Реферат

Тақырыбы: Иннофациялық жоба

  1. Инновациялық жоба түсінігі, түрлері;
  2. Инновациялық жобаның өмірлік циклы.

 

  1. Инновациялық жоба түсінігі, түрлері

Инновациялық  жоба дегеніміз  – бұл ғылыми зерттеу, тәжірибелік конструкторлық, өндірістік, ұйымдық, қаржылық және тағы басқа шаралардың жиынтығынан тұратын өзара байланысты мақсаттар мен бағдарламалар  жүйесі және олардың жетістіктері. Бұл жүйе жобалық құжаттама жиынтығына сәйкес келу керек және нақты ғылымы техникалық мәселенің тиімді шешімін қамтамасыз ету қажет.

Инновациялық жобаның қатысушылары:

  1. тапсырыс беруші;
  2. өңдеуші;
  3. инвестор;
  4. құрылтайшы, гарант;
  5. ғылыми- техникалық кеңес;
  6. лизинг компаниясы;
  7. жобалаушы;
  8. ұйымдық орындаушы;
  9. инвестициялық және инновациялық қорлар;
  10. банк;
  11. қаржылық кеңесші;
  12. сақтандыру компаниясы және басқалары.

Инновациялық жобалау процесі 3 кезеңнен құралады:

  1. инвестицияламай тұрып құрылған лаг (инновациялық жобаны дайындау);
  2. инвестициялық лаг (жобаның орындауы);
  3.  өндірістік лаг (жоба объектісінің шаруашылық қызметі, эксплуатациялық фаза).

Жобалардың түрлері:

— мегажоба- бірыңғай мақсатпен, қорлармен және орындалу мезгілдерімен біріктірілген, өзара байланысқан жобалардың орындалуын шамалайтын мақсаттық бағдарлама (басқарудың ең жоғарғы  деңгейлерінде орындалады);

— мультижоба — концепциялардың ары қарай өңдеп дамуы мен базар механизмдерінің функционалдығына көшуіне байлынысты нақты бағдарлама;

— моножоба — нақты мақсатпен белгіленген және қатал уақыт пен қаражаттың шектелуімен байланысты орындалатын жоба.

Инновациялық жобаның классификациялары.

  1. Шешімдердің деңгейіне қарай:
  2. a)     ұлттық
  3. b)    президенттік
  4. c)     аймақтық
  5. d)    салалық
  6. e)     бөлек кәсіпорын шешімдеріне байланысты
  7. Жобаның мақсаттық мінемездемесіне қарай:
  8. a)     соңғы
  9. b)    аралық
  10. Сату аралығына қарай:
  11. a)     ұзақ мерзімді
  12. b)    орта мерзімді
  13. c)     қысқа мерзімді
  14. Инновацияның түріне қарай:
  15. a)     жаңа өнім
  16. b)    өндірістің жаңа түрі
  17. c)     жаңа нарық
  18. d)    жаңа қайнар көзіне қарай
  19. e)     басқарудың жаңа құрылымына қарай
  20. Инновациялық жобаның өмірлік циклы.

Экономикада жаңалықтар, әдетте, тұтынушыда кездейсоқ жаңа қажеттіліктер туындағаннан және өндірісті қайта бағыттағаннан кейін емес, маркетингтік зерттеулердің арқасында өндірістің өзі тұтынушыларды жаңа қажеттіліктерге үйреткеннен кейін ендіріледі.

Инновациялық жобаларды жүзеге асру – ұзақ мерзімді, қаржыны көп қажет ететін және тәуекелділігі өте жоғары үдеріс. Тәжірибеге сәйке инновациялық жобаларды жүзеге асару мынадай кезеңдерден тұрады: инновация алдыңғы, инвестициялық және эксплуатациялық.

Әрбір кезең өз мақсаттарымен ерекшеленеді. Инновациялық жобалар инновациялық кезеңдерде жоғары деңгейдегі белгісіздікпен сипатталады. Бұған қоса инновациялық циклдің  барлық кезеңдеріне сутті өткен жобалар өндіріс үдерісі кезінде нарықпен қабылданбауы мүмкін. Сондықтан жобаны жабуға тура ке леді. Көп жобалар инновациялық циклдің алғашқы кезеңдерінде табысты өткенімен, кейінгі уақытта техникалық, технологиялық себептер бойынша күйреуі мүмкін. Тіпті ең табысты жобалар да келеңсіздік оқиғалардан сақтандырылмайды: кез келген уақытта нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі мүмкін.

