Тақырыбы: «Кемпірқосақ»

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Кемпірқосақ – ерекше табиғи құбылыс
  2. Кемпірқосақ жайындағы аңыз-әңгімелер, ертегілер
  3. Тәжірибе арқылы жұмыстар жасау

Қорытынды

Кіріспе

  Тақырыптың өзектілігі. Алғашқы қауым адамы өзін табиғаттан, жан-жануардан бөлмеген, яғни «адам мен табиғаттың теңдігі» туралы заң қалыптасқан. Адам өзін қоршаған ортадағы нәрсенің бәрі адам сияқты жанды нәрсе, олар адамша тірлік етеді, сондықтан олармен адам тікелей араласа алады, оп-оңай бір-біріне ауысады, құбылып, бірі-бірінің кейпіне ене алады, тілдеседі деп нанған. Бағзы дәуірде адамдарға жаратылыстың, қоршаған ортаның сырлары құпия болған, кез келген құбылыстың жаны бар деген ұғым қалыптасан. Біз де осы орайда өткен тарихтың, адамзат баласының, ата-бабамыздың жүріп өткен ғасырлық жолынан ұлттық танымын, салт-санасын, әдет-ғұрпын білу үшін – осы тақырыпты аса өзекті санаймыз.Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірлерінде адам табиғат құбылыстарының шын сыр-сипатын ұғына алмаған, сондықтан оларды сәбилік балаң көзқараспен түсіндірген. Бағзы дәуірлерде адам айналадағы өктем күштердің қастандығынан секемденген, сақтанған. Бұның сыры балалардың жас ерекшелігімен, таным процесімен байланысты. Ес біліп, ақылы кіре бастаған адам перзенті жан-жағындағы құбылыстар мен заттардың қасиеттері мен өзгешеліктерін танып-білуге талпынады, қоршаған ортаның бүкпелерін игеру, ара жігін, айырмашылықтарын ажырату, салыстыру, ұқсату процестері арқылы жүзеге асады. Үйренсем, білсем деген табиғи ұмтылыстар «неге олай?» деген тосын сұрақтарға әкеп тірейді. Осылайша балаң кездегі адами түсінік оларды қоршаған ортаға, табиғатқа салыстыру арқылы көз жеткізіп, барлық нәрселер бір-бірімен байланысты деп ұғуға әкеліп соқтырмай, қиялдың жетегінде түсінікпен өмір сүруге әкелді, шындық өмір деп байымдауға негіздеді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Табиғат құбылыстарының өзгерістері мен тынымсыз қозғалыстар себебін білмегендіктен бұрын жұлдыздар мен күн, ағаштар мен өзендер, бұлт пен желді тірі жандардай туатын, өлетін, дем алып, тыныстайтын, көбейетін, жүретін нәрселер деп ұққан. Сондықтан найзағайдың күркіреуі, жұлдыздардың ағуы, кемпірқосақтың шығуынан тірі пенделерге тән мінез-құлықты байқап, олардың қозғалыстарын жануарлардың әрекеті, тіршілігі деп бағамдаған. Анимистік түсініктер кейін із-түссіз жоғалып кетпей, мифтердің өзегіне айналған, ертегілердің сюжеттік желілерінде де оның сілемдері айқын. Сондықтан да біздер өзіміздің ғылыми жұмысымызда халық ауыз әдебиетіндегі табиғат құбылыстарын, жұмбақ сырларын, құпиясын танытатын жанрлар жайында зерттеу жүргізуді мақсат еттік. Осы орайда төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Аспан әлеміне қатысты халықтық аңыздарды талдау;
  • Кемпірқосақ туралы мәлімет беру;
  • Табиғат құбылысы ретінде оның физикалық, гелграфиялық, халықтық мағыналарын түсіндіру;

Ғылыми жобаның теориялық негіздері. Ғылыми жобаның дереккөздері ретінде зерттеуші-ғалымдар О.Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақстан мифтері», Ә.Байбатшаның «Қазақ даласының ежелгі тарихы», Б.Әбілқасовтың «Телқоңыр» атты еңбектерін алдық.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Біз бүгінгі жұмысымызда кемпірқосақтың ерекше табиғат құбылысы екенін анықтай отырып, түрлі тәжірибелер арқылы қалай алуға болатынын көрдік.

Ғылыми жобаның кұрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.

  1. Кемпірқосақ–ерекше табиғи құбылыс

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануымен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.

«Кемпірқосақ» cөзі «Кем бір қосақ» сөз тіркесінен шыққан. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан «кем бір қосақ» сөзі тұрақты сөз тіресіне айналып кеткен, Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде «б» ұяң дыбысы «м» үнді дыбысының ықпалынан «п» қатың дыбысына айналып, «кемпірқосақ» атауы шыққан.

Кемпірқосақ. Сөз мағынасы кез келген қазаққа түсінікті. Ал сөз төркіні қайдан шықты деген мәселеге келсек, бұл жөнінде бірен-саран автордың аңызға сүйенген тұспал, долбарын ғана кездестірдік. Мысалы, 1918 жылы Б. А. Куфтиннің ел арасынан жинап,бастырған аңыз, ертегісі. Автордың ойынша, мыстан кемпір аспанда, жаңбырдан кейін өзінің түрлі-түсті қойларын қосақтап саууының нәтижесінде табиғат құбылысының бір атауы келіп шыққан. Ғылымда бұл сияқты жорамалды «халықтық этимология» дейді. Оның дұрысынан бұрысы молырақ болатындықтан, таза тілдік деректерге сүйенген жөн.

«Кемпірқосақ» cөзі «Кем бір қосақ» сөз тіркесінен шыққан. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан «кем бір қосақ» сөзі тұрақты сөз тіресіне айналып кеткен, Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде «б» ұяң дыбысы «м» үнді дыбысының ықпалынан «п» қатың дыбысына айналып, «кемпірқосақ» атауы шыққан.

Қолда бар тіл деректеріне назар аударсақ, «кемпірқосақ» біріккен сөзінің төркінін анықтауға боларлық. мынадай мәліметтерге тап боламыз. 1970 жылғы арабша-орысша сөздікте кузах — әшекейлеу, безендіру сияқты мағына меншіктенсе, ал «кус кузах»— біздегі «кемпірқосақ» дегенді ұғындырады. Араб тіліндегі «қус кузах» тіркесінің алғашқы сыңары — «қустың» мағынасы — «иілген» немесе «доға сияқты» мағыналар береді. Демек, бұл тілдегі «кус кузах» тіркесін қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ «әшекейлі доға» болмақ. Арабша «қус» сөзі «садақ» мағынасына да ие. Жалпы алғанда, иілген заттарға осы сөз қолданылатындығы байқалады. Тіліміздегі «кемпірқосақ» сөзінің соңғы сыңары (қосақ) қайдан пайда болғандығы дау тудырмаса керек. Араб тіліндегі «кузах»—бізге ауысқанда «қосақ» қалпыңа дейін өзгерген. Енді осы өзгерген «қосақ» сөзінің алдына «кемпір» қалайша киліккен. Шын мәнісінде, қазіргі біз қолданылып жүрген «кемпір» мағынасындағы сөз бе? Біздің ойымызша, оның қазіргі «кемпірғе» үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сияқты. Мысалы, иран тілінде әрбір иіліп жасалған зат атауының түбірі — кем, кеман — садақ; кемер —1. белбеу; 2. күмбез т. б. В. Рад,. Опыт…, II, 2, 1203, 1206). Иран тіліндегі «күмбез» мағынасын беретін «кемер» араб тілінің «кузах» сөзінің алдында тұрып, тіркес құрып, сол күйінде («кемер кузах») қазақтарға ауысып, дыбыстық өзгерістерге ұшырай отырып, «кемпірқосақ» қалпына дейін жеткен. Бұл ойымызды басқа да түркі тіліндегі осы мағынаны беретін сөздер анықтай түседі. Түрікмен тілінде — әлемгошор, якутша — кустук. Осы тілдердегі «гошар», «кустук». араб тіліндегі «кузах» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен тұлғасы деп қарауға болады. Сөйтіп, «кемпірқосақ»-тың нағыз қазақша мағынасы—«әшекейлі күмбез». Бұл жерде сөздердің орын ауыстыруы да болған (кемер//кемпір — күмбез, қосақ — әшекейлі).

Кемпірқосақ қалай пайда болады? Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлертiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір-бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған. Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған? Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Ал тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын геометриялық фигураға жуықтау болады. Күн сәулесi шыны призмадан немесе жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда призманың арғы жағындағы қабырғада алуан түстi шұғыла, ал аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң құбылмалы спектiрi көрiнедi.

