ТАБИҒИ АПАТТАН САҚТАНУ              

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………  3

I Негізгі бөлім

1.1. Жер сілкінісі…………………………………………………………  4

1.2 Рихтер шкаласы………………………………………………………. 7

II Қорғану тәсілдері………………………………………………………………9

2.1 Жер сілкінісі несімен қауіпті………………………………………….13

2.2 Жер сілкінісіне дейін………………………………………………….14

III  Залалдары……………………………………………………………………..15

3.1 Зайсандағы толқулар………………………………………………….16

3.2 Әлемдік толқулар……………………………………………………..17

3.3 Экологияға тигізген зияны………………………………………….18

IV Қорытынды…………………………………………………………………….20

Қосымша материалдар:фотографиялар, схемалар, сызбалар,                               кестелер, статистикалық есептеулер, табиғи объектілер, электронды нұсқа.

Зерттеу мақсаты:

Табиғи апаттардың бірі – жер сілкінісі туралы түсінік бере отырып, апаттың алдын алу жолдарын іздестіру.

 

Қойылған мақсаттар шешу міндеттері:

  1. Жер сілкінісі жайлы мағлұматтарды іздестіру, жинақтау.
  2. Зайсан қаласындағы сейсмостанцияға бару, мамандармен танысу, сейсмикалық апараттармен танысу
  3. Үй тұрмысында жер сілкінісін тіркейтін және жер сілкінісі жайлы хабар беретін құралымызды ұсыну

 

Жұмыстың ғылыми жаңалығы

  1. Жер сілкінісін тіркейтін құралымызды 4.8В – тың батареяға үнемі қосып қойып мекемелерде, интернаттарда, мектептерде және үйлерде жер сілкінісі жайды ақпарат алу.

 

Цель исследования

Разъяснить значение слова «землетрясение» как природная катастрофа и найти  пути ее предотвращения задач, поставленные по данной теме

  1. Собрать и перевести в систему материал по землетресению
  2. Посетить сейсмостанцию г. Зайсан познакомиться со специалистами, ознакомиться со специальным оборудованием
  3. Предложить свой аппарат по определению в быту

Новизна научной работы

  1. Получать сведения о землетрясении, подключая свой аппарат
  2. 4,8В батарее мы сможем получать сведения о землетрясении в учереждениях, в интернат , в школах.

 

Clarify the meaning  of a natural disaster like an earthquake and look for ways to prevent7

Challenges posed by the topic,

  1. Collect and systematize data on earthquake.
  2. Seismic station to visit the city Zaysan, meat with protessoinals familiar with the special equipment
  3. To offer its staff to determine the earthquake at home.

 

Scientific works

  1. Connect your devise to 4.8V the battery we can get information about the earthquake in institutions, school.

         Кіріспе

 

Біздің бүгінгі ғылыми жобаның тақырыбы – Табиғи апаттан сақтану. Қазіргі заманда адамдар жер астынан көптеген пайдалы қазбалар, мұнай – газ, жерасты суларын көп алу әсерінен сол жерлерде сейсмикалық белсенділік артып жер сілкінісі артуда, одан бөлек табиғи жер сілкінісі кезінде біздің құрал қауіпсіз жерге көшуге мүмкіндік береді. Жер сілкінісі бірден жойқын күшті болмай әлсіз дүмпулерден басталады, сол әлсіз дүмпу кезінде біздің құрал белгі беріп адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немес мантияның үстіңгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғатты өз мақсатына қарай пайдалана отырып адам табиғатты өзгерту ішінде ілгері қарай алып қадамдар жасады. Табиғаттағы құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Біздің ғасыр техникалық, ғылымның барынша өркендеген дәуірі болады. Мұншама техниканы қолына ұстаған қазіргі адамның табиғатты өзгерту жөніндегі әрекеті оның маңызды екінші бөлігін – табиғатты қорғау қажеттілігі мәселесін алға қойып отыр.

Табиғатта сан алуан өзгерістер болып жатыр. Жер қыртысы ешқашан тыныш жатпайды, оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді.

