Ең үздік ғылыми жоба «Тәрбие басы-тал бесіктен» Орындаған: Мұратқалиев Абат

Мазмұны

Мазмұны………………………………………………………………………………………………….2

Аннотация……………………………………………………………………………3-5

Мақсаты мен міндеті……………………………………………………………………………… 6

І. Кіріспе………………………………………………………………………………………………….7-8

1.Бесіктің ерекшеліктері…………………………………………………………………………. 9

ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………………………………………………….10

  1. Бесіктің жасалу жолдары……………………………………………………………………..10
  2. Бесіктің құрылысы, Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер……………………………………………………………………………………………………..11

4.Бесіктің түрлері…………………………………………………………………………………….14

ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………………………………..15

1.Сауалнама жүргізудің нәтижесі(диаграмма,кесте)……………………………….16

2.Жобаның нәтижесі(дайын жиналмалы бесік)…………………………………………17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..18

Жетекші пікірі…………………………………………………………………………………………19

Аннотация

«Бесік-трансформер» атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен тұрады. Ғылыми жоба жұмысының кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаттары мен сол мақсатқа жету жолындағы алға қойған міндеттері баяндалған. Ғылыми жоба жұмысының негізгі бөлімінде мынадай мәселелер орын алады:

  1. Бесіктің жасалу жолдары;
  2. Бесіктің құрылысы;
  3. Бесіктің пайдалы жақтары
  4. Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер
  5. Бесіктің түрлері

Қорытынды бөлімінде оқушы заманауи бесіктің бір қырынан ұлттық дәстүрді жаңғырту, баланың гигиеналық тұрғыдан дене бітімінің дұрыс жетілуін, екінші жақ қырынан аналарға пайдалы тиімділігі, үшінші қырынан отбасының қаражатын үнемдеуге болатынын дәлелдеу болды.

Аннотация

Научный проект «Бесік-трансформер» состоит из вводной, основной части, заключительной части. Во вступительной части работы научного проекта изложены цели работы и задачи, поставленные на пути достижения этой цели. В основной части работы научного проекта имеются следующие вопросы::

  1. Общие положения Пути образования колыбели;
  2. Строительство колыбели;
  3. Полезные стороны колыбели
  4. Примирение, запретные слова, произносимые в связи с колыбелью
  5. Виды колыбели

В заключительной части учащимся было отмечено, что с одной стороны современной колыбели-возрождение национальных традиций, доказательство правильного физического развития ребенка с гигиенической точки зрения, рентабельность матери с другой стороны, а с третьей стороны-экономия средств семьи.

Annotation

The scientific project «Besik-transformer» consists of an introductory, main and final part. The introductory part of the work of the scientific project sets out the goals of the work and the tasks set on the way to achieve this goal. In the main part of the scientific project there are the following questions::

  1. General provisions of the Way of formation of the cradle;
  2. The construction of the cradle;
  3. Useful sides of the cradle
  4. Reconciliation, forbidden words spoken in connection with the cradle
  5. Types of cradle

In the final part, the students noted that on the one hand the modern cradle-the revival of national traditions, proof of the correct physical development of the child from a hygienic point of view, the profitability of the mother on the other hand, and on the third hand-the savings of the family.

Жобаның негізгі мақсаты:

– Дәстүрімізді жаңғыртып жас аналардың қызығушылықтарын арттырып,бесіктің ыңғайлылығын дәлелдеу;

-Бесіктің маңыздылығы, пайдалы жақтарын дәлелдеу;

– Қазіргі жас отбасыларына қаржысын үнемдеуге болатындығын дәлелдеу;

Жобаның міндеті:

  • Бесіктің пайдалылығын анықтау;
  • Бесіктің құрылысымен таныстыру;
  • Бесіктің жасалу жолымен таныстыру;
  • Бесіктің заманауилығымен таныстыру;

Зерттеу заты-жиналмалы бесік(шаммен және әуенді құрылғы орналасатын орынмен жабдықталған)

Өзектілігі-қазіргі кезде жас отбасылар бесікті сирек қолданады, оның көптеген пайдасын, маңыздылығын, қасиетін біле бермейді.

Болжамы-егер де біз жиналмалы бесік жайлы көптеген ақпарат, дәлелдер  жарнамаласақ және қолжетімді, ыңғайлы етіп жасалса қолданысқа ие боларына сенемін.

Кіріспе

Бұл жоба қазақ халқының мүлкі – заманауи бесіктің пайдасын және жасалу жолдарын зерттеуге арналған. Қазіргі кезде түрлі заманауи бесіктер жасалып жатқаны белгілі. «Смарт-бесік», тербелмелі бесік соңғы жылдары шығып жатырғаны мәлім. Бұл бесікті 2014 жылы бастап қолға алынған, жоғардағы бесіктерге мүлдем ұқсамайды.

