Білім алушылардың физикалық денсаулық деңгейін анықтау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….. 3
1 Әдеби  шолу……………………………………………………………………………………….. 4
1.1 Қазіргі уақыттағы  денсаулық жөніндегі  түсініктер  және оның бағалау критерийлері………………………………………………………………….. 4
1.2 Денсаулық деңгейлері………………………………………………………………….. 6
2 Зерттеу материалдары мен әдістері……………………………………………………… 9
 2.1 Зерттелген контингенттердің сипаттамасы……………………………………. 9
 2.2 Зерттеу әдістері……………………………………………………………………………. 9
3 Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………………………… 13
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………. 18

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап ретінде қойылған [1].

Соңғы екі онжылдықта жастар денсаулығының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Оның себептерінің бірқатары – ұтымсыз тамақтану, гиподинамия, стресс. Бастапқы курста оқитын оқушылар денсаулығына, уақыттарын, қаражаттарын өздігінше үнемді үйлестіруге арналған дағдылардың жоқтығы, тамақтану және жұмыс пен демалыс алу тәртібін сақтамауы, уақытында дәрігерге қаралмауы, залалды дағдылардың пайда болуы сияқты психо– эмоционалдық және ақпараттық факторлар әсер ететіні анықталған [2].

Жұмыстың мақсаты: Надеждин орта мектебі оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Оқушылардың физикалық денсаулығын индекстер, сынамалар арқылы анықтау.
  2. Зерттелушілердің физикалық денсаулық деңгейін Г.Л. Апанасенко әдісі бойынша анықтау.

Зерттеу объектісі: Надеждин орта мектебінің 12-13 жас аралығындағы 6, 7 сынып оқушылары.

  • Әдеби шолу 

1.1 Қазіргі уақыттағы денсаулық жөніндегі түсініктер және оның бағалау критерийлері 

Қазіргі жастардың физикалық және рухани денсаулықтарының жағдайы соматикалық және жүйке – психикалық ауруларға, дене дайындығы деңгейінің төмен болуына байланысты алаңдаушылық тудырады және демографиялық апатқа әкелуі мүмкін [3, 4, 5]. Оқыту үдерісінде орта және жоғары оқу орындарында денсаулықтың төмендеуін маңызды аспект ретінде көрсетеді [6, 7].

Көптеген Қазақстандық авторлардың зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі заманғы оқушылардың салауатты өмір салтына жұқпалы емес созылмалы аурулардың қауіп – қатер факторларының көп таралуы және жоғары жиілігі тән. Кейбір зерттелушілердің мәліметтері бойынша, жастардың денсаулығына кері әсер ететін факторлар жиынтығы қазіргі уақытта кеңейіп ( дұрыс тамақтану тәртібі, тамақтану теңгерімсіздігі, дене тәрбиесі үшін жеткілікті материалдық қамтамасыз етуді және тиісті жағдайлардың болмауы және т.б.) келеді [8].

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі соңғы 5 жылда әлеуметтік дамудың көрсеткіштерінің деректері бойынша оқушылардың денсаулығының нашарлауы 16 – 32%-ға және жүйке – психикалық аурулардың өсуі, қылмыстың және өз-өзіне қол жұмсаудың артуы байқалды. Ал оқушылардың 80%-на организмнің физикалық қорлардың төмендеуі мен психикалық потенциалының төмендеуі тән болды [9].

Денсаулық деңгейінің төмендеуіне қауіпті аурулардың таралуы факторлары, өмір салтын бұрмалау, мінез-құлық қалыптастыру түрлерінің төмендеуіне әкелетін салдар болып табылады. Бұл:

  • қозғалыс белсенділігі төмен деңгейде болуы, жас адамдардың көпшілігінде кездеседі;
  • тамақтану тәртібінің бұзылуы, оның салдарынан темір, йод, дәрумендердің ағзаға келіп түсетін балансының (тепе-теңдік) бұзылуына әкеліп соғады.
  • ақпараттық жүктемеледің көбеюі, оқыту қарқынының артуына байланысты және тиімсіз еңбек режимі, жоғары деңгейлі стресс жағдайларына байланысты.
  • алкогольдік ішімдіктерді қолдануға жылы шырайлы көзқарас;
  • темекі шегудің кеңінен таралуы.

Денсаулықты сақтауды мақсат ретінде қоймауы бүгінгі жастарға  болашақта  отбасы құруына, кәсіби және тұлға ретінде өсуіне қауіп төндіреді.

