Мазмұны

І Кіріспе——————————————————————————–1-3 бет

Жауынгер-журналист

ІІ.Негізгі бөлім———————————————————————-4-15 бет

ІІ.1. Майдангер Жүніс Шәукебаев ———————————————4-7бет

ІІ.2. Қаламгер Жүкең өткен жол ———————————————– 8 -15бет

ІІІ Қорытынды ———————————————————————16 бет

Жоспар

І Кіріспе

Жауынгер –журналист

ІІ Негізгі бөлім

 

ІІ.1. Майдангер-Жүніс Шәукебаев

 

ІІ.2. Қаламгер Жүкең өткен жол

 

ІІІ. Қорытынды

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде адамдар санасында сілкініс туып өмірге, тарихқа, туған жерге деген көзқарас түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеудің бір жолы туған өлкесі мен оның мақтан тұтар азаматтарын қадір тұтуға тәрбиелеу, тарихи оқиғалар жаңғырығына қызығушылығын ояту.

Зерттеушінің  жұмысының маңызды бағыттарының бірі :

  1. Жүніс Шәукебаевтың 1959 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітіргендігі,
  2. Жүніс Шәукебаевтың Еңбек және соғыс ардагері болғандығы;
  3. Жүніс Шәукебаевтың КСРО және Қазақстан журналистер одағының мүшесі болғандығы;
  4. Жүніс Шәукебаевтың Шиелі ауданының азаматы ретінде соңғы күндеріне дейін еңбек етіп, Шиелі топырағында жерленгендігі.

Аннотация 

Связывая социальные проблемы Казахстана с проблемами  сатирических произведений на  примере произведений сатирического жанра местного журналиста Жуниса Шаукебаева проводится исследовательская работа, изучая его этапы жизни, произведения, написанные им в годы работы в редакциях районных газет Кызылординской области.

Важными этапами в работе исследователя то:

что он находит Жуниса Шаукебаева выпускником 1959 года Кызылординского педагогического института имени Н.В.Гоголя;

участником и ветераном Великой Отечественной войны, ветераном труда, членом  советского союза журналистов СССР  и РК и до конца своей жизни проживавшим  на своей ро дной земле в Шиелийском районе Кызылординской области и там же похорененным.

Кіріспе

Туған ел, туған жерден асыл бар ма?!

   Кең далам куә небір жасындарға.

  Атыңнан айналайын, Қазақ елі,

Айналған азаматы асылдарға.    Ж.Шәукебаев

 

Мақсатымыз: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде адамдар санасында сілкініс туып өмірге, тарихқа, туған жерге деген көзқарас түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеудің бір жолы туған өлкесі мен оның мақтан тұтар азаматтарын қадір тұтуға тәрбиелеу, тарихи оқиғалар жаңғырығына қызығушылығын ояту.

Сырдың шырайлы мекені шиеліден талай саңлақтар шыққан. Солардың бірі еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері, қаламы қарымды қаламгер, КСРО және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Жүніс Шәукебаев.

Мақсатым Жүніс Шәукебаев  атамыздың өмірін журналистік қызметін, шығармашылық ерекшелігін зерттей, талдай отырып кейінгі жас ұрпаққа үлгі етіп, азамат есімін ардақтау, әсіресе поэзия, сатира жанрындағы шығармаларындағы тақырыптың бүгінгі өмірде де өзектілігін жоғалтпаған маңыздылығын атап көрсету.

Түгін тартсаң майы шығатын қазақ халқының құтты мекені саналатын Сыр өңірінен халқының бағына біткен талай саңлақтардың шыққандығы белгілі. Солардың бірі еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері, қаламы қарымды қаламгер, журналист, СССР және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Жүніс Шәукебаев  болатын.

1920  жылдың 20 мамыры күні Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округіне қарасты «Қызыл Ту» ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс алдында әскери міндетін өтеп келу бойында Жүніс Шәукебаев аудандық 1940  жылдың қыркүйегі мен 1941 жылдың қыркүйегіне дейін Шиелі аудандық комсомол комитетінің хатшысы, онан соң 1942 жылдың ақпанына дейін аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.

Ел басына күн туған шақта қолына қару алып қан майданға аттанды. Қиыр Шығыстағы шекаралық әскерлер бөлімі,  кіші  командирлер даярлайтын курсы мен үш айлық мергендер мектебінен білім алып, сынақтан өткен соң  Волхов майданына жіберіліп осында қарша бораған оқ пен жаңбырша жауған бомбалардың арасында жүріп аяғынан жаралансада ұрыс даласынан кетпей емделіп, қатарға қосылған соң Сталининград майданы секілді талай қанды қырғынды басынан өткерген, жастайынан өлең-жырға машық қаламгер ауылдағы достарына жалынды жырларымен сәлем жолдап тұрғандығы да қарумен қатар қалам -қағазды да қолынан тастамай журналистика саласына ерте бейімделе бастағандығын байқатса керек.

Түр-түстері жапондықтарға ұқсас 10 жауынгердің бірі болып Петерголб дачасында арнайы дайындықтан өткізіліп, жеңісті Берлинде қарсы алса да Жапониямен соғыс әлі жүріп жатқандықтан Маньчжурияға жіберіліп милитаристік Жапонияның Квантун армиясының самурайларына қарсы соғысты Нугдент қаласында аяқтап сол екі бірдей соғыстағы ерліктерінің куәсіндей «Германияны жеңгені үшін», Жапония империалистеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысып «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары және өзге де орден, медальдары мен марапатталған аға лейтенант Жүніс Шәукебаев туған жеріне оралып туған жерді түлету жолында аянбай тер төкті.

