Ең үздік ғылыми жоба «Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері» Дайындаған. Тлеужан Гүлім

АБСТРАКТ

Жобаның мақсаты: шетелдік,ресейлік және отандық мультфильмдердің мектеп оқушыларының тәрбиесіне ықпалын зерттеп, дәлелдеу.

Міндеттер:

  • зерттеутақырыбыбойыншаәдебиеттердіигеру
  • нақтымәліметтердіжинау
  • анкеталардыөңдеу мен талдау

Шетелдік, ресейлікжәнеотандықмультфильмдердіңсапалықтәрбиелікәсерін, зерттеліпотырған мультфильм кейіпкерлерініңжағымдыжәнежағымсызқылықтарынжан-жақтыанықтау, талдау.

Оқушылардыңқандайстилистикалықшектелгенлексикалықбірліктерді, мультипликациялықфильмдерденалып, өзтілмәдениетіндеқолданатынынанықтау.

Жұмыстыңжаңалығы:отандық, ресейлік және шетелдік мультфильмдерді бір-бірімен салыстыра отырып, зерттеуге қолданған кейіпкерлердің бала тәрбиесіне теріс ықпалын анықтағандығында. Бұл берілген мәселе аз зерттелген тақырыптардың бірі болыпесептеледі.

Зерттеу нысаны:Мектеп оқушыларының тәрбиесі.

Гипотеза:Мектеп оқушыларының тәртібі мен бала тәрбиесі мультфильмдер кейіпкерлердің көмегімен «тәрбиеленеді», сонымен бірге олардың тіл мәдениетіне теріс әсер етеді.

Зерттеу барысында қолданылған әдістер:аналитикалық, салыстырмалы, систематизация әдісі, жалпылау, телекомпанияның көрсетілім мониторингі, сұрақ-жауап алу, бейнелеу әдісі.

Зерттеубазасы: 1 – 4 сыныпоқушылары

Зерттеукезеңі:

1 кезең – зерттеутақырыбынабайланыстыәдебиеттердіанализдау

2 кезең – сұрақжауаппарақтарындайындаужәнетәжрибедеқолдану.

3 кезең – зерттеунәтижелерінанализдеу.

4 кезең – жұмыстыбезендіру.

КІРІСПЕ

Зерттеудің мақсаты:Қазіргі таңда теледидар мен ғаламторларда көрсетіліп жатқан  мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсерін зерттеу. Мультфильмдердің бала өміріндегі орнын және сүйікті кейіпкерлерінің бала тәрбиесіне әсерін анықтау.

Зерттеудің міндеті:Мақсатқа жету үшін біз алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық. Материалдар жинақтау; сауалнамаларға сараптама жасау; зерттелетін шетелдік, ресейлік және қазақстандақы мультфильм кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттеріне талдау жасау; балалар қандай кейіпкердің қылықтарын жиі қайталайтынын анықтау. Мультфильмдердің  бала өмірінде алатын орнын анықтау.

Зерттеудің өзектілігі:қағаламтор мен теледидар бала тәрбиесіне қандай ықпал жасайды, осы күнге дейңн сарапталып, реттелмеген. Сонымен қатар қазірге таңда ата-аналардың балаларына бөлетін уақытының аздығынан, көптеген балалар толық телеарналар мен ғаламтор арқылы тәрбиеленеді. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс заманында барлық балалар деп айтуға болады ғаламтор мен телеарналарға тәуелді. Ал осы Кішкентай балалардың тәрбиесіне кері әсер беретінмультфильмдердіңжиілігі бала тәрбиесі мен қатар психикасына да кері әсерін тигізеді. Мектепте бабалалрдың негізгі проблемасы өз тілінде ойын толық жеткізуге мүмкіндігі жоқ. Себебі балалары қай тілде жіне қандай жанырда мультфильм көретіні ата-аналар тарапынан қадағаланбайды.

Негізгібөлім

Мультфильм немесе мультипликациялық фильм (лат. mult, лат. iplicatio – көбейту,ағылш. film – таспа) – көптеген суреттерден және солардың қимыл әрекетінен құралатын үздік туындылардан тұратын фильм.

