Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат    маршруттары

Секциясы: Этномәдениеттану

Тақырыбы: Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы

Мазмұны 

Кіріспе——————————————————————————————–3-4

І. ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-    ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы———————————————–5-6

1.2 Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі—————————————————————————–7-9

Ⅱ.ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ОҚУШЫ БОЙЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1 Тұлға бойында адамгершілік ізгілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары–10-11

2.2 Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы——–12-15 

III.  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛУІ

3.1 Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру——————————————16

3.2 Экспериментте алынған нәтижелерді талдау————————————-16-23

ҚОРЫТЫНДЫ———————————————————————————24

Ғылыми зерттеу  күнделігі 

Тақырыбы:  Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы

Айы, күні, жылы Жұмыс мазмұны Зерттеу әдісі Ескерту
14-19 қыркүйек 2020ж Материалдар жинақтау Танысу
21-26 қыркүйек

2020 жыл

Орталық кітапханада болдым. Таныстым
5-16 қазан 2020жыл Абай кітапханасында болдым. Мәліметтер жинақтау
19-23 қазан 2020жыл  Мектеп кітапханасында жұмыс жасадым. Материалдар жинақтау
16-20 қараша  2020жыл Әдебиеттерге шолу жасап, ақпарат алдым. Материалдар жинақтап, оқып таныстым
23-27 қараша

2020жыл

Интернет ресурстарын жинақтадым. Ақпараттар алдым.
8-11 желтоқсан

2020 жыл

Жетекшімен кеңесе отырып өз жобамды құруды жоспарладым. Жобамен жұмыс
 12-19 қаңтар

2021  жыл

Жинақтаған білімімді  тәжірибеде қолдануға кірістім. Жобамен

жұмыс

25-30 қаңтар

2021 жыл

Жобаға қатысатын сыныппен жұмыс жүргіздім. Мәліметтер жинақтадым
 8-12 ақпан

2021жыл

Жобаға байланысты сыныппен жүргізілетін әдістемелерді жетекшімен жинақтадым. Мәлімет жинау
22-26 ақпан

2021жыл

Жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар туралы оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама.
2-11 наурыз 2021ж Оқушылармен,жетекшімен  бірлесе отырып,құндылықтар күні, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырдым. Іс- шаралар, дөңгелек стол
12-19 сәуір  2021ж Жоба жұмыстарын жоспарға байланысты жинақтадым. Жобамен жұмыс
23-26  сәуір  2021ж Жобаға  безендіру жұмыстарын жүргіздім. Жобамен жұмыс
17-22 мамыр 2021 ж

 

Жобаға түзетулер енгізіп, толықтай аяқтадым Жобамен жұмыс

АННОТАЦИЯ

Зерттеу пәні: Жалпыадамзаттық, ұлттық, рухани құндылықтардың ерекшеліктері

Жоба авторы:

Тақырыбы:  Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы.

Зерттеу мақсаты: Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы білім, білік, дағдыларын дамыту, құндылықтарды дәріптейтін тұлға тәрбиелеу.                                                             Өзектілігі: Қазіргі қоғамда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың идеялық- теориялық негіздері мен даму үдерістерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу міндеттері: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәнін айқындау, адам өмірінде маңыздылығы жайлы түсініктерін қалыптастыру, креативті ойлауды  дамыту.

Жұмысты зерттеудің болжамы:  Жалпыадамзаттық, рухани – құндылықтар бұл адамдағы ең терең, маңызды және мәнді бағдарлар. Адамдағы ішкі тұтастықты қамтамасыз етеді. Өзіне деген сенімділігі артады, адамның өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді.

Зерттеудің көкейкестілігі: Рухани дамыған тұлға тәрбиелеу, бүгінгі  қоғам алдында тұрған ең жоғарғы міндет. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің уығы болып қадалатын жеке тұлғаны, жалпыадамзаттық, ұлттық  адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.

Зерттеу әдістері: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының  оқытушыларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін жинақтап қорыту, әңгімелесу, сауалнама, сұрақ- жауап әдісі.

Жүргізілетін жұмыс бағыттары:         Оқушылармен жұмыс

Зерттеу обьектісі: — сынып оқушылары

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

Бірінші кезең: Әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау.                                Екінші кезең: Эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

Үшінші кезең: Жинақталған материалдарға жүйелі талдау жасалынды.

Төртінші кезең: Жобаның нәтижелері жинақталып, зерделенеді.

Зерттеудің нәтижелерінің  дәлдігі мен негізділігі: Зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігі, жалпыадамзаттық және ұлттық  құндылықтардың тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Жұмыстың  нәтижелілігі:  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды айқындау үшін біршама жұмыстар жасалынды. Жоба барысында оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру деңгейі түрлі әдістерді (сұрақ жауап, әңгімелесу, эссе жаздыру, сауалнама алу) пайдалану арқылы жүзеге асты.

Тема: Влияние общечеловеческих ценностей на духовное развитие личности.

Цель обучения: Развитие знаний, навыков и умений личности об общечеловеческих и национальных ценностях, воспитание человека, продвигающего ценности.

Актуальность: научное изучение идейно-теоретических основ и процессов развития общечеловеческих и национальных ценностей в современном обществе.        Задачи исследования: определить сущность общечеловеческих и национальных ценностей, сформировать понимание важности жизни человека, развить творческое мышление.                                                                                            Гипотеза исследования: Общечеловеческие, духовные ценности- это самые глубокие, важные и значимые ориентиры в человеке, которые обеспечивают внутреннюю целостность в человеке. Повышается уверенность в себе, меняется отношение человека к себе и окружающей среде.

Актуальность исследования: Воспитание духовно развитого человека – высшая задача, стоящая перед современным обществом. Это усвоение индивидуальных, общечеловеческих, национально-нравственных качеств, которые являются достоянием нашего независимого государства.

Методы исследования: обобщение передового опыта преподавателей вузов Республики Казахстан, интервью, анкетирование, вопросно-ответная методика.                                                                                                             Направления работы: Работа со школьниками.                                        Объект исследования: ученики 7-х классов.                                           Этапы исследования: Первый этап: Анализ методической, научной, психологической, педагогической литературы.                                                  Второй этап: Проведены экспериментальные работы.                       Третий этап: проделан систематический анализ собранных материалов.                   Четвертый этап: будут обобщены и изучены результаты проекта.         Точность и достоверность результатов исследования: В соответствии с предметом исследования обеспечивается использование методов и приемов, педагогическая целесообразность программы эксперимента, эффективность общечеловеческих и национальных ценностей.                                                      Заключение: Была проделана большая работа по определению общечеловеческих и национальных ценностей. В ходе проекта уровень интереса учащихся  формировался с помощью использования различных методов (вопросы и ответы, интервью, написание эссе, анкетирование).

ANNOTATION

Subject: Features of universal, national and spiritual values.

Project author: Zhumagalieva Kamila Daurenovna

Subject: Influence of universal human values on the spiritual development of the individual.

Learning objective: Development of knowledge, skills and abilities of a person about universal and national values, education of a person promoting values.

Relevance: scientific study of the ideological and theoretical foundations and processes of development of universal and national values in modern society.

Research objectives: to define the essence of universal and national values, to form an understanding of the importance of human life, to develop creative thinking.

Hypothesis: Universal human, spiritual values are the deepest, most important and meaningful reference points in a person, which provide inner integrity in a person. Self-confidence increases, the attitude of a person towards himself or herself and the environment changes.

Topicality of the research: Upbringing of spiritually developed person is the highest task facing the modern society. It is the assimilation of individual, universal, national and moral qualities, which are the heritage of our independent state.

Research methods: synthesis of best practices of teachers of universities of the Republic of Kazakhstan, interviews, question-and-answer methodology.

Directions of work: Work with schoolchildren.

Object of study: 7th graders.

Stages of the research: First stage: Analysis of methodological, scientific, psychological and pedagogical literature.

Second stage: Experimental work was carried out.

Third stage: A systematic analysis of the collected materials was carried out.

Stage Four: The results of the project will be summarised and studied.

Accuracy and trustworthiness of the research results: According to the subject of the research the methods and techniques used, pedagogical appropriateness of the experimental programme, effectiveness of universal and national values are ensured.

Conclusion: A lot of work was done to identify universal and national values. During the project the level of interest of pupils was formed by using different methods (question and answer sessions, interviews, essay writing, questionnaires).

Semey city.

