Жоспар

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1.Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
II.2.Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнер шеберлері
III. Қорытынды

КІРІСПЕ
Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді.Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса,бейнелеу,театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді.Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді,таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады.Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен,Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды.
20ж екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды.Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры,Республикалық орыс драма театры,Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры,ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты.Орынборда,Алматыда,Ақмолада,Семейде,Петропавлда,Оралда,Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар,халық үйлері пайда болды.Қазақ және орыс тілдерінде хор,драма,әдебиет үйірмелері,халық театрлары ұйымдастырылды.Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды.Халықтық музыка зерттеле бастады.Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесіндеұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды.Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев,И.Байзақов т.б тұрды.Театрды дарынды драмашы,режиссер Жұмат Шанин басқарды.Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын.Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”,М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды.Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”,В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды.Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді.1930 жылдары Семейде,Ақтөбеде,Шымкенте,Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры,1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды.Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды.1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі — “Амангелді” картинасын жасап шығарды.1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп,толысқанын көрсетті.Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді.Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы,Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.
Ауыл зергерлерінің сақина,сырға,алқа,белдік,білезік,жүзік сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды.Қазақ ауылында зергерлік әсем бұйымдар жасайтын шеберлер құрметкебөленетін.Көздің жауын алатын мұндай тамаша бұйымдарды кедейлердің сатып алуға халі келмейтін.Халық шеберлері жасаған тамаша бұйымдардың игілігн көретін феодалдық ауқатты топтар. Қазақтың қолөнерлік,зергерлік өнер туындылары-көрнекті бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес,Ресейде де белгілі болды.Тіпті шетелдерге де әйгілі болды.1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің заттары,ұлтық киімдер болған.Қазақ музыка аспаптары Мәскеуде 1872 жылы өткізілген көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.

Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнерінің шеберлері
ҚАСТЕЕВ Әбілхан (1904—1973) — қазақ кескіндемешісі және акварельшісі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі. Жаркент (қазіргі Алматы облысы) қаласының жанындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Н. Хлудовтың көркем студиясында оқыды. (Н. Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін 1934 — 1937 жылдары Мәскеу қаласында Н. Крупская атындағы көркем студияны жалғастырды. Танымал туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері Ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов»портреті. Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруімізге болады. Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы. 1917/1918 жылдары туылған, қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967). Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші. Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Алматы көркемсурет училищесін, одан кейін Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының, мода өнері факультетін бітірген. Суретшініңкез-келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т.б. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет Белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері . СИДОРКИН Евгений Матвеевич – 1930 жылы Киров облысы Лебюжье аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі еңбектері: «Ақсақал» (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары «Көңілді алдағыштар» (1959), М. Әуезовтің «Абай жолы» (1960) романына иллюстрациялы сериялар, «Қазақ эпосы» (1962), «Қазақтың ұлттық ойындары» (1964) , «Сәкен Сейфуллинді оқи отырып» (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы алтын медальдар), беделді көрмелерге қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін таныту факторы ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді. Республикалық “Өнер” баспасынан көзі тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным» атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы болып табылады. ИСМАИЛОВА Гульфайрус Мансұрқызы . 1944 жылы (кезінде Врубелмен оқыған) жастарды көркемсуреттің қыр-сырына ғана емес, форма мен түсті шығармашылық және сезімдік тұрғыдан қабылдай білуге үйреткен көркемсурет профессоры А. М. Черкасск көркемсурет училищесінің А класына оқуға түседі. Ол өзінің қалауы бойынша ұстазының көзінің дәлдігін, түс құбылыстарының нәзік құбылуы, адам денесінің әдемілігін түсіну, қоршаған ортаның формасы мен бояуларын қабылдауды үйренуге талпынған. Оның көп шығармаларына тән нәрсе — әшекейлеу. Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер, сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі, олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары – Исмаилованың тақырыптық әлемі.. Оның еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальда«Захар Беркут» ( А. П. Довженко атындағы студия), «Рустам и Сухраб» («Тәжікфильм») эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан ең үздік еңбек болып табылған. Қазақ киносының тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және жауынгерлік жарақтары бейнеленген осы фильмге арнап 1500-ден астам эскиздер жасады. Одан кейін суретші әр түрлі қалаларда жұмыс істеді. 1971 жылы Г. Исмаилова Абай атындағы Мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрының бас суретшісі болып орналасты. Ленинградта Сурет Акакдемиясында өзінің жары С. Сидоркинді кездестірді. Ол Исмаиловаға деген махаббатының арқасында қазақ мәдениетін және Қазақстанды жақсы көрді. Олар жасаған графикалық жұмыстар Абай жолы романына жасаған иллюстрациялар мен графикалық жұмыстар қазақ халқының ділін, дүниетанымын ашып көсете білді. Оған қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қаз ССР-нің Мемлекеттік премиясы берілген болатын. Бақытты және үйлесімді өмірдің жемісі ретінде дүниеге келген ұлы – Вади екі суретшінің де қабілетін бойына сіңірген ол да суретші. Ол алған білімі бойынша кескіндемеші, ал өмірде еткен еңбектері жөнінен алғанда суреттемеші. Сондай-ақ портреттер салуды жақсы көреді, өзін қызық әрі талантты суретші ретінде көрсетті. 1956-57 жылдары Г. Исмаилова көркемсурет училищесінде сабақ береді.Алайда тағы да кинематографиямен айналысуна тура келеді – бұл жолы Е.Аронның «Ботагоз» картинасындағы басты ролді сомдау тиеді. СЫДЫХАНОВ Әбдірашид Аронұлы – 1937 ж. Гурьев облысы Кулагин ауылында дүниеге келген. 