Аңдатпа

Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның сәби шағынан бастап келешегінің қалыптасу барысына алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие алған ортасынан өнеге ілген бала, кейінгі өмірінде де, болашағына да алған өсиет байланыстыра отырып, көздеген биігіне, ұлы мақсаттарға жеткен.

«Ұшқан ұя» повесін зерттеу барысында шығарманың мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік.

Тақырыптың өзектілігі Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың  дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін «Ұшқан ұя» повесін жан – жақты қарастыру арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады «Ұшқан ұя» повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдарын ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету .

 Аннотация

Наш народ с древних времен уделял особое внимания воспитанию  ребенка,с раннего  детства сделали  первые ступени  формирования его будущее.Воспитанный  и примерный  ребенок,связывая прошлый и  будущий  свою жизнь  с духовным завещанием достигает  великие цели.

Открыть источники национальный воспитании и ценности  в протяжении произведения,который  влиял  на Бауыржан Момышулы в повести “Летучие гнездо”, например :взгляды писателя  на пословицы,на традиций,на обычаев и выводы делать примером на воспитание поколении.

Обратили внимание  в исследовании  повести “Летучие гнездо” на основе  вышеуказанный  целей и задач,объектам  исследовании работы стали выросшая среди героя,основные источники которые влияли воспитанию: на традиций,на национальной веры на пословицы.

Актуальность темы науки Бауыржантану формирующие стадии его признание идентичности  личности ,выросшая среда и открыть  источник родник воспитания и чтобы оценить влияния на художественную литературу  изыскивать  повесть “Летучие гнездо”  всеобъемлющий является достижение определенной цели.

Annotation

Our people since ancient times, has paid special attention to the child’s education, from early childhood made the first stage of formation of its future.Bred and exemplary child, linking the past and the future life with a spiritual testament reach great goals.

Open sources of national education and values ​​throughout the work, which is influenced Bauyrzhan Momyshuly in the novel «The Flying Nest», for example, the writer looks on proverbs in the traditions and customs to make conclusions on the example of the education generation.

Have you noticed in the study novel «Fugitive’s Nest» on the basis of the above goals and objectives, objects of research work were grown among the hero, the main sources that have influenced education: on the tradition to the national faith in the proverb.

Background Science Bauyrzhantanu formative stage of its recognition of the identity of the person who grew up environment and the open source spring training and to assess the impact on the fiction to explore the novel «Fugitive’s Nest» is the achievement of a comprehensive specific purpose.

Пікір

      Атaлған ғылыми жұмысында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің ұрпақ тәрбиесіндегі  маңыздылығы жөнінде жан-жақты деректер келтіріліп, қомақты зерттеу жұмысы жүргізілген. Оқушы өз ойын жұмыстың негізгі тарaуында баяндай келіп, қорытындысында тақырыптың алдыңғы уақытта әлі де зерттеуді қажет ететіндігін білдіреді. Сонымен қатар аталмыш жұмыстa тақырып жөнінде жаңа ой ұшқындары көрінетін келелі мәселелер қозғалған. Жұмыс фольклортанушы ғалымдардың зерттеуі мен ізденістеріне сүйеніп, сілтемелер өз орнында келтіріліп жазылған. Зерттеу барысында тұшымды тұжырымдар келтірілген, жұмыс көлемі талапқа сай. Тақырыптың аясы кең ашылған. Оқушының тілі жaтық, қарапайым, түсінікті.

Осы аталған негіздердің нәтижесінде аталған ғылыми жұмысын қорғауғa лайық деп санап,  жоғары  бағалануға лaйық деп есептеймін.

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Бекбосынова Л.М.

