Бағыты:  Жер жәннаты Қарқаралы

Секция:   Өлкетану

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Жусан емдік қасиеті бар шөп »

Аннотация

Жалпы жусан атауы қазақ даласының басты рәмізі десек артық айтқандық болмас. Жусан иісін аңсамайтын қазақ баласы бола қоймас. Жеңісқызы Жанерке зерттеуге дайындаған материалында жусан өсімдігі туралы биологиялық мәліметтер мен оның емдік қасиеттері және күнделікті өмірде адамға пайдасы  туралы жан – жақты ашылып, бүгінгі таңда әлемде болып жатқан індетке қарсы шипасы қарастырылған.

Пікір 

Жеңісқызы Жанерке өзінің жобалық жұмысына арқау етіп, Емдік қасиеті бар жусан шөбін зертеуге алған. Өзінің туған жерінің өсімдіктеріне және ондағы емдік қасиеті бар шөптерге қызығып ізденуі-маңызды мәселе. Киелі шөптің емдік қасиетіне  биологиялық мәліметтері және күнделікті өмірде қолдану тәсілдеріне   тоқталған. Туған жерінің өсімдіктерін жоғарыда аталған қасиетін зерттеуі, көптеген оқушыларға үлгі болардай іс деп ойлаймын.

Бұдан біз, Жанеркенің Отанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін көруімізге болады. Ғылыми жұмысын жазуда тиянақтылық көрсетіп, қызығушылық танытып, тақырыпты тереңнен зерттеуге ұмтылды. Сондықтан жас зерттеушінің бұл жұмысына ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ұсыныс жасалды.

Мазмұны:

І.   Кіріспе

1.1     Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы    _____ 1-3

1.2     Дәрі – шөптен шығады                             ____________4

1.3     Жусан туралы биологиялық мәлімет     ____________ 5

ІІ   Негізгі бөлім

2.1     Жусан емдік қасиеті бар шөп      __________________7

2.2     Жанға дәрмен – ащы ермен

2.3     Ғасыр  дерті  – қатерлі ісік

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Шежіре сыр шертеді
  2. Тарихтан тағылым
  3. Зерттеу жұмыстары
  4. Ұрпақтыр ұлықтауы

ІІІ. Қорытынды

Мақсаты: 

Жусан өсімдігі туралы жан жақты мәлімет беру. Шөптің  емдік қасиеттері туралы насихат жүргізу, күнделңкті өмірде дұрыс пайдалана білуге шақыру.

Міндеті: 

Киелі  Қарқаралы төсінде өсетін емдік қасиеттерге ие өсімдіктердің ескерусіз қалған көлеңкелі тұстарын зерттеп насихаттау.

Күтілетін нәтиже: 

Қазақ тарихына үлкен үлес қосатын ұлы тұлғаның Отанымыздың тарихын толықтыратын Республика көлемінде насихатталып, келешекте оқулықтарға толық мәліметтер енгізіледі.

Ұсыныс: 

  1. Бердіқожа батыр жайында мол мұра жинақталып, энциклопедияға қосымша  деректер енгізіп  шығарылса;
  2. Ұлы тұлғаның өмір тарихы мен ерлігі жайлы Қазақстан тарихы оқулығына енгізілсе;
  3. Тарихи тұлға жайында  көркем фильм  түсірілсе;

… Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі –    неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі.

