Қазақ халқының көне зергерлік өнері

Орындаған:  Әубәкір Аяулым Сүйіндікқызы

Зерттеу жұмысының  өзектілігі:  

Қазақ халқының ұлттық нышанының бірі — зергерлік бұйымдар. Өз жұмысымда Сіздерге зергерлік бұйымдардың  адам өмірінде пайда болу тарихы мен  мен түрлері, олардың қасиеті туралы айтқым келді.

Ғылыми жоба мақсаты:

  • Қазақ халқының көне зергерлік бұйымдарын зерттеу;
  • Зергерлік бұйымдардың түрлерін жинақтап талдау, салыстыру;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды зергерлік өнердің  түрлерімен таныстыра отырып,қызығушылығын, белсенділігін арттыру;

Ғылыми жоба міндеттері:  

  • жұмыстың мақсатын анықтау;
  • дерек көздерін жинақтап саралау, сараптау;
  • интернет мәліметтерін саралап, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

Ғылыми жоба жаңашылдығы: зергерлік бұйымдардың қасиеті, оларға  байланысты айтылатын ырым жоралардың мағынасын ашу .

І  ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда — ақ қолға алынғандығын айғақтайды.

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр — сырын  ұрпақтан- ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған – әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай- ақ діни-идеологиялық, әдет — ғұрыптық,  салт — дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
Негізгі материал ретінде тіл- көзден, пәле -жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды.
Ата — бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдар Сырым Датұлы атындағы тарихи — өлкетану музейінде де сақтаулы.

Енді зер сөзінің этимологиясына назар аударайық: зер сөзі 1. Әшекей, сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түстес қымбат металл. Зер қадірін зергер біледі. (Мақал); 2. Алтын, күміс, мыс талшықтарынан тоқылған қымбат мата, кесте, оқа. 3. Зер талшықтарынан алынған жылтыр жіп. 4. Зермен безендірілген ою, өрнек, әшекей. Зер белбеу, зер шашақ, зер жіп сияқты.

Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері.

Зәр сөзі парсы тілінде алтын деген мағынаны береді. Зәргәр, зәркеш жіңішке алтын жіп жасайтын зергер. Зәргун – алтын, алтынданған, алтын сияқты; зәрнешан – алтынмен әшекейленген деген мағынаны береді.

С. Қасиманов «зергер» сөзін «Қазақ халқының қолөнері» кітабында қош етер, қош етуші (жұрттың бәрін қуантатын шебер) деп де атап өткен.

Бірақ, алтын, күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Осыған қарай оларды зергер деп атау Орта Азия халықтарында ерте кезден — ақ қалыптасқан.

Қазақ зергерлері  көбінесе жеке-дара  жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын  ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын ала  арнайы  дайындықтан  өтетін, белгілі  бір құрал-саймандарды ғана қолданатын. Зергерлердің соғатын заттарының  түрлері өте көп болған. Оған  әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке  тағатын түрлі  сәндік бұйымдары, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқтар, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат-тұрман әбзелдері және тағы басқалары  жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе, күмісті  молырақ қолданған. Зергерлер металдың өңін ашу шеберлігін жете  білген. Соғу  арқылы белгілі  бір қалыпта түсірілген  күмістің  өңі күңгірттеніп кететіндіктен, оның  үстіңгі бетін қайтадан бипазбен  типылдау  арқылы  жылтыратып, майда нақыштармен шекімелеу  тәсілімен  өрнектеп барып тартымды құлпырмалы  түске келтіретін  болған. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастарда және агат, хризопраз, інжу, маржан, жақұттан көз қондыру арқылы да  әсемдей түскен. Түрлі түсті шыныларды және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған.

1.1 Зергерлік бұйымдардың қасиеті

Қазақ  халқы ежелден күмістің адамға игі әсер ететін айрықша қасиеті бар деп білген. Күміс жүзік тағумен ғана шектелмей, нәрестені шомылдырғанда суға теңге тастап: «Баланың күні күмістей жарық болсын», — деп жоралғы жасаған.

Көз-сұқтан сақтану үшін арнайы жасалатын тұмарлардан басқа  әшекейлердің  киелік қасиеті онша емес, алайда олардың да тартымды  әрі сәнді жасалуына баса көңіл бөлінген. Кәдімгі сырғаның өзінің  де әуел баста кісіге медеу  беретін киелілігіне қарай оны қыздарға бала жастан тағатын болған.

Әйелдердің  жасы ұлғайған сайын  әшекейдің түр-сипаты да өте қарапайымданатын. Тіпті, келе-келе кілт немесе теңгемен алмастырыла салатын шолпы да,  әйелдердің үнемі  тағып  жүретін әшекейі саналады. Халық арасында: «Адам жанының бір ұшығы шаш  арасын мекендейді» деген наным  сақталып келгендіктен  қоңыраулы, сылдырмақты шолпыны шашқа бәле- жаланы  маңайлатпайды деп  ырымдап таққан.

ІІ.   ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Сақина–жүзіктер. Сақина, жүзіктерді сиқырлы күші бар заттар деп қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина не жүзік салып жүруге тиіс болды. Бұл ретте қазақтың: «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» — деген қағидасы бар.
Сақина — жүзіктердің үш — төртеуі әдетте сәндік үшін киілген. Ал үлкен айтулы жүзіктерді мереке — тойларда егде әйелдер тағып шыққан. Сақина мен жүзіктің киелігі мен қасиеттілігіне сену ғұрпы Шығысқа кең тараған түсінік.

Құдағи жүзіктер. Батыс Қазақстандық «құдағи жүзіктер» екі бастаудың, екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыз шешесі құдағиына салады.

Сырғалар. Әшекейлердің тіл – көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі – сырға. Ол әйел затының бала кезден бастап өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрлері бар. Ширатпа сырғалар шебер әшекейленгендігімен әрі нәзіктігімен ерекшеленеді. Ол жеңіл келген, қиюы жарасқан ширатпа сырғалар қоңырау қалыпты салпыншақтарымен жақсы үйлеседі. Халықтың көне діни сенімімен астарланып жатқан ай сырғалар бұрын да, бүгін де кеңінен таралған. Пішіміне орай бұл сырғалар космологиялық – ғарыштық нақыштармен әшекейленген. Ұзын шынжырлы ілдіргілерге бекітілген дөңгелек бітімді сырғалар да өте сәнді көрінеді.
Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған.

Білезік. Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады. Білезіктер жәй және топсалы болып бөлінеді. Сондай – ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы «бес білезік» деп аталады. Білезіктің ашпалы – жаппалы түрін қақпақ білезік дейді. Иіліп істелетін жұмыр білезіктердің екі қоспасын кигенде жыланның бас пішініне келтіріп, ортаңғы бөлігін жуандау етіп жасайды. Формасы ХХ ғасырда қалыптасқан сағат білезік түр ерекшелігімен қызықтырады. Қыздардың тағуы үшін нәзік те сымбатты өрнектеліп жасалатын жұқа селдір білезіктердің іс –мәнері де арнайы атап өтуге тұрарлық.

Қапсырма. Қапсырма, қаптырма, ілгектер ілмек пен сақина тәріздес дөңгелекшелерден құралған екі бөлшектен тұрады. Зергерлер қапсырмалардың гүл, жапырақ, таңба пішінде түрлерін соққан. Қаптырма камзолдардың түймелігі қызметін атқарады. Қапсырма киімнің екі өңірін біріне – бірін қаусырып тұру үшін белдің тұсына ғана, кейде жалпы сәндік үшін өңірдің ұзына бойына бірнеше жерден де тағыла береді.

Шекелік. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өзіндік пішімін сақтап қалған самайлық әшекейлер – шекелік көп тараған. Бұйымның композициясына назар аударсақ. Оның барлық құрамдас бөліктері – қалыпқа құйылған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес пішіндері әсемдік сымдармен жалғанып келіп, шілтерлі қондырғы құрайды да, ұзынша түзу өзекке бекітіледі.

Тұмарша. Тұмар (бойтұмар)-асыл тастарды тізіп әшекейлеп, алтын, күміс жалатқан қымбат бағалы метал не былғары қорапша  (үш бұрышты, кейде төрт бұрышты) ішіне тіл-көзден, ауру-сырқаудан, пәле-жаладан сақтайтын дұға жазылған тәбәрік: ұлутас, үкі қауырсыны, киелі саналатын т.б. нәрселер салынады.Жастық тұмар, қиық тұмар, лағыл тұмар, тұмарша түрлері бар.Әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер де өзінше қызықты. Олар – эстетикалық қызметпен бірге тіл – көзден қорғаушы қызметін қатар атқаратын: тұмарша, бой тұмарлар. Тұмарда тылсым күш, қасиет бар деп саналған. Құран үзінділері, теңіз, өзен бақалшақтары, үкі қауырсыны, қой, түйе жүндері тұмардың ішіне салынатын болған.

Өңіржиек. Омырау әшекейінің тағы бір түрі — өңіржиек те арнайы назар аударуды қажет етеді. Өңіржиек бала емізетін әйелдің міндетті әшекейі болып саналған себебі, ол әйел омырауын тіл – көзден сақтайды деп есептеген. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі — өңіржиек. Өзара бір – біріне шашбау секілді етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үлкенді – кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі. тәсілдермен жасалады, ал даралық мәнер сирек кездеседі.

2.2 Шолпы, шашбау. Халық арасында «Адам жанының бір ұшы шашының арасын мекендейді» деген наным сақталған. Сондықтан да шолпының ұшына бәле – жаланы маңайлатпайды деп қоңыраулы сылдырмақ тағатын болған. Шолпы, шашбаулар бір жағынан әшекей болып саналса, екіншіден, қыз шашының ұзындығы мен қалыңдығын көрсетіп тұрады. Шашбау асыл тастар мен күміс теңгелерден, ортасына ақық орнатылған шілтерлі майда таналардан құралып, қыз бұрымының ұшына тағылады. Бұрымға тағылған шолпы сыңғыры қара ниетті күштерден қорғауды көздеген. Шолпының тәрбиелік мәні де зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды. Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады» деген сияқты тәлім – тәрбие беріп отырған.

Кейде бұрымға тағылған шолпы мен шашбаулардың салмағы үш келіге дейін жеткен, сөйтіп ол қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.

Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шолпының – көзді Шолпы (асыл тас қондырылған), қозалы Шолпы, қоңыраулы Шолпы, шынжырлы Шолпы, қос үзбелі Шолпы, маржанды Шолпы, меруертті Шолпы, ақықты Шолпы, т.с.с. түрлері мен атаулары кездеседі.

«Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.

Жас қыздар мынандай шолпы таққан: 1.Үзбелі шолпы; 2.Қос үзбелі шолпы; 3.Маржанды шолпы; 4.Меруертті шолпы; 5.Ақық шолпы; 6.Қоңыраулы шолпы; 7.Тізбелі шолпы; 8.Сағат баулы шолпы; 9.Қозалы шолпы; 10.Сылдырмақ шолпы; 11.Көзді шолпы; 12.Алтын шолпы; 13.Күміс шолпы.

Шолпы деген тақырыпқа көптеген ақындарымыз өз шығармаларын жазған болатын. Сол ақындарымыздың бірі – Мағжан Жұмабаев.

Мағжан атамыздың  5 шумақтан тұратын «Шолпы» өлеңінің әр шумағы

Сылдыр.Сылдыр. Сылдыр деген сөздер еліктеуіш сөздерден басталады да, адамға ерекше әсер береді.

Сылдыр, сылдыр, сылдыр,
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық-шық жүрек кетеді,
Күлпәра талқан боп сыңғыр.

Автор шолпының сиқырын беруде мынадай метафораларды   қолданған:

Қанымды қайнатты құрғыр,

өзекті өртеді құрғыр,

жүректі жандырды құрғыр,

есімнен аудырды құрғыр.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады. Әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Мысалы, ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Бай, ауқатты жерден шыққан әйелдер зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарының толық жинағына тапсырыс бере алады. Бар жердің қыздары салмағы үш келі шамасы күміс әшекейлер тағынған.

Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Бұл ұлттық санадағы сұ­лулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Халық зергерлері әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бей­несін жасаған. Сөйтіп, ұрпақты тәр­биелеп, көркем дүниені меңгеріп, одан әрі жетілдіре берген.

Зергерлік өнер – кәсіптік өнер. Бұл зергерлік бұйымдар адам тір­шілігінің қажеттілігін орындап қа­на қоймай, олардың өнер әлеміне деген көзқарасынан да хабар береді. Зергерлердің кәсіптік деңгейі ға­сырлар елегінен өтіп, бізге жетті.

Осы өнердің түп-тамыры сонау әріде жатыр. Әуелден олар ұстап алған тағы аңдардың тісін жіпке тізіп, мойынына тақса, кейін өзен жағалауындағы ұлулар мен түрлі-түсті тастарды пайдаланды. Олардың сол замандағы түсінігі бойынша, бұл заттар бір жағынан әсемдіктің белгісі болса, тіпті, сол замандарда ырым ретінде қолданғанын байқаймыз. Мысалы, жыланның бастарынан моншақ тақса, онда ол тіл-көзден, аурудан сақтайды деп түсінген.

Қазақтың зергерлік өнерінің да­муына көне дәстүрлерді жалғастыру және көршілес елдер мәдениетінің өзара әсері де ықпал етті. Мұны бұ­йымдардың жасалу технологиясы мен көркемдік ерекшелігінен бай­қауға болады.

Қазақ қолөнерінің тағы бір ерекшелігі – жас зергерлер ұстаз­да­рынан үйреніп, содан кейін өздері жеке-жеке өнерлерін жетілдіріп отыр­ған.
Әр зергердің өз құпиясы болған. Ол құпия отбасындағы осы кәсіпке бейімделген адамға мирас болып қала берген.
Халқымыздың қолөнерінің, зер­гер­лік бұйымдарының сан-салалы нақыштарының қалай аталатынына, қандай мағына беретіні, қай салада қолданылатыны, өрбу, даму тегі зерт­теуді қажет етеді.
Қас шеберлердің қолынан шық­қан қару-жарақ, ер-тұрман, ат әб­зелдері, тұрмыста тұтынатын әр түр­лі мүліктер мен сәндік әшекей-бұ­йымдар шынайы өнер туындысына айналған.

Асыл заттардың бәрі де жерден шығады, меруерт, маржан көлден шы­ғады, осы байлықтың иесі – адам­ның көңіл сарайынан өнер туын­дылары дүниеге келген.

You May Also Like

Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі», ғылыми жоба

Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі» Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және…

Түз тағысы-қасқыр Ғылыми жоба

Бағыты: экология  Орындаушы:Мұхамеджанова Айым                 …

Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы, ғылыми жоба

Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы. «Киіз үй – өзіндік…

Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері Үй тауығы балапандарымен…