Ғылыми жоба тақырыбы: Дәркембай Шоқпарұлыұлт мұрасының  дәріптеушісі

Бағыты:  Сөнбес жұлдыздар

Секция:Тарих

Жоспары:

І. Кіріспе     

ІІ. Негізгі бөлімі  

2.1 Дәркембай Шоқпарұлы 75 жаста

2.2 Ұстаның диалектісіндегі мәні ашылған терминдер

2.3 Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы

2.4 Ою-өрнек түрлерінің қазақ халқының мәдениетіндегі алатын орны 

ІІІ.Зерттеу бөлімі  

 2.5. Ою-өрнектердің қол өнер бұйымдарында қолданылуы 

ІV.Қорытынды   

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы, ғылыми жаңалығы мен зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Ғылыми жобада Дәркембай ұстаның ұлт мұрасын дәріптеуші екені мен оқушылар арасында танымалдылығын кеңейту жолдарын қарастырамыз.

Ғылыми жобаның мақсаты: Дәркембай ұстаның ұлттық ою –өрнекке көзқарасының  ерекшелігін танытып, өзіне ғана тән ою-өрнектерді заман талабына сай жетілдіріп, көркемдеп рухани қазына мұра ретінде пайдалану. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру.

– халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ою-өрнектерді пайдалана отырып ұлттық тәрбие беру;

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Дәркембай  Шоқпарұлының еңбек жолын,қазақтық ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихы мен таныстырып насихаттау.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Мектеп оқушыларына ұлттық ою-өрнектер туралы  суреттерді салуда  шығармашылық  қалыптастыру .Өнер түрлерінің қай-қайсында болмасын ою-өрнек өнері қатысып, оларды әсем, сәнді, мазмұнды көрсетіп отырған шығармаларды әр қырынан көрсету.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі нәтижесі:

– Дәркембай Шоқпарұлының өмір дерегінен тың ақпараттар алады;

-Ою өрнектің жасалу жолы туралы мағлұмат берілді;

– ою өрнектерді орындалу тәсілін меңгеруде шығармашылық шеберлігі көрінеді

– мектептерде арнайы үйірмелерде осы әдіс үйретіледі;

Жұмыстың орындалу әдістері: Дәркембай ұстаның ұлттық ою –өрнекке көзқарасы және темірге ою-өрнектерді  түсіру жолдары туралы тың деректерді  пайдалана отырып, қорыту және зерттеу материалдарын сараптау, жинақтау.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында: 

«Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз»

Кіріспе бөлім

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнектің ізі сайрап жатыр. Ою-өрнектің элементтерін біз қазақтың үй жиһаздары мен киімдерінен, зергерлік бұйымдарынан, ер-тұрман әбзелдері мен қару-жарақтарынан да жиі кездестіреміз. Осындай қазақ өнерінің дара тұлғасы – Дәркембай Шоқпарұлына биыл 75 жасқа толады. Өзінің еңбек жолында өшпес мұра қалдыра білген Дәркең жайлы таусылмас асыл сөздерден шығармалар өруге болады. «Дәркембай Шоқпарұлы- жаны мен қаны таза, тек тамыры бүтін, ой санасы сәулелі, ұлтқа қызмет етемін деген ұл – құбыласы қырық құбылатын қоғамнан да, қитұрқысы көп саясаттан да саңылау тауып, алға қойған мақсатын орындамай қоймайтынын дәлелдеген тұлға. Ондай азамат бар-жоққа да, кедергі кесірге де бой алдырмай, төзімділікпен ебін келтіріп, кетіп бара жатқан ұлттың да, өзінің де есесін мысқалдап қайтарады, қам-қарекетінен таймайды. Ондай ұлт жақсылары бұрын да, өткен ғасырда да аз болмаған еді. Олардың қатарына түр-тұлғасы келісті, келбеті кемел адамға тән, сан қырлы ұста, қолөнер шебері, суретші, этнодизайнер, зерттеуші ғалым, зерделі зергер, ойлы өлең өріп, сөз ұстаған Дәркембай Шоқпарұлын да қосуға болады». [1]

  Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.

  Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом күміс ақша немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған. Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.

  Ағаш ою- өрнегі адам өмірі үшін ағаштың маңызы өте зор.Әр адам әр түрлі мақсатта 300-400-ге дейін ағашты қажет етеді екен. Мұның өзі орман емес пе ? Ағаш – адамның ежелгі жасыл досы, ата-бабамның қолға алған алғаш қаруы да, отыны да.Әрине, одан бері ағаштың міндеті, қызметі кеміген жоқ, жылдар өте  одан әрі артты.Әсірсе, қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұымдардың орны ерекше.

Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектеп және арнайы оқытылатын лицейлердегі  бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.

Қазақ халқының қолөнер түрлері:

  • Қазақ киімдерінің түрлері210
    Зергерлік бұйымдары93
    Металдан жасалған бұйымдары мен құралдары31
    Ағаштан жасалған бұйымдары мен құралдары-39
    Жүннен жасалған мүліктер-84
    Шаруашылық және тұрмыс құралдары67
    Көлік тұрмандары64

Ою өрнектер және  түрлері

Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауаүш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді

Қорытынды

Қорытындылай келе, аталған ғылыми жобамызды орындаудағы мақсатымыз, Дәркембай Шоқпарұлының ою-өрнек өнерін насихаттаудағы еңбектерін жете түсіндіріп, оқушыларды қолөнерге баулу. Халқымыз еңбек пен өнерге егіздеп қараған, қол өнері шеңберлігін жоғары бағалаған. Өнер – өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Ұлттық қолданбалы өнерді, оның қоғамдағы тәрбиелік мәнін жан – жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай қазақтың ою-өрнектері арқылы оқушылардың қабілетін арттыру мүмкіндіктері мұғалімнің, оқушылар мен ата-аналардың арасында жүйелі түрде байланыс орнағанда, мәдениет орталықтары мен отбасы арасында тығыз байланыс болғанда ғана жоғары болады. Мектептегі үйірме  сабақтарында ою-өрнек жасауда оқушылардың дүние танымы мен ойлау деңгейін, көркемдік шығармашылық қабілетін, еңбек ете білудегі белсенділігін дамытады, ізгі қасиеттер қалыптастырады.

Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

 

You May Also Like

Ұлттық сусынды ұлықтай білейік, ғылыми жоба

Бағыты:  гуманитарлық Секция:  мәдениеттану Ғылыми жобаның тақырыбы:   Ұлттық сусынды ұлықтай білейік Аннотация…

Қазақ анимация тілі, ғылыми жоба

                         …

Эти чудные загадки, научный проект

Ұсақ жануарлардың гельминттерін капрологиялық әдіспен зерттеу, ғылыми жоба слайд