Тақырыбы:     «ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ БІРІККЕН ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛАШ ТҰЛҒАЛАРЫ»

АННОТАЦИЯ

Бұл жұмыста белгісіз көп зертеле бермеген Алаш тұлғалары туралы жазылған. Алаш идеясының оңтүстік бағытында жұмыс жасаған тұғалар туралы айтылған. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта сараптап зерттеу мүмкіндігін әперіп, Отандық тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыратыны ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдістерін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, саяси қоғам қайраткерлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. Белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Хазіретәлі Маханұлы өзінің «Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты» атты еңбегінде оңтүстік өңірден шыққан алаш арыстарының қызметіне деректанулық талдау жасап өтеді. Әсіресе, алаш зилыларының оңтүстік өлкеден шыққан көрнекті өкілдері Сұлтанбек Қожанов, Қоңырқожа Қожықов және тағы басқа тұлғаларының қызметін мұрағат құжаттары арқылы ашып көрсетіледі. 

Аnnotation

This work is about unknown Alash personalities who have not been studied much. It tells about the people who worked in the southern direction of the idea of ​​Alash. Renewals and breakthroughs in the post-independence period of our country allow historical events to be studied in the direction of new historical knowledge and re-analysis on the basis of new data, to fill the «blank» pages of our history, to analyze the events and phenomena from a new perspective. It is known that this is done through the activities of national intellectuals. The formation of a national consciousness on the way to the creation of a sovereign Kazakh state requires a realistic and comprehensive consideration of the past history of the Kazakh nation, its individuals and historical processes. The names of representatives of the national intelligentsia, political public figures, and even well-known statesmen and politicians became victims of the political activities of the Soviet system, which began in the late 20s. Soviet historical science considered the way of life and liberation struggle of individual national figures before the revolution and the socio-political activities of the nation in terms of unrealistic concepts, forbade the study, and did not allow the study to be evaluated in terms of historical reality. Well-known Alash scientist Tursyn Hazretali Makhanovich in his work «Southern Wing of the Alash Movement» conducts a source analysis of the activities of Alash lions from the southern region. In particular, the activities of prominent representatives of the Alash Zyls from the southern region Sultanbek Kozhanov, Konyrkozha Kozhikov and others are revealed through archival documents.

Жоспар 

Кіріспе

І – тарау.

        Зерттеу бөлімі: Ұлт болашағы жолындағы біріккен Түркістандағы Алаш тұлғалары

  • Өтегенов Садық Қалмұхаммедұлы 1874 жылы қазіргі Түркістан қаласында туып, мұғалімдік қызметпен айналысқан.
  • Қожықов Қоңырқожа (1880-1938) – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым.
  • Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов(10.9.1894– 10.2.1938
  • Серқұл Алдабергенов 1883-1934жж        

Қорытынды

Кіріспе

Осыдан бір ғасыр бұрын ұлт тарихында ойып тұрып орын алған, алты Алаштың арманын ұлттық идеяларымен Алаш ұранды қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір үкімет – Алаш Орда.
Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының қамын ойлап, елді өркениет көшінен қалдырмау жолдарын іздеді. Оның бірден-бір жолы ғылым-білім мен мәдениетті игеру екендігін халыққа насихаттаған зиялылардың алдыңғы қатарында Алаш зиялылары жүрді. Олар жан-жақты қоғамдық-саяси қызметтер атқара отырып, әмбебап маман ретінде де елге танылды. Оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеуді, қазақ тілінде тұңғыш газет-журнал шығару мен әдеби шығармашылықты қатар алып жүрді. Бұл ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында саяси белсенділіктің қызған тұсы еді

Алаш қозғалысын маңыздылығы аймақтық шеңбермен шектелмейтін Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыспен тарихи сабақтастықта қарастырудың маңызы зор. Академик К. Нұрпейістің тұжырымы бойынша «Алаш» немесе «Алашорда» қозғалысы бірнеше құрамдас  бөлімдерден тұратын  күрделі ұғым. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың  мемлекеттілігін) басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) туралы мәселелер. Осы нақты үш мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдіреді. Дара құбылыс ретінде осылайша айқындалған Алаш қозғалысын Түркістан өлкесіндегі ұқсас құбылыспен салыстыруға болады. Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс саяси ала-құлалығымен және әлеуметтік әртектілігімен ерекшеленді. Түркістан қозғалысын өлкедегі азаттық, тәуелсіздік жолындағы күреске мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде топтасқан саяси күштердің ұйымдасқан белсенді әрекеті деп бағаласақ керек. Мақсаты ортақ, сипаты бір Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясы (Туркистон Мухторияти) үкіметі ұлт-азаттық қозғалыста бірін-бірі толықтыратын ұлттық, әлеуметтік, саяси тұрғыдан туыстас құбылыстар болғандықтан да оларды өзара ықпалдастықта қарастырудың танымдық тиімділігі жоғары.

Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы әсірешіл ұраншыл қазақтың ойы емес, жалпыадамзаттық құндылық этикасын сақтай отырып, отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шақыру болатын.

Зерттеу бөлімі. 

Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі, ұлттық мемлекеттілік құру идеясы да құрыштай шыңдалып, дами берді. Самодержавиеге, отаршылдыққа, жергілікті шенеуніктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы өршіді. Осылайша, қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан, оқу-ағарту, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы, ел дауына ұласты.  Яғни, академик М.Қозыбаев көрсеткендей, “Алаштың ұлт азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мәдени даму көлемінде күресіп бақты”[2].

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан, оқу-ағарту, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы, ел дауына ұласты. Қазақ халқы ұлт ретінде өмір сүру қасиетін сақтап қалу үшін тырысты: аймақтардағы наразылық бас көтерулерден бастап, Мемлекеттік Думадағы депутаттық орынға дейін саяси күрес ісіне тартылып, азаттық қозғалысының арналы ағысына ілесті. Қазақтар өлке өміріндегі өзгерістерге, отаршылдық әкімшілік ойлағандай, сырттай бақылаушы ғана болып қалмай, оған белсене араласты. Олар болыс сайлау, партияға жіктелу, дауыс жинау, кандидаттыққа ұсыну, лауазымды қызмет атқару, Думаға сайлану т.б. қоғамдық-саяси істерге белсене араласты. Жергілікті мемлекеттік басқару отарлау әкімшілігінің басқаруымен, ал сайлаулар шалағайлықпен жүзеге асса да, кең байтақ қазақ даласындағы саяси процестерге халқымыз қызу қатысып отырды. Саяси қатысу қазақы дала өлкесінде өзгеше мәнге ие болды. Мұндай әділетсіздік  сол кезеңдегі көзі ашық, ұлттық сана-сезімі оянған қазақтың зиялы азаматтарына серпіліс берді.    Академик М.Қозыбаев көрсеткендей, “Алаштың ұлт азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мәдени даму көлемінде күресіп бақты”[1].                                                                                           «Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш -халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.                                          Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.         Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының қамын ойлап, елді өркениет көшінен қалдырмау жолдарын іздеді. Оның бірден-бір жолы ғылым-білім мен мәдениетті игеру екендігін халыққа насихаттаған зиялылардың алдыңғы қатарында Алаш зиялылары жүрді. Олар жан-жақты қоғамдық-саяси қызметтер атқара отырып, әмбебап маман ретінде де елге танылды. Оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеуді, қазақ тілінде тұңғыш газет-журнал шығару мен әдеби шығармашылықты қатар алып жүрді. Бұл ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында саяси белсенділіктің қызған тұсы еді.                                          Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды.                                                       Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.                                               Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор­ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды.Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады.                                                                               Бірінші Жалпықазақ съезінде ұлттық бірлік, егемендік түріндегі алаштық идея алғаш рет көтерілді және ол идея қазақтар арасында кейіннен танымал болып, қызу қолдауға ие болды. Міне, осы алаш идеясы Түркістан өлкесіне М. Шоқай, С. Лапин, М. Дулатов, С. Алдабергенов, Қ. Қожықов, С. Ақаев, С. Қожанов сияқты ұлт қайраткерлері арқылы таралды. Олардың басты мақсаты – Сырдария және Жетісу облыстарын қазақ еліне қосуға бағытталды. Ұлт мүддесін ұлықтап, тәуелсіздік идеясын Түркістан өлкесінде тынбай насихаттаған қайраткерлердің бел ортасында Садық Өтегенов те болған еді. Өмірі мен қызметі Алаш қозғалысының тарихымен тығыз  байланысты болған С. Өтегеновтың Сырдария облысындағы қызметі оны ХХ ғ. басында өмір сүрген қазақ зиялылары арасында шоқтығы биік ұлтжанды қайраткерлер қатарында атауға негіз болады.                                                              Өтегенов Садық Қалмұхаммедұлы 1874 жылы қазіргі Түркістан қаласында туып, мұғалімдік қызметпен айналысқан. 1937 жылдың 19 қарашасында Ішкі істер халық комиссариаты облыстық басқармасы «Үштігінің» шешімімен сотталып, атылған. 1957 жылдың 17 шілдесінде ақталған [2, б.265]. Түркістандық Алаш қайраткерінің үстінен жүргізілген қылмыстық істің нақты мазмұны белгісіз. Ол туралы құжаттық деректер болмағандықтан оған тағылған айыптың ең бастысы – оның Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болғандығы. Орта Азия мен Қазақстанда кең өріс алған осы ұлт-азаттық қозғалыстарда қайраткерлігімен көзге түскен жеке тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметінің тарихы енді зерттеле бастады. Солардың бірі-түркістандық Садық Өтегенов.                                             Міржақып Дулатов Садық Өтегенов туралы біршама қомақты деректер қалдырған. Ол елге жазған хаттарының бірінде былай дейді: «Түркістанда, оған таяу жердегі Қарнақ қыстағында, қазақ, өзбек, қырғыз ағайындарының арасында паналап, 1913 жылдың басына дейін сонда болдым. Түркістанда Садық Өтегенұлының үйінде тұрдым. Садықпен сіздерді сыртынан таныстырайын: бұл кісі – Ташкентте оқытушылар семинариясын бітірген мұғалім, нағыз молда, өте мәдениетті қазақ зиялысы, қаламы төселген, мақалалары газеттерге басылып жүретін белсенділерден…                                 Бір-бірімізге үйреніп, бауыр басып, ағайындай жақындасып кеткен Өтегенов Түркістаннан жүрерімде менің құрметіме дастарқан жайып, қазақ, өзбек байларын, қырғыздың манаптарын қонаққа шақырды. Елдің салты бойынша олар жолға шығарымда: «Жақа, сізді үйімізден аттандыра алмадық, сапарыңыз оң, ақ жол болуын тілейміз. Мынаны біздің мінгізген атымыздай көріңіз» – деп, әрқайсысы алдыма бұрқыратып буда-буда ақша тастады. Менің: «Ниеттеріңізге рахмет, бұларыңыз артық шығар» деп бой тартқаныма Садық: «Қой, Міржақып, бұлардың ешнәрсесі кетпейді, ертең-ақ екі есе қылып толтырып алады», – деп күлді. М. Дулатовтың бұл хаты Садық Өтегеновтей қайраткердің қоғамдық қызметін айқындаудағы деректік маңызы зор деп білеміз.

