МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе———————————————————————————— 5

  1. Итмұрын туралы мағлұмат————————————————————5
  2. Негізгі бөлім—————————————————————————-6

2.1Итмұрынның жинау мерзімі————————————————-6
2. 2. Итмұрынның әдемілеу, әрлеу (косметика), әсемдік-сәндік (дизайн ) саласындағы орны   ————————————————————————7

ІІІ. Қорытынды —————————————————————————8

Түйіндеме (аннотация)

Бұл жоба итмұрын өсімдігі туралы  және де итмұрынның пайдасы, әдемілеу, әрлеу (косметика) жағына, әсемдік-сәндік (дизайн ) саласына  тоқталып мәлімет беру. Итмұрынның жинау мерзімі жайлы баяндалады.Қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.

Зерттеу мақсаты:

Итмұрын туралы мәліметтер жинақтап түсінік беру. Итмұрынның өсу ерекшеліктерін анықтап,күнделікті өмірде қолданатын жайлы білу,зерттеу жүргізу.

Міндеті:

– Итмұрынның ерекшелігін түсінеді

Итмұрынның жинау мерзімін анықтайды.

-Итмұрынның әдемілеу, әрлеу (косметика), әсемдік-сәндік (дизайн ) саласындағы орнын анықтайды.

КІРІСПЕ

Итмұрын туралы мағлұмат.

Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер-медицинада емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданатын өсімдіктер.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады.Оның біріне итмұрын өсімдігін жатқызуға болады.Сондықтан итмұрын өсімдігімен таныса отырып, оның өсу ортасынмен де танысу. Итмұрын раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұтанешырмауық өсімдіктер туысы.Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың(Алтай,Тарбағатай,Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік шығыс бөлігінде тауда,жазықта,қорымтастарда,беткейлерде,ормандарда,дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі.Ылғалды жақсы көреді,топырақтыңда, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқылтүсті,қабығыбар,сабағы мен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі,тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі аратісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.

Гүліқос жынысты,дұрыс гүл(актиноморфты)тостағаншасы жіңішке жасыл түсті,күлтесіашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен),аталықпенаналықтарыкөп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісіжәндіктердіөзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтінқоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.

Итмүрыншілдедегүлдейді,тамыздажемісбереді.Раушантуысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлтежапырақшаларыныңқұмыранемесебокалтәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғышжаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар менжабайы раушандарғатән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататынАлтайдыңкөмбелерінен табылғанметалл ақшалардада бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандарсұрыптаудажәнемәдени раушандардыңсапасын

жақсартуда қолданады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалывитаминдергебай, жемісі және одан дайындалғанмедицинаданегізіненасқазанжәнебауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдеріншайдыңорнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалғанэфир майы—парфюмерияөндірісінде пайдаланылады.

Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі.

Негізгі бөлім

 2.1 Итмұрынның жинау мерзімі

Итмұрынның жемісі әбден піскенде (суық түскенге дейін) жинайды, суық ұрған жемісі дәріге жарамайды. Жемісін сыртындағы тостағанша жапырақшасымен бірге жұлу керек, кептірген соң алып тастайды. Себебі тостағанша жапырағынсыз кеппеген жемісікөгеріп тез бұзылып кетеді. Гүлтабанын бітеудей кептіруге болады, немесе жарып(ұзынынан) ішіндегі нағызжемістерін тазалап тек гүлтабанын қалдырады. Жинап алған жемісін бірден кептіру керек, ыстық пешкенемесе кептіргішке (сушилка) салып 70-80°ыстыққа кептіреді. Мұндай жағдай болмасақалыңдығын 3-5 см етіп жайып астыңғыжағына да ауа (жел) тиетіндей етіп торлы шарбақтың үстіне биіктеу жерге көлеңкеге кептіреді. Әбден кепкенде тез сынады(үгілмейді). Пешке кептіргенде әлсін-әлсін аударыстыру керек, күйіп кеткендерінде витаминдері де жойылады. Сақтау мерзімі 2жыл.

Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.

Жабайы раушан дейді екен,

Итмұрынды ел кейде.

Піседі екен жемісі,

Қараша айы келгенде.

Онда аскорбин қышқылы

Сенесің бе

Көп десе.

Елу есе-

Лимоннан,

Қарақаттан он есе.

Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағыаскорбинқышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатынСдәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамындаВ,К,Рдәрумендері, тұқымындаЕдәрумені,каротин,қант, сондай-ақ,илік,пектинді,бояулық заттар,органикалық қышқылдар,минералды заттар,макро микроэлементтерболады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.                                                                                           

  1. 2. Итмұрынның әдемілеу, әрлеу (косметика), әсемдік-сәндік (дизайн ) саласындағы орны

Итмұрынның жапырағының, жемісінің қайнатпасы мен түнбасы терінің майлы, құрғақ, сезімтал, тітіркенгіш, терілерге  және шомылуға қолданылады. Ал оның жемісінен жасалған майлы экстрат (каротолин) жараның тез жазылып кету және терінің құрғақ болмау, терінің жұмсаруына, тегістелу   әсерін  береді және ультаракүлгін сәлелерден қорғайды. Сондықтанда каротолин  күндізгі  бет кремдерінің  құрамына енеді. Итмұрын майын косметикалық салада сонау орта ғасырда Салернода қолданыста болған.  Итмұрынның дәндері таптырмайтын майлы қышқылдар бар. Ол теріні жасартатын,  тері құрылысын жақсартатын қасиетке ие.  Итмұрын майлары әртүрлі теріге арналған кремдер құрамына енеді.

