Ғылыми жоба

тақырыбы: «Тұранның бір тағдыры – Арал»

Жоспары:

І Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………. 4
1.1. Теңіз: ғылыми болжам мен ақиқат……………………………………………………………….. 5
1.2. Арал табиғаты – қатал табиғат……………………………………………………………………… 6
1.3. Байлыққа толы – Арал…………………………………………………………………………………. 9
1.3.1 Барсакелмес………………………………………………………………………………………………… 10
ІІ Негізгі бөлім……………………………………………………………………………………………….. 12
2.1. Арал апаты: кінәлі кім?………………………………………………………………………………… 12
2.2. Аралды құтқару: ойлар , болжамдар…………………………………………………………….. 13
ІІІ Қорытынды…………………………………………………………………………………………………. 15

Аннотация

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Тұран ойпатының қақ ортасында орналасқан Арал теңізінің өткені мен бүгіні және болашағы туралы ой шертетін бұл ғылыми жобаға талайға ой салатын елеулі еңбектер енгізілген. Ертедегі саяхатшылар еңбектері мен бүгінгі ғалымдар болжамдары ұштастырылып, Арал теңізінің болашағына көз жүгірте алатын бұл ғылыми еңбек-жастарға экологиялық тәрбие беруде маңызы зор. Жастар айналаны көздің қарашығындай сақтаудың аса маңыздылығын түсінеді.

Түйіп айтқанда,бұл еңбектің жастардың табиғатқа деген оң көзқарасын қалыптастыруда алар орны ерекше.

Бұл жобада Арал теңізі туралы жазылған әр заманның, әр түрлі деңгейдегі ғалымдардың еңбектері жинақталып, келер ұрпақ үшін энциклопедиялық еңбек болып табылады деген ойдамыз.

Аннотация

Актуальность темы исследования, исследовательский проект, отражающий прошлое, настоящее и будущее Аральского моря, расположенного в самом сердце Туранской котловины, включает в себя множество работ, заставляющих задуматься. В сочетании с работами древних путешественников и предсказаниями сегодняшних ученых эта научная работа, которая может заглянуть в будущее Аральского моря, имеет важное значение в экологическом образовании молодежи. Молодые люди поймут важность сохранения окружающей среды как зеницу ока.

Словом, эта работа занимает особое место в формировании положительного отношения молодежи к природе.

Мы считаем, что этот проект представляет собой сборник работ по Аральскому морю ученых разного возраста и уровня подготовки и энциклопедический труд будущих поколений.

Annotation

The relevance of the research topic, a research project reflecting the past, present and future of the Aral Sea, located in the heart of the Turan Basin, includes many thought-provoking works. Combined with the work of ancient travelers and the predictions of today’s scientists, this scientific work, which can look into the future of the Aral Sea, is of great importance in the environmental education of young people. Young people will understand the importance of preserving the environment like the apple of their eye.

In a word, this work takes a special place in the formation of a positive attitude of young people to nature.

We believe that this project is a collection of works on the Aral Sea by scientists of different ages and levels of training and an encyclopedic work of future generations.

І.Кіріспе

Арал теңізі – Өзбекстан мен Қазақстан  жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Құмды, құрғақ климатты. Суы ащы. Ертеде Әму мен Сыр дарияларының  суынан пайда болған Тұран ойпатындағы Сармат теңізінің бір бөлігі. Содан бері теңіз атауын жоймай келеді.  Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 — 25 м, Арал теңізінде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды (1-сурет).

Гректің терең ойшылы Клавдий Птолемейдің Арал теңізі туралы дерегінде: Соғды тауларынан ағып Каспий теңізіне құятын Окс (Әмудария) пен Яксарт (Сырдария) өзендерінің аралығында жатқанды Оксиан (Арал теңізі деп түсінген жөн деп) атайды.

Арал теңізі мен өңірі туралы мағлұматтарды көбіне араб ғалымдарының еңбектерінен табуға болады.

ХІ ғасырда өмір сүрген Шығыстың ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Райхан әл – Бируни сол заманғы араб жиһанкездері жинаған мәліметтерді қортындылай келіп,  оның жасаған картасында Арал теңізі «Хорезм» деген атпен белгілі.

Арал теңізі өңірінен ертеде суда өмір сүрген аса ірі жанды – жануарлардың қалдықтары және Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды.