Жауыннан кейінгі зеңгір аспанды нұрға бөлейтін кемпірқосақ жайлы біраз сыр шертсек. Бала кезімізде осы кемпірқосақты көре сала, ауладағы балалар шулап тақпақ сияқты бірдеңе айтушы едік,бір сөзі де есімде қалмапты… Жаз бойы жауынды ауа-райының бір күндерінде көк аспан төрінен көрінген кемпірқосақты  дереу терезеден ұялы телефоныма суретке түсіріп алған едім, соны блогыма жариялау үшін бүгін google-ді аралап,кемпірқосақ жайлы біраз  мәліметтер оқыдым.

kk.wikipedia сайтында ғылыми тұрғыда «кемпірқосақ — су тамшыларындағы сәуленің сынуының, шағылысуының, дифракциялануының нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Бұл бұлттың Күнге қарама-қарсы жағында пайда болатын әр түсті бояулы доға, кейде ол екі немесе бірнеше қосақталған доғалардан тұрады. Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады» деп көрсетіпті.

Ал, labrys.ru-дағы «Аңыздар мен миф әлемінен үзінді» бөлімінен көрішіп алған мынау жазбаларды аудардым: “Батыс славяндарында жалмауыз кемпір кемпірқосақты ұрлап тығып қойса, жерде қуаңшылық болады деген сенім қалған көрінеді.  Немесе, кемпірқосақ-аспан мен жердің арасындағы көпір, көп уақыт кемпірқосақ көрінбесе халықтың ашығуына әкеп соғатын құрғақшылық болуы мүмкін деген ойлар өрбіген. Сербтер, македондықтар,болгарлар мен батыс украиндықтар «кімде кім жынысын өзгерткісі келсе, жауын жауып тұрған кезде кемпірқосақ «су ішіп» тұрған жерден барып су ішсе,еркек әйелге, әйел еркекке айналады» деген аңызға сенген. Кемпірқосақтың бұл қасиеті пайымдаулар бойынша магиялық түрде болашақ сәбидің жынысын білуге қолданылған сияқты. Мысалы,ылғи қыз бала дүниеге әкелген әйел адам дәл солай кемпірқосақ «дәм татқан» жерден барып су ішсе, ұл бала әкелуі мүмкін”.  Тізе берсе, осынау бір аспан құбылысы туралы деректер көп екен.

  1. Кемпірқосақ жайындағы аңыз-әңгімелер, ертегілер

Қазақ тілінде кемпірқосақ атауының мифтік санамен байланысты пайда болған ең көне атау деп пайымдауға болады. Олай дейтініміз, бұл атаудың ізі сонау кездегі мифтік ертегі-аңызға апарады.

Б.Куфтин келтірген бір аңызда былай делінеді.  «Баяғыда  бір  мыстан  кемпір  болыпты-мыс. Оның қызыл, жасыл, сары, түрлі-түсті қойлары болған екен. Мыстан кемпір жаңбырдан соң қызыл, жасыл, сары қойларын қосақтап сауады екен». Аңыз осылайша ақиқаттың (зат пен құбылыстың) атына айналған. Ертегі аңыздарда айтыла келіп, жалқы атау болып кеткен сөздер байырғы тілде аз кездеспейді, мысалы, Жетіқарақшы жайындағы ертегі, Саттар сегіз жұлдыздары жайындағы аңыз, ертегі және т.б.

Бұл атау – кемпір және қосақ деген екі сөзден тұратын күрделі құрылым. Кемпір сөзі «қартайған», жасы келген «әйел» деген мағынада қолданылады. Айта кету керек, парсы тілдерінде де «қартаң әйел» деген мағынаны білдіреді. Қазақтың қарапайым сөйлеу тіліндегі кемпір сөзінің мағынасында, әдетте, ұнамсыз реңк (компонент) қоса жүреді: кемпір бет, кемпір-сампыр; мыстан кемпір, жалмауыз кемпір және т.б.