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысымен құрылған. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының шығыс жағында орналасқан. Ұлттық бақтың жалпы аумағы 90323 га жер учаскесін құрайды, оның 40341 га орман шаруашылығы. Орман шаруашылығы негізінен қарағайдан, қайың мен көктеректен, үйеңкі, шегіршін, терек тал және бұталардан тұрады. Ұлттық бақтың үш филиалы бар: Таулы (жалпы аумағы-25576га); Қарқаралы (жалпы аумағы-23846 га) және Кент (жалпы аумағы-40901 га).Қарқаралы-Кент таулы торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы, Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент алабы ерекше ландшафты асимметрияға ие: оның солтүстік баурайы шығыс және батысқа қарағанда өсімдіктерге және бұлақтарға өте бай. Олар бір-бірінен терең шатқалдармен алшақтанған, тау аралас жартас шоқылармен және шыңдарды құрайтын жоталар мен жатық жазықтықтардан тұрады. Қарқаралы алқабы Тар кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр жоталары мен жекелеген Комсомол (1403м), Шаңкөз (1360), Бұғылы (1323), Көктөбе (1254) шыңдарынан және бірқатар биіктігі бойынша маңызды емес жоталардан тұрады. Аудан аумағы үшін су тартылмайтын жылғалардан, терең аңғарлардан, таулы бұлақтардан және көл қазандықтарынан, сондай-ақ ұсақ құмдардан тұруы оның табиғатына тән. Қаралып отырған аумақтың климаты барлық ұсақ таулы алқап шегінде ауа-райының антициклондық түрімен континенттік болуы қыстың қаттылығымен, салқын жазбен, жылдың бұлтты күндері, жиі кездесетін құрғақшылдық, аңызақ желдерінің қайталанатыны тәуліктік және жылдық температурасының едәуір ауытқуына әкеліп соғады. Қарқаралы МҰТБ флорасы 198 түрлі жабын тұқымдық өсімдіктерден, 3 жалаңаш тұқымды түрі, 2 папортник тәрізді, 27 мүк түрлері, 14 қына түрлері, сондай-ақ әдебиет көздерінде олардың 800-дей түрі барлығы қазіргі кезде тіркелген. Бұл маңындағы дала зонасына қарағанда үш есе көп. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына осы өсімдіктердің 244 түрінен 5 енгізілген: қарқаралы бөріқарақаты, тегіс сфагнум, қырғыз қайыңы, жіңішке көкнәр, көктемгі жанаргүл, сібір қисық бұтасы, қалампыршөп. Қарқаралы флорасында және Кент таулы-орман алқабында эндемиялық және бореалдық өсімдіктердің көп екені белгілі. Өсімдіктердің жоғалып, азайып бара жатқан түрлері: Қарқаралы бидайығы, Қарқаралы бөріқарақаты, жіңішке көкнәр,қарқаралы сылдыршөбі…
Қарқаралы МҰТБ аумағында 190 омыртқалы жануарлар: 45 сүт қоректілер, 122 құстар, 6 бауырымен жорғалаушылар, 2 қос мекенділер және 15 балық түрі кездеседі. Омыртқасыз жануарлардың фаунасы нашар дамыған, қазіргі кезде оның құрамы бойынша нақты мәлімет жоқ. Ұлттық бақ аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізіген жануарлар мыналар: архар,елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала сұржыланы. Қос мекенділер фаунасының негізі: сұр суыр, сұр тышқан, ор қоян, қосаяқ, жоңғар аламаны, сұр суыр, саршұнақ, ондатр, күзен және т.б. тұрады. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі , суыр, борсық, ақкіс сілеусін қатар ұшар (тиін) мен қабан жерсіндірген. 1940 жылға дейін ҚМҰТБ аумағында аюлар да кездескен. Ең ірі сүт қоректілерге қабан, марал, сібір елігі, архар,бұғысы жатады, сондай-ақ ұлттық бақ аумағында ең кіші сүт қоректілерде кең тараған, олар: насеком жейтіндер, жарқанаттар және қоян тәріздестері кездеседі. Көбіне құстардың ұшып кететіндері кездеседі және ұя салатындары да бар.Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағында жыл сайын тұрақты зерттеулер жүргізіледі. Ұлттық бақ құрылған сәттен бастап мұнда ғылыми орталық жұмыс жасайды, өздерінің бақылауы және мемлекеттік инспекторлардың қадағалауы қорытындысынан жылдан жылға алынған мәліметтерді жүйелеп отырады. Көптеген жылдар бойы Е.А.Бөкетов атындағы Қар МУ студенттері мен ғалымдары үшін дала базасы болды және бұл жерде биология мен экология бойынша классикалық жұмыстар, сондай-ақ жыл сайын архелогиялық зерттеулерде жүргізілуде

Дәрі – шөптен шығады

Өсімдік – күрделі тірі ағза, себебі оның құрамындағы неше түрлі химиялық қосылыстар адамға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, нәруыздар, көмірсулар, майлар қорек болса, органикалық қышқылдар, алкалоидтар, глюкозидтер, фитонцидтер зат алмасуды және т.б реттейді. Тамаққа пайдаланып жүрген кез-келген өсімдіктің адам ағзасына шипалық қасиеті де бар. Өсімдіктер түрлі күрделі дәрілік заттарды түзуге қабілетті, ол заттар күрделі оргпникалық қосылыстар. Мысалы,

а) алкалоидтар – азот болатын суда ерімейтін, сілтілік қасиеті бар дәмі ащы зат; алкалоидтар орталық жүйке жүйесінің жұмысын қоздырады немесе бәсеңдетеді. Қан қысымын көтереді немесе; қан тамырларын кеңейтеді немесе тарылтады; бұлшықеттердің қызметіне де әсер етеді.

