«Delphi программасы мен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалануы тәсілдері»

Бағыты: Ғылыми-техникалық прогресс – экономиканы дамытудың басты бағыты

Секция: информатика

Абстракт 3
Кіріспе 5
1 Зерттеу бөлімі 7
1.1 Delphi – іскеқосу. Delphi ортасы 7
1.2 Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі 8
1.3 Оқиғалар. Программалық код терезесі 11
2 Практикалық бөлім 13
2.1 Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль.Әдіс 13
2.2 Берілгендерді енгізу және шығару 17
2.3 Программаны компиляциялау 20
2.4 Бағдарламаның сипаттамасы 23
Қорытынды 2
Пікір 30

Абстракт

Delphi программасын зерттеуді жөн көре отырып, біз онда көптеген практикалық жұмыстармен айналыстық. Бұл программамен айналысқан мақсатымыз:  Delphi программасының басқа да мүкіндіктерін анықтай отырып онымен жұмыс жасауға жол ашу. Delphi программасы өзге программаларға қарағанда пайдалануға ыңғайлылығымен мүмкіндіктері көбірек болуымен ерекшеленеді. Көптеген жүгіртпе жолдар, фигуралар, сонымен қатар анимациялық, диаграммалық сызбаларды жасау осы Delphi программасына негізделген.

Бұл жобада программа құрылымына тоқтала отырып, берілгендерді енгізу және шығару,программаны компиляциялау командалары қарастырылған.

        Зерттеу мақсаты:

Delphi программасының басқа да мүмкіндіктерін анықтай отырыпағ онымен жұмыс жасауға жол ашу.

Зерттеу объектісі:

Delphi программасы

Зерттеу  әдістері:

  1. Әдебиеттерді оқу;
  2. Зерттеу;
  3. Программа орнату;
  4. Интернет желісін пайдалану;
  5. Нәтижесін анықтау.

Зерттелген тақырыптың көкейкестілігі:

Зерттеліп отырған  Delphi программасы информатика пәнін оқытудағы өзіндік мәні бар екенін айқындайды.  Көптеген жүгіртпе жолдар, фигуралар, сонымен қатар анимациялар, диаграммалық сзбаларды жасау осы Delphi программасына негізделгенін айқындап көрсетеді.

Гипотезасы:     

        Өзге программаларға қарағанда Delphi программасының әлдеқайда тиімді екендігі анықталады.

        Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері:

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі теория түрінде жазып, практикада іс жүзіне асыру.

Кіріспе

        Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі- бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі процедуралық программалау тілдеріне- Фортран, Бейсик, Паскаль. Логикалық тілдер- Лисп, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кезде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі-бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілдері- Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуалды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуалды түрлері- Visual Basic тілі Q Basic программалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual- көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі- кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Сондықтан жаппай кызмет ету жүйесінің имитациялық моделін құру үшін және модельдің керекті ықтималдық көрсеткіштерін анықтауға Delphi программалау тілі таңдап алынды.

Delphi- дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте- бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7- нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5- нұсқа 1999 жылы, 6- нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6- нұсқаларының бір- бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6, оған қоса, 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады (Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес). Delphi 6- да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырған кейбір өзгешеліктер енгізілген.

Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы кұрылымдық программалау тілі екені белгілі.  Delphi- де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi- дің негізгі ерекшелігі- онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп аталады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады. Компоненттік тәсіл мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс- әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де құрылатын негізгі кітапхананы визуалды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп аталады. Компоненттер панелінде топ- тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

  1. Зерттеу бөлімі
    • Delphi – іске қосу. Delphi ортасы 

Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:  Іске қосу – Программалау – Borland Delphi 7 – Delphi 7

Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді. Жалпы ортада  программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады. Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір,  аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген.

  • Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттертерезесі

Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) депаталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын,  программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы реет іске қосылған кезде форма Form 1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компонентер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттері палитрасына орналастырылған.  Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшінView-Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер жөнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады. Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Objekt Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесініңжоғарғықатарынатаңдалған объект атауы да жазылыпқойылады. Терезеніңекіқосымшабеті бар: Properties (Қасиеттер) жәнеEvents (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар–олардың мәндері.