Ал байырғы заманда кемпір әйел құдайдың мифтік бейнесі болғанға ұқсайды. Ай туды, Ай толды тәрізді тұрақты тіркестер көне дәуірдегі мифтік саладан елес береді.   Өмірдегі   әйелана   бейнесі   табиғаттағы Айға «көшірілгені» байқалады. Әуелде Ана құдайдың көктегі тұрағы Ай болған. Айдағы Әйел құдай патриархаттық идеологияның үстемдігімен байланысты Айдағы мыстан кемпірге айналған. Мифтік ертегіде «Толған Айға телміріп ұзақ қарамау керек. Өйткені, Айда мыстан кемпір отырады. Ұйықтап жатқан адамның бетіне Ай сәулесін түсіруге болмайды. Айда отырған мыстан кемпір кірпігін санап қойса, ол адам өліп қалады» дейді.

Кемпірқосақ атауының мифтік ертегімен байланысты болуы себепсіз емес. Ең бастапқы мифтік таным  бойынша Көк – «Баба құдай» да, Жер – «Ана құдай» (бір атауы – Ұмай ана). Матриархат дәуіріндегі идеологияда дүниені жаратушы, дүниеге ұрпақ әкелуші «Ана құдай» (Ұмай) үстемдігі «Баба құдайға» қарағанда әлдеқайда басым болған. Матриархаттық немесе гинекократиялық идеология үстемдігі бірте-бірте Баба құдайға «көше» бастаған, сөйтіп, екі идеология тепе-теңдік қатынаста болған. Ер адам мен әйелдің отбасындағы орны «үстемдікке» емес, үйлесімділікке құрылған. Осы отбасындағы үйлесімді қатынас табиғат құбылысына көшірілген. Мифтік түсінік бойынша  жаңбыр,  найзағай  Баба  құдайдың Ана құдайменен немесе Көк тәңірінің Ұмай анамен қосылуынан пайда болады. Осы қосақтасудан соң жаңбыр төгіліп, әлем жаймашуақ нұрға бөленеді. Матриархат пен патриархаттың үйлесімді кезеңінде кемпір ұғымында жағымсыз мән болмаған. Кейіннен бұл үйлесім бұзылып, патриархаттық идеология үстемдік құрған соң, ескі иде- ологияны санадан ығыстырумен байланысты кемпірдің мыстан кемпір, жалмауыз кемпір тәрізді жағымсыз мифтік образдары пайда болған.

Ал енді ертегілерге келетін болсақ, мынадай ертегі халық аузында сақталыпты:

Бірде барлық түстер жиналып қайсысымыз маңыздымыз деп таласқа түседі. Бірінші болып сөзді Жасыл алды:

–  Барлық түстерден, әрине, мен біріншімін! Мен өмір мен үміттің түсімін, барлық жерде бармын, – деп мақтанды.

–  Жоқ, сен жердің түсісің! Ал мен көк пен аспанның түсімін. Адамдарға қуаныш сыйлаймын. Менсіз оларға өмір сүру мүмкін емес, – дейді Көк.

–  Мен ше? – деді Сарғылт. Мен денсаулықтың, сәбіз бен апельсиннің –   адамға қажетті дәруменнің түсімін. Батып бара жатқан күннің де түсі мен!

–  О не дегенің?! Ең маңыздысы мен! Мен қанның түсімін, яғни өмірдің. Батылдық пен тәуекелдің, от пен махаббаттың түсімін. Менсіз мына әлем болмас еді, – деп кеудесін соқты Қызыл.

–  Сендерді мықтысыңдар деп кім айтты? – деп қарсыласты Күлгін түс. Мен ең біріншімін! Күш пен бекзаттықтың түсімін! Мені  патшалар таңдап алған. еп қарсыласып барлығы таласқа түсіп жатқанда кенеттен жаңбыр жауа бастады.

–  Ақымақтар, – деді Жаңбыр. Неге таласып жатсыңдар? Сендердің әрқайсыларыңды Алла жаратқанын білмейсіңдер ме? Әрқайсыңның өз орның бар. Бері келіңдер! – деді.

Түстер бір-біріне қарады. Істеріне ұялып, барлығы бірге қол ұстасып, аспанға қарай жылжыды.

–  Міне, осылай, – деді Жаңбыр. Бұдан былай сендер жаңбырдан кейін аспанда пайда болып, жерге әртүрлі әдемі түстер болып түсетін боласыңдар. Адамдар сендерге қызығып қарайтын болады, Кемпірқосақ деп ат қояды.

Міне, осы түстер сияқты әркімнің өз орны бар. Ешкім бір-біріне ұқсамайды. Алланың жаратқан құлы.