Research base:

Communal public institution «Secondary General Education School №16 named after Toleubay Amanov»

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі  қоғам алдында тұрған ең жоғарғы міндет-тәуелсіздік мемлекетіміздің уығы болып қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Өркенниетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетілігін еркін ойлау қабілеттілімен, шығармашылығын кәсіби біліктілігі мен білімділігін қоршаған ортаға сүйіспеншілігін талап етеді.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсының жеке тұлға болып қалыптасуына маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала ол- білім беру жүйесі.                                     Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейтесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық.   Өркенниетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен білімділігін қоршаған ортаға сүйіспеншілгін талап етеді. Оған өзара  және табиғатпен үйлесімділікте дамыған жағдайда қол жеткізуге болады. Адамның болмысы өзі туып өскен ортасы, тәрбиеленген ортасымен толысады. Бала өмірінің өзін қоршаған ортамен тығыз байланысы оның бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды  үйлесімділікте дамуына тікелей ықпал етеді.  Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы жақсылыққа, мейірімділкке,ізгілікке тәрбиелеп соны мақсат тұтса, ұстаздың ата ананың болашағы зор болмақ.[1] Жеке адамды ізгілікке, өнегелілікке,  инабаттылыққа тәрбиелеу жолдарын әртүрлі ғылым саласында қарастыратыны белгілі. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар. Көрнекті психолог  С.Л.Рубинштейн «Оқыта отырып біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Жалпыадамзаттық құндылықтарды тұлға бойына дарытып сіңіру болып табылады.           Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»-деп санады.

Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы білім, білік, дағдыларын дамыту, құндылықтарды дәріптейтін тұлға тәрбиелеу.

ӨзектілігіҚазіргі қоғамда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың идеялық- теориялық негіздері мен даму үдерістерін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Біздің қоғам үшін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың ұрпақ санасында қалып, олардың дәріптелуі маңызды. Сол себепті осы жобаның өзектілігі бүгінгі күнмен тығыз байланысты деп айта аламыз.                               Зерттеудің міндетттері: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәнін айқындау, адам өмірінде маңыздылығы жайлы түсініктерін қалыптастыру, креативті ойлауды  дамыту.

  • Жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани құндылықтар туралы ақпарат жинау.
  • Жобаны кезеңдерге бөліп ұсыну.
  • Оқушылармен іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Сауалнамалар алу, қорытынды нәтижесін шығару.

Зерттеудің болжамы:  Жалпыадамзаттық, рухани – құндылықтар бұл адамдағы ең терең, маңызды және мәнді бағдарлар.  Өзіне деген сенімділігі артады, адамның өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді. Оларға сүйене отырып, адам шешім қабылдайды, дұрыс әрекет етеді. Әрбір адамда бұл құндылықтың болуы, оған қуаныш пен қанағаттанарлық сезімдердің пайда болуына ықпал жасайды.                                                                             Жүргізілетін жұмыс бағыттары: Оқушылармен жұмыс                       Зерттеу обьектісі : 7 сынып оқушылары                                                                     Зерттеу жұмысының кезеңдері: Бірінші кезең әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды.                                              Екінші кезең негізгі теориялық ойларды анықтау мақсатында эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың нақты жоспарын жасау. Шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылармен құндылықтар негізінде адамдарға жасалатын игі істер, көмек қолдау, жинақталған материалдар негізінде кітап, сурет, бейнеколлаждар жасау.                                                            Үшінші кезең: Жинақталған материалдарға жүйелі талдау жасалынып, сұрыпталды. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Тұжырымдар жасалынып, ұсыныстар берілді.                                 Төртінші кезең- қорытындылаушы кезең. Бұл кезеңде жобаның нәтижелері жинақталып, зерделенеді. Сондай ақ оқушылардан алынған  сауалнамалар жинақталып, психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларға зерттеу жұмыстары жүргізіліеді.                                                           Зерттеу әдістері: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының  оқытушыларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін жинақтап қорыту, әңгімелесу, сауалнама, сұрақ- жауап әдісі. Әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау.    Зерттеудің нәтижелерінің  дәлдігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық теориялық қағидалармен зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштерді қорытындылаумен мектепте тәрбие,оқу  үрдісінде оқушының өзін -өзі тәрбиелеуінде жалпыадамзаттық құндылықтардың тиімділігі қамтамасыз етіледі.