Мұстафа Шоқай «Яш Түркістанда» досы Садық Өтегенов туралы мақала жазады: «Садық түрік жаралыларын емдеу үшін шалғайдағы Түркістанда тұратын түрік қандастары жинаған азын-аулақ ақша әкелгенін айтқанда, елшінің көңілі босап, көздерінен жас парлады. Оған қосылып Садық екеуіміз де жылап алдық. Тұрхан паша Түркістанда түріктер тұратынын білгенімен, саны қанша, тұрмысы қандай, немен шұғылданатынын білмейтінін айтты.

Түрік Елшілігінен шыққаннан кейін Садық екеуіміз үн-түнсіз келе жатқанбыз. Үнсіздікті Садық бұзды. Оны Тұрхан пашаның «Сіз христиансыз ба, мұсылмансыз ба?» деген сұрағы мазалап келе жатқан еді. Әңгіме былай болған: Тұрхан пашаның Түркістан түріктері өздерін қалай атайды деген сұрағына жауап ретінде Садық бірнеше рулардың атын келтірген. Біз екеуміз «қазақпыз» деген. Осы «қазақ» деген сөзді естісімен Тұрхан паша: «Христиансыз ба, мұсылмансыз ба?» деген сұрағын қойған болатын. Өйткені ол кездегі, басқа да көптеген түріктер тәрізді, Тұрхан паша орыс казактарын біледі екен де, ал қазақтар туралы ештеңе білмейді екен. Садық маған қарап «Мұстафа бек, түріктер бізді білмейтін болғаны ма?» деп сұрады. «Солай болғаны да», – деп жауап бердім мен оған… [3, Б.].

Тарихшылардың назары ауа қоймаған, зерттеу нысанына айналмаған тұлғалардың бірі – Садық Өтегенов деп білеміз. Түркістан қаласында туып өсіп, Түркістан өлкесіндегі Алаш қозғалысының көрігін қыздырған Садық Өтегеновтың өмірі мен қызметін зерттеуді бүгінгі тарих саласындағы зерттеудің өзекті мәселесі.

Еліміздің тәуелсіздігі үшін қызмет еткен С. Өтегенов сияқты Алаш қайраткерлерінің ғибратты ғұмыры мен жасаған еңбектері егемен еліміздің, тәуелсіз Қазақстанымыздың болашақ қайраткер тұлғаларының ұлтжандылық рухта тәрбие алуына идеялық тұрғыда үлгі-өнеге болары хақ.

 Қожықов Қоңырқожа – Түркістан және Алаш ұлт-азаттық қозғалыстарына белсене араласқан қайраткерлердің бірі деп айқындауға болады. Оның қоғамдық-саяси қызметі Түркістан өлкесімен тығыз байланысты болды. Ташкенттегі қазақ зиялыларының астыртын «Кеңес» үйірмесінің бюро мүшесі ретінде Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына белсене араласады. Қ. Қожықовтың ОГПУ басшыларына өз қолымен жазған өмірбаянынан оның отаршылыққа қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мәліметтерді кездестіреміз. Ресей Министрлер кабинетінің төрағасы С. Виттенің атына бірнеше петиция жазып, Түркістан өлкесіне ішкі басқару істерін өзі шешу құқын беруді өтінуі Қ. Қожықовтың өз заманындағы саяси күрес тәсілін меңгерген кемелдігін танытады. Ол осындай тәсілді кейін де қолданған. Мысалы, «генерал Куропаткинге жазалау отряды мен орыс мұжықтарының мейрімсіз және аюандық іс-әрекеттерін баяндап жазып жібердім. Сонымен бірге редакцияның ұсынысына (Ташкентте эсер В. Чайкиннің редакторлығымен шығып тұрған «Голос Туркестана» газеті – Х.Т.) қосылып, Түркістанға Мемлекет Думасының мұсылмандар фракциясының уәкілдерін шақырып, көтерілістен кейінгі репрессия нәтижесімен танысуды талап етім. Осыған байланысты күз айларының бірінде (1916 ж. тамыз-қыркүйек айлары – Х.Т.) Тевкелеев, Керенский және Шоқаев келді. Соңғы екеуіміз Чайкиннің үйінде кездестік, сөйтіп оларға қолымдағы бар құжаттарымды тапсырдым» [3, Б.336-375] деп жазады. Қоңырқожа Қожықов 1917 ж. 2-5 тамызда Ташкент қаласында өткен Түркістан қазақ-қырғыздарының съезінде съезд төралқасына сайланып, Құрылтай жиналысына Сырдария облысынан депутатыққа кандидат болып ұсынылады. 1917 ж. 26 қарашада жарияланған Түркістан мұхтарияты Халық Кеңесінің құрамына енген.