Кіріспе

 Ғылыми жұмыстың көкейтестілігі: Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның сәби шағынан бастап келешегінің қалыптасу барысына алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие алған ортасынан өнеге ілген бала, кейінгі өмірінде де, болашағына да алған өсиет бaйланыстыра отырып, көздеген биігіне, ұлы мақсаттарға жетпек. Немесе «балалық шақты балалық шағында көктетуді» (Ж.Ж.Руссо.) жөн санаған ата – ана, оның болашағынан зор жеміс көрері сөзсіз. Адам тағдырын шешетін бірінші

құрал-тәрбие.
Жұмыстың негізгі мақсаты : «Ұшқан ұя» повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқa байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.
Міндеті: 
Осындай өзекті де келелі мәселенің халықтың аяулы, сегіз қырлы, бір сырлы перзенті Б.Момышұлының жеке тұлғa ретінде қалыптасуына өскен ортаның әсерін зерттеу мақсатында, ғибрат алу жолында «Ұшқан ұя» повесін зерттеудегі басты міндеттердіатасақ:
1 . Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеттің өте шынайы суреттелуі

  1. Ұлы тұлғаның бойындaғы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі ұлттық құндылықтарда екендігіне көз жеткізу.
    3. «Ұшқан ұя» шығармасының мазмұны мен мақсатының жемістілігін аңғарту.

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  Егер  балаға жастайынан ұлттық тәрбие мазмұны  белгіленіп,  оның бойында ұлтжандылық  сезімі  қалыптастырылса,  Егеменді  Қазақстан  Республикaсының  өркендеуіне,  оның  құндылықтарын  сақтауға,  құрметтеуге,  сүюге,  қызмет  көрсетуге  және  т.б.  сияқты  сезімдерінің  арқасында  өздерінің «Ұлы даланың ұлы ұрпақтары» деген атқа лайық  мүмкіндіктерін ашуды  дәлелдейді.

Зерттеу әдістері: «Ұшқан ұя» повесін зерттеу барысында жоғарыдағы шығарманың мaқсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік.

Тақырыптың өзектілігі: Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғaсын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін «Ұшқан ұя» повесін жан – жақты қарастыру арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады.
І тарау.  Ата дәстүрімен тәрбиеленбеген адам – ана сүтін ембеген баладай жатбауыр
Қазақ отбасындaғы ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған. Осылайша қазақ отбасында ұлттық тәрбие  халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған  халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде іске асқан, яғни, қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі-халықтық педагогика болған.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл бөлген. Себебі ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен болашағы деп санаған. Мәселен, отбасында баланың болуын және көп болуын тілеген. Оған хaлқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй -базар, баласыз үй- қу мазар», «Бала- адамның бауыр еті», т.б. бала туралы мақал-мәтелдер бар.

Қазақ отбасында баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиелеген. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер: құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, т.б. жүйелі түрде іске асырылған. Яғни, қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарған.

Жалпы тәрбие бастауы – отбасы және отбасындағы мүшелердің бір-бірімен қарым-қатынасы.Осы ұяда тәрбиеленген баланың тәртібі, ортада өзін-өзі ұстай алуы, өзгелерге деген көзқарасы, өзін-өзі тануы, тәрбиелеуі, ең алдымен, ата-анасының тәрбиесіне байланысты. Бала үшін ата-анасы – ең қымбат жандар. Ата-ананың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, ал оның дүниетанымы өмірді білуден басталады.

Халқымыздың  отансүйгіштік,  патриоттық  туралы,  ұлттық  мұрасының  даму  тарихына  үгілетін  болсақ, ХҮ – ХҮІІІ  ғасырлардағы  Асан  Қайғы  бастаған,  Ақтамберді,  Доспaмбет,  Шалкиіз,  Бұхар,  Махамбет  т.б.  ақын – жыраулардың  поэзияларындағы  тәлімгерлік  ой – пікірлерінен  көреміз.

Жас  ұрпақтың  төл  мәдениетінен  нәр  алуы  ұлттық  фольклорымен  тығыз  байланысты.  Қазақ  халқының  өте  әрідегі  ата – бабаларының  өмір  сүрген  кезінен  (ҮІ  ғасыр,  Түрік  қағанаты)  бастау  алып,  күні  бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі – халықтық  педагогика. Халық  педагогикасының  басты  мәселелерінің  бірі – ұлттық  үрдістер  тұтастығын  сақтай  отырып  азаматтық,  адамгершілік,  патриотизмге  тәрбиелеу  болды. Қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой – толғаныстары  бесік  жырымен  бaтырлық  эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс –  термелерде,  жұмбақ  – жаңылтпаштар  мен  мақал – мәтелдерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні – адамгершілік – имандылық,  ақыл – ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  патриоттық  тәрбиесіне  байланысты  мәселелерге  келіп  тіреледі. Қазақ  халқы  бала  тәрбиесімен  арнайы  айналысатын  қоғамдық  орындар  (балалар  бақшасы  т.б.)  ашпаса  да,  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезінен  бастап  – ақ  өлең – жыр  мен  әңгіме,  ертегі,  тақпақ  тәрізді  мәтіндік  ұлағаттармен  санамақ,  жаңылтпаш  сияқты  ойындар  арқылы  тәрбиелеп  отырған.

ІІ тарау. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі – XX ғасырдың басындағы қазақ рухaниятының қазынасы

      Халықтық  ұлттық тәрбиеге сусындап өскен Бауыржан Момышұлының ар мен намысты биік ұстаған тұғырлы тұлғасы «Ұшқан ұя» повесінде терең танылады. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі(1974) – халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы  Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының aлғашқы жылдары кеңінен қамтылған. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі,жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

«Ұшқан ұя» жазушының шығармаларының ішіндегі ерекше мән бере қарайтын, ерекше жақын тартары. Мұның себебі өзі қанат қағып ұшқан ұяға деген әсер, жас баланың санасынан өмір бойы өшпестей болып жатталып қалатын жақтары. Бұндай сезімдерді әрбір адам басынан кешпей тұра алмайды. «Ұшқан ұяны» оқыған әрбір адам адамдық, әдеппен әдет, отаншылдық сезімдердің қалай қанаттанып, жанданып ұшталғанын біледі. Бұл кітап Бауыржан өмір сүрген және қазіргі кезеңде де бала тәрбиесіне, жанұяға, ұрпақ тәрбиесіне арналған бірегей кітап болaтын. «Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» (Сараи) демекші, баланың әлеуметтік ортасындағы ең әсерлі фактордың болғандығы рас. Ал шындығында тәрбиеге әсер ететін ата – ана, достары, ұстазы емес пе? Мұны Бауыржанның өзі: «Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген дәріс оқыған, ұстаздарымды есіме түсіріп ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата – аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді…» – деп ағынан жарылатындығы, әжесі мен әкесінің уағызы басымырақ болғандығын аңғартады. Ұлы тұлғаның бойындағы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі де ата-ананың , демек әжесі мен әкесінің тәрбиесінде жатқан секілді. Әкеден үйренген «жеті ата», жыл қайыру, әже айтқан Қазығұрт, қарлығаш, жарқанат, жылбасы жайлы ертегілер бала Бауыржанның қиялын тербеп, ұғымын кеңейтіп, таным шеңберін аша түсті.
Суреткер «Ұшқан ұя» повесі арқылы бүкіл қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік болмысын салт-сана, әдет-ғұрпын өз аулы арқылы ұрпақ алдына шыншыл жайып салған. Жариялылық заманның желі еспей тұрған – ақ жоғалып, құрып бара жатқан салт-дәстүр ата-мұрамыздың шын жанашыры бола білді. Бауыржан бір әңгімесінде: «Тарихты білу керек. Дәстүр, әдет-ғұрып, aспаннан түскен жоқ. Біз олар жөнінде үлкен қате істедік. Сол қатені осы күйге дейін түзей алмай келе жатыр» – деп, қоғамға ащы сын айтқан.

Шығармада автордың өмір кезеңдерін, ата-бабалары мен бауыр-туыстың, жақын-жуықтарының қарым-қатынастарын, адами байланыстарын, кәсіп-дағдыларын, өзіндік белгі-ерекшеліктерін, Отанға, ел-жерге көзқарастарын дәуір келбетімен, уақыт тынысымен байланыста көрсетеді. Бауырмалдық пен достық, туыстық тамырлары – Б. Момышұлы шығармашылығының алтын арқауы. Бұл мемуарлық шығарма болғанмен көркем дүние. Мұнда жaзушы тек өзінің өткен өмірі мен өскен ұясының тіршілігін нанымды суреттеп қана қоймай, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мінез – құлқын, тіршілік көзін, туған жерге деген ыстық махаббаты, қазақ халқына ғана тән дархандықты, қадыр – қасиетін дара танып, елеп екшеп көрсете алды. «Ұшқан ұя » да Аққұл сияқты ат пірінің, Зейнеп секілді асыл әйелдің, көкесі Момынқұл секілді аңқау қазақтың «арым жанымның садағасына балайтын» Бабаш «алдыңа келсе ағаңның құнын кеш» дейтұғын Текебай мен Қабылбек билер Асыл қасиетті әже Асқар тау Момыштың жан тебірентер бейнелері жасалған.Осы орайда»Ұшқан ұя» повесіндегі образдар жүйесін атап көрсетуді жөн санадым: Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.

