Қашықтан оқу (e-learnnig)

Жоспар:

  1. Қашықтықтан оқу сипаттамасы.
    • Желілік технология
    • Кейстік технология
    • Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары
  2. Н.Ә.Назарбаевтың қашықтықтан оқу жобасы
    • Инновациялық технологиялар және қашықтықтан оқыту
      • Төменде көрсетілген адамдар Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана алады.
    • Жоба туралы
      • Мақсаттары
      • Жобаның артықшылықтары
      • Жобаны құраушы
      • Инфақұрылым
  1. Қорытынды.
  1. Қашықтықтан оқыту.

Қашықтықтан оқыту – оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология (ереже бойынша компьютерлік техника). Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады: кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.. Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған. Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.

  • Желілік технология

Желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды

  • Кейстік технология

Кейстік технология – студентке  оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары

– Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану
– Интерактивті әрекеттесу формалары
– Сапалы білім алу
– Уақытты үнемдеу
– Ыңғайлы уақытта оқу
– Территориялық шектеулер жоқ
– Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

  1. Н.Ә.Назарбаевтың қашықтықтан оқу жобасы.
    • Инновациялық технологиялар және қашықтықтан оқыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауына сәйкес инновациялық технологияны жетілдіруге үлес қосу үшін «Шет тілдер және іскерлік карьера»  университеті барлық мүмкіндіктерді қолданып жұмыс істеуде.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген жоғары оқу орындарында электронды оқыту жүйесін қолдануды, информациялық технологияларды  енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында  оқу жүйесіне электронды және қашықтықтан білім беру технологиясын енгізуді университеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 1.1.2. пунктінде жоспарланған мерзімге сай, яғни 2012-2013 оқу жылына  енгізу қыркүйек айынан басталды. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру  туралы Масимов бекіткен № 112 қаулысы 19.01.2012 қабылдануына  байланысты жеке университеттерге бұл жүйеге көшу жеңілденді, бұрынғы жылдары лицензия алу қажет болатын және соның өзінде эксперимент түрінде ғана жүргізілген болатын.                                                                                                        Қаулы шыққан күннен бастап Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге Университетіміздің ректоры т.ғ.д., профессор Сабри Хизметли мырза келісім-шарт жасасты. Қазіргі әлемде қашықтықтан оқытуды таңдайтын адамдар саны көбеюде. Қашықтықтан оқыту технологиясына өту қоғамның ақпараттық дамуына байланысты креативті тенденция болып табылады. Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады. Қашықтықтан оқыту – бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау. ҚО қазіргі заман әлемінде Интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және қарапайым почта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды. Бұл технология білімгерлермен оқытушылардың арасындағы байланысты, мың километр қашықтықта бөлетін және күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

  • Төменде көрсетілген адамдар Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана алады.
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  және жоғары білім  базасындағы  қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;
  • барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтығы мүгедектер болып  табылатын тұлғалар үшін;
  • «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан  білім алушылар;
  • жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар.
  • жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар.
  • Игеруге арналған барлық материалдар ыңғайлы электронды түрде берілген;
  • Сізге тек қана Интернет желісіне қосылған дербес компьютер қажет. Бұлар болмаған жағдайда, ШТ және ІК университетінде ҚО бөлімінің компьютерлерін пайдалана аласыз.
    • Жоба туралы
      • Мақсаттары

Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту
  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету
    • Жобаның артықшылықтары
  • Педагогтар үшін – Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.
  • Әкімшілік үшін – Нормативтік-құқықтық базаны жүргізу, есептер мен құжаттаманы әзірлеу, персоналдың кадрлық есебі, мектептің сабақ кестесін әзірлеу – осының барлығын автоматтандыруға, жақсартуға және жылдамдатуға болады.
  • Білім алушылар үшін – e-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.
  • Атааналар үшін – Өзінің баласының үлгерімі және қатысуы туралы дәйекті ақпараттарды жедел алу.
  • Басқару органдары үшін – Білім беру саласының жағдайы туралы стаутистикалық есептерді жедел алудың мүмкіндігі. Аналитикалық таңдауларды қалыптастырудың және әртүрлі аспектідегі сала дамуының динамикасын қараудың мүмкіндігі. Корпоративтік порталдың жұмыс істеуі.

 

  • Жобаның құрауыштары
  • Білім беру ұйымдарын басқаруЖүйе қызметкерлер мен білім алушылардың жеке істерінің электрондық есебін жүргізеді, оқу жоспарларын жоспарлаудың құжаттарын жасауға мүмкіндік береді, Білім беру ұйымының жұмысы туралы есептерді автоматты түрде қалыптастырады.
  • Оқытуды басқаруЖүйе бағалардың электрондық журналын жүргізуге, күнтізбелік-тақырыптарды құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімі мен қатысуы туралы ата-аналарға автоматты түрде хабардар етеді.
  • Электрондық кітапханаЦифрлық білім беру ресурстарын, нормативтік құжаттардың базасын, бақылау-өлшеу материалдарының деректерін қамтиды.
  • Тестілеу жүйесі – Оқытушыларға әр түрлі тестілік тапсырмаларды құру, тағайындау және тексеру мүмкіндігін береді.
  • Ұлттық білім беру деректер қоры Бұл білім беру ұйымдарының жабдықталуы, персоналы және құрамы туралы деректердің бірыңғай орталықтандырылған қоймасы. ҰБДҚ саланы жоспарлау және дамыту үшін қажетті ақпараттардан қамтиды.
  • ВебинарларБұл алаң әртүрлі фоматтағы іс-шараларды жүргізу үшін: әртүрлі оқыту бағдарламаларының көрсетілімдерінен бастап және сөз сөйлеулеріне дейін – Интернет арқылы нақты уақыт режимінде дәрістер, семинарлар немесе мастер-кластар.
  • Сынып бөлмесін басқару жүйесіПедагогтарға компьютерлік сыныптарды басқаруға, оқу үй-жайындағы барлық мультимедиялық құрылғыларды пайдаланумен оқушылармен қарым-қатынас жасауға және өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
  • Оқу материалдарын әзірлеуӘр түрлі бағдарламалар және құралдардың көмегімен цифрлық білім беру ресурстарын, интерактивтік көрсетілімдерді, симуляцияларды, ойындар мен сабақтарды құруға және редакциялауға болады.
  • Білім беру ұйымдарының порталыОқушылар, педагогтар және білім беру басқармасының органдарының онлайн-режимінде қарым-қатынас және ақпарат алмасу мүмкіндігін жасаумен бірыңғай желіге барлық сервистерді біріктіреді.
  • ҚР БҒМ корпоративтік порталыҚР БҒМ жұмыстарының негізгі корпоративтік процестерін автомтандыру және ішкі құжаттаманың бірыңғай қорын құру үшін арналған.
  • Әкімшілендіру жүйесіe-Learning барлық ішкі жүйелерін біріктіреді және оларды басқарады, қауіпсіздікке жауап береді, жүйедегі пайдаланушыларды тануды қамтамасыз етеді. Осы ішкі жүйелердің арқасында сонымен қатар хабарлама жіберілімдері жүргізіледі.
    • Инфақұраылым.
  • Интернет –Білім беру ресурстарына және технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әрбір білім беру ұйымдарына 4-10 Мбит/сек жылдамдықпен Интернетке кең жолақты қолжетімділік берілді.
  • Сымсыз жергілікті желі – Білім беру ұйымдарының барлық деңгейлеріне қосымша кәбелдердің қымбат тұратын аралық қабатсыз мекеменің барлық ғимаратын қамтитын қосымшалардың кең спектрін енгізуге мүмкіндік береді.
  • Оқу кабинеттеріндегі моноблоктар – Электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау және әрбір оқу кабинетінде сабақ өткізу үшін оқушылар/оқытушылар үшін моноблоктар орнатылуда.
  • Кітапханалардағы дербес компьютерлер – Цифрлық білім беру ресурстарына оқушылар және педагогтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кітапханаларда дербес компьютерлер орнатылады.
  • Компьютерлік сынып – Жобаның аясында әрбір білім беру ұйымы жаңа модификацияланған 5-15 дербес компьютерлерден тұратын қосымша компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етіледі.
  • Мобильдік сынып – Жобаның мүмкіндігін кеңейту үшін әрбір білім беру ұйымы 5-15 заманауи ноутбуктарды қосқанда қосымша мобильдік компьютерлік сыныптарды алады.
  • Мультимедиялық және перифериялық құрал-жабдықтар – Бұл цифрлық білім беру ресурстары және бейне-сабақтар тарату көрсетілімінің құралы. Жобаның барлық қатысушылары интерактивтік тақтамен және проекторлармен жабдықталған.
  • Серверлік құрал-жабдықтар – Орталық сервер кешенін және облыстық тораптар серверлерінің кешендерін, сондай-ақ жүйенің және деректерді сақтаудың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының прокси-серверін қосады.
  1. Қорытынды

Қашықтықтан оқу менің ойымша қазіргі заманда өте қолайлы. Өйткені интернет кем дегенде 20-дан 1-де болмауы мүмкін. Бірақ оның ұялы телефонынан қолдануға болатындықтан оны пайдалануға бәрінің қолы жетеді.Оның жақсы жағы:

– Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану
– Интерактивті әрекеттесу формалары
– Сапалы білім алу
– Уақытты үнемдеу
– Ыңғайлы уақытта оқу
– Территориялық шектеулер жоқ
– Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

Мұғалімдерге де ыңғайлы. Оларға бағаны қою күнделік, журналға қоюдың керегі емес. Барлығы интернетте жазылып тұрады. Және де ата-аналары баласының үлгерімдігін, тәртібің қиыншылықсыз қадағалай отыра алады.

Студентерге пайдасы – ол келесі сабақтарына алдын ала дайын болуы. Бағаларын біліп отыруы. Және де уақытты үнемдеп отырады.

Бұл системаны жоғарғы оқу орындарына ғана емес, және орта білім алу жерлеріне де қою керек. Себебі, ол өте тиімді және де жоғарғы оқуға түскенде оларға қиыншылық болмауына.

You May Also Like

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ұлтжандылық қасиет, ғылыми жоба

Жоба Жоба тақырыбы: Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ұлтжандылық қасиет Мақсаты: Бауыржан Момышұлының…

Таңғажайып «жеті», ғылыми жоба

Таңғажайып «жеті» (математика, информатика) Кіріспе Сандардың пайда болуы “Жеті” санына байланысты логикалық…

Сарысудың дайындалу әдісі, ғылыми жоба

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:»САРЫСУДЫҢ  ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ»» Тақырыптың өзектілігі: Сарысудың жасалу  әдісін және адам…

Анализ собственных наименований продовольственных товаров, научная работа

Тема:    «Анализ наименований продовольственных товаров на примере  магазина «Роза» Рецензия На конкурсную…