Саси күрестің сыннан өткен тәсіліне кеңестік билік жағдайында да жүгінунен Қ. Қожықовтың «Сонымен қатар ашаршылық мәселелерімен айналыстым. Кейін біздің баяндамамыз бойынша ТурЦИК және СНК комиссиясының жанындағы ашаршылықпен күресу туралы арнайы комитет құрылып, оның төрағасы болып Тұрар Рысқұлов сайланды» деген жазбасынан оның ұлтжанды рухы танылады.

Ұлттық элитаның көшбасшысы Ә. Бөкейханов бастаған бір топ ұлт зиялылары 1917 ж. 15 наурызда Минск қаласынан қазақ даласына қалыптасқан жағдайдың мән-жайын баяндап жеделхат жолдаған. Осы жеделхаттың Андижандағы Қожықовқа жолдануы да оның өз кезіндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласқандығын аңғартады.                                 Қожықов Қоңырқожа (1880-1938) – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым. Қызылорда облысының Ақмешіт (қазіргі Қызылорда қаласы) уезінде дүниеге келген. Қазақ-орыс мектебін, Ташкент мұғалімдер семинариясын бітірген. Сырдария губерниясында мектеп инспекторы, қазақ-орыс училищесінің меңгерушісі, Түркістан, Перовск, Әндіжан қалаларындағы мектептерде оқытушы болды. 1912 жылы Орынборда Қ.Қожықов жазған «Әліппе» оқулығы және Шәді Жәңгірұлы мен Қалиасқар Қасымовпен бірігіп шығарған «Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары» (орысшасы – «Историческая поэма царствования Дома Романовых на киргизском языке») атты дастаны жарық көрді. Қ.Қожықов Патша үкіметінің 1907 жылғы 3 маусымдағы жарлығына сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесінің өзге де жергілікті халықтарының Мемлекеттік Дума жұмысынан шеттетілуін нағыз әділетсіздік деп бағалап, ол жарлықтың күшін жою жолында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ферғана өңіріндегі қазақтардың мүддесін қорғайтын «Көшпенді» атты ұйым құрып, оған жетекшілік етті. Қожықов 1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақтарының съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы автономияның Уақытша кеңесінің мүшесі болып сайланды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде М.Шоқай секілді қайраткерлермен астыртын байланыста болды. 1922 жылы Әулиеатада уездік жер басқармасында істеді. Жетісу өңіріне жиі экспедицияға шығып, көне қорғандар мен ескерткіштерді зерттеумен айналысты. Орхон жазуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Келіншектас, Ақтас мазарлары туралы ғылыми еңбектер жариялады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жете меңгерген ол осы тілдердегі тарихи және әдеби шығармаларды қазақшаға аударды. 1936 жылы Қазақ КСР-інің мемлекеттік кітапханасына (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы) Сүлеймен Бақырғанидің «Хикмет Хазірет Сұлтан әл-ғарифин» атты қолжазба кітабын тапсырды. 1935-1936 жылдары жарық көрген екі томдық «Қазақтың өткендегі тарихы туралы деректер мен материалдар» атты жинақты ұйымдастырушылардың бірі. 1938 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылдың 23 желтоқсанында ақталды

Қ. Қожықов сияқты Алаш қайраткерлерінің ғибратты ғұмыры мен жасаған еңбектері егемен еліміздің болашақ қайраткер тұлғаларының ұлтжандылық рухта тәрбие алуына идеялық тұрғыда үлгі-өнеге болары хақ. Ұлттық тарихымыздағы рухани құндылықтарды сақтап, өткен тарихымызды үнемі таразылап, болашаққа нық сеніммен қадам басуымыз керек. Сол үшін де ұлттық тарихымызды тануымыз, ұлт мүддесі үшін тоталитарлық қоғамның қысымына қарсы шыққан алаштық үлгідегі осындай тұлғаларымыздың өнегесі ұлықталуы қажет.

Сұлтанбек Қожанов – советтік билік жағдайында алаштық идеяны жалғастырушы. Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы. Түркістандағы  4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм  курсын (1927) бітірген. С. Қожановтың тұлғасы саясат үшін де, тарих үшін де қызмет жасайды. Ұлт барда ұлттық мүдде бар. Қайраткер – жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген ойды одан әрі өрбіткен ғалым «Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек» [1, 366-б.] деген пікір айтады. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар деп білеміз. Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғалар бірі – Сұлтанбек Қожанов.                                                                    Қайраткердің өз қызметіне қатысты соңына қалдырған деректерінде партиялық биліктің ыңғайымен бүгіп қалған жайттары да жоқ емес. Таратып айтар болсақ, ол өзінің Алаш қозғалысына тікелей қатыстылығын айтудан тартынып келген. Қазіргі кезде ашық айтылатын мәселе – шын мәнінде С. Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы. Осы пікірді тереңірек өрбітіп көрейік. 1916-1917 жылдары Ташкент қаласында қазақ зиялыларының «Кеңес» атты астыртын саяси үйірмесі жұмыс істеген. Түркістан қаласында С. Қожановпен бірге 1918-1919 жылдары бірқатар жауапты қызметтер атқарған, Ленинмен кездескендігі жөнінде естеліктер жазған Дүйсенбай Нысанбаевтың деректері «Кеңес» үйірмесінің қызметіне ғылыми талдау жасауға мүмкіндік береді. Үйірме және оның қызметі туралы Д. Нысанбаевтың 1925 ж. 31 қаңтарында РК(б)П Қырғыз облыстық Бақылау Комиссиясына жасаған мәлімдемесінен [2, 173-185-бб.] аса құнды мағлұматтарға қанығамыз. Бұл құжаттың деректік құндылығы жоғары болатыны, онда өлкелік партиялық басшылыққа, ОГПУ органдарына Түркістандағы алашордашылардың қызметіне қатысты айғақ ретінде түрлі хаттамалар, газет тігінділері сияқты қомақты құжаттық деректер ұсынылған. Осы жерде құпия хат түрінде жазылған мәлімдеменің тікелей С. Қожановты әшкерелеуге арналғандығын атап айтқанымыз орынды болар. Үйірменің төрағасы генерал Сейітжаппар Асфендиаров, орынбасарлары М. Шоқай және өмірі мен қызметі Түркістан қаласымен тығыз байланысты болған Садық Өтегенов болатын. Осы саяси үйірме ұлттық идеяларды іске асыруды өзінің бағдарламалық міндеті ретінде алға қойған еді. Үйірменің баспасөз органы «Бірлік туы» газетінің алғашқы редакторы М. Шоқай болса, С. Қожанов редактордың орынбасары әрі жауапты хатшы, кейін редакторы болып қызмет істеген, кейінгі кезде газетке Хайретдин Болғанбаевтар (ол да Түркістан қаласында қызмет істеген) редакторлық жасады. 1917 жылғы қарашаның 26 күні Қоқан қаласында Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезі Түркістан мұхтарияты (автономиясы) атты ұлттық үкімет жариялады. Осы съезге және желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялаған Орынбор қаласындағы ІІ Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысқан С. Қожанов алаштық идеяны іске асыруға белсене араласты. Бұндай тұжырым жасауға деректік және дәйектік негіздер жеткілікті. Алғаш рет бұл тұжырым Түркістандағы партия-совет органдарының ресми құжаттарында «Алаш Орданың» түркістандық бөлімі «Бірлік туы» газеті органымен аттас ұйым болды. «Бірлік туы» газеті 1917 ж. маусымынан Ташкентте шыға бастады. Аталған газетті ұйымдастырушылардың тұғырнамасы дәлме-дәл алашордашылардың тұғырнамасындай еді» [3, Л. 208]  Түркістан Республикасы үкіметінің басшылығы Жоғары партиялық инстанцияларға С. Қожановтың үстінен жазылған құпия хат түріндегі арыз-шағымдар бұнымен шектелген жоқ. Мұндай арыз-шағымдарды саяси ұпай жинау мақсатында әсіресе партия-совет қызметкерлері – олардың арасында Д. Нысанбаев сияқты үзеңгілес серіктері де бар, көптеп жазды. Олардың мазмұны «ұлтшыл, «алашордашыл», «оңшыл ауытқушы», «топшыл» деген саяси айыптауларға негізделіп, соңы «қожановшылық» айдарына айналды. Арнаулы органдардың мекемелерінде жинақталған бұндай компромат тиянақты талдаулармен БК(б)П Орталық Комитеті Саяси бюросының Құпия бөліміне жүйелі түрде жеткізіліп отырды. Республиканың саяси басшысы болғанымен оның әрбір ізін аңдыған мұндай әрекетті Орталықтың басқарып отырғаны да жасырын емес. Осындай жағдайда С. Қожановтың Қазақстанда қалыпты жұмыс істеуі және ұлттық идеяны іске асыруға еркін кірісуі мүмкін емес еді.                               