1. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, программалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары.
  2. Интерфейсті жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
  3. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары.
  4. Пайдаланушы интерфейсінің құрылымы.Пайдаланушылар санаттары.

5.Пайдаланушылық интерфейстердің классификациясы.

  1. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, программалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары.

Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстары. Интерфейстердің  анықтамасы.  Интерфейстер өзектілігі.

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады.

Қарастырылатын негізгі мәселе – пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.

Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары  кешенді  түрде қарастырылуы тиіс.

Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:

–  пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

– клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;

– – сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface)  пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады (1-сурет).

Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуі. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамассыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.

Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамассыз ететін қосымшаларға да қатысты.  Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін  Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді. Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар.

  1. Интерфейсті жобалаудың мақсаты мен міндеттері.

Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу процестерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен квалификациясы әр түрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен     жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуализациялауды талап етеді. Интеллектуализациялауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

“Адам-компьютер”  интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет:

  • ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру;

–    сұхбаттың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас процедураларын қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру.

ЭЕМ-да шығарылатын кең ауқымды есептер, интерфейсті құру проблемасы компьютерлік жүйенің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас, оқушы мен оқыту жүйесі арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екендігі  түсінікті.

Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі – пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез-келген адаммашиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен программалық қамтама талаптарын біркелкі ету.

Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды програмалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым қатынастың салттық түрінен басқа тілдік сұхбат пен қарапайым тілдегі сұхбаттар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі – қолданбалы программаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау процесстерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология  негізгі орын алады.

Инженерлік  психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас процесстерінің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды “адам-машина” жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады.

Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:

  • АМЖ-де адамның қызметін және орнын сараптау;
  • Оператордың қызмет құрылымын және классификациясын зерттеу;

–   Басқарушы әсерлерді іске асыруда және шешімдер қабылдау кезінде ақпаратты өңдеу процесстерін зерттеу;

  • Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру принциптерін құру;
  • АМЖ тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу;
  • Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын оптимизациялау;
  • Операторларды кәсіби дайындаудың әдістері мен принциптерін құру;

–     Инженерлік-психологиялық жобалау  теориясын  құру және оны  АМЖ  құру барысында пайдалану.

Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы ролі мен орнын қарастырайық. Оператордың ролі әр түрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын процесстің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкіжүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару процесіне араласа алады.   Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау процедурасы ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасы 2-суретте көрсетілген.

  1. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары.

Интерфейстің келісімділігі. “Кері байланыс” принципі. Интерфейс қарапайымдылығы. Интерфейстің  қасиеті. Интерфейсті құру ережелері.

Сапалы интерфейсті құру “пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық” принципін және соған сәйкес бүкіл программалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design(UCD) – “жасалған зат пайдаланушыға арналған” термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, программалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.

Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада – пайдаланушы программалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.

Интерфейс қарапайымдылығы.

Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамассыз етеді.

Интерфейстің келісімділігі.

Келісімділік интерфейсі  пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі де бар. Жасалынып отырған программалық қамтамада  келісімділік  қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет.

Қосымшаның шеңберіндегі келісімділік.

Бір команда  бір қызметті қай жерде кездескеніне қарамастан бірдей орындауы керек. Мысалы, егер бір сұхбат терезесінде “Көшіру” командасы сәйкес қызметті дереу орындауды білдірсе, онда басқа терезеде пайдаланушыдан көшіретін ақпараттың орны туралы қосымша көрсетуді талап етпеуі тиіс.

Жұмыс ортасы шеңберіндегі келісімділік.

Операциялық жүйемен (мысалы, OC  Windows) берілген  интерфейспен келісімділікті қолдай отырып, сіздің қосымшаңыз пайдаланушының басқада қосымшалармен жұмыс істегенде алған білімі мен дағдыларына сүйене алады.

Интерфейстің жақындылығы («кешірім» принципі).

