Кіріспе
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! бол қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жолда ұзақ, Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап!
Оян , қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
¨Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
¨ Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Әлихан Бөкейханов
(1870-1937)
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады
Міржақып Дулат
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi – қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М.Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында дүниеге келеді. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А.Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халқының жазушыларының қатарында болады.
Халел Досмұхамедов
1883 жылы сәуірдің 24 Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы ( қазіргі Атырау каласы қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылында) дүниеге келді.
Ағасы Даулетүмбет Мақашұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық классына қабылданып оны үздік бітіреді. Сосын Санкт-Петербор императорлық әскери-медицина академиясын латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Студеттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімінің жетілдіріп қалыптасуына ықпал етті.
Саясатқа араласуы
¨Ресейдегі Ақпан төңкерісінең кейін қазақ даласында облыстық жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты.
¨1917 жылы II (екінші) жалпы қазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі- Ұлт кеңесінің құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер-халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым –салық жинау қаражат жинау ісіне күш салады.
Жүсіпбек Аймауытов
Абайды бала жастан жаттап өскен Жүсіпбек көркем сөздің ерең жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог ағартушы.
Ол музыка өнерінің терең сырына қанық, өзі әнші, өзі музыкант, сегіз қырлы өнерпаз.
“Қарқожа”, “Ақ білек” романдары, “Күнікейдің жазығы” повесі, “Шернияз”, “Ел қорғаны”, “Мансапқорлар” пьесалары, “Комплексті оқу жолдары”, “Жан жүйесі”, “Өнер тандау”, “Мағжанның ақындығы туралы” ғылыми еңбектері – сан салалы талант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары
Қорытынды
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметтінің шаңырағы астына біріккен ұлт зиялылары шын мәнінде қазақ ұлтының тарихында қайталанбас тұлғалары болды.
Арыстанадй айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты-
Мен жастарға сенемін!
Алаш-айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға!
Алаштың атын аспанға ,
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Келешек біздің қолымызда Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай. Келешекті Алаш зиялыларынан үлгі алып шоқтығы биік ел ету біздің мақсатымыз!