С. Қожановтың Түркістан өлкесіндегі алғашқы саяси қызметі «Бірлік туы» газетінің редакторлығынан басталды. Облатком төрағасы, Ішкі істер Халық ағарту халкомы, Түркатком төрағасы, ТКП ОК хатшысы, РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының мүшесі. С. Қожановтың бірыңғай партиялық саясаттың сойылын соққан кейбір қайраткерлерден ерекшелігі осы қызметтерінде ол алаштық негіздегі ұлттық идеядан бір сәт те қол үзген емес. Мұндай деректер Түркістандағы ұлт-азаттық күрес тәжірибелерін талдау арқылы Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатын дербес тарихи таным нысаны ретінде қарастыруға негіз болады. Оңтүстік қанаттың нақты ұйымдық құрылымы болмағанымен оның қызметінің мазмұны қазақ жеріндегі тарихи құбылыстың құрамды бөлігі болып саналады. Сонымен бірге Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының құрамында өлкедегі жергілікті ұлт зиялыларымен тығыз бірлікте жұмыс жасағандықтан Алаш қозғалысы Оңтүстік қанаты қызметінің мазмұнында аймақтық, конфессиялық және идеялық сипаттағы ерекшеліктері болды. Түркістандағы жергілікті халықтардың арасында отаршылыққа қарсы күрестегі мұсылмандық, түркілік бірлік идеялары Алаш қозғалысының өкілдері М. Тынышпаев, С. Лапин, М. Шоқай, Қ. Қожықов, С. Өтегенов, т.б. қайраткерлердің саяси қызметінде жаңа қырынан танылып, қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұнын байытты. М. Тынышпаев, С. Лапин, М. Шоқайдың өлкедегі саяси қозғалыстың және Түркістан мұхтариятының басшылығында болуы олардың Алашорда үкіметімен байланыс жасауына мүмкіндік беріп, қазақ мемлекетінің тұтастығы мәселесін алғаш рет ұлттық идея ретінде күн тәртібіне қойды. Осы мәселе 1918 жылдың 4-9 қаңтарында Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының съезінде арнайы қарастырылды. Алаш Орда үкіметінің басшылары Б. Құлманов, Т. Құнанбаев, М. Дулатовтар арнайы қатысқан съезд шын мәнінде Алаш қозғалысы ұйымдастырған ірі саяси шаралардың біріне айналды. Түркістан қазағын алашқа қосу мәселесін талқылаған съезд жөнінде «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Алаш һәм Түркістан» мақаласында [4, 109-111-бб.] «Съезде Алашқа қосылмаймыз деген ешкім болған жоқ: кәрі-жас, қарасы-төресі, байы-кедейі бірауыз болды» деп ұлттық идеяның қолдау тапқандығы жазылды.                                                                          1921 жылы кеңестердің бүкілресейлік IX сьезінің бір үзілісінде В.И.Ленин С.Қожановты төралқаға шақырып, біршама әңгімелескен. Қайраткер 1922 жылы қази соттарын қалпына келтіру, тартып алынған вакуф жерлерді мұсылман жамағатына қайтару, жағымды дәстүрлерді қайта жолға қою секілді шешетін мәселелерді қолға алып, түркістандықтардың алғысына бөленді. 1924-1925 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы, 1925-1926 жылдары БК/б/П ОК ұлт республикалары мен облыстары бойынша жауапты нұсқаушысы, Мәскеу марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы, 1928 жылы БК/б/П ОК Орта Азия бюросының үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1929-1931 жылдары Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтының алғашқы директоры, 1931-1932 жылдары Орта Азия мақта орталығы басқармасының төрағасы, 1932-1933 жылдары Мәскеуде Одақтық мақта өнімдері басқармасының орынбасары, 1933-1934 жылдары КСРО ХКС мақта тобы басшысының орынбасары, 1934 жылы кеңестік бақылау комиссиясының Өзбекстан бойынша өкілі болып қызмет атқарады. 1928 жылы Орта Азия партия тарихы институты қайраткердің «Кеңестік Түркістан автономиясының он жылдығына» атты кітабын басып шығарды. Осында ол жаңа республика құрудың қиын өткелдері мен алдағы міндеттерді айқын жазады. Сондай-ақ, осы ұлт күрескерінің И.Сталинмен пікірталасы әлі күнге аңыз болып айтылады. Ол қиын жылдары Алаш азаматтарына да көп көмектесті. 1923 жылы Мағжанның өлең кітабына алғысөз жазып жариялады. Фольклоршы Ә.Диваевқа ерекше қолдау көрсетті. Өзі де елдің мәдени-рухани шараларына атсалысып, «Ақжол», «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Шолпан» журналына сан салалы мақалалар жазады. С.Қожанов көп замандастары секілді халыққа арналған сөзін өлеңмен де жеткізді. Оның шығармашылығында «Нені айтайын?», «Кім жауапкер?», «Көреміз!», «Шынға ұқсаған пікірлер», «Бұл кім?», «Тілмаштарға бір сын» т.б. өлеңдері мен К.Бальмонт, Эзоп (Д.Бедный тәржімесі) туындыларынан қазақша сөйлеткен аудармалары бар. Қайраткер 1937 жылы 16 шілдеде ұсталып, 1938 жылы 8 ақпанда атылды.

С.Алдабергенов 1904-1912 жж. Перовскіде уезд бастығының орынбасары қызметін атқарды. Ол уездегі отарлық биліктің құрамына тартылған жергілікті ұлттың өкілі ретінде Сыр бойындағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз мүмкіндігінше үлес қосты. 1912 ж. Төменарық болысының басқарушысы болып сайланды. Ташкентте Мұстафа Шоқай арқылы «Кеңес» үйірмесінің жұмысына қатысып, саяси жұмыстарға тартылады. Сол кезде С.Өтегенов, Қ.Қожықов, С.Ақаев, А.Оразаев, С.Қожанов және т.б. ұлт зиялыларымен араласады.

С.Өтегенов пен С.Алдабергеновтер 1917 ж. Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезіне М.Шоқаймен бірге қатысып, съезд аяқталған соң Түркістанға бірге қайтқан, ежелден дос-сырлас адамдар еді.

Бірінші Жалпықазақ съезінде көтерілген қазақ даласындағы ұлттық бірлік, ұлттық мемлекеттілік түріндегі алаштық идеяны Түркістанда іске асыруда бірқатар ерекшеліктер болды. Атап айтқанда, оның ең бастысы – өлкедегі Сырдария және Жетісу облыстарын қазақ еліне қосуға бағытталды. Ұлт мүддесін ұлықтап, тәуелсіздік идеясын Түркістан өлкесінде тынбай насихаттаған қайраткерлердің бел ортасында Алдабергенов Серқұл да болған еді.

1917 ж. большевиктердің Ташкентте билікті күшпен тартып алуы Қоқан қаласында құрылған Түркістан автономиясы үкіметінің тынысын тарылта түсті. Ұлт-азаттық қозғалыстың дәстүршіл күштерінің өкілі Сералы Лапин (ақмешіттік – Х.Т.) большевиктермен ымыраласу жолдарын қарастырды. Өйткені большевиктік билік ұлттық мемлекеттік құрылыммен санаспады және оның талаптарына құлақ аспады. Осыған байланысты мәлімдеме жасаған Сералы Лапин 6 қаңтарда Түркістан қаласында өтуі тиіс Сырдария облысы қазақтарының съезіне қатысудан бас тартса, Мұстафа Шоқай Қоқан автономиясындағы үкіметтік дағдарысқа байланысты съезге қатыса алмады. Түркістан өлкесі қазақтарының Алаш автономиясына қосылу мәселесін күн тәртібіне қойған бұл съезге негізін Сырдария облысының делегаттары құраған 82 өкіл қатысты. Алашорда үкіметі атынан Б. Құлманов, М. Дулатов, Т. Құнанбаевтар қатысқан съездің қабылдаған шешімдері біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы ұлттық элита қызметін айшықтай түсті.                                                                                                Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласы жаңа жағдайда ұлттың рухани орталығы болып танылған тарихи миссиясын осы жолы да атқарды. Алаш зиялылары съезде ұлттық мемлекеттіліктің аса маңызды белгісі – территориялық тұтастыққа қол жеткізу идеясын алғаш рет көтерді. Осы съезді шақыруға байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайдың «Қазақ» газетінде жарияланған «Сырдария облыстық съезін шақыру туралы» жеделхатында «съезге болыс басы бір кісінің үстіне мына кісілер арналып шақырылды»  деген тізімде С.Алдабергеновтің есімі кездеседі. Съездің ұйымдастыру жұмысында Түркістан төңірегінде туып өскен Садық Өтегенов, Сұлтанбек Қожанов, Қоңырқожа Қожықов және Серіқұл Алдабергеновтер белсене қызмет жасаған.

Қазақ ұлтының тәуелсіздік мәселесін қараған 5-13 желтоқсан 1917 ж. Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысында Сырдария облысынан қатысқан делегаттарының қатарында С.Алдабергенов те болады. Осы съездің делегаттары Алаш автономиясын жариялау туралы мәселеге дауыс беруде екіге жарылғанда С.Алдабергенов «Алаш автономиясы күні бүгін ресми иғылан етілсін деп тас салғандар»  арасында болды.

Архив қорларынан қолға іліккен осындай тапшы деректердің өзі Серіқұлдың Алаш қозғалысының белсенді өкілі болғандығын айғақтайды. Оның қоғамдық-саяси қызметін ғылыми тұрғыда қалпына келтіруге септігі тиетін тарихи құжаттар Өзбекстан Республикасының архивтерінде және қауіпсіздік комитетінің архивтерінде сақтаулы. Олар әзірге ғалымдар үшін қолжетімді болмай тұр. Демек, Серіқұлды, онымен қатар қаншама алаштық тұлғаларымызды толығымен тануымыз үшін әлі де біршама уақыт керек сияқты.

С.Алдабергенов Ташкенттегі ерлер гимназиясында Жорабек Есенов (Қазақ  КСР Ғылым академиясының президенті Шахмардан Есеновтың әкесі – Х.Т.) және інісі Бабабек есеновтермен қатар оқыған. 1918 жылдары Серіқұл мен Жорабек Перовск  уездік атқару комитетінде бірге қызмет істеген. Серіқұл жер бөлімінің бастығы болса, Ж.Есенов уездік милицияның бастығы болған. Жергілікті халыққа өте жайсыз тиген уезд бастығы шовинист И.Гержод (жергілікті халық оны «көржұт» деп атаған – Х.Т.) қызмет істеген жылдары билікке араласқан ұлт зиялыларын террорлық жолмен қуғын-сүргінге ұшыратқан. А.Бибасарұлының деректерінде  Ж.Есеновтың көмегімен атылудан аман қалған С.Алдабергенов өзінің ағайын-туыстарымен Қызылқұмға, одан әрі Өзбекстанға көшіп  кетеді.

И.Сталиннің Қырғыз өлкелік партия комитеті бюросының мүшелеріне 1925 жылдың мамырында жазған «Ақ жол» газетін қайта құру туралы хатында  эмиграцияда жүрген М.Шоқайдың Қазақстандағы интеллигенциямен байланысы сөз болып, оларды партиялық және баспасөз қызметінен аластау мәселелері көтеріледі. Осы қаһарлы хаттың ықпалымен Қазақстандағы М.Шоқаймен араласқан зиялылардың бәрі де қара тізімге алынып, құқық қорғау органдары тарапынан қуғындауға түсті. Осы хаттың ызғарымен С.Алдабергенов Алаш қозғалысына қатысқандығы және М.Шоқаймен байланысы үшін қуғындалды.