Сондықтан мені бесіктің тарихы қызықтырды. Бесік-нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Қытай, Үндістан жеріндегі халықтардың көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Көшпелі қазақ халқы арасына ертеден таралған. Бесік  сәбидің тазалығына өте қолайлы, құтты мүлік болып саналады. Көшпелі қазақ халқы қайда барса да бесікті қалдырмаған. Жоғары бағалап, қадір тұтқан. Бесік жауын-шашынға тисе де еш бүлінбеген. Бірақ, қазіргі өскелең ұрпақ бесіктің не екенін, оның қандай қасиетті екенін біле қоймайды. Осы жобаға қатысу арқылы бесіктің қазіргі таңда керек, адам өмірінде орны ерекше екенін, ата-бабамыздан қалған мұра ретінде, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келгендіктен оны көзіміздің қарашығындай сақтау керектігін түсіндім. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігінің қолданысы төмендеп бара жатқаны жаныма батады. Бесіктер қолданылмаған кезде шатырдың үстінде,сарайда,гараждарда жататын күйге жетті.Ата –бабамыз киелі түтқан бесіктеріміздің жәйі осылай өкінішке орай.Жас аналар бесікке бөлеу түгіл атында атамайды,себебі жөргек(памперс) оларға оңай көрінеді. Ол жөргектің бала денсаулығына зиян екенін бірі білсе, бірі білмейді. Отбасының қаржысының желге үшып жатқанын есепке алмайды. Мысалы: бір жөргек 80 теңге деп алатын болсақ.Күніне бір сәбиге бір жөргек пайдаланаса жылына 365 жөргек сонда 29200теңге кетеді.Ал, бір отбасында 3-4 балалы болған жағдайда қаншама қаражат үнемдеуге болады.

Осы бесікті жасау кезінде жан-жақты ойластырып.Бесікте жатқан баланың бас жағына музыка қойып алдантып жататындарда бар.Оны өз басымнан өткен екен.Бесікте жатқанда анам бас жағыма магнетофон қосып қойып,үй шаруасын шаруалап жүре беретінін айтқан.Сол себепті осы жобама музыка қоятын қондырғы орналастыруды жөн көрдім.Бұл қондырғы ұялы телефон не МП-3 плеерін орнатуды қарастырып,бала өміріне,денсаулығына қауіпсіз болу үшін бесіктің бас жағының сыртына орнатып дыбысы шығатын жеріне саңылау қалдырылды. Түнде әуен ойнайтын  уақытқа қойып орнынан тұрмай-ақ қосыла береді не блютуз арқылы қосуға болады.Оған құрылғының сапасына байланысты.Бұл құрылғы жас ананың мезгілімен демалуына көмегі болатынына сенімдімін.

Бұдан басқа түнде тұрып тамақтандыратын уақытта бөлме шамын жақпай бесіктің аяқ жағына шағын шам орналастыруды жөн көріп ойлай келе қуаттылығы 1.5вольттік батареймен жанатын шамды орналастырдым.Бұл шам да бала өміріне,денсаулығына қауіпсіз болуын ескердім.Бұл шамның отбасының қаржысын аз да болса үнемдеуге  көмегі бар.Мысалы: түнде 3 сағат сайын баланы тамақтандырар болса бөлме шамын  кем деген де 30 минутқа жағуға тура келеді.Екі рет шамды жаққанда 1сағат болады. Бөлме шамының қуаттылығы 100ватт болса 10 сағатта бір КИЛОВАТТ. Тарифпен есептесек 1кв 16тенге.Сонда орташа есеппен 2 тәулікте 16тенге болада.16  182  2912 теңге болады екен.

Осы бесікті жобаға алар кезде жан-жақты барлық қырынан қарастырдым.Бесікке үйренен сәбилер жол жүріп қыдырған кезде бесік іздеп баланың мазасызданатынын білеміз.Сол себепте жолға шыққанда алып жүруге ыңғайлы болуына басты мақсат болды.

Бұл бір жағынан бесік ұмыт қалмас үшін жас аналарға пайдалы, ыңғайлы,тиімді болса адамдардың қызығушылықтары артады деп ойлаймын.Киелі бесігіміз қайта жаңғыруына себеп болар деген үміт.

Бұл бесікті үй жағдайында жасалды және егер мамандардың көмегі болса әдемілеп жасауға құрылғылардан хабары бар,ағаш шеберлерідің қолынан шықса тіпті жақсы болар еді.

