Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі»

Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Секция: тілтану

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЛАТЫН ҚАРПІ

1.1 Қазақ жазуының тарихына шолу, латын қарпінің қолданылу аясы……. 5

1.2 Латын қарпіне көшу туралы ой-пікірлер…………………………………………… 6

ІІ БӨЛІМ. Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі»

2.1 Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сауалнама 13

2.2 «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі». Үйренушінің дайындық деңгейіне  қойылатын талаптар 20

2.3 Бағдарламаның жаңашылдығы, ерекшелігі, күтілетін нәтиже

ҚОРЫТЫНДЫ

АННОТАЦИЯ

Зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі» алынды.

Жұмыстың мақсаты – қазақ тіл біліміндегі «қ», «ғ», «д», «б», дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, олардың латын әліпбиінде қолданылу барысын, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету болып табылады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынадай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық. Мектеп бағдарламасына қосымша орта буынды оқушылардың латын әліпбиінде сауатты жазумен қатар, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру, емле ережелерімен таныстыру,  ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Міндеттері:

  • Әліпбиде берілген 32 әріпті дұрыс таңбалау мен қатар, сауатты жазуға дағдыландыру;
  • Емле ережелерін меңгере отырып, оны қолданысқа енгізу;
  • Берілген тапсырмалар арқылы сауатты жазу, жылдам оқуға баулу;
  • Оқылым, жызылым дағдыларын бірге жүргізе отырып, біртіндеп қалыптастыру;
  • Латын әліпбиін меңгерушілердің ауқымын кеңейту;
  • Оқушыларға тарихы терең тағылымы мол қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат   беру;

Жұмыстың болжамы:

Мектеп оқушыларын біртіндеп латын әліпбиіне көшуге дайындау мақсатында жеңілден күрделіге бағытталған тапсырмаларды орындай отырып, меңгеріп шығуына жағдай туғызу, яғни берілген тапсырмалардың қол жетімдігі, ұлттық құндылықтармен үйлесе отырып әзірленуі.

Зерттеу кезеңдері:

Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.

  • Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.
  • Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.
  • Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы

Зерттеудің әдістері. Жобаны жазу барысында баяндау, жинақтау, саралау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің жаңашылдығы

Латын жазуын үйренушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес, оқылым, тыңдалым, айтылым,  жазылым  дағдыларын қатар ала жүріп, қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде әзірленген тапсырмалар арқылы, формативті бағалау түрлерін қолдана отырып, түрлі инновациялық бағыттағы тапсырмалармен жан-жақты  әзірленуі.

Зерттеудің өзектілігі.           Латын қарпінде сауатты жазып үйретуге, үйренуге тілек білдірушілерге қолдау көрсете отырып, қоғамда латын жазуы бойынша оң пікір, түсінік қалыптастырып, қоғам қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мектеп оқушыларының латын әліпбиіне деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық құндылықтар негізінде әзірленген тапсырмаларды орындату арқылы құндылықтарымызды тануға баули отырып, жаңа әліпби емле ережелерімен танысып, оны қолданысқа енгізуге дайындық жасауға дағдыландыру, оқушылардың өз беттерінше ізденушілік қабілетін дамыту.

КІРІСПЕ

«Ұлттың сақталуына да,

жоғалуына да себеп болатын

нәрсенің ең қуаттысы – тілі»

А.Байтұрсынұлы

Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен еді. Осыған байланысты осы латын қарпіне көшу ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Тұңғыш президент Н.Назарбаев латын жазуына көшудің терең тарихи қисыны бар. Олар: қазіргі технологиялық ортаның, қазіргі дүниежүзіндегі коммуникацияның, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білімнің ерекшеліктері деп жазды. Айтқандай, латын графикасының технологиялық аспектіде, білім мен ғылым саласында, мәдени индустрияда жаппай басымдығына қазіргі таңда ешкім күмән келтірмейді. Қазір латын жазуы жалпы Батыс өркениетімен ғана байланысты емес, әлем елдері оны прогресс пен ілгері дамудың шарты деп бағалайды. Қайнары тарих қатпарларында жатқан дәстүрлі жазу жүйесі бар Қытай мен Үндістанның өзі технологиялық және экономикалық салаларын дамыту үшін латын жазуын жаппай қолдануға мәжбүр екен. Араб әлемі де бүгін құжаттарды рәсімдеуде, қаржы операциялары кезінде латын графикасын еш кемістік санамастан қатар пайдаланып келеді.