1934 жылы 28 маусымда С.Алдабергенов қамауға алынып, оған контрреволюциялық ұйымның басшысы болды, жергілікті халықты ауа көшіруге әрекет жасады деген айып тағылып, 1935 ж. 25 наурызда КСРО НКВД-ның айрықша кеңесінің шешімімен Красноярск өлкесіне 5 жылға жер аударылған. Оның кейінгі тағдыры белгісіз. Бұл қылмыстық іс бойынша Алдабергенов Серіқұлмен бірге, Созақ ауданының тұрғыны, бұрынғы болыс Исаев Жанәділ де жауапқа тартылған .

Жаңақорған топырағында туып-өскен Серіқұл Алдабергеновтың Алаш қозғалысына белсене араласуы біріншіден, осы өңірдің де аталған оқиғалардан сырт қалмағандығын танытса, екіншіден, ел тәуелсіздігі жолындағы қозғалысқа осы өңірдің өкілдері де лайықты ұлес қосқандығын танытады. Демек, Серіқұлдың қоғамдық-саяси қызметі елдің мақтанышы болуымен бірге кейінгі ұрпақтың елжендылығына өнеге болмақ.

Қорытынды

Алаш қозғалысының тарихы дегеніміз оған қатысқан жеке тұлғалардың да тарихы екендігі белгілі. Тарихи әдебиеттерде Алаш партиясына мүше және оған тілектестікте болған 300-ден астам жеке тұлғалардың есімдері белгілі. Бұл сан алдағы уақытта одан да ұлғаюы әбден мүмкін. Мәселе осы аталған әрбір тұлғаның өмірбаяны қалпына келтірілсе, Отан тарихының мазмұны бұрынғыдан да толыға түсер еді деп есептейміз. Әзірге Алаш қайраткерлерінің басым бөлігінің тарихи өмірбаяны қалпына келтіріле қойған жоқ.

Түркістан өлкесіндегі Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлерінің тарихы жеткілікті зерттелген жоқ. Алаш қозғалысының Түркістан ұлт-азаттық қозғалысымен байланысын осы қозғалыстардың бел ортасында жүрген жеке тұлғалардың қызметіне талдау жасау арқылы айқындауға болады. Орта Азия мен Қазақстанда кең өріс алған осы екі ұлт-азаттық қозғалыста қайраткерлігімен көзге түскен жеке тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметінің тарихы енді зерттеле бастады.

Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі, ұлттық мемлекеттілік құру идеясы да құрыштай шыңдалып, дами берді. Самодержавиеге, отаршылдыққа, жергілікті шенеуніктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы өршіді. Осылайша, қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан, оқу-ағарту, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы, ел дауына ұласты.  Яғни, академик М.Қозыбаев көрсеткендей, “Алаштың ұлт азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мәдени даму көлемінде күресіп бақты”

Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты Алаш қозғалысымен тарихи сабақтастықта салыстыра қарастырудың маңызы зор. Бұл екі қозғалыс бірін-бірі толықтырған, сонымен бірге бір-бірімен ерекшеліктері де көп құбылыстар болғандықтан да оларды өзара ықпалдастықта қарастырған орынды болады. Қазіргі уақытта осы құбылыстың тарихын зерттеудің маңызы үлкен. Алаш қозғалысының тарихы дегеніміз оған қатысқан жеке тұлғалардың да тарихы.

Еліміздің тәуелсіздігі үшін қызмет еткен Алаш қайраткерлерінің ғибратты ғұмыры мен жасаған еңбектері егемен еліміздің, тәуелсіз Қазақстанымыздың болашақ қайраткер тұлғаларының ұлтжандылық рухта тәрбие алуына идеялық тұрғыда үлгі-өнеге болары хақ. Ендеше ұлттық тарихымыздағы рухани құндылықтарымызды сақтап, өткен тарихымызды үнемі таразылап, болашаққа нық сеніммен қадам басуымыз керек. Сол үшін де ұлттық тарихымызды тануымыз, ұлттың болашағы үшін тоталитарлық қоғамның қысымына қарсы шығып, ұлттық мүдденің жанашыры болған тұлғаларымыздың өнегесін ұлықтауымыз қажет.

You May Also Like

Алманың пайдасы, ғылыми жоба слайд

Жеңістің туын желбіреткен батыр, ғылыми жоба

Жоспар  І. Кіріспе. Жеңіс туын желбіреткен батыр  ІІ.  Негізгі бөлімі 2.1  Ахмедияр…

Дәркембай Шоқпарұлы- ұлт мұрасының дәріптеушісі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Дәркембай Шоқпарұлы– ұлт мұрасының  дәріптеушісі Бағыты:  Сөнбес жұлдыздар Секция:Тарих…

Слова-ловушки переводчика, научный проект

Секция: ағылшын тілі Жобаның тақырыбы: «Слова-ловушки переводчика» Оглавление Абстракт Введение– Исследовательская часть…