Әмударияның аяқ құйылысы мен Аралдың оңтүстік бетінен бұдан мың жыл бұрын балық аулана бастаған.Мұны арабтың саяхатшы жазушысы Әл-Балхиди еңбектерінде айқын көрсетілген. Арал теңізін саяхатшылар әр ғасырда картаға түсірумен болған, бірақ аяқталмаған.

1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды.

Арал теңізін зерттеушілерінің бірі, атақты географ және натуралист Берг Лев Семенович (1876-1950ж). Оның экпедициясы Арал теңізін бірнеше рет қайталап зерттеп, монографиялық кітап (1908ж) жазумен аяқтады.1929 жылы қазан айында Арал қаласында Бүкілодақтық көл балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының ұйымдастыруымен Арал ғылыми балық шаруашылығы стансасы ашылды.

1.1. Теңіз: ғылыми болжам мен ақиқат

Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтың басында Әмудария Арал ойпатын толығымен толтырды. Сырдария да оған бір мезгілде ағып жатқандықтан, теңіз өзінің максимальді деңгейіне жетті. Алайда, кейінгі тарихи кезеңдерде Әмудария суы батысқа қарай бірнеше рет Сарықамыс ойысына бағытталып, салдарынан Арал теңізі тартылып отырды. Біздің заманымыздың І мыңжылдығының ортасында – IV-VI ғасырларда теңіз деңгейі айтарлықтай төмендеген кез де болды. VІІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырға дейінгі аралықта Әмудария ағысының бағыты қалпына келтіріліп, Арал теңізі қайтадан толды. Алайда, зерттеушілердің айтуынша, ХІІІ ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы кезінде өзеннің төменгі ағысындағы суландыру жүйелері бұзылып, Әмударияның ірі сағалық салалары қайта бұрылды. Келесі осындай өзгеріс шамамен Хорезмді Әмір Темір басып алғаннан кейін болды. Оның әскерлері каналдар мен су бұру жүйелерін толығымен бұзды. Ақыры Арал теңізі жағалауы кері кетті. Бұл – шамамен ХІV ғасырдың аяғы.

Геологиялық зерттеулер көрсеткендей, Арал теңізі үнемі толып тұрған жоқ. Оның жоғары (трансгрессиялар) және төмен (регрессиялар) кезеңдері болды. Көлдің көлемі бірнеше рет және соңғы ғасырларда өте күрт өзгерді. Бұл ауытқулар Арал аймағының өмір салтына және адамдардың қоныстануына әсер етті.

Тарихшылар теңіз туралы ежелгі қолжазбаларда айтады, ал араб тарихшылары мен географтары оны X ғасырдан бастап егжей-тегжейлі сипаттап, Кердері, Хорезм немесе Жендт көлі деп те атайды. Шамамен сол уақытта ол ежелгі карталарда пайда бола бастады.

Дереккөздерде күрт өзгерістердің бірнеше дәлелдері келтірілген:

1221 жыл – Шыңғыс ханның суару жүйелерін бұзуы, Әмударияның (Өзбой өзені арқылы) Каспийге бұрылуы;

1417 жыл – Арал теңізінің жоғалуы (Хафизи-Абру);

1573 жыл – Әмударияның Аралға қайта бұрылуы (Әбілғазы);

1627 жыл – «Книги большого чертежа» еңбегіндегі Көк теңіз.

2000 жыл – Арал теңізінің ортағасырларда тартылып кетуінің нақты дәлелі – «Кердері-1», «Кердері-2» кесенелері мен «Арал асар» қонысының табылуы.

Тамыз айында Қазақ-неміс университеті мен Германияның сыртқы істер министрлігінің «ESERA» жобасы аясында Арал теңізі аймағында кешенді зерттеулер экспедициясы ізденіс жұмыстарын жүргізді. Геоморфологтар, гидрологтар тобынан бөлек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің археологтар тобы экспедиция жұмысына қатысты. Зерттеу жұмыстарының басы – Арал қаласында орналасқан «Барсакелмес». Барлау жұмыстарының нәтижелерін айтпас бұрын, теңіз ұлтанынан табылған археологиялық нысандардың зерттелу тарихына тоқталсақ.

«Арал Атлантидасының» ашылуы

«2000 жылы Арал теңізінің кепкен табанынан шыққан жәдігерлер жергілікті тұрғындарды дүр сілкіндірді» деп жазады алғаш зерттеулерін жүргізген археолог Т.Мәмиев. Арал өңірі халқы экологиялық күйзелісте отырғандықтан әрбір құбылысқа алаңдаушылық білдіріп ғалымдардың зерттеулерін талап етеді. Осылайша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары мен студенттерінен құралған Арал экспедициясы белгісіз нысанға аттанады.

2001 жылы алдыңғы жағалау сызығынан 100-120 шақырым шегінген Арал теңізінің құрғақ түбінде тас пен күйдірілген кірпіштен салынған монументалды ғимарат табылған. Алғашқы ізденіс жұмыстары барысында кесене XII-XIV ғасырларға, кейінірек бұл мерзім нақтыланып, XIV ғасырға жатқызылды.

Бұл жерде ортағасырлық қоныстың, үлкен ғимараттың жанындағы қорымның, тастан және күйдірілген кірпіштен салынған кесененің табылуы, қайтадан тартылып жатқан Арал түбіндегі археологиялық ескерткіштерге ғалымдар назарын аудартты.

Ортағасырлық жазба деректерде Арал «Кердері теңізі» деп аталғаны белгілі. Сондықтан, Арал теңізінің кепкен табанынан табылған бұл ескерткішке «Кердері» кесенесі деген атау берілген. 2001 жылы «Кердері-1» кесенесіне қазба салынды.

2004 жылы қазан айының аяғы мен қарашаның басында Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бірлескен археологиялық экспедициясы кешенді зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер ортағасырлық қоныс пен «Кердері-2» кесенесін қамтыды (2-сурет). Айта кету керек, Арал табанында зерттеулерін жүргізген осы экспедицияларды ұйымдастырған сол кезеңдегі университет ректоры Қ.Бисенов.

Алғашқы зерттеулер бұл нысандардағы терең ғылыми жұмыстарға негіз болып, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жалғасын тапты. «Кердері» кесенелері мен «Арал асар» қонысы жайлы көптеген ғылыми еңбектер жарық көріп, бүгінде ғылыми айналымға еніп кетті 

1.2. Арал табиғаты – қатал табиғат

Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай.

Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен — Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды (3-сурет). Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын жеткіліксіз.

Арал ойысы – Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

Арал қазба фаунасы –1931ж. Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы қазбадан: мүйізтұмсықтар, бұғы тәрізділер, кемірушілер, бауырымен жорғалаушылар, құстардың қалдықтары табылды (4-сурет). Олар шамамен 25 – 26 млн. жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен.

Теңіз табанындағы қала. 2001 жылы мамыр айында  «Арал теңізінің кепкен табанына археологиялық зерттеу экспедициясын өткізу» туралы қаулысын қабылдап, 1,7 млн теңге қаражат бөлді. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары мен студенттерден тұратын  экспедицияны археолог Т.Мәмиев басқарды. Арал теңізінің кепкен табанындағы нысан Қаратерең елді мекенінен 45°51.839 кеңістікте және 60°18.804 ұзақтықта Қаратереңнің оңтүстік-батысында 75 шақырымда Көкарал маңынан табылды. Жалпы көлемі 50 шаршы метр,биіктігі 2,5 м. Ескерткіштің үсті қираған қыш кірпіштер, сәулет материалдары, кеспек ірі тастарға толы. Мавзолейдің іргетас сұлбасының батысы мен солтүстігінде адамдар жерленген. Кердері мавзолейінің құрылыс жоспарында қабырғалары дүниенің төрт бұрышына қараған ұзындығы 23 м, ені 8 м, екі камералы бөлмелерден тұрады. Іргетасы 60х15х80 см өлшемдері жергілікті тастардан қаланған. Үстіңгі жағы 28х5х28 см, 25х5х25 см, 19х5х19 см т.б. өлшемді қыш кірпіштерден өрілген. Солтүстік бөлмесінде 4х4 шаршылы «балқы» сәулет әдісімен қаланған белгісіз адамның сағанасы жатыр. Сондықтан оны «Гөрхана» деп атайды.

Көзбен көрген адам теңіз табанындағы көне жәдігерлер жайында ескі заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз салтанатты құрылысты тұрғыза білген (5-сурет). Жәдігерлер көп жылдар бойы теңіздің табанында жатты. Олардың арасында сырын бере қоймаған дүниелер аз емес. Көздің жауын алатын керамикалық өрнектер де еріксіз таңдай қақтырады.