1946  жылдары аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған Жүніс атамыздың жазу-сызуға бейімділігі ме әлде досы журналист Сейтқасым Сейтенов,жазушы –аудармашы Қалмақан Әбдіқадіров,партизан- қаламгер Әди Шәріповтардың ықпалы ма әйтеуір 1947 жылы аудандық «Стахановшы» газетіне жауапты хатшылыққа

ауысқандығы, ол 1950-1952 жылдары Алматыдағы екі жылдық Республикалық партия мектебінің курсын бітіріп келісімен Арал аудандық «Социалистік Арал»газетіне редакторлық қызметке жіберілгені белгілі. Жан-жақты білім алып жастық жігерін халқының, елінің дамуына жұмсар шағы Ұлы Отан соғысымен тұстас келіп, білімін елге келген соң жалғастырып еңбектен қол үзбей оқуының нәтижесінде  Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағв мемлекеттік педогогикалық  институттың тарих факультетін бітіріп шықты. Газет беттерінде талай өлең-жырлары, мақалалары жарыққа шығып, жұртшылық жүрегінен жол таба білген оның сол кезгі псевдонимі өзінің досы Ертай Есенгелдиев болатын.

Поэзия,проза,сатира дейсіз бе қай жанрға да қаламы жүйрік, оның  фельетонист-журналистігін жоғары бағалаған. «Халық айтса қалып айтпайды». Оның қаламынан туындаған «Сыбайлас сұғанақтар», «Сыбайластар сырласты,сырластыда сырды ашты» т.б фельетондары біреулердің шымбайына батса, біреулердің айызын қандырып,енді біреулеріне ой тастап сабақ болардай еді. 1955-1959 жылдары Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің меншікті тілшісі 1959-1962 жылдары Шиелі аудандық газетінің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарып 1962 жылы «Ленин жолы» газетіне  тілшілікке ауысқанымен 1963  жылы туған жеріне келіп аудандық «Өскен өңір» газетінің орынбасары, (поллиграфия) Баспахана меңгерушісі болып,ал 1978  жылдан бастап Шиелі аудандық кәсіподақтар комитетінің, кейіннен аудандық ДОСААФ комитетінің Бастығы қызметтерінде болып 1982  жылы зейнеткерлікке шыққан соң да 6 жыл бойы аудандық Балық аулау қоғамын басқарып, сексеннің сеңгіріне шыққанша еңбектен қол үзбей кейінгі буынға қайсарлықпен адалдықтың,еңбексүйгіштік пен парасаттылықтың, табандылық пен біліктіліктің үлгісін көрсетіп 2001  жылдың 1 қарашасы күні жарық дүниеден озды. Ұзақ жылдар ауданымыздың сауда  саласында абыройлы қызмет атқарған жан-жары Үмітай апа екеуінің артында 8 ұл-қыз 23 немере 23 шөбере қалды. «Әке көрген оқ жонар,ана көреген тон пішер» демекші ұл-қыздарының барлығы заманына сай жоғарғы білім алып үлкен ұлы:Алтынбек ауданымыздағы  № 2 автоколоннада колона бастығы қызметін абыроймен атқарса, одан кейінгі ұлы Бақытбек темір жол саласында прокурор,үшінші ұлы Ақылбек кәсіпкерліктің көрігін қыздырып жүрсе Қазыбегі аудандық аурухананың Бас дәрігері.

Шәрбан қызы еңбек зейнетінде жүрсе, Сәулесі Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінің аға оқытушысы.

Олардан соңғы қыздары Бақытжамал қызы Шиелі темір жол вокзалында билет кассирі. Кенжетай қызы «Қазақстан теміржолы» АҚ саласында (проводница) жол серігі.

Журналист ретінде өз туындыларымен талайларды тәнті етіп шалыс басқандардың түзу жолға түсуіне бағыт-бағдар, жастарға тәлім-тәрбие беріп сыбайластық пен жемқорлыққа, ұрлық пен бұзақылыққа қарсы бітіспес майдан ашқан ол комсомол. Партия қызметкері, 1953-1955 жылдары Арал аудандық советінің депутаты  бола жүріп, әр түрлі саладағы атқарған қызметтері арқылы ұлттық құндылықтарымыз бен экономикамыздың қалыптасып дамуына зор үлес қосты.

Өмір жолы өскелең ұрпаққа да, өзгелерге де өнеге болар ардақты азаматтың артында ұрпағынан өзге ел есінен өшпес аңызға айналған аты, зерттеп- зерделеуді қажет етіп сарғайып жатқан хаты мен соғыс пен бейбіт кездегі ерліктері мен еңбектері үшін алған әр түрлә грамота, диплом, төс белгі, алғыс хаттары мен 3 орден 14 медалі қалды.

«Жанымнан арым садақа» деп ар- абыройына дақ түсірмей , қандай қызмет атқарса да абырой биігінен түспеген, қандай майданда қаһармандығымен де танылған ардақты азаматтың 1945 жылы Совет Одағының Бас қолбасшысы Генералиссимус И.В. Сталиннің

1995 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, 2000 жылы да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен «Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы С. Терещенконың Алғыс хаттарын алып 1977 жылы есімі «Өскен өңір» газетінің «Құрмет кітабына» енуі таңқаларлық оқиға емесі белгілі.