1965 ж. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірді.( Алматы қ). 1965 ж бастап көрмелерге қатысушы.1967 ж ССРО СО мүшесі. 1965 ж. бастап Алмтыда жұмыс істейді. 1980 жылдары суретші өзінің суреттеме тілінің стилін өзгертіп, көрермендер мен сыншылардың жоғары бағасын алған: «Тон киген қыз» (1981, ГТГ, Москва), «Бозторғай әні» (1982), «Ақ бұлақ» (1986), «Әдемі інгенді сауу» (1987,. Қастеев атындағы ГМИ, Алматы), сондай- ақ «Өз күшіктерін жеген ит» (1988,. Қастееватындағы ГМИ ), шығармалары жарық көріп, Каспий жағалауындағы республикалардың Бакуде өткен на Биеннале көрмесінде алтын медальмен марапатталды. 1986 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1990 жылы, Қазақстан Республикасының өнерге еңбек сіңірген атағы берілді. Құрмет орденінің құрметті иегері, “Тарлан” сыйлығының лауреаты болды. Оның еңбектері Қастеев атындағы Мемлекетік өнер мұражайында, Мәскеудегі Мемлекеттік Треьяков галереясында, Польшадағы Хута Катовица мұражайында, АҚШ-тағы Зиммерли мұражайында, Франция, Швейцария, Англия, Жапония, АҚШ, Израил, Лихтенштейн жеке коллекцияларында орналасқан.
ШАЯХМЕТОВ Кәмил Махмұдұлы – Қазақ ССР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Ленинградтағы Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын аяқтаған. Ю. Непринцевтен тәлім алған, 1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеген. 1957 жылдан бастап, көрмелерге қатысқан, осы жылдан бастап ССРО СО мүшесі. 1995 жылы Алматы қаласында дүние салды. 1970 жылдары Кеңес өнерінде суретшілердің өмірдің мықты және терең көріністерін бейнелеу, ірі жоспарлы шешімдерге талпыну үрдісі едәуір артты. 70-жылдардағы шығармалары — «Астық орушылар», «Көктемгі еңбек», «Қойшылардың өмірінен», «Даладағы ақ қала», «Қойшы Рахымжановтың портреті», «Кәмшат Дөненбаева», «Қойшы Әлібек», «Комбайншылардың түскі асы» – Шаяхметов таңдаған тақырыбы Қазақстанның еңбекші халқын және табиғатын жырлау тақырыбына арналды. Суретші шығармалары халықпен және ұлттық дәстүрмен байланысты сезіну қажеттілігінен туындаған. КЕНБАЕВ Молдахмет Сыздықұлы – Қазақстан халық суретшісі, В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады, В. И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтын аяқтаған. Ф. Решетниковтен тәлім алған. 1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеді. 1965-1980 жылдары – В. И. Ленин атындағы Қазақ Мемлекеттік политехникалық институтының сәулет-құрылыс факультетінің сурет және кескіндемепрофессоры, 1980 жылдан бастап Алматы сәулет құрылыс институтының профессоры. 1949 жылдан бастап көрмеге қатыушы, 1955 жылдан бастап ССРО СО мүшесі , 1993 жылы Алматы қаласында дүние салды. Молдахмет Кенбаев 1950 жылдардағы суретшілер легіне жатады. Ол өнерге бірден кірді. М. Кенбаев картиналары халықтық сипатты кеңінен бейнелейді, қазақ халқының салт-дәстүрін жырлайды. М. Кенбаев суреттерінің көркемдік құнды екендігін Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясы қоры және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталғаны дәлелдейді. М. Кенбаевтың үздік шығармалары- «Асауды ұстау» (1961), «Әңгіме» (1957), «Қойшының әні» (1956) – даланы өмірдің, әдеміліктің, поэзияның бастауы ретінде жырлайды. Онда адам мен табиғаттың үйлесімді бірігу сезімінен туған қуаныш бейнеленген. М. Кенбаевтың сіңірген еңбегі күнделікті дәстүрлі әдемілікті көріп жырлай білгендігінде. Оның суреттерінде қарапайым ғана көріністер жер қожайынының және табиғаттың үйлесімді әніне айналады. НАУРЫЗБАЕВ Хакімжан Исмаханұлы – Қазақстанның алғашқы ұлттық кәсіби мүсіншісі. 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысында туды.1939 жылдан бастап, 1941 жылға дейін Мәскеу көркемсурет мектебінде сырттай білім алды. 1943 жылдан 1945 жылға дейін Қаз ССР Кеңстік халық комитетінің шақыруы бойынша Алматы көркемсурет училищесінде оқып жүріп, мүсінші О. Кудрявцева және С. Бесединаның шеберханасында жұмыс істеді. Сол кісінің кеңесімен Мәскеу сәулет институында оқып, бір жылдан кейін О. Кудрявцева және С. Беседина шеберханасына Харків мемлекеттік көркемсурет институтының мүсіндеме бөліміне ауысады. 1951 жылы ол ХМСИ –ды үздік бітіріп, «Атқа мінген Жамбыл» тамаша дипломдық жұмыс жасайды. Сол жылы Наурызбаев Алматы театр көркемсурет училищесінде мұғалім болып қызмет атқарады. 1952 жылы ССРО СО мүшесі болып, мүсіндеме бөлімін ашады және 1964 жылға дейін шығармашылық шеберхананы басқарады. Қазақ ССР халық суретшісі. Алматы қаласындағы Абай Құнанбаев және Ш. Уәлихановқа қойылған ескеркіштері үшін Қазақ ССРмемлекеттік сыйлығына ие болды. Наурызбаев- қазақстан халық суретшісі, профессор, Мемлекеттік сыйлық лауреаты. ТЕЛЖАНОВ Қанафия Темір-Болатұлы — Отандық мәдениеттің көрнекіт қайраткері, Қазақстаннның бейнелеу өнерінің қалыптасуына үлкен үлес қосушы. Телжанов 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туылды, 1932 жылдан бастап, Ленинградта тұрды. Суретшілік қызметін Е. Репин атындағы суреттеме, мүсін және сәулет институтының қабырғасында жүргенде-ақ бастады. 1953 жылы институтты аяқтап, осы жылы ССРО СО мүшелігіне кіреді. 1949 жылдан бастап К. Телжанов барлық халықаралық ,бүкілодақтық, республикалық көрмелерде — Венгрия, Чехословакия, Польша, Румыния, Югославия, Финляндия, Бельгия, Болгария, Индия, Цейлон, Ауғанстан, Бирма, Монғолия, Канада, Швеция, Дания, Мексика және т.б. елдердегі көрмелерге қатысқан. «Бабалар жерінде», «Көкпар», «Домбыра үні, «Жамал», «Карлығаш», «Тыныштық», «Қазақстан 1918 жылы», «Алғашқы», «Күн сәулелі өлкеде», «ҮЙДЕ», «Жалын», «Әнші», «Ағым», «Шындық», «Бостандық», «Үміт», «Бақыттылар», «Абылай», «Бостандық үшін» және көптеген шығармалар халыққа кеңінен танылған шығармалар болды. Суретші шығармалары классикаға айналған көп қырлы Қазақстанның өткені мен қазіргісін терең философиялық түрде бейнелейді.– Қазақстан Халық суретшісі У. Таңсықбаев: » Телжанов картиналары туған өлке қазақстан туралы әдемі әндер, оның халқының жарқын болашағы үшін күресі туралы «-деп бағалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан халық суретшісі, ССРО халық суретшісі (1978). Тарихи және қазіргі заманғы тақырыптарға арналған монуметтік шығармалары бар. («Әнші», 1967). Халықаралық Ғылым Академиясының академигі, профессор. ДОСМАҒАМБЕТОВ Төлеген (1940–2001). Қазақстан мәдениетінің біртұтас кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушы Т.Досмағамбетовтің есімімен байланысты. Қазақ халқының батырлық тарихын бейнеленген оның жұмыстары республиканың әрбір қаласында орналасқан. Олар Ақан-Сері, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, АхметБайтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтпаев , Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіштер және кеуде мүсіні . Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіровжәне олардың ұлы замандастарының портреттері туындаған Т.Досмағамбетовтің соңғы көптеген жұмыстары Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың келбетін суреттеді. Ол Есіл өзені арқылы өтетін көпірге орнатылған – барыс мүсіні, Тағы бір мүсінді баланың өмірін құтқарған қасқыр туралы аңызға арнаған Ол мүсін Астана қаласының орталығында тұр. Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград көркемсурет академиясын тәмамдаған. Оқуын бітірген соң ССРО СО мүшесі болды, ал 35 жасында респуликаның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері болды. Т. Досмағамбетовтің өзі былай дейді: “Мүсін дегеніміз – мыңдаған жылдардың ескерткіші және әрбір суретші өзіндік жаңалық қосуы керек”.

Қорытынды
Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды.Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында да қомақты жетістіктерге қол жеткізді.
ХХ ғасырдың басында қазақ өнерінің қалыптасуы қазақ тарихында елеулі орын алды.Қазақтың музыка,театр,би өнерлері жан-жақты дамыды. Мәдени-ағарту мекемелері мен бұқаралық кітапханалар,клуб мекемелері желісі кеңейе түсті.Қазақ халқы өзінің өнерін бүкіл әлемге паш етті.

You May Also Like

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ, реферат

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ туралы қазақша реферат Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз…

Абайдың философиялық көзқарасы, реферат

тақырыбы: «Абайдың философиялық көзқарасы» Мазмұны Кіріспе. 2 АДАМ КІМ? ОНЫҢ ДҮНИЕДЕГІ ОРНЫ…

Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыш, реферат

Кіріспе  Бұл есептік сызбалық жұмыста қысқа тұйықталған роторлы  асинхронды қозғалтқыштың пайда болуын…

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық басылымдар, реферат

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық басылымдар Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім…