Аннотация

 Өсімдіктанушы мамандардың айтуынша, лимон ағашы гүлдеген соң, оның жапырақтары мен гүлдерінің түсуі – қалыпты құбылыс. Бұл ағашыңыздың жақын арада жеміс беретінін білдіреді. Бір лимон жемісі толық пісіп, жетілуі үшін 15-20 дана жапырақ керек. Сондықтан сабақтағы жапырақтарды санап, артық гүлдерді теріп тастаған абзал. Лимонды өсіру барысында алдыма мынадай мақсат қойдым:

Мақсаты:

Лимонды зерттеп, оны үй жағайында өсіру.

 Міндеттері:

  1. Лимон жайлы мәліметтер жинақтау;
  2. Лимон тұқымын отырғызып, бақылау жүргізу;
  3. Лимонды қолдан өсіру туралы мәлімет жинақтау;
  4. Лимонның емдік қасиеттерін анықтау.

 Өзектілігім:

Зерттеу тақырыбы бойынша мені қызықтарған сұрақтар:

  1. Лимон ең бірінші қай елде өсті?
  2. Неге біздің қаланың сауда орындарында лимонның 2 түрі кездеседі?
  3. Үй жағдайында өсіріп көрсем, өсе ме?
  4. Лимон туралы мені достарым не ойлайды?
  5. Лимонның қандай емдік қасиеттері бар?

 Болжамым:

Лимонның өсуін бақылау барысында, аптасына қаншалықты өседі екен, біздің сауда орындарында сатылатын екі лимонның өсу барысындағы айырмашылығы қандай екенін бақылап, қай уақыта жемісін беретінін анықтау.

 Жаңалығым:

Лимонды үйде өсіру барысында екі түрлі тұқымның көшеттері әр түрлі өседі екен. Сауда онындарында екі түрлі лимонның сұрпын сұрағанымда сарғыштау келген лимонды нағыз лимон, ал қызғылттау келген лимонды «ташкенттік лимон» деп жауап берді. «Нағыз лимон» сұрпының тұқымынан шыққан көшеттің жапырағы бірден жеті жапырақ болып шықса, «ташкенттік лимон» тұқымынан шыққан көшет алғашқыда екі жапырақ қана шықты.

 Нәтижем: лимонды бөлме температурасында өсіруге болатынын анықтап, апта сайын бақылап зерттегенімді кітапша етіп дайындадым.

                    Аннотация

По сведениям ученых ботаников, при расцветании дерева лимона   обычным  является падение листьев и цветков. Это означает что ваше дерево вскоре будет давать плоды. Чтобы один плод лимона полностью созрел нужно 15-20 листьев. Поэтому, считая листья,  лучше будет если  убрать лишние цветочки со стебля. Перед тем как вырастить дерево лимона, мы поставили перед собой следующие цели:

Цель:                                                                                                                Изучить дерево лимона и вырастить его в домашних условиях.

Задачи:

  1. Сбор материала о  лимоне.
  2. Посадка семян лимона и наблюдение  за этим процессом.
  3. Сбор материала  о выращивании лимона в домашних условиях.
  4. Выявление лечебных  свойств лимона.

Актуальность:                                                                                                                                    Вопросы, которые заинтересовали меня по теме:                                                                  1.       В какой стране впервые вырастили дерево лимона?

  1. Почему в торговых центрах нашего города встречаются лишь 2 вида лимона?
  2. Вырастет ли дерево лимона в домашних условиях?
  3. Что думают мои друзья о лимоне?
  4. Каковы лечебные свойства лимона?

Прогнозы:                                                                                                                                     В ходе  выращивания  лимона в домашних условиях понаблюдать  за  ростом  растения в течении недели ;наблюдать за ростом  и выяснить различие двух видов лимона,выращиваемых   в торговых домах, определить сроки  плодоношения лимона

Новизна:                                                                                                                                       В ходе  выращивания  лимона в домашних условиях  наблюдалось различие в росте двух  различных  саженцев растения . При опросе  о видах лимона в  торговом центре  отметили, что желтоватый  оттенок  лимона является показателем того,что это местный настоящий лимон,а  лимон с красноватым оттенком является «ташкентским» . При появлении стеблей сорта  местного лимона  мы заметили, что на нем сразу появились семь лепестков ,а на растении «ташкентского лимона»  за тот же  промежуток времени появилось всего лишь два лепестка.                                                                                         

 Результат: 

Подводя итоги своего исследования выяснили  , что можно  вырастить лимон при определенной комнатной температуре в домашних условиях,еженедельные наблюдения  собрали  в  единой  брошюре.