Ал сол экрандағы балаларды қызықтырып көздерінің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасайтын суретші – мультипликатор деп аталады. Болашақ мультфильм кейіпкерлері солар салған суреттермен жанданады. Бірақ, оны солай жандандырудың өзі оңай емес. Олардың қимыл-қозғалыстарды суретші көптеген суреттерден құрастырады. Он минуттік фильм 115 мың суретті қажет етеді. Ол суреттерді тек ақ қағазға сала салмай, ол кейін целлулойдқа көшіріліп боялады, мультстанокте кадр-кадр боп, яғни бөлек-бөлек көріністер болып түсіріледі. Бұл өтекүрделі де үлкен жұмыс. Және ол бір суретшіге тым қиын. Сондықтандақазіргітаңдазаманауиқұрылғыларарқыланимациялықмультфильмдертүсірілуде. Солқұрылғыларсуретшілердіңжұмысынбірнешеесежеңілдетті

Ұлттықдәстүрдентымалысболғанқазіргікөрсетіліпжүргеншетелдікмультфильмдердіңбасымкөпшілігітәрбиелікмәніжоқ, ақылғасыймайтыноқиғалар.  Мұндаймультфильмдердікөріпөскенбалаларкелешектеқандайболады. Мультфильмдердің бәрін жаман  демеймін, олардың ішінде де салыстырмалы түрде алғанда тәрбиелік мәні бар «Саяхатшы Дара», «Диего», «Ғажайып әлемге саяхат» сияқты саусақпен санарлық тәрбиелік мәні бар мультфильмдер де кездеседі. Бірақ тым аз. Ал басым көпшілігінің мән-мағынасы жоқ. Сондықтан бала мультфильмді таңдап, талғап көргенжөн. Бала дамуынакеріәсерінтигізетінмынабелгілерікездесетінмультфильмдерденпсихологтарбаланыэкраннаналысұстауғакеңесбереді:

— Мультфильмнің басты кейіпкерлері басқа кейіпкерлерді аяусыз қаніпезерлікпен ұрып-соғып, тіпті өлтіріп жатады, оның осы ашу-ызаға толы қатігез әрекеттерін жиі көрсетеді. Мұны көріп өскен балада қаттылық, аяусыздық, мейірімсіздік қалыптасады.   Мысалы: «Бэтман», «Наруто», «Том және Джэрри» т.б. мультфильмдерде бірін-бірі басынан аяқ артынан қуалап жүріп ұрып-соққаннан басқа ештеңе көрсетілмейді;

— Кереғар қылықтар үшін ол кейіпкерлерді ешкім жазаға тарпауы. Оның бұл әрекеті үшін «бұлай жасауың дұрыс емес» деп қайтарып жатпауы. Ал мұның нәтежиесі кішкентай көрерменге жаман әрекет жасауға болады деген ой қалыптастырады.

— Шынайы өмірде өмірге қауіп тудыратын әрекеттерді қайта-қайта көрсетуі. Бұл іс-әрекетті жасау бала өміріне үлкен қауіп төндіру мүмкін. Мысалы бір бала «Өрмекші адам» мультфильмнен көргеннен кейін  «Мен өрмекші адаммын» деп көп қабатты үйден құлап қайтыс болған;

—Адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге қатысты мейірімсіздік, әдепсіздік қарым-қатынастың  көрсетуі. Ол — дөрекісөзқайтару, әдепсіздікіс-әрекеттер, қаттылық, қатігездік.

— Түр-сипаты құбыжықтан тұратын сүйкімсіз кейіпкерлердің жағымды рөлді сомдауы. Жағымды кейіпкерлердің келбеттері сүйкімді әрі сымбатты,  ал жағымсыз кейіпкерлер керісінше болу керек.

Балаға мультфильм көрсету  барысындағы ата-ананың есте сақтау керек маман кеңесіне назар салсақ:

Психолог: 1.Ең бастысы бала мультфильм көріп отырғандағы көңіл-күйін бақылау керек.

