Мультимедиялық технологиялар

ЖОСПАР

 

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3
  2. Негізгі бөлім………………………………………………………………………………………….4

2.1. Мультимедиалық технологиялар жайлы негізгі түсініктер……………….4

2.1.1. MS PowerPoint…………………………………………………………………………5

2.1.2  Microsof Office Word………………………………………………………………..6

2.1.3. Movie Maker…………………………………………………………………………….7

2.1.4. Adobe жиынтығы……………………………………………………………………..9

2.2. Мультимедианың техникалық құралдары……………………………………….10

2.2.1. Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік  мүмкіндіктерін интерактивті тақта…………………………………………………………………………………….13

2.2.2.Интерактивті тақта…………………………………………………………………..16

2.2.4. Мультимедиалық проектор……………………………………………………..17

2.3. Медиавизор……………………………………………………………………………………19

2.4. Негізгі тасымалдаушылары…………………………………………………………….20

2.4.1. Компакт-дискiлер……………………………………………………………………21

2.5. Мультимедиалық технологиялар мен ақпараттық технологияның            айырмашылығы……………………………………………………………………………………24

3.Қорытынды……………………………………………………………………………………………24

КІРІСПЕ 

Мультимедия – ол мәзірге компьютерлік технологиялар және оған кіретін,компьютерлік жүйе тексті,дыбыс,бейнекөрініс,графикалық көрініс және анимация болып табылады. Мультимедия технология мүмкіндіктеріне:түрлі ақпаратты енгізу,қорыту,сақтау,жеткізу және шығаруға кіретін мәтін,графика,анимация,көріністерді цифрлеу,бейнедыбыс,дауыстар болып табылады.

Осыдан 30 жыл бұрын мультимедия мүмкіндіктеріне тек “Консуп”жазу машинасы болды. Бірақ уақыт өткеннен кейін компьютерлердің көлемі кішкене аппаратураға кішірейді. Ал 1980 жылдан бастап технология қарқынды түрде дамып ,бластерлер,сидиромдар және эволюция жемістері, WWW , Интернеттің пайда болуы мультимедия жүйесінің пайда болуы,компьютер тренингтерінде,мамандық істерде,ғылымда,өнерде,компьютер ойындарда төңкеріс жасап жатыр.Мұның бәрі техника бағытының алға басуына байланысты.Осы прогреске ЭЕМ еске сақтау құрылымы өсіп графикалық мүмкіндіктерінде,бейне техника және лазерлік дисклер дамып ең қолайлы жолмен алып келді.Қазіргі мультимедия компьютер,стереофондық НI-FI жиынтығымен дисплейлі теледидарға ұқсас оған телефондық,колонгка,микрофон және дискі кіретін және оқитын жері бар (Read,Onli,Memon).Онымен шектелмей компьютердегі аудио адаптер телефондық дыбыстарды акустикалық колонка арқылы шығара алады.Мультимедия технология ақпараттану бағытында жоғары дәрежеде ие болып отыр.Оның негізгі мақсаты:жиынды көрініс,мәтін және мәләметке дыбыс қосу бейне көрініс,анимация және басқа визуалды эффектілерді интерактивті  интерфейстеу сияқты механизмдерді қолдану.Бұл бағытта Европа комиссииясы 1998 жылы даму жолын алға қойғанАл негізгі ойды американдық Ванивер Буш 1945 жылы “МЕМЕХ”атты мультимедия концепциясын ұсынған болатын оның негізгі ойы мағыналық мазмұнда  болғанАл ойдың  көрінісі компьютерде яғни гипермәтін “ жүйесі жұмысында мәтіндік материалдар жинақталған” және гипермедия жүйесі “жүйе жұмысында жинақталған график,дыбыс және анимация ”бұл екеуі мультимедияны құрады.80 жылдан бастап  мультимедия –технологиясы гуманитарлық бағытта қолданысының өріс алуы, американдық компьютерші бизнесмен Бидл Гейтс есімімен тікелей байланысты.Ол мультимедияны іске асырып юммерциялық өндіріс ретінде қолдана білді.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 2.1.Мультимедиалық технологиялар жайлы негізгі түсініктер 

Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. “Мультимедия” термині латын тілінің “multi” (көп) және “media” (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни “ақпараттық орта” деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалы құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі.

Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану “мультимедиа” идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады.Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ. Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранды теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру барысында көрнекі құрал орнын толтырады. Ал “мультимедиа” құралы бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі.Технологияның мультимедиасы – қолданушыға мәлiметтiң ұсынысының мүмкiндiгi (мәтiн, дыбыс видео, анимация, графика) әр түрлi формалардың өзара әрекеттесуi өздiгiнен тәртiп. Мультимедиа технологияны арнайы аппаратты және программалық құралдарды құрайды.Мультимедиа – өнiмдер байланысты бiрнеше дәрежелерге бөлуге болады олар тұтынушылардың топтарына бағытталған

2.1.1. MS PowerPoint

Аталмыш бағдарлама сандық жүйедегі мультимедиясының бірнеше саласын қамтиды, яғни тексттік, анимациялық және бейнелік салалары.

MS PowePoint – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.

PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор,өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтарды тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

PowerPoint бағдарламасымына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау – Бас иәзір – Бағдарламалар – MS PowerPoint

Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат. Praesento тапсырамын немесе ағыл. Present – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниеі ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым презентация.Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескертц парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады.

Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады..

Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған анайы құралдар – графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі – MS Office құрамдасы Windows-тың қосымшасы PowerPoint программасы.

PowerPoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика жасау т.б.) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Microsoft Office дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы:   Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;

Формулалар – Microsoft Equatuon қосымшасында;

Кестелер – Microsoft Excel кестелік процессорында;

Бағаналар (диаграммы) – Microsoft Graph қосымшасында;

Әдеби тақырыптар – Microsoft Word Art қосымшасында және т.с.с.