Адам денсаулығын бағалауда негізінде әдістердің негізін қалаушы  принциптері: 1) Денсаулық – бұл аурудың және физикалық ақаулықтардың болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық, әлеуметтік және рухани сау игілігінің жағдайы [2]. Осы анықтама ағзаның тұтастығы және оның компоненттеріне негізделеді. Жеке тұлғаның  мүмкіндіктерімен қабілеттерін сипаттайтын және өзінің биологиялық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін  қанағаттандыру барысында сыртқы экологиялық және әлеуметтік жағдайларына негізделеді. Бұл тәсіл зерттеу үшін қолжетімді көрсеткіштер арқылы денсаулықты бағалауға мүмкіндік береді. 2) Денсаулық деңгейін сандық бағалауға болады, егер негіз ретінде организмнің резервтік мүмкіндіктер шамасын алатын болсақ. Өйткені, үнемі өзгеріп отырған сыртқы ортаның әсеріне бейімделу барысында ішкі ортаның тұрақтылығын сақталуына қамтамасыз етіп отырады. Осыған байланысты әр түрлі жүйелердің  және тұтас организмнің  резервтік мүмкіндіктерінің көлемін анықтауға болатын әр түрлі жүктемелі сынамаларды пайдалануға болады. 3) Организм және оның тіршілік ету ортасы біртұтас, және олар бір – бірімен тығыз байланыста. 4) Өсіп келе жатқан  организмі тұрақты даму үстінде, сондықтан оның денсаулығын сипаттайтын параметрлер онтогенезде өзгереді. Демек, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын бағалау кезінде қолда бар аурулардың болуы немесе болмауын емес, ең алдымен, динамикалық үдерістерді ескеру қажет. 5) Денсаулықты сипаттау барысында интегративті тәсіл маңызды, себебі  организмнің физикалық дамуының, функционалдық, психоэмоционалдық жағдайының динамикасын және денсаулық сақтауда білім беру ортасын ескеру қажет [9].

Аталған принциптер білім алушылардың денсаулық деңгейінің мониторингін жасауға негіз болады.  

1.2 Денсаулық деңгейлері 

Денсаулық мониторингі – бұл физикалық дамудың динамикалық скрининг организмнің функционалдық қоры, жүйке жүйесінің нейродинамикалық көрсеткіштерінің, психикалық жағдайының, жеке дара конституциялық ерекшеліктерін, бейімделу мүмкіндіктерінің, салауатты өмір салты және қоршаған ортасының диагностикасы.

Денсаулық мониторингі әр түрлі физикалық, психофизиологиялық функционалды параметрлердің бағалауын және өлшеуін білдіреді. Олар жоғары диагностикалық тиімділікке ие, өйткені субъектінің денсаулық жағдайын объективті түрде көрсетеді, оқу және онтогенез динамикасының көрсеткіштерін салыстыруға, оның келешектегі дамуын болжауға мүмкіндік береді.

Денсаулық мониторингінің мақсаты: жеке дара ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің мәліметтері негізінде организмді қамтамасыз етеді:

– жеке даму және оқыту процесінде денсаулықты сақтауды;

– ағзаның саналы және адекватты мүмкіндіктерімен білім алушыларға мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру;

– білім беру мекемесінде денсаулық сақтау қызметін бағалау;

– оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы жеке көзқарас;

– оқу-тәрбие үдерісін түзеу арқылы барынша тиімділікке қол жеткізу.

Оқушылардың  денсаулық мониторингі процесі кезінде келесі міндеттерді шешуге болады:

  • физикалық, психофизиологиялық, жеке тұлғалық, мінез – құлықтық, кәсіби-маңызды қасиеттеріне өзіндік бақылау жүргізу, яғни өзіндік түзету және өзіндік бақылау үшін тұлғалық потенциалын бағалау;
  • әлеуметтік – психологиялық бейімдеуді және ұжымдағы психологиялық климаттың деңгейін бағалау;
  • девианттық мінез – құлық формаларының даму қаупін болжау, соның ішінде тәуелділіктердің (есірткіге, алкоголь, ойын) зардабын анықтау;
  • кәсіби эмоциялық жануды алдын алуды қамтамасыз ету.

Денсаулық мониторингі кезінде мына деңгейлерді бөліп көрсетеді:

– Физикалық( соматикалық) денсаулық, барлық органдар мен жүйелердің морфологиялық және функционалдық жағдайын, олардың өзара байланысын қамтамасыз етуін, ағзаның ішкі тұрақтылығы (гомеостаз) мен оның сыртқы ортамен үйлесімді өзара іс – қимылын бағалау жүргізіледі.

Биология ғылымдарының докторы, профессоры Казин Е.М. пікірінше, физикалық денсаулық – мүшелердің функционалды мүмкіндіктері мен организм жүйесінің ағымды жағдайы [10].

Физикалық денсаулық ағзаның өзара байланысты факторлар кешенімен сипатталатын физикалық жағдай. Бұл, ең алдымен, кардиореспираторлық жүйесінің функционалдық жағдайы, физикалық дамуы мен дайындығы.

Физикалық денсаулықты бағалау маңызды болжамдық көрсеткіш болып табылады. Көптеген авторлар физикалық денсаулықтың нәтижесі ретінде, қозғалыстық міндеттерді табысты іске асыратын, адамның іс – қимылының түрлі аспектілері деп қарастырады.

Физикалық денсаулықтың  көрсеткіштері ең жоғары жұмыс қабілетінің деңгейі, ағзаның функционалдық жүйесінің қызметінің параметрлері, морфологиялық және психологиялық көрінісі, дене дайындығы, денсаулығының жағдайы болып табылады.

Физикалық денсаулықтың негізгі факторларына жатады:

– физикалық даму деңгейі;

– физикалық дайындық деңгейі;

– ағзаның функционалдық дайындық деңгейі.

– Психикалық денсаулық қамтиды:

  • өзін-өзі бағалауды және өзіне деген құрмет сезімін;
  • өзгеріп отыратын тұрмыс жағдайларына бейімделу қабілеті;
  • өзінің қажеттіліктерінді тиімді қанағаттандыру қабілеті;
  • адам өз өмірін өзі басқарамын деген сезімнің болуы;
  • гендерлік өзін-өзі айқындау, әлеуметтендіру және өзін-өзі көрсету.

Осылайша, психикалық денсаулық жалпы бейімділік және тиімді өзін-өзі бақылауды қамтиды, бұл өмір сүру сапасына елеулі әсер етеді, эмоционалды, когнитивті, тұлғалық және гендерлік потенциалын анықтайды [8].

2 Зерттеу материалдары мен әдістері 

2.1 Зерттелген контингенттердің сипаттамасы

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Надеждин орта мектебінің 6,7 сынып оқушылары алынды. Барлығы 20 адам  көлемінде, оның 10 қыздар, ал 10 ер балалар қатысты. Зерттеу күн тәулігінің бірінші жартысында, яғни таңертен өткізілді. Оқушылардың физикалық денсаулық жағдайын анықтайтын бірнеше әдістер қарастырылды, тиімді әдістері таңдап алынды.

2.2 Зерттеу әдістері

Оқушылардың физикалық денсаулық деңгейін Г.Л. Апанасенко [11] әдісі бойынша анықталды. Сыналушылардың бойлары, дене салмақтары, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қалыпты күйде жүректің жиырлу жиілілігі, қол күшінің индексі, систолалық артериалдық  қысымы (САҚ) және Мартине-Кушелев сынамасының (жүректің жиырлу жиілілігінің қалпына келу уақыты) көрсеткіштері алынды. Зерттелушілердің бойлары, дене салмақтары антрометрлік әдіспен өлшенді.

Антропометрия- адамның дене бітімін, жас ерекшеліктерін, жыныстық, физикалық құрылымының өзгеруін сандық сипатын  анықтау үшін қолданылатын әдістердің бірі. Өткізілген жұмыста негізгі антропометрлік көрсеткіштер анықталды [12].

Дене ұзындығын анықтау – бойды өлшегіш көмегімен тұру күйінде жасалады. Сынаушы бойды өлшегіш алаңында, тік бағанаға арқасымен түзеліп, бағанаға желкесімен, жауырын арасындағы тұсымен, бөксесімен және өкшесімен тірелу арқылы тұрады. Жылжымалы көлденең тақтайша бастың үстіне қыспай қойылды.

Дене салмағын анықтау еден үстілік таразыда жүргізілді. Тексерілуші таразы алаңында тапжылмастан тұрады. Өлшену кезіндегі қателік +/-50 грамнан артық болмауы керек.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) спирометрия әдісі арқылы анықталды. Спирометрдың мунштугін спиртке батырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек.

