Тақырыбы:  Экономикалық теорияның негізгі қалыптастыру кезеңдері
Реферат

Кіріспе———————————————–1-2

Негізгі бөлім :

1 Экономикалық теорияның негізгі қалыптастыру кезеңдері

1.1  Ежелгі дүниедегі  және ортағасырдағы экономикалық ой-пікірлер­___

1.2 Меркантализм ілімі ————————————————————- ____

1.3 Физиократтар ілімі—————————————————————____

1.4 Петтидің ілімі ———————————————————————____

11 Классикалық экономикалық ілімдер

2.1 А.Смиттің экономика ілімдері————————————————____

2.2 Д.Рикардоның классикалық ілімі——————————————–____

111 Қазіргі таңдағы экономикалық ілімнің даму бағыттары

3.1 Маржиналистер теориясы—————————————————–____

3.2 Кейнсияндық өкілдер———————————————————–____

3.3 Институциянализм бағыты—————————————————-____

1.1 Ежелгі дүниедегі экономикалық  ой – пікірлерді ақындардың , философтардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қалдырып кеткен көптеген әдеби мұраларынан көруге болады. Бұл дәуірде экономикалық ілім екі түрлі қауымдастықта пайда болды , атап айтсақ :

А) Өте ертедегі  құл иеленушілік қоғам  – Шығыстың құл иеленушілік қауымдастығына байланысты экономикалық ой – пікірлер.

Б) Кейініректегі немесе антикалық құл иеленушілік қоғамға байланысты ой – пікірлер.

Бұл екі қауымдастықтың өмір сүруінде өзіндік ерекшеліктері болды.

А) Шығыстың құл иеленушілік адамзат қоғамы тарихындағы ең алғашқы қоғамдық құрылыс болды. Бұл қоғамдық құрылыста тіршілік етушілер құл иеленуші мемлекеттер боды. Бұл елдерде жерге және басқа да өндіріс құрал – жабдықтарына, сол сияқты құл иенушілердің қауымдық шіркеулік және мемлекеттік түріндегі ұжымдық меншік басым болды. Бұл ерте кездегі шығыстың құл иеленушілік елдерінде өркен жайған мәдениет Еуропа елдеріндегі халықтардың дамуына үлкен әсерін тигізді. Енді ежелгі шығыс өркениетіндегі экономикалық ой – пікірлер туралы ескерткіштер мен қарапайым түсініктерге тоқталайық.

Ежелгі Египет елінде адамзат тарихында ерекше орын алатын экономикалық ой – пікірдің екі ескерткіші белгілі.

Оның біріншісі шаруашылықты мемлекеттік басқару мен басшылық жасау «ережелерін» игеру әкімдер үшін өмірдің  барлық сияқты өте маңызды болып келеді деп көрсетілген. Алекіншісіоныңбасты идеясы «қарапайымды-лардың»  байып кетуі мен елде азамат соғысының басталуынан аман болуы үшін несиелік іс – әрекет пен қарыз кіріптарлығын бақылаусыз қалдыруы болмайтын  туралы қағидалар болып табылады.

Аристотельдің экономикалық көз –қарасы  :

Аристотель байлықты екі түрге бөлді: натуралды және ақша түріндегі байлық.

   Натуралды байлық – нағыз байлық болып табылады. Байлық тұтынушылыққа тән бағалықтардың бірі болады да оның шегі болды, ал тұтынушылықтың шегі болмайды. Ал ақша байлығының ешбір  шегі жоқ, осыған орай иелену өнері екі бағытта болады. Бірінші бағыттың мақсаты – қажеттілікті қанағаттандыру. Ал екінші бағыттың мақсаты ақшаны жинау, ақшалық қорларды көбейту. Натуралды байлықпен айналысатын ғылым саласы «экономия» («oikos» – үй шаруашылығы, «nomos» – заң ) деп аталады да ал ақшалық байлықты қарасытырушы ғылым саласы  – «хрематистика» ( «hrema» – иелік етуші, әл-ауқатты) деп аталынады. Аристотель хрема-тистикалық объектіге теріс көзқараста болды.Экономия хрематистикалық объектіден алынбайтын қамалмен бөлініп тұрмайтындығын жақсы түсінеді, бірі екіншісіне ұласады. Әрбір игілік екі жақты тұтылуы мүмкін;

1)    Табиғи тұтынушылық  – осы қолда бар иелікпен мұқтаждықты тікелей қанғаттандыру: ет желінеді, киім киіледі т.б.

2)    Табиғи емес тұтынушылық – айрбас үшін қызмет етілді. Бірақ айырбас адамға керекті қандай бір болмасын игілікті алу үшін қызмет етсе  онда ол экономия өрісіне жатады. Егер айырбас мақсаты кәдімгі ақшаға айналу болса, онда бұл – хрематистика өрісі болады.

Сөйтіп ол экономияға натуралды шаруашылықты ғана ендіріп қоймай, қаншалықты деңгейде тұтыну мүддесіне сай келетін, соншалықты деңгейде сауданы да экономия саласы деп есептейді.

Аристотель – хрематистикаға мақсаты ақшалай олжа табу мен өсімқорлық болаты ірі сауда саттықты жатқызады. Өсімқорлықты ол табиғаттағы ең жиренішті нәрсе деп есептейді. Сонымен бірге ол экономияда ақша айырбас құралы болса, ал хрематистикада  ақша мақсатқа айналады да ақша ақшаны туғызады.