PowerPoint әр түрлі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:

Компьютер экранында автономды көрсету үшін;

Компьютерді проектор арқылы көрсетуге;

Оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;

Оптикалық слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;

Дәл осы шақта жортда көрсету үшін;

Кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;

Хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;

Қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.

2.1.2. Microsof Office Word

(күнделікті — MSWord, WinWord немесе жай ғана Word) –Macintosh компьютерлерінде және WindowsDOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегенімізкомпьютердеқұжаттаржасауғамүмкіндікберетінбағдарламаболыптабылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.MicrosoftOfficeWord – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады. 

2.1.3. WindowsMovieMaker 

WindowsMovieMaker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.

WindowsMovieMaker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.

WindowsMovieMaker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.

Жинақ. WindowsMovieMakerбағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ WindowsMovieMakerбағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.

Жоба раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. WindowsMovieMaker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmmболып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.

Фильм – бұл фильмді сақтау шеберінің көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге болады.

Кадр – саны жағынан көп кескіндер жинағының бейне көрсетілімі.

Клип – үлкен көлемдегі бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.

Жоба файлы – ағымдағы импортталған немесе жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының құрылымы туралы мәлімет.

Шығыс файлы – бұл ағымдағы жобада импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе кескін файлы. WindowsMovieMaker бағдарламасындағы көрсетілетін дайын клип – бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа орынға ауыстыру ұсынылмайды.WindowsMovieMaker бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм сияқты сақтауға болады.WindowsMovieMaker-де жазылғандар мазмұны WindowsMedia форматында сақталады.WindowsMovieMaker жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға болады:

Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.

Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.

Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.

 

2.1.4. Adobe Photoshoр

 

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқашаайтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды.Оның құрамына Photoshop–пен бірге Image Ready, Illustrator, In Design, Go Live және Acrobat программалары кірді, демек Adobe жиынтығында цифрлық кеңістіктің мультимедиясының салаларын қамтитын біраз софттар бар, алайда мен тек соның біреуіне тоқталып кетуді ұйғаруды жөн көрдім. Себебі меніңше аталмыш бағдарлама қолданылуы бойынша өте универсалды әрі функционалды тіпті өзіне тән басқа программалардың ішіндегі көшбасшысы деп те айтсам, қателеспеймін.
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндермен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді.Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тезәрі оңай орындайалады.
Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі.Adobe Photoshop – палитра мен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады.Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген.

2.2. Мультимедианың техникалық құралдары 

Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:

дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);

  • телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
  • проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
  • интерактивті тақта;
  • ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);
  • компьютерлік құралдар;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.).

Мультимедиалық қосымшаларды жасау технологиялары бойынша отандық және шетелдік жүйелерді қарастыру және сараптаудан соң ең көп тараған мультимедиалық қосымшалардың жіктелуін және олардың ұғымдарын ұсынуға болады. Мультимедиалық қосымшалар келесі түрлерге бөлінеді:

  • Презентациялар;
  • Анимациалық роликтер;
  • Ойындар;
  • Бейне қосымшалар;
  • Мультимедиа-галеереялар;
  • Аудиоқосымшалар (дыбыстық файлды ойнатқыштар);
  • Web-қа арналған қосымшалар.

 

1-кесте. Мультимедиалық қосымшалардың негізгі ұғымдары мен түрлері

Мультимедиалық қосымшаның түрі Ұғымы
Презентация Презентация – аудиокөрнекі құралдарды қолдана отырып, ақпаратты көрнекі түрде ұсыну тәсілі.  Презентация – бір ортаға жинақталған компьютерлік анимация, графика, бейне, әуен және дыбыстық қатар. Презентацияның сюжеті, сценариі және ақпаратты ыңғайлы түрде қабылдауға ұйымдастырылған құрылымы болады.
Анимациалық роликтер Анимация – мультимедиа технологиясы; қозғалатын бейне әсерін тудыратын кезекті суреттердің көрсетілімі. Қозғалатын бейне әсері секундына 16 бейнекадрды ауыстыру жиілігінен туындайды.
Ойындар Ойын – ойын-сауық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, демалуға, белгілі бір дағдыларын, іскерліктерін жетілдіруге  бағытталған мультимедиалық қосымша болып табылады.
Бейнефильм және бейнеойнатқыштар Бейнефильмдер – қозғалатын бейнелерді жасау және көрсету технологиясы. Бейнеойнатқыштар- бейнефильмдерді басқаратын бағдарламалар.
Мультимедиа галереялар Галереялар- суреттер жинағы
Дыбыстық файлды ойнатқыштар (сандық дыбыс) Дыбыстық файлдарды ойнатқыштар – сандық дыбыспен жұмыс істейтін бағдарламалар. Сандық дыбыс- амплитуданың дискретті сандық мәндері көмегімен электр дыбыс белгісін ұсыну тәсілі.
Web-қаарналған қосымшалар

 

Web-қа арналған қосымшалар – бұл жеке веб-парақтар, олардың құрамы (мәзір, навигация т.с.с) мәліметтерді беруге арналған қосымшалар, көпарналы қосымшалар, чаттар және т.б.

 Мультимедиалық қосымшалардың құрылу технологиясын оқығанда олардың қалай жасалу жолдары көрсетілген сценарий жасалады. Осыған байланысты логикалық салыстыру нәтижесінде әр мультимедиалық қосымшалар әртүрлі компоненттен тұратындығын анықтаймыз. Мультимедиалық қосымшалардың құрамына байланысты оларды мынадай компоненттерге бөлуге болады:  мультимедиалық қосымшаларға тақырып таңдау, жұмыс орындарын белгілеу (масштабын, фонын), кадрлар, қабаттарды пайдалану, түрлі типті символдар құрастыру, бағдарламалау тілінде скриптер жазу және айнымалыларды қосу, дыбыстық файлдармен жұмыс, тақырып қосу, эффектілер жасау, кескіндерді шығару және пайдалану, кітапханадағы дайын компоненттерді пайдалану,  мәтінді белгілейтін және скриптік тілді пайдалану.

Сонымен қатар, мультимедиалық қосымшаларды мынадай төменгі ішкі түрлерге бөлуге болады. Мультимедиалық қосымшалардың ішкі түрлері туралы негізгі түсінік төмендегі 2-кестеде көрсетілген.

 

2-кесте.Мультимедиалық қосымшаның ішкі түрлері туралы негізгі түсінік

Презентация:

  • Сызықтық презентация – күрделі график, бейне қосымша, дыбыстармен қамтылған динамикалық ролик.
  • Интерактивті презентация – арнайы қолданушы интерфейсі арқылы басқарылатын және иерархиялық принциппен құрылымданған мультимедиалық компоненттердің жиынтығы.
Анимация:

  • Кадрлік анимация –суреттердің қозғалуынан әсер қалдыратын кадрлық бейнелердің ауысымы.
  • Бағдарламалық анимация – сурет бағдарламаланған тізбектің көмегімен өзгертілетін анимация (яғни айнымалы және алгоритмнің көмегімен). Негізгі объектілердің суретін салу қолдан жасалады және олардың коллекциялары мен галереяларын шығару үшін, қандайда бір бағдарламалық тілдердің мүмкіндіктері қолданылады.
Ойындар:

  • Ойын-сауық ойындары – бос уақытты өкізуге арналған бағдарламалар.
  • Үйретуойындары – пайдаланушыларға өздерінің білімін көтеру үшін әртүрлі саладан жеңіл ойын түрінде жасалған бағдарлама.
Бейнеойнатқыштар:

  • Кадрлы фильмдерді қалыптастыру – қозғалыс әсерін туындататын суреттердің, кадрлардың тізбектері, кескіндерді дайындау және орналастыру.
  • Бейнелер ағынына арналған бейнеойнатқыштар – бейнеойнатқыштарды қалыптастыру, avi, mpeg және т.б. бейне форматтық ағындарды қосатын ойнатқыштарды қосқанда ағынды басқауға мүмкіндік пайда болады (мысалы, жіберу, тоқтату және бейнеүзіндінің басына оралу сияқты бұйрықтарды қолдану).
Мультимедиалық галерея:

  • Кадрлық бейнелерді ауыстыру – белгілі бір уақыт аралығында бейнелерді ауыстыру тәртібі.
  • Панорама – кең және көпсалалы кеңістікті еркін бағдарлауға бағытталған.
  • Интерактивті галерея – қолданушылады басқаруға мүмкіндік беретін галерея (навигация бейнелеуге).
Дыбыстық ойнатқыштар:

·              Бір дыбысты файл ойнатқышы – мультимедиалық қосымшаға wav, mp3 форматты   дыбыстық файлдарды қосу және оны жүктеу.

·         Әртүрлі дыбысты файлдар ойнатқышы – бір дыбысты файлдар ойнатқыштарына     ұқсас, бірақ орындалу тізбектері арасында қосылу сияқты мүмкіндіктерді қосуға болады.

·         Жан-жақты (виртуальды) музыкалық құралдар – нағыз музыкалық құралдарды бейнелеу.

Web-қа арналған қосымша:

  • Баннерлар – Интернеттегі графикалық кестелеу немесе жарнамалар блогындағы мәтін, веб-параққа сілтеме жасау арқылы өнімдер мен қызметтер кеңінен толықтырып жазылған. Баннерлерді веб-парақтарға келушілерді тарту үшін  немесе имидж қалыптастыру үшін орналастырады.
  • Мәліметтерді тасымалдауға арналған қосымша (мысалы, қонақтар кітабы).

 Қазіргі уақытта мультимедиалық өнімді құру үшін көптеген техникалық құралдар бар. Құрастырушы – өңдеуші гипермәтіндік беттерді құру үшін қолданылатын редактор бағдарламасын таңдау қажет. Көпфункциональды мультимедиалық қосымшаны құруға мүмкіндік беретін көптеген мықты өнімдерді атауға болады. Олар: Macromedia Director, Macromedia Flash немесе Authoware Professional сияқты жоғарғы профессиональды пакеттер, ал FrontPage, mPower 4.0, HyperStudio 4.0 және Web Workshop Pro сияқты пакеттер қарапайым болып табылады.  Мұндай құралдарға Power Point және мәтіндік редакторларды (мысалы, Word) жатқызуға болады. Сонымен қатар мультимедиалық қосымшаны өңдеу ортасы Borland Delphi бағдарламасы болып табылады.

2.2.1.Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік  мүмкіндіктері 

Қазiргi   қоғамның  ғылыми-техникалық,  экономикалық,  әлеуметтiк салаларындағы мультимедиалық технологиялардың алатын орны, оның болашақ даму тенденциялары мен перспективалары жан-жақты талдауды, талқылауды қажет етедi. Өйткенi, қазiргi кезде бiздiң елiмiзде оны пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықты пiкiр қалыптасқан, бұл мультимедиалық технологиялар жөнiнде толықтай түсiнiктiң болмауынан туындайтын мәселе. Осының салдарынан оның көптеген мүмкiндiктерi мен қолданылу салалары әлi толық айқындала қойған жоқ.

Мультимедиа технологиясын оқытуда пайдаланудың жаңа бағыттарының бiрi – компьютерлiк желiлерде теле және бейнеконференциялар ұйымдастыру.

Мультимедиалық технологиялар интернет-технологияның да дамуына тiкелей әсер етiп отыр. Электрондық пошта арқылы дыбыстық және бейне хабарларды қабылдау, жiберу немесе интернет арқылы байланысқа түскен адамның бет-бейнесiн компьютер мониторынан  көрiп отыру –  мультимедианың жемiсi. Бейнеконференциялар ұйымдастыруда дыбыстық және бейнелiк хабардың сапасын төмендетпей ұсыну мультимедиалық құралдардың жүзеге асыратын iс-әрекетi. Мультимедиалық технологиялардың көмегiмен бүгiнгi таңда кез келген адам өзi жөнiндегi мәлiметтердi, фотосуреттердi, тiптi, өз дауысын интернет желiсiне шығаруға мүмкiндiк алып отыр.