Қол күшін анықтау үшін динамометрия әдісі қолданылды. Сынаушының қол күшін динамометр құрылғысы арқылы анықталды. Қол бір жаққа созылып, иық деңгейіне көтеріліп тұруы керек. Өлшеуді 2-3 рет жүргізеді және ең үлкен санын жазылды. Өлшем нақтылығы +\- 2 килограмм.

Артериялық қысым (АҚ)– жүрек- қан тамыр жүйесінің сипаттамасының бірі, ол тікелей ағзадағы қанның жылжу жылдамдығына әсер етуші қорыта айтқанда барлық зат алмасу процессінің қарқындылығына жауап береді. Артериалды қысым автоматтандырылған CH-437C (жапония) тонометрімен өлшеніп, систолық артериялық қысым (САҚ), диастолалық артериялық қысым (ДАҚ) және жүректің жиырылу жиілілігі (ЖЖЖ) анықталды.

Мартине-Кушелев сынамасы. Физикалық жүктемеден кейін қалпына келу қабілеттілігін бағалау үшін Мартине-Кушелев сынамасы қолданылады. Отырған қалпында тамыр соғысы және артериялық қысымы анықталады. Қолындағы тонометр манжетімен науқас 20 терең тізе бүгулерін 30 секунд ішінде жасайды. Орындалған жүктемеден соң сыналушы бірден отырады,  автоматтандырылған CH-437C (жапония) тонометрімен жүректің жиырлу жиілілігінің қалпына келу уақыты өлшенді.

Денсаулық деңгейін бағалауда келесідей жүйелеу қолданылады: І- төмен, ІІ- орташадан төмен, ІІІ- орташа, ІV-орташадан жоғары, V- жоғары (2, 3 кесте).

Бірінші көрсеткішті есептеу үшін: дене салмағын (г) дене ұзындығына (см) бөлінеді. Алынған санды кестемен салыстырып, балл анықталады. Алынған балл жазылады.

Екінші көрсеткішті есептеу үшін: өкпенің тіршілік сыйымдылығын (мл) дене салмағына (кг) бөлінеді. Алынған санды кестемен салыстырып, балл анықталынады. Алынған балл жазылады.

Үшінші көрсеткішті есептеу үшін: қол күшін (кг) дене салмағына (кг) бөлінеді. Алынған санды кестемен салыстырып, балл анықталынады. Алынған балл жазылады.

Төртінші көрсеткішті есептеу үшін: жүрек жиырлу жиілілігін (ЖЖЖ) систолалық-артериялық қысымға (САҚ) көбейтіп, 100-ге бөлінеді. Алынған санды кестемен салыстырып, балл анықталынады. Алынған балл жазылады..

Бесінші көрсеткшті есептеу үшін: жүректің жиырлу жиілілігінің қалпына келу уақыты есептелінеді, кестемен салыстырып, балл анықталады. Алынған балл жазылады.

Жалпы баллды есептеу: осы алынған бес көрсеткіштерді қосып, жалпы балл шығарылады. Жалпы баллға байланысты денсаулық деңгейі анықталады.

2-кесте

Г. Л. Апанасенко бойынша ер адамдардың физикалық денсаулық деңгейлері

Көрсеткіштер Төмен Орташадан төмен Орташа Орташадан жоғары Жоғары
Дене салмағы (г)/дене ұзындығы(см),

Балл

501жоғары

 

 

(–2)

451–500

 

 

(–1)

450 төмен

 

(0)

ӨТС (мл) / дене салмағы(кг),

Балл

50 төмен

 

 

(–1)

51–55

 

 

(0)

56–60

 

 

(1)

61–65

 

 

(2)

66 жоғары

 

(3)

Қол күші(кг)/ дене салмағы(кг),

Балл

60 төмен

 

 

(–1)

61–65

 

 

(0)

66–70

 

 

(1)

71–80

 

 

(2)

80 жоғары

 

(3)

ЖЖЖ х АДс / 100,

Балл

111 жоғары

 

(–2)

95–110

 

(–1)

85–94

 

(0)

70–84

 

(3)

69 төмен

(5)

ЖЖЖ қалыпқа келуі, мин.