Әдетте пайдаланушылар жаңа программалық қамтамамен жұмысты көптеген қателер жіберу арқылы түсінеді. Жұмыстың әр сатысында программа пайдаланушыға қай қимыл жүйеге зиян келтіретінін айтып отырса жақсы болар еді, немесе  қатені түзету мүмкіндігі болса тіпті жақсы. Жақсы ойластырылған интерфейс дегеннің өзінде пайдаланушылар қате жіберулері мүмкін. Бұл қателердің “физикалық” (дұрыс емес команда немесе мәліметтерді кездейсоқ таңдау) және  “логикалық” түрлері (команда немесе мәліметтерді таңдау туралы дұрыс емес шешім қабылдау) болады. Тиімді интерфейс қатемен аяқталатын оқиғаны болдырмауы қажет. Ол сонымен қатар пайдаланушының мүмкін қателеріне икемделуі және қателерді жою процесін жеңілдетуі қажет

“Кері байланыс” принципі

Пайдаланушының кері байланыстық қатынасының мағынасы – пайдаланушы әрбір қадамы туралы визуалды, кейде дыбыстық расталуы қажет, яғни программалық қамтамаға берілген команда қабылданғаны расталуы керек. Сонымен қатар орындалған қадам табиғатын ескеруі қажет. Кері байланыс пайдаланушы мен жүйенің соңғы өзара әрекеттесуі кезінде және уақтылы орындалғанда ғана тиімді болып саналады. Компьютер түскен есепті орындап жатқанда, пайдаланушыға орындалу процесінің жағдайын, керек жағдайда процесті тоқтатуға мүмкіндік беру пайдалы.

Интерфейстің қарапайымдылығы.

Интерфейс қарапайым болуы қажет. Қолдану және үйренуге қолайлы, жеңіл болуы көзделеді. Берілген қосымшаның функционалды мүмкіндіктеріне қатынасуға мүмкіндік берілуі керек. Кең функционалды мүмкіндікке рұқсат алу мен жұмыс істеуді қарапайымдандыру бір-біріне қарама-қарсы. Осы мақсаттарды орындау үшін тиімді интерфейсті жасау қажет. Қарапайымдылықты сақтаудың бір түрі – пайдаланушыға келесі қадамды орындауы үшін минималды мәлімет беру. Жекелей айтқанда, көпсөзді командалық атаулар мен хабарламаларды айналып өту. Ойланылмаған немесе шектен тыс сөздер пайдаланушының керекті мәліметті алу мүмкіндігін қиындатады. Қарапайым, бірақ тиімді интерфейсті құрудың басқа бір жолы – элементтерді мағыналы мәні және логикалық өзара байланысымен экранда орналастыру. Бұл пайдаланушының жұмыс істеу барысында ассоциативті ойлануына мүмкіндік береді. Тізбектелген ашылу (сұхбаттық терезе, меню және т.б) арқылы пайдаланушыға көмектесуге болады. Тізбектелген ашылу ақпараттың келесі қадамды орындауы үшін керекті ғана бөлігін әр мезетте экранда көрсетеді. Пайдаланушыға арналған ақпараттың көлемі азайған сайын, өңделетін ақпарат көлемі де азаяды. Осындай ұйымдастырудың мысалы ретінде иерархиялық менюді атауға болады. Оның әр деңгейі пайдаланушымен таңдалған жоғары деңгейдегі бір бөлігіне сай.

Интерфейстің иілгіштігі

Интерфейстің иілгіштігі – бұл пайдаланушының дайындық деңгейі мен өнімділік еңбегін ескеру қасиеті. Иілгіштік қасиет – енгізілген мәліметтердің немесе сұхбаттың құрылымын өзгертуді болжайды. Иілгіш интерфейс тұжырымдамасы қазіргі кездегі адам мен компьютер арасындағы негізгі зерттеу аумағы болып саналады. Негізгі мәселе – сұхбатты өзгертуді ұйымдастыруда емес, ал оған өзгерту енгізуде қандай белгілерді қолдануында. Бейімделудің үш түрі белгілі: нақты, толық және косметикалық.