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ АЛФАВИТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ЛАТЫН ҚАРПІ

1.1 Қазақ жазуының тарихына шолу, латын қарпінің қолданылу аясы

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында – кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті. [6;205]

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. [4;1]

  1. Латын қарпіне көшу туралы ой-пікірлер

«… қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Бүгінгі күнге дейін тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты. [5;1]

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Осыған байланысты ой-пікірлерге шолу жасап көрдім.

«Мәжілістің отырысында «Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу» деп атап көрсетіліп, бұл қадамның әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор екеніне назар аударылуы соның тағы бір жарқын дәлелі. Ұлттық өнердің қара шаңырағы бола білген М.Әуезов театрының ұжымы бүгінгі – ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсетіп, еліміздің жаңа әліпбиге көшуіне белсенді атсалысатын боламыз. Барша қазақстандықтарды егемендік пен елдік жолындағы бетбұрысты қадаммен шын жүректен құттықтаймын. Латын әліпбиі – әлемдік кеңістікке енуге апаратын жол!» Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері,  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.

«Бұл – заман талабы. Тіл – адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Оны өзге де механизмдер секілді қоғамның дамуы үшін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет. Осы орайда әліпби таңдау аса маңызды. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды. Жалпы, менің Қазақстан азаматы және Ассамблея мүшесі ретінде қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру туралы өзімнің пікірім бар. Мемлекет басшысы қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе өзінің салиқалы шешімін айтты. Бұл қадам дер кезінде, барлық жағдаяттар ескеріле отырып жасалды. Біз латынға көшу ісіне үлкен дайындықпен келдік. Көптеген шаралар атқарылды. Қоғамның пікіріне баса назар аударылды. Қоғамымызда латынға көшуді қолдайтындардың үні басым түсті. Өйткені латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді. Ел бірлігін нығайту, Қазақстан халқының бірегейлігін дамыту Ассамблеяның басты міндеттерінің бірі. Осы орайда ел бір¬лі¬гі мен татулығының кепілі Елбасы екенін ұмытпауымыз керек. Сөз соңында айтарым, Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасына баршамыз қолдау білдіргеніміз жөн. Өйткені, өзіміз таңдаған, өзіміз сенім артқан Елбасының әрбір бастамасы халық үшін аса маңызды.» Сергей Вишняк, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

«Үлкен үміттің үстіндеміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс айтты. Еліміз тәуелсіздік алып, тіліміз бен салт-дәстүрімізді, тарихи құнды¬лық¬тарымызды енді түгендеп, қазына¬ларымызды қайтарып жатқан тұста қазақ әліпбиін латынға көшіру туралы пікір айтқан ғалымдарымыз, саясаттанушыларымыз болды. Бірақ ол уақытта күрделі істің күрмеуі келмеп еді. Міне, бүгін бұл бастаманы қолға алып, іске көшетін сәт туып отыр. Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәде-ни, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі ор¬нын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген Мемлекет басшысы қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойды. Әрине, әліпбиді қашан және қандай жолдармен ауыстыру қажеттігін дұрыс қабылдаған жөн. Әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, қомақты қаражат, сонымен қатар ең бастысы интел¬лек¬туалдық күш-жігер керек. Тағы бір айта кетерлік жайт, кейбір ағайындарымыздың латын әліпбиіне көшуіндегі орын алған олқылықтарын қайта¬ла¬майтын оңтайлы жолды қарастыру қажет. Болашақ ұрпақ екі кеменің басын ұстамайтындай, жалпыға жеңіл, тілдік ортаға икемді болғаны абзал. Біз осыған үміттіміз.» Мәкен Ержан, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы. [2;1]

Бекен Сағындықұлы: – Иә, бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын көтерілген еді. Содан бері санамызда «ерте ме, кеш пе, еліміз латын әліпбиіне көшеді, соған дайындала беруіміз керек» деген салмақты ой сақталып келді. Бүгін сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырмыз. Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10 жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

Владимир Шнайдер: – Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл кең таралған жазу. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефонда латын қарпінде жазу оңай, ал крииллицада қазақша тере алмай қиналып жатамыз. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең.