1.2  Экономика ілімінің басты бағыты меркантилизм болды.Қысқаша бұл бағыттың мәнін былайшы қорытындылауға болады: экономикалық саясатта – ел ішіндегі және мемлекеттік қазынады бағалы метелдарды жаппай қорландыру . Теорияда экономикалық заңдылықтарды айналыс саласынан іздестіру. Сауда капиталының басты принципі – қымбатқа сату үшін сатып алу, айырмасы бағалы сары метелл формасында көрініс алады. Меркентилизмнің мемлекеттен де данагөйлігі шеттен тасып алғаннан гөрі шетке көбірек сатуды уағыздауы. Меркантилизмнің буржуазиялық политэкономияның алғашқы мектебі ретінде, экономикалық саясат жүйесін теориялық негіздеуге ұмтылыс жасады. Теория мен практиканың бірлігі  ретінде меркантилизм мынадай екі бағытпен сипатталады:

І. Байлық ақшамен шатастырылды. Меркантилистер ақшаның тауармен байланысын жете білмегендіктен байлықты айырбас құнына қарама – қарсы қойды

ІІ. Ақшалай байлықты қорлануы  үкімет көмегімен жүзеге асырылады, өйткені уақыт өткен сайын армияны нығайту, Сарай маңындағы тәртіпті күшейту үшін ақшаға деген қажеттілік те өсе түседі. Осылармен байланысты мемлекет тиісінше экономикалық саясатты ұстанады, оны жүзеге асырудың тетіктерін ойластырады.

Сауда буржуазиясының мүддесіне ерте меркантилизинің көрнекті өкілі Стаффорд былайша сипаттайды: «Шетелдіктермен саудаласқанда бізден сатып алғандардың барлығы бізден біржолата кетеді» (әкелетін тауарлары үшін ақшалай төлем) , қайта, біз ағылшындықтар бір – бірімізден сатып алғанымыз үйде ел ішінде қалады.

Ерте меркантилизм шығармаларының орталықты мәселесі «ақша балансы, жүйесі., ол болса таза заңды жолмен ақшалай байлықты молайтуға бағытталған саясатты жақтайды».

Мемлекеттің сол кездегі басты шаралары мынадай болды:

І. Айналыстағы алтын мен күмістің аздығымен байланысты, шетелге ақша шығаруға тыйым салынды. Валютамен сауда жасау мемлекет монополиясы деп жарияланады.

ІІ.Шетелден ақшаны көп түсіру мақсатымен шетелдіктер сатқан тауарларына түскен ақшалай соманы жергілікті тауарларды сатып алу міндеттілікке айналды. Меркантилизмнің өзекті мәселесі ротенционистік экономикалық саясатты қолдайтын «сауда балансы жүйесі» болды. Осы мемлекеттің ірі өкілдерінің бірі Томас Мэн былай деп үйретті: «біздер мынадай бір ережені қатаң сақтауымыз керек: шетелдіктерге жыл сайынғы сататынымыз олардан сатып алатынымыздан көп болуы керек».

Томас Мэн ұсынған қағида сол кезде қандай маңызды болса бүгінде осыны ескеру керек. 90 жылдардың басында тіпті 2000 жылға дайін республика бойынша сыртқы айналымда импорт экспорт импорттан 1,5 есе асып түсіп Жалпы сыртқы айналым 21,5 млрд долларға жетті.Активті сауда балансының қамтамасыз етудің тарихы белгілі болғандай екі үрдісі ұсынылды: Сыртқа шығару жүйесінің шаралары. Ал біріншіден баж салығын қайтару, жергілікті тауарларды сыртқа шығарумен байланысты шығындар және реэкспорт, яғни сырттане әкеліп, қайта шетке шығарудан оны әкелу шығындарын қайтару.

Екіншіден, мемлекет шет  мемлекеттермен келісім шартқа отырады, онда аралық сауданы баж салығынсыз жүргізу немесе өз тауарын сатуда басқа елден әкеліп қайтадан шетке шығарумен салыстырғанда үлкен ұтысқа ие болады.

Үшіншіден,Сыртқы рынокта үлкен сұранысқа ие болатын тауарларды өндіруші кәсіпорындарға мемлекет сый–ақы беріп отырады. Ал шеттен әкелетін тауарларды реттеуді  үкімет өте жоғары салықты белгілеу арқылы немесе қажетсіз деп танылған тауарларды әкелуге заң жолымен тыйым салынады.

Меркантилистер, экономикалық категориялардың қандай болатыны туралы міндеттер қойған емес. Буржуазиялық өндіріс тәсілінің теориялық негізінде меркантелистік жүйе экономикалық құбылыстарды айналыс саласындағы сауда қозғалысын қарастырады, бұл шектеулікті зерттеу әдісінің үлгісі жетілмегенің көрсетеді.

Кейінгі дамыған меркантилизмдердің методологиясы мен экономикалық көзқрастары ерте меркантилизм мен даму дәрежесінің тереңдігімен , жоғарлылығымен, өзгеше.

Кейінгі дамыған меркантилизм өкілдерін ақшалай байлықтың қорлануын коммерциялық және монофактуралық қызметпен байланысты араластырды. Сондықтан байлықты олар елдің қажеттілігін  өтегеннен артылып қалған өнімдерді түсінді,соңғысы сыртқы рынокта ақшаға айналады. Томас Мэн бұл туралы: жақсы  тұру, гүлдену, баю үшін  біз артық өнімдерді сатудың әдістерін табуымаз керек.  Жалпы меркантилистер тауар құнының мөлшері сол тауарға  беретін ақша санымен анықталады деді.

1.3  Экономикалық өмірдің бүтіндей теориялық концепциясын құрушы алғашқы идеялардың жиынтығын ұсынған физиократтар  мектебі. Осы мектептің негізін қалаушы француз ғалымы Францка Кенэ болды. Кенэ осы ілімнің негізін салып қана қоймай оның экономикалық және саяси бағыттарын да қалыптастырды. ХVІІІ ғасырдың  ортасында Англия өнеркәсіп өндірісінде төңкерістер жүріп , әлемдік рынокты жаулап алу деңгейінде болғанда Францияда әлі феодалдық аграрлы елдердің қатарында еді. Ауыл шаруашылығы бұл кезде ауыр салықтар әсерінен дағдарыс жағдайында болды. Сондықтан экономикалық көзқарастырдың, пікірталастар мен қайшылықтардың назарында ауыл шаруашылығы ел байлығын қамтамасыз етуші жалғыз өндіруші сала ретінде түсінді. Ал өнеркәсіп саласын физиократтар өнім бермейтін салаға жатқызды.