Бұл ертегіден көретініміз – кемпірқосақ жоғарыда айтқандай, физикалық, географиялық құбылыс болғанымен, халықтың балаң кезіндегі түсінігі қиялға негізделген. Ал енді мына бір мысалды қарайық.

Баяғы заманда жер бетіндегі өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні қатты жаңбыр жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Жапырақтар бетінде жаңбыр тамшылар қалады. Тамшылар да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі түсті түске енеді. Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді. Оның сұлулығына таң қалады.

– Сен кімсің? – деп сұрайды одан Алма.

– Менің атым Кемпірқосақ, – дейді ол көзін қысып.

– Сен жаңбыр суының ішіне қалай кіріп кеткенсің? – дейді Алма таңданысын жасыра алмай.

– Мен жаңбыр суының ішінде емеспін, мен аспандамын, – дейді Кемпірқосақ.

Аспанға қараған Алма тіпті таң қалады.

– О-о-о, сен неткен сұлусың, Кемпірқосақ, мен де сіз секілді сұлу болсам ғой, шіркін,- дейді қызығып.

Алма мен Кемпірқосақтың әңгімесін естіген Қызанақ:

– Мен де сұлу болсам ғой, – дейді.

– Менің де сұлу болғым келеді, – дейді Баклажан қалыспай.

Сонда Кемпірқосақ:

– Менің қай түсім ерекше ұнады саған? – деп сұрайды Алмадан.

– Қызыл түсің, – дейді Алма.

– Онда мен саған қызыл түсімнен берейін, – дейді де Кемпірқосақ Алмаға қызыл түсінен сәуле шашады. Алма қып-қызыл нарттай боп кетеді. Ол қатты қуанады. Оны көрген Қызанақ:

– Менің де қызыл болғым келеді, – дейді тағатсыздана.

– Онда сен де қызыл бол, – деп Кемпірқосақ Қызанаққа да қызыл түсінен сәуле жібереді. Лезде Қызанақ та қып-қызыл боп қуанышқа бөленеді.

Сол сәт Баклажан:

– Менің де қызыл болғым келеді, – дейді.

Онда сен де қызыл бол, Баклажан, – деп Кемпірқосақ оған да қызыл түсінен бөліп береді.

Бірақ Баклажанға қызыл түс ұнамай қалады. Ол:

– Жоқ, менің қызыл түсті болғым келмейді. Маған көк түсің ұнап қалды, – дейді Кемпірқосаққа.

Баклажанның мінезін ұнатпаған Кемпірқосақ:

– Мен берген түсімді қайта ала алмаймын. Мә, саған көк түс, – деп қызыл түстің үстіне көк түсін шашып жібереді. Баклажан қою көк түсті болып шыға келеді.

– Қалай түсің енді ұнады ма? – дейді оған Кемпірқосақ.

Кемпірқосаққа ренжіп қалған Баклажан басын төмен қаратып бұртиып оған сөйлемей қояды.

Жеміс-жидектер мен көкөністердің бірінен кейін бірі әдемі түске еніп жатқанын көрген Қияр жапырағының арасынан шыға алмай біраз әуреге түседі.

Дау Асқабақ маңғаз қалпы асықпай:

– Менің сары болғым келеді, – дейді.

– Сен сары бола ғой, Асқабағым, – деген Кемпірқосақ оған сары түсінен шашып жібереді.

Сол сәт секіремін деп жапырақтарының арасынан сәл басы қылтиып көрініп қалған Қиярға сары түстің бір тамшысы тамып кетеді. Лезде-ақ Қиярдың басындағы жап-жасыл гүлі сап-сары боп шыға келеді. Қуаныштан беті бал-бұл жанған Қияр отыра қап басындағы сары гүлін тамашалауға кіріседі.

Ал Асқабаққа сары түс түгел жетпей, оның денесінде жасыл жолақтар қалып қояды. Бірақ Асқабаққа мына түсі де қатты ұнайды. Ол Кемпірқосаққа:

– Рахмет саған Кемпірқосақ! Менің түсімдей түс ешбір өсімдікте жоқ-ау деймін. Мен осы түсіммен қаламын, – дейді жадырап.

Бағанадан бері айналасындағы болып жатқан оқиғаға ұйқылы ояу қарап жатқан Қарбызға Асқабақтың түсі ұнап кетіп ұйқысы шайдай ашылады. Ол да қалыспай Кемпірқосақтан әдемі бір түсті сұрап алайын деп ұмтыла бергенде, Кемпірқосақ жоқ болып кетеді. Қарбыз жасыл күйінде қалады. Содан бері ол Кемпірқосақтың шығуын күтіп үнемі аспанға қарап жататын болыпты.

