Ғылыми  жобаның  тақырыбы: «Алтын адам» бейнесін маржандап кестелеу.

Түсінік  хат

Қазақстан  халқына  арналған  жолдауында  елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  «Ұлттық  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік  деңгейімен  айқындалады» – деп, жұрттың  назарын  осы  бағытқа  айрықша  аударды.

Мемлекетіміздің  абыройы,  келешегі  жас  ұрпақтың  білімділігіне,  тәрбиесіне  байланысты,  оқушыға  қол  еңбегін  үйрету  арқылы  олардың  эстетикалық  тәрбиесін, шығармашылығын, еңбекке  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыру  әр  мұғалімнің  кәсіби  міндеті.

Өзектілігі: сәндік – қолданбалы  өнерді  енгізе  отырып, оқушының  эстетикалық  талғамын  арттыру.

Мақсаты: бисермен  жұмыс  жасауда  түрліше  композициялық  шешім  жасауға, түрлі  түсті  заттардың  көлемін  беруге  немесе  әсем  сәндік  бұйымдар  кестелеп  тігуді  үйрену.

Міндеттері:  эскиз  салу,  таңдалған  тақырыпқа  сәйкес  түстердің  үйлесімділігін  айқындау,  тиімді  композициялық  құрылымын  анықтау.

Проблемасы:  әсем  панно  кестелеу.

Нысаны: бисермен  жұмыс  жасауды  толық  меңгеру  қажет.

Пәні: сәндік-қолданбалы  өнер.

Болжамы: егер  бисермен  кестелеуді  толық  меңгерсем,  онда  әдемі  әсем  қабырға  панноларын  жасаймын,  өйткені  осындай  бұйымдар  сұранысқа  ие.

Күтілетін  нәтижелер:  технологиялық  тілдің  меңгерілуі,  шығармашылық  ойдың  дамуы,  іскерлік,  шеберлік  әрекетінің  қалыптасуы.

Жетекші пікірі 

Аннотация

Оқушы  тақырып  төңірегінде  көп ізденіп, көп оқып еңбектенді, білімін жетілдіру мақсатында  жұмыс жасап келеді. Маржандап кестелеу өнерін зерттей келе: өрнек сызығын қуа түкпірлеп кестелеп толтыру, орайлап толтыру, кенерлеу, тіктеп қатарлап кестелеп толтыру, маржандап, моншақтап кестелеу  т.б  түрлерін пайдалана отырып панно, композициялар, тұрмыстық  заттарды  ұсына білді. Шығармашылық жоба жұмысын зерттеп талдаған.

Кіріспе

Көркем еңбек  пәні  бойынша  еңбек  ету  арқылы  өз  қабілетін  дамытуда  ата-бабасының  ұлттық  дәстүрі  мен  өнерін  одан  ары  дамытуға  бағыт  алу  қажет.Ұлттық  тәрбие – жүрекке  жатық  болғанымен  ауқымы  шексіз,  белгілі  бір  жүйеге  келтірілмеген  тың  дүниелер.

Ұлттық  педагогиканың  негізінде  шәкірттерге  білім  мен  өнеге  берудің  тиімділігін  көрсету  қажет. Ол  үшін  қолөнерге  баулу  саласының  мақсаты  болу  керек,  яғни  халық  тәрбиесінің  үлкен  ықпалы  мен  пайдасын  ұқтырып,  ұлттық  тәлімнің  сыры  мен  ерекшелігінің  мол  және  қолөнердің  күнделікті  тұрмыста  қолданып,  бүгінде  киімдерде,  үй  жабдығы  сияқты  бұйымдарда  тұтынуын  аңғарту  керек.

Қолөнердің  ықпалы  мен  пайдасының  арқасында  қыз  бала  мектепте  қолөнерге  бейімделіп,  жасау  технологиясын  жетік  игеріп  меңгерсе,  ол  өз  өмірінде,  бір  қажетіне  осы  қолөнерді  ықпал  етіп  жаратары  сөзсіз.

Тәрбиелік  мәні – қолөнер  әсемдікке  талаптандырып,  мәдени   мұрасын   қадірлеп,  дәстүрді  сыйлауға  және  тұрмыстағы   көріксіздікті  айыптау  көзқарасына  тәрбиелейді.Қыз  баланы  үнемділікке,  үй  тұрмысына   қажетті  бұйымдардың  дайынын  сатып  алмайтындай,  қолдан  өзі  жасап,  жеке  тұрмыс  салтына  әсемдікті  енгізуге  ұмтылатын  қасиетке  тәрбиелейді.Бұл  әрине  ата-ана  қуанышы.