Жер сілкінісі дегеніміз – жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу мен ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулерімен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жер сілкіну ұзаққа созылмайды, әдетте бірнеше секундтардың ішінде ғана өтеді. Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып, бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Жер сілкіну салдарынан жерде жарықтар пайда болады. Осы жарықтардың бойымен жер қыртысы қабаттары көлбеу бағытта және жоғары – төмен ығысады. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет  жарылып, ығысатын жері жер сілкіну ошағы деп аталады.

Оның дүмпуінің жер бетіне шығатын жері эпицентр деп аталады.Жыл сайын жер шарында мыңдаған жер сілкінулері өтіп жатыр. Жер сілкіну апатынан сақтану үшін оны зерттеудің үлкен мәні бар. Жер сілкінуді зерттеу жұмыстарымен арнаулы ғылыми мекемелер айналысады. Түрлі зерттеулер жер сілкінісінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарына шоғырланғандығын көрсетеді. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады.

  1. Негізгі бөлім

1.1 Жер сілкінісі

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб ағылшын  earthquake) – жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен жердің беткі қыртысының тербелуі

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар  деп атайды.

Пайда болу тегіне қарай

Жер сілкіну  жанартаулық дендуациялық және тектониялық болып бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Дендудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектониялық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде. Жер қойнауында ұзақ  уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну – Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде Жан-жаққа таралады.

Сейсмикалық толқындар таралуына қарай

Сейсмикалық  толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді. Сейсмикалық  толқындардың  таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына құрылымына және физика жағдайына байланысты болады.

Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуде – 8км) жүздеген км-ге (1960жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.

Ал 1957жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700км-дей

жарылымдар жүйесі пайда болған

Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы. Ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр. Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.                                                                                                               Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай: Жер бетіне жақын (тереңдігі 10км-ге дейін)

Орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10-60км)

Аралық (60-300км) және терең фокусты (300км-ден терең) болып жіктеледі

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында  немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің баррысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттарғ су құбырларығ канализация, электр беру жұйесі қирайды, байланыс бұзылды.

Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезіндегі теңіз түбінен қозғалыс нітижесіндегі теңіздәі гравитациялық толқындары цунами пайда болып, құрылысқа үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені, Қазақстанныі 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6млн. халық тұрады. 27 қала, 400ден астам елді мекендер бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта орналасқан.

Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан.

Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын  алуда.

Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым жерасты дүмпуінің күші қаттырақ болады. кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады. Жер қойнауында энергияның жиналуына үнемі күрделі үдерістер болып тұрады, соның шығу салдарынан сейсмикалық дүмпулерді болады. сол энергияның шығуы уақытында бұл энергия тектоникалық үдеріс деп аталады. плиталардың қозғалысы салдарынан жер қойнауында жарық пайда болады. Осы плиталардың арасында үш түрлі құбылыс болуы мүмкін. плитаның қозғалса енді бірі жылжиды. немесебір-біріне сырғанайды. Екі плитаның соғылғаннан жер үстінде өзгеріс болады, жиналған энергия жер бетіне шығады. Мұндай жер сілкінісінің ұқсас түрін тектониялық деп аталады. Кейбір кездерде жер сілкінісі плитаның ішкі жақтарында болады- олар плитаның ішкі аралық жер сілкінісі деп аталады.

  1. Табиғи жер сілкінісінің шығуы
  2. Адамдардың әрекеті нәтижесінде пайда болған жер сілкінісі
  3. Тектоникалық
  4. Вулкандық
  5.     Опырылу
  6. Шеткі (тектониялық плита шектері)
  7. Плитааралық

Сесмикалық қауіпсіздік мәселелері біздің еліміз үшін әрқашан маңызды, Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті, онда 6млн. адам тұрады, республиканың  40 пайыздан астам өнеркәсіп әлеуеті шоғырландырылған, олар жер сілкінісінің тұрақты қауіпнде тұр. Республиканың аса сейсмикалық қауіпті өңірі алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбылжәне Оңтүстік Қазақстаноблыстары болып табылады.

Соңғыон жылда көмірсутегі шикізаттарының қарқынды өндірілуіне байланысты елеміздің батыс өңірінде орналасқан мұнай кәсіпшілігі аудандарындағы техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісінің нақты қаупі туындайды.

