Сараптама

      Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.

Прaктикaлық жұмыс жүргізілген, оқушы өздігінен сұрақтарға жауап алып тақырыпты кеңінен ашуға тырысты. Қызанақтың адам организіміне пайдасы туралы зерттеді.

Бұл жобада  Гульайым  қызанақтан жасалатын өнімдерінің технологиясы және олардың емдік қасиеттері және  адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарын ұсынды. Осыған байланысты өз жасына сай  қызықты ақпараттарды да тапқан. Тәжірибе жасап, одан дұрыс қорытынды да шығaрған.    Алған білімдерін практикада қолданады.

Жоба өздігінен ізденіске, жаңа деректер табуға aрналған. Оқушылар ізденіс арқылы қызығушылық артады.

Қорыта aйтқанды оқушылардың іздемпаздық арқылы шеберліктерін шыңдайды. Дүниетанымдылығы артады. Тақырыптарды тереңдетіп оқуға қызығушылықтары оянaды.

  Жоба жетекшісі:        Атамбаева Н.С.

Мазмұны:

Сараптама

Аннотация

Мазмұны

Кіріспе———————————————————————————-3бет

1.Қызанақ пен қызанақ өнімдерінің емдік қасиеті мен адамға пайдалы

жақтары.—————————————————————————–4бет

  1. Қызанақ шырынын дайындау технологиясы.———————————–6бет
  2. Қуырылған қызанақ—————————————————————–7бет
  3. Қызанақ тұздау———————————————————————-7бет
  4. Қызанақтан икра жасау технологиясы——————————————-8бет

Қорытынды ——————————————————————————9бет

Аннотация

Назарларыңызға ұсынылып отырған жұмыс қызанақ (орыс тілінде ‘помидор’ атауы итальян тіліндегі ‘pomodoro – алтын алма’ дегеннен шыққан. Ал ‘томат’ атауы француздардың ‘tomate’ сөзінен аударылған) көкөнісінің химиялық құрамын зерттеп, морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін және адам организміне пайдасын анықтайды. Әлемде белең алып отырған әр түрлі ауруларды дәрілік өсімдіктер, көкөністер арқылы емдеу және алдын алу шараларын жүргізу – өзекті мәселе. Сондықтан өмір талабына сай салауатты өмір салтын ұстануға мейлінше көмектеседі. Қазіргі кезде химиялық, таза табиғи немесе синтетикалық дәрілердің орнына дәрумендерге бай көкөніс дақылдарын пайдаланудың әлдеқайда жақсы нәтижелілігі көрсетіледі.

Кіріспе

Қызанақ  (лат. Solanum lycopersicum) – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор»  атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Мақсаты: «Қызанақ  өнімдерін зерттей отырып оның емдік қасиеттерін және оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарын зерттеп  және насихаттау.»         

  1. Қызанақ пен қызанақ өнімдерінің емдік қасиеті мен адамға пайдалы жақтары.

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды, далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне, осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Соның бірі – қызанақ.

Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.
Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде біреуін жеу керек. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады.
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет, жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.
Жаңа піскен қызанақ рационыңызға енгізілген болса, күйзеліс және нашар көңіл күйді оңай еңсеруге болады. Қызанақтың құрамында серотонин, яғни, бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам күйзелістік күйге тез түседі. Сондықтан, қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.
Қызанақ катарактаның алдын алады. Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жас ұлғайғанда пайда болатын катарактадан қорғайды. Өйткені, қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Қызанақтың құрамында бета-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.Қызанақ шырыны – құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді. Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады. Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз. Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін. Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қызанақпен бірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді. Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн.

  1. Қызанақ шырынын дайындау технологиясы.

Қызанақ шырыны – құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді. Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады. Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз. Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін. Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қызанақпен бірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді. Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн.

  1. Қуырылған қызанақ

Піскен қызанақты жуған соң, оны көлденең екі бөлікке бөліп, тұз және бұрыш себу қажет. Кесілген қызанақтарды кесілген жағын бетіне қаратып табаға  салып қуырады. Қызанақтар қызара бастаған кезде екінші бетін аудырып қуырады. Дайын қызанақты жеке тағам ретінде немесе ет және балық тағамдарына гарнир ретінде де пайдалануға болады.

  1. Қызанақ тұздау

Қызанақтардың барлық түрлерін (көк, шала піскен, піскен) де тұздауға болады, тек қызанақтың әр сортын бөлек тұздау керек. Ол үшін қызанақтарды іріктеп, зақымданғандарын бөлек алады. Іріктеліп алынған қызанақтарды тазалап жуып, алдын-ала дайындалған ағаш кеспекке салады. Әрбір қатарына укроп, шие, немесе қарақат, сарымсақ жапырақтарын жауып отырған дұрыс. Қызанақты ағаш кеспекке салған кезде оқтын оқтын тығыздап отыру қажет, сосын бетіне ертерек дайындалған тұздық (10 л мұздатылған қайнаған суға 700-900 г тұз) ұқйылады. Қызанақ пісіп кеткен немесе ірі болса, соғұрлым тұздық ащылау болғаны дұрыс. 40-50 күн өткеннен кейін ол пайдалануға келеді. 10 кг қызанаққа: 150 г укроп, 15-20 г бұрыш, 100- 120 г қарақат немесе шие жапырағы және 50-70 г желкек жапырағы қажет.

Қызанақтан икра жасау технологиясы

Керекті өнімдер: Қызанақ- 3 кг, Сәбіз- 2 кг, Пияз – 1 кг, Өсімдік майы- 400-500 г, Сірке суы 9% – 2-3 ас қасық, тұз  – 3 ас қасық, қара бұрыш – 1ас қасық, Лавровый лист – 5 шт.Ең алдымен керекті азық-түлікті дайындаймыз. Банкілерді зарарсыздандырып, тазалаймыз. Сосын көкеністерді тазалап аламыз. Пиязды тазалап, ұсақтап тураймыз. Сәбізді тазалап, жақсылап жуып, тураймыз. Енді қызанақты жуып, ет турағыштан өткізіп араластырамыз. Өсімдік майын, тұзды, қара бұрыш және лавр жапрағын қосып араластырамыз.
Қайнатамыз. Баяу отта  1,5-2 сағат жабық күйінде араластырырамыз. Содан кейін сірке суын қосып араластырамыз. Бірден атылып кетпес үшін зарасыздандырылған банкілерге жабамыз.

Қорытынды

Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Соның бірі – қызанақ. Қызнақты өз ауламызда егіп оны күтіп неге оның жемісін жемеске! Қайнатсаң – Томатың, Турасаң – Салатың. Жесең – Тамағың! болатын қызанақты неге  пайдаланбасқа. Қазіргі кезде қызанақтан неше түрлі өнімдер алуға болады. Қысқа неше түрлі азық дайындауға болады. Сондықтан ата – бабамыз «Қолда бардың қадірін-біл» деп бекер айтпаған.

You May Also Like

Тырнағымды неге жеймін? ғылыми жоба

Опасный и безопасный интернет, научный проект слайд

Жұмбақтар және оның түрлері, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде…

Әбілхайыр хан, ғылыми жоба