Ғылыми жоба 

Біз кірпілер туралы не білеміз?

Бағыты:дүниетану

Мазмұны

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.

1.1.Кірпінің тіршілік етуі.

1.2.Кірпіге алма не үшін қажет?

1.3.Кірпінің пайдасы бар ма?.

1.4.Кірпілер қыста немен қоректенеді?

1.5.Суда тіршілік ететін кірпіні білесің бе?.

1.6.Кірпінің достары бар ма?.

1.7. Құлақты кірпілер

ІІІ. Қорытынды..

Аннотация

Кірпі жануарының  көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады. Іздену нәтижесінде қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін  білеміз. Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді

Зерттеудің мақсаты: Жабайы аңдар, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы балаларға түсінік беру. Кірпінің тіршілігімен таныстыру, табиғи материалмен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Қызықты ақпараттарды жинақтау және сыныптастарыма жеткізу.  міндеттерім: – зерттеудің тақырыбына байланысты әдебиеттерге шолу жасау; – сыныптастарымның білімдерін білу үшін сауалнама жүргізу; адамның өмірінде кірпінің рөлі;
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеудің тақырыбына байланысты әдебиеттерге шолу жасау. Сыныптастарымның білімдерін білу үшін сауалнама жүргіземін. Адамның өмірінде кірпінің рөлі;

Гипотеза:    

Халықтық медицинаға сүйенсек кірпі өтінің көп ауруға ем көрінеді, анықтай отырып, қандай емдермен адам денсаулығы үшін маңыздылығы мен пайдасын асыруға мүмкіндік тудыру. Ол сондай –ақ өкпе ауруларына ем.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.

Кіріспе

Мен бұл жобамды қазақ халқының түрлі емдік  қасиетін зерттеуге арнадым.Табиғаттағы кейбір тіршілік иелерінің өздеріне тән «қаруы» болады. Сондай жануарлар қатарында сүп-сүйкімді кірпі де бар. Оның беті, аяқтары мен қарын тұсынан бөлек барлық жері инемен қапталған. Егер қауіп-қатер төне қалса кірпі жиырыла қалады да, тікенектерімен өзін қорғайды. Сол себептен де оған ешқандай жыртқыш жолай алмайды. Кірпі  денесі инелі түктермен қапталған, қауіп төнгенде жиырылып, домаланып қалатын өзіндік ерекшеліктері бар жануарлар. Олар орманды, далалы және шөлді зоналарға тараған. Басқа насеком жемділерден ерекшелігі — кірпілер қысқа қарай ұзақ ұйқыра кетеді. Негізі-нен насекомдармен, моллюскалармен, рептилилермен, кейде құстардың жұмыртқаларымен Және балапандарымен қоректенеді. Жалпы кірпілер пайдалы жануарлар болып есептеледі.  кірпінің басы, көздері, үшкір тұмсығы, денесі, инелері, аяқтары бар. Аяқтары қысқа болады. Бірақ өте тез жүгіреді. Ол жәндіктермен, саңырауқұлақтармен, жеміс-жидектермен қоректенеді. Кірпі қысқы ұйқыға дайындалады. Ол құрғақ жапырақтарды оңаша жерге тасиды. Сол жапырақтардың ішіне жасырынады. Көктемде кірпілер балалайды. Қысқы ұйқыдан оянады. Тікеніндегі қоқымдарын сілкіп түсіріп, қорек іздеуге кетеді. Жапырақ астынан аналық кірпі шығады. Кішкентай кірпілер інде қалады.

Негізгі бөлім

Кірпінің тіршілік етуі

Кірпілер – дүние жүзінде кең таралған жануарлар. Бүгінде олардың 17-ден астам түрі жер бетінде жайылған. Осыдан 15 миллион жыл бұрын пайда болған тікенекті жануардың жойылып кетпеуінің сыры – тіршілікке тез бейімделуінде екен. Өйткені олар жер шарының кез – келген аймағында тіршілік ете береді. Кірпілер ну ормандар мен батпақтарда, тіпті, сусыз шөлге де шыдамды келеді. Көбінесе жалғыз жүріп тіршілік еткенді ұнатады. Сыртқы кейпі кішкентай болса да, шапшаң қимылдап, тез жүгіреді. Суда жақсы жүзеді және жақсы секіреді. Олардың нағыз акробаттар десе де болады. Түнгі серуенді ұнататын кірпілер қараңғы түскен соң ғана азық іздеуге шығады. Құрт – құмырсқа теріп, құс жұмыртқасы мен жеміс – жидектерді құмарта жейді. Тіршілігін түнде бастайтын  басқа да жануарлар сияқты кірпінің де көзі нашар көреді. Әйтсе де, оның иіс сезу мүшесі мен есту қабілеті жақсы дамыған.

Кірпіге алма не үшін қажет?

Кірпінің кітаптан  немесе мультфильмнен арқасына алманы шаншып алып, тасып жүргенін талай рет көрген боларсындар. Кірпінің арқа тұсы мен бүйірі түгел инелі сауытпен қапталған. Ал оның тікенектері жиырылатын бұлшықеттердің үстінде орналасқан. Кірпі жиырылған кезде ол дөңгеленіп шыға келеді. Бірақ, жаудың бәрінен құтылу мүмкін емес. Әсіресе, тікенектердің арасында өмір сүретін кене мен бүргеден арылу қиын. Олардан құтылу үшін кірпі ащы алманы үстіне қойып, өз-өзін тазартады екен.