Жер сілкінісі қатты болғандықтан, шығатын энергияның санына және ошақтың алшақтығына жер сілкінісі күшін өлшеу үшін негізгі көрсеткіштер көлемін, олардың кинетикалық энергиясын сипаттайтын, қарқыныдылық және ошақ тереңділігіне байланысты. Әтбір жер сілкінісінің өзінің ошағы мен эпиторталығы бар.

Жер сілкінісінің ошағы терең жердегі орын, онда жер сілкінісі пайда болады, ол жерде серпінді сейсмикалық толқындар (гипо орталық) таралады.

1.2 Рихтер шкаласы

Жер сілкінісінің магнитудалық М-шкаласын сипаттайтын Рихтер шкаласы

 

Балл- дар Жер сілкінісі зардабы
0 Өте жай жер сілкінісі Бұл жағдайда тек құралдар көмегімен анықтауға болады
1 Адамдарға еш білінбейді
2 Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабатарында ғана байқауға болады
2,5-3,0 Ғимараттардың барлық қабаттарында байқауға болады ілініп қойылған теңселіп тұрады
3,5 Есіктер мен терезелер ашылып, жабылып тұрады
4-4,5 Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлерде ғимараттарда кішігірім сызат (трещина) пайда болуы мүмкін
5 Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес жүріп келе жатқан адамдар тепе – теңдігін жоғалтадыәйнектер сынып, қабырғаның штукатурасы жарылады
6 Кейбір жерлерге әжептәуір нұқсан келуі мүмкін жыл сайын мұндай жер сілкініс 100-дің шамасында адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап бұзыла бастайды
6,5 Жерге сызат түсе бастайды Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды
7,0 Қатты жер сілкінісі жалпы дүрбелең болады (паника)тұрғызылған құбылыстар құлап бұзылады жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады
7,5 Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опыриалар орын алуы мүмкін
8 Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол трамвай жолы істен шығады
8,5 Энергиясы бір атом бомбасының энергиясы 1000000есе көп болады
9 Ғимараттар толығымен құлап заттар ауада ұшып жүреді

1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтынның профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс – әрекеттер жасалынады.

Сейсмикалық төзімді ғимаратарды жобалау және салу

Халықтың сейсмикалық білімін арттыру

Хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру

Жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін Тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

 

  1. II. Қорғану тәсілдері 

Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті болып табылады, онда 6 млн. астам адам және Республика тұрғындарының шамамен жартысы тұрады, 400-ден аса мен елді мекен орналасқан, өнеркәсіптік әлеуеттік 40% шоғырланған.

Сейсмикалық қауіптің жоғары әлеуетіне Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы ұшыраған.

Өнеркәсіптік және басқада объектілердің көпшілігі орналасқан, сондай-ақ көлік құралдары көп жиналған және жоғары өрт қауіпті елді мекендерде тұратын адамдар төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.

Жер сілкінісі дегеніміз не?

Жер сілкінісі – жер қабатындағы жылжу нәтижесінде туындаған және ұзаққа созылған жер бетіндегі ауытқулар.

2.1 Жер сілкінісі несімен қауіпті

   Зақымданушы факторлар:

-Ғимараттардың зақымдалуы және қиратуы

-Дүрлігу, байбалам (Байбалам адамда жиналған жерде аса қауіпті; мектептерде, ауруханаларда, кинотеатрларды, жатақханаларда және т.б)

Бұл үшін орынжайдағы неғұрлым ҚАУІПСІЗ орындарды білу қажет негізгі салмақ түсетін қабырға ішкі есігінің ойығында бөлменің ішкі бұрыштарында

арқалықтың, ригельдің астында, ішкі салмақ түсетін қабырғаларда, бағандарда;

нығыз үстел, парта, керует астында;

Қауіпті жерлер:

-Балкон;

-Сыртқы қабырға;

-Терезе;

-Антресоль мен аспалы сөрелер астында;

-Баспалдақта және лифтіде

Қатты жер сілкінісі кезінде

Егер сіз бір қабатты үйде немесе ғимарарттың бірінші қабатында болсаңыз және одан тез шығып кете алсаңыз(15-20 секунд ішінде) онда шығып кетіңіз. Ғимараттан шығысымен тез ашық жерге кетіп қалыңыз.

