Тақырыбы:               Шиелі ауданында үй —жағдайында анар жемісінің көшетін өсіру 

Секциясы:                 Биология

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………….8

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І . АНАР ЖЕМІС ЖИБЕКТЕРДІҢ ПАТШАСЫ

  • Анар ағашының таралу тарыхынан …………………………………………
  • Анар жидегіне сипаттама.. ……………………………………………………….
  • Анардың емге дәру қасиеті.. ……………………………………………………..

ІІ АНАР ТҰҚЫМЫН ОТЫРҒЫЗУ МЕН ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ

  1. 1  Үй жағдайында өсірілген анар көшетіне бақылау жасау… …………
  2. 2 Анар тұқымын отырғызудың әдістері……………………………………………

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ. ҰСЫНЫС……………………………………………………………. .

Аңдатпа

—«Шиелі ауданында үй —жағдайында  анар жемісін   өсіріп, өнім алу» атты ғылыми жобасы анар жеміс ағашының  пайда болу тарихы, оның жемісінің  адам ағзасына тигізетін пайдасын танып білу арқылы, оның емдік қасиеттерін аша отырып, қол жетімді ету үшін,  үй жағдайында жемісті тұқымынан өсіруге арналған.

Бұл зерттеу анар жемісінің химиялық құрамын зерттеп, морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін және адам организміне пайдасын анықтайды. Әлемде белең алып отырған әр түрлі ауруларды дәрілік өсімдіктер, көкөністер арқылы емдеу және алдын алу шараларын жүргізу – өзекті мәселе. Сондықтан өмір талабына сай салауатты өмір салтын ұстануға мейлінше көмектеседі. Қазіргі кезде химиялық, таза табиғи немесе синтетикалық дәрілердің орнына дәрумендерге бай жеміс дақылдарын пайдаланудың әлдеқайда жақсы нәтижелілігі көрсетіледі.

Аннотация

Научный проект — выращивание плодов граната в домашних условиях в Шиелийском районе » посвящен истории возникновения плодового дерева граната, его выращиванию из семян плодов в домашних условиях путем познания пользы его плодов для организма человека, раскрытия его целебных свойств.             В данном исследовании изучается химический состав плодов граната, определяются морфологические, биологические особенности и польза для организма человека. Проведение профилактических и лечебных мероприятий с использованием лекарственных растений, овощей – актуальная проблема. Поэтому он максимально помогает вести здоровый образ жизни в соответствии с жизненными требованиями. В настоящее время показана гораздо лучшая эффективность использования плодовых культур, богатых витаминами, вместо химических, чистых натуральных или синтетических препаратов.Методы работы. Регулярное знакомство с материалами прессы, энциклопедии, Интернета о подсолнечнике, их систематизация и сбор; научные исследования, исследования, сбор данных.

ABSTRACT

The scientific project of student 7 «A» class of a municipal government institution «Kazakh secondary school No. 219 named after Y. Altynsarin» Bagdatkyzy Nasiba «growing pomegranate fruits at home in the Shieli region» is dedicated to the history of the emergence of the pomegranate fruit tree, its cultivation from fruit seeds at home by knowing the benefits of its fruits for the human body, disclosing its healing properties.

In this study, the chemical composition of pomegranate fruits is studied, morphological, biological characteristics and benefits for the human body are determined. Carrying out preventive and therapeutic measures using medicinal plants and vegetables is an urgent problem. Therefore, he maximally helps to lead a healthy lifestyle in accordance with life requirements. Much better efficacy has now been shown for using fruit crops rich in vitamins instead of chemical, pure natural or synthetic preparations. Regular acquaintance with the materials of the press, encyclopedia, the Internet about sunflower, their systematization and collection; scientific research, research, data collection.

Зерттеудің мақсаты:   Анар жемісінің пайдалы қасиеттерін зерттей келе, дәрі дәрмексіз емделуге болатын пайдалы қасиеттері бар анар жемісін күнделікті тағам рационына енгізу үшін, Шиелі ауданында климаттық топырақтық жағдайларды ескере отырып,   үй —жағдайында қарапайым  әдіспен өсіру, өнім алу деңгейіне жетуді көрсету

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер анар жемісінің  өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе,  анар жемісін үй жағдайында қарапайым  әдіспен өсіру, өнім алу деңгейіне жетуге болатындығы  туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, анар жемісін күнделікті тағам рационына енгізіп өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.

        Зерттеу барысында:

  1. Анар жеміс ағашының сан алуан қыр-сыры ашылды;
  2. Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
  3. Анардың адам ағзасына пайдасы айқындалды;
  4. Анар жемісі шырынының пайдалы, емдік қасиеттері көрсетілді.

Жұмыстың орындалу әдістері. Анар жеміс ағашы туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу,  деректер жинау.