Мазмұны

Кіріспе.————————————————————————–4 бет

  1. Лимонды қолдан өсіру————————————————–5-6 бет
  2. Лимон – қышқыл шипа————————————————–7 бет
  3. Лимонды өсіру үшін қандай температура керек ?——————-8 бет
  4. Лимон тұқымын отырғызып, оған бақылау жүргізу —————9-10 бет
  5. Лимон туралы пайдалы кеңестер————————————–11-15 бет

Кіріспе

Мен туғанымнан бастап әзсіз, көп ауыратын болыппын. Күн суытса болғаны, анам мен үшін қорқып жүреді. Өйткені мен тұмаумен ауырып, мұрыным бітеліп, дем алалмай қаламын. Сондықтан анам менің денсаулығыма көп алаңдайды. Осы жылдың қыс айларынын алғашқы күндерінде тұмаумен ауырдым. Дене қызуым көтеріліп, мұрным бітеле берді. Анам екеуміз дәрігерге баруға бел будық. Сөйтіп екеуміз маршурттық автобусқа отырып, №5 қалалық емханаға бара жаттық. Менің жөтеліп, дем алалмай отырғанымды егде жастағы қарт әже байқап қалып, анама «қызым мына балаға қатты суық тиіп қалыпты, жатар алдында 1 лимонды әбден сөлі шыққанша сығып, 1 ас қасық бал қосып жылытып ішкіз, жылы көрпемен орап таста. Әрі терлейді, әрі мұрны ашылады», – деді. Дәрігерден кеңес алып, үш күн үйде емдеуге ем – домын жазып берді. Жазылмаған жағдайда емханаға жатқызатынын ескертті. Үйге жеткен соң анам әлгі әжейдің айтқан кеңесін іске асырып, мені жылы көрпеге орап тастады.

Шаршап ұйықтап кетіппін. Оянсам анам терімді сүртіп отыр екен. Содан кейін дем алуым оңғай болды. Осы емді анам маған үш күн қолданды. Дәрігердің берген  үш күніде өтті. Мен едәуір жазылып қалдым. Дәрігер қуанып емханаға жатпайтын болдын деді. Мен қатты қуандым. Осы тұмаудың алдын алғаннан кейін, маған мынадай ой келді. Мені дәрі – дәрмексіз жаған «лимонның қасиеті неде?» деген ой туды. Лимонның қасиетін білу үшін, лимон өсімдігі туралы мәліметтер жинақтай бастадым. Мәліметтер жинау барысында лимонды уй жайында өсіретіні туралы білдім. Маған өзім қолыммен өсірген лимон ағашының жемісін көрсем деген ой туындам, жеген лимоның тұқымын қарашірік топыраққа ектім.

  1. Лимонды қолдан өсіру

Лимонды әрі қарай бақылау барысында жинақтаған мәліметтеріме сүйенсем лимон суыққа шыдамайтын өсімдік екен. Оның бүрі -2, -1°с суықта мұздап қалады.ең дұрысы 20см  2-4 жапырағы бар бұтақтарды ағаш жәшікке отырығу керек. Топырақтың орнына құмды пайдалану керек. Қарашірікті араластыруға болады. 1 жыл лимонды жәшікте өсіріп, кейін гүлзараға отырғызу керек екен.  Себебі  судың артық мөлшерін бойына сіңіріп, кейін қайтып өсімдікке береді. Қайнаған суды лимонға құюға болмайды, өйткені су қайнағанда судың құрамындағы миниралдар болмайды, ал жаңбыр суы лимонның өсуіне өте пайдалы. Қыста қарды ерітіп, жылытып құю керек. Жазда далаға шығарып, жерге қазып қоюға болады. Күннің көзі көп түсетін жерге қою керек. Қыс мезгілінде жасанды жарықты қажет етеді. 30см қашықтықта күн сәулесі түсу керек.