Ғимаратта болсаңыз құтылу жолын іздеңіз:

  1. Егер сіз ғимаратта қалсаңыз алдын ала таңдалып алынған, неғұрлым қауіпсіз орынға жасырыныңыз. Көпқабатты үйде баспалдақтың есігін ашып, ойыққа тұрыңыз. Қорықпаңыз, егер есік сыналанса-бұл қиғаштануынан болады.
  2. Егер сылақ, шам, шыны кесектері құлау болса-үстелдің астына тығылыңыз. Оқушыларға партаның астына кіріп,кетуге, терезеден бұрылып кетіп, беті мен басын қолымен жауып алуға болады
  3. Кез-келген ғимаратта терезеден алыс, ішкі салмақ  түсетін қабырғаға жақын тұрыңыз. Шыны Арқалықтардан алыс кетіңіз
  4. Есікте қысылыс, кептеліс жасамаңыз
  5. Бірінші қабаттан жоғары болсаңыз терезеге секірмеңіз

Жабық терезеге секірмеңіз! Нақта қажеттілік болса шыныны орындықпен, не болмаса арқаңызбен сындырыңыз

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.

Қауіпсіз жерлер:

Үйде (ғимараттың ішінде)

1)Босаға есік жақтауы

2)Ішкі бұрыш

3)Мықты қабырға

4)Бел ағаш

5)Ванна, тоңазытқыш

6)Парта,стол,кереует

Далада:

1)Ашық алаң

2)Биік ғимараттардан аулақ болу

3)Биік ағаштардан аулақ болу

Қауіпті жерлер:

1)Терезе жақтағы бұрыш

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Баспалдақ

4)Лифт

5)Жиһаздар

6)Шам жағу қауіпті

7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер

Далада:
1)Биік ғимараттар

14

2)Биік ағаштар

3)Электр жүйелері

4)Жер асты өткелі

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.
– лифтті пайдаланбаңыз.
– есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.
– үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.
– сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Автомобиль ішінде:
– сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.
– жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.
Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді

Жер сілкінісі несімен қауіпті

Зақымданушы факторлар

Ғимараттардың зақымдалуы және қиратуы

Дүрлігу, байбалам (Байбалам адамда жиналған жерде аса қауіпті; мектептерде, ауруханаларда, кинотеатрларды, жатақханаларда және т.б)

Бұл үшін орынжайдағы неғұрлым ҚАУІПСІЗ орындарды білу қажет негізгі салмақ түсетін қабырға ішкі есігінің ойығында бөлменің ішкі бұрыштарында

Арқалықтың, ригельдің астында, ішкі салмақ түсетін қабырғаларда, бағандарда; нығыз үстел, парта, керует астында;

Қауіпті жерлер:

Балкон;

Сыртқы қабырға;

Терезе;

Антресоль мен аспалы сөрелер астында;

Баспалдақта және лифтіде

  • Жер сілкінісіне дейін

   Аса қажетті заттарды алдын ала дайындап қою қажет:

– Құжаттар

– Қажетті дәрі-дәрмектер, запас бинттер

– Қалта шам және запас батарейка

– Жылы киімдер және аяқ-киім

– Су және қаптамадағы тамақ(2-3 күнге запас)

– Майшамдар, сіріңке

– Сынбайтын ыдыс

– Тасмалданатын радиоқабылдағыш

Осының барлығы рюкзакта немесе сөмкеде пәтерде кіреберіске сақтаңыз.

Жер сілкіністері туралы хабарласқан кезде хабарламаны тыңдап, газ бен электр энергиясын қоспауы, киімдерін жинауы және ғимараттан құрама эвакуациялау пункттерін шығару.

Жер сілкінісі қаупі жағдайында жарықпен газды өшіру қажет. Сейсмикалық қауіпті аудандарда тұратын жер сілкініс жағдайларында алдын ала ойланып, шарала қабылдау қажет. Ғимараттан эвакуациялау жоспарымен алдын ала танысу қажет.

Залалдары 

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында  немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің баррысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттарғ су құбырларығ канализация, электр беру жұйесі қирайды, байланыс бұзылды.

Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезіндегі теңіз түбінен қозғалыс нітижесіндегі теңіздәі гравитациялық толқындары цунами пайда болып, құрылысқа үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оныі әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені, Қазақстанныі 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6млн. халық тұрады. 27 қала, 400ден астам елді мекендер бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.

3.1 Зайсандағы толқулар

  1990ж 14 маусымы күні 19сағ. 49 минутта Шығыс Қазақстан облысында күшті жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі – Зайсан қаласының солтүстік жағындағы Бақасу ауылының маңы. Оның қуаты Рихтер баламасы бойынша 7-8 баллдық, қуат эпицентрден 135 шақырым қашықтықты қамтыған. Тарих беттерінде Зайсан маңында болған әртүрлі жер сілкіністері тіркеліпті. Олардың бастылары 1761, 1783, 1787 және 1904 жылдары болған. Маусымның 14-і күні болған сілкінісің алғашқы ең қатерлісі 27 секундқа созылса, сол күні 1,5 сағат болған 2 дүркін қайталау және одан кейінгі дүмпулер бірнеше секундқа ғана созылған.

14 маусымдағы зілзаладан Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай, Көкпекті аудандары көп зардап шегіп, жер асты дүмпуінің әсері Алматы, Шымкент және Ресейдің біраз қалаларында тіркелген.

Зайсан ауданының Жарсу, Бақасу, Көгедай ауылдарында аз уақыт жер жарылып, бу атқылап, ыстық су шыққан, ал кейбір жерлерде мөлдір бұлақтың суының түсі өзгеріп, құдықтар тартылып қалған.

Ауданның 18 елді мекенінде 3147 тұрғын үй, 150 малшы үйі, 23 дүкен, 16 орта, орталау, 1 музыка мектебі, 21 монша, 17 клуб, 29 шақырым су жүйесі, 22 құдық, 197 мал қорасы зардап шеккен. 18 мыңнан астам адам баспанасыз қалған, 1 бала шетінеп, 12 адам жарақат алған.

Бүкіл өлке тіршілігінің жолында құрбан болып кеткен жалғыз сәбидің есімі – Біржан.

Әлемдік толқулар

Жапонияда Рихтер өлшемі бойынша қуаты 6,6 балл құраған жер сілкінісі болды. АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулерінің гипоорталығы Жапонияның Рюкю архипелагынан оңтүстік-батысқа қарай 115 шақырымда 16,5 шақырым тереңдікте тіркелген.

Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Тайвань метеорологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, теңіз акваториясында Хуалянь ауданының жағалауында қуаты шартты өлшем бойынша 6,3 балл жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Хуалянь ауданының сейсмикалық станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 165,7 шақырымда болған. Оның ошағы 15,5 шақырым тереңдікте тіркелген. Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, арал аумағында тіркелген ең қуатты жер сілкінісінің күші 3 балл болды.

Аргентинада Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5,4 балл құраған жер сілкінісі болды. АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Аргентинаның Сальта қаласынан солтүстік-батысқа қарай 195 шақырымда 247,5 шақырым тереңдікте тіркелген. Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Индонезия жағалауларында Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5 балл жер сілкінісі болды. АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Сулавеси аралында орналасқан Индонезияның Горонтало қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырымда 140 шақырым тереңдікте тіркелген. Құрбан болғандар мен қираулар және цунами қаупі туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, Рихтер өлшемі бойынша магнитудасы 5,8 балл жер сілкінісі Тынық мұхитындағы Тонга жағалауы маңында болды. АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Тонга Корольдігінің астанасы Нукуалофа қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 535 шақырымда 513 шақырым тереңдікте тіркелген. Құрбан болғандар мен қираулар және цунами қаупі туралы ақпарат жоқ.