Қаланың жанынан табылған ескерткіш мавзолей болып шықты. Ол 2001 жылы зерттелген «Кердері» мавзолейіне ұқсас екені байқалды. Қираған көне қаланың ортасында көптеген керамикалық бұйымдардың сынықтары, әшекей және тұрмыстық заттар көп кездесті (6-сурет). Олардың бояуларының сақталуы, әсіресе, қытай және үнді суреттеріне қарағанда бұл қала Ұлы Жібек жолының бұған дейін белгісіз тармағында орналасқанын болжауға болады. Қаланың шет жағында онға жуық диірмендер, 20-30 құмыралар мен ыдыстар сол күйінде сақталған.

6-сурет. Кердерінің көне жәдігерлері

«Кердері-2» мавзолейі мен көне қаланың орнында қазба жұмыстарын жүргізу лицензиясы академик К.М.Байпақовқа берілген (7-сурет). 2004жылы «Кердері-2» экспедициясында Аралдың кепкен табанынан иррагациялық жүйенің іздеріне кезікті, арықтар мен атыздардың фрагменттерін тапты.

7-сурет. Кердері мавзолейінің орны

8-сурет. Кердерідегі қазба нәтижелері

1.3. Байлыққа толы – Арал 

Сонау 1921 жылдары Арал балықшылары Еділ бойының қуаңшылық пен ашаршылыққа ұшыраған халықтарына, әсіресе 7 млн жас балаларға 14 вагон шикі балық жөнелткен Қамыстыбас стансасындағы «Бекауыз» аталып кеткен жүк түсіріп-тиейтін кешен тарихтың тірі куәсіндей көрінеді. Ауданның аты жер жарып тұрған шақта 16 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Теңіздің тартылуы салдарынан балық шаруашылығы күрт құлдыраса да, Арал ауда­нында бүгінде де балық аулау жетекші салалардың бірі (9-сурет).

Қазақтар Арал теңізіндегі табиғи тұз қорын атам за­ман­нан пайдаланып келе­ді. Ал тұздың кәсіпшілік қатарына енуі 1913 жылдан басталады.  1925 жылы Жақсықылыш елді мекенінің жанынан «Аралтұз» комбинаты құрылып, жұмыс істей бастайды.  Мұндағы тұз көлемі шамамен 240 мың тонна көлемінде.

 1.3.1.Барсакелмес 

Аралдың байлығының бірі – Барсакелмес қорығы. Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар. Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және жануарлар, аңдар, сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен жануарлар  кездесіп жатады.

1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен (10-сурет).

Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды.

Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Арал апаты: кінәлі кім? 

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі. Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты (11-сурет).

Арал апатына себеп болған факторлар:

-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

-табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың, 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады.

2.2. Аралды құтқару: ойлар , болжамдар

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі (12-сурет). Солардың бірі:

  1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;
  2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
  3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
  4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен қамтамасыз ету;
  5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды.

Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды (13-сурет).

ІІІ. Қорытынды 

Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 25 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгеті салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Алайда, балық мәселесін «шешіп» келе жатқан ғылыми орталық – Көкарал бөгенін салғаннан тіпті әрекетсіз қалды. Соның салдарынан өлі теңізге өтіп кеткен балықтар бүгінде есепсіз қырғынға ұшырауда. Бұл дегеніңіз миллиондаған тонна балық, яғни құрдымға кеткен халық байлығы ғой!

Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.

Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты (14-сурет).  

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарайды (15-сурет).

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс алу жолдарының зақымдануы басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады.

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмір сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармаған да абзал.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген ШЫҒЫС елдерінің тұрмыс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.

Осылайша, әлемнің назарынан тыс қалмаған Арал теңізі барлық адамзаттың жадында болуға тиіс. Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

You May Also Like

Электр тогын үнемдеу, ғылыми жоба

Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.…

Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов для детей школьного возраста

Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов для…

ӘТІРЛЕР ӘЛЕМІ, ғылыми жоба

ӘТІРЛЕР ӘЛЕМІ Мазмұны: І.  Кіріспе ………………………………………………………………………………….3 ІІ. Негізгі бөлім………………………………………………………………………..4 Хош иістердің пайда болу…

Анықталмаған теңдеулерді шешу жолдары, ғылыми жоба

Секция: Математика Жоба тақырыбы: «Анықталмаған теңдеулерді шешу жолдары» Аннотация Анықталмаған теңдеулерді шешу…