Пікір

Оқушының «Шиелі ауданында үй —жағдайында анар жемісін өсіріп, өнім алу» атты атты ғылыми жобасы  өзіндік құпия сырларын ашуға, Анар жемісінің пайдалы қасиеттерін зерттей келе, дәрі дәрмексіз емделуге болатын пайдалы қасиеттері бар анар жемісін күнделікті тағам рационына енгізу үшін, Шиелі ауданында климаттық топырақтық жағдайларды ескере отырып,   үй —жағдайында қарапайым  әдіспен өсіру, өнім алу деңгейіне жетуді көрсетуге арналған.

Зерттеу жұмысында оқушы анар жеміс ағашының қалай өсетіндігіне   сипаттама бере отырып, оның жер бетіне таралуы туралы кеңінен талдау жүргізеді. Анар жемісінің адам ағзасына тизізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасаған.  Оның адам өмірінде алып отырған орнын көрсетуге,  денсаулықты жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен. Анар жеміс ағашын климаттық жағдайларды ескере отырып, қалай өсіріп көбейтуге болатын тәсілдерін ұсына  отырып, олардың әрқайсысын жүйелеп, талдаған.

Зерттеуші анар жемісінің  пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.                Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

КІРІСПЕ 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Салауатты тамақтану – өзімізге деген сенімді күшейтеді. Сіз ажарлы көрінесіз, өзіңізді жақсы сезінесіз. Көбірек қуатқа ие боласыз. Біз күнделікті өмірімізде көкөністер мен жеміс-жидектерді жиі тұтынуымыз қажет. Олар тағамды түрлендіреді. Дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттармен қамтамасыз етеді.

Күн сайын жылдың кез келген уақытында ағзамызға көкөністер мен жеміс-жидектер қажет. Олар – денсаулық кепілі. Оларды дұрыс таңдау арқылы ағзамызды тек көмірсумен, маймен, дәрумендермен, минералды заттармен ғана емес, мұнымен қатар аминқышқылдарынан бөлініп шығатын ақуызбен қамтамасыз етеміз. Түрлі көкөніспен тамақтанатын адамдар мүлдем ауырмай, өмір жасы ұзақ болады.

Ересек адам күніне картопты қоспағанда одан бөлек 300-400 грамм жемістер жеуі керек. Көктем мезгілінде ағзамызға жемістер құрамындағы заттектер жетіспейтіндіктен, түрлі инфекциялық ауруға қарсы тұра алмаймыз.

Біз физиолог мамандардың кеңесін үнемі есте ұстағанымыз жөн: таңертеңгі, түскі және кешкі аста міндетті түрде көкөніс болуы тиіс.

Ет секілді пісірілген көкөністер де зиян. Алайда олардың құрамындағы заттектерді сақтап қалғыңыз келсе, аз мөлшердегі суда, қабығымен пісіріңіз. Осылайша құрамындағы дәрумендер мен тұздар сақталады.

Кез келген асқа жеміс немесе олардың шырынын қосу арқылы ағзаға тигізер пайдасын арттырасыз. Көкөністер мен жемістер су мен тұз алмасуды реттеп, қатық, ірімшік, жұмыртқа, балық, ет, жаңғақ, жеміс-жидек сынды азық-түліктермен үйлеседі.

Жеміс шырындарының орны ерекше. Олардың құрамындағы пайдалы заттар ағзаға небары 10-15 минуттың ішінде сіңеді. Оны күнделікті, бірақ 300 грамм ғана тұтынған жөн. Тамақтан 2-3 сағат бұрын ішіңіз. Оларға ешуақытта қант қоспаңыз.

Егер ішектеріңіздің қызметінің бұзылуына байланысты жемісті жей алмайтын болсаңыз, оларды шырынымен алмастырыңыз. Алайда бір стақанда бес түрлі көкөністің шырыны болуы керектігін ұмытпаңыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жеміс-жидектер патшасы саналатын – анар жемісінің сан қырлы сипатын ашып көрсете отырып, оның адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау.   Анар жемісін немесе шырынын тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін зерттей келе,  дәрі дәрмексіз емделуге болатын пайдалы қасиеттері бар анар жемісін күнделікті тағам рационына енгізу үшін, Шиелі ауданында климаттық топырақтық жағдайларды ескере отырып,   үй —жағдайында қарапайым  әдіспен өсіру, өнім алу деңгейіне жетуді көрсету

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Анар ағашының таралу тарихынан деректер жинау;
  • Анар жидегіне сипаттама беру;
  • Анардың емге дәру қасиеттерін айқындау;
  • Оның тағам рационына енгізу мен қол жетімді үй жағдайында өсіруге қатысты тәсілдерді  жасаған зерттеуімнің қорытындысын сыныптастарыммен бөлісу.

Негізгі бөлім

1  АНАР – ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕРДІҢ ПАТШАСЫ

1.1 Анар ағашының таралу тарыхынан

Анар (лат. Púnica granátum) — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік.

Күз – бірқатар жемістер пісетін кез. Соның бірі – анар. Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол – жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте-бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті «Жеміс-жидектердің патшасы» деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.

Анардың атамекені ерте заманғы  Парсы елі. Сонау ықылым замандарда-ақ Иран елі өңірінде анар егіле бастаған. Анар егу байырғы замандарда-ақ тым кең таралған. Ол ең әуелі батысқа таралып, Жер орта теңізі өңіріне жеткен; Кейін  Орта Азия мен Қытайға таралған. Қытайда анарды ең алғаш жазба естелікке түсірген – Батыс Жин (б.з. 265-317 жылдар) дәуіріндегі Лу Жи және Жаң Хуа. Олар өз еңбектерінде: Хан дәуіріндегі Жаң Чянның батыс өңірге елшілікке барғанда Бұқара, Шаш елдерінен анар ұрығын ала келгенін жазған. Жаң Чян әкелген анар ұрықтары ең алдымен сол тұстағы астана – Чаң-андағы Патшалық орман қорығына және Лишан арасан сарайына егілген. Тарихи әдебиеттерде жазылуына қарағанда, Патшалық орман қорығына сол кезде егілген алуан түрлі гүлдер мен өсімдіктер үш мың түптен асқан, ал Бұқара анары он түп екен. Солардың арасындағы “Бұқара-Шаш анары” Хан У-ди патшаның ерекше сүйіспеншілігіне бөленгендіктен, оны Лишан арасан сарайына апарып егу бұйрығын шығарған. Кейін анар Қытайдың жер-жеріне таралып, жай халық бұқарасының сүйіспеншіліне бөленген. Сонымен анар жөніндегі әр түрлі аңыздар мен салт-ырымдар да ұзақтан жалғасын тауып, көптеген қызықты мәдени құбылыстарды туындатқан.

Қытай тарихында анарды мадақтаған қыруар өлең-жыр, ән мен арнаулар бар. IV ғасыр ақыны Панйө жазған (Бұқара-Шаш анарына арнау) қытайлар шығарған тұңғыш “Анар туралы мадақ жыры” болатын. Өлеңнің негізгі мағынасы:

“Анар, анар – мұғжизасы  әлемнің,

Миуаң асты бәрінен де дәмдердің.

Жыр мен өлең , мадақ жазды төгілтіп,

Дарыны тау, оқуы көл бектерің.

Алыстан қарап көз тіксең,

Мұхитқа нұр төккендей.

Сұқтанып жақын үңілсең,

Жұлдыздар сәуле сепкендей.

Ұрықтар жеп көз құртты,

Мыңдаған ұя салыпты.

Ішкеннің шөлін басыпты,

Сергітіп ішкіш ғарыпты.”

  1. 2 Анар жидегіне сипаттама

Анар (гранат) — анар тұқымдасына жататын көпжылдық жеміс ағашы немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жерорта теңізі, Орталық Азия, Кавказ, Қырым аймақтарында өсетін ежелгі жеміс. Жеміс ағашының бойы 5-6 метрге дейін барады. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. бірнеше сұрпы бар. Анардың сұрыптары қабығының түсіне байланысты анықталады. Қатты қызыл, қызғылт, алқызыл түсіне қарап, оның тәтті иә қышқыл екенін анықтауға болады. Биіктігі 3-5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. 80 жылға дейін, кейде одан да көп өмір сүреді, 3-4 жастан кейін жеміс береді. Жемісін жерге түсірмей тұрып алады. Сəуір айында гүлдеп, күзде жемісін береді.

Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8-10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Әбден пісіп жетілген анардың қабығы тегіс, құрғақ әрі қатты болуынан білуге болады. Тұқым өзара жемістің ішінде жеке «қоршаулар» арқылы 6-12 бөлімшеге ажыратылып тұрады. Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жидегінің құрамында 80-90% су, 8-12% қант, 0.5-5 % түрлі қышқылдыр, 3-4% көмірсу және А, В, С, Е дәрумендеріне, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрий микроэлементтеріне бай болады.

Латын тілінен аударғанда «granatus» «дәнді дақыл» деген мағынаны білдіреді. Анар жемісінің құрамында А, В, С, Е  дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералдар көптеп кездеседі. Анар күш-қуат беріп, шөлді және шаршағанды басады. Денені, жүректі, асқазанды және тіс еттерін қуаттандырады, артериялық қысымды түсіреді, асқазанның қабынуы, ауыз жарасы үшін пайдалы. Иммунитет жүйесін күшейтеді. Қатерлі ісік жасушаларының дамуына кедергі болып, денені қорғайды. Қандағы холестерин деңгейін және қан қысымын түсіреді. Тамырдың бітелуін алдын алып, тамырларды ашады. Осындай қасиеттері ен жүрек пен тамыр ауруларына қарсы қорған болады. Қандағы қант мөлшерінің деңгейін тепе-теңдікте ұстап, қант диабеті ауруларына пайдалы болып келеді. Тері ауруларына да пайдалы. Анар шырыны дауыстың шығуына көмектеседі.