Экологияға тигізген зияны 

Дірілді ғимараттың ішіндегі көп адамдар сезеді, далада азын-аулақ. Ұйықтап жатқан адамдар оянуы мүмкін. Тербеліс ауыр жүк тиелген жүк автомобильінің жүрісіне ұқсас. Терезе, есік, ыдыс-аяқ дірілдейді, едендер мен қабырғалар сықырлайды. Аспалы заттар сәл тербеледі. Өте күшті жер сілкінісі.
Адамдар қорқады, ғимараттан жүгіріп шығады, көпшілігі аяқтарымен әрең тұрады. Үлкен қоңыраулар өздігінен соғылады. Тастан қаланған ғимараттардың қабырғаларында жарық пайда болады, кейбір ғимаратттар қирайды. Опырылу, кішігірім тау көшкіндері, жолдарда жарық болуы мүмкін. Жануарлар мазасызданады.
Жер сілкінісін алдын-ала болжау және ескерту мүмкін емес. Болжау 80 жағдайда анықталады және ұйғарынды сипатта болады. Бірақ, жақында болатын жер сілкінісін анықтауға болатын белгілері бар. Бұл келесі құбылыстар: бұрын белгіленбеген аудандардағы газдың иісі, жарқ еткен көрініс, өте жақын орналасқан электр желілерінің (бірақ бір-біріне тимеген) ұшқыны, үйдің ішінде көгілдір сәуленің пайда болуы. Жер сілкінісінің жақындап қалғанын адамдар жануарлардың мінез құлығының өзгеруінен білуге болады: иттердің ұлуы, жылқылардың кісінеуі, ал құстардың аспанда дөңгелектерді мазасыз  суреттейді, мысықтар жер сілкінісінің болжанатын эпиорталығы аумағынан  қашады.
Жер сілкінісін тұрақты бақылауды сейсмикалық қызметтер жүзеге асырады. Қазіргі заманғы әлемдік желіде 2000 мыңнан астам стационарлық сесмикалық станциялар есепте бар, олардың мәліметтері жүйелі түрде сейсмологиялық бюллетендер мен каталогтарда жарияланады.
Жер сілкінісін алдын ала болжайтын және оның күшін белгілейтін арнайы құрал сейсморгаф деп аталады. Жыл сайын бұл құралдар бірнеше жүз мыңнан астам жер сілкінісін белгілейді. Адамдар 10 мыңға жуық жер сілкінісін сезеді, оның ішінде шамамен 100-і қиратушы болып. Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатер:
ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ ЖӘНЕ ҚИРАУЫ. Бұл жер сілкінісінің зардаптары жер сілкінісі күшін сипаттағанда көрсетілген.
ҚАУІПТІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАР. Жер сілкінісі сиректеу, жердің отыруы, көшкіндер, топырақтағы үлкен жарықтар, тастардың құлауы, топырақтың үлкен көшкіндері, қар көшкіндері, лай ағындары (сел) болады.
ҮРЕЙ. Жер сілкінісі кезінде адамдар қорқыныштан өз өмірлеріне оғаш немесе қауіпті қимыл жасаулары мүмкін. Үрей адамдар жиналған жерде аса қауіпті; мектептер, ауруханалар, кинотеатрлар, жатақханаларда және т.б.
ЗАТТАРДЫҢ ҚҰЛАУЫ. Дүмпу кезінде құлап кететін кез келген ауыр және шыны заттар: шкафтар, сөрелер, картиналар, вазалар, айналар, люстралар, люминесцентті шамдар, жабдықтар, аспаптар, сылақ бөліктері, қабырғалардың сынықтары. Терезелерден сынған әйнек сынықтары ғимараттардың ішіне де, сыртына да құлауы жиі кездеседі

ӨРТТЕР. Кірпіштен салынған пештер өте қауіпті, дүмпу кезінде шашылып қалуы мүмкін, электр желілерінің қысқа тұйықталуы, ашық от, қосылған электр жылытқыш құралдар, плиталар, газ баллондары. Сынған, төңкерілген, қираған ыдыстардан бензин, ацетон т.б. заттардың төгілуі мүмкін.
ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ. Су құбыры, кәріз және басқа да құбыр желілері, ЛЭП тіреулері зақымдалады, байланыс бұзылады. Жолдар мен көпірлер зақымдалады
Жер сiлкiнісі кезiнде шығындардың талдауы шығындардың 50%-ы адамдардың терiс мiнез-құлықтырына байланысты болатынын куәландырады. Олар үрейленеді, түйлігіп стресстен жылдам шыға алмайды.
Еске сақтаңыз, жер сілкінісінен ең жақсы қорғану шаралары – үрейге берілмеу. Бiрiншi дүмпуден кейін ғимараттан шығып кету керек. Егер жағдай бұл мүмкiндiкті бермесе, қауiпсiз орында тасада қалу керек. Терезелерден мүмкiндiгiнше алыс тұрып, iшкi iргелi қабырғаларға жақындау керек. Витрина, шкаф, шыны қалқалардан алыс тұру қажет.
Жер сілкінісі кезiнде тiрi қалудың басты факторлары – бұл сiздiң тыныштығыңыз, әзірлігіңіз,  ұғымталдығыңыз.