Физиократтар мектебінің негізін қалаушы Т.Кенэ жайлы айтсақ ,Кенэ алғашқы рет «таза өнімді» есептеудің жолын және ол өнімнің ауыл шаруашылығында өндірілетінін көрсетті. Ол өндіріс шығындарын есептей отырып өндірілген өнімнің құнымен басқа да шығындардың айырмасан таза өнім екендігін анықтады. Сонымен қатар ол таза өнімді иеленуші  кластан табыс салығын алу туралы идеяны ұсынушы. Ағылшынның классикалық буржуазиялық саяси экономикасының айырмашылығы Кенэ ең бірінші кезекте өнеркәсіп өндірісін, соның ішінде ауыл шаруашылығын талдады, әрі бұл саланы өнімді саланың жалғыз түріне жатқызады. Меркантилистерден айырмашылығы ол ақшаны байлық көзіне жатқызбады, оны айырбастың делдалы ретінде түсінді.

Физиократтардың теориялық ілімінің негізінде «табиғи тәртіптілік» жатыр. «Табиғи тәртіпті орнататын, нақты заңдар адамдар үшін пайдалы, олар адамның табиғи құқығын дәл анықтайды, олар мәңгі әрі тұрақты, олардан басқа қандай заңдар болуы мүмкін» – дейді  Ф. Кенэ. Ол сонымен қатар, «адамдардың табиғи құқығы шамамен адамның өзінің пайдалануына жарайтын заттарына деген құқығымен анықталуы мүмкін» – деген пікірді айтады. Бұдан туындайтыны физиократтар қоғамды тірі организм , ал экономикалық өмірді ішкі заңдылықтарға толы табиғи процесс түрінде қарастырады. Физиократтардың экономикалық теориясында маңызды орындардың бірін «таза өнім» немесе «қосымша өнім» туралы ілім алады. Меркантилистерден айырмашылығы «таза өнімнің» айналыс саласында емес, маериялдық өндіріс саласында жасалатндығына көз жеткізіп оның экономикалық талдануын сол салаға көшіру арқылы капиталистік өндірісті талдаудың негізін салды. Бұл туралы Кенэ «сауда бар болғаны заттардың алмасуы, ол еш уақытта байлық көзі бола алмайды» – дей отырып, егін шаруашылығында жоғары еңбек өнімділігін енгізеді. Қосымша құнды тудыратын еңбек қана өнімді еңбек бола алады деген дұрыс шешімге келді.

Кенэ айналысқан басты проблема қазіргі тілмен айтатын болсақ, экономиканың дамуын қамтамасыз ететін негізгі халық шаруашылығының проблемасы.Кенэ идеялары рыноктік экономика тұсында да біздің еліміз үшін, басқа да мемлекеттердің сала аралық  байланысының негізін қалайтындығында ешбір күмән жоқ. Бұл баланстар өндірістік сала аралық байланыстарды  дәл сипаттап, экономиканы басқарып ұйымдастыруда аса маңызды рөль атқарады.

Анн Робер, Жак тюрго физиократтардың ішінде маңызды орынға ие. Тюргоның өндірістік қатынастарындағы таптық құрылым түсінігінде Кенэге қарағанда ілгерілеушілік байқалды. Ең бастысы ол Кенэнің қоғамды үш тапқа бөлген идеясын одан әрі дамытты. Мұндағы ерекшелік Тюрго фермерлермен өнеркәсіп өкілдерінің құрамын жұмысшылар мен капиталистерге бөліп қарастырды. Сонымен қатар Тюрго фермерлер тобын осындай екі деңгейге бөліп қарастырады.

Бес топтан тұратын бұл қоғамның модельі Кенэ құрған үш топтың модельіне қарағанда шынайылылыққа жақын. Себебі бұл модель Тюргоны қоғамның байлық көзін тек қана ауыл шаруашылығынан іздеген физиократтармен салыстырғанда осы байлықты жалпы материялдық өндіріс пен байланыстырған ағылшын классиктеріне жалғастыратын көпір секілді болды. Бұл тұрғыдан оның басты жетістігі «өнімсіз» топқа жататын жалдамалы еңбекке талдау жасады. Яғни қарапайым еңбек иелері өндіріс құрал – жабдықтарынан айырылған, ал олардың жалғыз табыс көзі тек алатын жалақысымен шектелген. Жұмысшылардың жалғыз күнкөріс көзінің бір түрі жалақыны Тюрго өндіріс құрал жабдықтарын меншіктеуші мен жұмысшылардың арасындағы айырбас процесін реттеуші зеңдылық тұрғысынан көрсетеді.

Тюрго нарықтағы бағаның қалаптасу процесін зерттеген ол бағаны негізгі және ағымдағы  деп бөледі. Алғашқысы, жұмысшының затты бағалау құнынына тең, ал одан әрі төмен бола алмайды. Ал ағымдағы баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арқатынасына байланысты қалыптасады.

Тюрго ақшаны тауар желісімен байланыстыра білді. Әсіресе алтын мен күмістің  басқа тауарлардың құндылығын толық аша алмады. Себебі ақшаның қажеттілігінің тауардың ішкі қайшылықтарынан туатынын ажырата алмады. Ол ақшаны айырбасты жеңілдететін техникалық құрал ретінде ғана қарастырды.

1.4    Петтидің экономика ілімін қалыптастырып дамытудағы орны ерекше өз дәуіріндег барлық экономистер секілді  Петти де өз еңбектерін жариялай берген. Оның өзіне таңған үлкен еңбегі саяси арифметиканы статистиканы ойлап шығаруы, әріптестері осы арқылы оның еңбегін бағалаған. Шын мәнінде оның еңбегінің орны ерекше: құн, ренте, жалақы, еңбек бөлініс және ақша тауарлары ойлары арқылы ғылыми экономиканың  негізін қалаған. Петти шын мәнінде құн заңын тұжырымдайды. Оның түсінігінде бұл заң аса күрделі жағдайда, тек жалпы тенденция ретінде әрекет етеді. Мұны мынадай фразадан көруге болады: «өзі мақұлдағандай құнды салыстырудың негізгі мәні де осында. Мойындайтын бір жай бар, оның негізінде  дамитын қондырма – өте күрделі әрі көп жақты».

