Ғылыми жобаның тақырыбы:

“Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы”

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім:

2.1.Құрт-қазақтың ұлттық тағамы

2.2.Құрттың жасалу технологиясы

2.3.Құрттың түрлері

2.4.Құрттың адам денсаулығына пайдасы

3.Менің зерттеу жұмысым

3.1.Құрттың жасалу жолымен танысу

3.2.Сауалнама нәтижесі

4.Қорытынды

Түйіндеме

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы- құрттың пайдасын және жасалу технологиясын зерттеуге арналған.Мені қазақ құртының жасалу әдістері қызықтырады.Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі-сиыр сүтінен жасалған  құрт жайында мәлімет жинағым келді. Құрт-сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт сөзінің мағынасы  құрғатылған,кептірілген сүт деген мағынаны береді.Құрттың дәмі ащы болғанмен жеуге сүйкімді тағам. Қазақ құрты тамақ есебінде, әрі шөл басуға да қолданады.Ол көбінесе қысқы азық есебінде ерте әзірленеді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай,адам денсаулығына өте пайдалы.  Мен зерттеу барысында  апама сиыр сауысып,құрттың жасалу технологиясымен таныстым және кітаптардан,ғаламтордан  құрт түрі мен  құрамы туралы  деректер жинадым.Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздім.Сауалнаманың  нәтижесінде өз сыныптастарымның құрттың пайдасы мен жасау әдістерін қаншалықты деңгейде білетіндіктерін анықтадым. Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы жобаны ұсынып отырмын.

Кіріспе:

Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі-ақ екені  белгілі.”Ағы бардың бағы бар”деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген.Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі-ол тіршілік арқауы,одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп,дастарқан молшылығын жасаған.Сүт тағамдарының осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі туралы айтқым келеді.Қазақ халқының  сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі-құрт.Құртты ежелгі замандарда қалыптасып,дамып,бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай,жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз.Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп.Құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып,деректер жинақтап,құрттың жасалу технологиясына зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін.Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі-сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді.Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың құрамын әртүрлі етіп жасап достарыма,сыныптастарыма ұсындым.Менің алдыма қойған мақсатым: құрттың жасалу технологиясын үйрену және мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын,түрлерін насихаттау.

Мақсаты:

-Құрттың жасалу технологиясын анықтау

-Ұлттық тағам құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету

-Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу

Міндеттері:

-Қазақтың ұлттық тағамы-құртпен танысу

-Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету

-Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету

Адам денсаулығына пайдасы

-Иммунитетті жақсартады

-Сүйектің қатаюына көмектеседі

-Көздің көргіштігін жақсартады

-Зат алмасу және бауырдың қызметін жақсартады

-Атеросклероз ауруының алдын алады

-Дәруменсіздік ауруын болдырмайды

-Ас қорытуға көмектеседі,жүректің айнуын басады

Қорытынды.

Жұмыстың мақсатына жету үшін сыныптастарымның арасында сауалнамалар жүргіздім,ғылыми-зерттеу еңбектерден,әр түрлі басылымдардан,ғаламтордан материалдар жинадым,дәмі әртүрлі құрт жасау тәсілдерін анықтадым.Құрт-адам денсаулығына қажетті құндылық  екеніне көз жеткіздім.Бұл тағамның емдік,тұрмыстық пайдасы бар.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды,оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді.Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда,кейбір оқушылар білмейтін болып шықты. “Ас-адамның арқауы” деп аталған тәрбие сағатында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым.Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын.

”Халық жауларының” әйелдерінде  тұтқынға алған Сталиндік зұлмат саясат өз дегенін істеп бағады.Айдауылдары алдына салып,өтіп бара жатқан тұтқын аналарға қазақтың қара домалақ балалары “тас” лақтырған.Бірнеше дөңгеленген тастарды лақтырған балаларды көрген айдауылдар да “Мына тұтқындарды біз түгілі балалар да жек көреді,аянбай тас лақтыруда” деп мәз болған. Ол шындығында тас емес,қазақтың құрты еді.Тұтқындар өздеріне лақтырған құртты жинап алып,қорек еткен,сөйтіп көбі ажалдан аман қалған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында совет әскерлеріне қазақ елі көп көмегін көрсетті.Жылы киім-кешектермен бірге ұлттық тағам-құртты да үзбей салып отырған.Құртты сүйсіне жеген жауынгерлердің жігер-күші артып,ашыққандары әл жинап жауына сойқан соққылар берген.

 

You May Also Like

Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі», ғылыми жоба

Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі» Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және…

Электр тогын үнемдеу, ғылыми жоба

Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.…

Сумоншақпен кестелеу өнері, ғылыми жоба

Тақырыбы:      Сумоншақпен кестелеу өнері Бағыты:         Этномәдениеттану Секциясы:     Еңбекке баулу  А Б С…

Ротор деген не? Ротор туралы ақпарат

Ротор — генератордың айналып тұрған бөлігі. Ол электромагнитті болып келеді. Генератор жұмыс…