Ем ретінде анар жидегі, қабықтары, ағашының тамырлары, тамырының қабықтары және бұтақтары қолданылады. Бұл жемісті жедел ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, жұқпалы тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Анар жидегі, қабықтары, ағашының тамырлары мен бұтақтары мен тамырының қабықтары қолданылады. Бұл жемісті жедел ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, атеросклерозды, баспа мен жұқпалы тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Кептірілген анардан қайнатылған шай жүйке жүйесін тыныштандырады. Суық дертіне шалдыққандар күніне бір кесе анар шырынын бір қасық бал араластырып ішуі керек. Анардың қабығын суға қайнатып, бұл қоспаны ауызын шайып отырса, тіс жегісінің алдын алуға болады. Шашыңыз жиі түсетін болса, тершең болсаңыз, осы қайнатпаны пайдаланыңыз.

Анардың жемістер атасы болып есептелуі бекер емес. Оның құндылығы – айрықша құрамында. Анар жемісін ежелден дәрігерлер мен халық емшілері дертке дауа ретінде пайдаланған. Анар шырыны жүрек және қан айналымы ауруларымен күреседі, қан қысымын төмендетеді және қартаю процестерін тежейді. Бос радикалдарға қарсы жақсы әрекет етеді, көк шайға немесе қызыл шарапқа қарағанда, құрамында үш есе көп антиоксиданттар болады. Ол ДНК мутациясы қаупін төмендете отырып, қатерлі ісік торшаларының бөлінуі мен көптеген онкологиялық аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады. Оңтүстік Қазақстанда Анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазаке анар, Қызыл анар, т.б. сұрыптары өсіріледі.

Анар шырыны — бағалы және диеталық тағам. Бірдей мөлшерде пен анар қосып қайнатылғын шырыннан (гренадин) кисель, мусс дайындауға болады. Әбден қайнатып қойыртылған анар шырыны түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бұл көбінесе кавказ асханасына тән; тағамға жағымды қышқылтым дәм береді. Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сұрыптарын пайдалануға болмайды.

Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жаз кезінде күн көзінің тік түсуін өте жақсы көреді. Кейде тіпті күн сәулесі жетіспей қалса, гүлдемей қояды. Құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз келеді. Анар жемісі қантқа, таннинге, С витаминіне, өзектерге, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрийге микроэлементтеріне бай. Жемістің құрамындағы заттар адам организміне өте пайдалы. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде). Анардың қабығы қайнатылған кезде бөлінетін заттар имунитетті нығайтады. Сонымен қатар анар қабығынан таспа құрт түсіретін дәрі дайындайды. Тұрмыста тамырынан бояулық зат алынады. Анардан шырын, шарап, салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Анар тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг, кейбір сұрыптары 50-60 кг-ға дейін жеміс береді. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Анар ағашының кейбір түрлері 300 жылға дейін өмір сүреді. 

  1. 3 Анардың емге дәру қасиеті

Анар құрамындағы С дәрумені ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Ауыз қуысы, тері, тамақ, тіс инфекциялық ауруларының алдын алады. Салқын күндері тұмау мен суық тиюден сақтайды. Анар адам ағзасындағы кез келген дерттен айығуға жол ашады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін арттырып, иммунитетті күшейтеді.

Анар жидегі немесе оның шырыны, әсіресе, мектеп оқушылары мен сынақ тапсырғалы жатқан студенттерге аса пайдалы. Оның құрамындағы минералды заттар мен жеміс-жидек қанты ми жұмысын жақсартып, ойлау қабілетін арттырады. Бұл жемісті ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, атеросклерозды, баспа мен жұқпалы тері аурулары кезінде пайдаланады. Кептірілген анардан қайнатылған шай жүйке жүйесін тыныштандырады. Суық тиіп, науқастанған адамдар күніне 1 кесе анар шырынын 1 шай қасық бал араластырып ішуі керек. Анардың қабығын суға қайнатып, ауызды шайып отырса, тіс жегісінің алдын алуға болады.
Анар косметика саласында да кеңінен қолданылады. Ол теріні бос радикалдардың әсерінен қорғайды, теріні қалпына келтіру процестерін белсендіреді, оны қоректендіреді және жандандырады. Сондай-ақ коллаген мен эластиннің синтезделуіне мүмкіндік туғызады, бұл әжім қыртыстарының жазылуына, терінің тығыздығы мен созылымдылығын ұлғайтады.

Анар жемісінің шырыны түрлі дәрумендерге бай болғанымен, оның зияны да жоқ емес. Дәрігерлер құрамында лимон қышқылы көп осы жеміс шырынын асқазан жарасы бар және панкреатитпен ауыратын адамдарға аса сақтықпен тұтыну қажеттігін ескертеді. Дегенмен денсаулығында міні жоқ адамдардың өзі анар сөлін таза күйінде ішпей, сәбіз болмаса қызылша шырынымен, тіпті болмаған жағдайда қайнаған жылы сумен араластырып ішкендері абзал.

Қиыр Шығыс халқы «адам баласы күніне бір шиша анар шырынын ішсе, ешуақытта обыр ауруына шалдықпайды» деген нанымды ұстанған. Уақыт өте келе, анардың зиянды ісікке төтеп беретін күші бар екенін ғалымдар дәлелдеген.

Анар жидегінің құрамында А,В,С,Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар бар. Ал анар шырынында шарап немесе көк шәйға қарағанда антиоксиданттардың мөлшері өте көп.

Анардың бірнеше сұрпы бар. Ол оның қабығының түсіне байланысты анықталады. Қатты қызыл, қызғылт, алқызыл түсіне қарап оның тәтті я қышқыл екенін анықтауға болады. Қабығы тегіс, құрғақ әрі қатты болса, жидек әбден пісіп жетілген.

Анар шырыны асқазан, бүйрек, бауыр, өт, диабет, анемия, қан тамыр аурулары асқынған кезде көмекке келеді. Сондай-ақ, анар шырынын физикалық, лазерлік, химиялық терапия мен радиациялық сәулелер қабылдағаннан кейін ішкен жөн. Себебі, анар шырыны емнен кейін ағзада қалып қойған зиянды қалдықтардың көзін жояды.

Диетолог мамандар күніне үш мәрте анар шырынына 1 ас қасық бал қосып ішуге кеңес береді. Бұл ем атеросклероз, анемия, жүрек ауруларының алдын алып, иммунитетті күшейтеді. Алайда, ағзасында қышқыл мөлшері шамадан көп жандарға анар шырынын пайдалануға мүлдем болмайды.

Есіңізде болсын!

  • Тамақ ауырған кезде анар қабығы көмекке келеді. Анар қабығын үккіштен өткізіп, оған қайнаған ыстық су құйыңыз. 10 минуттан кейін тұндырып, күніне 2-3 ас қасықтан үш мәрте ішіңіз.
  • Ангина кезінде тамағыңызды анар шырынымен шайқаңыз. Бұл емді стоматитауруында да қолдануға болады (тек қышқыл анардың дәндерін пайдаланбаңыз).
  • Ыстығыңыз көтеріліп, қан қысымыңыз төмендегенде не жоғарылағанда бір стақан анар шырынын ішіңіз. Араға 1,5-2 сағат уақыт салып, емді қайталаңыз.
  • Анар ағашының жапырақтары да пайдалы. Жапырақтарды кептіріп, кейін қайнатып шәй түрінде пайдалануға болады.
  • Анар шырыны қатты қышқыл болмауы керек. Қышқыл шырын тіс эмалінің құрылымына кері әсерін тигізеді.

Анардың шырыны мен қабығын медицинада көптеген ауруға қарсы қолданады. Анар шырыны – қаназдылыққа қарсы жақсы ем. Оның құрамы қант, таниндерге, С дəруменіне бай.  Анар шырынын күнде ішіп жүрсе, жүрек, қан тамырларының қызметі жақсарады. Сонымен қатар анар шырыны, әсіресе әншілер үшін өте пайдалы. Ол дауыстың таза, әрі әуенді шығуына көмектеседі. Сондай-ақ анар суы шөлді басып, дене қызуы мен артериялық қысымды түсіреді, тәбетті көтереді.

Анар қабығын кептіріп, ұнтақтап, іріңдеп кеткен жараға қарсы қолданса, тез жазылады. Және анардың бір ас қасық ұнтағына бір ас қасық бал қосып жазылмай жүрген жараға жағуға болады. Анардың гүлін жинап, кептіріп, ұнтақтап, бір шай қасықты алып, жарты литр суға салып, ауызды, тамақты шайып жүрсе, баспа ауруын кетіріп, тіс еттері жетіле түседі.

Күн сайын таңертең ашқарақта бір стақаннан анар шырынын ішетін болса, жүрек ауруларының біразының алдын алуға болар еді, – дейді ғалымдар. Ал осы шырынды обыр сырқатының жасушалары өте ұнатпайтын көрінеді. Ол қуық асты безінің, терінің обыр ауруларын тежеп, өсірмеуге, қайта денеден ығыстыруға септігін тигізеді екен.

Жүктi әйел нәрестенi аман-есен өмiрге әкелу үшiн витаминдердi көп iшу керек. Әрине, мұны әрбiр әйелмен қатар ер-азаматтар да жақсы бiледi. Ағзаға таблеткалы, капсулды витаминдерден гөрi неше түрлi жемiс-жидектердi, көк-сөктердi көбiрек пайдаланған жөн. Ал екiқабат ананың ағзасындағы витаминдердiң аздығы iште жатқан нәрестеге көп қауiп төндiредi. Витамин жетiспеу­шiлiгiнен кейде сәби дүниеге келгенде ақыл-ойы­ның, дене мүшесiнiң кемiс болып тууы да мүмкiн.

Жүктi әйелдiң аман-есен бо­сануы­на әйел бойындағы окситоцин гармонының септiгi көп. Ал бұл гармон екiқабат әйелдiң ағзасында қажеттi мөлшерде болмай қалған кезде дәрiгерлер жетiспейтiн окситоциндi құяды.

Жақында ғалымдар әйелдер ағзасында жетiспейтiн гармондардың пайда болуына анар сөлiнiң көп көмегi барын дәлелдеп шықты. Анардың шырыны жетiспей жатқан витаминдердi де қалыпты мөлшерде толықтырады екен. Қазiр ғалымдар әйелдер туып жатқанда дәл анар сөлiндегiдей көмектесе алатын аппарат ойлап табу үшiн жұмыс iстеуде.

Анардан жасалаты ем-дом

  1. Халық медицинасы анардың жемісі ғана емес, жапырағын, қабығын, тамырын да емге қолданады. Мәселен, бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап, жарыққа себеді.

Жасушаларды біріктіруші дәрі ретінде анар гүлінің бір шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы 50-60 грамды астан 40 минут бұрын күніне екі рет қабылдайды.

  1. Дизентерияға, жұтқыншақ тамақ ауруына 5 г жеміс қабығын ұнтақтап, 100 г суға 10 минут ақырын қайнатып, ауызды шайқайды. Ішеді.
  2. Асқазан ауырғанда анардың шырынымен тоқтатуға болады. Ол үшін жарты стақан ішсеңіз, бірер сағаттан соң басыла бастайды.
  3. Өтте, оның жолдарында құм тас пайда болса, бүйрек пен қуықта байланған тастарға да анар шырыны әсер етіп, қуып шығуға көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасықты астан 20 минут бұрын, күніне 5-6 рет ішіп, екі аптаға созады. Арада бір апта өткізіп, емді қайта жалғастыруға болады.
  4. Күйікке 1:10 мөлшеріндегі анар шырынын жағып, үстіне қабық ұнтағын себеді. Осыдан жұқа қабат пайда бо­лады. Сол қабат асты жылдам жазыла бастайды.
  5. Ішектердің қабынуынан іш сұйылып өткен кезде анар тұқымын қуырып, ұнтақтап, мактің тұқымымен қосып, қайнап тұрған сумен ішетін болса тоқтатады. Тіс ауырып тұрған кезде анар тұқымын балмен қосып шайнап жесе ауырғаны тоқтайды.
  6. Қуырылған тұқымды ұнтаққа айналдырып, күніне үш рет пышақтың ұшымен астан бұрын алып жейтін болса, кеуденің ауырғанын, жүрек қағысын қалыпқа келтіруге, сары аурудың алдын алып, асқа тәбет ашуға көмектеседі.
  7. Тіс түбінің қанауына анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбінен, қырмызы гүлден қосып қайнатып, ауызды шайқайды. Бір емделу барысы 10 күн.
  8. Созылмалы тұмауға бір ас қасық ұнтақталған анар қабығына 1,5 ас қасық тал қабығы, 1 ас қасық емен қабығынан 300 г қайнап тұрған суға салып, 15 минут су моншасында ұстайды. Осыны бұқтырып, төртке бөліп ас алдында ішеді.

Анар шырыны  – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы. Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы мол.

Ең біріншіден, анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий, натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе, құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.

Анар шырынындағы дәрумендер мен микроэлементтер ағзамен жақсы қабылданады. Дәрігерлер бұл шырынды қан аздыққа (анемия) шалдыққандарға дауа ретінде ұсынады. Оның қандағы гемоглобин шамасын көтеру қасиеті өте жақсы. Ісік, гипертония кезінде де пайдалы, сондай-ақ іш айдататын қасиеті бар.

Анар шырыны ас қорытуға көмектеседі, құрамындағы қосылыстар іш қабынуын басып, тәбетті жақсартады, диареяға шалдыққан адамдарға көмектеседі.

Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті – ол радиация әсеріне шалдыққандарға көмектеседі.

Анар шырыны иммунитеттің жағдайын жақсартады, нәтижесінде ағза тұмау сияқты ауруларға шалдықпайды. Жөтел кезінде тіпті анар шырынымен тамақ шаюға кеңес беріледі.

Анардың тәтті түрлерінің шырыны ең пайдалы қасиеттерге ие екен. Анар шырынына бір қасық бал қосып ішсе де болады.

Артериядан құтылу үшін міндетті түрде дәрі-дәрмектің көмегіне жүгіну керек емес. Өйткені қарапайым анар шырыны артерия қысымына қарсы төтеп береді. Оған «Атеросклероз» журналында жарияланған тәжірибе дәлел бола алады. Сонымен қатар анар шырыны жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алып, холестерин мөлшерінің көбейіп кетпеуіне көмектеседі.

Анар жемісінің 10 қасиеті

Анар жемісінің қаншалықты дәмді екенін көпшілік білетін шығар. Алайда оның бұл қасиетінен өзге денсаулыққа пайдасы да бар. Оның шырынан алу үшін 1 анар, көлемі 30х30 сантиметр болатын 4 қабатталған дәке және 15 минут қажет.