Форма қасиеттері: Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің ) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан бегілі болу үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланатын болса , Form 1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

Font (Шрифт) – формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап ОК түймесін шерту керек.

Caption (Тақырып, бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Fom 1 сөзі алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару, енгізі) клавишін басып қойған жөн).

Color (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызықты түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ен), Height (биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

Объект қасиетін программа (программалық код) ішіндеорнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбышрифтініңөлшемін 14 етуүшінпрограммаға Form1. Fontsize :=14 меншіктеуоператорыненгізу.

Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылған . Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Сократ 97” сияқты арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн (мұндай программа компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F 11 клавиші басылған кезде көрінеді.

Ескерту. жаңа проект іске қосылған кезде алдымен Delphi Director терезесі іске қосылуы мүмкін. Терезеде Delphi News бумасын таңдау жеткілікті.

  • Оқиғалар. Программалық код терезесі

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.

Delphi-әртүрлі оқиғаға атау беріп қойылған. Мысалы, компоненттер палирасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button 1 компонентін шерту Click (шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35. Олар қасиетер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

OnClick – тышқан түймесін бір рет шерту;

OnDblClick – тышқан түймесін екі шерту;

OnKeyDown – клавишті басу;

OnKeyUp – басылған клавишті босату;

OnMouseDown – тышқан түймесінбасу;

OnMouseUp – тышқан түймесін босату;

OnMouseMove – тышқан көрсеткішін жылжыту;

OnGreat – форманы екі шерту;

Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде Project 1 атауы берілген проект файлы (негізгі модель) және unit1.pas атау берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Прграмма мәтінін программалық код деп, терезені программалық код деп немесе қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1.1-тақырыпта ескертілгендей, Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері.

– форманы жабу (жабу түймесін шерту);

– код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту.

Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады. Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Оқиға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:

Procedure<атау> (Sender: TObject ) ;

Сипаттау бөлімі

Begin
Процедура денесі

End;
Мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды.
Терезенің сол бөлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

  1. Практикалық бөлім

2.1  Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль.Әдіс    

Кез-келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір немесе бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, мадуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлыннегізгі модуль депатайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде оны ол автоматы түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізудің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):

program Project1;

uses
Forms,
Unit1 in ‘Unit1.pas’ {Form1};

{SR*.RES}

begin
Application. Initialize;

Application.Creat Form (Tform1, Form1);

Application. Run;

End.
Мұндағы,

Project1 – негізгі модуль (проект )атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;

Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны және онымен байланысты форма атауы көрсетіледі.

{SR*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегімен дайындалған қолданбалы программаның ) қор сипаттамаларын, мысалы, шарт белгілер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с пайдалану керектігін көрсетеді.

Begin-end операторларының аралығына енгізілген соңғы бөлім – қосымшаның алғашқы жүктелуіне қамтамасыз ететін әдістер (Delphi-де арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура, функция және командалар әдістер делінеді):

Application.Initialize – қосымша объектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдісі;

Application.CreatForm – проект құрамына енетін форманы дайындап, эеранда көрсету әдісі (creat-құру);

Application.Run – программаны іске қосуда қамтамассыз ету әдісі.
Delphi-әдістің командалық түрде жазылуы:

<Объект>.<Әдіс>
Мысалы, Application.Initialize – Application объектісінің Initialize әдісін орындау. Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т.б.

Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.

Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасынан аяқталатын модуль атауы жазылады.

Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1.  Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:

Unit Unit1;

Interface

Uses
Windows, Messages, SysUtilis, Classes,

Graphics, Controls, Forms,Dialoga;

Type
Tform1 = class (TForm)

Privite
{Privite declarations}

public
{ Privite declarations }

end;
var
Form1: Tform1;

Implementation
{SR*.DFM}
end.

Интерфейс бөлімі interface кілттік сөзімен басталады да, оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, оған стандарты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кірістіріп қоюда мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындаған форма типі сипатталады. (онда, өрістер, қасиеттер, компонеттер сипатталады, олардан соң модульге жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері) жарияланады, т.б.).