Алты алаштың азаттығын, елінің егемендігін көксеген сол ардақты азамат тәуелсіздігіміздің жарияланғынын естігенде ақ таяғына сүйеніп тұрып қуаныштың  көз жасы ақ сақалын жуып «Бұл күнді көрсеткен Тәңіріме тәубә» деп егілгені де елдің есінде.

Бүгінгі жас буын, жаңа толқын үшін қоғам, партия қайраткері, еңбек және соғыс ардагері, ақын журналист Жүніс Шәукебаев атамыздың шығармалары мен қоғам алдындағы қызметтерін, соғыс кезіндегі ерліктері мен ел алдындағы еңбектерін, досы журналист Сейтқасым Сейтенов, майдангер жазушылар партизан-қаламгер Әди Шәріпов, жыр алыбы Жамбылдың хатшысы болған жазушы-аудармашы Қалмақан Әбдіқадіров, өзге де танымал тұлғалар мен қарым-қатынасын, достық байланыстарын зерделеп жазып, тауымыздың аласармай асқақтай түсуіне атсалысу міндеті тұр. Өткенімізіді білмей болашағымыздың баянды болмасы белгілі.

ІІ.1.  Майдангер-Жүніс Шәукебаев

Сұм соғыстың Жүніс ағамыз финдермен болған алғашқы сәтінен қақаған аязда Сталинград аймағында алапат шайқасып қана қоймай жеңімпаз жауынгер атанса,жеңісті жолдарын Берлинде бекітті,Жапонияда жалғастырған партизан жазушы Әди Шәріповпен сырлас болған ,қаруын кейін тастаса да қаламын серік еткен жүйрік журналист,сатира сарбазы,ақын,ширек ғасыр бойы тілші, газеттің төрт бөлімінде де меңгерушісі, редактордың орынбасары,редактордың өзі облыстық газеттің меншікті тілшісі қызметтерін жемісті әрі нәтижелі атқарған абыройлы азамат еді. Оның жауынгерлік жолы ұзақ,сол өзі 1939 жылдан әскерге алынғаннан бастап,жапон соғысы,аяқталғанша, дейін өрбиді. Ал жапондармен соғыс қашан аяқталғанын жұртшылық жақсы біледі. Бұл жолы ұзақ та болса мазмұнды.

Мен Жүніс Шәукебаев ағамыздың ширек ғасырдан астам табан аудармай шығармашылық саласындағы атқарған тиянақты еңбегіне адал қызметіне арнайы тоқталып өткенді жөн көрдім. Жүкең «Өскен өңірдің» 1989 жылғы 19-наурызындағы №33-34 сандарында жариялаған мақаласында: – Ол кезде газетке бейімділер жоқтың қасы еді. Қазіргідей оқыған маман журналистер болмайтын. Ауатком,аупартком қызметкерлері де көп тұрақтамай тез ауысып жататын. Басындағы тымағындай жұмысынан жұлынып тасталған «загатскоттың» бастығы да ауданның басшылығында болып,баян таппаған да , аудандық комитеттің қысқартылған бөлім басшыларын да газетке әкеліп  бақандай  бөлім бастығына тықпалайтын. Олардың қолынан жазу келмейтін. Қандай қиын?! – деп жазған еді.

Әрі қарай ол- Баспасөздің маңайынан көрмеген пысықайлар тіреудің, қолдаудың күшімен бір күн қарасаң редактор болып шалқая қалатын. Ол күндер кетті ғой өзімен кетсін. Бұл күндері оның бәрінен де құтылдық. Газет маман журналистер қолына көшті,-деген болатын.  Ия, Жүкеңнің  кезінде төрт редактор келіп,төртеуі кеткен. Қаламдас ағамыз солардың міндетін атқарған. Ж.Шәукебаев облыстық басылымның Шиелі-Жаңақорған аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып,Қармақшыда редактор болса,оның баспахана меңгерушісі болғанын біреу білсе,біреу білмейді. Әсірее Арал аудандық газетінің редакторы болғандығы жайлы мүлдем айтылмайды.

Менің қолымда 1954 жылғы «Социалистік Арал» газеттерінің сарғайған Жүніс Шәукебаев ағамыздың «редактор » деп қойылған қолы бар тігінділері тұр. Демек,Жүніс ағамыз облыстық газетті,облыстың төрт ауданының газеттеріне жетекшілік жасаған. Біз мұнан бұрын облыстық газетте еңбек етіп,Қармақшыда редактор болған Қален Әбдешев ағамызды мақтан тұтып,алға тартатын едік. Әрине «Өскен өңірден» бастау алып,еліміз бойынша нәтижелі еңбек етіп жүрген әріптестер қазір қаншама десеңші. «Астана хабары», «Жас алаш», «Ақ жол» қазіргі  «Айқынды» басқарған бір ғана  Нұртөре әріптестеріміздің өзі не тұрады.?!

Бірақ жоғарыда айтқанымыздай ол кезде жорналшылар жоқ еді. Сондықтан бұлар әрқайсысы бөлек-бөлек, кесек-кесек,өзгеше тұлғалар арнайы әңгімелеудә қажет етеді. Енді әріптес ағамыздың шоқтығына биіктігіне тоқталсақ. Барлық шығармашылығы бар жандар секілді жас күнінен Жүкеңде өлең жазудан бастады.,өмірінің соңына дейін осы өнерін шарықтата білді. өз естелігінің бүгінде Сталинград майданында ұрыс сала жүргенде «Ленин жолының» әбден ысылған тілшісі Сейтқасым Сейтенов ақындық шабытқа толы жауынгердің рухын көтеретін жыр шумақтарын жолдайды.

Сонда қанаттанған қаһарман » солдат Сейтқасым досына майдан шебінен:

Қарасы батып соғыстың,

Болар талай сауық той.

Кегі қайтты намыстың

Уайымды жауып қой.

Мен барғанша ауылға ,

Сүйіктіңді тауып қой.

Ауырмашы ауырма

Ел іші толы рух қой,- үшбу хат жолдап жібереді. Со Сейтқасым ағамыз Жүніс досы соғыстан оралғанда оны Шиелінің сол кездегі «Стахановшы» газетіне арнайы алып келіп,жауапты хатшы қызметіне орналастырады. Жалпы Жүкең С.Сейтеновты өнебойы ұстаз тұтты. Ол туралы өзі де :- Мен тәрбиелеген лауазымды редакторлар болған емес. Оның міндетін атқарған да,ұстазым да  өз құрбым Сейтқасым болды. Оның адамгершілігіне өмір бойы басымды иіп өтерім сөзсіз,-деп шынайы сыр ақтарады. Соның айғағындай  дүниеден ерте озған досы Сейтқасымның 70 жылдық асында Жүкең;

-Жер қозғалса қозғалмас

Сабырлы еді,сабырлым

Әрі-бауыр,әрі-дос

Қадірлі еді ,қадірлім.

Өзіңді қатты сағындым

Сағындым ау сағындым. –деп сағынышын аңғартса,алпысқа толған Сейтқасымның жан-жары Мәрияға :

-Мұңға,шерге көңіліңді ықтырмай

Сейтқасымның шаңырағын жықтырмай

Алпыс жастың асқарына шықтыңба?

Ар,беделге қылау-тозаң жұқтырмай,-деп толғанады. Сонымен қатар,Жүніс ағамыз фельетон жазудың шебері болатын,жалпы сатира жанрына қалам тартқан қаламгер,сатира саңлағы.Сықақшы Жүкең Сыр бойының сатириктері Сақтапберген Әлжіков,Мырқы Исаев Сейтқасым Сейтеновтермен баспахана меңгерушісі бола жүріп те етене жақын болады. «Социалистік Арал» газетінің редакторы кезінде де фельетон жазды. Мысалы,1954 жылы сол газетте «Сыбайластар сырласты,сырласты да сырды ашты». «Сыбайлас сұғанақтар» фельетондарын сықақ өлеңмен сынап,қара қылды қақ жарып,қара сөзбен де аяусыз мінеді. Өзі редактор болғандықтан «Е.Ертай», «Есенгелдиев Ертай» деген бүркеншік атпен жазды. Естуімше,ардақты ұстазымыз болған Ертай ағай оның досы,замандасы,жақын сырласы екен. Шалғайда жүріп те дос есімін осындай өткір фельетондарына қойып жүрген.

Жүкеңнің тілі жатық жалпақ елге жетімді,көркем келетін. Сол 1966 жылы «Өскен өңірдегі» «Майшы сазында» мақаласының әу басынан –ақ әдемі жолдарға кезек  береді. Қаратау кербездің қыр-қырқасын қуалай  «Ақмылтық» асуынан басталатын даңғыл жол Кентауға дейін кете берсе керек. Оған түскен автомашина бірде қояндай құлдырап, ойға зымыраса,енді бірде қырға қасқая тартады. [2]

Шәукебаев Жүніс ақсақал да сонау 1939 жылы әскер қатарына алынып ғұмырының ең татымды, тәтті жылдарын, жалынды жастық шағын от пен оққа оранған соғыс даласында өткізді.

Фин соғысына қатардағы жауынгер сапында отан соғысында Ленинград қоршауындағы қанды қырғынға қатысады.

Сол кездегі мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Германияның  шығыстағы ең сенімді одақтастарының бірі жапондықтар Кеңес одағына тұтқиылдан шабуыл жасамақ ниетте екенінен мағлұмат алысымен ерекше жағдайдағы Армия жасақтайды. Өйткені  жапондықтардың соғыс тактикасы, іс-қимылдары тіптен бөлек. Олар суды да, нуды да улап, ауаны ластап, адамзат түгілі жан-жануарларды жер бетіндегі бүкіл тіршілікті әп-сәтте жойып жіберер індетті дерттер,қауіпті аурулар тарату арқылы да соғыса береді. Сол үшінде бұл соғысқа бет әлпеттері дене бітімдері соларға ұқсас, дені Азия халықтарынан әскерге молырақ алады. Ал біздің Жәкеңді әскери кітапшасындағы «қазақ» деп жазылған сөз болмаса тура жапонның өзін таптық деп ойлап қалған олар мұны әскери училищеге оқуға жіберіп бұл соғысқа офицер шенінде ұрысқа кіреді.

Жәкеңді германия тізе бүгіп, біздің жауынгерлер Жеңіс тойын тойлап жатқанда бұлар қара күзге дейін қанқұйлы жаумен шайқасты. Денесіне жарықшақ, оқ тиіп жаралы, талай қанды көйлек қаруластарынан айырылып қаралы да болды. Әйтсе де жау жеңілді. Өздерінің әділетсіз соғысын мойындады. Яғни біздің Жәкеңнің Жеңіс мерекесі тіпті үшеу деп те айтуға болады.Оның алғашқысы ақ Финдермен, қалғандары Германиямен, Жапондармен болған ұрыстар.Соғыс жылдары партизан жазушы Әди Шәріповпен жүздесуі, пікір алысуы мұның өмірінің арнасын өзге бағытқа бұрғандай әсер етті.