  1. Мультфильм аяқталған соң оны міндетті түрде талқылау керек. Мысалы,   «кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы баланың ойын білу керек.
  2. Мультфильмді көруге ыңғайлы уақыт күндізгі кез. Түскі және түнгі ұйқының алдында мультфильм көрсетуге болмайды.
  3. Мектеп жасындағы оқушыларға саяхаттау, достық пен сатқындық, таңдау мен жауапкершілік туралы мультфильмдерді көрсеткен абзал.

Американдық зерттеушілер теледидар көрермендерінің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екенін дәделдеген. Олардың пікіріне назар аударсақ,  әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді екен. Осыған орай зерттеушілер баланың мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын да дәлелдеген. Сонымен қатар шамамен балаларымыз күніне 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Осыдан-ақ өз балаңыздың дүниетанымы мен жүйке жүйесінің қалыптасуына теледидардың қаншалықты әсер етіп жатқанын аңғаруға болады. балалардық теледидардан көріп тамашалайтын туындылардың басым бөлігін мультфильмдер құрап отыр…
Қазір көптеген балалр үстеріне жамылғы жамылып, «Черный плащ» бо­лып зыр жүгіріп, айғайлап жатса, бірі «Ниндзя-Черепаха» болып, қылышын сумаңдатып жатады, енді бірі «Супермен» болып, алқымыңнан алады, тағы бірі «Өрмекші адам» болып тыным таппайды. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені олардың сана-сезімін, адам бейнесіндегі емес, не құбыжық емес қалыптағы бейнелер жау­лап алған. Ал оған тосқауыл боларлық дең­гейдегі ұлттық мультфилмдер аз.Теледидарға назар аударсақ онда да балаларға арналған жалғыз арна «Балапанды» ғана. Көретінімыз – шетелдік «TiJi», «Nickelodeon», «Cartoon Network», «Gulli», «Boomerang», «Карусель», «Disney канал», «Multimania», «Детский мир» сынды телеарналар. Мультфильмдер туралы жазбастан бұрын көптеген көріп шықтым «Спанч Боб» шындығын айтсам, мән-мағынасы, айтар ойы да беймәлім, оқиға сюжеті де қызығарлық емес. Тіпті кейіпкерлерінің кескін-келбеті де түсініксіз. Жалпы мультфильм мазмұнында іліп-алар дүние жоқ деуге болады. Әйтеуір оспадар күлкі мен мағынасыз әңгімеге толған. Көптеген мультфильмдерде  кейіпкерлердің өзі – адам көріп-білмейтін жандар, яғни құбыжықтар. Мұнан кейін өзіміздің ұлттық мультфильм  «Қазақ елі», «Ақсақ құлан», «Қошқар мен теке», фильмдерін тамашаладым. Осындай туындыны дүниеге әкелген жандарға іштей алғыс айтамын. Соңғы уақытта жас көрермендердің көзайымына айналып үлгерген «Қошқар мен Теке» фильмі де өзіндік мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ұлттық дүниелерімізді мүмкіндігінше қамтуға тырысқан туындының тілі жатық, баланың ойлау қабілетіне сай екен. Мұнда туған жерге деген махаббат, өз Отанына деген сүйіспеншілік жақсы суреттелген. Міне, бұлар – нағыз қазақ баласының дүниетанымына оң әсерін тигізетін дүниелер. Бірақ осындай мультфильмдер аз

Мультфильм – бала тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Сондықтан бала тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені жөн.

Өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға үндеу қажет.

Өзіміздің ертегілеріміздегі Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ сынды кейіп­кер­лерді мультфильмдік образға айналдырудың уақыты келген жоқ па? Ендеше Нарутоның қан шашқанын, Халктың қаһарланғанын, Шректің шатпа­ғын, Спанч бобтың сандырағын көріп, өзгенің қаңсығын таңсық қылғанша төл туындыларымызды жандандырып, солар арқылы тәрбие берген артық екені айтпаса да белгілі.