Ертеде  халқымыз  тұтынған  бұйымдарының  бәрін   дерлік  кестемен  әшекейлеп,  безендірген.Негізі  қандай  өрнекте  болмасын,  адам  баласы  өзін  қоршаған  дүниеден  алатыны  мәлім.Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасудың  арқасында  әрбір  елдіңшеберлері  өздеріне  тән  ерекшеліктерімен  тігудің  сан  түрлі  әдістетерін  киімге,  тұрмыстық  бұйымдарға,  әшекей  заттарға  қоса  білді.

Қашанда  кесте  өнерінің  түр-түсі,  үйлесімділігі,  әдемілігі  қайталанбастығымен  ерекшеленеді.Ғасырлар  бойы  өрнектің,  кестенің  орналасуы  өзгеріп( шетінде,  ортасында,  бұрышында),пішіні  өлшемге  сай  болып  келген.Бүгінгі  күнде  өрнектің  орналасуы,  өлшемі,  пішімі  тігушінің  талғамына  байланысты.  Ендеше  біз  бисермен  кестелеу  өнеріне  тоқталмақпыз.  Себебі  бұл  өнер  түрі  соңғы  кезде  қарқынды  даму  үстінде.

Фантазия – адамның қиялы және ойлау қабілетінің жоғарлығы.

Бисер – ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл керамикалы материалдан жасалған моншақтар.

Стеклярус – шыны түтікше (5-10 мм) қырлы немесе цилиндр пішінді.

Флизилин– бұл беймата негізді, бір жағы желімді материал.

Негізгі  бөлім

Бисермен  түрлі  киім-кешектерді  әшекейлеп,кестелеуге,түрлі  сыйға  тартуға  арналған  бұйым  түрлерін  жасауға,сондай-ақ  сәндік  бұйымдарды-сырға,білезік,алқа  тоқуға  да  болады.Қазақша  бисерді  су  моншақ,ұсақ  моншақ,  жалған  маржан  деп  атайды.

Бисердің  отаны  Ежелгі Египет,бұл  жерде  түрлі  түсті  шыныдан  үлкен  моншақтар  да  жасаған. «Бисер» сөзі арабтың «бусра» деген сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді. Бисер тіпті антиктік әлемінен белгілі, бисерді кейбір халықтар айырбас ақша (монета) ретінде де пайдаланылған. Бисерде сиқыр күш бар, ол адамды қорғайды деп сенген. Венецияда бисер өндірісі біршама жетістікке жеткен. 15- ғасырда және 16- ғасырдың басында бисер өндірісі ерекше қарқынды дамыған.

Қазба қалдықтарынан белгілі болғандай сарматтар және скифтер бисермен өңделген киімдер, аяқ киімдер киген. Осы кішкентай шыны шариктермен қақпаны, тұтқа шеттерін, көйлектің кеуде тұсын, сол сияқты шалбарларды, белдіктерді баскиімдерді әшекейлеген.

Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкейуде. Бисермен жұмыс істеу арқылы біз оның өте алуан түрлерін білдік: іші күміс сызықтың, түрлі түсті сызықтың,седепті, құбылмалы, кұңгірт, т.б.Сыртқы көрінісі әр түрлі бисерлердің қасиеттері де әр түрлі: кейбір бисерлер (жабындысы) қапталуына байланысты ылғалға, күн көзіне төзімді, ал кейбіреулері түсін жоғалтып бұлыңғыр болып қалады.Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады. Шыны моншақтарды интерьер үшін де қолданылады. Стеклярустың бисерден айырмашылығы – ол ұзындығы 3мм түтікшеболып келеді.Бисерді таңдау, онымен жұмыс істеу өте үлкен шеберліктіқажететеді.

Олардың өлшемдері, түстері сан алуан, сондықтан жасалатын бұйымға байланысты бисерді мөлшеріне қарай, түс үйлесімділігін ескеріп ұтымды таңдай білу қажет.

Адамда екі  дүние  бар,

Біреуі – бізді өмірге әкелген,

Басқасы, біздің ғасырда

Күшіміздің шамасында жасалған.