Бұл ертегіден де біз ел аузындағы түсініктердің мысал арқылы көмкерілгенін көреміз. Ел аузындағы аңыз-әңгімелер, ертегілермен қоса, мынадай өлеңдер де сақталған:

Мөлдіреп моншақ шашылды,

Аспан шайдай ашылды

Көкте, қызыл, жасылды

Кемпірқосақ асылды.

Кемпірқосақ әні

Жаңбыр бітті, алақай!

Далаға шық, балақай!

Кемпірқосаққа қара,

Әрбір түстерін сана!

Бірінші түсі оның –

Қызыл қызғалдақтай.

Екінші түсі оның –

Қызғылт – сары балдай.

Үшінші түсі оның –

Сап – сары тарыдай.

Төртінші түсі оның –

Көгілдір аспандай.

Бесінші түсі оның –

Жасыл жапырақтай.

Алтыншы түсі оның –

Көк көлдің суындай.

Жетінші түсі оның –

Күлгін орамалдай.

Балалар әдебиетінің ең үздік өлеңдеріне жататын үлгіден көретініміз – балалар шығармашылығында табиғат құбылыстарын түсінікті етіп жеткізу. Мәселен, табиғаттың барлық құбылыстарын, атап айтқанда, найзағай, жел, қар, боран, кемпірқосақ секілді түрлерін суреттеуде халық балаларға кейіптеу әдісімен, яки оларға жан бітіре отырып, сөйлетіп, анимистік сипатпен көрсетеді. Бұл дегеніңіз, біздерге, яғни бүлдіршіндерге оңай, қарапайым тілмен ғана жетпейді, қиялымызды шыңдатады, ойландыртады.

  1. Тәжірибе арқылы жұмыстар жасау

Біз, кемпірқосақ тақырыбын ала отырып, осы бір табиғаттың ерекше құбылысын арнайы күттік. Өздеріңізге белгілі, кемпірқосақ кез-келген уақытта шыға бермейді, біз оны жоғарыда да айттық, оның қай уақытта шығатынын. Осы ретте біздің көрген кемпірқосақтарымызды суретке түсірдік:

Кемпірқосақты жанды көргенмен, біз ғылымда қалыптасқан 2 түрлі тәжрибені жасап көріп, одан түстің сынуы арқылы өзімізге кемпірқосақты ала алды. Олар мынадай тәжірибелер еді:

Ақ парақтағы кемпірқосақ

Құрал – жабдықтар: ақ парақ қағаз, шыны әйнек, күн сәулесі.
Күн сәулесінің түскендегі қолайлы сәтті пайдаланып, жалюзді жауып, арасынан кішкене саңылау қалдырыңыз. Шыны әйнек арқылы параққа түскен сәуледен кемпірқосақ пайда болады.

Көпіршектегі кемпірқосақ

Құрал-жабдықтар: табақша, су,  шампунь,  күн сәулесі.

Бұл жұмыста да күн сәулесінің қолайлы кезін күтіп, табаққа су құйып, шампун салып көпірту керек.  Әбден көпірік пайда болған кезде  күн сәулесін шыны әйнектен өткізу керек. Осы кезде кемпірқосақ түстері пайда болады.

Қорытынды

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады.

Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлетiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір – бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған.

Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған? Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң көрiнедi.

Тәжірибе жасау арқылы біз түсті сындырып, табиғаттың түрлі-түсті бояуларын алуды көрдік.

You May Also Like

Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түс атауларының қолданыс аясы, ғылыми жоба

Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түс атауларының қолданыс аясы Мазмұны  І  Кіріспе ……………………………………………………………………………………………..…

Халық педагогикасы – ұлттық тәрбие бесігі, ғылыми жоба слайд

Б. Майлин шығармашылығы, ғылыми жоба

Б. Майлин шығармашылығын заманауи зерттеу жолдары, жаңа көзқарастар. Жоба авторы: Сабырқұл  Арайлым…

Адыраспан, ғылыми жоба

Мазмұны Пікір І.Кіріспе ІІ. Негізгі  бөлімі 2.1. Адыраспанға биологиялық сипаттама…………………………..7 2.2. Халық…