Баллы

3жоғары

 

(–2)

2–3

 

(1)

1,5–2,0

 

(3)

1,0–1,5

 

(5)

1 төмен

 

(7)

Жалпы баға, балл 3 төмен 4–6 7–11 12–15 16–18

3-кесте

Г.Л.Апанасенко бойынша әйел адамдардың физикалық денсаулық денгейлері

Көрсеткіштер Төмен Орташадан төмен Орташа Орташадан жоғары Жоғары
Дене салмағы(г)/ дене ұзындығы(см),

Балл

451 жоғары

 

 

(–2)

351–450

 

 

 

(–1)

 350 төмен

 

 

 

(0)

ӨТС(мл) / дене салмағы(кг),

Балл

40 төмен

 

(–1)

41–45

 

(0)

46–50

 

(1)

51–56

 

(2)

56 жоғары

(3)

Қол күші(кг)/дене салмағы(кг)

Балл

40 төмен

 

 

(–1)

41–50

 

 

(0)

51–55

 

 

(1)

56–60

 

 

(2)

61 жоғары

 

(3)

ЖЖЖ х АДс / 100,

Балл

111 жоғары

(–2)

95–110

 

(–1)

85–94

 

(0)

70–84

 

(3)

69 төмен

 

(5)

ЖЖЖ қалыпқа келуі, мин.

Баллы

3 жоғары

 

(–2)

2–3

 

(1)

1,5–2,0

 

(3)

1,0–1,5

 

(5)

1 төмен

 

(7)

Жалпы баға, балл 3 төмен 4–6 7–11 12–15 16–18

Осы әдіс бойынша қауіпсіз деңгей (орташадан жоғары) 14 балдан жоғары бағалау басталады. Бұл балл клиникалық аурулардың жоқтығының белгісі болып келеді. ІV және V денсаулық деңгейлерін көрсететін адамдар көбінесе сауықтыру жаттығуларымен (жүгірумен) айналысады. Қауіпсіз деңгейді  функциональдық жағдайы жоғары деңгейдегі ауру белгілері жоқ адамдар ғана көрсете алады. Оның төмендеуі аурулардың санының қарқынды өсуімен және ағзаның функциональдық қорының қауіпті деңгейге дейін төмендеуіне әкеліп соғады. Адамдарда клиникалық белгілердің болмауы денсаулықтың тұрақтылығын көрсетпейді. Орташа деңгейді қауіпті жағдай деп бағалауға болады. Денсаулықтың деңгейінің одан әрі төмендеуі клиникалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады [12] .

3 Зерттеу нәтижелері 

Физикалық денсаулықты анықтауда бой салмақ индексі маңызды көрсеткішітің бірі болып табылады. Бой салмақ индексі бойынша қыз балаларда (29%) ер балаларға (8,9%) қарағанда салмақтың жетіспеушілігі 3 есе жиі кездесті. Ер балалардың (91,1%) басым көпшілігінде дене салмағы қалыпқа сай анықталды, ал қыз балаларда бұл көрсеткіш 67%-ды құрды. Зерттелушілердің арасында қалыптан артық көрсеткіш қыз балаларда – 3,6% анықталды (1-сурет).

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныс алу жүйесінің функциональдық мүмкіндіктерін көрсетеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы қыз балалардың орташа көрсеткіші 3612,03±61,38 болса, ер балаларда 4397,8±92,4-ге тең болды

Өмірлік индекс өкпенің тіршілік сыйымдылығын (мл) дене салмағына (кг) бөлу жолымен анықталды. Ер балалардың өмірлік индексінің орташа көрсеткіші 70,5±1,4 болса, қыз балаларда 67,5±1,15 тең болды. Өмірлік индексінің жоғары деңгейі қыз балаларда 86% құрайтын болса, ер балаларда 62%-ды құрады (2-сурет).

Физикалық денсаулықты анықтауда келесі ескерілетін көрсеткіш Робинсон индексі, бұл параметр жүрек қантамыр жүйесінің жұмысы бағалайды. Ер балаларда орташа көрсеткіш – 84,91±2,13 құраса, қыз балаларда – 85,38±1,69 құрады. Орташа топтық көрсеткіштер бойынша қанайналым жүйесінің функциональдық мүмкіндіктері екі топта да қанағаттанарлық болып анықталды. Екі зерттелуші топтың жеке көрсеткіштері бойынша басым көпшілігінде қанайналым жүйесінің жұмысы орташадан жоғары деңгейі анықталды (3-сурет).

Бұлшықет жүйесінің функциональдық жағдайын қол бұлшықеті күшінің көрсеткіштерімен анықталды. Қол бұлшықеті күшінің көрсеткіштері нейромоторлы функциялардың даму дәрежесі мен дененің статикалық көрсеткішін көрсетеді. Қол күшінің индексі қыз балалардың ішінде 87,3%-ы төмен көрсеткішке ие болды, ер балалардың жартысынан көбінде (51%) төмен нәтижелер анықталды. Ер балалардың қыз балаларға қарағанда қол күшінің орташа көрсеткіші екі жарым есе жоғары болды. Ер балалардың ішінде орташа, орташадан жоғары, жоғары нәтижелер 30,5%-ында анықталса, қыз балаларда аталған нәтижелер кездеспеді (4-сурет).

Мартине-Кушелев сынамасына бөлу

Мартине-Кушелев сынамасы кардиореспираторлық жүйені сипаттайды, яғни ол ағзаның түрлі қоршаған ортаның факторларына бейімделуіне және жүрек қантамыр жүйесінің толыққады сипаттауына мүмкіндік береді (5-сурет). Мартине-Кушелев сынамасы бойынша зерттелуші екі топтың көпшілігінде ағзаның қалпына келу уақыты орташадан төмен және орташа деңгейлері  байқалды. Жоғары нәтижеге аталған сынама бойынша ер балалардың ішінде  2,2% анықталды (5-сурет).

Зерттелушілердің физикалық денсаулық деңгейлері 6-суретте берілген. Физикалық денсаулықтың (Г.Л.Апанасенконың әдісі  бойынша) жоғары деңгейі зерттелушілерде кездеспеді. Денсаулықтың орташадан жоғары деңгейі ер балалардың ішінде 4,4%-ында анықталды. Физикалық денсаулық деңгейінің орташа көрсеткіші ер балаларда қыз балаларға қарағанда жиі байқалды. Физикалық денсаулықтың 5 деңгейінің ішінде төмен нәтижелері  зерттелушілердің басым бөлігінде анықталды [101].

ҚОРЫТЫНДЫ

Өткізілген зерттеу жұмыстарының және алынған нәтижелердің негізінде келесі қорытындылар жасалынды:

  1. Физикалық денсаулықтың көрсеткіші ретінде бой салмақ индексі бойынша бағалауда оқушылардың басым көпшілігінде дене салмағы қалыпқа сай екені анықталды. Қыз балаларда салмақтың жетіспеушілігі 29%, қалыптан артық салмақ 3,6%-ында, ал ер балаларда тек 8,9%-ында салмақтың жетіспеушілігі байқалды.
  2. Бұлшықет жүйесінің дамуын қол күшінің индексі көрсетеді. Бұл индекстің нәтижесі бойынша ер балаларда қол бұлшықет күшінің көрсеткіші қанағаттанарлық болса, қыз балаларда бұл көрсеткіштер төмен болды.
  3. Өмірлік индекс бойынша тыныс алу жүйесінің жұмысын сипаттайды және бұл индекс бойынша қыз балаларда (86%) ер балаларға (62%) қарағанда басым көпшілігінде жоғары деңгейі анықталды. Мартине-Кушелев сынамасы бойынша жүктемеден кейінгі қалпына келу уақыты екі зерттелуші топта да орташадан төмен және орташа деңгейлерді көрсетті. Қанайналым жүйесінің жұмысы Робинсон индексі бойынша бағаланды. Зерттелуші екі топта да орташан жоғары деңгейі анықталды.
  4. Физикалық денсаулық деңгейі Г.Л. Апанасенко әдісі бойынша анықталды. Зерттелген екі топтың физикалық денсаулығы орташадан төмен болып анықталды.
You May Also Like

SCRATCH бағдарламасы: «Өз ойынының сценариі» ғылыми жоба

Ғылыми жұмыс Тақырыбы:      SCRATCH бағдарламасы: «Өз ойынының сценариі» Секциясы:        Информатика Мақсаты:…

«Алтын адам» бейнесін маржандап кестелеу

Ғылыми  жобаның  тақырыбы: «Алтын адам» бейнесін маржандап кестелеу. Түсінік  хат Қазақстан  халқына …

Ұлыбритания және Қазақ елдерінің ырым-тыйым сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылығы, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Ұлыбритания мен Қазақ елдерінің ырым-тыйым сөздері. Зерттеудің мақсаты:    Британдықтар мен…

Ферросилиций өндіру технологиясы, ғылыми жоба

Жоспар Кірісе……………………………………………………………………………………3 1  Əдеби шолу 1.1 Ферросилиций өндіру технологиясы………………………………………..5 1.2 Көміртекті ферромарганец…