Интерактивтi негiздегi мультимедиалық технологиялар интернет желiсi және CD-курстар арқылы ауыл мектептерiнiң әлемдік ғылым, білім жетістіктерінен оқшау қалып қою мәселесiн де  шешуге мүмкiндiк бередi. Мультимедианың ажырамас бөлiгi болып табылатын лазерлiк дискiлерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздiктер оқыту процесiнде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздiктерде әрбiр сөздiң аудармасы мен жазылуы ғана  емес, сонымен бiрге оның айтылу үлгiсi де қамтылады. Электрондық энциклопедиялар мен сөздiктердiң тиiмдiлiгi – қажеттi мәлiметтi тез iздеп табуға болады. Сонымен қатар тiл үйретуге бағытталған интерактивтi оқыту бағдарламалары диалогты байланыс жасауды жоғары деңгейде жүзеге асыра алады.

Әлемнiң атлас картасы, жекелеген қалалардың картасы сияқты әртүрлi электрондық-картографиялық жүйелер, қажеттi дағдыны қалыптастыруға, жетiлдiруге негiзделген тренажерлiк бағдарламалар, адамның ой-өрiсiн дамытуға бағытталған ойын түрiндегi оқытушы бағдарламалар оқыту процесiнде жиі қолданылуда.

Соңғы кездері ағылшын тілінде edutainmentжәне infortainmentдеген сөздер компьютерлік термин ретінде жиі айтылады. Олар education (білім беру), information (ақпарат) и entertainment (көңіл көтеру) деген сөздерден құралған. Бұл терминдер мультимедиалық құралдарды пайдалану арқылы оқыту кезінде көңіл көтеру мен оқу қызметінің арасындағы алшақтықтың азаятынын білдіреді. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы балалар болсын, үлкендер болсын, компьютерде көңіл көтеретін ойындарды ойнау арқылы, алдына білсем деген арнайы мақсат қоймаса да, біршама білімге, әртүрлі ақпараттарға қол жеткізеді. Бұл да мультимедианың тиімді жағы болып табылады.

Мультимедиалық бағдарламалардың негiзгi атқаратын функцияларының бiрi – басқаруды қамтамасыз ету. Қажеттi ақпаратқа еш кедергiсiз ауысу мүмкiндiгi қамтылған. Мысалы, кинофильмдердi көру барысында мультимедиалық бағдарламалар пайдаланушыға қажетсiз кино үзiндiлерiн өткiзiп жiберудi, керектi киноүзiндiнi бiрнеше қайтара көрсетудi жүзеге асырады. Оқытуды интерактивті түрде өткізу мультимедиалық технологиялардың келесі бір маңызды сипаттамасы болып саналады. Американдық ғалым А.Галбриц интерактивтiлiктiң үш түрiн атап көрсетедi:

  • реактивтi интерактивтiлiк: оқушылар мен студенттер компьютердегi бағдарламаның бағыт берiп, көмектесуi нәтижесiнде жауап бередi;
  • әрекеттiк интерактивтiлiк: бұл жағдайда оқушылар, студенттер бағдарламаны басқара алады;
  • екi жақты интерактивтiлiк: оқушылар, студенттер бағдарламамен өзара ықпал жасай алады.

DEC компаниясының хабарлауынша, дұрыс жолға қойылған (яғни, аппараттық, бағдарламалық және әдiстемелiк құралдармен толық жабдықталған)  мультимедиа  технологиясын  пайдалану  оқытуға жұмсалатын шығын көлемiн едәуiр азайтады екен.

Зерттеушiлердiң      пiкiрi        бойынша       дәстүрлi       оқыту       әдiсiмен берiлген материалдың  25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, мультимедиалық интерактивтi оқыту бағдарламалары көмегiмен   берiлген материалдың 75%-ы есте сақталады.

Мультимедиалық технологияларды пайдалану мен дәстүрлi оқыту әдiстерi арасындағы айырмашылықты 2-суреттен көруге болады.

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, мультимедиалық технологиядарды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткiзедi:

  • оқуға кететiн уақыттың үнемделуiне;
  • оқу мотивациясының жоғарылауына;
  • зейiн аудару нәтижесiнде оқу материалын толық түсiнуге;
  • алынған бiлiмнiң ұзақ уақыт есте сақталуына.

Мультимедиалық технологияларды бiлiм сапасына әсерi, оқытудағы тиiмдiлiгi, қасиеттерi, субьект iс-әрекетiн дамыту мүмкiндiгi, т.б. сипаттамалары бойынша 3-суреттегiдей жiктеуге болады.

.2.2. Интерактивті тақта 

Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.

Интерактивті тақтаның жұмыс принципі компьютердің монитор экранындағы кескінді проектор арқылы электрондық тақтаға кескіндеу.

Интерактивті тақтада қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады:

  • жазба кітапшасы (SMART Notebook);
  • бейнежазба құралы (SMART Recorder);
  • бейнеплеер (SMART Video Player);
  • маркерлік құралдар (Floating Tools);
  • виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).

Бұл құралдардың барлығы да жеке немесе бірлесіп пайдалануға негізделген.

Жазба кітапшасы – мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады.

Бейнежазба құрал – тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады.

Бейнеплеер – бейнефайлға сақталған ақпаратты тақтаға шығарады.

Маркерлік құралдар – қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.

Виртуалды пернетақта – оқытушының интерактивті тақта арқылы  компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады.

Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:

  • статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;
  • әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;
  • оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;
  • ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;
  • жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды;
  • экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;
  • оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады;
  • сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады;
  • интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран бетіндегі кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам анықтайды, соның нәтижесінде тақтада бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде жұмыс жасай алады;
  • экрандағы басқару батырмалары интерактивті тақтадан проекторді ажырату арқылы, оны қарапайым тақта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Кең тараған интерактивті тақталарға StarBoard және Walk-and-Talk сериялы тақталарды жатқызуға болады.

Электрондық қаламсапты пайдалану кезінде тақтаның металл қабаты бүлінбеуі үшін StarBoard сериялы интерактивті тақта инфрақызыл және ультрадыбыстық технологияға негізделіп жасалады. Ал, Walk-and-Talk сериялы интерактивті тақта сенсорлық технологияға негізделіп жасалғандықтан, онда маркер ретінде саусақты да пайдалануға болады.

Интерактивтi тақта бiлiм беру салаларымен қатар, көрмелерде, пресс-орталықтарда көлемдi экрандардың қызметiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi. 

2.2.4. Мультимедиалық проектор

Бүгінгі таңда оқыту процесінде проекциялық құрылғылардың атқаратын қызметіне байланысты бірнеше түрлері қолданылуда.

Бейнеқұрылғыларды пайдалану арқылы бейнелiк ақпараттармен жұмыс iстесе, мұндай проекторлар бейнепроекторлар деп аталады. Қарапайым пленкадағы кескiнмен және LCD –панельдегi компьютерлiк ақпаратпен жұмыс iстеуге арналған проекторлар  оверхед-проекторлар немесе мәлiметтiк проекторлар (data-projector) деп, ал, бейнелiк және компьютерлiк ақпаратпен жұмыс iстеуге арналған проекторларды мультимедиалық проекторлар деп атайды.

Осы проекциялық құрылғылардың iшiндегi жан-жақты мүмкiндiгi қамтылған түрi – мультимедиалық проекторлар. Мультимедиалық проекторлар қазiргi  таңда қарқынды дамып отырған жаңа құрылғылар болып саналады.

Мультимедиалық проекторлардың ең басты артықшылығы – оларды кез келген жаңа технологиялармен бiрлесе пайдалануға болады. Ол компьютерден, бейнемагнитофоннан, бейнекамерадан, теледидардан, DVD-дискiлерден т.б. алынған ақпаратты үлкен көлемдi экранға шығаруға арналған жаңа техникалық құрал. Мұндай проекторлардың шыға бастауы микроэлектрониканың, оптиканың, электротехниканың жетiстiгiне байланысты. Мультимедиалық проекторлар өлшемi үлкен экранда әртүрлi ақпарат түрлерiн көрсете алу нәтижесiнде ақпарат ұсынуда айтарлықтай төңкерiс жасады деп айтуға болады. Қолдануға және тасымалдауға жеңiл, техникалық тұрғыдан басқару тетiктерi қарапайым мультимедиалық проекторлар:

  • конференцияларда, презентацияларда иллюстрациялық мәлiметтердi демонстрациялау үшiн;
  • көрмелер ұйымдастыруда;
  • жарнамалық агенттiктерде;
  • әртүрлi нысандарды басқару орталығында диспетчерлiк пульттер жұмыстарында т.б. салаларда кең қолданыла бастады.

Проекторлардың қолданылу облысына қарай олардың  модельдерi әртүрлi болып келедi. Осыған байланысты мультимедиалық проекторлар құрылымын мынадай категорияларға жiктеуге болады.

  • мобильдi презентациялық проекторлар;
  • офистiк инсталляциялық проекторлар;
  • үй кинотеатрында қолданылатын проекторлар.

Мультимедиалық проекторлардың оқыту процесiндегi дидактикалық мүмкiндiктерiн қарастырайық:

  • бейнекамераға жалғанған мультимедиалық проектор арқылы экранға көлемдi объектiлердi, фотосуреттердi, кiтап бетiндегi мәтiн үзiндiлерiн, тiптi, түтiкшедегi жүрiп жатқан химиялық реакцияларды да демонстрациялап көрсетуге болады;
  • бейнетаспаға жазылып алынған лекцияларды үлкен аудиторияда сабақ барысында пайдалану үшiн бейнемагнитофонға жалғанған проекторды қолдануға болады;
  • интернет жүйесiне қосылған компьютердi проекторға жалғау арқылы желiде коллективтiк экскурсия жасауға болады;
  • компьютерлiк кластарда мультимедиалық проекторды пайдаланудың өзiндiк ерекшелiктерi бар: оқытушы өз компьютерiнде қажеттi бағдарламамен жұмыс iстей бастайды, ал оқытушының компьютерiне жалғанған проектор арқылы пайдаланушылар орындалған iс-әрекеттi үлкен көлемдi экраннан көрiп, оны өз компьютерлерiнде орындай алады. Бұл әсiресе, информатика сабағында тиiмдi.

Жоғарыда келтiрiлген ерекшелiктерiмен қатар, мультимедиалық проекторларға қосымша компьютерлiк бағдарламалық жабдықтарды пайдалануға болады.Мысалы, Microsoft PowerPoint бағдарламасы берiлетiн кез келген ақпараттар ағынын көрнекi түрде бейнелеуге және оларды жылдам әрi оңай құруға мүмкiндiк бередi.Бұл жағдайда ескеретiн жайт, презентация мазмұнына қатысы аз эффектiлердi көп пайдалануға болмайды.Ол тыңдаушының қажеттi мәлiметтi дұрыс қабылдауына керi әсерiн тигiзедi.Ал, Project Station бағдарламасы бiр презентациялық мәлiметтен екiншiсiне оңай ауысуға, компьютер арқылы проекторды басқаруға мүмкiндiк бередi. Network Manageable, Light Port бағдарламалары тораптық желiге қосылған кез  келген компьютер арқылы проектордың жұмысын басқаруға негiзделген. Бұл кезде проекцияланған кескiндi кез келген пайдаланушы өз компьютерiнiң монитор экранынан көре алады.

Мультимедиалық проекторлардың мүмкiндiгi орасан деп айтуға болады.Оларды тек бiлiм беру салаларында ғана емес, iрi көлемдегi мәдени iс-шараларда, өнеркәсiп салаларында пайдалану да қолға алынуда. Мысалы, DeLight  компаниясы Ресейдiң  Едiл өзенiнiң бойындағы электр стансаларында диспетчерлiк басқару пульттерiн бейепроекциялық құрылғылармен жабдықтау жобасын ұсынған.  Бұл жоба бойынша аймақтағы барлық атом, жылу, су электр стансаларының жұмысын тәулiк бойы проекциялық аппараттар бақылайды.

Мiне, осындай мол мүмкiндiктi  мультимедиалық проекторларды  оқыту процесiнде жаңа техникалық оқыту құралдары ретiнде қолдану, қазiргi таңда оқытудың жаңа инновациялық әдiстерiнiң бiр көрiнiсi бола алады. Себебi, мультимедиалық проекторлар жоғарыда атап көрсетiлгендей ақпарат таратушы кез келген техникалық құралдарға сәйкестендiрiлiп жасалынған.

2.3.Медиавизор 

Медиавизор – мультимедиалық құрылғылардың бір орталыққа жинақталған кешені.

Медиавизордің ерекшелігі – мұнда компьютердің монитор экраны мен интерактивті тақта экранының қызметін бір ғана құрылғы (кері проекциялы сенсорлық экран) атқара алады.Кері проекциялы сенсорлық экран дәрісханадағы жарық сәулесіне тәуелсіз жұмыс істейді, яғни, кескінді анық, дәл бере алады.

  • Сонымен қатар, сенсорлық экран:интерактивті тақта экранында атқарылатын барлық іс-әрекеттерді орындайды (мысалы, интерактивті нұсқағыш, басқару қаламсабы, маркер, тіпті, саусақ көмегімен кескінге әртүрлі өзгерістер енгізуге, кескіннің қандай да бір бөліктерін оқшаулауға, ерекшелеуге болады);
  • компьютердегі қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды пайдалануды, сондай-ақ, ақпаратты файлға сақтауды, баспаға шығарып алуды жүзеге асырады.

Медиавизордың  тікелей проекциялауды жүзеге асыратын интерактивті тақтадан артықшылығы – медиавизор алдында тұрған баяндамашының көлеңкесі экранға түспейді, тыңдаушылар экрандағы кескінді анық көре алады. Сонымен бірге, баяндамашының көзіне проекциялық сәуле әсер етпейді. Бұл оның дәрісханадағы тыңдаушылармен визуалды қарым-қатынаста болуына жағдай жасайды.

Медиавизор мынадай құрылғылардан жинақталған:

  • кері проекциялау экраны;
  • сенсорлық панель;
  • мультимедиалық проектор;
  • салқын ауа алмасу жүйесімен жабдықталған корпус;
  • бағдарламалық жабдық.

Қосымша құрылғылар:

  • компьютер;
  • DVD-ойнатқыш;
  • радиомикрофон;
  • дыбыс күшейткіш (динамик).

Үлкен көлемдегі ақпаратты жеткізу және түрлі түрлі тасымалдаушылары бар
Мультимедия өндірісі негізінде: компьютерлік тасымалдаушылар (CD-ROM) және арнайы теледидар құралдары  (CD-I), оған қоса телекоммуникациялық тораптар жүйе арқылы таралады
CD-ROM (CL-Read onli memori)–оптикалық дискі, компьютер жүйесіне арналған.Компьютерге тең мүмкіншілігі оның көп функционалдығында.Кейбір бейне  және аудио  ақпаратты тура  жеткізе алмау  сияқты  кемшілігі бар
CD-I (СD-Interactiv) компакт – дискі форматтары, арнайы өндіріс фирмасының TV-жабдығына арналған  Жоғары сапалы динамикалық бейне ақпаратты және дыбысты шығару деген артықшылығы бар.Ал кемшілігіне келсек , аз функционалдық  пен статистикалық визуалды ақпаратты қанағаттандырмайды және ол TV-мониторына келеді.
VIDEO-CD (TV-формат компакт дискі) ол бейнекасеталарын жоғары сапамен ауыстырады.
Ал кемшілігі аз функцияналдық пен интерактивтілік. DVD (Digetal Video Disk Interactive) – интер активті TV немесе кино мен қамтамасыз ету үшін арналған жаңа ғасыр форматы.  DVD  ол CD компакт дискіне ұқсас бірақ одан тез жұмыс атқарып және сыйымдылығы жоғары сапалы формат.
DVD-бейнедискісіндегі бейнесигналы, CCIR-601студиясынан MPEG-2 алгоритмі бойынша сығылған бейнесигналды қабылдайды.Бейнекөрініс күрделі  не тез өзгерсе онда көзге көрнекті, бұлдырлаған дефектлер байқалады.Ол оның көлемінің дұрыс сығылуына  жеке мәлімет ағымының жылдамдығына байланысты.Ал DVD форматы кемшілігі ол көшіруге қарсы күрделі қорғаныс схемасы бар және кейбір регионда мүлдем көрсетпеуі мүмкін.
Яғни жердің бір шарынан сатып алынған DVD келесі  шарында көрсетпеуі мүмкін сондайда т.б кемшілігі бар.

лады. Атап айтқанда:

дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);

  • телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
  • проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
  • интерактивті тақта;
  • ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф)
  • компьютерлік құралдар;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.). 

2.4.1. Компакт-дискiлер 

Мультимедианың басты мєселесi мультимедиалық ақпаратты тарату және жеткiзу. Бұл мәселе оптикалық дискiлердiң түрлi типтерiнiң пайда болу нәтижесiнде шешiлдi.

Компакт-дискiлердiң пайда болуы компьютерде пайдаланылатын кез келген көлемдi ақпараттарды сақтауға, тасымалдауға зор мүмкiндiк туғызды.Қажеттi мәлiметтi қосымша суреттермен, аудиожазбалармен, бейне үзiндiлермен толықтырып, бiр ғана компакт-дискiге жазып, пайдалануға болады. Компакт-дискiлердiң мұндай мүмкiндiгi мультимедиалық энциклопедиялардың, электрондық оқулықтардыњ, үйретушi бағдарламалардыњ шығуына, қолданысқа енуiне себепшi болып отыр.

Компакт-дискiлердiң бiр ғана кемшiлiгi – қатты магниттiк дискiлермен салыстырғанда жылдамдығының аз болуы.

Компакт-дискi бiр бетi жұқа жарық шағылдырғыш қабаттан тұратын пластмассадан жасалады. Жарық  шағылдырғыш қабат сақина немесе спираль тєрiздi микроскопиялық ойық жолдардан тұрады. Ойық жолдың енi 0.4 мкм, тереңдiгi 0.12 мкм, ал қатар орналақан ойық жолдардардың ара қашықтығы 1.6 мкм болады. Дискi бетiнiң 1 дюймдiк (2.5 см) өлшемiнде 16 мың жол (ал жұмсақ магниттiк дискi бетiнiң 1 дюймдiк өлшемiнде бар болғаны 96 жол) орналасады. Лазерлiк дискiлердегi ойық жолдар 650-700 Мб көлемге дейiн ғана ақпарат жазуға мүмкiндiк бередi.

Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнiн сипаттайтын болсақ: қалыңдығы 1.2 мм, сыртқы диаметрi 120 мм, iшкi диаметрi 15 мм болады. Ішкi диаметрiнiң енi 6 мм болатын сыртќы айналасы бекiту бµлiмi деп (clamping area), онан кейiнгi бµлiк дискi мазмұнынан тұратын (table of content) тақырыптық бөлiм (lead in area) деп аталады. Мұнан әрi енi 33 мм болатын  мәлiмет жазу бөлiмi орналасады. Ал соңғы бөлiм енi 1 мм болатын терминалды бөлiм (lead out) деп аталады (суретте).

Мәлiмет жазуға арналған бөлiм 1-ден 99-ға дейiнгi логикалық тректерден тұруы мүмкiн. әртүрлi типтi ақпараттар бiр тректе орналаса алмайды.

Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы негізгі айырмашылық, егер сандық мәліметті компакт-дискіде мәліметтер арасында ойық жолдарды тастап кетіп жазылса, онда мәлімет оқу кезінде кейбір мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін, ал аудиокомпакт-дискіде дыбыстық мәлімет ойық жолдарды тастап кетіп жазылғанымен, оның дыбысты оқу кезінде кері әсері болмайды. Себебі, бұл жағдайда интерполяциялық ұстаным көмекке келеді. Интерполяция ұстанымы белгілі бір мәнге байланысты аралық мәндерді табуды жүзеге асырады. Айталық, аудиодискіге 10, 14, 20 мәндері жазылсын. Белгілі бір себептерге байланысты (дискі бетінің бүлінуі не ластануы әсерінен) екінші мән оқылмай қалса, сызықтық интерполяция 10 мен 20 мәндері үшін 15 мәнін береді [(10+20)/2]. Алынған мән бұрынғы мәнмен сәйкес келмегенімен (айырмашылық 1-ге тең), болмашы ғана өзгерген дыбыс адамға естілгенде байқалмай кетеді.Дискілер арасындағы айырмашылығы                                                                             Компакт-дискінің қатты магниттік дискіден айырмашылығы Компакт-дискінің қатты магниттік дискіден (винчестер) айырмашылығы, қатты магниттік дискі концентрлі жолдардан немесе бірнеше логикалық бөлікке бөлінген бір ғана спираль тәрізді жолдан тұрады. Сонымен қатар, магниттік дискілер мәлімет оқу кезінде тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады, ал, компкт-дискі ойық жолдардың түріне байланысты (сақина немесе спираль) тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады немесе тұрақты сызықтық жылдамдықты қамтамасыз ету үшін айнымалы бұрыштық жылдамдықпен айналады. Сол себептен де дискінің ішкі бөлігі жоғары айналу жылдамдығымен, ал, сыртқы бөлігі төменгі айналу жылдамдығымен оқылады. Осыған байланысты компакт-дискінің мәліметке тез арада қол жеткізу мүмкіндігі винчестерге қарағанда төмендеу болады.Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы айырмашылық

CD-R дискілері. Соңғы уақыттарда мәліметті қайталап жазуға мүмкіндік беретін компакт-дискілер (CD-R – Compact Disc Recordable) шыға бастады. Мұндай компакт-дискілерге пайдаланушы керекті мәліметтерді арнайы CD-R- дискіжүргізушілері арқылы жаза алады. Мұнда жарық шағылдырғыш қабат ретінде алюминий емес, лазерлік сәулені шағылдыру коэфициентін жоғарылату мақсатында алтын қолданылады.

CD-R-ге пайдаланушы мәлімет жазғаннан кейін ол қарапайым компакт-дискі есебінде болып қалады. Мәлімет ішкі жолдан бастап сыртқы жолға (яғни, диаметрі аз жолдан диаметрі көп жолға) қарай жазылады.

PhotoCD және мультисессия дискілері. Пайдаланушының компакт-дискіге қажетті ақпаратты бір рет жазуға мүмкіндік алуы (CD-R дискілерінің пайда болуы), бірнеше қайтара ақпарат жазуға арналған компакт-дискілердің шығуына негіз болды. Ақпаратты бір рет жазу сессия (session) деп, ал, бірнеше мәрте қайталап жазу мультисессия (multisession) деп аталады. Мультисессияны жүргізуге мүмкіндік беретін компакт-дискілерге KodakPhotoCD және CD-ROMXA (extendedArchitecture) форматтары жатады.

Компакт-дискіге ақпарат жазуда мына жағдайды ескеру керек: әрбір сессия (ақпарат жазу) өзінің мазмұнынан тұрады. Сондықтан да сессия саны неғұрлым көп болса, соғұрлым компакт-дискінің ақпаратты жазып алу сиымдылығы аз болады.

KodakPhotoCD форматы 35 мм болатын пленкаға түсірілген 100 кадрлық суреттерді сақтауға арналған. Нығыздау алгоритмінің көмегімен әрбір 5 дана сурет 6 Мб өлшеммен бір файлға жинақталады. Сондықтан да сиымдылығы 650 Мб болатын компакт-дискіге шамамен 100 дана фотосурет сияды.

CD-ROM дискіжүргізушілері мен CD дискілерінің болашағы.  CD-ROM дискілері сиымдылығы 650 Мб-тан жоғары толыққанды  мультимедиалық ақпараттарды тарата алмайды. Сондықтан да CD-дискілерінің сиымдылығын үлкейту үшін алдымен оның мәліметті оқу жылдамдығын арттыру қажет. Компакт-дискінің қазіргі таңда жетілдірілген жаңа HD-CD (High Density CD) форматы қарастырылуда. HD-CD форматы компакт-дискінің техникалық мүмкіндігін төмендетпей, көлемін 5 есеге дейін арттыруды жүзеге асырады. Мұнда компакт-дискілердің сыртқы пішіні өзгермейді, бірақ, көршілес тректердің аралығы және жол ойықтарының өлшемі азаяды. Лазерлік сәулелердің толқын ұзындығы 780 нм-ден 635 нм-ге дейін азаяды.

Көрсетілген жаңа технология комбинациясы ақпарат сиымдылығын 3.7 Гб-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар екі қабаттан тұратын, әр қабатқа мәлімет жазу мүмкіндігі қарастырылған компакт-дискілерді шығару дамытылуда. Мұнда лазерлік сәулелер төменгі қабатта да және жоғарғы қабатта да фокусталады. Мұндай жүйелердің алғашқы вариантын 3М фирмасы жасап шығарды. Оған 7.8 Гб-қа дейін мәлімет жазуға болады.

CD-ROM дискіжүргізушілерінің жұмыс жылдамдығын арттыру екі лазерлік сәулелерді пайдалануға байланысты.

Caddy. Кейбір дискіжүргізушілер арнаулы кассетаға-контейнерге (Caddy) салынған компакт-дискімен ғана жұмыс істей алады. Мұндай дискіжүргізушілерде контейнерсіз, қарапайым компакт-дискімен жұмыс істеу мүмкін емес. Контейнерді пайдалану компакт-дискіні механикалық бүлінулерден сақтайды.

 2.4.2. Мультимедиалық  технологиялар мен ақпараттық технологияның айырмашылығы

Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаң а құрал ғана емес, бұл «face to face» моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді.Мысалы: Жалпы, шетел тіліне компьютерлі технология арқылы оқыту келесі ерекшеліктері арқылы сипатталады:
1. оқушының оқытушымен, парталас көршісімен жеке қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіншіліктің болуы;
2. тілдік және тілдік емес информация түрлі және кең көлемде пайдалана алу.
Ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары әр түрлі және өте көп.
Мультимедиялы технологиялардың көмегімен мұғалімдер шетел тілін оқыту барысында сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай алады:

  1. грамматиканы оқу (теория);
    2. грамматиканы оқу (жаттығу);
    3. лексиканы оқу;
    4. жазу, сөйлем құрастыру;
    5. ойын;
    6. диктант жазу;
    7. оқу;
    8. дыбыстап оқу;
    9. диалог (компьютермен).

«Электронды оқулық» деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:
Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;
Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын;
Уақытты үнемдейді;
Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік жасайды.
Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін көрсетуге болады:
1. тексерусіз оқу;
2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін анықтайды;
3. тестілеу арқылы бақылау.Оқулықтың электронды варианты бақылау құралдарын да қамтиды, себебі, білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі. Отандық оқыту жүйесінде көп уақыт білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша формада өтті.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады. Бұл зерттеу мидың ақпаратты қалай өңдейтінін түсіндіре алатын мультимедиялық құралдардың тиімділігін түсінуімізге барынша ықпал жасады. Осы зерттеу мультимедиялық құралдарды оқыту мақсатына пайдаланудың тиімді, тиімсіздігін көрсететін бірнеше қағидаларды айқындалды.

Мультимедианың құралдың 90-шi жылдарымен дамып мiнсiздiкке жеттi, болып, сондай электрондық кiтап және газеттер, құрал, видеоконференция, жаңа үйренудiң жаңа технологиялары график түрiнде дизайн, дауыс және пошталар. Мультимедианың құралдарының қолдануы компьютер қосымшаларында болуы мүмкiн өңдеуде өрлеудiң арқасында болды және жаңа микропроцессорлар және мәлiметтi сақтаудың жүйелерiнiң өндiрiсi.

Демек цифрлық жүйедегі мультимедия бұл компьютерлік кеңістіктегі бірден бір жетістік болып саналады, себебі компьютерлік мультимедиа бұл ертеңгі күн.

You May Also Like

Болат конструкциялы бір қабатты өндірістік ғимараттың қанқасын конструкцияларың есептеу және өңдеу, СРС

Тақырыбы: ²Болат конструкциялы бір қабатты өндірістік ғимараттың қанқасын конструкцияларың есептеу және өңдеу²…

Еңбек шартының түрлері және еңбек қатынастарының жалпы түсінігі.Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері және қызметкерлердің еңбек құқығын қорғау. СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Еңбек шартының түрлері және еңбек қатынастарының жалпы түсінігі.Қызметкерлердің негізгі құқықтары…

Ұңғымаларды бұрғылау, СӨЖ

СӨЖ  Тақырыбы: Ұңғымаларды бұрғылау Ұңғымаларды бұрғылау Бұрғылау — цилиндр пішінді тау —…

Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер, СӨЖ

СӨЖ                                                                                                                                                                     Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер. Кіріспе. ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын  қамтыған жыраулар…