Бесіктің  ерекшеліктері;                                                                                                                     Біріншіден – жиналғанда көп орын алмайды.Кез-келген жерге орналастыруға болады.

Екіншіден – Бесікке үйренген сәбилерге,қонаққа барғанда,саяхат жасап қыдырғанда ата-анасы өзімен алып жүруге қолайлы.Жеке сөмкеніде қажет етпейді. Арқалығы өзіне ұстайтын тұтқаны ауыстырады.

Үшіншіден– түнде сәбиді тамақтандыратын уақытта бөлменің шамын жақпай,бесікте орналасқан (бала денсаулығына, өміріне қауіпсіз) шамды жағып тамақтандыруға болады.

Төртіншіден – Қазіргі уақытта сәбилерді әсем әуендерге алданатынын көріп жүрміз. Жас аналар құлағының тұсына ұялы телефондарымен музыкалар қойып қояды.Сол себепте бесіктің бас жағының сыртына(бала өміріне және денсаулығына қауіп, зиян келмейтіндей) құрылғы орны орнатылған. Алдын-ала жазылып жүктеліп қойылған әуендерді,ұялы телефон не МП-3 құрылғысы.Жас ана орнынан тұрмай-ақ таймерге қойып не блютуз арқылы қосуға болады.Телефонында функциясы болған жағдайда. 

ІІ. Негізгі бөлім

1.Бесіктің жасалу жолдары

Жоба болғасын көлемін 10 см кішірейтіп жасалды.  Ең алдымен бесіктің сызбасын сызып алдық. Масштабын үлкейтіп ДСП ның үстіне суретін салдық.Төрт бөліктен құралатын болды.Кей жерлерін өзім кестім тоқ арамен күрделі жерлерді жетекшім кесіп берді.Кесілген материалдарды тазартқыш қағазбен тазаладым. Түбек орнын, арқалығы орналасатын жерін тесіп өңделді.Төрт бөлік негізгі тақтайшаларды топса арқылы бір-біріне бекітілді.Бас жағы мен аяқ жағының жоғары тесілген орынға арқалықтың флеанцасы бекітілді.Аяқ жағына тақтайшамен бірдей тегіс етіп 1.5 В батареймен жанатын шам орнатылды.Бас жағына музыка қоятын құрылғының орны жасалды. Құрастырып болғасын екі қайта ақ сырмен сырланды.Сыр кепкесін түрлі оюларды таңдадым.Бұл оюдың бесікке байланысы бар «қарлығаш» оюды салуды жөн көрдім.Неге десеңіздер? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты аңыз есіме түсті.Бесікте жатқан баланың қанын сорған масаның тілін суырып алып баланы аман алып қалған қарлығаш болғандықтан сабақтастығын оюдың соған арнадым.Жанарындағы «мүйіз» ою ол қазақтың қай өнерінде өз орны бар.Осы бесікті дайындап,құрап шығуға 5 күн кетті.

Жұмсалған материалдар:

  1. 80см.кв -ДСП
  2. 6 дана -топса
  3. 60см Ø25 -труба
  4. 2 дана Ø25 -флеанс
  5. 3дана -батарейка
  6. 5литр   -ақ бояу

Жұмсалған қаржы сомасы: 5200теңге.

 2.Бесіктің құрылысы:

Арқалық (арыс, белағаш) көлденең, ұстап тұруға ыңғайлы, жұмыр бел ағаш.

Бөген (алдыңғы бас, артқы бас)- бесіктің екі басы.

Жақтау. Бесіктің төрт жақтауы болады. Екі қысқа жақтау, екі ұзын жақтау.

Тақтай. Төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

Түбек. Бесіктің ортасын тесіп, сол жерден түбек орналастырылады. Ертеде түбекті киізден жасаған. Кейін келе шыны ыдыстар(банкілер) пайдаланылады.

  1. Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер.
  2. Бос бесікті тербетпе.
  3. Бесікті аяқпен тербетпе.
  4. Бесікті бір қолмен көтерме.
  5. Бесіктің үстінен зат әперме, берме.
  6. Бесікті сатуға болмайды.
  7. Бесікті кез келген адамға беруге болмайды.
  8. Бесіктің үстін ашық қалдырма.
  9. Бесіктің теріс жағынан отырма.
  10. Бесікті саудалама.
  11. Бесікті жасайтын шеберлер ынсапты болулары тиіс.

