Жұмыстың мақсаты:

Геотехникалық экожүйе тепе-тендігін табиғи реттеуші ретінде, шунгитті қолдану

Гипотеза:

Егер шунгитті адам әрекетінің барлық салаларында қолдансақ, ол геотехникалық экожүйе тепе-теңдігін реттейді.

Зерттеу кезеңдері:

1.Шунгитті Қазақстанда қолдау мақсатында, шунгит қасиеттерін   зерттеуге арналған эксперимент жүргізу.

2.Шунгит сабынының пайдасын анықтау.

Шунгит әртүрлі салалар мен тіршілік әрекет өрісі (металлургия, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, экология, медицина, ауыл щаруашылығы және басқа да) үшін қолданылытын көп мақсатты шикізат ретінде XXI ғасырдың есігінен енген жаңа өнеркәсіптік шикізат.

Шунгит кен орнының ашылу тарихы

Шунгит – өзінің құрылысы, қасиеті мен құрамы бойынша бірегей, әртүрлі тамыршықты қара түсті болып келетін жердегі ең көне минералдың бірі. Оның құрамында 20-ға жуық ағзаға пайдалы микроэлементтер, сонымен қатар кремний және аса белсенді түрдегі глобула көміртек  бар. Дүниеде осы минералға емдік  және әр алуан қасиеті жағынан тең келері жоқ. Шунгит – нағыз нанотехнологиялық минерал. Оған себеп – құрамындағы фуллерендер.

Шунгит негізінен көміртегінен тұрады, ал қалғаны фуллерендардың сфералық пішініне ұқсас. Фуллерендер – алғаш рет космосты зерттегенде байқалған, кейін оны жер қабығынан тапқан көміртегінің ерекше түрі.

Фуллерендер өзінің торлы-шар тәрізді құрылымына байланысты ерекше толықтырушы және ерекше жағынды болады. Олар, молекула шамасындағы шар тәрізді болып, беткейде өзара үйкеленіп, домаланады. Көміртегі ішіндегі шарларды, әртүрлі молекулалар мен атомдарды бірлестіріп, болашақта  нағыз фантастикалық өнім шығаруға болады.

Шунгиттің ашылу тарихы ерекше

Шунгит өз атауын 1887 жылы Карелиядағы Онежинск көлінің  жағалауындағы Шуньга ауылынан алды. Шунги́т — антарциттің графитке алмасатын кембрийге дейінгі тау жынысы. Олардың қара, сұр және қоңыр түстері кездеседі. Оның ерекшелігі, шығу тегінде және оның құрамына енетін көміртектер құрылысында. Шунгит шамамен 600 млн жыл бұрын, ал кейбір деректерде 2 млрд жыл бұрын органикалық дондық қатпар-сопропельден құралған.

Соңғы уақытта  ғана пайдалы қазбалар картасында жаңа атау – Коксу шунгиті атауы пайда болды. Бұл кен орын Қазақстанда, Алматы облысы, Рудничный ауылында орналасқан. Ол 1986 жылы ашылып, 2002 жылы іске қосылды.

 Физикалық қасиеттері:

  1. 1. Минералдың түсі – қара, қоңыр, сұр.
  2. Тығыздықғы– 2.1-2.6 г/см 3
  3. Сызық түсі – қара
  4. Қаттылығы – Маос шкаласы бойынше 3-4
  5. 5. Мөлдірлік – мөлдір емес
  6. Электрөткізгіштігі – 1500 сим/м
  7. Сығу беріктілігі – 1000-1200 ктс/см3
  8. Жылтырлығы – топырақша
  9. Жылуөткізгіштігі – 5 Вт/м2 * К
Көрсеткіштер Өлшем бірілігі Карбонатты

 

тақтатасты карбонатты-тақтатасты Карелия шунгиті
тығыздығы г/см3 2,64 2,63 2,58 2,3
кеуектігі % 57,95 53,61 54,26 5
қаттылығы ~4  ~4 ~4 ~4

Көксу шунгитінің кеуектігі -57,95% ол карелий шунгитітен едәуір үлкен, себебі оның құрамында топырақ үлесі көп.Тығыздық үлесі жақын.

Химиялық қасиеттері:

Шунгиттің құрамында алуан түрлі химиялық элементтер бар. Олар бір бірінен  пайыздық құрамымен ерекшеленеді.

Шунгитті көміртек – шунгит құрылысындағы элементарлы көміртек. Құрамындағы көміртек пайызына байланысты олар аз көміртекті

(0-5%),орташа көміртекті (5-25%),жоғары көміртекті (25-80%).