Өкінішке қарай, латын әліпбиінің қазақ тарихындағы ғұмыры ұзақ болған жоқ екен. Десе де, он шақты жылдың ішінде бұл жазу сол уақыттағы қазақ тілінің құлдырауын біршама тоқтатты. Себебі, латын әліпбиінің басым бөлігі фонетикаға негізделді, яғни, сөздің таза айтылуын сақтап қалды. Түркі дүниесіне ортақ заңдылықты сақтады. Біз енді сол үрдісті жалғастырып, заманға сай лайықтап, бейімдеп, ары қарай дамуына ықпал етуіміз қажет.

Бұл ретте ескеретін бір жайт, бүкіл түркі әлемі 34 таңба пайдаланған екен. Біз осы нұсқаны аламыз ба, әлде 33 таңбаны қолданамыз ба? Осы жағын нақтылап алғанымыз жөн. Биыл бірыңғай стандарттар қабылданатын шығар деп ойлаймын.

Екінші мәселе – бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қазақтармен жақындаса түсеміз. Түсіне білген адам үшін мұның да маңызы зор.

Айман Зейнулина: – Жалпы, тіл тазалығы, тіл білімі үлкен ғылым. Қазір бір сөз бірнеше түрлі болып жазылады, айтылады. Осындай заңдылықтарды бірізділендіріп алу керек. Ол үшін латын әліпбиіне көшу науқаны аясында қазақ тілі туралы арнайы заң шығару қажет. Біздің елімізде тілдер туралы заң бар, бірақ, қазақ тілі туралы жеке заң жоқ. Осы мәселені оң жолға қойып, қауһарлы заң қабылдайтын уақыт жетті. Әйтпегенде, біздің ғалымдардың өзі дауласып жататын сәттер жиі кездеседі. Жазу нормасының ішінде орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтар бар, сондықтан нақты ұсыныстар жасауымыз керек.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған біртіндеп латын алфавитіне көшу – заман талабы. Себебі, латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технологиялық ортаның, коммуникация, білім мен ғылымның ерекшелігіне айналған. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Әлемде ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп болары сөзсіз. Сондай-ақ бұл өзгеріс тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады.

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.

8-сынып оқушысы, тіл жанашыры ретінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдаймын. Себебі, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Болашақта да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін боламыз деген ойдамын.

Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Латын қарпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.

Латын әліпбиіне көшу керек деп қанша жылдан бері айтылып келе жатыр. Енді іс жүзінде орындайтын кезі келді деп білемін. Ол үшін қолданылатын әліпбидің нұсқасы да ұсынылды. Ұсынылған әліпби нұсқасына көшу ол еліміздің рухани байлығын артыратыны сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазаққа жат емес. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытудың үлгісі деп білемін. [7;115]

Өздеріңізге белгілі, кешегі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің білім беру мекемелерінде латын графикасында қазақ тілінің әліппесін енгізудің жоспары жайында баяндады. Латын алфавитіне көшу жұмыстарында асығыстыққа жол берілмейтін болады.

Білім саласында латын алфавитіне көшу бір күнде бола қоятын шаруа емес. Мектептерде латын алфавитін енгізу барысы кезең-кезеңмен іске асады. Бұл үшін біз алғашқы кезеңде тіл игертетін пән мұғалімдерін қайта даярлап, кәсіби біліктілігін арттырып, осы мұғалімдер қатарынан мастер-тренерлерді жасақтаймыз. Екінші кезеңде осы мастер-тренерлер арқылы  басқа да пән мұғалімдерін оқытуды қолға аламыз. Міне , осыдан кейін үшінші кезеңде мектеп мұғалімдері  жергілікті халықтың латын әліпбиін игерулеріне өз үлестерін қосатын болады.

Ең басты әрі жауапкершілікті қажет ететін дайындық кезеңін сапалы аяқтағаннан кейін ғана жаңа жазбаны білім беру мекемелеріне кең ауқымда енгізу жұмыстары жүзеге асырылады.. Бұл тұрғыда орыс тілінде пәнді оқытуда кириллица қалады да, латын қарпі тек қазақ тіліне және қазақ тілінде оқытылатын пәндерге қатысты болады.Яғни біздің балаларымыз екі алфавитті де қатар игеріп шығуларына мүмкіндік мол.

Қазіргі таңдағы жаңартылған мазмұнындағы білім беруде, үштілді білім беру жүйесінің дамуында, үштілділікте ақпараттарға балалардың қолжетімділігін арттыруда ұсынылған  латын әліпбиінің берері зор, мен бұл процессті қолдаймын. Себебі, Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.

Латын алфавитін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз  қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық. [1;1]

ІІ БӨЛІМ. Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі»

2.1 Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сауалнама

Жетекшіммен бірлесе отырып оқушылар арасынан сауалнама алған едік. Бұл сауалнаманың мақсаты оқушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде білетіндерін, латын қарпімен таныс не таныс еместігін анықтау үшін, латын қарпін тәжірибе жүзінде пайдаланғанда қандай қиындықтар туу мүмкін, латын қарпін енгізуге көзқарастарын анықтау үшін және соның негізінде белгілі бір ұсыныстар жасау үшін өткізілді.

Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» тақырыбы бойынша 5-11 сыныптар аралығында өтілген сауалнама бойынша диаграмма. Қатысқандар: 41 оқушы. Ұлты: барлығы қазақтар

Мемлекеттік тілді білесіз бе? (5-сурет). Білемін – 73 %, білмеймін – 10 %, сөздікпен түсінемін – 17 %.

Мемлекеттік тілді білесіз бе? 1-сурет.

  • Латын қарпімен таныссыз ба? (6-сурет) Таныспын – 44 %, соған негізделген шетел тілі арқылы білемін – 32 %, таныс емеспін – 24 %.

Латын қарпімен таныссыз ба? 2-сурет

  • 26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба? (7-сурет). Иә – 95 %, жоқ – 5 %.

26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба? 3-сурет

  • Латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныс болсаңыз, қай әріптер жазу мен оқуда сізге қиындық туғызады? (8-сурет) Қиындық туғызбайды – 66 %, қиындық туғызады: апострофтармен жазылатын әріптер – 34 %.

Латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныс болсаңыз, қай әріптер жазу мен оқуда сізге қиындық туғызады? 4-сурет

Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба? (9-сурет)

Иә – 73 %, жоқ – 12 %, қиын – 15 %.

Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба? 5-сурет

  • Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба? (10-сурет)

Иә – 31 %, жоқ – 42%, кейде – 27 %.

Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба? 6-сурет

2.2 «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі». Үйренушінің дайындық деңгейіне  қойылатын талаптар

Қашықтық оқып жатқандықтан сәуір айында  оқушылар арасында жаңа латын қарпін іс жүзінде тәжірибеде пайдаланып көрдік.

Алғашқы тапсырма ZUUM платформасы арқылы латын қарпімен терілген ұлы ақындардың (А.Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы) өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Өлеңдерді латиницамен оқу 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылар арасында қызықты болды. Біріншіден, олар ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын қарпімен таныс. Екіншіден, латын қарпін сауалнама жүргізілгендердің 31 %-ы жиі, 27 %-ы кейде телефон-хабарламаларын жазғанда пайдаланады. Бірінші рет оқып тұрса да, мәнерлеп оқып беруге тырысты. Мәтіндерді жылдам, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға тырысты. Жаңа латын қарпіндегі қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылғандары бірер қиындық туғызбаса, қалған әріптерді лезде жаттап алды.

Тәжірибеміздің келесі бөлімінде әр түрлі тақырыптарға берілген мәтіндерді компьютерде теріп беру керек болды.Оны Гугл формула арқылы Латын қарпімен мәтін теру қиындау тапсырма болды. Себебі, пернетақтадағы латын әріптерінің қайсысы қайда орналасқанын табу оңай болған жоқ. Пернетақтада біраз мәтін тергеннен кейін ғана әріптердің орналасқан орнын есте сақтай бастады.

Соның нәтижесінде латын қарпімен мәтіндерді жиірек теріп, көз бен қолды жаттықтыру қажет екендігін түсіндік. Латын қарпімен терілген мәтіндерді де жиі оқып тұру қажет. Оны әдетке айналдырса, латын қарпіндегі мәтінді оқып-жазу деңгейіміз көтеріліп, оны пайдалану жеңіл болады.