Еңбек шығындарының мөлшерімен анықталатын айырбас құнымен нақтылы рыноктік баға арасында көптеген аралық буындар бар, осылар бағаның қалыптасу процесін күрделендіреді. Петти бағаның кұрылымына әсер етеін кейбір факторларды керемет көрегендікпен атады және онымен қазіргі экономистер санаса білуі керек. Олар: тауар орнына қолданушы ықпалы, жаңа тауарлар, мода, тұтыну дәстүрі т.б. факторлар.

Петти құнның көзі еңбектің өзіне талдау жасауды алғашқы қадам жасады. Өйткені еңбектің әрбір нақтылы түрі, нақтылы игіліктерді өндіреді, яғни тұтыну құнын: диханшы еңбегімен астықты,тоқушы матаны т.б., ал Петтидің арифметикалық (статистика) саясат еңбегіне келетін болсақ, бүгінде кез –келген мемлекетті статистикасыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сонымен қатар Петти көрегендікпен елдің ұлттық табысы мен ұлттық байлығын есептеулің маңыздылығын көрсете білді. Ал қазіргі статистика мен экономика оның аса мәнге ие болып отырғанын айтпаса да түсінікті. Петти тұңғыш рет Англияның ұлттық байлығын есептеп, оны 250 миллион фунт стерлинг деп бағалап оны халықтың қолында қорланғын 417 миллионға қосып есептеуді ұсынды. Халық тұрмысының жоғарылағаны соншалықты, ол ұлттық байлықтан 1,6 – 1,7 есе жоғары болып отыр. Бір қарағанда ғажайып идеяның бұдан да терең болуы мүмкін. Петти өндіргіш күштердің жеке элементінің көлемін анықтау әдісінде еңбек қабілеті, амал – айла әркетін, техниканы күш қуатты ескерген. Петти Англияның ұлттық табысын есептеп шығарды деген. Осы қазіргі ұлттық есептеу бастау алып қалыптасқан. Осының негізінде жинақталған формада белгілі бір дәлділік кез – келген елдің өндіріс көлемін өндірілген өнімнің тұтынуға, қор жинауға, экспортқа бөлінуін, қоғамдағы негізгі таптар мен топтардың табыс дәрежесін анықтауға болады.

Сонымен қатар 1682 жылы Петти ағылшын монетасын қайтадан бедерлеу туралы нақтылы таласқа байланысты «ақшалар туралы әртүрлі ойлар» және «ақшалар туралы бірен саран ой» деген атпен кішігірім жұмысын жария етті. Петти еңбек құн теориясы тұрғысынан пайымдай отырып, ақша жиыны эквивалент (балама) қызметін атқарып ерекше тауар деп көрсетті.Оның барлық тауарлар құны сандық тұрғыдан бағалы металлдарды өңдеуге кеткен шығындардың көмегімен өлшенеді, ал айналысқа кеткен ақша мөлшерлері сауда төлем айналымының көлемі мен , оның бағасымен, ақшаның айналым жылдамдығымен анықталады. Ақша және несие теориясы Петтиден кейін бірнеше ғасыр бойы оның идеясының негізінде пікірталас төңірегінде өрбуде.

2.1    ХХІ ғасырдың 3 жылы политэкономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смиттің  туғанына 280 жыл, ал «Халықтар байлығының» еңбегінің жарық көргеніне 227 жыл толды. Экономика ілімінің тарихында бұл елеулі оқиға. Өяткені Смиттің политэкономияның жеке дара ғылым ретінде дамытудағы орны ерекше. Дәуір, замана талабы өзіне қажетті адамдарды дүниеге әкеледі. Капиталистік шаруашылықтың дамуымен байланысты ағылшын политэкономиясы экономикалық білімді жинақтап, реттеп жүйелеку қажеттігін алға тартты. А. Смит ғалым адам болғандықтан, мұндай міндеттерді атқару қолынан келетін іс болатын ол өзінің бойындағы абсткрактілі ойлау қабілеті арқасында, нақтылы аттар туралы асқан сергектікпен айта алатын. Оған энциклопедиялық білімпаздық ерекше адалдықпен ғылыми әділеттілік тән болатын. Ол басқа ғылымдардың ойын шебер пайдалана білетін ой- пікірлерге сыни көзбен қарайтын.

Смит буржуазиялық қоғамның ішкеі құрлысына терең үңілді. Ол дәстүрлі ағылшындық жолмен, экономикалық теориясында еңбек құн теорисының фундаметін  негіз етіп алса , ал физиократтарда шын мәнінде құн теориясы болмаған. Осыдан келіп физиократттармен салыстырғанда алға маңызды қадам жасады, яғни тек қана егіншілікке ғана емес, кез- келген өнімді құн жасайды деп қорытындылады. Смитттің физиократтармен салыстырғанда буржуазиялық қоғамның құрұлысы туралы анық пікірі болды.

Смиттің ойын былайша елестетуге болады. Адамның шаруашылық қызметінің басты қызметі жеке мүдде болып табылады. Алайда жеке мүддені жүзеге асыру басқа да бір адамға қызмет көрсету, яғни еңбек өнімін ұсыну арқылы мүмкін болады. Сөйтіп еңбек бөлінісі дамиды. Адамдар бір-біріне көмектесе отырып, бір мезгілде қоғам дамуна да ықпал етеді (әрбір адам өзі туралы өз мүддесін көздеуіне қарамастан). Адамдардың Материялдық жағдайын жақсартуға деген табиғи ұмтылысы аса үлкен ынталандырушы күш. Егер, оған кедергі елтірмесе, өздігінен қоғамның әл – ауқатын арттыруға ықпал етеді. Ол былай тұрсын табиғатты есіктен қусаң терезеден кіреді: осы мүдделілік жүздеген қызығушылық, қорқынышты кедергілердің өту мүмкіндігін береді, өйткені азаматтық ақылсыз заңдар оның іс қимылына жиі қиындықтар тудырады.