ІІ.2. Қаламгер Жүкең өткен жол

Түр-түстері жапондықтарға ұқсас 10 жауынгердің бірі болып Петерголб дачасында арнайы дайындықтан өткізіліп, жеңісті Берлинде қарсы алса да Жапониямен соғыс әлі жүріп жатқандықтан Маньчжурияға жіберіліп милитаристік Жапонияның Квантун армиясының самурайларына қарсы соғысты Нугдент қаласында аяқтап сол екі бірдей соғыстағы ерліктерінің куәсіндей «Германияны жеңгені үшін», Жапония империалистеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысып «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары және өзге де орден, медальдары мен марапатталған аға лейтенант Жүніс Шәукебаев туған жеріне оралып туған жерді түлету жолында аянбай тер төкті. 1946  жылдары аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған Жүніс атамыздың жазу-сызуға бейімділігі ме әлде досы журналист Сейтқасым Сейтенов,жазушы –аудармашы Қалмақан Әбдіқадіров,партизан- қаламгер Әди Шәріповтардың ықпалы ма әйтеуір 1947  жылы аудандық «Стахановшы» газетіне жауапты хатшылыққа ауысқандығы, ол 1950-1952  жылдары Алматыдағы екі жылдық Республикалық партия мектебінің курсын бітіріп келісімен Арал аудандық «Социалистік Арал»газетіне редакторлық қызметке жіберілгені белгілі. Жан-жақты білім алып жастық жігерін халқының, елінің дамуына жұмсар шағы Ұлы Отан соғысымен тұстас келіп, білімін елге келген соң жалғастырып еңбектен қол үзбей оқуының нәтижесінде  Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік педогогикалық  институттың тарих факультетін бітіріп шықты. Газет беттерінде талай өлең-жырлары, мақалалары жарыққа шығып, жұртшылық жүрегінен жол таба білген оның сол кезгі псевдонимі өзінің досы Ертай Есенгелдиев болатын.  Поэзия,проза,сатира дейсіз бе қай жанрға да қаламы жүйрік, оның  фельетонист-журналистігін жоғары бағалаған. «Халық айтса қалып айтпайды». Оның қаламынан туындаған «Сыбайлас сұғанақтар», «Сыбайластар сырласты,сырластыда сырды ашты» т.б фельетондары біреулердің шымбайына батса, біреулердің айызын қандырып,енді біреулеріне ой тастап сабақ болардай еді. 1955-1959  жылдары Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің меншікті тілшісі 1959-1962 жылдары Шиелі аудандық газетінің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарып

1962  жылы «Ленин жолы» газетіне  тілшілікке ауысқанымен 1963  жылы туған жеріне келіп аудандық «Өскен өңір» газетінің орынбасары, (поллиграфия) Баспахана меңгерушісі болып,ал 1978  жылдан бастап Шиелі аудандық кәсіподақтар комитетінің, кейіннен аудандық ДОСААФ комитетінің Бастығы қызметтерінде болып 1982 жылы зейнеткерлікке шыққан соң да 6 жыл бойы аудандық Балық аулау қоғамын басқарып, сексеннің сеңгіріне шыққанша еңбектен қол үзбей кейінгі буынға қайсарлықпен адалдықтың,еңбексүйгіштік пен парасаттылықтың, табандылық пен біліктіліктің үлгісін көрсетті.Бұрындары да соғыс сәл саябырсыған сәттерде жүрегін жұлмалап, асау қан тамырларында бұлқынып жататын сезім пернелерін елге, туған жерге, бауырларға деген  сағыныштарын жазуға деген өшпенділіктерін қағаз бетіне жыр жолдарымен түсіретін соғыстан  оралған Жүкең қаруын тастаса да, қаламын тастамай тағы да майданға шықты.

Бүгін думанды той. Мерекеге бұл үйдің  де ерекше әзірленгені жиһаздарының әрі таза, әрі жинақтылығынан-ақ сезіліп тұр. Міне кең жайылған мерекенің мол дастарханы. Айнала отырғандар ішінде үлкендер де, кішілер де бар. Барлығының да жүздері нұр жайнайды,көңілдері  көтеріңкі .  олардың көпшілігі төрде отырған ұстаздың бұрынғы шәкірттері, жауапты-жауапты жұмыстағы белгілі кісілер. Дастарханнан тағам алған сайын барлығы да өздерінің ұстаздарына бәйек болып, үлкендік ақыл күтеді, арқа тұтады.

Бұл күнде жігіт ағасы болып қалған талдырмаш денелі, қыр мұрынды келген ат жақты, ақсары жүзді осы бір ұстазды  мектеп коллективі арасында қадір тұтпайтын, сыйламайтын кісі кемде-кем шығар. Ол таңдаулы, тәжірбиелі мұғалімдерінің бірі – Ақат Әйтпембетов жолдас. Ақаңның мағналы сөздерін шәкірттері де ұйып тыңдайды, зілсіз жарасымды әзілдерін құрбы-құрдас, кіші-замандастары да шын жүректерімен қабылдайды. Қандай бір мәселеде болмасын жаңсақ баспай әрдайым тауып сөйлеу, асып кетпей көздеген нысанаға жетіп тоқтау оның дағдасына айналған тамаша қасиеті. Сол үшін де ол көпшілікке қадірлі.

Әйтпенбетов  жолдастың ұстаздық өнерімен айналысқанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Бұл мерзім ішінде 10 жыл ұдайы мектеп директоры болып істеді. Талай түлектерді қанаттандырды , алтын ұя мектебінен ұшырып, өмір өріне, білім төріне аттандырды.

Қазір Ақат Әйтпембетов Октябрьдің 14 жылдығы атындағы қазақ орта мектебінде тіл-әдебиет пәнінен сабақ береді. Ол сабақ берген кластағы оқушылардың көпшілігі тіл-әдебиет пәнінің «4» «5» деген бағалармен үлгереді.

Ол өз шеберлігін арттырумен қатар, өзгелергеде қол ұшын беріп көмектесіп отырады. Жуырда болғант мектептегі мұғалімдер кеңесінде Ақаң мыныдай бір орынды пікірлер айтты:

-Жаңа осында кейбіреулер осы күнгі балалардың оқуға ықыласы жоқ,оқығалары келмейді. Сондықтан сабақты үлгермей жүр деп кетті. Бұл дұрыс емес. Сабақты үлгірмеушілер қай пәннен үлгермей жүр, қанша уақыттан бері үлгермейді , сол мұғалімдердің сабақ беру әдістері, ізденулері қалай екен соны зерттеуіміз керек . Бұл бостекі сөз,  ақталу ,өздеріне шаң  жуытпау әрекеті. Менің байқауымша біздің арамызда тікесінен-тік жүріп тек үйден мектепке келіп 4-5 сағат сабақ бергенін қанағат тұтып , қоғамдық жұмысқа араласпайтын оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істемейтіндердің әлі де бар екенін  жасыруға болмайды. Ақаң оған көп фактілер келтірді.Тәжірибелі ұстаздың   оралымды осындай тағыда басқа пікірлерді,ойлары отырған жұртқа қатты ұнады.,қолдау тапты.

Ақат Әйтпенбетов жолдас мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жолға қоюға әрдайым осылай көмектеседі,белсене қатысады,ақыл айтады,үлгі болады. Бұл оның ежелгі дағдысы.

Жақында Сыбайлас сұғанақтар фельетоны жарияланысымен ондағы кейіпкерлер терілеріне сыймай ісініп кетті. «Ашылар сыр ашылды,жасырар кылмыс білінді.Ендігі біздің ісіміз газетке мақала бергендермен болсын» деп бұлаң талаң болды.

-Япырмай,-деді Сұлтанов мыйығынан күліп,Қайыпберген Дошымовтың орнына қойған склад  бастығы Әбілдаев Жүсіпбек,балық дүкеніне сатушы етіп орналастырған Нұрымбетов Шәкір,жаңадан экспедитор қызметіне алғалы отырған Шәменов Садуақаc тіпті чайныйдың склад меңгерушісі Абдырамановтардың барлығы да ағайындарым ғой.

Бұларды тегіс –сүбелі орынға қойып,ыңғи ыңқып тойып отырған  да бір өзім. Байқап тұрсам,қалалық балықшылар кооперациясы менің көкемнің үйінде,ондағы бұйымдар өзімнің мүлкімдей болған екен ғой. Айтқандай,бұлардың төртеуі де сауда орындарынан талай қуылып,сотталған да еді.

Бірақ ағайынның аты ағайын ғой. Жоғын жасырып,барын асырмаса ағайынның қажеті қанша?

Мұның бәрі қылмыс-ау,ә? Әттең қыйналдыратын жерің де осы-ай.

Сыбайластар сырласты

Сырласты да сырды ашты.

-Жегенде сондай жақсы едік

Қайттік,-деп енді шуласты.

Алғашқы да бірі айтса,

Мақұлдап бәрі тыңдасты.

Есіттермей өзгеге

Өзара әбден мұңдасты.

Ақырында ашумен

Шығып та кетті тілде ашшы.

Ашылғанда қылмысы,

Ұмытады екен қыймасты.

Қайда апарып қоярмыз?

Деп қорықты бір басты

Алдымен жеген сен,-деді.

Қостаған сені мен-деді

Алды,артыма қарамай

Жей бергенім нем,-деді

-Жылға жақын жасырдық

Аулақ жүр енді ел-деді;

Бас сауға керек әркімге

Жауабын өзің бер деді

Сұлтанов пен Қобанов,

Отырып алды тобарып,

«Кім ашты сырды,құрт соны»,

Деп түйді сөзді доғарып.

-Е тыңдаңдар туыстар

Арада аздап суыс бар.

Ақылдасып алайық.

Болып қалды тыныс тар

Бәріміз жақын жекжатпыз

Ендеше қандай ұрыс бар?

Ішімізде бір бөтен,

Жамал деген «қуыс» бар.

Баспа орнына сол барып,

Айтты деген «Сыбыс» бар.

Намыс қой, қызба кім деді

Бұл жұмысты дұрыстар?

Көзіміз біздің көрмеді

Жүзін тіктеп білмеді.

Жоғарғы ашу сөздерді

Сұғанақтың бірі айтқан,

Өтірік емес шын айтқан.

Елібаев есіріп,

Көшені кетті көшіріп

«кәзір барып мен өзім

Келейін үнін өшіріп!»

Өтешов оны қостаушы

Әбілдаев тосқаушы

Нұрымбетов айқай сап,

Жол көрсетіп бастаушы

Тырнадай бәрі тізіліп,

Кете барды шұбырып,

Тапқан кезде Жамалды

Жауыпта кетті жұдырық.

Шапалақ кетті шартылдап,

«Құртамыз»деді барқылдап

Жазықсыз Жамал көзінен

Отта шықты жарқылдап….

Көрдіңдер ме жолдастар!