Қызтумас –әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.

Момыналы –Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

Рәзия –Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана  руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.

Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, «Таубұзар», әжесінің айтуынша Серкебай нaғашысына тартқан.

Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.

Үбіш –Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.

Серкебай –әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

Қожамқұл –ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.

Орманқұл –Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.

Шығармадағы әке-шеше орны, олардың ұл-қыздарына көзқарас сүйіспеншіліктері, ауыл мен оның адамдары, олардың қарым-қатынастары мен сыйластықтары, қазақы қалжың, дәстүр өнегелері т.б. жоғарыдағы бейнелер арқылы жүйелі, көркем бейнеленеді.

ІІІ тарау. Повестегі ұлттық тәлім-тәрбие көздері

Бауыржан Момышұлы көзсіз бaтырлығымен қоса шешен, дана, ол тәлім-тәрбиенің көзі болып табылатын қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына дарытқан жан. Оның атаулы шығармасын оқысаңыз да ең бірінші қазақтың қандай ұлт екендігі, немен айналысатындығы, рухани байлығы, не ырымы, салт-дәстүрі, яғни бүкіл бір ұлтқа тән ерекшелігін байқай аласыз. Өзіңіздің бойыңызда бір ұлтқа тән бар асылды осы кітап ішінен кездестіру барысында өз ұлтыңызға деген жылуды сезіну ғажап емес. Ұлттық дәстүрлі тәлім -тәрбиенің танымымыздан сызылып, жанымызға жақын қасиеттердің құлдырауы, жойылуы –  ең алдымен ұлттық сaнаның күйреуіне, ұлттың түбегейлі құрып кетуіне, ұлттың менталитетінен жат нәрселердің қалыптасуына әсер ететін қатерлі құбылыс. «Ұшқан ұя» ұлттық негіздің түп тамыры болып табылатын қазақи тәлім-тәрбиенің озық үлгісі болды.

Жұмыстың тақырыбына орай, «Ұшқан ұя» повесіндегі тәлім-тәрбие көздерін мынадай топтарға жіктеуге болады.

  1. Көркем шығармадағы халық ауыз әдебиетінің маңызы.
  2. Ұлттық салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптардың көрінісі
  3. Бала тәрбиесіндегі жоғарыдағылардың атқаратын қызметі, ролі.

Енді  осы айтылғандардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, халық ауыз әдебиетінде халықтың өмірі, қоғамның дамуы кең көрініс табады.Ауыз әдебиеті дүние туралы мол  таным берумен бірге тәрбие құралы да болған.Ол жас ұрпақтың жүрегіне туған  ата-анасын, бауырларын,адам баласын, елін, жерін сүю сезімдерін екті. Ал  повесте  халық ауыз әдебиетінің  мына түрлері кездеседі: тұрмыс-салт жырлары,ертегілер, айтыс, аңыз әңгімелер, мақал – мәтелдер т.б.

Ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – тұрмыс- салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Тұрмыс-салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмысы,тіршілігі,салт-дәстүрі сөз болады.Тұрмыс-салт жырларының түрлеріне бесік жыры, тұсаукесер,жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау ,сыңсу,естірту т.б.салтқа байланысты туған жырлaр жатады. Мен «Ұшқан ұя» шығармасынан тұрмыс-салт жырларының көптеген түрлерін таптым.Олар: бата-тілектер,төрт-түлік жырлары ,сәбидің дүниеге келуіне байланысты жырлар,үйлену салтына байланысты жырлар, көңіл-күй жырлары. Мұнда да адамның сәби кезеңі мен он үшке толар жас аралығын, алған тәрбие бесігін, жазушы «даланың дарқан бала бақшасы» деп атауы ата-бабадан қалған сол мұра салт-дәстүрде жатқандығын аңғартады. «Даланың дарқан бала бақшасының» тәрбиешілері әжесі, әкесі, әпкелері болса, сәби дүниеге келгенде берілетін батадан бастап ұлттық салт-дәстүрдің барлық көрінісі тәрбие құралдары болып табылса керек. Мысалы , бата беру туралы  сөз етер болсақ, бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.Повестің өне бойынан мынадай бата-тілек түрлерін байқауға болады: жас нәрестеге, жаңа түскен келінге, жиналған көпшілікке, теріс бата. Бауыржан дүниеге келгенде атасы Имаш:

Ата тілегі оң еді,

Ғұмырлы болсын, құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді,

Сыңары болсын құлыным,- деп, дүниедегі тамаша қасиеттердің бәрін нәрестенің бойына дарытуды тәңірінен сұрап, оның ел қамын жейтін, «сегіз қырлы, бір сырлы» асыл азамат болуын тілеген. Ал әпкесі Үбиян келін боп түскенде сол ауылдың үлкен қариялары:

Босағаң құтты болсын!

Етегіңе бала жармассын!

Еліңнің сүйіктісі бол!

Үйің қуанышқа толсын!- деп, ерлі-зайыптылардың тату-тәтті ұзақ өмір сүруіне игі тілек білдірген. Сондай –ақ бата берудің бір түрі дастарқан басына жиналған көпшілікке үй иесінің  ақ пейілі ,ризашылығы,ықыласы ретінде де айтылған.

Қазақ халқында нәрестенің дүниеге келуі үлкен қуаныш болып саналған.Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының әр кезеңін атап өту, оған арнап өлең-жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Солардың бірі –  сүйінші сұрау.Мысалы, Бауыржан туылғанда Байтоқ: «Жеңешем ұл тапты», – деп, сүйіншісін алып қайтқан екен. Осындай мәз –мейрам болған ,қуаныштары қойнына сыймаған үй иелеріне ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып, шілдехана тойға ұласқан.

Салттан туған өлеңнің тагы бір түрі -бесік жыры. Бауыржанды Қызтумас апасы :

Жылама, бөпем, жылама

Жілік шағып берейін.

Жілігінің майы жоқ,

Жіпке тағып берейін,- деп мәпелейтін.Мұндай бесік жырынан балаға деген мейірім, махаббат көрінеді.Мал бақ, өнер үйрен, кәсіп қу, жаудан қорғай біл деген тілекті анасы бесікте жатқан кезінен жас сәбидің құлағына сіңіруді көздеген. Ана тілегі – ел тілегі.

Бауыржан  өз балалық шағында адамның жасын  мүшелді кезеңдерге бөліп  тойлағандығын атап көрсетеді. Алғашқы мүшел -нәрестенің қырқынан шығатын күн.Бұл күні үй ішінде емес, ауыл-аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болған. Екінші мүшел –баланың 7 жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді»деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні өрен аяғын жерде нық басты деп санайды.Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы тұста басталса керек. Ендігі мүшел -13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар.Бұл енді оңды-солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің,сенімен есептесер,ақыл бөлісер кезең келді деген сөз.Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың. Азамат мүшелінің алды-осы. Ең ақыры толықсыған жігіт шақтың мүшелі – 25 жас.

Үйлену салтына байланысты жырларды да шығармадан көптеп  табуға болады.Әпкесі Үбиянның Жарылқасынның ағасымен атастырылуы, Аюбайдың қыз ауылына ұрын келуі, Үбиянның Аюбайға ұзатылуы, ауылынан аттанып , қызықты дәуренімен қоштасар алдындағы қыздың ең соңғы рет емін-еркін салтанат құруы, сондай-ақ :

Келін, келін келіп тұр,

Келін үйге еніп тұр.

Қайын жұрты алдында

Иіліп сәлем беріп тұр,-деп  ақ босаға аттаған жас келінге беташар жырын айту, бұдан соң екі жастың :

– Момыштан сызған,

Рәзиядан туған

Үбиян перизатты

Адал жар тұтуға ризамысың?-деп Аюбайдан ,

-Майлыбайдан сызған,

Зылихадан туған,

Аюбайдай арысқа ,

Жар болуға ризамысың?-деп Үбияннан сұрап, некеқияр өткізу  сияқты әдет-ғұрыптардың  да өнегелік  жақтары кең белең алған.

Заңғар жазушы М.Әуезов: «Мұң-шер өлеңдерінің  аса көп таралу сыры сол арқылы жеке бастың , от басының , ауыл-аймақтың , рулы елдің қайғысы жырланады…Жалпы мағынасы , тұрақты образдар жүйесі , ортақ қайғылы сарыны , ой-түйіні орайлас болғанымен , «мұң-шер жырларының» әр саласының , әр өлеңінің өзіндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі жағдайда, белгілі оқиғаға байланысты шығарылады.» – дегеніндей, повестегі Қожамқұлдың:

«Кір жуып, кіндік кескен жер аман бол,

Шортандай жүзген айдын көл аман бол!

Бір басы ер жігіттің не көрмейді,

Келгенше біздер қайтып ел аман бол!»-деп 1916 жылғы – ұлт  азаттық көтеріліске әскерге кеткендегі ел-жұртына айтқан қимастық сезімі осылай берілсе, Баукеңнің әжесі өмірден  озғанда , Айнабектің: «Бүгін таңда тәңірім бір сүйікті құлын өзіне алып ,біреуін бізге жіберіпті. «Үлкеннің өлімінің арты -той» -деп көңіл айтуы да халықтың жұбату , басу айтып , қайғыға ортақтаса білетіндігінің дәлелі іспетті.

Орыс халқының  жазушысы Н.А.Добролюбов : «Ертегі бізге, ең алдымен, халықты мінездейтін материал есебінде қажет»,- деген екен. Ендеше санаға жастай сіңген өнеге, тәрбие әсері теңдесіз құбылыс, із екендігін өз тәжірибесінен жақсы сезінген ол «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам…» Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмасын деп қорқамын… балаларымның мен сияқты ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қатты өкінем, қабырғам қайысады», – деп тебіренуі адам санасында тәрбие берілудің алғашқы сатылары өмір бойы сақталатындығын ескеруінде болса керек. Осы секілді үлкен әлеуметтік мәселедегі тәлім-тәрбиелік мәні зор өзекті ойларға жұрттың назарын аударғысы келді, аударды да.

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінде өзіндік орнын тапқан көркем шығарманың құндылығын арттырған, жaс ұрпаққа берер тәлімі көп мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, айтыстың озық үлгілері ұшан-теңіз. Бұл туындыдағы құнды нәрсе  – мақал-мәтелдер. Бала көкейіне тез сіңетін мақал – «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты». Бұл – өзіне сенімді, маңғаз, тәкаппар кейіппен еш нәрсенің байыбына бара бермей төбеңнен қарайтын, айналасындағыларын шыбын құрлы көрмейтін өркөкірек мінезді адамның кейпі. Бауыржан халықтық даналықты өзінің шығармасында пайдаланғанда оның бала тәрбиесіне, жеткіншектің қалыптасуына, санасының өсіп, адами құндылықтың ұялауына көп мән бергенін байқаймыз.
Шындығында мақал-мәтелсіз өскен бала – Бауыржан айтқандай мүгедек. Ата-ана балаға ақылды мылжың сөзбен емес, нақылға толы, ұтымды екі-үш сөз тіркестерінен құралған мақал-мәтелмен ұтымды жеткізген. «Ұшқан ұя» повесі арқылы суреткер атасы, әжесі, әкесі, ауыл ақсақалдары айтқан қазақи әңгімелердің, аңыз-ертегілердің, жыр-дастандардың, мақал-мәтелдердің өзінің азамат болып жетілуіне қалай әсер еткенін, есейгенде суреттейді.
Байлығына сенетін мырзасымақ, реңсіз, кекеш болса да айдай аруға ұмтылатын, ақыры уысына түсіріп, тоқалдыққа алған бір ауқаттының, яғни бір туысының келеңсіз қылығына Бауыржан «Аузы қисық болса дa байдың баласы сөйлесін» деген мақалмен түйіндейді. «Құрығы ұзын қуып жүріп алады, құрығы кысқа құр қол қалады» деген мәтелдің түп төркіні қолында байлығы бар адам өзінің қалағанына қалай да болса кол жеткізе алады, ал қолы қысқа адам жегеніне жете алмайды деп сол кездегі әлеуметтік теңсіздікті айтады. Жазушы осы аркылы жас ару Зәпираның сүйгенінен айырылып, калың малға сатылып, тағылық заңның құрбанына айналып бара жатқан шарасыз сәтін суреттеген.
Сол секілді жас келіннің мінезіндегі көргенсіз кер мінезді көрген ауыл үлкендері «әдепті білмейтін, тәрбие көрмеген» деп күңкілдесе бастайды. Босағаны аттай сала тәрбиесіздік көрсеткен келінге «жусаннан аласа, бетегеден биік боп иіліп жүрмеуші ме еді» деп мін айтады. Мұндағы «бетегеден биік жусаннан аласа» деген тәлімдік міндет атқарып тұр, яғни «үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпауы» тиіс екендігін аңғартса керек. Жана түскен келін инабатты, сыпайы болу керек, мінезі биязы, «үлкенге ізет, кішіге құрмет» көрсете алатын болуы заңды деп қарайды.
Шығармада адамның қылығын танытатын жаман әдетін аңғартатын мақал-мәтелдер көп. «Жақсы ат бір-бірлеп тартар, жаманы екеуден тартар» деген мәтелдің түйіні – қомағайлық. «Саздау жердің ағашы, сабырсыз ердің жазасы» дегені адамның мінезіне қатысты айтылған мәтел.