І. Ұлттық және жалпыадамзаттық  құндылықтарды зерттеудің теориялық-    әдіснамалық негіздері.

1.1  Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы

Ұлттық және жалпыадамзатттық құндылықтар төмендегі бөлімдерден тұрады: дәстүрлер мен әдет ғұрыптар, жоралғылар мен дағдылар, рәсімдер мен нұсқаулар, ой пікірлер мен пайымдаулар,  мақал мәтелдер, нақыл сөздер мен көзқарастар, сөз сөйлеу мен мамандық.

«Бала туылған кезінде адам емес тек адамдыққа кандидат» А.Пьерон

Адам дамудың жоғарығы деңгейін қамтитын мән, тарихи қоғамдық субьект болып табылады. Адам физикалық,және психикалық, генетикалық шартталған және өмір бойы құралған , табиғи және әлеуметтік бұзылмайтын бірлік.

А. Пьерон өз ойымен адам- бұл тұлға, ал бала -индивид. [1]                                       Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса (200), соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады.                                                             Леонтьев А.Н. ойынша, тұлға – бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тұлғаның қасиеттеріне өте алмайды. Өзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді, қалыптасатын тұлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Тұлға, индивид сияқты субъекттердің өмірлік қарым-қатынасын жүзеге асыратын интеграциялық процестің өнімі. Петровский А.В. тұлға түсінігіне келесі анықтама береді: «Тұлға ретінде психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда өзін ұстаудың деңгейі мен сапасын сипаттайтын жүйелік әлеуметтік қасиет түсіндіріледі» [2].                                       Жоғарыда айтылған анықтамалардан түсінетініміз, тұлға – бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғы сезімді» қасиеті болып табылады. «Жоғарғы сезімді», яғни іштей бөлшектенген, күрделі қасиет. Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі, мiнез-құлық, сөз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, өз тәртібімен, келбетімен және т.б. бейнеленедi. Тұлға ол әлеуметтiк байланыстар жүйесінен ажырамайды. Тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуын жетік түсіну үшін, оның қоғамдағы өмірін, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қозғалысын зерттеу қажет.                             Қоғамдық қатынастар – индивидтің әлеуметтiк қасиетi ретінде тұлғаның бөлiгі, бір жағы, аспектiсi. Кез-келген қоғамға индивидтің қосылуы, орындалатын әрекеттердің мазмұны мен сипатын, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсiлдерi мен шеңберін, яғни оның өмір сүру, әлеуметтік тұрмыс ерекшеліктерін анықтайды. Бiрақ қайсыбір адамдар қоғамының, сонымен қатар жалпы қоғамның жеке индивидтерінің өмiр сүруі, тарихи дамып келе жатқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Сонымен бiрге, әр түрлi қоғамдық қатынастарға нақты тұлғаларды қосудың тәсiлдерi әртүрлі. Сәйкесінше әр тұлғаның өмiрінде оны жүзеге асыру дәрежесі әр түрлi, сондықтан әртүрлі қызмет пен қарым-қатынастың өзара байланысуы әртүрлі жүреді. [2].                                                                 Айта кету керек, «адам» деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни, айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi – логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.

Бiз тұлға болып қоғамдағы өмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға тәрбие, оқу, қарым-қатынас, өзара қарым-қатынас жатады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды.                                                            Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi. [3]    Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып келетін қызығушылықтарында көрінедi. Сонымен бiрге, ол әр түрлi тәжiрибе, бiлiм, икемділік пен сенiмдерінде байқалады. Бiз өз даралығымызды дәлелдеп, бекiтемiз. Демек, даралық – адамның тұлғасының тек бір жағы.  Рубинштейн С.Л. зерделенуі адам әрекетінің психикалық мазмұнын талдаудан басталатын барлық психикалық процестер тұлғада өтеді, және олардың әрқайсысы өзінің шынайы өтуі барысында оған тәуелді деп тұжырымдады. Психикалық процестердiң даралық ретінде тұлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке – дифференциалды айырмашылықтарда байқалады.[4]      

Көптеген психологтардың пайымдауынша, адам тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Дегенмен қазіргі заманның психологиясында, тұлғаның қалыптасуы мен дамуы туралы ортақ біртұтас теория жоқ. Келесі тәсілдемелерді айта кетуге болады. Биогенетикалық тәсілдеме (Холл С., Фрейд З.), тұлғаның дамуының негiзі ағза толысуының биологиялық процестерi болып табылады. Әлеуметті-генетикалық тәсілдеме (Торндайк Э., Скиннер Б.), тұлға дамуының негізгі сәті ретінде қоғамның құрылымын, әлеуметтену тәсiлдерiн, қоршаған ортамен қарым-қатынасын қарастырады. Психогенетикалық тәсілдеме (Пиаже Ж., Келли Дж.), биологиялық, әлеуметтік факторларды жоққа шығармайды, дегенмен бірінші орынға жеке психикалық құбылыстардың дамуын қояды. Тұлғаның жалпы психологиялық теориясы келесі ғылыми жұмыстардың әсерінен дамыды: Абульханова-Славская К.А, Ананьев Б.Г., Анциферова Л.И., Выготский Л.С., Ковалев А.Г., Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф., Мерлин В.С., Мясищев В.Н., Петровский А.В., Платонов К.К., Теплов Б.М., Рубинштейн С.Л. Бұл теория тұлға психологиясын қызметтiң, тұлғаның санасы мен iшкi себептер арқылы істейтін оның басты сыртқы жағдайларының бiрлiгi ретінде түсінуге негізделеді. Iскерлiк тәсiлдеме «екі фактор теориясын» жоққа шығарады, оған сәйкес тұлға бұл адамның өзінің биологиялық ерекшеліктері және әлеуметтің, ортаның әсер етуінің орташа нәтижесі.[5] 

1.2 Жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаны рухани  адамгершілікке тәрбиелеудің негізі

Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар нақты қоғам  немесе әлемдік қоғамдастық үшән заттың, құбылыстың, идеяның  маңызының құнды болуын көрсетеді. Қазіргі өркениеттер тұрғысынан қарастырғанда қазіргі заманғы  қоғамдық саяси үдерістерді реттеуде құндылықтық көрсеткіштер маңызды рөл атқарады. Құндылықтар қоғамдық  маңызды материалдық, әлеуметтік нысандар. Құндылықтар жалпыадамзаттық және ұлттық болып екіге бөлінеді.[6] Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі болып табылады. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтар  тақырыбының кейбір аспектілері отандық ғалымдар Р.Әбсаттаров, В.Х.Баймырзаева, А.Ж.Мұқажанова, Р.Қадыржанов,Қ.Ж.Нұғыманова және басқалардың зерттеулерінде қарастырылған. Тәуелсіздік жылдарында бқл тақырыптарға ерекше қызығушылық туып,ұлттық, жалпыадамзаттық мәселелері бойыша  маңызға ие болды.

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез- келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс: Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. [7] Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың  кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді.

Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.                                                                              Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір – біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.[8]                       Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез – келген адам, осы ққндылықтарды  іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол, адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.            Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды.         Рухани адамгершілік құндылықтарды цқалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндетттер: біріншіден рухани адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік, сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы. Құндылықтар туралы  алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім»- мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді. «Өзіңді-өзің танып -біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нқр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер » деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің                        73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы…» деп жырлайды. Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытың босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің – дейді. [9]                                  Шәкәрімге философиялық ойларды жазу оңайға түспейді. Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы, «Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді, жан мәңгілік – бұл екінші анық – деді. Үшінші анық – ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды.                                                           Жалпыадамзаттық құндылықты дамыта отырып, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Фарабидің философиялық  көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. [10]                                                                 Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған» дейді.

«Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай?  Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деп түйіндейді.                                                                             Шәкәрім Құдайберді ұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»-деп санады.[11]

Ⅱ.Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру

  • Тұлға бойында адамгершілік ізгілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды   болжайды. Рухани-адамгершілік  құндылықтармен  білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді.Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік ізгілік  тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер: тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

  • оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
  • оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.[12]

Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын.

Анықтама сатысы.  Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс  қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен  бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады. оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;

  • оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
  • оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
  • оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік, дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
  • оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік менін оятуға бағдар беру.

Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

Дәлелдеу сатысы. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Гуманист болу деген не? Ол қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет?

«Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» — деген сұраққа жауап берместен бұрын: «Мен қандай болуға тиіспін?». «Адам болу деген не?» — тәрізді сұрақтарға ойлануымыз керек. Мысалы, теректің «жақсы» өсіп-дамуына құнарлы топырақ, ауа-райының қолайлы болуы,т.б. жағдайлар әсер етеді. Ал өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін «жаман» жағдайларға: құрғақшылық, өсімдікті бүлдіретін зиянкестер, дауылдар жататыны белгілі. Дәл осы тәрізді адам үшін де жақсы мен жамандық алмасып келіп тұрады. Жақсы жағдайда адам бойындағы адамшылық қасиеттер өніп, адамның Адам болып қалыптасуына көмектеседі. Жақсылыққа қайшы жамандық бар.

Қайшылық сатысы. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан дүниесінен де орын алады. Адамгершілік дегеніміз айналамызға қайырымдылық нұрын шашудан тұрады екен.

Ұлылар сатысы. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі — залымдық», — деп білемін дейді 38 қара сөзінде ұлы Абай. Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуынан басқа табиғат жылуы, күн жылуының да әсері мол.

Шығармашылық саты. Күннен жылу алалық. Тренинг.

Эвристикалық саты. Білім беруді және тәрбиені ізгілендіру… Қанша ғасыр бойы жаңашыл педагогтар ой қозғады. Руссо теориялық жағынан толығынан жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ізгілендіру жүйесін құрды.[13] Ізгілендіру – білім беру процесінің қажеттілігін дәлелдейтін, жаңа педагогикалық ойлаудың негізгі элементі. Баланың қажеттілігін іздеген педагогтар – Ш.Аманошвили(баланы сүю, махаббат қажеттілігі), И.С.Кон(үлкендерді құрметтеу қажеттілігі), А.В. Перовский(тұлға болып қалыптасу), А.В. Мудрик(өз мүмкіндіктерін іске асыру қажеттіліктері).

Сондықтан маңызды мәселелерді зерттеп қана қоймай, олардың тәрбие үрдісіндегі тиімділігінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне жете назар аудару қажет деп ойлаймын. Қорыта келе айтарым, тұлға рухани-адамгершілік тәрбие арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастырады.[14]

2.2.  Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы

Қазіргі қоғамда реформаның шынайы нәтижесінің адам табиғатын, ішкі әлемін және оның құндылықтық әлеуетін тілге тиек еткенде ғана болатынын түсінді. [15]                                                                                                   Ойшылдар үнемі  сұлулық, береке, қайырымдылық және  т.б. түсініктердің мәнін ұғынуға  ұмьылды, кейінірек мұның бәрі  «құндылық» ұғымына біріктірілді. Философия тарихында «Игілік деген не?» деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты «заттар әлеміне» және «идеалар әлеміне» бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік, әділеттілік және т.б. жоғары игіліктерге сәйкес келетіндей еш нәрсе жоқ деп есептейді. Және сыртқы әлеснің өткіншілігі мен салыстармалылығын ескере отырып адамдардағы ақиқат, әсемдік т.б. ұғымдарды уақыттан тыс мәңгі идеалар кеңістігіне орналастырды. «Егер кім әсемдікті дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдын ақырына жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай әсем нәпсені көреді… бұл нәрсе, ең алдымен мәңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де, өсуді де, шөгуді де білмейді, екіншіден ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен салыстырғанды тұрпайы. [16] Әсемдік – бұл бет, қол немесе қандай да бір дене бөлігі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес өзінен-өзі әрқашан да өзінде түтас бейне ретінде көрінеді: әсемдіктің өзге түрлерінің барлығы оған қатысында туылатын және күйрейтін болса, ал ол артып та, кеміп те кетпейді, ешқандай ықпалды сезінбейді» (Платон. Соч. В 3-х т. М., 1970, 142-бет).  Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін. Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылғына байланысты ауысып тұрады.[17] Өмірдегі түрлі жағдаяттар, мәселен, емі жоқ ауру, жақсы адамның қайтыс болуы, үйінен айырылып қалу және т.б. жағдайлар жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі мен мінез құлық нормасын қайта қарауына негіз болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.                                                                                                     Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтар ды білім мазмұнына мақсатты түрде енгізу мәселесі 20 ғ. 80-90ж. жолға қойылды (И.Я.Лернер, В.Оконь, Л.Я.Зорина және т.б.).                                                                                               Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесінің өзегі болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы туралы сөз қозғау керек. Сондықтан да рухани адамгершілік тәрбие мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезінде гуманистік бағытымен, жалпыадамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейімен, жан жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек.

Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.         Табиғи құндылықтар бұл адамның табиғи күші мен жан.дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл.ой, сезім, күш жігер (ақылдың айұындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, куш.жігердің қайраттылығы.                                                                                                     Жүре пайда болған құндылықтар . бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабыррлылық және т.б.).                                                                                                    Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар . ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре п.б. құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. [18]

4-сурет

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады. Адам 5 құндылық (ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат) қоршап тұрады.                                                            Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый жіне олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.                                                                                                                Оқыту үрдісінде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар білім негізі оның өзегі болып табылады.          Тоғай ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, тыныштық, қиянат жасамау.     Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық,Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.[19]

Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы

5-сурет

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.

  • Қиянат жасамау рухани деңгей,
  • Ақиқат интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция).
  • Сүйіспеншілік адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл ой, сөз).
  • Тыныштық эмоциялық деңгей (сезім).
  • Дұрыс әрекет физикалық деңгей.
  • Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.         Оқыту үрдісінде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар білім негізіә оның өзегі болып табылады.[20]              Дұрыс әрекет – Ақиқат жолын ұстау болып табылады.                        Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғанынды оны жоғалтқанға дейін білмейсің түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады. «Мен байланудың бар екенін түсіне білетін, саналы түрде түсінемін». Бұл сана трансформациясының басталды….                                                                                                             Дұрыс әрекетке тән қасиеттер: әдет, қанағат, ынтымақтастық, тәртіп.         Ақиқаттан туындағанның барлығы – Дұрыс әрекет.                           Адам ақиқатты танып сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісі гүлі шешек атады.

III.  Мектеп оқушыларының  эксперименттік зерттелуі

3.1 Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру

Жобаның кезеңдері алдыға қойған мақсатпен, оның маңыздылығын жүзеге асыру болып табылады.                                                                                       Бірінші кезең. Жобаның мақсаты анықталып,жалпы адамзаттық құндылықтар туралы ақпараттар жинау. Оқушылармен кездесу өткізіп, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы ойларымен бөлісу.                                              Екінші кезең. Атқарылатын жұмыстың нақты жоспарын жасау. Шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылармен құндылықтар негізінде адамдарға жасалатын игі істер, көмек қолдау, жинақталған материалдар негізінде кітап, сурет, бейнеколлаждар жасау.                                                                     Үшінші кезең. Ойластырылған идеялар мен жоспарлар іске асырылады.   Төртінші кезең- қорытындылаушы кезең. Бұл кезеңде жобаның нәтижелері жинақталып, зерделенеді. Сондай ақ оқушылардан алынған  сауалнамалар жинақталып, психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 

3.2 Экспериментте алынған нәтижелерді талдау

Оқушылардан  сауалнама алу, нәтижелерін саралау.

Теориялық талдаудың нәтижесінде біз өзіміз  жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтардың тізімін жасап, оқушыларға ұсынған болатынбыз. Соған байланысты оқушылар арасында сауалнама жүргіздік. Сұрақ: «Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалай түсінесіз?»

  1. тыныштық
  2. мейірімділік
  3. ақиқат
  4. сыйластық
  5. қамқорлық

атты сұрағына оқушылар,    яғни сауалнаманың нәтижесінде құндылықтар туралы өз ойларын білдірді. Кейбір оқушылардың пікірінше құндылық ол тыныштық 22,  мейірімділік 18, ақиқат  13, сыйластық 21,  қамқорлық 16 құндылықтары туралы өз ойларын білдірді.