Әрбір адам өз капиталын пайдаланғанда, оның өнімі ең жоғарғы құнды болуына ұмтылады. Әдетте, ол қоғамдық пайдалылығы туралы ойланбайды, қаншама ықпал ететіндігін де сезбейді. Ол жеке мүддені ғана көздейді, осы жағдайларда көрінбейтін қол арқылы, тіпті оның пиғылында болмаған мақсатқа ұмтылады. Өз мақсат -мүддесін көздей отырып, шын мәнінде қоғам мүддесіне жиі қызмет атқарады.

Смит шығармасы бес кітаптан тұрады. Теоритикалық жүйенің негіздері ағылшын және француз экономистерінің өткен ғасырдағы еңбектеріндегі көптеген идеяларды қорытындылап жинақтайды. Ол алғашқы екі кітапта баяндалған.

Біріншісінде, негізінен құн және қосымша құнға талдау жасай отырып,  Смит пайда мен жер ернтасының нақтылы формаларын қарастырады.

Екінші кітапта «капитал табиғаты, оның қолдану мен қорлануы» деген ат берілген

Қалған үш кітап Смит теориясына тарихына негізінен «экономикалық  саясатқа қосымша». Кішкене үшінші кітабында феодализм дәуірі мен капитализмнің қалыптасу кезеңіндегі Еуропа экономикасының дамуы туралы кеңейтілген төртінші кітап политэкономия тарихы және оған сын деп аталады; сегіз тарау мекантилизмге біреуі физиократтарға арналған.

Ең үлкен көлемді – бесінші кітап мемлекеттің финансына, оның кірістері мен шығыстарыны арналған. Алайда, осы соңғы үш кітапта нақтылы деректерге сүйене отырып, Смит түбірлі экономикалық проблемаларға байланысты көз қарасын білдіреді.

Смиттің тереңнен көре білетіндігі ең кемінде жүздеген жылдар бойына маңыздылығы бар құн теориясы мен бағаның қалыптасуы туралы өзекті проблемаларды қоя білуінде.Маркстік категорияда Құн өндіріс бағасына айналды. Смит болса пайда теориясында капиталға пропорияналды,ал орта пайда нормасын табиғи бағаның негізі деп түсіндірді. Оның көз қарасының әлсіздігі осы құбылыстарды еңбек құн теориясымен байланыстыра алмауында.

Смит политэкономиядағы пайданы ерекше категория ретінде бөліп қарады. Ол пайданы қадағалау мен басқару арқылы еркеше еңбек үшін берілетін жалақы дегенді теріске шығарды. Пайданың мөлшері капиталдың көлемімен анықталады, алдағы болжамды еңбектің күрделілігімен еш байланыссыз деді. Пайданың мөлшері капиталдың көмегімен анықталады. Осы жерде, кейін де Смит пайданы қанаушы табыс және қосымша құнның негізгі формасы деп қарастырды.

Смит ілім теория тұрғысынан және нақтылы экономикалық  – әлеуметтік саясат тұрғысынан әр түрлі аспектіде. Смитті қолдаушылардың бірі одан шын мәнінде еркін сыртқы сауда мен протекционнизмге қарсы күресті алды. Белгілі бір нақтылы жағдайға орай мұндай көзқарастардың прогрессивті де жеткілікті дәрежеде де реакциялық  сипаты бар.

Смит капитализм экономикалық заңдарын талдауда елеулі үлес қосты. Экономикалық заңдарды дамытумен байланысты Смиттің еңбегі ең алдымен қоғамдық өндірісті дамытуда «табиғи тәртіп» идеясын негіздеп белсенділік танытуда, яғни қоғамдық өндірістің материялдық факторлар мен шарттастығы, немесе серіктестігі.Өзінің «Халықтар байлығы» еңбегінде былай деп жазды: «Кез – келген халықтың жылдық еңбегі оның тұрмыс тіршілігі мен қолайлы өмір сүруіне қажетті алғашқы қор деп тұжырымдалды» . Осының өзінен халықтар байлығының өзі өмір сүретін жүйенің маңызды категориясы екендігін материялистік тұрғыдан ұғынатындығын байқау қиын емес. Мұндай көз –қарастың орын алуы дамуы ізгілік пәктіктен емес, материялдық фактор – қоғамдық еңбектен туындайтындығында. Қоғамдық еңбек бөлінісінің табиғаты да дәл осылайша түсіндіреді. «Белгілі бір ұтысқа әкелетін еңбек бөлініс, кез – келгеннің ақылгөйлігі немесе әл- ауқатының жалпы жайтын күнілгері болжап білгендігінің нәтижесі емес» деп жазды.Ақшаның мәні оның табиғаты т.б. экономикалық категорияларды материялистік тұрғыдан түсіндірді. Адам Смит басқа да экономикалық заңдардың мәнін ашуда елеулі үлес қосты. Біздің пайымдауымызша Смиттің әртүрлі экономикалық заңдарды қарастырып өздігінше пікірін білдіруі экономика ғылымының ілгері дамуына белгілі дәрежеде ықпал етті деуге толық негіз бар.