ә) глюкозидтер глюкозаның спирт және т.б байланысқан улы, күрделі органикалық қосылыс, глюкозидтер жүрек қан тамырлар қызметіне әсер етеді: жүректің жиырылу ырғағын тездетеді немесе бәсеңдетеді; қантамырларының қанаға толуын, жүрек бұлшықетінің қызметіне күшті әсер етеді. Ащы глюкозидтер асқазан жүйесінің жұмысына етіп, қарын сөлінің көп бөлінуін, астың дұрыс қорытылуын жақсартады.

б) витаминдер –  өсімдікте болатын органикалық зат, денеге күш-қуат береді, барлық мүшелердің ауруға шалдақпай дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.

в) эфир майы – өте хош иісті ұшқыш зат, өсімдіктерден шығатын жұпар иісті эфир майына байланысты. Бір өсімдікте көп, екінші өсімдікте аз болатындықтан өте өткір иісті, немесе иісі онша сезілмейді.Эфир майлары микробтарды жояды, қабынуға қарсы, ауырған жерді басып, асқазан жұмысын жақсартады.

г) каротин – сары, қызғылт сары, түсті бояулар тобы. Жануарлар денесінде «А»  витаминіне айналады.

д) иілік заттар – құрамы жағынан глюкозидтерге жақын еүрделі органикалық зат, Қан тоқтату, ас қорыту жұйесінің ішкі кілегейлі қабықшасының қабынуына қарсы әсер етеді. Өсімідіктеодің құрамында болатын заттар осымен бітпейді, біз тек кейбіреулеріне ғана тоқталдық.

Организмге әсер ететін заттар өсімдікте біркелкі таралмаған. Мысалы, бір мүшесінде көп болса, басқа мүшесінде аздау, үшінші мүшесінде мүлдем болмау мүмкін. Өсімдіктегі дәрілік заттар өсімдіктің әр кезеңінде өзгеріп тұрады. Себебі ол қоршаған орта жағдайының әсеріне де байланысты

– Кейбір  Азия мемлекеттерінде, Қытай, Жапония, Үндістанда заманауи медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қолданады. Мысалы, Жапонияда 1974 жылдан 1989 жылға дейінгі 15 жылдың ішінде фармацевтикалық жолмен алынған дәрілерді сатып алу 2,6 есе өскен. Ал табиғи жолмен алынғаны 15 есе өсті. Осындай көрсеткіштерді ескерген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік өсімдіктермен жұмыс істеудің нұсқаулығын жасады.

Ресейде бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктің 500 түріне ғана толық фитохимиялық талдау жасалған. Осыдан кейін біздің елдегі жағдай айтпаса да түсінікті. Дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі арнайы өсіріліп, механикалық тәсілмен жинайтын шаруашылықтардан алынады.

Жусан. Біздің елімізде жусан көрмеген, жусан иісін естімеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде-кем болар. Өйткені жерімізде жусан көп оның Қазақстанда 81 түрі, бүкіл СССР бойынша 170 түрі,  Жер шары бойынша 500-дей түрі белгілі. Жусан Азияның, Европаның, Солтүстік Африка мен Солтүстік Американың далалары мен шөл және шөлейт жерлерінде, сондай-ақ тау бөктерлерінде өседі. Жусан – көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның құрамында қоректік заттар мол, эфир майы бар. Өзі әсіресе қой, ешкінің жақсы азығы. Басқа малдар да жейді. Оны жеген сиырдың сүтінен жусан иісі шығып тұрады. Жусан кеберсіген топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, қыста қар ұстайды. Ермен мен дермене де жусанның түрлері болып табылады. Ерменнің биіктігі кейде 2 метрге дейін жетеді. Ол медицинада бұрыннан қолданылып келеді. Дермене – Қазақстанның оңтүстігінде шөлді өңірлерде өседі, Орта Азияда да кездеседі. Шымкент облысының Арыс ауданында оны қолдан өсіретін дермене совхозы бар. Дерменеден кейбір іш ауруларына қарсы қолданылатын сантонин дәрісі жасалады, медицинада, парфюмерияда пйдаланылатын эфир майы алынады.

Жанға дәрмен – ащы ермен. Ащы ермен – күрделі гүлділер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық тамырсабақты шөптектес өсімідік. Қазақстанда жусан туысының 84  түрі өседі. Ащы ерменнің биіктігі 50-100-125 см.  Сабағы тік, көп қырлы, өсімідіктің жерүсті мүшелері бозғылт-сұр түсті, басқа өсімдіктерден оңай ажаратуға болады. Себебеі жерүсті мүшесі күмістей жылтыраған қалың жұмсақ әрі жабысып тұратын қысқа түкті болады. Өсімідікті саусақпен сипағанда мақпалдай жұмсақ екенін сеземіз. Сабағы ұшына жақындаға сайын жиі бұтақаталған. Ащы ерменнің жапырақ пішіндері әртүрлі. Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзын сағақты, тақтасы да қауырсын тәрізді салаланған, сабақ ұшына жақындаған сайын кішірейіп сағақсыз, тасқатысынң жиектері де тегістеледі. Гүлдері өте ұсақ түтікшелі гүл, себеті де сары ұсақ, диаметрі 3 мм, шар тәрізді. Барлақ себеті сабақ ұшында сыпыртқы гүл шоғына жинақталған. Гүл шоғырлары өте күрделі, жеке гүлдері алдымен себет гүлшоғырын құрайды да, барлық себет гүлшоғырлары жиналып сыпыртықы гүлшоғырына орналасада. Сөйтіп ащы ерменнің негізгі гүлшоғыры бебет болса, себетгүлдің топтпнып бірігуі – сыпыртқы гүлшоғыры болып есептеледі. Ащы ермен республиканың барлық аумақтарында кең таралған, ерменді білмейтін адам жоқ деуге болады. Хош иісі жақындай бергенде-ақ білінеді, дәмә өте ащы, егер қолға алып саусақпен уқаласа иісі көбірек сезіледі. Жерүсті мүшесінде эфир майы, глюкозид, абсинтин, ащы зат – абзинтиин С витамині және т.б бар. Ерменді мал сүйсініп жейді, ермен жеген малдың сүті ащы болады, себебі ерменнің  құрамныдағы ащы заты қан мен сүтке сіңеді.

Жинау мерзімі:Жерүсті мүшесін жазда гүлдеп тұрған кезде  25 см етіп кесіп алады, тек жапырақтарын гүлдемей тұрғанда жинайды, көлеңкелі жерде кептіреді. Жуан сабағы бар жеріндегі шөбін жинамайды. Шөбін сақтау  мерзімі 2 жыл.

Қолданылатын ауру түрлері: ащы ерменді ата-бабамыз ертеден-ақ әртүрлі ауруға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда қолданған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Халық арасында өте танымал өсімдік. Халық медецинасында:

  1. Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда; 4. Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда. 5. Қан жасушалары азайғанда; 6. Бауыр, көкбауырауырғанда; 7. Суық тигенде; 8.Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды түсіруге және т.б.

Обыр… Атың өшкір ғасырлар дертіне айналған қатерлі ісік. Бірнеше жүздеген жылдар бойы ірі -ірі ғылыми-зерттеу институттары, ғұламалар, медицина саласының білгірлері емін таба алмай жүрген қасірет. Әйтеуір енді басталып келе жатқан шағында дәрігерге көрінгеннің өмірін ұзарта алатын шипаны тапты ғалымдар. Бұған да шүкіршілік деп жүргенде ойда жоқта АҚШ ғалымдары айды аспанға бір-ақ шығарды. Таяуда әлемдік БАҚ-тар Калифорния шта­тындағы университет ғалымдарының ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтағандығын жарыса жазды. Бұл медицина саласындағы аса зор жетістік. Аса қуанышты әрі қызығарлық та, қызғанарлық та жағдай. Қызғанатынымыз, бұл өсімдіктің қазақ даласының кез келген жерінде кездесетін, жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан екендігі. Яғни, жусанды кешіп жүрген ғалымдарымыздың, ғылыми-зерттеу институттарындағы мамандарымыздың қолда бар дәру шөптің осынау қасиетін аңғара алмауы. Енді америкалық ғалымдардың еңбегіне тағы бір үңілелік. Тіпті олар жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін де анықтаған. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын жойып жібереді. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік обырды толық құртып жі­береді. Ал жусан сайын даламызды тұтастай басып жатыр. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. «Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді. Ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар, делінген wikipedia.org-та. Әдетте, дәрілік тым сирек кездесетіндігі табиғи заңдылық. Ендеше мұның дермене болуы әбден мүмкін. Ал дермене тек Оңтүстік Қазақстан өңірінде, Арыс ауданы аумағында өседі. Ғаламторға үңілдік. Дермене жайлы бірнеше ғылыми еңбектер де жарық көрген екен. «Бұл өсімдіктің шипалық қасиетін қазақ халқы ерте кездерден бастап-ақ біліп, оның қайнатылған тұнбасын, қоспасын түрлі ауруларға (әсіресе, ішектегі құрттарды түсіру үшін) пайдалана білгендігі тарихтан белгілі. Ерте кездерде дәрілік өсімдіктерді іздеп келген басқа ұлт өкілдері жергілікті тұрғындардан «қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?» деп сұраған кезде «дәрі міне» деп дермене жусанын көрсеткен екен деген аңыз бойынша оның атауы «дәрі міне», сөз тіркестерінен алынып, «дермене» деп аталып кеткен. Сондықтан да, дермене жусанын «дәрінің қазынасы», «дәрінің қоймасы», «дәрілердің патшасы», «дәрілердің дәрісі» деп босқа атамаған. Шипалық қасиеті туралы деректер Рим ойшылы Үлкен Плинийдің еңбектерінде кездеседі. Ал орта ғасырларда көрнекті араб дәрігері Ибн-Байтар еңбектері арқылы медицина ғылымына дермене жусанының дәрілік қасиеті кеңінен танылды. Ертеде арабтар дермене жусанын «киелі шөп» деп атаған.      Дәрілік қасиеті ғылыми тұрғыда 1830 жылы анықталды. Оны Калер мен Алемс деген ғалымдар арнайы зерттеді. Біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде дермене жусаны Жерорта, Каспий және Қара теңіздерінің жағалауларында, Орта Азия мен Қазақстан аумағында өскендігі туралы да тарихи деректер сақталған. Дермене жусанының ежелгі отаны – Палестина мен Мысыр аймағы деп есептелінеді»,- деп жазады Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универсиетінің профессоры Рысбай Сәтімбеков. Танымал қаламгер Дулат Исабеков «Дермене» повесінде осы дәрілік шөп туралы тоқталып өтеді. «Дермене – мен тұратын ауылдың да атауы. Оңтүстік өңірде көп өсетін емдік қасиетті шөп арнайы күтімге алынғанын білетінмін. Асыл шөп жайлы ел аузында аңыз желісі бар: «Ертеде елді ағайынды қос жігіт басқарыпты. Мамыражай бір күні сырттан жау тиеді. Хандықты басып алады. Биліктен айырылған екеудің бірі қаңғырып кетеді де, екіншісі осы жерде көптің бірі болып қалады. Арада жылдар өтеді. Жатжұрттық хан қайтыс болады. Тұрғылықты халық қайтадан байырғы қалпына оралады. Ағайынды жігіттің үлкені бауырын іздеуге кіріседі. Жан-жаққа хабаршы жібереді. Ауыл-ауылға сұрау салады. Дүниенің төрт бұрышын шарлап жүргенде, інісінің дерегі шығады. Хабар жеткенімен, кері оралуға намыстанған бауыры жатжұрттық болып қала беруді таңдайды. Мұны түсінген ағасы ақ шүберекке бір түп дерменені түйіп, сәлемшілерден беріп жіберіпті. Орамалдың түйінін жазып, дермененің хош иісін емірене иіскеген жігіт ағыл-тегіл жыласа керек. Шіркін, туған ауылдың иісі-ай!.. Көп ұзамай атамекенге оралыпты». Осылай деп толғанады Дулат Исабеков. Кім жыл санап жүріпті. Шамасы өткен ғасырдың 80-жылдары. Көктемгі мал төлдету науқаны қызып жатқан кез еді. Қазақ радиосының «Ауыл өмірі» редакциясында тілші болып жүрген шақ. Іссапармен Қызылқұм, Арыс аудандарының шаруашылықтарын аралап, Арыстанды- Қарабастың өкпек желімен жағаласып жүріп, шопан қауымының ауыр да тынымсыз тыныс-тіршілігін көзбен көрдік. Репортерді жаңалықтарға толтырып Арыс стансасына келіп, Алматыға қайтуға билет алдым. Қас қарайып қалған кез, пойыздың жүруіне 6-7 сағат уақыт бар. Арыс үлкен станса. Бір жағы Мәскеу, бір жағы Өзбекстан, бір жағы Алматы дегендей, қышқырған тепловоздар рельсті солқылдатып арлы-бері ағылып жатыр. Сөмкемді арқалап стансаның басында тұратын немере ағам – Өмірзақтың үйіне бардым. Кешкі асқа қам жасап жатқан жеңгем дереу қазан көтерді. Көп сөйлемейтін Өмекең болса аз-кем жаңалық сұрасқан соң орнынан тұрып шығып кетті. Сәлден соң үш литрлік шыны банкі көтерген күйі қайта кіріп келді де кесеге толтыра құйды. «Сімір, -түгел тарт»,-деді. «Дермененің қайнатпасы. Ем болады. Ет піскенше, жөтелің де азаяды». Жаппарқұлда жан бар ма, қышқылтым сарғылт тартқан сусынды дем алмастан сылқылдата жұттым. Артынша шәй іштік. Маңдайымнан сауылдай тер ақты. Міне ғажап, ет піскенше тамақты буған жөтел де басылды. Ағам пойызға шығарып салып тұрып, бір түйіншекті берді. «Дермененің дәні. Тамызда өзім жинағанмын. Салқындап қалған жағдайда бір шәй қасықтай мөлшерде шәйнекке демдеп, ішіп алсаң болғаны. Біздің үйдегі бала-шаға тымау-сымауды ұмытқалы қашан»,-деп жылы жымиды. Сан дерттің дауасына айналған қайран асыл шөптің тарихын қазбаладық. ХІХ ғасырдың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсетін дермене жусаны әлемге әйгілі болып, оны өндірістік негізде кеңінен пайдалану қолға алынды. 1830 жылы дермене жусанының құрамынан алғаш рет кристалды «сантонин» деп аталатын шипалық қасиеті өте жоғары препарат алынды. Бұл препарат тек қана дермене жусанынан ғана дайындалады. 1880 жылы орыс көпесі Савинковтың қолға алуымен Шымкент қаласында дермене жусанынан сантонин өндіретін арнайы зауыт салынды. Ал 1885 жылы Түркістан өлкесіндегі дермене кәсіпорны өзінің ең алғашқы өнімі – 189 пұт сантонин шығарады. Ресейде бұл өнімнің 2-3 пұты ғана пайдаланылып, қалғаны түгелдей шетелге тасымалданған. Бертінде КСРО Министрлер Кеңесінің 1949 жылғы 28 тамыздағы өкімімен емдік шөптерді өсіру үшін «Дермене» кеңшары ұйымдастырылған. Бұл шаруашылық сол кезеңдерде дәрілік шөптерді дайындап, дәріханалар мен басқармаларға және зауыттарға шикізат түрінде жіберіп отырды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қазақстанда өзіндік фармацевтикалық өндірісті игеріп, игілікке жаратуға шынайы бетбұрыс жасала бастады. 1993 жылы «Химфарм» АҚ құрылды. Бүгінде зауыт ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер, антацидтер, асқазан жарасын емдеуге қажетті, өт айдайтын препараттар, диареяға, вирустарға, жөтелге, суықтауға қарсы препараттар, жүйкені тыныштандыратын, теріні және жарақаттарды дезинфекциялайтын дүниелер шығарады. Сондай-ақ, фармацевтикалық тұнбалар, парафармацевтикалық, тамақтануға қосымша қоспалар, урология, дерматология, гинекология және акушерлік, эндокринология, иммунология салаларына қажетті, тағы басқа да толып жатқан дәрі-дәрмектер әзірлейді. Жылына 1 миллиард таблетка, капсула және түйіршіктер, 350 миллион ампула, 24 миллион құты антибиотиктер, 4 миллион пакет инфузиялар өндіреді. Сан дерттің дауасына айналған асыл шөптің миллиондаған жанның дертіне дауа болып отырғандығының айғағы бұл. Ал ғалымдардың обаның, ғасыр дертінің, жо-жоқ, ғасырлар дертінің емі екендігін тапқаны дүниені дүр сілкіндірер оқиға екендігі анық. Сан мыңдаған сырқаттардың үмітін оятқан өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті дәрі жасалды. Тыңнан түрен салынды. Әлем жұртшылығының адам ағзасының өзге де мүшелерін жегідей жеген бұл дерттің құпиясы ашылар күнді елеңдей күтіп отырған жағдайы бар.

Біз үшін әттеген-айы, мұхиттың арғы жағындағылардың жусан кешіп жүрген біздің алдымызды орап кеткендігі. Ендеше, ғалымдарымыздың озық ойлы америкалық әріптестерімен тізе қосып, бұл бағыттағы ғылыми жұмыстарын жандандыра түсетін шақ туды. Мүмкін, үкілі үміттерге сенім құйған дермененің тағы бір ғажайып емдік қасиетін АҚШ пен Қазақстан ғалымдары ашқан сәттің куәсі де болып қалармыз.

Арглабин қатерлі ісікке қарсы дәрі

Қарағанды қаласындағы «Арглабин » дәрісі туралы Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен қолданылатын болды.

Қарағанды қаласындағы фитохимия иниститутының өнімі – «Арглабин» дәрісі  Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық  ғылымакадемия өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дәрі 11 елдің патентімен  қорғалған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт  бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді.Қарағанды қаласында осыдан 2 жыл бұрын президент Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталған болатын. Жусаннан қатерлі ісікке қарсы дәрі жасайтын фармацевтикалық кәсіпорын құрылысына инвесторлардан және Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион теңге бөлінген.Сондай-ақ, зауыт құрылысына Ресей банктері қаражат беруге  келісті. Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дәрі жасауға болады дейді мамандар.

Ал жергілікті онколог дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде тек Қарағандының өзінде қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейіп кеткен екен. Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының маманы Мирамбек Үсенбеков жаңа  дәріге сұраныстың бірнеше есеге артқанын айтады:
— Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстаннан сұраныс бар. Осы  уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шет елдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отыр.1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін  үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ ол емханаға түскенде үстеме баға қойылуы мүмкін, ал Еуропада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері.

Ал дәрігерлер болса, «Арглабин» қатерлі ісіктің барлық түрлерін емдей бермейді, есесіне ол әлгі аурудың бірнеше түріне шипалы дегенді айтады. Қарағанды облысының онкологиялық орталығының дәрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша, «Арглабинді» жалғыз емес, басқа ем түрлерімен бірге қолданған абзал:

— Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Сәуленің адам ағзасына ықпалын азайтады, ал, ісікке әсерін көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді. Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне әсері бар.

Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглабин» қолданылса, науқастардың емделуі 95 пайызға көтеріледі дейді жергілікті онколог дәрігерлер. Ал, фитохимия институтының маманы Науан Жаңғабыловтың айтуынша, Қазақстанда сынақтан өткен кезде дәрінің шөптен жасалатындықтан адамның сау органдарына зақым тигізбейтіндігі анықталған. Бірақ, асыра пайдаланса азғантай зияны болуы мүмкін дейді ол:

— Токсикалық әсері төмен болады. Асыра  пайдаланса, жусанға деген аллергиялық реакция қоздырады.

Дәрілік өсімдіктерді іздеу үшін білім керек

– Олардың географиялық өсу аймақтарын білу керек. Мысалы, аюқұлақты далалық аймақтан іздеуге болмайды. Себебі, олар ол жақта өспейді. Тек орманнан кездестіре аласыз.

Өсімдіктерді жинайтын немесе қазатын болса:

  • Гүлдеу уақытына;
  • Жеміс беруіне;
  • Жылу сүйгіштігіне;
  • Ылғалға;
  • Топырақтың құрамына;
  • Өсу жағдайына мән беру керек.

Жылдың әр мезгілінде шөптердің емдік қасиеті әртүрлі

Дәрумендердің мөлшері:

  • Гүлдеу мен жеміс берудің бастапқы кезеңінде жапырақ пен сабақтарында;
  • Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде;
  • Күз келгенде, өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі солып қалғанда тамырында көп болады.

Емдік шөптерді қалай жинайды?

Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажы сырқаттанып қалғанда, найманның қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы дәрілік өсімдіктермен емдеп, құлантаза сауықтырып алыпты. Шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек күн сәскеден ауғанда терген.

Шіліңгір ыстықта өсімдікті тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинап, күн сәулесі түспейтін көлеңкеде кептіріп, дайындаған. Кейбір шөптер мен тамырлар араласып кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен.

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Сатыбалдиева өсімдік құрамындағы дәрілік заттар көп болуы үшін оны жинау ережесін білген дұрыс екенін айтады.

– Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде жер үсті бөлігін гүлімен қосып, төменгі жапырақ жағын орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе сабағын сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Себебі оларда шипалық қасиеті бар заттар өте аз. Егер жинайтын өсімдікте сабағы көп болса, оны кептіріп болған соң, жапырағы жоқ сабақтарды тастайды. Мұндай әдісті көбінесе жұпаргүлге, түйежоңышқаға т.б. қолданады.

Кейбір дәрі-дәрмектер тек «гүлдерден» ғана жасалады. Оларды тек қолмен жинайды. Тамырын, тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Бірақ, жинау уақытын созып жіберуге болмайды. Себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткенде, өсімдікті тану қиынға соғады. Әрине, өсімдікті жинаудың нақты күнтізбесі географиялық аймақтың ауа-райына байланысты.

Шөптерді кептіргенде неге мән беріледі?

– Ең бастысы өсімдіктің жапырағын, шөбін, гүлін күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бойындағы дәрумендерінен айырылады. Кептірудің ең қолайлы әдісі – шатыр астында құрғақ желдету. Яғни, бөлме ішіне желдеткіш қойып, ғимараттың терезесін ашуға да болады. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Ауа-райы қолайсыз болған кезде өсімдікті арнайы пеште кептіруге болады. Пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң кептірмесе, шөп күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температура 80-90°С болу керек. Бірақ, жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Әр шөптің жарамдылық мерзімі бар. Олар уақыт өткен сайын қасиеттерін жоғалтады, – дейді ол

Қорытынды

Қазақтың кез –келген баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Жас кезімізден жусан иісін иіскеп өскеннен бе,ауыл жайлы әңгіме қозғалғанда алдымен өсімдіктің осы түрі еске түседі де тұрады.

Ұлан-байтақ даламыздың қай қырына барсақ та,оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең –байтақ жеріміздің сәнін кіргізіп тұрған секілді болады да тұрады.

Бүйрегіміз бұрып тұратыны да сондықтан да шығар,бәлкім.әлі күнге дейін барлық буын өкілдері шырқап жүрген бірқатар әндерде иісі бұрқырап жататын жусан жайында айтылатын өлең жолдары кездеседі.Құл боп барып,қайсар мінез,қабілет дарынымен Мысыр елін әділдікпен билеген Бейбарыс сұлтан бабамыздың да сан жылдар бойы дала еркесі-жусанды аңсап өткені тарихтан мәлім.

Қысқасы,қазақ үшін жусанның жөні бөлек деп айта аламыз.Біздің даламызда өсетін аталмыш өсімдік туралы толғана тілге тиек етуіміздің себебі де сонда. Алайда, даламыздың сәніне айналған жусан жайында қаншалықты жақсы білеміз? Ол –дәрілік өсімдік.Сондай-ақ басқа да қасиеті аз емес. Өкініштісі,біз оны бағалай алмай жүрген жоқпыз ба?

You May Also Like

Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы» Орындаған: Омирзакова А.…

Күміс бұйымдардың пайдасы, ғылыми жоба

«Күміс бұйымдардың пайдасы» Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………………………………4 І.Негізгі бөлім.   1.1. Күмістің қысқаша сипаттамасы………………………………………………5…

Латын әліпбиінің болашағы -Ахмет Байтұрсынов көзқарасымен! ғылыми жоба

Слова-ловушки переводчика, научный проект

Секция: ағылшын тілі Жобаның тақырыбы: «Слова-ловушки переводчика» Оглавление Абстракт Введение– Исследовательская часть…