КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Шаңғы спорты және оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Жарыстарды ұйымдастыру, өткізу

ЖОСПАР 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3

І БӨЛІМ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…………………………………………………………………………………….4

1.1. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу…………………………………………………………..4

1.2. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары…………………………………………6

1.3. Спорттық жаттығулардың қағидалары………………………………………………….8

1.4. Спорт жаттықтыруларының әдістері……………………………………………………10

ІІ БӨЛІМ. ЖАРЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАУДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРУ ҮРДІСІ……………………………………………………………..13

2.1. Функционалды дайындық……………………………………………………………………13

2.2. Техникалық және тактикалық дайындық……………………………………………..14

2.3. Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау……………………………………………17

2.4. Спорттық жаттықтыру кезеңдері…………………………………………………………19

2.5. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау…………………………………………………………..21

2.6. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері………………………………..24

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….27

КІРІСПЕ 

Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай – ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс – тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:

а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;

б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;

в) психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.

Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

І БӨЛІМ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу

Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын, оның оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі, спорттық бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді.

1.Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып, тарта білу.

2.Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру.

  1. Жарысқа қатысу.

Оқушылар спортқа жан-тәнімен берлуі қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықылысымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.

Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу-тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, бірігіп жұмыс істеуі қажет.

Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, баланың өз басының ерекшеліктеріне,қабілеттілігіне көңіл аударған жөн. Қабілеттілік-баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл, әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.

Спорттағы дарындылық дегеніміз-бала қабілеттілігінің, оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы. Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп, сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады.

1.Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері,стендтері,көрмелер,радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу,спорт жарыстарын көру т.б.

  1. Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді.

3.Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау.

  1. Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау.

Оқушының дарындылығын, спорттық көрсеткіштерін ескеріп нақтылы спорт түріне спорттық іріктеу дейміз. Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі,дене қуаты дайындығын сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиеттернің даму деңгейі т.с.с.

Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады. Спорттағы іріктеу бірінші және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу-келешек спортшымен танысу,оны жан-жақты зерттеу. Ол мынандай әр түрлі іріктеу түрлерінен тұрады.

  1. Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау.
  2. Дене құрылысы ерешеліктерін көру,бағалау.
  3. Психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі)
  4. Ата-аналарымен танысу.

Екінші іріктеу кезеніңде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері).

Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдарының да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с.

Жоғары спорттық көрсеткіштерге жету үшін суға жүзу спорт түрлеріндегі баланың алақаны мен табанының жалпақтығының өзінің бірталай әсері бар екен.

Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін, келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың да көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан биік болса, ол 18-19 жасқа дейін солай мүмкіндігі әлдеқайда көп.

Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға,өзіне сенімділікке, мықты,күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар, ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап, сол спорт түріне жазылуға ақыл кеңестерін бергені жөн. Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген, әр түрлі амалдар қолданады:

  1. Жарыс. Бұл амал ресми және әртүрлі бәсеке түрінде өткізіледі.
  2. Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
  3. Бақылау сынақтары.Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.
  4. Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.

1.2. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары

Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілгі мен дағдысын қалыптастыруда,арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі.

Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін,спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.

«Жаттыққандық» – дегеніміз – жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.

«Дайындалғандық» – спортшының дене қуаты қасиеттерінің техникалық шеберлігінің,тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі.

«Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез – келгеніне жеке арналуы мүмкін.

«Спорттық қалып,спорттық бап» – спортшының белгілі бір циклде спорттық жоғарғы нәтижелер көрсетуге дайын күйі.

Спорттық жаттықтыру амалдары.

Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады. Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:

  1. Жарыс жаттығулары.
  2. Арнайы дайындық жаттығулары.

III. Жалпы дайындық жаттығулары.

  1. Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
  2. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
  3. Жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл, әрекеттер.
  4. Дайындық жаттығулары -негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш,жылдамдық,төзімділік) дамытатын жаттығулар.
  5. Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері.
  6. Бейнелеу жаттығулары –жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (коньки жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі)
  7. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды, суға секірушінің қолдануы және т.б.)

III. Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл,қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.