2.2    Рикардо еңбегінің ең маңыздысы экономика ғылымында зерттеулің ғылыми әдісін жасауда. Рикардоның тұтастарының өздері политэкономсияны жаңа ғылым ретінде қабылдап белгілі дәреже ретінде оның ақиқаттығын былай сипаттайды: шын мәнінде оның жұмыстарында политэкономия тұңғыш рет қоғамның экономикалық базисі туралы ілім жүйесі ретінде ғылыми сипатталады. Рикардоның еңбектері Экономика ғылымдарының нақты салалары – ақша айналысы және несие, халықаралық экономикалық қатынастар салықты дамытудағы үлкен рөль атқарды. Оның жер рентасымен халықаралық еңбек бөлінісі теориялары бойынша айтылған идеялары экономикалық ілімнің алтын қорына енді. Х1Х – ғасырдың басында Англияда ақша және банктер туралы мәселелер партиянық және таптық мүдделердің күресі мен айтыс – тартыстың объектісі болды. Ақша несие практикасын жақсы білген Рикардо, өз күшін алғаш рет экономист осы аренаада бастады.  Оның ілімі сол кезде Англияда банкіде оның банкноттарын алтынға айырбастауын тоқтатты. Банкноттар айрбасталмайтын қағаз ақшаға айналды. Осы арқыла Рикардо қағаз ақшалардағы алтынның нарықтық бағасын көтеру, оны шектен тыс шығару оның құнсыздануы деп көрсетті. Алайда оның қарсыластары болса , алтынның бағасының көтерілуінің басқа себептерінен, атап айтқанда шетелдерге шығаратын алтынға деген сұраныс пен түсіндірілді. Осы арқылы Рикардоның шебер пікірталасушы ретінде таланты ашыла түсті. Оның белгілі бір жүйелікпен, дәлдікпен өз пікірін жеткізе алатын қабілеттілігі анық көрінді. Банкноттың құнсыздануын жақтаушылар қатарында парламенттік, консервативтік, көпшілік министрлер, бүкіл әскери партиялар тұрды. Түптеп келгенде бұл жер иелерінің таптық мүдделерін білдіру, өйткені соғыс пен инфляция рентаның өсуіне әкеп тіреді. Рикардо болса , бүкіл осы және осыдан кейінгі іс әәрекеттерімен өнеркәсіп буржуазиясының мүддесін қорғады, олар сол кезде прогрессивті болатын. Рикардо орын алып отырған ақша айналымы жүйесін сынаумен шектелмей, саяси бағдарлама да жасады. Оны кейінгі шығармаларынды толықтыра түсті. Оның ұсынып отырғаны капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне максималды сай келетін ақша жүйесі болатын. Осы арқылы Англияда  алтын стандарт жүйесі қызмет етті. Егер осы Рикардо идеясын айтсақ : біріншіден, тұрақты ақша айналысы экономиканың дамытудың маңызды шарты; екіншіден  мұндай тұрақтылық алтынға негізделген – алтын стандарт жүйесінде ғана мүмкін болады; үшіншіден, алтын айналыс жағдайында көпшілік немесе толықтай ақша айналысымен айналысуы мүмкін , ол болса, ұлтық экономикаға үлкен ұтыс береді. Өзінің соңғы аяқтай алмаған жұмысында Рикардо жеке компания болып табылатын ағылшын банкінен банктон шығарумен мемлекеттік қаражатты басқару құқығын айыруды ұсынды. Осы мақсатпен жаңа ұлттық банкті құруды ұсынды.

Егер елде алтын көп болса онда тауар бағасы көтеріледі  де шеттен тауар әкелу ұтымды болады. Елдің сауда балансында тапшылық орнап, алтынмен есептесуге тура келеді. Алтын елден кетсе баға төмендейді де , шетелдік тауарладың келуі саябырлап барлығы теңеледі.  Елде алтын жетіспеген жағдайда бәрі керісіншге болады. Сөйтіп, сауда балансымен ел аралық алтынды бөлуді теңдестіретін мехемнизмі автоматты әрекет етеді. Осыдан кейін Рикардо еркін сауда саясатының пайдасына қорытынды шығарады. Егер шеттен келген тауар шетке шығаратын тауарлардан асып түссе және алтын елден сыртқа көп шықса, оған мазасызданбау керек деді. Бұл шеттен тауар әкелуге шектеу бола алмайды деп көрсетті. Өйткені алде алтыншектен тыс көп баға өте жоғары. Еркін импорт оны төмендетеді.Рикардоның экономика ғылымындағы тарихи орны екі мәселеге байланысты  тұжырымдауға болады. Ол басшылыққа алған біртұтас принцип – құнды еңбекпен, жұмыс уақытымен анықтап, осының негізінде политэкономияның бүкіл ғимаратын тұрғызуға талпыныс жасайды. Міне, осылай рикардоның капитализмнің түбірлі физиологиялық элементтерін көріп құбылыстардың сыртқы қабыршақтарына тереңнен енуіне мүмкіндік  береді. Ол буржуазиялық қоғам таптарының экономикалық қарама қайшылықтарын көрсетті,сөйтіп тарихи дамудың тамырын пайдаланды.

Құн табиғаты туралы анық есеп беру үшін Рикардор табандылықпен жұмыс істеді. Өзінің бұрынғы көзқарстарына қанғаттанарлық білдірмей оны қайта қарауды мойындайды. Бір қиындықты шештім деген кезінде, алдынан  жаңа проблемалар туындап отырды. Аурулығы мен өліміне байланысты үзіліске кезіккен соңғы жұмысы «абсолютті және относителбді құн»деген атқа ие  болда. Относительді құнды  айырбас құны дей отырып, оның табиғи заңға сәйкес бір өлшем осы тауардың басқа тауарға айырбасталатынын көрсетті. Рикардоның әлсіздігі сол, абсолютті құнды мойындай отырып, оның табиғатына ұмтылыс жасамады, осы құнға сіңген еңбектің сипатын жете зерттемеді. Оны әрдайым қызықтыратын істің сандық жағы болды, яғни айырбас құнының мөлшер» қалай анықталады және оны немен өлшеуге болатындығы.

Еңбек құн заңы туралы тезистің дамыған капиталистік қоғамда  қолданыс табуы Рикардоның ғылыми еңбегінің жемісі. Егер жалақы еңбек өиімділігіне байланыссыз өсетін болса, одан құн өзгермейді. Бірдей жағдайда құнның алтындай көрінісі бағаға да ықпал етпейді. Сонда өзгеретін не ? Жұмысшының жалақысы мен капиталистің пайдасы арасындағы құнды бөлу.

Еркін бәсеке жағдайында капиталистер жалақының көтерілуін өз тауарларына бағаны көтеру жолымен орнын толтыра алмайды.

Еңбек құн теориясы кезіккен басты қиындықтарды Рикардо жақсы түсінді. Оның, ең біріншісі, жұмысшы мен капиталист арасындағы ара қатынасты түсірдірумен байланысты.  Жұмысшы еңбегі мен тауардың құны жасалады, ал осы еңбектің санымен құнның мөлшері анықталады. Жұмысшы еңбегі үшін жалақы алады. Осы айырбас процесінде құн заңынын бұзылуы көрінеді.

Рикардо теориясы көп жағдайда статистикалық сипатта . Мәселен , еңбек өнімділігінің өсімін қуаттай отырып, сонымен қатар осы процесте жұмысшы табының да өзгеретінін есептемеді. Атап айтқанда жұмысщының қалапты, қоғамдық мойынсынған қажеттілігі өседі, осыған орай жұмысшы табының ұжымщылдығы мен бірлігі өсіп, тұрмыс деңгейін көтерумен байланысты күресу қабілеттері шынданып, санасы да өсе түседі.

Сонымен Рикардо еңбектерінде классикалық буржуазиялық политэкономия жүйесінің толық мағынада көрінісін байқауға болады. Соның негізгі белгілерін сипаттап көрелік.

  1. Классикалық мектепке тән жағдай, ғылыми абстракция әдісін пайдалана отырып, экономикалық процестер мен құбылыстарға тереңнен үңілу. Бұл процестерді үлкен объективтілікпен және алаламай талдайды. Бұлай болуы түптеп келгенде өнеркәсіп буржуазиясы , сол кездегі прогрессивті күш болатын да, ал буржуазия мен пролеторият арасындағы таптық күрес дами қоймады.
  2. Классикалық мектеп ілімінің негізінде мектеп құн теориясы жатты, пролитэкономиның бүкіл болмысы осы арқылы қалыптасты алайда еңбек құн теориясы осындай формага негізделген классикалық мектеп капитализм заңдарын ашып көрсете алмады. Классикалық мектепке тән капитализм туралы ұғым: ол мәңгі және табиғи қоғамдық құрылыс
  3. Қоғамдағы өндіріс проблемасын классикалық мектеп негізгі таптар тұрғысынан қарайдыОсымен байланысты мынайдай қорытындыға жақындай түсті. Яғни капиталистер мен жер иелерінің табыс көзі жұмысшы күшін қанады. Алайда қосымша құн табиғатын ашып көрсте алмады,өйткені жұмысшы күшінің спецификалық тауар ретінде толық қанды түсініктер болмады.
  4. Классикалық мектеп өкіілдерінің қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі туралы түсініктері экономикалық жүйенің  табиғи тепе теңдік принципіне негізделген. Бұл адам еркіен тауелсіз объективті стихиялы экономикалық заңдармен байланысты. Капиталистік экономиканың өзін өзі реттеу конепциясында осы қайшылықтар өшіп қалады. Әсіресе классиктердің өндіріс пен  дағдарыстарды терістеуі зор маңызға ие болды.
  5. Буржуазиялық классикалық политэкономия мемлекеттің экономияға, еркін саудаға айналысуы максималды шектеуді қуаттады. Экономикалық либерализм көпшілік жағдайда саяси либерализмен ұштасып жатты. Соңғысы болса буржуазиялық демократияны уағыздады.

Рикардоның ілімі ашық, әрі батыл буржуазиялық. Осы ашық және батылдығы Англияның тап күресі шиеленіскенде буржуазияны қанағаттандырмады, Сөйтіп 30-40 жылдары чартизм тұсында бүкіл қоғамдық және саяси өмірдің орталығы болды.

3.1      Маржинал сөзі француз тілінен аударғанда шекті (қосымша) деген ұғымды білдіреді. Маржинализм мынандай жағдайлармен сипатталды:

1.Экономикалық процестерге талдау жасауда шекті шамаларды пайдаланумен (шекті пайдалылық, шекті еңбек өнімділігі);

2.Экономикалық құбылыстардың сыртқы көріністерін ғана зерттеумен , олардың бастапқы зерттеулері адамның қажеттіліктерінен басталады.

  1. Шектеулі ресуртарды тиімді пайдалануды, зерттеуді экономика ғылымының пәніне жатқызумен.

Маржинализмдегі орталық орынды шекті пайдалылық теориясы алады.  Бұл  теорияның  негізінде  игіліктердің пайдалылығы жатыр. Пайдалылық – аса күрделі ұғым.

Ол игіліктердің мөлшеріне байланысты. Игіліктердің қоры артқан сайын олардың құндылығы азаяды. Жекелердің қажеттілігінен оладың мөлшері аз болған жағдайда ғана игілік құндылыққа ие болады. Міне, осындай құндылықты маржиналистер экономикалық категорияға жатқызады. Су игілік түрі болғанымен, барлық жағдайда экономикалық игіліктің қатарына жатпайды.

Заттарды игілік құндылыққа ие болады. Міне, осындай құндылықты маржиналистер экономикалық категорияға жатқызады. Су игілік түрі болғанымен, барлық жағдайда экономикалық игіліктің қатарына жатпайды.

Заттардың құндылығы олардың қорларының келесі бірлігінің пайдалылық  шамасымен анықталады. Осы келесі бірліктің пайдалылығының Австрия  мектебінің өкілі Ф.Визер шекті пайдалылық деп атады. 1871 жылы К. Менгер «Саяси экономия негіздерімен» кітабын басып шығарды. Адам қажеттіліктерін зертеуді ол өзіне мақсат қылып қойды.

Менгердің талдауы жеке тұтыну саласындағы адамның игіліктерге қатынасынан бастау алады. Тауарлардың мән – мағынасы тұтынушылар бағасы мен тұтынушылар таңдауы. Кез – келген игіліктің құндылығы олардың адам қажеттілігін қанағаттандыра алатын қабілеттілігімен анықталады. Бегерлің пікірінше, құндылық игіліктердің әкелетін пайда мөлшерінен емес сол игілік қанағаттаныдыратын тұтынудың маңыздылығымен байланысты.

Экономика мәселелеріне байланысты ойлрдың көрнекті өкілдерінің қатарына Колумбия университетінің профессоры ,қоғам қайраткері Джон Кларк жатады. Кларктің пікірінше экономика ғылымы екі түрлі заңның негізінде жұмыс жасайды кебір заң адамзат пен табиғаттың арасындағы қатынастарға , келесі  адамдардың  бір – бірімен арасындағы қатынастарға  байланысты болады. Алғашқысы – мәңгі универсалды, ал екіншісі – тарихи өзгермелі, өтпелі. Уневерсалды заңға Кларк  шекті  пайдалылық заңын жатқызады. Пайдалылықты Австрия мектебінің ғалымдарына қарағанда Кларк басқаша талқылады.