Privite (жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент – өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізу болатын кез-келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді. Implementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі {SR*. DFM} – .dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылады. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаларды өңдеуіш процедураларының тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады, мысалы, 3.7.4, 3.11-тақырыптарда өңделетін арнайы информация үшін толық модульдер құрылған.

Кейде модульдің соңына инициалдау бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесінде беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасында енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты, бөлім толтырылмаса, begin сөзі жазылмай ,оған тек end сөзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.

2.2  Берілгендерді енгізу және шығару

Берілгендерді енгізу. InputBox функциясы. Типті  түрлендіру функциялары.

Delphi-де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдаланатын Read (оқу) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдердің қолданылуы мүмкін:

1) меншіктеу командасы;

2) енгізу терезесін пайдалану;

3) форманың Edit компоненті өрісін пайдалану.

Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей, мысалы, х:=4.7;  Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі:

<айнымалы>:= InputBox (‘<тақырып>’, ‘<түсініктеме>’,’<мән>’)

мұндағы,

айнымалы – мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы;

тақырып – енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;

түсініктеме – енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәті;

мән – енгізу терезесінің көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. әдетте оны бос символдық етіп енгізіледі. Мысалы, х:=4.7 меншіктеу командасын InputBox функциясы пайдаланып, мынадай түрде беруге болады:

x:=InputBox (‘Аргумент мәні’, ‘x=’,’’)

Берілгендерді шығару. Show Message процедурасы

Deilphi-де берілгендерді Show Message (мәліметті көрсету) процедурасының терезесіне шығаруға болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі:

Show Message (s);

Мұндағы s – жолдық типті өрнек. Егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін:

Show Message (FloatToStr(s));

Show Message (FloatToStrF(s,ffgeneral, 7,3 ));

Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын сияқты нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.

Берілгендерді формада енгізу және шығару

Компоненттер панеліне формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер (интерфейс элементтерін) орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету – Delphi-де визуалды программалаудың ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компоненттер панелінің Standart бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін Tedit , мәтін енгізілетін Tlabel және командалық Tbutton компоненттері жиі пайдаланылады. Мысалы, формаға Edit 1 редакциялау өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы ие іске қосу командасын берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болады. Формада орнатылған Label, Edit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне программа арқылы қол жеткізу – Паскальдағы жазу өрісіне қол жеткізу сияқты. Алдымен объект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы: Label1.Caption:=’Біз студенттерміз’

Edit1 өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 өрісіне шығару да мүмкін. Ол үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті:

Var s : string;

Begin
S:= Edit1. Text;

Label1.Caption :=s;

End;

Формада Tbutton (түйме) компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қиын емес.

Проектіні сақтау және ашу

Проектіні дайындап болған соң оны сақтау үшін File-Save Project As, File-Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модуль сақтауды сұралатын Save Unit1 As атаулы терезе көрінеді.Проект сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects бумасында сақталады. БірақпайдаланушыС а қ т а у терезесіндежаңа бума

құрып , проектіні сонда сақтағаны жөн. Ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Жаңа бума құру тәсілі:

– сақтау сұралатын терезенің Жаңа бума құру түймесін шерту. Бума белгішесітерезедеорналастырылыпқойылады;

– клавиатурадан бума атын енгізу;

– буманы екі рет шертіп ашу;

– терезенің файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, С а қ т а у түймесін шерту. Модуль .pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрінеді.

– Файл атыөрісіне проект атыненгізіп, С а қ т а у түймесіншерту. Проект файлы .dpr кеңейтілуі бойыншасақталады да, Негізгі модель атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.

Мұндағы ескертетін жайт: модуль мен проектіні бірдей атау бойынша сақтауға да болады. Мысалы, Func1.pas, Funk1.dpr. Бірақ модульді басқа проектіде пайдалану мүмкін. Сондықтан оларды түрлі атаулар бойынша сақтау керек. Сақтаулы проектін ашу үшін File-Open Project командасының берілуі тиіс. Көрінген терезеден қажетті буманы ашып, онда көрінген проект атауын екі рет шертсе болғаны. Ескерту: файл атауы латын әріптері, цифрлар және астын сызу белгісімен тұруы мүмкін, оның цифрдан басталуына рұқсат етілмейді.