Мен мультфильмдер көргенді ұнатамын. Шетел, Ресей және Қазақстанда түсірілген көптеген мультфилмдерді көрдім. «Тасбақа-ниндзялар» «Аватар»«Трансформер» I. Балалардың атыс-шабысқа, төбелеске деген құмарлығы артады. II. Аяушылық,қайырымдылық,қамқорлық сияқты қасиеттерді ұмытады. III. Мультфилім қаһармандарына еліктеп биік жардан, терезеден немесе этаждардан секіруге қорықпаймын деп, өздерін зақымдап алуы мүмкін. IV. Өзінен кішілерге, әлсіздерге күш көрсетіп, немесе өзгелерден батырсынып қорғаймын деп еліктеушілік қабілеттерін көрсетуі мүмкін. V. Түстерінде ертегі кейіпкерлерін көріп,шошып оянатын балалар да көп.

Шетелдік мультфилмдердің ішінен аңдар, жануарлар мен құстар туралы мультфильмдер ұнады. Ресейде  мультфилімдері арқылы  балаларын Отанын,халқын сүюге, батыр болуға тәрбиелейді екен. Олар көбінесе тарихта болғанбатырларын кейіпкер ретінде алып, тамаша мультфилімдер жасап шығарды. «Три богатыря», «Илья Муромец», «Алеша Попович», «Добрыня Никитич» сияқты мультфильмдер. «Фиксики» мультфильмі балалардың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі. Мен ол мультфильм арқылы өзім үшін көп жаңалық аштым. Осындай мультфилімдер ұлттық телеарнада да көп болса деп ойлаймын. Қазақша мультфилімдер ішінен маған «Қошқар мен теке», «Қазақелі», «Томпақ» киносы, «Қазақстанбарысы», «Алдаркөсе», «Құйыршық» мультфильмдерін көрдім және олар маған ұнады. Сол мультфильмдер арқылы мен жаңа сөздер үйрендім, жақсы мен жаманды айыра білдім. Менің анам мен көретін мультфильмдерді бақылап отырады. Көрген мультфильмдер туралы менің ойымды сұрайды. Мағынасыз мультфильм көруге тыйым салады.

Ата – аналарға берер кеңесім:

Ата–ана мультфильмді балағакөрсетпес бұрын өзі қарап алу қажет.

Қай мультфильмді қараса да ,ата-анасы мүмкіндігінше бірге көргені абзал. Түсініксіз жерін түсіндіріп, жаман кейіпкерлерінің жаман жерін , жақсы кейіпкердің үлгі  аларлық тұстарын айтып отырғаны дұрыс.

Мультфильм кезіндебаланың көңіл-күйін бақылау.

Мультфильм көруге ыңғайлы кез күндіз болғандықтан, түс мезгілінде қарау.

Баланың жас шамасын ескеру, 3 жасқа дейінгі балаларға жануарлары ,қысқаша өлеңдері бар мультфильмдерді көрсету.

3 жастан жоғары балаларға адалдық, достық, адамдар арасындағы тату тәтті қарым- қатынас жайлы мультфильмдер көрсету.

Мультфильм аяқталған соң оны міндетті түрде талқылау.

Қорытынды

Мультфильм арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ата – аналар балалардың күнделікті қандай мультфильм қарап отырғанына назар аударғаны жөн.

Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына көгілдір экранның тигізетін әсері мол.

Қазақтың баласын қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін мультфильмдер түсіру керек.Тұлға болып қалыптасуына көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Мультфильмнің тәрбиелік мәні зор. Сіз болып, біз болып, ата – аналар да, мұғалімдер де, мультфильм арқылы балаларға көңіл бөлуіміз керек.

You May Also Like

Сұйық кристалдар, ғылыми жоба

                             Тақырыбы : Сұйық кристалдар  Кіріспе………… Кристаллография ғылымы……….. Кристалдар……. Кристалдарды зерттеу әдістері………

Итмұрын, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ І. Кіріспе———————————————————————————— 5 Итмұрын туралы мағлұмат————————————————————5 Негізгі бөлім—————————————————————————-6 2.1Итмұрынның жинау мерзімі————————————————-6 2. 2.…

«COVID-19» вирусы. Емдік шаралары, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «COVID-19» вирусы. Емдік шаралары Секциясы: медицина, психология Аннотация Бұл…

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы əйелдері, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның  тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы əйелдері  Бағыты:Қазақстанның тарихи …