Бұлар азғын адамдар. 

Суық қолды сұғанақ,

Пейілі жаман надандар.

Сұмдықпен өмір сүргенге

Қулықпен күн көргенге.

Қаһары күшті халайық,

Жазасын айт ылайық!

Сырдың бойын жағалап өткен Асан қайғы  әр бұтаның түбінен пырылдап  ұшып жатқан қырғауылы мен бөденесін ағып жатқан дарияның бетінде ойнақ салған сары сазаны мен жайынын көріп тұрып: «Бұтасының түбі сайын бір кесек ет екен,бұл жерді мекендеген елдің өзегі талмас» депті деген аңыз әңгіме бар .Сол сияқты табиғаттың мәні мен маңызын,ырыздық-ырысын , дертке дауа ауасы мен жанға жайлы өрісі мен қонысын,тағы басқа да толып жатқан қасиетін айта берсек,санап тауыса алмаймыз. Біздің қазіргі сауатты да салауатты да саналы ортамыздың байлығының таусылмайтын қазына екендігін де жақсы біледі. Партиямыз бен үкіметіміз бұл ұшан-теңіз байлық пен әсемдікке жанашырлықпен қарауды алдымызға үлкен міндет етіп қойып,нұсқаулар берді.

Партиямыз бен үкіметіміздің қарулы-қарарларын насихаттап,түсіндіре отырып жұмыстарын жүйеге келтіруді жолға қою аңшылар қоғамының алға қойған ең бірінші жұмысы. Қазір ауданымызда оның 657 мүшесі бар. Олардың қолдарындағы мүшелік билеттерінде аңшылық жасау,балық аулау ережесін қатаң сақтау жағы тайға басқан таңбадай анық та түсінікті етіп көрсетілген. Оның үстіне жыл сайын жарна төлеу кездерінде, ұйымдық жиналыстарда,мәжіліс кеңестерде анықтамалар беріліп жатады. Қоғам оларды оқ-дәрімен қамтамасыз етеді,тиісті орындардың рұқсатымен мылтықтар да сатылады да негізгі өндірістік жоспар бар. Бұл жоспар өткен жылы 37 мың сом болса,биыл 42 мың сомнан асып,мерзімінен екі ай бұрын орындалып отыр. Бұл мекемеге аудандық Советі ұсыныс шешімдері бойынша Қазақ ССР Министрлер Советінің қарарымен бекітіліп берілген дарияның жағасында қырғауыл мен жабайы аңдар өсіретін Шиелі қорығы «Көккиірім», «Бестам», шаруашылықтары қарайды.

Бұл аталған қорықтарда егін егіледі. Арнайы жасалған бастырмалар астына қолдап дән шашылып,ұй құстарына тән қамқорлықтар қырғауылға да жасалынады. Бұрынғы жылдары 20 сотықтай жеріне сыпырғы егіліп келсе,биылғы жылы 9 гектар жердің шеңгелін қолдап отап, 6 гектар жерге

жоңышқа мен бидай,2 гектар жерге жүгері мен сыпырғы,30 сотықтай жерге тары егілді. Олар жайқалып шықты. Алайда осыншалық өнім,бейнет заяға кетті. Жақаев атындағы колхоздың Ауғанбай деген бақташысының бағып жүрген 500-дей сиыры қораны бұзып,есіл егістікті таптап өтті. Міне мұның өзі кейбір адамдардың табиғат байлығына жанашырлықпен қарай білмейтіндігін көрсетеді. Бақташыға қанша ескертіп айтқанымызбен ол құлақ аспады. Содан кейін ол жерді қайтадан айдап, 2 гектар жүгері мен сыпырғы,асқабақ ектік. Қораны қайта жасап,300 метр жерге ор қаздық.[3]

Сонау   «Сауысқандық» шыңынан батысқа қарай сүйірлене созылған» қаратау сілемдері, «Телікөл» каналына тірелер шақта шоқтығын жоғары тағы бір көтеріп алып, тұқыл тұйықтала қалады. Даңқты көне заман ескерткіші Египет пирамидалары тәріздес келген еңселі осы шоқаттар ішінде Ақтау ақбоз үйдей жарқырап,қозы көш жерден көз тартады. Оның арқа беті тақтайдай жазылған, «сегізсай» даласы да күнгей жағы түстікке аз-кем айшықтана ойысқан,ықтасыны   мол,шаруаға қолайлы кең арналы қойнаулы болып келеді.

Осы алқапты Ленин атындағы колхоздың Дана Сапаров басқарған қой фермасының еңбеккер шопандары жайлап отыр. Бұл күндері фермада төл алу қаракөл дайындау, қой қырқу жұмыстары түгелдей аяқталды.

Міне олар социалистік жарыста қол жеткен табыстарын  ортаға салғалы,жаңа бағыттар алғалы әдейілеп Мәтіш Шерімбетов ақсақалдың үйіне жиналып та үлгерді. Мәкең топжарған таңдаулы тарландардың бірі. Оның биылғы көрсеткіші де жаман емес. Жыл басындағы аналыққа шаққанда әр жүзіне 13 бастан қозы алып, сертен екі етпей отыр. Бұл бір парасат  иесі кісі. Оның бүкіл семьясы қой түлігін қатты қадірлейді, өз істеріне ынты-шынтысы мен кіріседі. Табан тірер інісі Досназар да,келіні Жанат та жалынды жігерге тұнған жайдарлы,жақсы жастар. Осыдан да болар,бұл үй мейманынан саябыр таппайды. Құшағын жая қарсы алып, ілтипат –ибамен күле шығарып салып жатады..