Лимон – субтропиктік және тропиктік мәңгі жасыл өсімдік. Шыққан жері Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары болып саналады. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріп, өнім алады. Жемісі ірі, салмағы 200-400 грамм, сопақша, сары түсті, қалың қабықты. Ішінде шырын жемісі бар. Ол 8-10 бөлікті, дәмі қышқыл.

Бөлме лимоны: мекені – Оңтүстік – Шығыс Азия. Лимон – көпжылдық, мәңгі жасыл өсімдік. Ашық грунтта 2 – 3 метрге дейін бейіктікте өседі. Ал бөлмеде – аса биік емес, гүлдейтін, ал кейде тіпті жеміс те беретін өсімдік. Лимонды өсіру үшін алдымен тұқым таңдаған кезде «павловский», «Мейера», «Новогрузинский» сорттарын алу керек. Бөлмеде өсіруге ең қолайлысы – «Мейера» сорты. Бұл тұқымнан биіктігі 1 – 1,5 м, жапырағы дөңгеленіп, тікенегі аз лимон ағашы өседі. Жақсы күтімді қажет етіп, қыстың суығына өте шыдамды болып  келеді. 3 – 4 жылында бірінші жемістерін береді. Гүлдену кезінде лимонға аса көп күтім қажет. Кем дегенде 60 пайыз  ылғалдылықты сақтау керек. Сонымен қатар 12 сағаттық күн сәулесімен қоректенеді.

Мейера лимоны. Бұл түрі аласарлығымен және жемістің көп болуымен ерекшеленеді. Жемісі өте қышқыл болады және оны өте піскен кезде ғана пайдалану керек. Лимонның бұл түрін бөлмеге өсіруге болады.

Павлов лимоны. Көлеңкеге шыдамды, ұзындығы 1,5-2 метрлік ағаш. Жемістің салмағы 150г болады, тіпті 500грамға дейін жетеді. Қабығы хош иісті және қабығы жұқа болады.

Новогрузин лимоны. Нәзік жұпар иісті.Ішінде тұқымы болмайды. Павлов лимонынан кейін өнім береді. Жыл бойы гүлдейді және тұқым береді. Қатты өседі және тікенектері көп болады.

Дженоа. Тікенексіз бойы кішкентай ағаш. Жемісті көп береді. Жемісінің сапасы басқаларға қарағанда жақсы болады.жылына бірнеше рет жеміс береді.

Лисбон. Ремонантты сортқа жатады. Тікенегі өте көп лимон ағашы. Жоғары температураны жақсы көтере алады.

Орал лимоны.  І Петр  патшаның тұсында өсірілген екен. Орал өңірінің қалаларында кең тараған. ( Свердловск, Челябинск )

Өсімдіктанушы мамандардың айтуынша, лимон ағашы гүлдеген соң, оның жапырақтары мен гүлдерінің түсуі – қалыпты құбылыс. Бұл ағашыңыздың жақын арада жеміс беретінін білдіреді. Бір лимон жемісі толық пісіп, жетілуі үшін 15-20 дана жапырақ керек. Сондықтан сабақтағы жапырақтарды санап, артық гүлдерді теріп тастаған абзал. Жалпы, үй жағдайында да жеміс беретін бұл ағашты тік күн сәулесінен алшақ жерде, жазда 15-18, ал қыста 10 градустан кем емес температурада ұстау керек. Әрі жиі орын ауыстырғанды ұнатпайтын лимон ағашының өзге ағаштардан ерекшелігі – жапырағын шаң басса, гүлдемей қоятын көрінеді. 

Лимон – қышқыл шипа

Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр. Лимонның пайдасы мен зиянын біліп жүрейік.

Лимон – жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті – жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы.

Лимон зиян емес пе?

Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

   3 . Лимонды өсіру үшін қандай температура керек ?