  1. Игіліктерді экономикалық бағалауды, оның пайдалылығын жеке адамдар емес сатып алушылар тобы береді. Сатып алушылардың әрбір тобы белгілі бір игіліктің бағасын қоғамдық байланыстың элементиі ретінде реттейді.
  2. Тұтынушы өз ақшасын әуелі пайдалылығы көбірек игіліктерге жұмсайды да содан кейін барып пайдалылығы аз игіліктерді сатып алады.
  3. Кемімелі еңбек өнімділігі. Қалғандарын өзгертпестен кез келген өндіріс факторларын ұлғайту өнім өсімін азайтады.

Қорыта келгенде Кларктың шекті және айрықша өнімділік концепциялары шектеулі ресурстар тұсында оңтайлы мәселелерді шеуге зор үлесін қосты. 

      3.2 Кейнс зерттеулеріндегі бір ерекшелік – оның экономикалық процестерінің негізінде адам табиғатының психологиялық сипаттамасы жатыр. Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу пәні мен методологиясының жаңалығы мынадай

  1. Микроэкономикадан макроэконмиканы талдауды артықша көру, Бұл оны макроэкономиканың негізін қалаушы етті және экономикалық теорияда оны өз алдына бөлім етіп шығарды.
  2. «Сұраныс эффектіс» деген концепциясын негіздеді

Кейнс экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуде меркантилистердің әсерін жоққа шығармады олармен оның жалпы пайымдауы анық және мыналарданы байқалады:

1.Елдің ақша массасын ұлғайтуға тырысуы

2.Баға өсуін қолдау

3.Ақшаның аздығы жұмыссыщдықтың себебі дегенді мойындау

4.Экономикаылық саясаттың ұлттық сипатын түсіну

Кейнс ойлағандай, Мемлекттік инвестиция жетімсіз болған жағдайда, қосымша ақша шығаруға кепілдеме болуы тиіс. Сонымен бірге өзінің алғашқы шарты деп ақшаның классикалық теориясының мына тұжырымын айтады : шындық өмірде «қолданылмаған ресурстар толық қолданылған жағдайда ақша өсуіне сәйкес, бағалардың жоғарылауы кезіндегі тұрақты бағаның орнына біз  факторларды қолданудың көбейуіне қарай үздіксіз өсетін бағаны айтамыз».

Кейнстің жалпы теорриясын Батыс елдерінде тәжірибеде жүзеге асыру оларды социялистік ориентацияға әкелді. Батыс елдерінің бюджет тапшылығы өте көп Былайша айтқанда Кейнстің концепциясы бойынша сауда пайыз нормасы төмен болса инвестицяны ынталандыру жоғары инвестициялық сұраныс дәрежесін өсіруге әкеледі, ал соңғылары жұмыспен қамтуды ұлғайтып жұмыссыздықты жояды, елдегі инфляцияны бәсеңдетеді.

3.3    Институционализм – белгілі бір мағынада неоклассиктердің альтернативтік экономикалық теориясының бағыты.

Институционализм  экономикалық ойдағы сапалы жаңа бағытты көрсетеді. Ол өз бойына экономикалық бұрынғы теория мектептерінің ең жақсы теория  – методологиялық жетістіктерін сіңірді, ең алдымен матиматикалық және математика ақпаратын меңгертен маржиналистер.

Институционализм өкілдерінің бірі Тростейн Веблен. Оның пікірінше, адамдардың экономикалық мотивтеріне алдымен ата- аналық сезім, және істелеген жұмыстың жоғары сапасына инстинктілік ұмтылысын жасады. «Құр сенделуші таптар» теориясында осы аттас кітабының мазмұны көрсеткендей, «өндірістік емес мүлкі бар таптартың экономикалық процестерге қатынастыры тән».

Айталық  осы таптың қөкілдері үшін тауарға ерекше баға белгіленеді, бұл – олардың мәртебесінің көрсеткіші. Ол – сұраныс заңының шын көрінісі емес, мұны «Веблен эффектісі деп атайды».

Ол мынадай жағдайды сипаттайды – тауар бағаларының төмендеуі сатып алушы байынша оның сапасының нашарлауы немесе оның халық арасында маңыздылығының төмендеуі, сөйтіп тауардың сатып алушылар сұранысына сай болмайтындығы. Сонымен, қоғам құрылымының эволюциясы  Т. Веблен сөзімен айтсақ – тіпшілік күресіндегі институттарды табиғи сұрыптау процесі.

Институционализм бағытының тағы бір өкілі У.Митчелдің институтционалдық теорияға қосқан жеке үлесі

  1. Экономикалық факторлардың экономикалық емес факторларға әсерін анықтау.Ол үшін нақты сандық көрсеткіштерді зерттеу және ол көрсеткіштердің коньюкуралық толқулардың заңдылықтарын анықтау.
  2. Экономикаға мемлекеттің араласуының түрлі  варианттары арқылы дағдарыссыз цикл концепциясын негіздеуге тырысады.

Сөйтіп,   институционализм – 30 жылдарда дүниеге келген мемлекеттік зерттеудің кейнсияндық және неолибералдық концепцяларға  жол салушы болды. Негізгі идея – мелекеттің экономикаға араласуы

You May Also Like

Адам өмірін өзгерткен үш ғылым жаңалығы, реферат

Адам өмірін өзгерткен үш ғылым жаңалығы Жоспар. І. Кіріспе Жалпы ғылым жаңалықтары.…

«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламалары», реферат

«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламалары» Мазмұны  І. Кіріспе «Қазақстан…

Қимақ қағанаты, реферат

Реферат Тақырыбы: Қимақ қағанаты Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Қимақтардың мекендеген территориясы…

Кәсіпорындағы қаржылық тақырыбында ақпараттар, реферат

Реферат Тақырыбы: Кәсіпорындағы қаржылық Кіріспе Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және…