Нақты бейімделу кезінде пайдаланушы сұхбаттық қолдау деңгейін таңдайды. Мұндай бейімделудің қарапайым нүсқасы екі деңгей ережесін қолдануға негізделген. Оған сәйкес жүйе сұхбаттың екі түрін қамтамассыз етеді:

  • толығымен, егжей-тегжейлі (бастауыш пайдаланушылар үшін);
  • қысқаша (дайындалған пайдаланушылар үшін);

Екі деңгей ережесі N-деңгейлі сұхбат ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін.

Бірақ оның бірнеше кемшілігі бар:

  • дағдының біртіндеп жиналатыны туралы факт ескерілмейді;
  • пайдаланушы жүйенің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін;
  • пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің объективтілігін төмендетеді.

Толық бейімделу кезінде сұхбаттық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты құрастырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралған көмек түрі.

Косметикалық бейімделу пайдаланушының жүрісін ескермей сұхбаттың иілгіштігін қамтамассыз етуі, бірақ сұхбаттың нақты стилін таңдамауы керек.

Мұндай бейімделуге келесі әдістерді қолдану арқылы жетуге болады:

  • алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану;
  • қысқартуларды қолдану;
  • жауаптарды озық енгізу;
  • көпдеңгейлік көмек;
  • көптілділік.

Алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану. Оның мәні – пайдаланушы өзгертпегенше жүйе қандай да бір параметрдің бастапқы мәнін қолданады. Бұл жағдайда жүйе бейімделуінің екі аспектісі орындалады:

Біріншіден бастаушы пайдаланушы жүйенің үндеместік түрде көптеген параметрлерін қолдануға мүмкіндігі бар. Екіншіден жүйе көп қолданылатын немесе соңғы берілген мәндерді есте сақтай алады.

Бастаушы пайдаланушылар жеңілдігі үшін үндеместік түрде қолданылатын мәндер экранға жүйенің сәйкесінше сұрағымен экранға шығарылуы мүмкін. Мысалы: “құжатты тіркеу күні?[ағымдағы]”. Үндеместік түрде мән қабылдаудың ең тараған түрі – нөлдік енгізу, яғни жүйе сұрағына жауап ретінде “Енгізу” батырмасын басу. Егер командалық тіл қолданылса, онда пайдаланушы үндеместік түрде қолданылатын параметрді өткізіп жібереді.

Қысқартуды қолдану команданың толық атының орнына оның кез-келген мүмкін қысқартуларын, белгіленуін қарастырады. Жауаптарды озық енгізу идеясының негізі, пайдаланушы сұхбаттың кезекті жүрісінде бір ғана жауап емес, тізбектелген жауапты енгізуге мүмкіндігі бар.

Көпдеңгейлі көмек әдіс идеясында экранға басында бастапқы деңгей туралы ақпарат шығады, сонан соң пайдаланушы кілттік сөздің көмегімен төмен деңгейге өту арқылы алынған ақпаратты нақтылай алады. Осындай приципте гипертекстік жүйеге оқытатын қазіргі Help-жүйелердің көбі жұмыс істейді.

Көптілділік интерфейстің мағынасы мынада, пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы – пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс-ақпараттар, көмек-ақпараттар, қателер туралы  ақпарат). Ол  программалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады.

Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, визуалды компоненттерді жобалау программалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын объектілерді мүлтіксіз визуалды түрде көрсету, әртүрлі объектілердің өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір экранға шыққан визуалды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, тиімді пайдаланушы интерфейсін құруға мүмкіндік беретін төмендегідей негізгі ережелерді қалыптастыруға болады:

  • пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталғаны жөн;
  • интерфейсті іске асыратын аппаратты-программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін ескеру қажет;
  • құрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру қажет;
  • интерфейсті құрастыру процессі итерациялық түрде болуы қажет. Оның негізгі элементі болып алынған нәтиженің мүмкін пайдаланушымен келісуі болып табылады;
  • интерфейсті іске асыру әдістері мен құрылғылары, оның пайдаланушының қажеттілігі мен сипаттамаларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
  1. Пайдаланушы интерфейсінің құрылымы.Пайдаланушылар санаттары.

Интерактивті жүйелерді пайдаланушылар классификациясы. Оператордың қызмет түрлері. Адам-оператордың қызмет кезеңдері. Адам-оператордың әрекет түрлері. Оператордың қолданатын моделдер түрлері.

Осы сұраққа арналған оқулықтарда интерактивті жүйелерді пайдаланушылардың классификацияларының бірнеше нұсқалары келтірілген. Бірақ берілген әдістерде ерекшеліктер бар болғанмен, олардың классификация принциптері бірдей болады.

Пайдаланушының интерактивтік жүйеге қатынасы негізінде, онымен жұмыс істеу тәсілдеріне әсер ететін факторлар жатыр.

– адам қажеттілігі, яғни сұхбат жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;

– пайдаланушының қабілетілігі, оның шапшандылығымен (ең біріншіден пернетақта мен тышқанды қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;

– өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі.

– компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе программалаушы немесе программалаушы емес пайдаланушылар , соңғыларын  үш санатқа бөлуге болады:

– дайындалған пайдаланушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни, жұмыс іскерлігі толықтырылғандар)

  • дайындалған пайдаланушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған)
  • жай пайдаланушылар, компьютерлік білімі аз.

Пайдаланушының қолданбалы облысқа дайындығы оның тілді (мамандалған терминология) қолдануына және есеп шығару  тәсілдеріне әсер етеді.

Жүйені қолданудың себебі келесілер болуы мүмкін:

– міндетті – жұмыстың керекті бөлігі;

– міндетті  емес – кәсіби қызметтің қосымша құрамдасы ретінде;

– міндетті – жеке қажеттілік тұрғыдан (мысалы, белгілі ақпаратты тек компьютер арқылы ғана алуға болатын жағдайда)

– міндетті  емес – жеке бас өмірінде (мысалы: ойын сауық ретінде)

Жүйеге деген қатынасын және жұмысқа талабын, оның компьютерлік білім деңгейімен және оны қолдану себебімен анықталады; ол келесідей болуы мүмкін:

– нейтралды – пайдаланушы компьютерді тек жұмыс құралы ретінде қарағанда;

– жағымды, пайдаланушы компьютерді ынтамен , яғни одан көбірек пайда алу мақсатында (немесе рахат алуда);

– жағымсыз, пайдаланушы компьютермен қолдануды шектеу ретінде қарастырса (техникаға деген сенімсіздікпен қарағанда). 

Пайдаланушының  мақсаты келесідей болуы мүмкін:

–  компьютердің көмегімен есеп шығару (оның ішінде ойын сауық сипатында да болуы мүмкін );

– жүйемен жұмыс істеуді үйренуде;

Жүйенің сипаттамасына байланыссыз уақыт шектеулері (оның ішінде оның жылдамдығы) болады. Бұл жағдайда пайдаланушы уақыт тығыздығына бейімделенуіне себеп болады, бұл әсіресе есеп шығаруда және контекстік жұмыстарда кездеседі.

5.Пайдаланушылық интерфейстердің классификациясы.

Графикалық және графикалы емес пайдаланушылық интерфейстердің ерекшеліктері.
Программалық құрылғылар индустриясында қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің бірқатар классификациясы бар.