1.3. Спорттық жаттығулардың қағидалары

Спорт жаттығуларының өзіндік ерекшелігі, өзіне тән қағидалаларын тудырады.

Саналық қағидалары- спортшының санасында жоғарғы спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.

Біртіндеушілік қағидалары- жүктемені жоғарғы деңгейге дейін біртіндеп өсіру.

Даралық қағидалары- спортшының талантына, жеке басы мүмкіндігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру әдістемесінің өзгеруі.

Жүйелік қағидасы (немесе жаттықтыру процесінің үзіліссіздігі).

Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырлады.

Ғалымдар мен жаттықтырушылар кейінгі кездері жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Сонда жыл сайын жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндігі, сол арқылы да олар өте жоғарғы көрсеткіштер көрсететіні анықталады.

Қазіргі әдістер аздаған өзгерістермен спорт саласында 20 жылдай қолданылып келеді. Осы әдіс өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып болды деп айтуға болады.

Өйткені оның негізгі компоненті берілген уақыт негізгі үлкен жаттықтыру көлемі өз шегіне жетті. Сондықтан біз қазір ескі әдістің өзгеріп, жаңа әдістің пайда болу кезеңінде тұрмыз.

Спортшының өзінің энергиясын, күшін, керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аудару тиіс.

Циклдік қағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді.

Циклдік дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) және макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді. Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді.

Кіші толқындар- микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты.

Орта толқындар- мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты.

Үлкен толқындар- макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты.

Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы.

Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл процесс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады.

Жалпы дайындық кезінде жоғарғы спорт көрсеткіштерін өсіруіне қажет түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл, қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі.

Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі.

Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы кезеңдерінде байланысты өзгертіліп отырылады.

Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық арақатынасы 60-40 %, жарыс кезеңінде 20,30-80,70%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді.

Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғарғы дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі бөлек беріледі.

1.4. Спорт жаттықтыруларының әдістері

Спорт жаттықтырулары дене тәрбиесі жүйесінің бір бөлігі болғандықтан оның барлық әдістеріне үйретудің әдістемелері қолданылады.

Негізінде спорт жаттығуларына дене қуаты қаситтерін, қозғалыс шеберлігін жоғарғы дәрежеде дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығу әдістері қолданылады.

Олар : бір қалыпты орындау, қайталау, аралық орындау әдістері.

  1. Ұзақ уақытта орындалатын бірқалыпты қайталау мен ауыспалы қайталау әдістерін циклдік спорт түрлерімен жаттығатын спортшыларды дайындауда қолданған жөн. Ол әдістер ұзақтығын, толассыздығымен және бірқалыптылығымен білінеді (төзімділік қасиетін дамытады).
  2. Ауыспалы жаттығу әдістері-жаттығуды орындау қарқыны тез өзгеретін спорт ойындарында көп қолданылады.
  3. Аралық қайталау және үдемелі жаттығу әдістері тынығу аралығының уақытын қысқарту және жүктемені көбейту арқылы ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін дамытады.

Қозғалыс тәсілін жетілдіру үшін көрнекі көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең көлемде пайдаланылады.

Спорт жаттықтыруларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте көп қолданылады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша,массаж, фармакологиялық дәрі-дәрмектер, музыка,гипноз,аутогендік жаттықтырулар т.б.).

Спорт жаттықтыруларының негізгі бөлімдері.

Спорт жаттықтырулары – дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген бөлімдерден құралады.

Дене қуаты дайындығы.

Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлатуға , дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді.

Арнайы дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағыттылған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.

Жаттықтыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі. Оның үстіне арнайы дайындық фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыл-әрекеті, қасиеті дамытылады. Осы дайындықтар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты неғұрлым мықты болса, келесі саты соғұрлым биік болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де, сондайлық биік деңгейде дамытуға қол жеткізуге болады. Осы үш сатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, ескекшілердің, конькимен жүгірушілердің, велосипедшілердің, суда жүзушілердің жаттықтырулар циклдерінде анық көрінеді.

Ұзақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің жылдық жаттықтыруында осындай үш сатылық дайындық міндетті түрде орындалуы қажет. Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады.

ІІ БӨЛІМ. ЖАРЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАУДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРУ ҮРДІСІ

2.1. Функционалды дайындық

Жаттықтырушы технико-тактикалық біліктердің іске асуын қамтамасыздандыратын функционалды қасиеттердің тізімін толығымен білуі керек.

Функционалды көрсеткіштердің моделді матрицасы тек қана бағыттаушы ориентир ретінде қолданыла алады. Белгілі кестеде берілген функционалды көрсеткіштер, түрлі дәрежеде ми және физикалық әрекеттер жасау кезінде пайдаланады және де спорттық жаттығу кезінде түрлі дәрежеде жүктеледі.

Сенсомоторлық қасиеттер блогында пайдаланылатын терминдерді дифференциялау және белгіленген қабілеттер қолдану бірізділігін анықтау керек.

А) Координациялау-алдын ала бағдармаланған жағдайдағы өзара келісілген қимылдарға қабілеттілік (бастапқы кезенде игеріледі.)

Б) Жағдайды сенсомоторика- ақпаратты обьективті қабылдау және өзгеріп отыратын жағдайда оған адекватты координациялық қимылдарды ұйымдастыру қабілеттілігі (ептілік қасиетін анықтайды және координациялық дағдыларды игерген соң қаралады.) Алайда ептіліктің екі түрін ажырата білу керек.

  1. Дене (Н.А.Бернштейн-кеуделік) негізінде, ол спорттық гимнастикада, акробатика және спорттық күресте қолданылады.
  2. Заттық ептілік көркем гимнастикада, спорттық ойындарда және жекпе- жекте қолданылады.

В) Психомоторика- психо-стрессорлық жағдайда қимыл-қозғалыс білік пен дағдыларды (ептілік) іске асыру қабілеттілігі (психостресстерсіз, жағдайлы сенсомоториканың ауқымын игергеннен кейін үйретіледі.) 

2.2. Техникалық және тактикалық дайындық

Техникалық дайындық дегеніміз – жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісі. Оның негізгі міндеті- спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеруге, дағдылану. Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді. Мысалы: гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі және нақытылығымен бағаланады.

Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл, қозғалысты тиімді экономиялы түрде орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс, экономиялық орындауы. Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және физиологиялық көрсеткіші оттегіні қолдану мүмкіншілігімен байланысты екені анықталған. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/сағат, адым ұзындығы 150 см болғанда ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суға жүзу, конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі. Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кино түсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерешеліктерін ескеріп жаттығуды орындау керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық,психикалық және т.б. қасиеттер.

Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындау керек:

  1. Техника нәтижелілігі.
  2. Тиімділігі
  3. Тұрақтылығы
  4. Бейімділігі
  5. Экономиялығы

Тактикалық дайындық дегеніміз –жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс, амалдарды, айла тәсілдерді қолдана білу өнері.

Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:

а) спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарысластарының ерекшеліктеріне,жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау.

ә) осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру.

Тактикалық дайындықты дұрыс асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.

  1. Қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену,тиімді пайдалана білу.
  2. Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.
  3. Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластырының мүмкіншіліктерін зерттеу. (уақыты,жарыс өткізілетін орын т.б.)
  4. Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
  5. Тактикалық тәсілдерді,оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру.
  6. Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.
  7. Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.

Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында,жарыс жағдайына ұқсас жағдайларды қайталау,арнайы кітаптар оқу,әңгіме өткізу, бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.

Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
  2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.

Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді. Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады. Тиянақты жаттығу әдісі- дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.

Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі- көңіл күйді көтеру, көңілдену,қиыншылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу,жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер. Идеомоторлық жаттығулар әдісі – жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.

Спорттағы психодиагностика әдісі- КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар,тәсілдер арқылы анықтау.

Теориялық дайындық әдісі – спортшыларды дайындайтын заңдылықтарын,олардың әдістемелерін үйрену.

Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы, сонымен қатар, арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн.

Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын, спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады. Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1.Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.

  1. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
  2. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.

4.Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.

  1. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.
  2. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.
  3. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.
  4. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.
  5. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
  6. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.

2.3. Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау.

Спорттық жаттықтыру-көп ылдық үрдіс. Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы керек. Осы көпжылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді:

  1. Алғашқы дайындық кезеңі. Республикамызда спорт мектептерінің алғашқы дайындық топтарына өз еркімен спортпен айналысқысы келген,ата- аналарының, мектеп басшыларының, дәрігердің келісімін алған балалар қабылданады. Бұл балалар спорт мектептерінің жас ерекшеліктеріне,спорт түріне байланысты бекітілген ережелері бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6 жастан, суға жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан. т.с.с. Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен айналысады да, әр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оқу,жаттығу топтарына ауыстырылады.
  2. Бастапқы мамандану кезеңі балалардың жасөспірім жас шағына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің негізгі міндеті организмді жан-жақты дамыту және қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын жетілдіру болып табылады. Бастапқы мамандану кезеңінің ұзақтығы 3-4 жыл, бірақ спортшының дарындылығына,спорттың түріне байланысты ол уақыт өзгеруі де мүмкін. Балалардың жастарына, жаттыққандығына байланысты жаттықтыру уақыты ұзаруы, жаттықтыруларды бір апта ішінде қайталау жиілігі біртіндеп көбейіп отырылуы қажет.
  3. Тереңдете жетілдіру кезеңі. Бұл кезең спортшының есейген кезіне сай келеді. Кейбір ерте жастан жаттыға бастайтын суға жүзу, гимнастика, мәнерлеп сырғанау т.б. спорт түрлерінде жасөспірім жас мөлшеріне сәйкес келіп қалуы да мүмкін. Бұл кезеңнің негізгі міндеті жоғарғы спорттық шеберлікті меңгеру. Жаттықтыру кезінде жүктеме көлемі мен қарқындылығы ең жоғары шекке дейін өсіріледі, жарыстың саны көбейеді, дәрежесі жоғарылайды. Бұл кездегі жас шектеу мөлшері жылдамдықты керек ететін спорт түрлерінде 18-ден 26 жасқа дейін, төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінде 30 жасқа дейін болады.
  4. Спортта ұзақ жасау кезеңі. Бұл кезең дайындалғандық деңгейін төмен түсірмей ұстап тұра алған кезге дейін созылады. Бұл кезеңде спортшылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық болдыруына, жаттықтырулар мен жарыстардан шаршауларына байланысты спорттық көрсеткіштері біртіндеп төмендей береді. Жалпы жүктеме көлемі жайлап азайтыла бастайды. Жаттықтыруларда жүктеме қарқыны, жарыстар саны азаяды. Әрбір спортшы бұл кезеңде жаттықтыру жүктемелерін жаттықтыруларды кенеттен қойып кетпей, біртіндеп азайтуы керек. Бұлай етпеген жағдайда зиян келетінін олар білуі қажет. 

2.4. Спорттық жаттықтыру кезеңдері

Көп жылдық жаттықтыру үрдісі үлкен макроциклдерден тұрады. Олар жылдық және жарты жылдық деп аталады. Әрбір цикл дайындық, жарыс және өтпелі деген үш кезеңнен тұрады.

Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің міндеті ағзаның мүмкіншілігін жоғарғы деңгейге жеткізуге.

Дайындық кезеңі мынадай бөлімдерге бөлінеді:

  • Спорттық жаттықтыру кезеңдері
  • Дайындық кезеңі
  • Жарыс кезеңі
  • Өтпелі кезең

Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мәселелері шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту және негіздеу деген орта циклдерден тұрады.

Тарту циклінің мақсаты – жүктеме қарқындылығы мен көлемін жайлап өсіру. Негіздеу немесе базалық циклінің мақсаты негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау.

Арнайы дайындық бөлімінің міндеті- спортшының өзі айналысқан спорт түріне керек дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамыту. Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60-70 пайыз уақыт бөлінеді.

Жарыс жаттығуларына ұқсас жаттығулар,бақылау,тексеру, жаттықтыру амалдары қолданылады. Бұл бөлім тексеру, дайындау,шыңдау циклдерінен тұрады.

Тексеріс, дайындау циклінде жаттықтыру жұмыстары бақылау жарыстарына қатысуымен араласа жүргізіледі.

Шыңдау циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған техника,тактика кемшіліктерін жою,айла әдістерін шыңдау жаттығулары жүргізіледі. Күш түсіру қарқындылықты арттыру жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады.

Жарыс кезеңі. Бұл кезде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті-алдыңғы кезеңде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, спортшы дәрежесіне байланысты. Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру және алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі.

Жарыс циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші циклдерге бөлінеді. (микроциклдер) Олар: жақындататын, жарысқа қатысу және қалпына келу циклдері.

Қалпына келу- көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру үрдістерінен спортшыларды жалықтырмау үшін басқа жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның қалпына келуін тездетеді.

Өтпелі кезең. Бұл кезеңнің міндеті – жаттықтыру мен жарыстардан алған әсерін жоғалтпау,ағзаны қинамай уақытында босаңсытып, қалпына келтіру. Бұл кезеңде арнайы дайындық жаттығулары азайтылып, жалпы дайындық жаттығулары көбейеді (спорт ойындары,табиғат аясында жүгіру т.б.)

Көбінесе ағзаны тез қалпына келтіретін, спортшы ұнататын жаттығуларды пайдаланғаны тиімді.

Өтпелі кезең 2-3 орта циклдерінен тұрады. Қалпына келтіру- көтермелеуші және қалпына келтіру-дайындық циклдерінен біртіндеп, келесі үлкен жаттықтыру циклінің дайындық кезеңінің тарту мезоцикліне ауысады. Кейбір кездерде өтпелі кезеңнің орнына қысқа жеңілдету фазалары кіргізіледі. «Қосақталған микроцикл» деп аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық,онан кейін екінші жарыс кезеңі, сонан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі.

Жаттықтыру макроциклдерінің жалпы ұзақтығы бірдей болса да, жеке кезеңдерінің ұзақтығы спорт түрлерінде дайындық кезеңі, ал спорт ойындарында (футбол, хоккей) жарыс кезеңі ұзақ болады.

Жоғарғы спорттық шеберлік деңгейінде олимпиадалық ойындарға дайындалуына байланысты төрт жылдық цикл жоспары қолданылады.

2.5. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау

Жаттықтыру үрдісінің ұзақтығына байланысты жоспарлаудың үлкен кезеңдік (болашақтық) және кіші кезеңдік (жедел) деген екі түрі болады.

Үлкен кезеңдік жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау,айлық (мезоцикл),апталық (микроцикл) және жеке жаттығу сабақтарына арналып жасалады.

Микроциклге споршы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстарда спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы айлық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулар беріледі. Бақылау түрлерінің және дәрігерлік бақылаудың өткізілу уақыты белгіленеді.

Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады.

Жоспарды спортшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бар мүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек.

Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрі болып келеді. Ол дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.

Дайындық бөлімінің мақсаты- спортшы денесін негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау.

Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді.

Жалпы дайындық бөлімінде әр түрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, екі-екіден және топтық жаттығулар т.б.

Арнайы дайындық бөлімінде спорт түріне,жаттықтыру міндетіне байланысты арнайы дайындық және жарыстық жатығулар қолданылады.

Дайындық бөлімінің ұзақтығы сыртқы ортаға жаттықтыру үрдісінің кезеңіне, спортшының дәрежесіне байланысты 15 мин 30 мин дейін созылады.

Негізгі бөлімнің міндеті-техниканы, тактиканы жетілдіру және дене қуатын қасиеттерін дамыту болып келеді.

Басында жаттығу техникасын үйрету, жетілдіру, сонан соң дене қуаты қасиетін дамыту міндеттері орындалады.

Жаттықтырудың қорытынды бөлімі жүктемеден кейін спортшының ағзасын қалпына келтіру үрдісін тездету үшін өтікізіледі. Денені босаңсыту жаттығулары, жеңіл жүгіру спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады.

Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айналмалы жатығуды орындау әдістері көмегімен өткізіледі. Әрбір жаттықтыру сабағына жоспар- конспекті жазылады. Жоспар-конспектіде жаттытықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, жаттықтыру мазмұны, жаттықтыруларды орындау саны, әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі.

Жаттықтыру үрдісі барысында қолданылған әдістер мен амалдардың нәтижелік деңгейін анықтау үшін бақылау мен бағалауды қолдану қажет.

Бақылау сапалы болуы үшін спортшының жаттықтыру мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек.

Бақылау спортшы дайындығының өсу деңгейін білу үшін ғана емес, артық жаттығып болдыру деңгейіне дейін жібермеу үшін де керек. Артық жаттығу, болдыру деңгейі екі түрге бөлінеді.

Ұзақ психикалық тежелуден (мысалы: бір сарынды жаттықтыру, зорығу) Артық жаттығу түрлері жүктемеге көп байланысты. Ұзақ мерзімде қайталанған көп жүктеме артық жаттығудың бірінші түріне, ал ұзақ мерзімді аса көп жүктеме екінші түріне әкеліп соқтырады. Жаттықтырушылар артық жаттыққанда спортшыны әбден титықтатып тастайтын мынадай қателерді білуі керек:

  1. Жаттықтыру әдістемесінің қателігі біртіндеушілік қағидасын сақтамау.
  2. Көп жүктеменің арасындағы демалу уақытының аздығы, өте көп жарыстар және т.б.
  3. Спорт тәртібінің бұзылуы (түнгі ұйқының аз болуы, демалу жағдайының нашарлығы, теледидарды, кинофильмдерді көп көруі т.б. )
  4. Әлеуметтік ортаның жаман әсері ( сабақтың ауырлығы, көптігі, нашар оқу үлгерімі, мектептегі,отбасындағы ұрыс, керістер, маңайындағы адамдардың спортқа деген нашар көзқарасы.
  5. Денсаулықтың бұзылуы.

Жұмысқа қабілеттілігі азайғанға дейін де артық жаттығып, шаршап, болдыра бастаудың белгілері біліне бастайды. Ол үш кезеңге созылуы мүмкін. Бірінші кезеңде спортшының психикасы өзгереді, тынышсыздық, өзіне сенімсіздік, әлсіреу пайда болады.

Екінші кезеңде ағза қызметінде өзгеріс пайда болады. Ұйқы нашарлайды, тамаққа тәбет, салмақ азаяды, ішек, асқазан жолдарының жұмысы бұзылады, спортшы тез терлейді, тез қалпына келе алмайды, қалпына келу уақыты көбейеді.

Үшінші кезеңде жұмыс қабілеттілігі нашарлайды. Басында қимыл үйлесімділігі,сонан соң қозғалыс қасиеттерінің деңгейі төмендей бастайды. Сондықтан бірінші шаршау, болдыру белгілері біліне бастағанда-ақ жарыс жаттығуларын тоқтатып, жүктемені аз бере бастау қажет.

Қалпына келу үрдісіне белсенді демалыс, денеге массаж жасау, су массажы процедураларын т.б. орындау қажет. Жаттықтыруды мүлдем тоқтатып қоюға болмайды, ол кері әсерін тигізуі мүмкін. Жоғарыда айтылған шаршау,болдыру белгілері жоғалған соң, біртіндеп жаттықтыру көлемін, сонан соң жүктеме қарқының көбейтіп, жаттықтыруды жоспар бойынша одан әрі жалғастыра беруге болады.

2.6. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері

Қазіргі кезде балалар спортпен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру үрдісіне, жарыстар өткізуге айрықша көңіл бөлген жөн. Жас спортшылардың жаттықтыруларына төмендегідей талаптар қойылады:

1.Жаттықтыру кезінде спортшының дене қуаты қасиеттері жан-жақты дамытылуы, ағзасының жұмысқа қабілеттілігі жоғарлатуы керек.

  1. Психикалық ширығулар және дене қуаты жүктемелері, өсіп келе жатқан бала ағзасының мүмкіндігіне, жасына, жынысына дайындық деңгейіне сай берілуі керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, ол балаларды жалықтырмайтын әр түрлі, әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет.
  2. Спортшы ағзасының бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн.
  3. Жаттықтырулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына келу тынығу аралығы қолданылады.
  4. Дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу тынығу аралығы қолданылады.
  5. Қалпына келу үрдісін жеңілдету үшін күндік жүктемені бөліп өткізуге болады. Ол кезде бір күндік микроциклдер пайда болады да, кіші және орта жүктемелер қалпына келу үрдістерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді.
  6. Балаларға «аз уақыт ішінде өте жоғары спорттық көрсеткіштерге жету керек» деген міндет қоюға болмайды. Ондай асығыс дайындықтардың бала ағзасына зияннан басқа пайдасы жоқ.
  7. Спорт жаттықтыруларын жоспарлағанда мектептегі оқу үрдісінің тоқсандарын, демалыстарын ескерген жөн. Өте жоғарғы дене қуаты жүктемелерін каникул, демалыс кездеріне орайластыра орындау қажет. 6. Дене қуаты және психикалық ширығуларды азайту үшін жарыстарды жеңіл түрде өткізуге тырысу қажет. Ол жарыстар жүгіру қашықтығын қысқарту, спорт ойындарында, жеке сайыстарда жарыс уақытын азайту түрінде өткізіледі.
  8. Спорт жарыстарына жас балаларды қатыстырғанда жас шектеуге қатаң қараған жөн. Мектеп жарыстарына 9-10 жастан, қалалық жарыстарға 11-12 27 жастан, республикалық жарыстарға 15-16 жастан жоғарғы жастағы балалар қатыстырылады.
  9. Оқу орындарындағы сабақтардың қызу кезінде жарысты аз өткізуге тырысу керек.

Балалардың жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты жеңіл, арнайы, спорт құрал-жабдықтарын пайдаланған жөн.

Жасөспірім спортшыларды тәрбиелеу. Балалардың дене тәрбиесі екі бағытта жүргізіледі:

  1. Іс-тәжірибелік жаттықтырулар бағыты. Олар дене қуаты қасиеттерін және қимыл шеберлігі мен дағдысын дамыту.
  2. Тәрбие беру бағыты. Жас спортшыны көпшіл, қоғамшыл болуға, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетілдіру арқылы жас өсіпірімдерді еңбекке дайындау.

Спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады.

Жас спортшыларды тәрбиелеуге жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланысты жұмыс істеуі қажет. Бәрі қосыла тәрбиелесе, қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Жас спортшыны тәрбиелеу, сендіру және әдептілікке дағдыландыру атты екі әдістерден тұрады.

  1. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Оның жолдары: әңгімелесу, пікір таласу, әртүрлі талаптар қою және т.б.
  2. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да , жақсы әдеттерді бойына сіңіру керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Спорттың әр түрі жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және психикалық қасиеттердің белгілі бір қалпын талап етеді, бүгін спортсменнің физикалық дайындығы жоғары деңгейде болғандықтан, жарыста жеңу үшін шешуші фактор психологиялық дайындық болып табылады. Болашақ чемпиондарды табуға көмектесу, қажетті психикалық қалыптың дамуының алғы шарттарын анықтау – спорт психологиясының міндеті болып табылады. Қорытындылай келе спорт психологиясы бүгінгі таңда жан жақты зерттеуді қажет ететін ғылымдардың бірі болып қала бермек.

Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.

Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай – ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс – тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі.

You May Also Like

Қызан ауылы

Қызан тарихы “Қызан ауылы Бозашы түбегінің орта тұсынан шығысқа қарай, облыс орталығынан…

Жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ қосылған кекс Қажетті өнімдер: 450 г ұн, 350 г құмшекер, 1…

Алақаныңыздағы жедел жәрдем тілін білесіз бе?

Ауру айтып келмейді, уақыт талғамайды. Мәселен, бас ауруы түрлі себептермен орын алады.…

Жылумен қамту жүйесін автоматтандыру

«Жылумен қамту жүйесін автоматтандыру» Денені реттеу беті жылыту өзгерісін реттегенде жылытқыштан кейін…