Бұл сөз суретшілерге, шеберлерге және өздерінің қолдарымен әдемі заттарды жасайтын қолданбалы сәндік өнерін сүйетіндерге арналған. Бисермен жұмыс жасаудағы шеберлік және кестелеудегі іскерлік және суретшілік қиял.

Мен  эскиздер жасап, бисермен әр түрлі тақырыптағы суреттерді  кестелей отырып, маржандап  кестелеуді  жақсы  меңгерген соң, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Токсеитова Назгуль Сайдахметқызының  жетекшілік етуімен шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Алтын адам» деп алдым. Өйткені «Алтын адамды» т.б әр түрлі тақырыптағы суреттерді  бисермен кестелеу арқылы, қабырғаға ілетін «әсем панно» шығаруға болатынына көзім жетті.

Мата. Бисермен кестеленетін тым қатты немесе жұқа емес, орташа қалыңдықтағы мата болу керек. Жібек матаға қарағанда табиғи қатқылдау матаны қолданған өте ыңғайлы. Өйткені жібек мата жылтыр болғандықтан, моншақтар сырғып түсе береді.

Ине. Бисер тігу үшін арнайы жіңішке № 10 ине қолданған жөн. Жуан инені қолданған кезде моншақ екіге бөлініп жарылып кетуі мүмкін.

Жіп.Әр түрлі жіп түрлерін қолдана беруге болады. Тек олардың жуандығы бірдей әрі мықтылау, сонымен қатар моншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын болуы керек.

Қосымша – жабдықтар.Жоғарыда айтылған жабдықтардан басқа өткір қайшы, арнайы кергіш немесе жақтауыш қажет болады. Моншақтарды шыныдан жасалған қауашақтарға немесе қораптарға сақтаған дұрыс. Өйткені мұндай қораптардан бисердің түрі, түсі жақсы көрінеді.

Бисермен кестелеу.Бисермен кестелеудің алдында матаны кергішке тартып, оның бетіне сурет салынады. Суретті(Алтын адам) қағазға немесе ақ түсті флизилинге салып алып, дайындалған матаның бетіне орналастырып, кестелеуді бастаған жөн. Сонымен қатар суретке қарамай-ақ, әркім өз қиялына сай өрнектеп кестелей беруіне болады. Мұндай жағдайда өрнекті көз алдыңа елестетіп, оның түстік ерекшелігін шеше білу керек.

Матаны кестелеп болған соң кергіштен босатып, шетіне орын қалдыра отырып қиып, үтіктейді. Кесте қаттырақ болу үшін астына қалыңырақ матадан астар тігіледі.

Қорытынды. Қорытындылай  келгенде, кесте өнері-әсемдікті сүюге, ұлттық                  салт-дәстүрімізді  өз нақышында безендіруге, итермелейтін өнер түрі. Қолөнер шыңы биік.Өйткені барлық халықтардың  өздеріне  ерекше  тән үлгі кестелерімен дүниежүзілік арнайы орындарда баға алады. Мұнда әрбір халықтың өнері ерекше дамығандыған көрсетеді.Жалпы тақырыпта бисердің түрлері, жасалу  жолдары, кестеленуі  және тарихы айтылған.Бисермен  кестелеу өнері, қолөнері  біздің байлығымыз екенін білдім. Бисермен кестелеп «Тоты құс»,«Гүлге қонған көбелек»,«Көлдегі қос аққу», «Қонжық», «Су асты әлемі» т.б тақырыптағы әсем панноларды жасадым.Келешекте осы жұмысты ары қарай жалғастыру  өзімнің  міндетім деп, зерттеп, дамытуды мақсат етіп алдым.

Ғылыми жұмысымның нәтижесі.

You May Also Like

Үйкеліс коэффициентінің үйкелетін беттердің күйіне тәуелділігін зерттеу, ғылыми жоба

Тақырыбы: Үйкеліс коэффициентінің үйкелетін беттердің күйіне тәуелділігін зерттеу Мазмұны                                                                                                           Кіріспе………………………………………………………………………………..6 І.Негізгі бөлім……………………………………………………………….7…

Семіздік проблемалары, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Семіздік проблемалары» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ …………………………………………………………………. СЕМІЗДІК ЖƏНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ…………………………

Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы: “Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы” 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім:…

Түрлі елдерде шығарылатын мандариннің құрамындағы С дәруменін анықтау, ғылыми жоба