  1. Жасарту қасиеті бар. Бос радикалдарды жоғалту мәселесінде анар бірінші орынға ие болады. Оның құрамында көптеген антиоксиданттар бар.
  2. Бүйрекке пайдалы. Оны түрлі токсиннен қорғайды.
  3. Бауырды қорғап, қайта қалпына келтіреді. Аталған ағзаның өлі жасушаларын қайта тірілтеді.
  4. Имунитетті қорғайды. Анар мен анар шырынында С дәрумені көп болатындықтан, суық мезгілде жылдам сарқылатын күш-қуатты қалпына келтіреді.
  5. Жақсы антиаллерген. Оның құрамында аллергиялық реакцияларды төмендететін полифенол бар.
  6. Жүрек ауруын алдын алады. Қан тасымалдау жүйесіндегі бос радикалдарды бір-бірімен байланыстыратын биохимиялық процесстерді азайтады. Холестеринді синтездеу қасиеті бар.
  7. Сүт безіндегі обырды болдырмайды.
  8. Простатиттегі обыр жасушаларын өлтіреді.
  9. Тері обырының алдын алады.
  10. Біздің ДНҚ-мызды қорғайды.

ІІ АНАР ТҰҚЫМЫН ОТЫРҒЫЗУ МЕН ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Үй жағдайында өсірілген анар көшетіне бақылау жасау

Үйде анар тұқымнан өсіріледі, бірақ бұл көп уақытты қажет етеді. Елде пайдалы және әдемі өсімдіктер өсіру ешқандай қиындықтарсыз болуы мүмкін емес.   Тұқымның топыраққа ену  тереңдігі 60 см тереңдікте  орналастырады. Содан кейін     жерге сығымдап, аздап  суландырады.   Бір күннен кейін анар қайтадан суарылады.  Өсу қарқыны отырғызу жағдайларына, әртүрлілігіне және әдісіне байланысты.  Жыл бойы осылайша отырғызылған көшеттер  20-25 сантиметрге жетеді.

Анар көшеттері өте ыңғайлы жағдайда болса, өте тез өседі.

Үй жағдайында және арнайы ыдыста далада өсірілген Анар

Күтім ерекшеліктері

Көктемгі кезеңде азотты тыңайтқышты әр ай сайын қолданған жөн – бұл тез өсетін жас бұталар үшін мұны істеу өте маңызды.

Жазда мол суару керек, күн сайын, қыста – аптасына 1-2 рет. Сондай-ақ жылу кезеңінде үздіксіз жапырақтарына бүркіп су шашуға болады – анар ылғалды жақсы көреді. 

2.2 Анар тұқымын отырғызудың екі  әдісін ұсынамын

1-  ші әдісі : Көң араластырылған тапыраққа ендіру

Анар  тұқымын  дербес жинауға болады. Отырғызу үшін тұқымдық дайындау өте қарапайым.  Жаңа піскен жемістерден сүйек аламыз. Пайдалануға қауіпсіз піскен жеміс-жидек анарды таңдайыз. Олар дереу жерге отырғызылады, мол суарылады және  фольгамен жабылады.  Немесе  алдымен анар тұқымын яғни сүйектерді жібітеміз

Тұқымның шығуын бақылап отырамыз.  Мұны істеу үшін, сұйықтыққа  тұқым салып, су сіңіртеміз. Одан соң ылғал тартқан тұқымды  ылғал

шүберекпен,  мезгіл-мезгіл ылғалдандырып орауға болады. Бұл жағдайда тұқымдар 3 күн болуы керек, бірақ суды әр 12 сағат сайын өзгерту керек.

Осылайша анар тұқымын өсіруді жылдамдату үшін оларды дымқыл шүберекке орап өндіруге  болады . Қараша мен ақпан экзотикалық өсімдіктің

тұқымын егу үшін ең жақсы ай деп саналады.

Бірінші шынайы жапырақтар пайда болғаннан кейін, көшеттер басқа ыдыстарға көшіріледі. Тамырлары үштен біріне қысқарады. Өсімдіктер терезелердің ең жарқын терезелеріне қояды, себебі кем дегенде екі сағаттық күн түсу  қажет. Ал қыста   қосымша жарықтандыру туралы ойлануға тура келеді 

Екінші әдісі : бөлме гүлін отырғызатын қара топыраққа ендіру

Отырғызу материалдарын таңдау

  1. Анар тұқымын өсіруге арналған ыдысты таңдадық
  2. Анар жемісінің етті дәндерін дайындадым
  3. Екі ыдыстың біріне көң араласқан дала топырағын және бөлме гүлін отырғызатын дайын  топырақты салдым
  4. Қажетінше мөлшермен дандерді салдым
  5. 2 – 2,5 см тереңдікте орналастырдым және бетін фольгамен жабуға да болады.

Топыраққа енгізілген тұқым  бірнеше аптадан (үш, төрт) кейін   алғашқы   пішінді өсімдіктерді көре аламыз. Күнделікті өсіруді жылдамдату үшін «Гумус» немесе «Гуми Люкс» минералды тыңайтқыш ерітінділерін  қосамыз. Бірақ тұқымдарды толығымен ерітіндімен    қамтуға болмайды: оттегі қажет.