2.3 Бағдарламаның жаңашылдығы, ерекшелігі, күтілетін нәтиже

Латын жазуын үйренушілердің жас ерекшелігін ескере отырып жетекшім екеуіміз , жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес, оқылым, тыңдалым, айтылым,  жазылым  дағдыларын қатар ала жүріп, қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде әзірленген тапсырмалар арқылы орта буын оқушыларына арнап «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі» атты қосымша дайындық әліппесін әзірледік. Әліппенің ерекшелігі мектеп оқушыларын біртіндеп латын әліпбиіне көшуге дайындау мақсатында жеңілден күрделіге бағытталған тапсырмаларды орындай отырып, меңгеріп шығуына жағдай туғызу, яғни берілген тапсырмалардың қол жетімдігі, ұлттық құндылықтармен үйлесе отырып әзірленуі.

Үйренушінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Берілген тапсырмаларды мұқият орындай отырып, соңына дейін табандылық таныту;
  • Қосымша көз шалым, оқылым дағдыларын күшейту;
  • Өз бетінше ізденіп жұмыс істеуіне көңіл бөлу;
  • Өзін – өзі бағалай білу;
  • Дұрыс шешім қабылдап, белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылу;
  • Шыдамдылыққа бейімделу, өз ойын жеткізе білу.
  • Күнделікті, үзбей өз қажеттілігіне пайдалануды жалғастыру.

Осы орайда сіздерге оқушы дәптеріндегі бәраз тапсырмаларды ұсынып отырмын. Толық нұсқасы кітапшада жинақталған.

1-tapsyrma.     Сөздерді  бірге оқып шығыңыздар.

Toɪbastar,  shildehana, tyshtyrma, tusaýkeser, ɪtkóɪlek, qalja, bazarlyq, baɪǵazy,  kógentúp,  jasaý, besikke salý,  súɪinshi,  bastańǵy, betashar, enshi, túnsát, sybaǵa,  qudalyq,  jɪenquɪryq,  atastyrý,  arqan kerý, syrǵa salý, erýlik, enshi berý,  básire,  qymyz muryndyq,  asar,  quda túsý,  quɪryq-baýyr asatý,  qalyńmal.

2-tapsyrma.     Сөздердің дұрыс нұсқасын тауып сәйкестендіріңіздер.

Алға                 Ata                                     Әже                       Sý

Арна                 Tana                                   Кәде                     Bota

Ата                   Ana                                    Уәде                      Sýyq

Тара                  Aǵa                                    Бота                      Áje

Тана                  Alǵa                                   Айна                     Káde

Ана                   Tara                                    Сана                     Ýáde

Аға                    Art                                     Бала                      Bala

Арт                    Tar                                     Су                         Sana

Тар                    Arna                                   Суық                    Aɪna

3-tapsyrma.   Мәтіндегі асты сызылған  сөздерді латын қарпінде жазып көріңіздер.

Базарлық

Базарлық (дәстүр).  «Күйеуінің базарлығы екен ғой, -деді Ақбала ішінен»  (Ә.Нүрпейісов).    Aлыс сапарға саяхатқа,  сауда жолына шыққан адамдар, жерлестеріне, көрші –көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты  сыйлықтар әкеледі.  Оны  «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Байғазы

Байғазы  (дәстүр).  –Уа, сатира сарбазы, адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов).  Байғазы балалардың,  жастардың жаңа киімі үшін,  (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы»  деп те атайды.  Байғазы балалардың көңіл-күйін көтеретін дәстүр.

Бастаңғы

Бастаңғы (салт).  … жастар «бастаңғы»  деп аталатын тамақ істеп бас қосады.  (К.Сегізбаев).  Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «Жолаушылардың  жолда басы ауырмасын,  бастаңғы жаса» дейді.  Бастаңғының  мәнісі – жастардың сол үйде ойын сауықта бас қосуы.  Дәстүр бойынша бұған тиым салуға  болмайды.  Бастаңғыны жастар жасайды.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4- tapsyrma.   Мәтінді бірге оқиық.   

Salt-dástúr – ár ulttyń, halyqtyń dini men senimine, turmys-tirshiligine, ulttyq qurylym ereksheligine sáɪkes  ǵasyrlar boɪy jɪnaqtalyp,  ómirdiń  ózi týǵyzǵan ǵuryptardyń jɪyntyǵy. Salt-dástúr ult  úshin ómir, qoǵam za y bolyp negizdelip, sana, taǵylym, tárbɪe,  tirshilik erejesi retinde  el zerdesine rýhani bailyq – ónege tájirɪbesin quraǵan. Ótken zamanda qazaq qoǵamy úshin  salt-dástúr buljymas zań rólin atqardy. Salt-dástúrdiń el arasyndaǵy tálimdik máni zor. Salt-dástúr bailyǵy – mádeniettiń bailyǵy. Mysaly, ata-anany, úlkendi qurmetteý, baiǵazy, kórimdik, súɪinshi, káde suraý, sálem berý t.b. salt-dástúrge jatady. Qazaq halqy salt-dástúrge bai. 

  5-tapsyrma.  Берілген мәтіндерді оқып шығып, бір мәтінді  қысқаша мазмұнда  жаңа әліпбимен  жазып шығыңыз.

Тымаққа салу

Тымаққа салу (салт). Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер  жиі естіледі. Халықта әдетте шала туылған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар.  Оның себебі шала туылған сәби ұстауға,  бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады.  Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырықыншы  басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды.  Айталық, ат қою, бесікке салу т.б (егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді).

Бәсіре

Бәсіре (дәстүр).  «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып  торы тайым » (Х.Талғаров).  Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны  «бәсіре»  тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады,  бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға еңбекке үйренеді.  «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімдейді. Өз қатарына «Бәсіре тауым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді.  Мұның бәрі баланаң көңілін өсіріп, ынталандырып, тәрбиелеудің бір жолы.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 6-tapsyrma.   Мәтіндерді оқып шығып, досыңызға  жаңа әліпбимен жазбаша екі сұрақ  дайындаңыз, сұрақты бірге талқылаңыз.

Құлақ тесу

Қыздың құлағын тесу –дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі.  Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың  (9-жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесуі үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады. Құлақты уқалап,  жанын кетіріп,  қыздырылған жуан инемен немесе  кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағына бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ ісімейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар.  Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар…  халық ұғымында қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар.  Бұл – халық сөзі.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7-tapsyrma.  Берілген сөздердің біріне дыбыстық талдау жасаңыз. 

Текемет, домбыра, ыдыс, нағашы.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8-tapsyrma.  «Отбасы –бақыт мекені, тәрбие бастауы» дегенді қалай түсінесіз? Ойыңызды достарыңызбен бөлісіңіз.

9-tapsyrma.  Өз көңіл-күйілеріңіздің тұсына белі қойыңыздар                       

Бұдан былай жаңа әліпбимен жазу, оқу, сіздер үшін  қиынға соқпайды деп ойлаймын. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын азамат болып өсейік,жас дос!

ҚОРЫТЫНДЫ

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда.

Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажет. Себебі, латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу керек десек, латын графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек.

Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймыз. Қуантарлығы, бүгінде латын қарпіне негізделген әліппи жайлы оқушыларда ақпараттың болуы, қызығушылықтарының артуы. Білім қуған жастар бірнеше тіл меңгеріп, жан-жақты білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенемін. Себебі, бүгінде кириллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені, ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында байқағанымыз, біздің мектеп оқушылары мен мұғалімдерге латын қарпіне көшу үлкен қиындықтар туғызбайды деп ойлаймыз. Оған дәлел өткізілген тәжірибелік жұмыстарды қиналмастан орындағандары. Оқуда да, жазуда да кедергілер болғанымен, өз беттерімен берілген тапсырмаларды аяғына дейін дұрыс орындады.

Ал ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданып отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.

You May Also Like

Қымыз, ғылыми жоба

  ҒЫЛЫМИ ЖОБА  Секция: медицина және адам денсаулығын қорғау  Тақырыбы: «Қымыз»  …

Сырға толы мекенім, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ:«Сырға толы мекенім»                                               Мазмұны:  Аннотация І.Кіріспе бөлім: «Әйтеке би ауданы» ІІ.Негізгі…

Мүшелде бар жұмбақ сыр, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Мүшелде бар жұмбақ сыр» Орындаған: Қожақаева Айым Мазмұны…

Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы, ғылыми жоба

Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы. Мазмұны І. Жетекшінің пікірі         ІІ.…