  • Оның  тікенектерінің ұзындығы 3 см. Денесіндегі тікенектердің саны 7000-нан 10000-ға дейін жетеді. Тікенектер әрдайым жаңарып отырады. Бір жыл  бойында оның тікенектері 3 рет түседі. Ал, түскен тікенектер орнына жаңалары өсіп шығады.
  • Кейбір кірпілердің тікенектері улы келеді. Бірақ, бұл у кірпінің денесінен таралмайды. Ол құрбақадан бөлінетін уды өз тікенектеріне жағады.

Кірпілерді тіпті улы сұр  жыланның  уы да өлтіре алмайды. Күшәнерітіндісі, сулема, көгеретін қышқыл да оның өміріне қауіп төндірмейді. Жабайы табиғатта олар 3 жыл, ал қолда ұстайтындары 10 жылға дейін өмір сүреді.

Кірпінің пайдасы бар ма?

Адамдар әрдайым кірпілерді «жақсы көрші» деп есептеп, оларды өлтірмеген. Кірпілер өздеріне тиесілі жерге иелік етіп, жалғыз тіршілік етеді. Сондықтан да өз аймағына ешкімді жолатпайды. Оның тек тікенектері ғана қауіпті емес, өткір тістері де қорқыныш тудырады. Әсіресе, жыландар кірпі бар жерге жолай алмайды екен. Ол айналаны кеміргіштерден тазалап, жыландарды қуады. Осындай ерлігі арқылы шаруа адамдарға көп пайдасын тигізеді.

Кірпілер қыста немен қоректенеді?

Кірпілер қысқа азық жинап әлек болмайды. Өйткені, олар қыста қалың ұйқыға кетеді. Жаз бойы кірпілер көбірек май жинауға тырысады. Егер  керекті мөлшерде май жинауға тырысады. Егер керекті мөлшерде май жинамаса, қыста аштыққа шыдай алмай, өліп кетуі де мүмкін. Күн қыза түскенде сыртқа шығып, бал араларының ұясымен қоректенеді. Қызығы, аралардың уы да кірпіге әсер етпейді екен. 

Суда тіршілік ететін кірпіні білесің бе?

Суда да тікенекті  жануарлар тіршілік етеді. Тұзды теңіздер мен мұхиттарда «теңіз кірпісі» өмір сүреді. Судың ең терең жерінде өмір сүретін олардың 900-дей түрі бар. Ғалымдар теңіз кірпілерін 100 жылға дейін өмір сүреді деп есептейді. Көздің жауын алатын теңіз кірпілері қызыл, ақ, күлгін, қара түстерге боялған. Тіпті, олардың өз түстерін өзгерте алатын да қабілеттері бар.

  • Теңіз кірпілерінің тікенектері улы келеді. Улы теңіз кірпілері негізінен мұхиттарда кездеседі. Улы инелері арқылы олар қауіптен қорғанады.

Кірпінің достары бар ма?

Кірпілер ит және мысықпен тез достаса алады. Олар көбінесе адамдармен қатар өмір сүргенді ұнатады. Әсіресе, сүт фермасы жанынан жиі кездестіруге болады. Кірпілер сүт сауылып біткен уақытта келіп, төгілген сүттен ұрттан кетеді екен.

Құлақты кірпіні көргенсіз бе?

Кірпілердің  баршасы дөңгеленуді әдетке айналдырмаған. Мысалы, құлақты кірпі Дұшпандарын  сезе қалса қашып құтылады екен. Өйткені ол өзгелеріне қарағанда жылдамырақ жүгіреді.

Қорытынды

Ана кірпі баласын 7 аптада өмірге әкеледі. Бір жылда 3-6 кірпішелер дүниеге келеді. Кірпі балалары туылғанда соқыр әрі тікенексіз туылады екен. Тікенектер туылған соң бірнеше сағаттан соң өсіп, ал көзі 16 күннен  кейін көре бастайды.

Қысқы ұйқы уақытында кірпілер көп азық жоғалтады. Сондықтан да олар көктемде тынымсыз азықтанады.

Кірпілердің тістерінің саны – 36. Қартая бастаса адамдар сияқты олардың да тістері түсе бастайды.

Кірпілер өздерінен түшкіру, шырыл, шаңқыл, пырылдау, пысқыру сынды түрлі дыбыстарды шығарады. Ал, бір-бірімен ысқырық арқылы сөйлеседі екен.

Кірпілерді үйде күтіп-баптауға әбден болады. Олар тыныш әрі таза жануарлар.

Жауларынан құтылу үшін тікенектерін жиырып алған кірпіні қу түлкі суға түсіріп, жейді екен.

You May Also Like

Қаламның ғажайып әлемі, ғылыми жоба слайд

Аңызға айналған Ақша батыр, ғылыми жоба

«Аңызға айналған Ақша батыр» Мазмұны: І.Кіріспе. ІІ.Зерттеу бөлімі. Батырдың өмірі мен ерлік…

Қазақ хандығының құрылуы, ғылыми жоба

Сапаны бағалау негізінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістік дамытушы ортасын жобалау

Сапаны бағалау негізінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістік дамытушы ортасын жобалау.…