2.3 Программаны компиляциялау

Жаңа құрылған программаны (проектіні) сақтаған соң, оны іске қосу үшін компиляциялау қажет. Ол үшін берілетін команда : Project-Compile Project (Проект-Проектіні компиляциялау).жүйенің сәйкес күйге келтірілуіне байланысты, іске қосу командасы берілген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесінде көрініп тұрады.

Компиляциялау командасы берілген кезде Compiling терезесі экранда көрінбеуі ықтимал. Оны экранға шығару тәсілі:

Tools-Environment Options (Сервис-Күйге келтіру) командасын беру. Enviroment Options терезесі ашылады;

Терезенің Preferences (орнату) қосымша бетін ашып, Compilling and running (компиляциялау және орындау ) блогында орналасқан Show Compiler progress (компиляциялау барысын көрсету) жалпылаушысын орнату.

Ескерту:

  1. Программа нәтижесі экранда көрініп, бірақ оның жүрісі аяқталмаса, алғашқы қалыпқа өту үшін Run мәзірінің белсендірулі тұрған Program Reset қатарын шерту қажет не форманың Жабу түймесін шертуге болады.
  2. Программада синтаксистік қателерден басқа семантикалық (мағыналық),
    алгоритмдік қателердің кездесуі де мүмкін. Оларды компилятор ескермейтіндіктен, құрылған программаны мұқият зерттеп шыққан дұрыс. Программаны тестілеуге де болады.

Компилятор ерекшеленген жолда синтаксистік қате болмай, қате оның алдындағы жолда жіберілуі де мүмкін, мысалы, оған енгізілген команда соңына нүктелі үтір (;) таңбасы қойылмаған, т.б.

Қате түзетіліп болған соң Іске қосу командасын қайта беру керек не Run-Step Over (Іске қосу-Қадамнан бастап) командасын беруге болады.

Егер программада синтаксистік қате бар болса, компиляциялау кезінде Delphi қате табылған жолды код терезесінде ерекшелеп көрсетеді. Қате жіберілген орынға курсорды орналастырады және қате типін терезенің төменгі бөлігінде орналасқан терезеде көрсетіп, машина жұмысын тоқтатады.

Мұндағы ескертетін жайт: компилятор бір қатені төменгі терезеде екеу етіп көрсетеді: біріншісі – синтаксистік қате жөнінде мәлімет, екіншісі – файлдың компиляцияланбағанын және орындалмайтынын хабарлау.

EXE – файл

Проектіні сақтау кезінде Delphi PAS,DFM, DCU кеңейтулері қосылатын үш файл дайындап шығады. PAS – код терезесіндегі мәтін көшірмесі; DFM файлында форма терезесінің ішіндегі сипатталады; DCU – файлы екі файлдың да машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі. Егер программада синтаксистік қате болмаса, компилятор оларды exe файлға түрлендіріп шығарады. Ол Windows-қа кірістіріліп, проект файлы сақталған бумада орналастырылады. Оны Windows жетекшісі терезесінен әдеттегідей іске қоса беру мүмкін.

Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланған: пайдаланушы программаның ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын компоненттерден жинақталады. Ал, олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясына нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.

Компонеттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы (Visual Component Library, VCL) деп атайды. онда түрлі кластық көптеген стандартты компонентер жинақталып, олар түрлі атаулы 19 бетке орнатылып қойылған. Мысалы,

Standart бетіне енгізілген компоненттер.

Additional (Қосымша ) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланылады.

System (Жүйе) бетіне OLE (байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы, Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу.

PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілетін төртбұрышты облыс құру;

OLE Container (OLE контайнер) – байланыстырылатын және орнастырылатын объектілерді қабылдау контейнері;

2.4  Бағдарламаның сипаттамасы

Бағдарламалық жабдықтау Borland Software Corporation фирмасының “Borland Delphi Enterprise Version 7.0” программалау тілінде жазылган.

Негізгі мәзірет (меню) (төмендегі көрсетілген):

  • Бір каналды жаппай қызмет ету жүйесі
  • Көп каналды жаппай қызмет ету жүйесі

Негізгі мәзіреттен «Бір каналды жаппай қызмет ету жүйесі»  түймесін шертсеңіз келесі терезе шығады.

Мұнда кіріс ақпарат болып табылатындар:

  • Ағын қарқыны (бір өлшем уақытта келетін сұраныстар саны)
  • Қызмет көрсету қарқыны (бір өлшем уақытта қанша сұранысқа қызмет көрсете алалады)
  • Жаппай қызмет ету жүйесінің жұмыс уақыты 0 ден t-ға дейін
  • Экспериментті ойнату саны (бастапқы берілгендер өзгермейді)

«Ок» түймесін шертсеңіз келесі терезе шығады. Төменде: барлығы қанша  сұраныс келіп түскендігі, олардың қаншасына қызмет көрсетілді, қаншасы кері қайтты және олардың ықтималдықтары көрсетіледі.

«Ок» түймесін шертсеңіз келесі терезе шығады.

Кестенің оң жағында имитациялық схемасы көрсетіледі.

Егер негізгі мәзіреттен «Көп каналды жаппай қызмет ету жүйесі» түймесін шертсеңіз келесі терезе шығады. Мұндағы кіріс ақпаратты еңгізгеннен кейін (айырмашылығы тек каналдар саны -2 немесе одан жоғары) «Ок» түймесін шертсеңіз келесі терезенің оң жағында жаппай қызмет ету жүйесінің имитациялық схемасы көрсетіледі, барлығы қанша  сұраныс келіп түскендігі, олардың қаншасына қызмет көрсетілді, қаншасы кері қайтты және олардың ықтималдықтары көрсетіледі.

«Диаграмма» түймесін шертсеңіз қызмет көрсету диаграммасы шығады.

Қорытынды

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, олармен жұмыс істеу және т.б. іс- әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі P- кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, қазіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.

Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі – күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client- Server), екіншісі- қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows. Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi- мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны- екінші түр.

Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану және түрлі командаларды жазылу түрлерін білу керек.

Delphi- де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі класстарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу үшін программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi- де программалауды үйренуге болады. Ол үшін кітапқа енгізілген программаларды іс- жүзінде орындап және оларға түрлі өзгерістер енгізіп, жаттығуда мүмкін. Жетістік тек тәжірибеге байланысты.

«Delphi программасымен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалану тәсілдері» тақырыбындағы ғылыми жобаға

ПІКІР

—зерттеуінде 

«Delphi программасымен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалану тәсілдері» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасалған. Delphi программасымен ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасалған.

Зерттеу жұмысының материалын жинақтаған 8 сынып оқушысы өзінің жас ерекшелігіне, шама шарқына сай жинақтаған. Жинақтаған барлық деректер маңызды әрі мазмұнды. Зерттеуші жұмыс барысында көптеген  жұмыс атқарды. Өзгелерге де өзінің жұмысының маңыздылығын түсіндіре білді. Жобаның күнделікті өмірде пайдасы зор екені дәлелденді. Балаларға қызықты болды. Олар барлық сұрақтарды ойластырып, зерттеу жұмысын өздері жүргізді.

Зерттеу қорытындыларын  cаралай келе Delphi программасын кеңінен пайдаланып, онымен жұмыс жасады жетілдіре алады деген ойдамын.

You May Also Like

Қарттар үйі – қара шаңыраққа айналып барады, ғылыми жоба

Ғылыми жоба  «Қарттар үйі – қара шаңыраққа айналып барады» Секциясы:  Әдебиеттік оқу…

Ахмет Байтұрсынов–қазақ әліпбиінің жанашыры, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ахмет Байтұрсынов – қазақ әліпбиінің жанашыры»  Дайындаған: Алмазқызы…

Лимон және оның таңғажайып қасиеттері ғылыми жоба

Бағыты: дүниетану Ғылыми жобаның тақырыбы: Лимон және оның таңғажайып қасиеттері Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..…

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде» Пікір Ыбырай Алтынсарин  қазаққа мерей-мәртебе тұтар…