Мақсатым:
Асық ойынының тарихы мен оның тәрбиелік мәнін зерттеу.
Асық ойнаудың денсаулыққа тигізер пайдасын анықтау.
Асық ойынының дене шынықтыру, математика сабақтарындағы байланысын ашу, тиімділігін білу.
Міндетім:
Асық ойыны туралы мәлімет жинау;
Сыныптастарыммен асық ойнау, нәтижелерін талдау;
Математика, дене шынықтыру сабақтарында асық ойыны жарыстарын өткізіп нәтижелерін талдау.
Қорытынды жүргізу.
Жоспар:
- Асық ойынының түрлері
- 2. Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру
- 3.Асық ойыны барысында қолданатын құралдар мен әдістер
«Асық ойынының түрлері»
Асықты жерге иірген кезде алты түрлі қалыпта түседі:
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.
Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.
Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:
Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Шүкейт – жас малдың асығы
Қойлық – қойдың асығы
Ешкімек – ешкінің асығы.
Құлжа – құлжаның асығы
Қоңқар – арқардың асығы
Бунасын – түйе асығы
Қидасап – жылқы асығы
Кигат – киік асығы.
Бунақ – қасқыр асығы
Математика, дене шынықтыру сабақтарында «Асық» ойын түрлерін қолдану
Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіре түсінуіне толық мүмкіндік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады, атап айтқанда, “Хан талапай”,“Ханым дат”, “Ақ сүйек”, “Қыз қуу”, т.б.
“Хан талапай” ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын бекіту. Артық, кем түсініктерін тиянақтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: Асық (саны 20).
Мазмұны: Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады.
Талапай-ау, талапай.
Табылды ойын, алақай.
Асықты алға шашамыз.
Талапайға басамыз – деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді. Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?
Нешеу? Қаншасы артық? сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды.
Компьютерлік ойындар
Баланың жүйке жүйесін тоздырады;
Бойына тұйық мінезді қалыптастырады;
Қан айналымын бұзады;
Жүрек-қан тамырларының жұмысын баяулатады;
Көздің көруін нашарлатады;
Бойдың өсуіне кері әсер етеді;
Тері тітіркеніп, бөртпелер пайда болады.
Асық ойыны
Баланың ойлау қабілетін дамытады;
Адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді;
Денені шынықтырады;
Қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады;
Көз қашықтан көруге қалыптасады;
Бойдың жылдам өсуіне көмектеседі;
Кең ауада тері жасушалары ашылып, ағза тынығады.
Қорытынды:
Бұл тақырыпты зерттей келе, мен қазақтың ұлттық ойыны асық ойыны жайлы көп мәлімет іздендім. Осы ғылыми жоба арқылы асықтың шығу тарихын, оның балаларға берер пайдасы мен тәрбиелік мәнін ғылыми тұстарын жан-жақты танып білдім. Сондай-ақ асық түрлерінің атауларымен таныстым. Жалпы асық ойынының түрлері сан түрлілігімен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде осы ойынды балалар арасында көп ойнатылса, ұлттық ойынымыз дами түсері анық.
Менің ұсыныстарым
Асық ойыны мен асық ойнау ережелері туралы кітаптар шығарылса деймін.
Түрлі-түсті боялған асықтардың дүкендерде болғанын қалаймын.
Дене шынықтыру сабағына асық ойынын кіргізу.
Оқушылар арасында асық ойынынан жарыстар өткізілсе деймін.
Асық ойынын мектептегі спорттық-мәдени шаралар бағдарламасына кіргізуді ұсынамын.