Зерттеуге қатысушылардың Жалпыадамзаттық құндылықтарды таңдау нәтижелері: Зерттеуге 7-сынып оқушылары 50 оқушы қатысып жалпыадамзаттық құндылықтар туралы өз ойларын байқатты. Оқушылардың ойынша басты құндылық абырой 94%,  екенін байқатты.Намыс 92%, жауапкершілік 89%, бақыт 88%, ішкі тыныштық 68%, сүйіспеншілік 72%, қиянат 49%, дұрыс әрекет 54% көрсетті. Оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтың маңызды екендігін сауалнама барысында көрінді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар (n=60)
Өмір 56%
Игілік 61%
Бақыт 88%
Шығармашлық 81%
Ақиқат 39%
Жауапкершілік 89%
Білім 61%
Жанұя 68%
Сенім 57%
Ұят 91%
Абырой 94%
Намыс 92%
Адамгершілік 68%
Ішкі тыныштық 67%
Сүйіспеншілік 72%
Қиянат жасамау 49%
Дұрыс әрекет 54%

Оқушылардан алынған сауалнама сұрақтары:

Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар арасында жалпыадамзаттық құндылықтардың тұлғаның дамуында әр құндылықтың орны маңызды екені байқалды.

Көңілді телпектер күні

Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мәселесі саяси ғылымның құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар қоғамның пайда болуымен даму үдерісінде қалыптасады. Бүгінгі таңда оқушылардың танымдық қызығушылығын халықтың мәдени мұрасы, соның ішінде жалпыадамзаттық құндылықтардың  барлық адамдардың бірлігі ретінде адамзат үшін құндылықтардың маңызы зор.

Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ақпараттар жинау үшін Абай кітапханасына барып әдебиеттерге шолу жасадық.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні мен мазмұндары ерте кезеңнен бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, талданып жүйеленді. Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау жалпыадамзаттық құндылықтардың ұғымдарына берілген  анықтамаларды жүйеге келтіріп, мазмұндық сипатын ашуға,сондай ақ зерттеу пәніне байланысты оқушылармен іс- шаралар ұйымдастырып,сауалнамалар жүргізіп  жоба жұмысын іске асыруға түрткі болды. Құндылық – уақытқа және тұратын мекеніне тәуелсіз, барлық адамдар үшін мәнді және маңызды, шынайы бар. Осы аспектілерді ескере отырып, «жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды ,жынысына,нәсіліне ұлтына , әлеуметтік жағдайына қарамастан іс -жүзінде мағынасы бар құндылықтар.

Оқушылардың бойында рухани -адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың механизмі ретінде қарастыруға  болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар оқушылардың асыл адами қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастырады, эмоциональдық сезімін дамытып, дүниетанымын жетілдіреді.

Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды және рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралардың, жұмыс формасымен әдістерінің рөлі  ерекше.

Жоба барысында «Тұлғаның қалыптасуы» оқушылардың дүниетанымын әлемге ашық бола білу, әлемді танып, түсіну, адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтардың ұстанымдарын басшылыққа  алу қабілеттерін, дамыту арқылы кеңейту көзделген. Жоба адамның ішкі әлемі, тұлғаның рухани кемелденуіне баса назар аударылып жұмыстар жүргізілді.

Жоба барысында оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыруда бірқатар нәтижелер алынды. Оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру деңгейі түрлі әдістерді ( сұрақ жауап, әңгімелесу, эссе сауалнама алу) пайдалану арқылы жүзеге асты.Жоба барысында оқушылар іс-шараларға, берілген тапсырмаларға белсенді қатысты. Оқушылардың өз қалауларымен жүргізген қайырымдылық акциялары, оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейін дамытады. Шығармашылық іс-әрекеттері арқылы өздерінің адам өміріндегі құндылықтардың маңызды екенін түсінді. Жоба жұмыс жүйелі болу үшін кезеңдерге бөлу арқылы жұмыс жасалынды. Адамның жасампаздығы өз ісінде екенін түсіне отырып, оған жету үшін адам рухани жан -жақты тұлға ,адамды жасампаз ететін ізгі ісі екенін түсінеді.

You May Also Like

Сумоншақпен кестелеу өнері, ғылыми жоба

Тақырыбы:      Сумоншақпен кестелеу өнері Бағыты:         Этномәдениеттану Секциясы:     Еңбекке баулу  А Б С…

«Кеплер»- 11 жаңа планета жүйесі, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Кеплер»- 11 жаңа планета жүйесі. Бағыты: Жаратылыстану-Физика Ғылыми…

ДЕНЕЛЕР ЗАТТАР, ғылыми жоба

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат Шайзат Қинаятқызы Құрмашева…