Кезең Мәні
Жобаның инвестиция алдындағы кезеңі
Жобаның инвестиция алдындағы зерттелуі. Нарыққа бағытталған инновациялық өнім идеяларын іздеу. Жобалық – зерттеу жұмыстарын жоспарлау.
Инновациялық маркетинг тік зерттеулер. Инновациялық өнімнің маркетинг тік бағдарламасын жасау
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу Компанияның инновациялық мүмкіндігін талдау. Әлеуетті инвесторларды іздеу.
Жобаның технико – экономикалық негіздемесі Жобаның алдын-ала қаржылық тиімділігін жспарлау. ТЭЖ қиыстыру, сараптама және бекіту
Инновациялықтжобаларды таңдау мен бағалау Инновациялық жобаларды сындарлы, талдау негізінде таңдау мен бағалау
Жобаның бізнес – жоспарын даярлау Таңдалған жба бойынша бизнес-жоспар
Инвестициялық кезең
Инновациялық жобаны сараптау Инвесторлардың жобаны инвестициялауның мақсаттағы мн қаржыландыру көлемін анықтау.
Инвестициялық шешім Инвестициялау туралы түбегейлі шешім қабылдау. Жобаны қаржыландырудың бір інші кезеңі.
Ғылыми зерттеулер Жаңа өнімінің ғылыми-зерттелуі мен тәжірибелік конструкторлық әзірлемесін, жаңа өнім үлгісі мен моделі жасау.
Эксплуатациялық
Инновациялық өнім өндірісінің басталуы Жаңа өнімнің өндіріске енгізілуі. Жаппай өндірісті қалыптастыру.
Инновацияның нарықтық жүзеге асырылуы мен диффузиясы Инновациялық өнімді өткізу. Пайда табу
Инновациялық жобаның аяқталуы Салынған қардыны қайтару мен пайда табу

Бірінші кезеңде мынадай қызметтер орындалады:

  • Нақты идея мен нақты инновациялық жобын таңдау;
  • Өнімнің толық технико-экномикалық қалыптасуы мен негізделуі;
  • Маркетингтік зерттеулер жүргізу, инновациялық өнімнің әлеуетті нарықтарын анықтау;
  • Әлеуетті инвесторлармен келісім жүргізу.

Бұл кезең бизнес- жоспар жасалумен аяқталу керек.

Екінші кезең жобаны қардыландыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуі туралы шешім қабылданумен байланысты. Қаржыландыру туралы шешім қабылданғанда бірнеше жобаның ішіен тиімдірегін таңдау қажет екенін ескеру қажет. Сондықтан иновациялық жобаларды сараптау қажет. Сараптама нәтижесіне байланысты инновациялық жобаны қаржыландыру көлемі туралы шешім қабылданды. Осы кезеңде инновациялық жоба нарықтық сынақтан өтеді. Бұл кезең алкен шығындарды талап етеді, себебі жолоба өз қаражаты есебінен дамуын қамтамасыз ете алмайды. Тек үшінші кезеңде инновациялық өнім өндірісі мен сатылуы басталғанда жобаға салынған инвестицияның қайтарымдылығы басталады.

Инновациялық жобаның өмірлік циклы дегеніміз –идея туындағаннан біткенге дейінгі уақыт және ол белгілі бір фазалар мен кезеңдерді қамтуы мүмкін.

Жобаның мінсіз өмірлік циклы болатындай, ешқандай іс – әрекет пайда болған жоқ.  Кейбір ұйымдарда жобаның өмірлік циклы барлық жобаларға қолдана береді, ал кейбір ұйымдарда әр бөлімшелерге өздері жобаның өмірлік циклон таңдауға рұқсат берілген.

Жобаның өмірлік цикліне бірнеше факторлар әсер етеді. Соның ішіндегі ең негізгі төрт фактор:

Инновациялық жобаның өмірлік цикліне әсер ету деңгейі бойынша рейтинг:

  • Жоба түрі – ең үлкен әсер ететін;
  • Қаржылық мүмкіндіктер – келесі фаткор;
  • Жобаның жүзеге асуының технологиялық ерекшеліктері – үшінші позиция;
  • Таңдап алынған стартегияның жүзеге асуы – соңғы фактор.

Инновациялық жобалардың өмірлік циклы іргелі және қолданбалы сипаттағы зертеулерден басталады. Әдетте, іргелі зерттеулер, оның концепциялары мен теориялары академиялық институттара, жоғары оқу орындарында, салалы мамндандырылған институттар мен зертханаларда жасалады. Іргелі зерттеулері қаржыландыру негізінен мемлекеттік бюджеттен қайтарымсыз негізде жүргізіледі.

Қолданбалы сипаттағы зерттеулер тәжірибелік бағытқа негізделеді және барлық ғылыми орталықтарда жүзеге асырылады және оның қаржыландырылуы бюджет есебінен де, тапсырыс берушілер есебінен де жүреді. Қолданбалы зерттеулер нәтижесі әрдайым болжамдарға сәйкес болмайды және белгісіздік белгілері көп, сонымен қатар салынған капиталдан айырылу тәуекелдігі жоғары.

Келесі тәжірибелік конструктрлық әзірлемелер болып табылады. Бұл зерттеу мамандандырылған лабороторияда, конструкторлы бюроларды, тәжірибелік өндірісте, өндірістік кәсіпорындардың ғылыми- өндірістік бөлімдерінде жүзеге асырылады. Қаржжыландыру мемлекеттік негізде немесе ұйымның  өзінің капиталынан да жүре береді.

Жаңа өнімді жасау нақты маркетингтік бағдарлама құру: өнімнің атауын анықтау; тауарлық белгісін; безендіруін; қабын анықтау. Сонымен қатар бұл кезеңде жаңа тауар шектелген нарықта үш ай мерзімді бойында бағасы, сапасы және коммерциялық шарттары бойынша сынақтан өткізіледі.

Соңғысы коммерциялизациялау үдерісі жүзеге асады. Яғни өнімді нарыққа шығару.

Инновациялық жоба келесі кезеңдерді қамтиды:

  • инновациялық идеяның қалыптасуы инновациялы идеяның пайда болу және жобаның генералдық мақсаттарының қалыптасу үдерісі;
  • жобаны жасақтау жобаның негізгі мақсатына шешімдерді іздеу  және жобаны жүзеге асыру бойынша уақытының, ресурстарының және орындаушылардың өзара тәуелділіктердің қалыптасу үрдісі;
  • жобаның жүзеге асырылуы жоба бойынша алға қойылған мақсаттарға сәйкес  жұмыстардың орындалу үрдісі;
  • жобаның аяқталуы соңғы нәтижеге қол жеткізіп, келісім шартта тоқтату үдерісі. Мұнда тапсырыс беруші күткен нәтижені қолына алуға тырысады. Осылайша жаңа жобаның өмірлік циклы аяқталады.

Жаңа өнімнің өмірлік циклінің негізгі кезеңдері:

  • Жаңа өнімнің зерттемесі;
  • Нарыққа шығару;
  • Нарықта дамуы;
  • Нарықта тұрақтану;
  • Нарықтың өрлеуі;
  • Нарықтан төмендеуі.

Жаңа өнімнің зерттемесі – өндіруші инновациялық үрдісті ұйымдастырады. Бұл кезеңде капитал салымы жүзеге асырылады.

Нарыққа шығу – бұл кезеңде жаңа өнімнің нарыққа шығуын көрсетеді. Жаңа өнім ақша алып келе бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы интенсивті жарнамаға және инфляция деңгейі мен сатудағы жұмыстың тиімділігіне тәуелді болып келеді.

Нарықтың дамуы – нарықтағы жаңа өнімнің сату деңгейінің көтерілуін көрсетеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы жаңа тауардың белсенді түрде сатылады.

Нарықта тұрақтану – бұл кезеңде нарық бұл тауармен толып, сату көлемі белгілі бір шекке жетті.

Нарықтың өрлеуі – өнімнің шығарылуы азады, нарықта ұқсас тауарлар келіп, бәсекелестік күшейе бастайды.

Нарықтың төмендеуі – сату көлемі азайып, нарық инновациялармен толтырылады. Осылайша, саланың өмірлік циклі процесінде инновациялық өнімді технологиялық процестер ығыстырады. Сөйтіп, өнім нарықтан шығады. 

Инновациалық қызмет және и маркетинг

                                                    Енгізу                  Өсу               Өсудің баяулауы                                                    Төмендеу

Сату көлемі

Ғылыми және ғылыми-

техникалық негізділігі                                                                                  Пайда көлемі

Жаңалықтарды құру

 1-ші кезең  2-ші кезең 3-ші кезеңТ                                                  Инвестициялар

Инвестициялардың қайту мезеті

   ҒЗЖ             ҒЗЖ           ТКЖ

   фунд.          қолданб.

Жаңалықтарды коммерциализациялау

4-ші кезең

Бюджеттік

қаржыландыру                                   Қатерлі инвестициялар                                              Өндіріске инвестиция салу

Жаңалықтардың өмірлік кезеңі

Теория мен тәжрибеде инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің сатыларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ, әсіресе қызмет түрлеріне қатысты.

Осыған сәйкес біз инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңінің төрт сатысын бөліп қарастырамыз: зерттеу және құрастыру; дайындау (жасау); айналу және сату; қолдану және тұтыну (2-ші сурет).