Таурит-Коксу шунгиті құрамына байланысты:

1)тақтатасты  құрамында 4-6% C

2)карбонатты құрамында 6-10% C

Өнім атауы Маркасы Сыртқы түрі Қолданылу саласы
1 2 3 4
1. Тактасты таурит ТС Кесектер немесе күңгірт-сүрдан кара түске дейін геометриялык пішіндері дүрыс емес дэндер; үнтақ Колданылуы:

-табиғи минералды сорбент-фильтрант ретінде тазарту, тазартуға дейін, бейтараптау, ішуге арналган шаруашылык тагайындалудагы табиги суларды биоактивациялау үшін;

–  агын жэне айналымдагы сулардагы компоненттерді, соның ішінде мүнай өінмдерінен, фенолдардан, сынаптардан, күрделі металдардан тазарту және бейтараптау үшін;

–  кұстар мен жануарлар арналган жем коспаларын өндіру кезінде;

–  минералды тыңайтқыштарды өндіру кезінде.

2. Карбонатты таурит ТК Кесектер немесе күңгірт-сүрдан кара түске дейін геометриялык пішіндері дүрыс емес дэндер немесе күңгірт-сүрдан кара түске дейін ұнтак Қолданылуы:

-табиги минералды сорбент-фильтрант ретінде тазарту, тазартуга дейін, бейтараптау, ішуге арналган шаруашылық тагайындалудагы табиги суларды биоактивациялау үшін;

–  агын жэне айналымдагы сулардагы компоненттерді, соның ішінде мүнай өінмдерінен, фенолдардан, сынаптардан, күрделі металдардан тазарту жэне бейтараптау үшін;

–  қүстар мен жануарлар арналган жем коспаларын өндіру кезінде;

–  минералды тыңайткыштарды өндіру кезінде.

З.Жұка дисперсті тақтатасты таурит тс-д Күңгірт-сүрдан кара түске дейін жүқадисперсті үнтақ Өндірісте:

–  минералды пигменттер, толтыргыштар ретінде тұрмыстык химия тауарларының;

–  полимерлі толтырылган жэне түрлі тагайындалудагы (тауритпласт) артыгымен толтырылган кұрамалы материалдардың;

–  жабдықтарды, құрылым кұрастырлымдарын жэне газ өткізгіштерді минералды кышкылдардан, түздардан, кышкыл газдарынан коргауга арналган майлау мен мастикаларды дайындауга арналган кышқыл түрақты толтыргыштардың;

-күрылыстық тагайындалудағы бүйымдарды жэне күрылыс күрастырылымдарын жэне полимер толтырылған черепицасын, тротуар плиткаларын, бордюрлерді, жұмсак гидро оқшаулайтын жабындарды жэне т.б. бүйымдарды, полимер геоммбрандарды дайындау кезінде пигмент-толтырғыш ретінде;

-толтырғыш, қара түсті түракты табиғи минералды пигмент ретінде, соның ішінде лакты бояу өндірісінде;

-түрлі энергиясымен гамма-кванттардан корғагыш ретінде;

-емдік физиотерапевтік сыкпалар компоненттері жэне коспалар ретінде;

-өртенуге карсы боягыштардың өртке түракты компоненті ретінде -металургиялық процестерде;

4. Флотациялы тактатасты таурит концентраты ТФС Күңгірт-сұрдан қара түске дейін жүқадисперсті үнтақ – түрлі резеңкелі техникалык бүйымдарды жэне шиналарды өндіру кезінде резеңкелі коспалар үшін минералды көп тағайындалудағы толтыргыш, модификатор, түтқырлықты реттегіш ретінде;

Қорытынды

Біздің ұсынылып отырған ғылыми жұмыс өз мәресіне жетті. Жұмыс барысында геотехникалық экожүйе тепе-тендігін табиғи реттеуші ретінде, шунгитті қолдану мақстатында, талдау жасадық. Шунгитті адам әрекетінің барлық салаларында қолдансақ, ол геотехникалық экожүйе тепе-теңдігін реттейтініне көзіміз жетті.

Осы тақырып біздің қызығушылығымызды арттырды, сондықтан да келешекте зерттеу жұмыстарын жалғастырғымыз келеді.

You May Also Like

АЛАШ ЖҰРТЫ АРМАНДАҒАН – МӘҢГІЛІК ЕЛ, ғылыми жоба

М А З М Ұ Н Ы АННОТАЦИЯ……………………………………………………………………………………..1 бет КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..7 бет НЕГІЗГІ …

Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі ерекшеліктері, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  «ИРРАЦИОНАЛ ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ШЕШУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………….3 1        ИРРАЦИОНАЛ…

Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі, ғылыми жоба

Бағыты: Психология Тақырыбы: «Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі» Мазмұны  Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..4 Солақай балаларға…

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ, ғылыми жоба

Аннотация 2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа…