• Тақырыбы: Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері
  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
    салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi
  • Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты
    қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу құқығы
  • Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
    қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
    құқықтары
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиет
  • Кіріспе
  • Халықтың мәдениетiн көтеруге және аурулардың профилактикасына бағытталған гигиеналық тәрбиелеу мен оқыту жаппай, кешендi және үздiксiз сипатқа ие болуға тиiс.
    Гигиеналық тәрбие мен оқыту:
    балаларды тәрбиелеу, мектеп оқушылары мен жеткiншектердi, студенттердi оқыту, әртүрлi бағдар мен деңгейдегi мамандарды даярлау мен қайта даярлау процесiнде;
    медициналық және гигиеналық бiлiмдi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау жолымен жүзеге асырылады.
  • Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы» Заң, осы Заң, айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi болып табылады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi:
    Ұйымдық, экономикалық, құқықтық және тәрбиелiк сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзумен қамтамасыз етiлетiн азаматтардың денсаулығын, тiршiлiк ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау құқын жүзеге асыру;
    айналадағы орта факторларының халықтың денсаулығына зиянды әсер етуiн болдырмау жөнiндегi қызметiнiң ескертпелiгi;
    халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық болып табылады.
  • Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу құқығы
  • Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының, факторлары қазiргi және болашақ ұрпақтың денсаулық жағдайына жарамсыз әсер етпеуге тиiс тiршiлiк ортасы қолайлылығына құқығы бар. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы дұрыс ақпарат алуға мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды адамдар қабылдағыш шешiмдердi, егер бұл шешiмдер санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығына ықпал етумен байланысты болса, әзiрлеуге, талқылауға және бұлардың орындалуын бақылауға қатысуға әрбiр азаматтың құқығы бар.
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi басқаратын және төменгiлерi жоғары тұрғандарына бағынышты органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi болып табылады.
    Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң басқару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындайды.
  • Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мiндеттерi
  • Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет:
    Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
    мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердi ұсынады;
    санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттiк бағдарламаларды жасауға қатысады;
    санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бекiтедi;
    санитарлық-эпидемиологиялық сақтандыруды (мониторингтi) жүзеге асырады, есеп пен статистика жүргiзедi;
    гигиеналық оқыту өткiзедi және салауатты өмiр салтын насихаттайды;
    санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды ұйымдастырады;
  • Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
  • Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
    Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
    аумақтардың Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары;
    басқармалар бастықтары, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, лабораториялардың меңгерушiлерi, санитарлық дәрiгерлер мен эпидемиолог-дәрiгер, санитарлық дәрiгерлердiң және эпидемиолог-дәрiгерлердiң көмекшiлерi жатады.
  • Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыруды ақпараттық қамтамасыз ету
  • Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыруды ақпараттық қамтамасыз етудi мемлекеттiк және салалық есептеу және есеп беру нысандары, сондай-ақ Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қорғау органдары мен мекемелерiнiң сұрауы бойынша кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер беретiн қосымша ақпарат негiзiнде Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүзеге асырады. Санитарлық-гигиеналық нормалаудың мiндеттерi:
    тiршiлiк ортасының халық денсаулығына әсер ету факторларын бағалаудың өлшемдерiн жасау;
    тiршiлiк ортасының адам организмiне химиялық, биологиялық, физикалық және радиациялық әсер етуiнiң кешендi және жекелеген факторларының неғұрлым тиiмдiлiгiн немесе рұқсат етiлген шегiнiң, көлемiн, деңгейiн, шоғырлануын анықтау болып табылады.
  • Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi
    қалыптар, гигиеналық нормативтер. Оларды
    жасаудың, бекiтудiң және қайта құрудың тәртiбi
  • Гигиеналық нормативтер жалпымемлекеттiк болып табылады.     Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптар республикалық, аймақтық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
    Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi ғылыми зерттеу институттары, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар және басқа да мамандандырылған мекемелер жасайды.
    Республикалық және аймақтық санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi бекiтедi.
    Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер және ғылыми және практикалық мәлiметтер пайда болған кезде оқтын-оқтын қайта қаралып отырады.
  • Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және оның мiндеттерi
  • Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерi жүргiзедi және:
    тiршiлiк ортасындағы объектiлердiң санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына әсерiн кешендi бағалау;
    адамдардың сырқаттануы және улануының пайда болу себептерi мен жағдайларын зерттеу;
    шаруашылық немесе өзге қызмет барысында қабылданған шешiмдердiң санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн иеленедi.
  • Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау объектiлерi
  • Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға:
    өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi техникалық-экономикалық негiздеу, құрылысын жобалау мен қайта құру;
    санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мен халық денсаулығының ахуалын, жағдайын бақылау материалдары, кәсiптiк және тамақтық улануларды, жұқпалы аурулармен сырқаттану жайттарын, төтенше санитарлық-эпидемиологиялық асқынуларды тексеру;
    ережелерiнiң халық денсаулығына тiкелей немесе жанама түрде қатыстылығы бар заңдар және басқа да заң құжаттарының жобалары;
    топыраққа, су қоймаларына, атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру бойынша материалдар;
    жаңа өнiмдер мен технологиялар;
  • Мiндеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
  • Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды:
    атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiн, курорттық аймақ объектiлерiн, заттардың рұқсат етiлген шектегi шоғырланулары, әсер етуiнiң бағдарлы қауiпсiздiк деңгейлерi болмаған және олардың әдiстерi айқындалған реттерде айналадағы ортаға химиялық және биологиялық заттар тарататын объектiлердi орналастыру;
    экологиялық зiлзала аймақтарындағы объектiлердi, баламалары жоқ жаңа технологиялық процестегi объектiлердi орналастыру, қайта құру және ұлғайту;
    референдумда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыру мүддесiн қозғайтын мәселелердi талқылау кезiнде жүргiзуге мiндеттi.
  • Қорытынды
  • Халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiптiк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерi мен азаматтары алдын ала және мерзiмдiк бақылаулардан, арнайы медициналық тексерулерден өтедi.
    Өндiрiстiк зиянды факторлардың, алдын ала және мерзiмдiк медициналық бақылаулардан өтуге мiндеттi мамандық иелерi, халықтың жекелеген топтарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi белгiлейдi.
    Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары алдын ала немесе мерзiмдiк медициналық тексерулерден өтпеген немесе денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.
  • Пайдаланылған әдебиет
  • Еңбек гигиенасы бойынша тәжірбиелік сабақтардың жеке құралы: Оқу құралы Тоғызбаева К.К. Алматы 2010 жыл-366 бет.
  • 2. Жарылқасын Ж.Ж. Өндірістік токсикология негізі. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММАбаспаханасы. 2007 жыл-80 бет.
  • 3. Сараубаева Е.Н. Жакенова С.Р. Шинатаева Н.У. Жарылқасын Ж.Ж жалпы және жеке еңбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММА баспаханасы. 2007 жыл-44 бет.
  • 4. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы.Оқу әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл- 85 бет.
  • 5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл-28 бет.
You May Also Like

Тазалық сырлары

Тазалағыш ұнтақпен жұмыс жасау – көп үйбикелер үшін нағыз азаптың өзі. Барлық…

Қазіргі замандағы этиканың дамуы

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын…

Қытай сорпасы

Қажетті өнімдер: 150 г көкөніс сор-пасы, 15 г пияз, 1 ақуыз, талғамыңызға…

ҚР қылмыстық атқару құқығы, дәріс жоспарлары

1-дәріс. ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі пәні және курс жүйесі. Қылмыстық-атқару саясаты…