Мен, Саттарова Шахиста Ихтияровна қазіргі таңда жеке кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмын. Себебі жеке кәсіп орын ашу арқылы еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың  5 қазан күні Қазақстан халқына

Жолдауын жариялады. Елбасының бұл жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне айналды. Жолдауда айтқандай халықтың әл-ауқатын арттыру, жас кәсіпкерлерді қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Және де елімізде жас кәсіпкерлерді қолдайтын біраз компаниялар жұмыс атқарады. Осыған байланысты мен де жеке кәсіпорнымды ашамын деп шештім. Біз білетіндей нарықта мыңдаған бизнес түрі бар.

Менің жоспарым Тігін ателье сін ашу. Мен тігін ательесін ашуды 2023 жылға жоспарлап отырмын. Өйткені, қазіргі таңда мен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының Арнайы тігінші біліктілігі бойынша оқып үйреніп жатырмын.

Жоспары:

-Мақсаты

-Өнеркәсіп сипаттамасы

-Өнім сипаттамасы

-Нарықты зерттеу және маркетиңтік стратегия

-Қаржылық жоспар

Жобаның мақсаты-күнделікті киетін киімдердің Қазақстандық маркасын шығару және қалыптастыру.Сол арқылы бастапқыда Қарабұлақ ауылындағы орта табысты халықтың сұранысын қанағаттандыру және киім өндірісін дамыту.Киімдерді жөндеу сонымен қатар екі бағытта стандартпен және жеке тапсырыспен киім үлгілерін тігу.Қарабұлақ елді мекенінде орналасқан Д.Қонаев атындағы аграрлық -техникалық кәсіптік колледжімен келісім шартқа тұрып,  әр сала бойынша оқып жатқан студенттерге арналған мамандыққа сай арнайы киімдерін тігіп жеткізу.

Ателье сипаттамасы:

Ателье әйелдерге,ерлерге және балаларға арналған күнделікті киетін, кеңселік және арнайы киімдер тігіп шығарады.

Ұйым ЖШС формасында құрылады.

Алғашқы 1 жылда компания Қарабұлақ ауылы нарығына және келесі жылдары бүкіл Қазақстан нарығына бағытталады. Шикізаттың көп бөлігі Қазақстаннан және Түркия, Өзбекстаннан алынады.

Артықшылықтары:

Қазіргі уақытта көптеген адамдар сәнді әрі талғаммен киінгісі келетіні мәлім.

Кейбіреулері сауда орталығынан киінгісі келмейді, себебі оларда барлығына ұқсағым келмейді деген ой болады.Сол себепті олар өз ойындағы киімді кию үшін тігінші көмегіне жүгінеді.

Шығарылатын өнім сипаттамасы:

Өнімдер әйелдерге, ерлерге және балаларға арналған барлық өлшемдегі киімдерді ұсынады.

Киімдер ассортименті: сырт киімдер,көйлектер, арнайы киімдер, жейделер, шалбарлар, футболкалар, белдемшелер, шолақ шалбарлар және тоқыма жейделер. Отандық өнімге әрқашан сұраныс жоғары. Өйткені, арзан, сапалы және сенімді.

Атқарылуға тиіс іс- шаралар;

Жоспардағы жұмыс орныны:

Жұмыс орнын Сайрам ауданы, Арыс ауылы, Ш. Артиков 21 елді мекеніне жоспарлап отырмын.

Кеңсе орны 25×35 шаршы метрді құрайды. 2 қабатты 1ші қабатында маталар пішіледі және дайын өнімдерді сатылымға дайындалады. 2 ші қабатында тігіледі.

Қажет болатын заттар;

Жаңа технологиялық үлгідегі электр машиналары; Bernina B 570, Jack-A2-CQ. Жоғары сапалы бу үтігі; Redmond RI- C 256; Tefal FV 5655.

-Портновский манекен; Royal Dress forms Christina ; Adjustoform my double M crimson.

Бұлтты тігістерге арналған оверлок; Merrylock 3000 cl.

Белдемшелер мен шалбарларды тегістеуге арналған машина.

Жіптер —IDEAL

Сапалы материалдар

Инелер, қайшылар, өлшеу таспалары және тағы басқалар.

Мүмкіншіліктері;

Сапалы өнім арқылы және сыртқы пішінінің әдемілігімен тұтынушыларды тарту.

Бәсекелестіктің аздығы

Жаңалықтар ойлап табу.

Жұмысшылар 2 топқа бөлініп жұмыс атқарады.

Олардың 12 тігінші, 4 дайын өнімдерді сатылымға дайындаушы, 4 киім пішуші және 3 дизайнер — технолог 2 механик.

Әкімшілік қызметкерлерден 1 бухгалтер және 1 менеджер болады.

Қаржылық жоспар:

Тігін машиналары; 2.400000

Портновский манекен; 210.000

Үтіктеу тақтасы;124.000

Бұлтты тігістерге арналған оверлок; 440.000

Жоғары сапалы бу үтігі; 208.000

Жалпы қаржылық 3069000 сомма құрайды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қылмыстық құқық, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар

. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар   Қылмыстың құқықтың түсінігі, пәні, саласы. Қылмыстық…

Қара металдың минералды-шикізат ресурстары, дәріс

12 Дәріс. Қара металдың минералды-шикізат ресурстары. 12.1 Қара металл кендерінің минералды-шикізат қоры…

Ешкі майының пайдасы

Жануарлардың майы қатты болады. Олар сары май, тері астындағы қатты май, ши…

Отбасы құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары

Отбасы құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1.     Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен …