СӨЖ

Тақырыбы:  Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жақтығын ерекшеліктерін анықтау.

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

1.Бас сүйектері

2.Бұғана

3.Жауырын

4.Қабырға

5.Тоқпан жілік

6.Білек сүйектері

7.Қолбасы сүйектері

8.Жамбас белдеуі

9.Ортан жілік

10.Сирақ сүйектер

11.Аяқбасы сүйектері

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сүйектер туралы ілім – Остеология. Қаңқа механиалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тканьдерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады, солармен бірге қимыл аппаратының пассивті бөлімін құрайды. Сүйек тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше тканьдерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек ткані.

 Жұп сүйектерге – бассүйектің самай, бет, төбе, таңдай көзжасы сүйектері. Сонымен қоса бұғана, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, кәрі жілік шыбығы, қолбасы сүйектері, жамбас, ортан жілік, асықты жілік, асықты жілік шыбығы, аяқбасы сүйегі және қабырғалар жатады. Денедегі әр сүйектің қызметі, түрі, дамуы әрқалай болады. Жұп сүйектер симетриялы дамиды.

Самай сүйегі

         Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұқыршағын түзуге қатысады да, сондық-тан facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай кететін бет өсіндісі processus zygomaticus шығады. Баста-латын жерінде бет өсіндісімен 2 түбірі бар: алдыңғы және артқы, олардың арасында тө-меңгі жақсүйекпен буындасу үшін қажет шұқыршақ fossa mandibularis орналасады.

Төбе сүйегі

Оның 4 жиегі көрші сүйектермен байланысуға қызмет етеді, атап айтқанда:

                                             

                                                      Алдыңғы жиегі – маңдай

                                           сүйегімен margo frontalis

     Медиальді жиегі – басқа

    жағының аттас сүйегімен

    margo  sagittalis

               4 бұрышының алдыңғы ме-диальдысы маңдай сүйегімен, ал-дыңғы латеральдысы сына тәрізді сүйекпен, артқы медиальдысы қа-рақұспен, артқы латеральдысы самай сүйегінің емізік тәрізді өсін-дісінің табанымен байланысады.

Көзжасы сүйегі

       Оның латеральды бетінде көз-жас қырқасы орналасқан. Қырқа-дан алға қарай көзжас жүлгесі sulcus lacrimalis өтеді, ол жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісіндегі жүлгемен бірге көзжас қапшығы шұқыршағын түзеді.

Бет сүйегі

         Сүйектің орналасуына сәйкес онда 3 бет пен 2 өсіндіні бөліп көрсетуге болады. Бүйір бет facies lateralis, төртұшты жұлдыз тәрізді және төмпешік түрінде шамалы шығып тұрады. Артқы, тегіс бет, самай шұқырша-ғына қараған және facies temporalis деп аталады. Үшінші бет көз беті facies orbitalis  көз шарасы қабырғаларын түзуге қатысады.

Бұғана

Бұғана жіктелу бойынша аралас сүйектерге жатады және дене мен екі медиальді және ла-теральді ұшқа бөлінеді. Қалыңдаған медиальді немесе төстік ұшында, extremitas sternalis, төстікпен буындасуға арналған ершік тәрізді буын беті болады.

Латеральды немесе акромиальді ұшында extremitas acromialis, жазық буын беті жауырын акромионымен буындасатын жер орналасады. Оның төмеңгі бетінде төмпешік tuberculum conoideum жатады.

Бұғананың денесі төстікке жақын медиальді бөлігі алға қарай дөңес, ал латеральді бөлігі арт-қа қарай дөңес болатындай етіп йілген.

Жауырын

Жауырынның алдыңғы қабырғаларға қара-ған беті facies costalis деп аталатын жал-пақ батыңқы жер болып табылады, ол жерге m.subscapularis бекиді.

Артқы бетінде facies dorsalis жауырын қылтанағы spina scapula өтеді, ол бүкіл артқы бетті тең емес екі шұқыршаққа бө-леді: қылтанақүсті fossa supraspinata және қылтанақ асты fossa infraspinata шұқыр-шақтарына бөледі.

Қабырғалар

Әр жақта 12 ден қабырға болады. Олардың барлығының артқы ұштары көкірек омырт-қаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы ұштарымен тікелей төстік-пен қосылады. Бұлар нағыз шын қабырғалар. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы ұштары бос жатады, бұлар толқушы қабырғалар.

Артқы ұшында қырқамен бөлінген буын беті бар қалыңдау қабырға басы болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буында-сады.

Тоқпан жілік

          Үстіңгі айдаршықтар арасында білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буын беті (дистальді эпифиз) орын алады. Ол екі бөлікке бөлінеді: ортасында ойығы бар көлденең орна-ласқан кішкене жал түріндегі блок trochlea ме-диальді жатады; ол шынтақ сүйекпен буын-дасу үшін керек және оның ойығымен incisura trochlearis қаусырылады.Блоктан жоғары бір-бірден шұқыршақ жатады: алдыңғы төбе шұ-қыршағы fossa coronoidea артынан шынтақ өсіндісі шұқыршағы fossa alecrani.

Білек сүйектері

       Білек сүйек ұзын қуысты сүйектерге жатады. Олар екеу:

 Кәрі жілік медиальді орналасады ulna

Кәрі жілік шыбығы латральді орналасады radius

Білезік

           Білезіктің проксимальді немесе бірінші білекке жақын қатары егер бас бармақтан бастап сана-сақ, мына сүйектерден түзілген: ладья тәрізді os scophoideum, жар-тылай os lunatum, үшқырлы os triquetrum және бұршақ тәрізді os pisiforme.

Алақан

       Бес алақан сүйектерінен түзі-леді, олар типі жағынан бір на-ғыз эпифизі бар қысқа қуыс сү-йектерге жатады және бас бар-мақ жағынан бастап І, ІІ, ІІІ және т.с.с деп реттеліп санала-ды.

Саусақ сүйектері

Кішкентай нағыз бір эпифизі бар, бунақ деп аталатын бірінен соң бірі орналасқан қысқа қуыс сүйектер. Проксимальді бунақтың таба-нында сәйкесті алақан сүйектің жұмыр басы-мен буындасуға арналған нағыз буын шұқыр-шағы, ал ортаңғы және дистальді бунақтар-да қырқашықпен бөлінген екі-екіден жай-пақ шұқыршақтар болады.

Әрбір саусақ 3 бунақтан тұрады:  проксималь-ды, ортаңғы және дистальді. Тек бас бармақ-та ғана екі проксимальді және дистальді бу-нақ болады.

Жамбас белдеуі

Жамбас сүйек жалпақ сүйектерге жатады да, қорғаныш, қозғалғыш қызметін атқарады. Os coxa. 3 бөлімнен тұрады: мықын, шондонай, шат.

Ұршық ойығы acetabulum ( сірке суы ыдысы) жамбас сүйектің сыртқы жағында орналаса-ды және ортан жілік басымен буындасуға ар-налған.

Ортан жілік

        Ортан жіліктің денесі алға қарай шамалы иілген және үшқырлы дөңгелектерден пішінді: оның арт жағында 2 латеральды, labium laterale және медиальды  labium mediale еріннен тұратын сан бұлшықеттері бекитін із, linea aspera орналасқан.

Сирақ сүйектері

Сирақ қаңқасы жуандығы бірдей емес 2 ұзын қуыс сүйектен – асықты жілік пен оның шыбығынан тұрады.

Асықты жілік-медиальді

Ал асықты жілік шыбығы – латеральды жатады. Бұл екеуінен тек асықты жілік қана тізе буыны арқылы ортан жілікпен буындасады.

Тілерсек

Қол қоспасы сүйектері сияқты екі қатарға ор-наласқан жеті қысқа кеуек сүйектен түзіл-ген. Артқы немесе проксимальді қатар екі бір-шама ірілеу сүйектен асық және оның астын-да жатқан өкше сүйектен құралады. Алдыңғы немесе дистальды қатар медиальды және ла-теральды бөлімдерден тұрады.

Медиальды бөлім ладья тәрізді және 3 сына тәрізді сүйектен түзілген.

Латеральды бөлімде тек 1 ғана куб тәрізді сү-йек жатады

Табан

          Табан қысқа моноэпифизарлы қуысты сүйектерге жататын және қолдағы алақан сүйектері-не ұқсайтын 5 табан сүйектері-нен тұрады. Оларды аяқбасы-ның медиальды жиегінен бастап санайды.

Башпай сүйектер

          Аяқбасының башпай сүйектері бунақтар қолбасының осындай сүйектерінен кішілеу ша-маларымен өзгешеленеді. Тек екі бунағы бар І башпайды қоспағанда аяқбасы башпайлары, қолбасы саусақтары сияқты 3 бунақтан тұ-рады. Дистальды бунақтардың ұшында жуан-даған жері tuberositas phalangis distalis болады, бұл олардың басты ерекшелігі болып табыла-ды. Тобық сүйектер табан бунақ буындасулары ( І башпай аймағында тұрақты) мен І-ші башпайдың буынаралық аймағында кездеседі.

Қорытынды

Кез- келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тканьді клеткалар – остеобластар есебінен жүреді, оларды басты тірек ролін атқаратын клеткааралық сүйек заты жасап шығарады.

Қаңқада мынадай топтарын ажыратады: тұлабой қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, төстік), бас қаңқасы (бассүйек пен бет сүйектері), қол – аяқ сүйектері – иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) және қол сүйектері (тоқпан жілік, кәрі жілік және қол басы), аяқ сүйектері (ортан жілік, сирақ сүйектері және аяқ басы). Ересек адамның қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан және тақ, қалғандары – жұп сүйектер.

Пайдаланылған әдебиеттер

ШАлшынбай Рақышев. Анатомия. Алматы білім баспасы 1994 ж. І кітап

ШИнтернет сайттары

Шhttp\ www\ google

Шhttp\ www\ yandex

You May Also Like

Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу

СӨЖ Тақырыбы:”Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу ” Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім 1.Экономикалық…

Орталық жүйке жүйесінің ноцецептивтік жүйесі. Неврологиядағы ауырсыну синдромы, СӨЖ

СөЖ Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің ноцецептивтік жүйесі. Неврологиядағы ауырсыну синдромы   Жоспары …

Аномалдық жатырлық қан кету, СӨЖ

1.Тақырып: Аномалдық жатырлық қан кету. 2.Мақсаты: Менструалды функцияның бұзылысына алып келетін әйел…

Мультимедиялық технологиялар СӨЖ

Мультимедиялық технологиялар ЖОСПАР   Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3 Негізгі бөлім………………………………………………………………………………………….4 2.1. Мультимедиалық технологиялар жайлы негізгі…