Халықаралық тәжрибеге сәйкес (ИСО 9004) инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңі бұдан да көп сатыларға бөлінеді:

  • Маркетинг
  • нарықты іздеу және зерттеу;
  • жобалау және (немесе) технологиялық талаптарды құрастыру; өнімді құрастыру;

материалдық-техникалық жабдықтау; өндірістік процесстерді дайындау және құрастыру; өндіру;

бақылау, сынақ пен тексерулер жүргізу; қаптау және сақтау; өнімді сату және тарату; монтаждау және қолдану; техникалық көмек және қызмет көрсету; өнімді пайдаланғаннан кейін жою.

Инновациялардың формаларының көптігі инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің құрамы мен мазмұнына қатысты бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, инновациялық процесстің негізгі кезеңдерін, оның негізгі құрам бөліктерін қарастыру арқылы анықтауға болады.

Келтірілген концепциялар негізінде инновациялық жобаны жалпы құру мен жүзеге асырудың келесі негізгі кезеңдерін жүйелеуге болады:

  1. Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру;
  2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
  3. Келісімшарттық құжаттарды дайындау;
  4. Жобалық құжаттарды дайындау;
  5. Құрылыс-монтаж жұмыстары;
  6. Объектті пайдалану;
  7. Экономикалық көрсеткіштер мониторингі.

Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру кезеңі деп ойланған әрекеттер жоспарын айтады. Бұл кезеңде, алдымен, инвестициялардың объектісі мен субъектісін, олардың формалары мен көздерін анықтау керек.

Инновациялық жобаның екінші кезеңінде инвестициялардың келесі формалары пайдаланылады:

  • Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мақсаттық салымдар, айналымдағы қаржылар, құнды қағаздар, мысалы, акциялар мен облигациялар, кредиттер, несиелер, кепілдіктер және т.б.);
  • жер;
  • ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және сынау құралдары, өндірісте қолданылатын және ликвидтігі бар басқа да кез келген мүлік;
  • әдетте ақша эквивалентімен өлшенетін, мүліктік құқықтар.

Инвестициялардың негізгі көздері:

  • өзіндік қаржылық қаражаттары, басқа да актив түрлері (негізгі қорлар, жер телімдері, өнеркәсіптік меншік және т.б.) және тартылған қаражаттар;
  • республикалық, аймақтық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылар;
  • біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына қаржылық немесе басқа да формада берілген, шетелдік инвестициялар;
  • әртүрлі формадағы несиелік қаражаттар, соның ішінде, мемлекеттік кредитер, шетел инвесторларының кредиттері.

Инновациялық жобада ұзақ және орта мерзімдік инвестициялар анықтаушы роль атқарады, өйткені инновациялық процесс орта есеппен 3-5 жылға және одан да көпке созылады.  ҚР Ұлттық Банкінің мамандарының бағалауы бойынша инвестициялардың реккордтық ағылуы шетел компанияларынң беретін несиелердің тұрақты жоғары көлемінің сақталуымен де, реинвестициялардың едәуір өсуімен де байланысты. Тікелей инвестициялардың шамамен 70% мұнай және газ өндіру саласына, геологиялық және іздестіру әрекеттеріне жұмсалады .

Нормативтік                   Республикалық                         Үкімет                                            Мемлекеттік

база:                                 мақсаттық                                 қаулысы                                         инвестициалық

бағдарламалар                                                                                   бағдарлама

Бақылаушы                     Ведомстволар – мемле-              Қаржы                                           Экономика

органдар:                        кеттік бағдарламаларға             министрлігі                                 министрлігі

тапсырыс берушілер

Мемлекеттік емес                        Кепілдік                                         Мемлекеттік

инвестициалық                            қор                                                   инвестициалық

қорлар                                                                                                 қорлар

 

Үкімет агенттері

 

 

 

 

Идея генерациясы

 

 

Техникалық іске асу мүмкіндігін тексеру

 

 

 

 

Тәжрибелік үлгі жасау

 

 

 

Кешендік сынау және техникалық сипаттарын жетілдіру

 

 

 

Нарықты тексеру

Кең көлемдегі өндірісті ұйымдастыру

 

 

 

 

 

Нарық

экспансиясы

 

 

Нарық қажеттілігін талдау

 

 

     Кең көлемдегі

        маркетинг

 

 

 

You May Also Like

Экономикалық теорияның негізгі қалыптастыру кезеңдері, реферат

        Тақырыбы:  Экономикалық теорияның негізгі қалыптастыру кезеңдері Реферат Кіріспе———————————————–1-2…

Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы, реферат

Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы Жоспары: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім Қазақстанда қор…

Бизнес жоспар, реферат

Мазмұны Кіріспе 1.1Маркетингтік  зерттеулердің  мәні Кіріспе Адамзаттың  бүкіл  тарихында  әрбір  қоғам  ресурстары …

Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының  2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары, реферат

      Қостанай облыстық  аслихатының 2008 жылғы №       шешіміне 1 –…