Қазіргі уақытта қолданылатын жалпы классификацияны қарастырайық . Жалпы жағдайда пайдаланушылық интерфейстерді екі үлкен топқа бөлуге болады:
– WIMP-интерфейсі, оның компоненттер: window-терезе, icon-пиктограмма, menu-мәзір, pointer-көрсеткіш болып табылады.
– SILK-интерфейсі, speech-сөз, icon-пиктограмма, language-тіл, knowledge-білім.
Қазіргі уақытта WIMP-интерфейс тобы кеңінен таралған. Арнайы облыстарда  қолданылатын SILK-интерфейстер тобы сирек қолданылады.Төменде программалық өнімдерді жобалаушыларда кеңінен таралған WIMP-интерфейс туралы толығырақ қарастырамыз.
Қазіргі кезде қолданылатын пайдаланушылық  интерфейстердің классификациясын қарастырайық, олар төрт топқа бөлінеді: :
–  графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase – GUI);

–  пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);

–  қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);

–  графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line   Interfase CLI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол манипуляция жасау мүмкіндігі, тышқан немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, объектілермен, объектілер туралы ақпаратпен өзара қатынасы  үшін қолданылады немесе объектілерге қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және объектілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді.Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше объектілермен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, объектіні көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері объектіні, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды манипуляциялайды. Пиктограммада орындалатын, объектіні сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол объект туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.

GUI– интерфейсінде қолданылатын, формальді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Объектілердің атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.

Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы –объектілермен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі- мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан – Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен  қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.

Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте тышқанның немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық – сілтеуіш құрылғылардан тұрады.

Координаттық – сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш – ол графикалық символ.  Координаттық – сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын визуальды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу  және І- бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей манипуляциялау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті – тікелей манипуляциялауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен объектілермен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. . Мысалы , тышқанның  көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып , тышқанның  батырмасын басып ұстап, тышқанды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей манипуляциялауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы , көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі – құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей манипуляция арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру) ,Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.

Басқада  қасиеттер. GUI – интерфейске тән  басқада жұмыс әдісіне – айырбастау буфері , пернелердің қиыстырулары , мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар тышқан – пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI- интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған программалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.

Пайдаланушылық – интерфейс (WUI).

Негіздік WUI – стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады. Гиперсілтемелердің құрылымына байланысты WUI интерфейсі шеңберінде, навигация қосымшасы, Web–парақтарды қосымша иерархиясында бір терезенің ішінде бір рет көрсетеді. тәуелділіктер құрылымдар гиперссылок қосымша навигация шектерде – ертіп әкеледі елестетуге иерархиялар қосымшалар біреудің үшін бір ішінде бірдің терезелер . WUI – стилі қолданатын қосымшаның негізгі ерекшеліктері төменде келтірілген:

– хабар әдетте, бір терезеде беріледі. Ол броузер деп аталынады, бірақ мәліметтерді қосымшада көрсету үшін бірнеше броузер терезесін қолдануға болады;

– браузер Web – қосымшаны мәзірмен қамтамасыз етеді ;

– әрекеттердің таңдауы шектелген, себебі функцияға қатынасты қамтамасыз ететін мәзірдің, қосымшамен өзара қатынасы күрделі;

– Web–парақ арнайы, кездейсоқ шығып қалатын мәзірді ашу үшін, клиенттік облысқа ішкі бақылау жүргізе алады.

– арнайы мәзірді жасау, қосымша программалау жұмыстарын талап етеді ;

– клиенттік облыстың дәстүрлі пиктограммалары жоқ ;

– көптегендер қосымшалар графикті және анимацияны эстетикалық немесе навигациялық мақсаттарда қолданады.

– браузер және оның қосымшалары WEB-парақтардағы графиктердің өшу мүмкіндіктерін қана­ғат­тандырады, сондықтан бізге тек мәтіні көрінеді.

– көрсеткіштің сүйеуі негізінен тышқан батырмасын шерту арқылы немесе навигациялық сілтеулерді таңдау арқылы іске асыры­ла­ды. “Drag and drop” технологиясы, белгілі ортадағы арнайы программалаудан басқа жерлерде, қолданылмайды. 2 батырмасының және тышқанның істейтін функциялары шектеулі.

     Қалталық құрылғылардың пайдаланушылық интерфейсі (HUI).

Қазіргі кезде компьютерлердің екі PDA (Personal Digital Assistant-жеке цифрлық ассистент – кейбір арнайы функцияларды орындауға арналған қалталық компьютер) класы белгілі – біріншісінде кәдімгі GUI-стиль, екіншісінде GUI-ин­тер­фейсінің ішкі жиыны қолданылады. Пайдаланушының мәліметтерін енгізу үшін қалам және сенсорлық экраннан тұратын жестикуляциялық стиль қолданылады.

Әдетте, мұндай құрылғылардың экрандары өте кішкентій болады. PDA дисплейінің әрбір ауданы үстелдік және ықшам жүйелер үшін қолданылатын GUI-қосымшаларының терезелерінен кіші. PDA үшін негізінен столдық немесе ықшам компьютерлерге арналған GUI-бағытталған программалар қолданылады.

HUI-интерфейсі GUI-интерфейсінің кейбір мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, атап айтсақ пиктограмма, мәзір және көрсеткіштің қалпы. HUI-интерфейсі үшін жалпы стильді SIMP-стиль деп атауға болады (Screen – экран, Icon – пиктограмма, Menu – мәзір және Pointer – көрсеткіш). Осы арқылы GUI-интерфейсінің көптеген қасиеттері қамтамасыз етіледі, олардың кейбірі төменде көрсетілген.

  1. Пиктограммалар көптеген PDA-ларда қолданылады. Олардың мүмкіндікте­рі көрсету құрылғысының түріне сәйкес өзгереді. Пик­то­граммалар GUI-интерфейсіндегі секілді объектілерді, атрибуттарды және әрекеттерді ұсыну үшін қолданылады.

б) Мәзір қатарлары және де мәзірдің өзі талап ету арқылы көрінеді, және осындай компоненттерге сай қасиеттерге ие болады.

в) Қалам бір шерту секілді көрсеткіш ретінде жұмыс істейді. Сұхбаттар шақы­ры­лып жатқан объекттерді жауып тұратын терезелерде көрсетіледі. Мұндай терезелер GUI-терезелердің стандартты безендірулерін қабылдай алмайды. Олардың орнын ауыстыруға немесе өлшемдерін өзгертуге болмайды.

Кейбір PDA-ларға пернетақтаны қосуға болады, бірақ пайдаланушы қалам мен көрсеткіштердің бірге жұмыс істеуін үйрінуі қажет. Кейбір командаларды  GUI-интерфейсінің командаларды тез таңдау пернелеріне эквивалентті «жестикуляциялық» пернелер комбинациялары арқылы орындауға болады.

HUI-бағытталған қосымшалардың негізгі мәселелері төменде келтірілген.

  1. Пайдаланушының мәлімет енгізулеріндегі талап етуді оңайлату.
  2. Дисплейдің шектелген ауданын қолдану.

Командалық қатардың графикалық емес пайдаланушылық интерфейс(Command Line Interface – CLI).

Бұл интерфейс қосымшалармен жиі жұмыс істейтін дайындалған пайдаланушыларға арналған. Пайдаланушы қатаң белгіленген ішкі құрылымы бар командалар арқылы қосымшалармен жұмыс істейді. Командалар коды осы командалар арқылы орындалатын қосымшалардың функциясын теңестіреді. Командалар коды функцияның аталуын көрсетеді және түсінікті тілдегі сөздер ар­қы­лы немесе қысқартылған түрде жазылады. Командалар пайдаланушыға жүйенің сауалдарына жауап беріп отырудың орнына, лезде керекті функцияны өзгешеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

You May Also Like

Абсолютты сілтеменің көмегімен жалақы есептеу

Задание 4.2.    Мекеме қызметкерлерінің жалақысын есептеу кестесін құру. Тұрақтыларды абсолютты сілтеме түрінде…

Турбинадағы будың ұлғаю процессі және регенеративті қыздырғыштарды үлестіру, курстық жоба

5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығының білім алушыларына арналған  «» пәні бойынша КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУҒА…

Желілік жабдықтар

Желілік жабдықтар Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы.…

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері   Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.…