Қыркүйектің ортасында егілген тұқымнан бір айға таяу уақыт аралығында алғашқы өскіндер шыға бастады.

Қазанның соңғы күндерінде өскіннің бойы 5 мм,  12 қараша күні  3 см өскен.

Ал соңғы суретте желтоқсанның 3  і күні көшеттелген анар өскінінің 5 см болған көрінісі.

Тұқымдарды отырғызудың ең оңай жолы әмбебап топырақ. Бөлме гүлдерін отырғызуға арналған топырақтарда жақсы өседі. Дайын тұқымдарды отырғызғанда баяу дамиды, тұқымның шығуы да төмен болады.

Қорытынды

Бұл зерттеуде біз анар жидегінің біз біле бермейтін қыр-сырына қанық болдық. Оның адам ағзасына тизізер пайдасы мол екен. Әсіресе, анар шырыны  – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы. Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы мол.

Өйткені, анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий, натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе, құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.

Анар жидегі туралы аңыздар да жетерлік. Мысалы мынау: Анар Қытайға таралған соң, анардың “көпұрықтылығын” ырымдайтын салттық сенім пайда болған. Қытайдың ерте заман тарихи дәстүрі – (Солтүстік Чинама. Уей Шоу баянында) жазылуынша: Янзұң дейтін төре кәнизек алыпты. Оның тойын құттықтауға патша да келіпті. Кәнизектің шешесі патшаға қос анар тарту етіпті. Тұрған қалың халайық оның мақсатын түсінбепті. Оларға сонда тұрған Уей Шоу деген адам түсіндіріп: “Анар жемісі көп ұялы, көп ұрықты келеді. Төре жаңа некеленді. Кәнизектің анасы сіздердің ұрпақты болуларыңызды тілейді.”- дейді. Патша бұны естігенде қатты қуанып, Уей Шоуға екі топ торғын торқа силапты. Сонан бастап, Қытайда мейлі патша ордасында, немесе халық ішінде болсын, өзара анар силау арқылы үрім-бұтақты болуын тілеу салтқа айналып жүре беріпті. Кейбір жерлерде құдаласып кәде жүргізгенде анар немесе анаргүл егілген гүл түбекше ұсыну салтқа айналған. Ал кейбір жерлерде некелену тойында анарды түсетін келіннің киіміне тығып қою салты да бар.

Ұсыныс:

Қазіргі таңдағы көпшілік халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуына байланысты, дәрі дәрмексіз емделуге болатын пайдалы қасиеттері бар анар жемісін күнделікті тағам рационына енгізу үшін, қолжетімділікті қарастыру мақсатында үй жағдайында өсіруге ыңғайлы әрі қолайлы, қауіпсіз, аса күтімді қажет етпейтін жемісті қарапайым әдіспен өсіруді ұсынамын

ғылыми зерттеу жұмысы жайлы 

К Ү Н Д Е Л І Г І

(2020 жыл)

Атқаратын жұмыс тізімі Мерзімі Жетек-ші қолы Нәтижесі
1 Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу Мамыр

2020 ж.

                                                                                                                                                                                                                                      өсіріп, өнім алу  « Шиелі ауданында үй —жағдайында  анар жемісін өсіру, өнім алу» атты зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.
2 Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.  Үнемі   2020 ж Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3   Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу

 

мамыр-тамыз

2020 ж

Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4 Ғылыми жетекшіден кеңес алу Мамыр тамыз

2020 ж.

 Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.
5 Жеміс тұқымын үй жағдайында  топыраққа ендірудің оңтайлы тәсілдерін анықтау Қыркүйек

2020 ж

  Жеміс тұқымын үй жағдайында  топыраққа ендірудің оңтайлы тәсілдерін анықталды
6 Топырақтың түрлерін таңдау Қыркүйек

2020 ж

Топырақтың түрлерін таңдалды
7 Анар жемісіннің тұқымын екі түрлі таңдалып алынған ыдыстағы топыраққа ендіру Қыркүйек

2020 ж

Анар жемісіннің тұқымын екі түрлі таңдалып алынған ыдыстағы топыраққа ендірілді
Жасалынған күтімдер мен бақылаулар Қыркүйек

Желтоқсан

2020 ж

Жасалынған күтімдер мен бақылаулар бойынша 5мм ден 5 см дейін өскен көшетті бақыладым

 

You May Also Like

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз…. ғылыми жоба слайд

Жұмыртқа және оның пайдасы, ғылыми жоба

Мазмұны                                                                                                       Бет Абстракт (Аннотация)………………………………………………………………………3-4 Кіріспе…………………………………………………………………………………………….5-6 І. Негізгі  бөлім 1.1. Жұмыртқаның шығу…

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері Кіріспе Негізгі…

Түймедақ гүлі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: «Түймедақ гүлінің емдік қасиеттері»   МАЗМҰНЫ І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім…