СӨЖ

Тақырыбы:        Витамерлер

ЖОСПАР:

1.Кіріспе;

2.Негізгі бөлім:

a)Атауы;

b)Құрылысы;

c)Қасиеті;

d)Кездесетін жері;

e)Маңызы.

                   Кіріспе:

Витамерлер – бір витаминге тән физиологиялық әсері бар, химиялық құрылымы ұқсас бірнеше заттар

Майда еритін витаминдер:

Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т.б. жақсы ериді.

А витамині (ретинол антиксерофтальмиялық витамин)

Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар – А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны – А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады).

Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада көрсетіл­ген, яғни А2витаминінің β-ионон сақинасында екінші қос байланы­сы бар:

Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады.

Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары – Д2(эргокальциферол), Д3 (холекальциферол) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер – стеролдардың туындылары:

Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.

Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.

Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бен­золда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.

Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасын­дағы 7-ші және 8-ші көміртек атомдары арасындағы қос байланыстары үзіліп, өте тез бұзылады.

Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен синтезделе береді. Д – авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі.

1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан бөліп оны холестерин туындысы екендігін анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа терісінің үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді бөліп, оның ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен активті Д3 вита­миніне айналатындығын анықтайды.

Е витамині (токоферол антистерильдік)

1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың құрамында жануарлардың қалыпты ұрықтануына өте қажет бір заттың бар екендігін көрсетеді. Олар ашытқы қосылған жасанды азық берілген жануарлардың бедеулікке ұшырағанын байқаған. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан, кейіннен мақта майынан бензопиранның үш туындысын – α-, β-, γ-токоферолдарды (грек. tokos – ұрықтану, phero – әкелемін) бөліп алады.

1938 жылы α-токоферол синтездік жолмен алынады. Қазіргі кезде Е витаминінің 7 витамері белгілі. Жеке токоферолдардың бір-бірінен басты айырмашылығы – витаминдік әрекетшілдігі және циклді компонентіндегі метилдік топтың орналасуы мен саны бойынша.

α-, β-, γ-токоферолдар бір-біріне ауыспайды, олар ақырғы өнімдеріне дейін ыдырайды. Осы токоферолдардың ішіндегі ең әрекетшілі – α-токоферол, оның активтілігі β-токоферолмен са­лыстырғанда 2 есе артық. Бидай дәнінің ұрығындағы токоферол­дың жалпы мөлшерінің 58% астамы α-токоферолдың үлесіне келеді.

Токоферолдар түссіз, май тәріздес қоймалжың, бензолда, спиртте, хлороформда, ацетонда және басқа да май еріткіштерін­де еритін, 170°-қа дейін қыздыруға төзімді, оптикалық активті, ультракүлгін күн сәулесі әсерінен тез бұзылатын зат.

Е витамині табиғатта өте кең тараған, әр түрлі астық дәндестерде, өсімдік майларында, күнбағыста, жүгеріде, қытай бұршағында, қырыққабатта, салатта, етте, сары майда, жұмыртқа сарысында, т.б. көптеп кездеседі.

Е авитаминозы мен гипервитаминозы организмде сирек кездеседі, себебі, Е витамині әр түрлі ұлпаларда әсіресе, май ұлпаларында жиналып, қор жасайды. Бұл витаминнің авитаминозы көбінесе көмірсулармен қоректенетін тропикалық елдерде ғана кездеседі.

Е- витаминінің организмде атқаратын қызметі екі орай. Біріншіден, токоферолдар биомембраналардың құрамындағы фосфолипидтердің қанықпаған жоғары май қышқылдарымен кешен түзіп, мембраналарды тотығудан сақтайтын антиоксидант. Екіншіден, сутегіні протон мен электрон түрінде тасымалдап, биологиялық тотығу процесіне қатысады:

Организмде токоферол жетіспесе, ет ұлпаларының қызметі бұзылады, еттердің жиырылуын қамтамасыз ететін миозин белогының орнына, оған керісінше әсер ететін коллаген белогі жиналады. Е авитаминозы бұлшық ет талшықтарының жиырылуына әсер ететін негізгі қосылыстар креатин мен фосфокреатиннің түзілу реакцияларына қатысады және ацетилхолиннің түзілуін нашарлатады.

Токоферолдар организмде жетіспегенде, немесе жоқ болғанда жатырдағы ұрықтың өсуі, жыныс органдарының қалыпты жұмыс істеуі нашарлайды, бұлшық еттерде миозиннің, гликогеннің, калийдің, магнийдің, фосфор мен креатиннің саны азайып, майлар мен натрий хлориды көбейеді. Қол-аяқ қозғалмай сал ауруына ұшырайды, бұлшық еттер кеміп, жұлын зақымданады.

К витамині (филлохинон антигеморрагиялық)

Қанның ұю процесіне әсер ететін ерекше витаминнің бар екендігі алғаш рет 1929 жылы белгілі болды. Кейінгі еңбектердің нәтижесінде табиғи К1 және К2витаминдері анықталып, олардың 1,4-нафтохинон туындылары екендігі дәлелденді.

К1 (филлохинон) мен К2 (менахинон) витаминдері бір-бірінен бүй­іріндегі изопрендік тізбегі бойынша айырмашылықтары бар. К1 витаминінде фитол спиртінің (C20) қалдығы болса, ал К2 вита­минінде дифарнезилдің (С30) қалдығы бар. К1 мен К2 витаминдері­нің құрылымдық формулалары төмендегідей:

К1 витамині 1939 жылы синтетикалық жолмен алынды. Наф­тохинонның басқа туындылары да К витаминіне тән физиология­лық қасиеттерге ие. Солардың ішінде кең қолдану тапқаны 1942 жылы А.П. Палладин синтездеген метилнафтохинонның суда еритін бисульфидтік туындысы – викасол.

Филлохинонның жасанды түрде синтезделінген аналогтары­на викасолдан басқа метинон мен фтиокол да жатады. Бұл заттар жоғарғы биологиялық активті заттар болып есептеледі. Фтиокол алғаш рет пигмент түрінде бактериядан бөлініп алынып, 1933 жылы жасанды түрде синтезделеді.

К1 сарылау түсті қоймалжың, май тәріздес, 115-145°С қай­найтын, суда ерімейтін, қыздыруға, сілтілік ортаға, күн сәулесіне төзімсіз зат.

К2 витамині сары түсті, 540°С балқиды. К1 витаминіненде төзімсіз кристалды зат.

К3 витамині сары түсті 106°С балқитын, суда ерімейтін, эфир мен спиртте еритін ұнтақ.

К1 витамині қан тамырларының қабырғасын тығыздап, берік­тендіреді, ол бауырда фибриноген, протромбин, конвертин сияқ­ты қан ұюына қатысатын белоктардың түзілуіне әсер етеді.

К витамині авитаминозында қанда жоғарғы аталған белоктардың, бұлшық еттерде АТФ-тың мөлшері азайып, қан ұю процесіне қатысатын ферменттердің активтігі төмендейді.

Қанның ұюы төмендеп, қан тамырлары қабырғаларының беріктігі нашарлауынан ішкі органдарға қан құйылып, тері жарақат­танғанда қан көп кетіп, қан азаю (малокровие) ауруына шалдығу қаупі төнеді.
Адам үшін К витаминінің негізгі көзі қырыққабат, қызанақ, асқабақ, өсімдіктердің жасыл бөлігі, бауыр, т.б. тағамдар.

К витамині ішек микроорганизмдері әрекетінің нәтижесінде түзілетіндіктен авитаминозы сирек кездеседі, тек ішектің сіңіру процесі төмендеп, бауыр және өт жолдары зақымданғанда ғана байқалады

 

You May Also Like

Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы кезінде қолданылатын заттар, ОСӨЖ

ОСӨЖ Тақырыбы: Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромы кезінде қолданылатын заттар. Жағдайлық есеп. Диазепам,…

Травматологиялық науқастарды тексерудің негізгі ерекшеліктері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:Травматологиялық науқастарды тексерудің негізгі ерекшеліктері Науқастарды тексерудің жалпы тізбегі 1.Шағымдарды айқындау…

Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері ШҚұлдық дәуірдегі саяси…

Әйел жамбас астауының,жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы, СӨЖ

Тақырыбы Әйел жамбас астауының,жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы Босану жолдарының негізін жамбас қуысы…