Лимон ағашына жарық жақсы түсетін жерді таңдаңыз. Жаз айларында ашық ауаға шығарып  қоюды ұмытпаңыздар. Қыста көп лимонның түрлері  өліп қалады. Оның екі себебі бар:

  1. Суық жерде сақтау керек немесе жай қоңыржай жер (3 – 5 С) керек.
  2. Жарық түсіргіш қондырғы, немесе жоғары ылғалды жер.

Температура: Лимон ағашы жарық пен жылуды көп қажет етедін ағаш. Лимон ағашына жарық жақсы түсетін жерді таңдағаныңыз дұрыс және + 15-18°C. керек. Қыс уақытында суық жерде  (12°C) дейін сақтауға болады.
Лимондар ауа райының ауысуын жақсы сезеді.

Жарық: Ашық  жарық күнді ұнатады.  Батыс және шығыс жақтағы терезе алдына қойса барлығы жақсы болады. Содай ыстық күнді керек етпейді.

Суару: Көктем мен жаз мезгілдерінде көп мөлшерде суды қажет етеді. Күніне 1- 2 рет  жаз айларында, ал қыста аз мөлшерде және анда-санда суару керек. Аптасына 1-2 рет. Қыста топырағы кеуіп кетпеуі керек. Ондай жағдайда жапырағы мен жемістері түсіп қалады.қазан айынан бастап суаруды азайту керек. Лимон жақсы өсу үшін топырағын қопсытып, дем алдырып отыру керек. Жазда өсімдікті өте көп суарып, қыста азайту керек. Ыдыста судың тұрып қалмауын қадағалап тұру керек. Қыс айында жетіспейтін ылғалды электроылғалдандырғышпен толтыру керек. Ылғалды қарапайым әдіспен толтыруға болады. Су сүлгіні батареяға іліп  екінші ұшын су құйылған ыдысқа салып қояды. Ылғалдықты көбейту үшін  гүл отырғызылған ыдысты су құйылған тарелкаға қойса немесе күніне 2 – 3  рет

4Лимон тұқым отырғызып, оған бақылау жүргізу

Лимонды үй жайында өсіру үшін, екі түрлі лимонды алдым. Сығып суын алып, тұқымын бөліп алдым. Оны тұқымдарын бөліп ыдыстарға отырғыздым.

«Нағыз лимонның» тұқымы топырақты 14 күнде жарып бірден жеті жапырақ шықты. Ал ташкент лимонының тұқымы жеті күнде көрінді. Жапырағы екеу ғана болды. Осы екі жапырақ төрт күнде үш жапыраққа айналды. Осылайша «ташкент лимонының» өсуі жылдам болды. Ал «Нағыз лимонның» жапырағы бірден жеті жапырақ жарсада өсуі өте баяу болды.

 

Достарыма маған ауырған кезімде қалай көмектескенін айтып бердіп, достарымнан лимон туралы не ойлайтындарын сұрадым.

Аружан: Мен тұмау тиіп ауырғанда, анам маған лимонның кішкене кесіндісін береді. Осыны жесең тәбетің ашылады дейді.

Арнат: Қыс айларында адамдарға әр түрлі дәрумендер жеу керек. Лимонда басқа жемістерге қарағанда С дәрумені көп болады екен.

Қарлығыш: Маған суық тиіп мұрным бітелгенда, анам маған лимонның суын мұрныма тамызды.

Ерсұлтан: Маған ұнағаны қышқыл дәмі бар, тәбетіңді ашады.

  1. Лимон туралы пайдалы кеңестер.

Ежелде шығыс елдері лимон жемісін жылан уын қайтаруға, оба, тырысқақ ауруларын емдеуге қолданған екен. Сондай-ақ атақты шығыс ғалымы Ибн Сина лимонды теңіз ауруына шалдыққанда және жүкті әйелдер итжерік болған жағдайда жақсы көмектесетін емдік дәрі ретінде ұсынған. Әсіресе, ірі және қанық сары түсті лимон ағзаға өте пайдалы. Лимонның тәтті түрі қаназдыққа пайдаланылады, ал қышқыл лимон терідегі дақтарды кетіруге жақсы. Лимон асқазанның қызметін реттеп, тамақтың дұрыс қорытылуына, ағзадағы артық заттарды шығаруға көмектеседі. Дегенмен асқазанында қышқыл мөлшері жоғары адамдарға, асқазанында жарасы барларға және гастрит түрлерімен ауыратындарға, лимонды өте абайлап пайдалану қажет. Мұндай науқастарға күніне лимонның 1-2 бөлігінен артық пайдалануға болмайды, өйткені лимон асқазан қыжылын күшейтуі мүмкін. Лимон шырынын көзге тамызсаңыз, жанарыңыз тұнық бола түседі екен. Лимонның қышқыл болатын себебі, бір лимонның құрамында 5-8 пайыз лимон қышқылы бар. Лимонды жиі пайдаланатын адамның ағзасындағы қышқыл мөлшері бірқалыпты болып тұрады. Лимон ағашының бұтағынан, жапырағынан эфир майы алынады, қабығында гликозид, цитронин бар. Лимонның шырыны минералдық тұздарға, органикалық қышқылдарға өте бай. Оның құрамында C, A, D дәрумендері бар. Лимон күшті антимикробтық және антисептиктік қасиетке ие, бұл жеміс 20-ға жуық микроб түрлерін өлтіре алады.

ГАЙМОРИТТЕН САҚ БОЛ!

Тұмаудың асқынуы немесе тіске құрт түсудің салдары гайморитке әкеп соғады. Гайморит — жоғарғы жақ iшiндегi кеңсiрiктiң кiлегей қабықшасының қабынуы. Қызылша, тұмау, скарлатина аурулары мен азу және ақыл тiстер уақытында дұрыс емделмегеннен гайморит ауруы пайда болады. Иiс сезу қабiлетiн жойып, ұйқыны бұзатын, дене қызуын көтеріп, адамды әлсiрететiн гайморит қандай ауру?

Гайморитті ең алғаш 1613-1685 жылдар аралығында ағылшын тәнтанушысы Н.Гаймор ашқан. Кейін бұл сырқат Гаймордың есімімен аталса керек.

Гайморит қалай пайда болады? Тіс тамырларының қабынуы көп жағдайда гайморитке әкеп соғады. Сол себепті тіске үлкен мән бере білген жөн. Сонымен қатар, бактериялар мен вирустар да гаймориттің дамуына жол ашады. Олар алдымен мұрын арқылы ішке еніп, қанға араласады, содан соң мұрын сырты ісініп, қызарады. Одан кейін ағза әлсiреп, иммундық жүйе вирустармен күресе алмайды. Иммунитеттiң төмендеуiнен көптеген созылмалы аурулар пайда болады. Гаймориттi дер кезiнде емдемесе, кеңсiрiкке түскен iрiң миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкiн…

Гаймориттің белгiлерi: Алдымен науқастың мұрны бiтiп, демалуы қиындайды. Мұрын тұсы жағымсыз күйде болып ауырады. Даусы қырылдап, тамағы, тісі ауырады. Көп жағдайда мұрын қуысынан шырышты, түссiз немесе iрiң (жасыл, сары түстi) сұйық зат бүлiнедi. Сырқаттың халi нашарлап, шаршайды. Тамаққа тәбетi болмай, ұйқысы бұзылады. Дене қызуы 38 градусқа көтеріледі немесе кейде одан да жоғары болады. Бұл белгілер гаймориттің жедел түріне тән.

Ал гаймориттің созылмалы түрiнде дене қызуы онша көтерiлмейдi. Мұндағы белгілер — науқастың көзi жасаурап, иiс сезу қабiлетi төмендейдi. Ауру адам қалтырап тоңып, дене қызуы көтерiлiп, бетi iсiнедi, көзі, басы ауырып, әлсірейді.

Гаймориттен емделу жолдары: Ауру белгiсi бiлiнiсiмен-ақ, жедел түрде дәрiгерге көрiну қажет. Себебі гайморит — қауіпті дерт. Гаймориттiң жедел түрiн қарапайым әдiстермен емдеуге болады. Мұрын қуысын антибиотиктi ерiтiндiлермен жуу қажет. Сондай-ақ, хитозан, биокальций, синуфорте дәрiлерімен емдейдi. Ал созылмалы гайморитке хирургиялық әдiс қолданылуы керек. Кеңсiрiктi тесiп, ондағы жиналған iрiңдi шығарып, тазалайды.

Сонымен қатар, гаймориттi белгiлi нүктелердi тауып массаж жасау арқылы емдеуге болады. Массаж қан айналымын жақсартады, оттегi жетiспеушiлiгiн арттырады, демалу жолдары — тамақ, көмей, дауыс шымылдығын ашады. Мұрын тұсын сұқ саусағыңызбен баса отырып, сағат тiлiнiң бағытында, 20-30 секундтай уқалаңыз. Уқалағаннан кейiн мұрынды мiндеттi түрде тұзды сумен немесе теңiз тұымен ша-йып отыру қажет. Массаж таза мұрынға жасалады, сол себепті мұрында еш-қандай iрiң болмауы керек. Массажды таңертең, түсте, кешке жасап тұрсаңыз, гайморит жоғалады. Немесе 10 рет демалып, демiңiздi шығарыңыз (4-6 секунд). Содан соң үлкен, сұқ саусағыңызбен мұрныңыздың оң және сол жағын жауып демалып, ба-бо-бу деген сөздердi созып, қайта-қайта айту керек. Демдi iшке тартып, сыртқа мұрын арқылы жiберiп, 5-10 секундқа демiңiздi ұстап тұрған жөн. Бұл мұрынмен демалуға көмектеседi.

Мұрынды лимон шырынымен жуу да гаймориттен жазылуға көмектеседі. Ол үшiн сiзге 1 лимон және қайнаған су қажет. Лимонның шырынын шығарып, 1:10 стаканға құйып, оның үстiне қайнаған су құяды. Дайын шырынды кең әрі үлкен ыдысқа құйып, басыңызды иiп, мұрныңызбен сол тұнбаға демаласыз. Демалғанда тұнба мұрынның iшiне кетіп, аузыңыздан шығады. Бұл мұрынды тазалау үшiн керек. Гайморитпен ауырмау үшiн кариеспен зақымдан-ған тiстердi уақытында емдеп, тұмау сияқты жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтану керек.

Аяқ сіңірі тартылғанда: Мұндай жағдайға ұшырағаныңызда аяқтың табанына таңертең және кешкілік лимонның шырынын жағыңыз, сол кезде жүрмеңіз. Аяқ киімді де шырын кепкенше кимейді. Емделу курсы екі жеті. Одан көп емес.

Сүйел шыққанда: Екі лимонның ұсатылған қабығына 30 пайыздық сіркесудан 0,5 стақан құяды, тығыз жабылған ыдыста оны әлсін-әлсін шайқап отырады, сосын 8 күн ашытады. Сүзіп алып, осы тұнбада суланған тампонды күніне бірнеше рет сүйелдерге жағады. Сонда сүйел кетіп қалады.

Бет күтімінде: Секпілге 100 грамм балды бір лимонның шырынымен араластырады. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықты дымқылдайды, онымен секпілді жауып тастайды. Осы секпіл жабыл-ған жерге қоспаны 15-20 минутқа жағып қояды. Секпілді кетіру үшін 15-20 маска жасауға болады.

Шынтақ емінде: Шынтақ жарылып немесе құрғап кеткенде оны лимонмен былай емдейді: лимонды тең ортасынан бөледі, әрқайсының ішін сәл ойып алады да екі бөліктің ішіне екі шынтақты салады, сөйтіп, 10-15 минут солай отырады. Бұл емді бірнеше күн қолданғанда шынтақ терісі жұмсарады, майланады.

Тістерді нығайту: Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.Тіс аппақ, тамырлары мықты болуы үшін тістерді лимонның қабығымен ысқылап тұрады. Сонда тіс нығаяды.

Алақан терлесе: Қолды жуғаннан кейін 4 ас қасық глицерин мен 2 ас қасық лимон шырыны және 2 ас қасық спирт қосылған ерітіндімен сүртіп отырады. Көп ұзамай қолыңыз терлемейтін болады.