 5.Бесіктің түрлері

БЕСІК ТҮРЛЕРІ

 

«СМАРТ» бесік
Бесік(трансформер) жиналмалы
Аспалы өзі тербелетін бесік
Иіп жасалған бесік
Тік жасалған бесік
Аспалы бесік
ДСП дан жасалған бесік
Фанерадан жасалған бесік
Темір бесік
Ағаш бесік
Тал бесік
Материал бойынша
Жасалуы бойынша

ІІІ. Қорытынды.

1.Жұмыстың  мақсатына жету үшін жас аналар мен әжелердің арасында сауалнамалар жүргіздім. Бесіктің құрылысы, жабдық-жасаулары, бесіктің пайдасы, қасиеті туралы ата-аналар,мұғалімдер,оқушылар арасында насихаттау жұмыстарын жүргіздім.Қорыта айтқанда, мектеп халқымыз өткені мен бүгінін ұмытпай, ұлтымыздың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін дәріптеулері тиіс деп білемін.Осындай жұмыстар арқылы жаңашаландыра отырып ұлт құндылықтарын жоғалтпауымыз керек.

2.Сауалнама сұрақтары:

  1. Бесіктің жасау-жабдықтарын білесіз бе? А) Иә Ә) жоқ
  2. Бесіктің құрылысын білесіз бе? А) Иә Ә) жоқ
  3. Тартпа бау нешеу болады? А) 2 Ә) 4   Б) 3
  4. Бесікке неше зат қойылады? А) 6 Ә) 7 Б) 8
  5. Бала халықшыл болсын деп бесіктің үстіне не жабады?

А) тон, шапан

Ә) мата, мақта Б) кілем, алаша

  1. Пәле-жаладан сақтасын деп бесікке не таққан?

А) моншақ Ә) тұмар Б) түйме

  1. Заманауи бесік болса баланың бесікке жатқанын қалайсыз ба? А) Ия Ә) жоқ
  2. Қазіргі кезде бесікке жатқызғанды қалайсыз ба?

А) ия     Ә)  жоқ    Б) жауап беруге қиналамын

  1. Бесіктің қандай пайдалы жақтарын білесіз ?

 3.Сауалнама қорытындысы: Сауалнама 20-60 жас аралығында 15 адамнан алынды.Сонымен қатар интервью 3 адамнан алынды әр түрлі жастағы. Нәтижесі төмендегі диограммада көрсетілген.

Сауалнама алынған  аналар саны:

20-30жас – 4 адам

31-40жас – 4

41-50жас – 4

51-60жас – 3

  1. Диаграмма.

5.Кесте.

сұрақтар 20-30жас 31-40жас 41-50жас 51-60жас
1 4 4 4 3
2 4 4 4 3
3 4 4 4 3
4 4 4 4 3
5 4 4 4 3
6 4 4 4 3
7 4 4 4 3
8 4 4 4 3
9 1 2 1 1

6.Нәтижесі назарларыңызда.         

                      Жиналып тұрғаны  Жазылып тұрғаны.                            

 Жетекші пікірі

«Бесік- трансформер» (жиналмалы) атты ғылыми – зерттеу жұмысын Әрі кенже балам, әрі оқушым 7 сынып оқушысы Мұратқалиев Абат орындады. Абат бұған дейін де ғылыми жұмыстарға қатысып жүрген оқушы.Қашықтық Республикалық жобаларда жүлделі орындар алып жүрген мектеп алды оқушыларының бірі. Ол зерттеу жұмысы кезінде ауылдық кітапхана мен мектеп кітапханасына барып, түрлі оқулықтардан, баспасөз материалдарынан, ғаламтор желісінен  жинақтап әртүрлі бесіктер туралы зерттеді. Ұлттық құндылығымызды танып-білуге деген ізденісі, ынтасының артуы, белсенділігі қуантарлықтай болды. Болашақта өз елінің тарихын, мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіріп өсетін ұрпақ болады деп кәміл сенемін. Осы тақырыпта зерттеу жұмысын орындаған кездегі байқағаным, Абаттың бойында еліне, жеріне деген ұлттық сезімі анық байқалады. Ол осы жұмыс барысында өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Мені,  Абаттың пысықтығы, талпынысы, еңбекқорлығы қатты қуантты. Оқушыма болашақта тек сәттілік, табандылық, шығармашылық тілеймін.

Жетекшісі: Камалов Жарқын Мұратқалиұлы.

You May Also Like

Жылқының емдік қасиеті, ғылыми жоба

Бөлімдер  Жылқының емдік қасиеті  Жылқының сезім мүшесі  Жылқы жануары туралы деректер  Жылқыны…

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат І. КІРІСПЕ. ………………………………………………………………………………1-3…

Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау…

Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Секциясы: Жаратылыстану Жобаның тақырыбы: «Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен…