сол қобыздың жаны бар секілді. Тіпті ауылдағы адамдар «Ұлы Отан соғысы жылдары осы қара қобыз халықпен бірге қайғырып, неше бір мұңды сазды тартты»,-деп жазады.

Қобыздың мойынының морт сынғаны мен жаңқа орнының тесігі қалған. Байсақ кіре беріс босағадағы босанған әйелдің жолдасы көмілген, бет топырағы бос жатқан, шұңқырға аяғын тығып алып, оқыс құлап, тобығы мен жіліңшегін сындырады. Сонда Байсақтың үйінің төрінде ілулі тұрған қара қобыз өздігінен жерге құлап, мойынынан морт сынып, бір жағындағы жаңқасы орнынан тайып шығып, орны үлкен тесік болып қалады. Осы салдардан киелі үлкен қара қобызды ел-жұрт «жарық қара қобыз» деп атапты.

Киелі жарық қара қобыз 1930 жылдан, 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілгенше, Молықбайдың келіні, Адасқан апаның үйінде сақталып келген екен. 1978 жылы Адасқан апаның үйі дымы қалмай өртенгенде, сандықтағы қара жарық қобыз өрттен дін аман қалады. Бұл әлі шешуі табылмаған тылсым оқиға. Қобызды кие, қасиет сақтады десе болады. Молықбайдың әкесі Байсақтан кейін қара қобыз сегіз жыл иесіз үй төрінде ілулі тұрып қалады. Бір күні Молықбайды, Садақтыда тары орып, баулап жүргенінде, әкесінің бір қаршыға бастаған жүз кісілік пір киесі көзіне көрініп, кие қысып, ие буып тастаған жерінен көпшілік ес-түссіз күйінде оны үйіне жеткізеді. «Ақсарбас» атап сойылып, Молықбайға әкесінің қасиеті қонып, үлкен нағашысы Қылышты (Қосымбайдың) бақсының дәріпі дарып, қобызды ойнап, бақсы-балгер, емші болып, жадынан өлең шығарып, қобыз сарынана қосып ән, жыр айтып, үш ішекті, төрт бұрышты домбырада күй шертіп, халық қолдауымен сал-серілік ғұмыр кешеді. «Бозінген» әлқиссасында І.Жансүгіров:

«Жар қабақ, сида, арсақай, сар шұбар шал,

Көзінің жаңылмасам ақшылы бар.

Шайыдан шапан киіп, үкі тағып,

Бұлғақтап, болған десед сері де сал» – деп жазады.

Дәмелі Имашқызы мен Қалпендеұлы Орысбайдың қалдырған деректері бойынша, Молықбайдың түр сипаты: «Келбетті, ұзын бойлы, сүйегі сұлу, бітімі тік, сақалды, мұртты, бетінің сары шұбар секпілі бар, өңі сары, бүркіт мұрын, оң жақ шекесінде алақандай қалы бар, жар қабақ, арсақай, дауысы жуан», – делінеді. Бұл Ілияс Жансүгірұлының «Күй» поэмасындағы «жар қабақ, сида,арсақай, сар шұбар шал» деген қобызшы Молықбайдың суреттемесімен дәл келеді. «Молықбай қысы-жазы басынан елтіріден тігілген бөрік пен зер тақиясын тастамай, үстіне жазда желбегей шайы шапан, қыста елтірі тон, аяғына саптама етік киіп, өзін өте мұқият таза ұстаған, кірпияз жан еді» – деп деректейді Елубай мен Досбайдың Жанатбектері.

Көп көңілінен шыққан конференция

  «Ұлы дала күйшісі, қасиетті қара қобыздың иесі-Молықбай» атты кітап көрмесінен кейін үлкен конференция ұйымдастырылды. Сөз басын Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далғабаев алып, Молықбайқобызшының өмірі мен өнеріне қысқаша шолу жасап, аудандағы істерге тоқталды.

-Екі және үш ішекті домбыраларда шебер ойнаған бақсы, емші, қобызшы Молықбайдың өнері бүгінгі ұрпаққа үлг. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы мәдениет саласы бойынша жоспарланған алты ірі жобаның бірі бүгін өтіп отыр. Ақсу ауданындағы орталығы Жансүгіров ауылында орналасқан Мәдениет үйіне 2015 жылы Молықбай Байсақұлының есімі берілді. Ауданымыздағы Исатай Исабаев атындағы өнер мектебі мен Сағабүйен саз мектебінде қобыз сыныбында 12 мұғалім 50 оқушыға сабақ береді. Бүгінгі шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша қолдаушылар мен демеушілерге айтар алғысымыз шексіз, – деді Әділбек Егеубекұлы.

Ізгі тілектерден кейін сөз сөйлеген Молықбай Байсақұлының ұрпағы және атамұрасын зерттеуші, өлкетанушы Жемісбек Толымбековтың баяндамасы көп көңілінен шықты. Әзірлеп келген слайдты үлкен экран арқылы сөйлеткен Жемісбек ағаның баяндамасын залдағылар ұйып тыңдады.

Ең әуел ажыратып алатын нәпсе: Молықбай Ілиястың есімін «Қызыл-Ілияс» деп қойған. Бұл деректі «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас Ілияс мұраларының ішінен тапқан. Кейін Біләл Сүлеевтің ұсынысымен тек Ілияс деп жазған. Ең алғаш Қобызшы Молықбай Ілиястың есімін қойды деп көрсетіп, бірінші зерттеу материалын жазған Меруерт Оспанова. Оның жазбасы 2005 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді.

Құнды деректерді ұсынған Жемісбек ағаның еңбегіне жиналғандар рақмет айтты.

Жан тебіренткен қойылым

 Серік Жанәбіловтың 1994 жылы жарық көрген «Молықбай қобызшы» кітабының желісі бойынша Ақсу халық театрының ұжымындағы әртістнр кішігірім қойылым көрсетті. Ұзын-ырғасы 20 минуттың ішінде Молықбайдың бүкілд ғұмыры қысқа әрі нақты көрсетілді. Ілиястың атасы Берсүгір Жамбайұлына көктемде қонаққа келген Молықбай Жансүгірдің жары Көуіштің босанып, ұл туғанына тап келеді. Есімін  қойып, елге сыйлы болуын тілейді. Айта кетер жайт –Молықбайды алып кеткелі келген әскерлер қобызшыға Ілиястың есімін қойып, дәм ауыз тиюіне мұрсат береді. Қобызшы тізерлеп отыра кетіп, кішкене сәбиге Ілияс деген есім береді.

Мәскеудегі оқуынан келіп Молықбай ақсақалға жолыққан сәті көрсетілді. Ілияс 11 жасында Молықбайға Жиенбай күйші үйреткен Қорқыттың «Бозінгенінй ертегісі келіп қолқа салады. Сөз арасында Ілияс оқуы үшін, қызметі үшін Совет өкіметіне рақмет айтқанда, Молықбай шал күңіреніп сала береді. Қолына көп уақыт қобыз алмаған, түсінде үнемі қан көріп жүрген Молықбай өз сөзіне келіспеген Ілияс кетісімен қолына қобызын алып, мұңды әуенді ойнап сала берді. Артынша финалдық көрініс!

Молықбай қобызшының түрмеде аштан өлгендігі айтылып, Ілиястың ату жазасына кесілген сәті сахналанды. Үлкен экраннан Молықбайдың ат жетектеп, сұлап жатқан Ілиясқа  келген сәті ерекше болды. Қойылым аяқталған сәтте көрермендер біраз уақыт қол соғып тұрып алды деп газет бетінде жазылған.

Қобызшылар байқауы

 Молықбай Байсақұлының құрметіне облыстық қобызшылар байқауы өтті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Мақтау қағаздарымен бірге бағалы сыйлықтарға ие болды. Сайыс онлайн түрде өтті. Әділқазылар көрсетілген мекенжайға келіп түскен бейнелерді қарап, үздіктерді анықтады. Бұл жиында қазылар алқасының төрайымы,  ҚР Еңбек сіңірген артисі, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Тұрсыған Қарақожаева: «Бүгінгі таңда қобызға қызығушылардың қатары көбейіп келеді. Әр елді мекенде үйірмелер ұйымдастырылып, өнер  мектептерінде тереңдете үйрету жолдары қоға алынып жатыр. Бүгінгі байқаудың негізігі мақсаты осы. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ойнау шеберліктерінен бөлек, аталған аспапта удағы ептілігіне қарап бағаладық. Болашақта  дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрса деген тілек», – дейді.

Жалпы  сайысқа 12 ауданмен бір қаладан 17 өнерпаз қатысып, үздіктерді анықтады. Бас жүлдені Ақсу ауданы, Ілияс Жансүгіров ауылындағы  өнер мектебінің жас маманы Назерке Нұрмаханбетова алды. Бірінші орынға Ұйғыр ауданынан келген Мәдина Бөлегенова лайық болса, екінші орынды Ақсу ауданының тұрғыны Зерде Жеңіс алды. Ал үшінші орын Талдықорғаннан келген Әмина Нұрдаулетке берілді. Ақсу ауданының арнайы жүлдесі Балқаш ауданынан қатысқан Сейілхан Асқарға табысталды.

Байқаудың жеңімпазы Назерке Нұрмаханбетова «Жетісу» газетінің тілшісімен тілдескенде : «Әлі жас болғаннан кейін, өзімді күнделікті шыңдап, дамытып отырамын. Қобызда ойнау маған ерекше ләззат сыйлайды, рахаттанып қаламын. Молықбай атамыздай емші, бақсы, ұлы қобызшы туған далада дүниеге келгеніме қуанамын. Атамыздың мерейлі мерекесіне орай ұйымдастырылған додада топ жарып шыққанымда бойымды ерекше сезім биледі. Қатысушылардың арасынан бес үміткер іріктеліп алынды. Ал олардан ерекшеленгенім-мен екі қобызда да, яғни қылқобызда да скрипкалық үлгідегі қобызда да ойнадым. Жалпы өзім екінші сыныптан бастап қобыз аспабын ойнаумен айналысамын. Осындай байқаулар жастарды шыңдайды, биікке өрлеуге өзіндік септігін тигізеді, дейді.

Байсақтан дарыған дарынды дүйім жұртқа паш еткен Молықбайдың өмірі бүгінде аңыз. Ұрпақтары 73 жыл өмір сүрген Молықбайдың әр ісін, өмірін, тағылымды-тәрбиелі тұстарынан ғасырдан-ғасырға алып баратындығы анық. Қазақ барда қобызшының есімі өлмек емес.

      Молықбайдың жиені Ерсайынның естелігі 

Менің елден ерекше айтарлықтай өмірбаяным жоқ. Мен 1966 жылы 16 наурызда Қоңыр ауылында дүниеге келдім. Әкем  Нұсіпбек ұлы Қажытай механизатор болып еңбек етті.

Ерсайын Қажытай әкесі «Бала»  бақсы    Қантай анасы – Молықбайдың   немересі

Менің ата жұртым орта жүзден Найман, Матай руынанмың. Ақын Шора, Шаппа Көтен Тәуіп  аталардың ұрпақтарымыз. Нағашы жұрьқа келсек Ілияс атамыздың мына бір өлен шумағын келтіре кетсем түсінікті болар.

Қобызшы Молықбай шал Матайдағы,

Матайда- Кенже, Тұнғат,Сақайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймандаған бақайдағы

деп айтқан екен. Ал енді менің анам Молықбай ата мен  Ырсай әжемнен туған. Қантай туған немересі.Әкесі Тілеубек анасы Адасқан Тілеубек атам 1942жылы ұлы отан соғысында қаза болған екен.Ал інісі Қанат 10-11 жасында ауырып қайтыс болған екен. Адасқан апам мен Анам Қантбай Бөрібек ата аңшы қақпаншы болған болған кісі екен. Атаршылық кезінде қолына түскен аң құспен ауылына көмектескен екен. Оны Қоңыр ауылында тұрған марқұм Тұрсынбек аға айтып еді. Бөрібек атаның қамқорлығын көп көрдік деп. Кейіннен Бөрібек атамыз апамызға өзі рұқсат беріп Молдағали атамен қосқан екен.Бәрі бірге тұрды. Өмірге Қанжытай, Ниязбек,Күләш атты інілері келді. Қазіргі таңда Ниязбек ағамызбен Күләш тәтеміз өмірден өтіп кетті балалары бар. Ал Қанжытай  тәтеміз  Үш-Төбе  қаласында тұрады балалы шағалы. Бұрын бәрін айтуын 2014 жылы 13 маусым да  Алатау газетіне Оспан Қалияқпаров  ағамыздың Қазақтың қобызшы Молықбай атты әңгіме жазып шежіресін жасап ұрпағын іздеген әңгімесі осы түрткі болды, жәнеде 2010 жылы 27 қазанда егемен Қазақстан газетіне Қобызшы Молықбай шал Матайдағы  деген тақырыппен Серік Жәнәбіл  ағамыздың жазған әңгімесі Қанжытайдан ары қарай ешкім жоқ дегенге, біз бар едік деп үн қатқым келді.және де Қоңыр ауылының тұрғыны шәкірттеріне білім нұрын сеуіп жатқан білгір ұстаз Сәулебекқызы Күлшара әпкемізден сеніп Молықбай ата туралы халыққа ой толғасын деп едім. Айтарың барма дегенде көктен іздеген жерден табылғанына қатты қуанып қалдым.Жаңағы жоғарыда айтылған әңгіменің авторларына қалай хабарласын деп жүргенде біраз жырлар өтіпті. Бір жағынан менің хабарласқанымды құптаған екен деген ойда болдым. Жәнеде тереңнен жүректегіні симыртып келген ой пайда болды.Жалғыз Молықбай ата емес Репреция кезінде қазақтыңталай бетке ұстар тұлғалары опат болды.Олар халықтың ұлдары еді.Жәнеде арттарында халқы барда ол кісілердің аты беделдері өшпейді деп ойлаймын.Біз қарапайым отбасы ошақ қасы  Қажытай әкеміз бен Қантай анамыздың үш қыз Ырсалды,Несіп,Жұмагүл кенжесі мен Ерсайын бір ұл өмірге келдік.Ырысалдының отбасы бар жолдасы Ермұхан Бақытгүл,Айгүл,Арнат атты балалары бар. Өкінішке орай Несіп әпкем жездем Құнанбай жиен інім Аслан өмірден өтіп кеттті.Руслан,Айдын,Гүлнар атты балалары. Ата-анасы қасында тұрады.Жұмагүл кішкентай кезінде көз тиіп қайтыс болды.Ал мен жолдасым Гүльмира екеуміз төрт қыз екі ұл өсірдік.Эльвира,Динара,Дина,Анар,Ермек,Сайын  атты балаларымыз бар.

Мадияр,Данияр,Бауыржан атты күйеу балаларым мен қоса Асем атты келінім бар.         Құндыз,Дияар,Айша,Алдияр,Нұрали,Самғат,Алмат,Ералы,Айсұлтан,Ерсұлтан,Ерасыл атты немерелеріміз бар.Бір айта кететін нәрсе Адасқан апам бар кезде елімізден атқа мінер азаматтары қобыздарын сұрап қолқа салған екен.Ілияс атаның музейіне қойсақ ел көрсін деп сұрап қоймаған соң апамыз Қоңырда қызы тұрады сол рұқсат етсе алыңдар деген екен.Менің анам рұқсатын берген екен.Содан жолығып қобызды музейге қойыпты.Мен музейден қобыздың көшірмесін көрдім мен ол кезде бала едім.Сол кездегі кісілер бар болса атамның қобызын қолыма алсам деген өтініш тілегім бар еді.Өйткені ол менің нағашы атамнан қалған жәдігер деп есептеймін.Ол енді қаншалықты іске асады мен оны білмеймін.Бірақ ол менің улкен арманым.Мен үшін менің жанұям үшін көптеген сынақтар болды.Мүмкін осы мәселе менің түсінбей жүрген дүниелеріме себепкер болады ма деген үмітім бар..Ел жұртымыз аман бай қуатты болуымызға Алла нәсіп етсін.

Қорытынды

 Зерттеу жұмысы маған және сізге қандай мәлімет береді

Көптен  бері ойда жүрген  тақырып мен үшін де,жетекшім үшін де өте маңызды болды.Оның  үлкен себебі бар.Ол қайталанбас тұлға қобызшы Молықбайдың ұрпағының  біздің ауылда тұрып  жатқаны және ол  адамда да қасиеттердің болуы .Әр адам қайталанбас тұлға дейтін болсақ,сол тұлға бүгінгі күні өз ерекшелігімен ауылымызға танымал болып келеді десем артық айтпаған болар едім Мына сызба сөзіме дәлел болатын шығар.Молықбай —»  Тілеубек —»  Қантай  —» Ерсайын

.Атасы Молықбай қобызшы,бақсы, және емші болған болса,Ерсайынның әкесі Қажытай «Бала бақсы» атанып,,ұсталық өнерімен белгілі болған.

«Баланың жақсы болуы нағашысынан» -деген ұлтымыздың мәтеліне сай келетін адам , Молықбай атамыздың бір тал жиені ол Ерсайын ағамыз деп білемін.Ерсайын ағамызда бұл күнде қасиетті жерлерге зиярат етіп,бойындағы түсініксіз ,тылысым дүниенің сырын білуге ұмтылыс жасауда.Оншақты жылдардан бері көптеген науқастарға дем салып,аластап,массаж жасап алғысын алуда.Емшілік бизнес десек бұл сөз Ерсайын аға үшін жат .Зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген деректер мен құнды деген құжаттарды оқып зерттедік .Барлық деректерде Молықбайдың артында ұрпақ қалмады деген пікірлер айтылған екен.Бұл пікір біздерді қатты ойландырды.Ұрпағы біздің ауылда екенін айтқымыз  келді.Көптеген адамдар өздерінің шығу тегін ұлы адамдармен байланыстыруға тырысатыны анық.Біздің мақсатымыз тек қана шындықты көпшіліктің назарына ұсыну еді.Тарихты қайта дөңгелетін болсақ шындық дүние су бетіне  түскен күн сәулесіндей болатыны белгілі.Тағы бір айтар кететін дүние Молықбай атамыздың шөбересі Ерсайын ағамыз атасының қобызын қолыма ұстасам,өйткені оны анам ұстаған жәдігер,ол ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалатын дүние еді,осыны жеткен жеріне дейін жеткізсеңдер деп еді.Оны уақыт еншісіне  қалдыру керек пе екен,білмедік.Еліміз рухани жаңғырып жатқан сәтте мезгілімен,дәл уақытында қозғалған мәселеме дегенде ой жоқ емес.

You May Also Like

Жантақ өсімдігінің маңызы, ғылыми жоба

Жантақ өсімдігінің маңызы Аннотация Ғылыми жұмыста жантақ өсімдігіне және жантақтың түрлері мен…

Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы, ғылыми жоба

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат    маршруттары Секциясы: Этномәдениеттану…

Сарысудың дайындалу әдісі, ғылыми жоба

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:»САРЫСУДЫҢ  ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ»» Тақырыптың өзектілігі: Сарысудың жасалу  әдісін және адам…

Лимон, ғылыми жоба

 Аннотация  Өсімдіктанушы мамандардың айтуынша, лимон ағашы гүлдеген соң, оның жапырақтары мен гүлдерінің…