Суық тигенде:

Араның балынан, өріктен (курага), еттартқыштан өткізілген алоэдан (өс-кеніне 3 жыл болған), лимоннан бір-бір стақаннан алып, эмаль ыдысқа салады. Үстіне шикі 5 дана жұмыртқа мен 0,5 литр коньяк және 300 грамм қол-дың сары майын қосады, жақсылап араластырады. Сонан соң бұл емдік қоспаның 1 ас қасығын түнде жатар алдында қабылдай-ды. Қоспаны таусылғанша ішеді.

Бас  ауырғанда: Жаңа піскен лимонның қабығын алады, цедрадан тазартады, адам басының қабағына салып, біршама уақыт ұстайды. Кейін лимон қабығының астындағы терінің үстінде қызыл таңба пайда болады, ол қызады, қышиды, сосын бас ауруы тиылады.

Құлақтан  бұлық  аққанда:  Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырынын тамызады. Бұл ауруды басады, естуді жақсартады.

Жүрек ауырғанда: Үккішпен бір бас сарымсақ пен лимонды қосып үгеді. Қоспаға үй темпера-турасындағы бір литр су құйып, жабық ыдыста екі тәулік ұстайды. Оны бір шай қасықтан үш мезгіл тамақтың алдында ішеді.

Жарты келі лимонды үккішпен үгеді, жарты ке-лі балға, өзегімен қоса ұнтақталған өрікке (абрикос) қосып араластырады. Оны ертеңгілік және кешкісін бір ас қасықтан ішеді.

Аяқ сіңірінің тартылуы: Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ киімді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Өнімнің пайдасы туралы: Лимон құрамында барлық цитрус жемістеріне қарағанда, С дәрумені өте көп болады. Оның құрамында жасұнық көп болғанымен, май да, натрий де болмайды. Сонымен бірге, лимон шырыны майдың сіңірілуін азайтады деп есептеледі. Лимондарда «монотерпен» деп аталатын табиғи химиялық фитохимикат Лимон құрамында барлық цитрус жемістеріне қарағанда, С дәрумені өте көп болады.Олар лимонның қабығында болады және жасушаларды қауіпті ісік ауруына айналудан және ағзада бар ісіктердің дамуынан қорғайды.

Қорытынды

Бұл жобада лимонды үйде өсіруге болатындығын, олардың сұрыптарына қарай өсу деңгейлері де әр боладынығын анықтадым. Өсімдіктанушы мамандардың айтуынша, лимон ағашы гүлдеген соң, оның жапырақтары мен гүлдерінің түсуі – қалыпты құбылыс. Бұл ағашыңыздың жақын арада жеміс беретінін білдіреді. Бір лимон жемісі толық пісіп, жетілуі үшін 15-20 дана жапырақ керек.

Лимонның өсуін бақылау барысында, аптасына қаншалықты өседі екен, біздің сауда орындарында сатылатын екі лимонның өсу барысындағы айырмашылығы қандай екенін бақыладым.

Лимонды үйде өсіру барысында екі түрлі тұқымның көшеттері әр түрлі өседі екен. Сауда онындарында екі түрлі лимонның сұрпын сұрағанымда сарғыштау келген лимонды нағыз лимон, ал қызғылттау келген лимонды «ташкенттік лимон» деп жауап берді. «Нағыз лимон» сұрпының тұқымынан шыққан көшеттің жапырағы бірден жеті жапырақ болып шықса, «ташкенттік лимон» тұқымынан шыққан көшет алғашқыда екі жапырақ қана шықты.

Лимонды  бөлме температурасында өсіруге болатынын анықтап апта сайын бақылап зерттегенімді кітапша етіп достарым аурудың алдын алсын деп кітапшаны тараттып бердім.

You May Also Like

Ахмет Байтұрсынұлы-Ұлт ұстазы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» Орындаған: Жарқынбай Данияр…

Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, ғылыми жоба

Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары.         Қазіргі адам…

Қолөнер және шеберлік, ғылыми жоба

Күнбағыстың пайдасы, ғылыми жоба слайд