Ақсары азамат кісі Біркенов Өтеш те, қара сұр келген жігіт ағасы Нұржанов Әбіл де ,мейірлі , дөңгелек жүзді Сақтап қарияда осында бүгін. Бірімен бірі амандық алысып, қайырлы ниет білдірісіп жатыр. Кеңес келелі болды. Алынған қозы, қырқылған жүн, өткізілген ел тірі есептелді. Әлі де туатын қойлар,алынатын қозылар да ескерілді. Ферма бойынша жыл басындағы аналыққа шаққанда 121 бастан қозы алынып 5257 қаракөл елтірісі өткізілгенде елтірінің сорттылығы 67 пайызға жеткізілген. Жабағы жүн килограмнан айналыпты.

Фермадағы шопандарлың жарыдан астамы 130-148 басқа дейін қозы алып, міндеттемелерін артығымен орындаған. Бұл ірі көрсеткіш.

Жоғары көрсеткіштер шопандар көңілін бір көтеріп тастады білем,олар бірін-бірі құттықтап,той жасар күндерінің кесімін айтуда.Мәкең тіпті  кереге басындағы  шашақты домбырасын жұлып  алып, күмбірлете күй тартты да қоңырлатып әнге басты.

Ал, Дана қамқор болар қарттарың бар

Шопандар,міндет алған шарттарың бар.

Қозы аман,қой қырқылды малды жайып

Шойлатып қоңын жылдам арттырыңдар

Шопанның бастық болған Данамыз бар.

Камалдан озатұғын шамамыз бар

Жүзіне қос қозыдан жоғарымыз

Қазір-ақ жер мен көктей арамыз бар,

Ой пәлл» сөзі-ақ! Озамыз-озамыз,екінші фермадан –деп шопандар дүр сілкіністі.

Әбіл мен ер Балтабай Жаппарым бар

Көңілімде талайының аттарың бар

Нұрғазы,Жұматай мен Өтеш батыр,

Табысты тасқындатып ат салыңдар!

Мәкең енді бір мезетте өз құрбыларымның құлақ құрышын қандырайын дегендей миығынан бір күліп алды да

Жаман ат қамшы ұрса да шаба алмайды

Сақтап пен Назарбай қой баға алмайды

Жасырып,күлтектетпей бетке айтайын

Өзімдей төлді тағы ала алмайды.

-Ау, Мәкең енді қамшы басты қозғалмай көр,қалай тиер екен!-деп ду күлісті олар.

Шопандар кеңесінің соңы суырып салма өлеңге ұласып,ақын тілден шыққан сөз нысанаға дөп тиіп жатты. Жасанды емес,нағыз жарыс дәл осылай күшіне еніп жатты сол күні.[5]

Қорытынды 

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері халқымыздың қадір тұтар ұлдары мен қыздары, олардың өмір жолы кейінгі ұрпақ санасында жаңғыртылып, ардақталуда.

Туған елін жаудан қорғап, аман-есен оралған, одан бейбіт еңбекке араласа жүріп жоғары білім алуға қол жеткізудің өзі қаншама ізденудің арқасы.

Республикалық жоғары партия мектебінің Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институттың түлегі Жүніс Шәукебаев ауданның қоғамдық өміріне белсене араласты

Қоғамдағы түрлі келеңсіз  жағдайларды шығармасына арқау етіп әшкереледі. Әсіресе фельетон және сатиралық шығармаларындағы сыналған сыбайластық, жемқорлық мәселелері бүгінгі кезеңде де өткір қойылып отыр. Аудандық және облыстық баспасөзде қызмет ете жүріп сол кезеңдерде жарияланған мақалаларында жыр шумақтарында,  сатирикалық жанрдағы шығармаларында өзекті мәселелерге қалам тербеген. Туған жерге,елге, табиғатқа сүйіспеншілігі, ерекше байқалады.

Фин соғысынан бастап Жапонияны талқандаумен аяқтаған майдангер кейін қаруын тастасада қаламын серік еткен журналист, сатира сарбазы ақын, тілші газет редакторы

Зейнетке шыққаннан кейін аудандық аңшылар қоғамын басқарып, әлденеше жыл аң-құс қорғау инспекторы қызметін атқарып ел байлығын, жер байлығын талан-таражға салатындармен күресті.

Жүніс Шәукебаев үлгілі отбасы, зайыбы Үмітай Пірманова екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеген,олар қазір түрлі салада абыройлы қызмет етуде.

Қорыта келгенде Жүніс Шәукебаев кез-келген құрметке лайықты азамат.

Ұсыныс

  1. Тарихи тағылымы мол, өмір жолы боларлық Жүніс Шәукебаев есіміне Шиеліде көше аты берілсе.
  2. Шығармалары жергілікті баспасөз арқылы жұртшылыққа  кеңінен таныстырылып отырса.
  3. Жас қаламгерлер арасында шығармаларынан конкурстар, жарыстар өткізіліп әсіресе    сатиралық  жанрдың тағылымы насихатталса  деген ұсынысым бар.
You May Also Like

Қымыз, ғылыми жоба слайд

Ораза-жанның азығы, тәннің шипасы, ғылыми жоба слайд

Домбыра, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Бағыты: қазақтың ұлттық аспаптарын насихаттау Секциясы: тіл білімі, қазақ әдебиеті…

Отандық математика ғылымының жағдайы және даму бағыты туралы ойлар, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Отандық математика ғылымының жағдайы және даму бағыты туралы ойлар…