Сонымен қатар итмұрын гүлдерінің күлтелерінен алынған иісті майлар әртүрлі  иісті әтірлер жасауда пайдаланылған. Ол сонау Ежелгі Римнің өзінде қолданыста болған. Ол  раушангүл тұқымдас итмұрынның кей түрлерінен алынған. Бұндай иіссулармен бөлмеге сепкен, шомылу кезінде суға қосқан, төсек орындарға да сепкен. Иіссуларды ерекше дайындалған шараптарға да қосқан.Иіссуларды майшамдарға да қоып отырған.  Қазіргі кезде иісті майлар әртүрлі жоғарғы сұрыпты иіссулар, сабын,далап  дайындауда қолданылады.. Иісті майлар терінің кез келген түрлеріне арналған күндізгі кремдердің құрамына енеді.Ол ресейлік «Балет»  кремінің құрамында бар.  Итмұрын жапырақтарының бет жууға арналған  қайнатпа, терінің шаршау, тітіркенуін басатын бет маскалары жасалынады. Мен  қандай косметикалық өнімдерде осы итмұрын қоспасы барын білу мақсатында косметика сататын «Avon», «Faberlic», «Оriflame» сияқты компания өнімдерінің кітапшаларын байқап шықтым.Әрине олардың теріге қандай әсер бертіндерін де оқып шықтым.  «Avon», «Faberlic», «Оriflame» өнімдерінде осы итмұрын майларының қосындысы бар мынадай өнімдерді байқадым.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ түрінде қолданылады. Дәрілер дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Итмұрынның емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабай шөптерден жасалған.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанын артық мөлшерде қабылдағын жағдайда, өте улы болып келеді.

Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік,тәжірибелік қажет. Біздің  қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласыз.

Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде итмұрынның 60түрі өсетінін айтады. Оның ішінде 45-ке жуығы дертке дәру берелік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.

Мен ғылыми жоба жазу барысында зерттеу жұмысын жүргіздім. Яғни итмұрынның сәуір айында Қарағайлы өңірінде ағашының әлі де гүлдемегенін бақыладым. Мыныа суретте мен тұратын маңайдағы алаңқай.Май айының аяғында гүлдей бастады. Себебі күн көктемде суық болды. Анаммен бірге табиғаты әдемі жер  Кент ауылындағы «Қарқаралы  табиғи ұлттық паркіне» бардым. Бізді орманшы Оразалин Дәуренбек Жақанович ағай қарсы алды.Алаңқайда жайқалып өсіп тұрған итмұрынның иісі мұрынды жаратындай. Әдетте, итмұрынның жемісі көзге жидек тәрізді болып көрінеді, бірақ ол жидекке жатпайды. Жидек сияқты қызыл, сары, қызғылт-сары, қоңыр-қызыл түсті бірден көзге шалынатынын  байқадым.  Жидекке ұқсаған гүл табанының кеңейген жері, жемісі сол гүлтабанының  ішінде жататынын аңғардым.ды. Шырынды гүлтабанын жарып қарағанда ішінде көп аналықтан түзілген көп жаңғақша жемістерді көреміз. Итмұрынның гүлтабаны  құмыра пішінді болып келетін аңғардым.  Жемісін көрдім.  Нағыз жемістері сол гүлтабанның ішінде. Мамырдан шілдеге дейін гүлдейтіні жайлы Кент орманының орманшы Маулен ағайы  айтып берді. Орман ішіне орманшының рұқсатымен кірдік. Бұл сапарымөззіме қаттыәсер қалдырды. Тіпті бір шетінен екінші шетіне жүре бергің келеді.Қандай ғажайып әлем.Өз мойныма табиғат сыйын бағалай білу керек деп серт бердім.

Егер осындай  итмұрын сияқты әрі пайдалы,жергілікті жердің өсімдіктерін насихаттай білсек,онда халық өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері, шипасы жайында мағлұмат алып,осындай  өсімдіктерді өз ауласында өсіріп, өзінің қажетіне қолдануына мүмкіндік туар еді.

You May Also Like

Пияздың құпия қасиеттері, ғылыми жоба

Пияздың құпия қасиеттері Мазмұны Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….1 Зерттеу бөлімі 1.Пияздың құпия сырлары……………………………………………………………….2 Пияздың…

Білім алушылардың физикалық денсаулық деңгейін анықтау, ғылыми жоба

Білім алушылардың физикалық денсаулық деңгейін анықтау МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….. 3 1 Әдеби  шолу………………………………………………………………………………………..…

Дәркембай Шоқпарұлы- ұлт мұрасының дәріптеушісі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Дәркембай Шоқпарұлы– ұлт мұрасының  дәріптеушісі Бағыты:  Сөнбес жұлдыздар Секция:Тарих…

Ұлттық тағамы және қытай тағамдары мен балалар ағзасына тигізер зияны, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы:  «Ұлттық тағамы және қытай тағамдары мен  балалар ағзасына ТИГІЗЕР…