Қорытынды

Біздің бүгінгі ғылыми жобаның тақырыбы – Тәбиғи апаттан сақтану. Қазіргі заманда адамдар жер астынан көптеген пайдалы қазбалар, мұнай – газ, жерасты суларын көп алу әсерінен сол жерлерде сейсмикалық белсенділік артып жер сілкінісі артуда, одан бөлек табиғи жер сілкінісі кезінде біздің құрал қауіпсіз жерге көшуге мүмкіндік береді. Жер сілкінісі бірден жойқын күшті болмай әлсіз дүмпулерден басталады, сол әлсіз дүмпу кезінде біздің құрал белгі беріп адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немес мантияның үстіңгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғатты өз мақсатына қарай пайдалана отырып адам табиғатты өзгерту ішінде ілгері қарай алып қадамдар жасады. Табиғаттағы құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Біздің ғасыр техникалық, ғылымның барынша өркендеген дәуірі болады. Мұншама техниканы қолына ұстаған қазіргі адамның табиғатты өзгерту жөніндегі әрекеті оның маңызды екінші бөлігін – табиғатты қорғау қажеттілігі мәселесін алға қойып отыр.

Қосымша материалдар

Жер сілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері

Жер сілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде қашан және күшті қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе

Сейсмикалық есептеулер бойынша орташа алғанда Жер шарында жылына 1-2 апатты (күші 10 балдан жоғары) 9-15 жойқын, 50-100 қиратушы, 300-500 өте күшті жерсілкіну болады.

Жерсілкіну өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.

Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жер сілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.

Біздің жер сілкінісін өлшейтін құралымыздың ғылыми атауы – сейсмограф. Оның жұмыс істеу принципіне келетін болсақ: ол ауыр табаннан, сезімтал ток өткізгіштен, сигнал беретін қоңыраудан, батарея және жалғағыш сымдардан тұрады.

Ауыр табаннан тұратын себебі: ауыр зат жердің сілкінісін жақсы қабылдайды. Сезімтал өткізгіш жер сілкінгенде қозғалып, құралды іске қосады, ал қоңырау адамдарға сигнал береді. Бұл қоңыраудың орнына шам жалғауғада болады. Шам құлағы нашар еститін адамдарға сигнал береді. Бұл құралдың жасалуы өте қарапайым. Сондықтан бұл құрал келешекте әрбір ғимаратта, мекемелерде, мектептерде, тіпті әр үйде болуы керек.

Ең көп тараған жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15-20 км. Ташкенте 5-10км, Спитакта 10-15км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған (Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600-700км тереңдікке жеткен). Жер сілкіну гипоцентрі теңіз Бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Жер сілкіну ұзақтығы

Жер сілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың балығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3-4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887ж Алмаыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600дүмпу болғаны тіркелген. Жер сілкіну кезінде орташа есеппен 1*1025  эрг энергия бөлінеді. Мысалы: Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы -1*1023  эрг. Чилиде – 1*1024 эрг Ташкентте -1*1020 эрг Кемин жотасында (Алматы) – 4*1024 эрг.

You May Also Like

Ғарыштық лифт, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның мақсаты Елімізде жаңа туризм саласының ашылуы Ғарыштық саланың жаңа деңгейге…

Төрт-түлікті бағу – Ата кәсіп, ғылыми жоба

«ТӨРТ ТҮЛІКТІ БАҒУ-АТА КӘСІП» (ғылыми жоба) Бағыты: Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ашу…

The effect of the Internet on student speech, ғылыми жоба

Ғылыми жоба  The effect of the Internet on student speech Бағыты: Қазақстанның…

Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы: “Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы” 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім:…