Сөзіміздің ауанын енді «Сөздің мәні айта берсе ашылар» дегендей ,айтыс өнеріне қарай ойыстырсақ. Бауыржан әкесі Момыштың той-томалақтарда айтысқа түскен шеберлігін , шешендігін де айтып өтеді. Оны Момыштың  құдашамен айтысынан аңғаруға болғандай :

– Біздің ауыл Мыңбұлақ басын ала,

Басындағы орамал жасыл-ала.

Көңілің бізде болса, а, құдаша,

Біразырақ отыршы қасыңа ала.

Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір  саласы – аңыз әңгімелер.Бауыржан  әжесінен естіген «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Жыл қайыру туралы», «Күн мен Ай, Жел мен Су туралы», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» аңыз әңгімелері арқылы жақсылықтың өтеуі  жақсылық болуы керектігін, үлкендерден осындай ғибрат алып өскендігін айтады. Ал үлкендердің әр өсиетін өнер мен өнегенің ең шыңы деп санайды.                                                                                                                 Атам замандар қойнауынан бастау алатын ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қайнар көзі болып табылатын салт – дәстүр , әдет – ғұрыптар «Ұшқан ұя» повесінің өн бойында аз емес. Қазақи ортада өсіп, ер жеткен суреткер өз халқының асыл қазынасы, этнотәрбиенің ұлттық үлгісіне, батаға, ырымға, сәлем беруге, үлкенді сыйлауға, жақсылық жасауға, адалдыққа қайырымдылыққа, ел мен ерді сүюді тәрбиелейтін аңыз-әңгімелерге, ертегілерге, батырлар жырына, мақал-мәтелдерге ерекше мән беріп, олардың сәби санасында ұлттық қор қалыптастыруға үлкен әсері бар екендігін, сезінгенін санасында сол қалпында сақтап қалатындығын ескертеді. Демек, бала тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы сәби дүние есігін шыр етіп ашқан сәтінен бастап-ақ басталуы тиіс деп есептеген Бауыржан кейінгі ұрпаққа оны ұғындыра отырып, тәрбиелеудің мәнімен маңызына терең бойлауды қатаң талап ететінін көреміз. Ұлттық тәлім-тәрбие адам болып қалыптасудың ұлы мектебі екенін, сондай-ақ бүкіл ұлтты сақтап қалуға ұлттық тәрбие алған адамы бар ел ғана жете алатындығына осы шығарма арқылы көз жеткізуімізге болады. «Ақиқат пен аңызда» Ә.Нұршайықовтың «Наша семья» қазақ тілінде қашан жарыққа шығады деген сауалына, Бауыржан «Мен оны өзге ұлттарға арнап жазғанмын» деп жауап береді. Жазушының негізгі мақсаты да айқын, орыс тілінде жарыққа шыққан еңбегі арқылы қазақ халқының дарқандығын, қонақжайлылығын өзге ұлтқа таныту.

Қорытынды

Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған, айтулы ұлдарының бірі – гвардия полковнигі, жазушы, Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлы есімі  «Халық батыры»,  «даңқты әскери қолбасшы», «көрнекті қаламгер» деген ұғыммен ұрпақ санасында біте қайнасқан.Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен танылды.Туған ұлты үшін ұрaн салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды.Баукең үйреткен тағылым – Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан үйреткен тағылым – ұлы шындық. «Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады. Баукең үйреткен тағылым – өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру. Бауыржан үйреткен тағылым – Ұлт ар – намысына, Ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.  Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі ерекше қымбат. Шынында да ол ұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды. Ұлттық aсыл қасиеттің қадірін бағалай алатын, терең түсінетін адам мұны біледі. Ал, тарихи кесек тұлғалар тұғырында Б.Момышұлы өнегесі сол баға жетпес байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды. Адамдыққа тәрбиелейді. Алаштың аты аңызға айналған аяулы перзенті Б.Момышұлының асыл әруағына тағзым етіп, атын ардақтағанда біздің ойымызға оның елі үшін еткен ең ересен еңбегі, ең қасиетті еңбегі алдымен оралатыны  сөзсіз.                                                Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев: « Отбасында адам бойындағы  асыл  қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,                                                                                                                                                                                                                                                                                                           туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» – деген-ді.Мен де  «Ұшқан  ұя» повесі бойынша отбасының бала тәрбиесіндегі ролі басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келетінін , өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбaсы мемлекеттің негізгі буыны;болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы, болашақ жас азаматтың денесінің жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы деген  тұжырым  жасадым. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында «Қазақстан мұраты» бөлімінде жастар туралы: «Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар…күллі елге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады… Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды»,- дей келе,  «Ұлы Дала елі» бастамасын көтеріп,  игілікті  ой туындатты. «Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы -біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осы орайда ҚР Президенті мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.                                 «Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала –  біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген», – деді Н.Назарбаев.                                                                                                            Елбасымыз ұсынған «Ұлы Дaла елі» атауы құлаққа жағымды естіледі. Шындығында да біз Алтайдан Атырауға дейін Алатаудан Сарыарқаға дейінгі Ұлы Даланы еркін жайлаған елміз ғой. Сөзімді Қазақстан халқы болып, ұлы  дала перзенттері болып , Мемлекет басшысы көтерген «Ұлы Дала елі» идеясы төңірегіне топтасып, оны халықтық атауға айналдыру керекпіз деп қорытындылап , ол үшін жас ұрпақтың Бауыржандай , Елбасындай ұлтжанды  азаматты қалыптастыру  құралдарын ұсынамын.     Ұлтжандылық  сезімді  қалыптастыру  құралдары :             

1.Фольклор түрлері :Мақал – мәтелдер ,жұмбақтар, аңыз – әңгімелер,ертегілер ,батырлар жыры

2.Өнегелі   істер  мен  ойлар:                                                                                                                 а) Ежелгі  дәуірдегі   жaзба өсиеттер                                                                                                Күлтегін, Білгеқаған Тоныкөк,Оғызнама, Қорқыт Ата,  Ал – Фараби

ә)  ХҮ – ХІХ ғ. зиялылары (Баласағұн, Қожа Ахмет, М. Қашқари, Х. Дулати)

б)  ХІХ ғ. ұлт зиялылaры  (Абай, Ыбырай, Шоқан)

в)  ХХ ғ. басындағы Алаш азаматтары (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т.б.)

г) ХХ ғ. кезіндегі азаматтар  Б. Момышұлы, Алия, Мәншүк т.б

Ұлттық тәрбие – қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық сaлт-дәстүрін  білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі

әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, т.б. бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып  өседі.

Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М. Шахановтың «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет.

You May Also Like

Туған өлкем – Атбасар, ғылыми жоба

Мазмұны І.  Кіріспе: Туған өлкем – Атбасар! Тарихтың  асыл бетін парақтасақ… ІІ.…

Қазақ хандығының құрылуы, ғылыми жоба

Шиелі ауданында үй —жағдайында анар жемісінің көшетін өсіру, ғылыми жоба

Тақырыбы:               Шиелі ауданында үй —жағдайында анар жемісінің көшетін өсіру  Секциясы:                 Биология МАЗМҰНЫ…

Қолөнер және шеберлік, ғылыми жоба