Туып – өскен ауылым «Борсеңгірдің» тарихы

Туған жердің тарихын білу мақсатында әжемнен көмек сұрадым. Білгенімді, естігенімді жазып қоюға асықтым.

«Борсенгір» ауылының тұрған жері, бұрындары «Бес қауға» деп  аталған екен. Бұл жер өткен ХХ-ғасырдың бас кезінде Балталы руыннан  шыққан Мәмбет байдың жері екен. Көне  көздердің айтуынша, жылқысы көп байдың малын  суарарда  бес жігіт қатар тұрып, қауға тартқанда, суы бір сарқылмайтын құдықтың атауы екен. Ол құдықтың орны қазірде бар. Ауылдың шығыс жағында 300 метірдей ғана жерде. Бірақ неге екенін білмеймін, бұл құдықты бітеп тастапты.

Ал «Борсеңгір» аталуына себеп, ауылдың солтүстік  бетінде, 6-7 километрдей жерде, «Молалы Борсеңгір» деген қырат бар. Мүмкін сол атау ауылдың тұрған жеріне берілуі керек. Тағы бір себебі ауылдың оңтүстігінде, 10 километірдей жерде, бор алатын төбе бар. 1962 жылы кеңшардың орталығы салынып, ел шоғырлана бастағанда, сол ақ топырақты құрылыс жұмыстарына пайдалана бастапты. Мүмкін сол себептенде «Борсеңгір» аталған шығар.

Мен білетін «Борсеңгірдің» тарихы осындай. Кеңес өкіметі тұсында XXII партсъезд атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар тараған соң  да, «Борсеңгір» ауылы атын сақтап қалған. Бір кездері 570- ке дейін бала оқыған типтік мектебі бар. Қазір 75 бала ғана оқиды. Мектеп: осы мектептің салынуына себепші болған, 14 жыл мектеп директоры болып қызмет атқарған Мінәжат Мыңқаевтың атында. Мен осы мектепте оқитыныма, ос ыауылда тұратыныма қуанамын, мақтанамын. Мен ауылымды сүйемін!

Туған жерімнің тарихы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Арқан балық қосылған сәбіз сорпасы

Қажетті өнімдер: Өнімдер4-6порцияға арналған. – 500 г сәбіз; – 1 ас қасын,…

Тігін өнеркәсібін дамыту

Мен, Саттарова Шахиста Ихтияровна қазіргі таңда жеке кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмын. Себебі…

Қант диабетіне арналған қайнатпалар

ҚАНТ ДИАБЕТІНЕ Жүйесіз және құнарсыз тамақтану, қатты күйзеліс, вирусты аурулар, асқазан-ішек жолдары…

Клетканың химиялық құрамы

Барлық ағзалардың клеткаларының химиялық құрамдарынның ұқсастығы олардың шығу тектерінің бір екендігін дәлелдейді.…